Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Танымдық белсенділікті арттырудың теориялық негізі
1. 1 Таным процестерінің педагогика-психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары . . . 5
1. 2 Танымның философиялық негіздері және оның қоғамдағы алатын орны . . . 11
1. 3Таным белсенділігінің бағыттары дәрежелері және белгілері мен компененттері . . . 14
2 Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
2. 1 Танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер жүйесі . . . 18
2. 2 Танымдық белсенділіктің даму деңгейлерін анықтаудағы тәжірибелік зерттеулер . . . 20
2. 3 Танымдық белсенділікті арттыруды ұйымдастыру жолдарының оқушы танымын қалыптастырудағы тәжірибелік зерттеулер . . . 22
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2002-жылғы сәуір айындағы Қазақстан халқына жолдауына орай 2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» болып жарияланды. Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндет деп санаймын. Еліміз үшін мұғалім мәртебесін арттыру, ең алдымен, ауылдық жерді арттыру- ең бір өзекті мәселе», деп атап көрсетті. [3]
Демек, ауыл жылына арналған стратегиялық міндеттердің бірі ауылдағы білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай жаңаша саналы тәрбие, сапалы білім беруді талап етеді.
Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, А. Е. Әбілқасымова, Т. С. А. Ж. Қараев, Р. С. Омарова. т. б еңбектері. [9]
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі арнайы толық зерттелген емес.
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, мені дипломдық жұмыс тақырыбын: «Бастауыш сыныптарда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің болжамы. Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі артуы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру моделін құру.
3. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін қалыптастырудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
4. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы тәжірибеден бұрынғы оқушылар таным деңгейін анықтау
5. Оқушылардың танымдық белсенділігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік сауалнамалар құру
6. Жүргізілген тәжірибеге негіздей отырып, оқушылардың танымдық белсендігін арттыру жолдарын жасау
Зерттеу объектісі. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Карасевка орта мектебі. 2 сынып. Дүниетану пәні. 2005-2006 оқу жылы
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сауалнамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- Қазіргі жағдайда орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі жасалынды;
-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;
-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдер қызметінде, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
1. ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 ТАНЫМ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
Түйсік және қабылдаудың дамуы, оны қалыптастыру жолдары
Балаларда түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бернеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерінтіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері құлақ түтігі суға толы болады да, ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен дауысын естіп, көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, одан соң барып, бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүре бастауы- түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б. ) біршама қалыптасып үлгереді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақтылы дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді де творчествалы, қызғылықты да сан қилы болып ұйымдастырылуы тиіс. Түйсік дамытуды баланың өзі қажетсінсе, тіптен жақсы. Егер оқушы мектепке дейін сурет салумен әуестенсе, және оның салғандары сәтті шықса, мектепте де сурет салуға ынталанып, бояу біткеннің қасиетін білуге ықыластанып тұрады. Осындай баланың түсті айыру қабілеті өз құрбыларынан әлдеқайда жоғары болады. Түйсікті дамытуға нұқсан келтіретін факторлардың бар екенін ұмытпау қажет. Мәселен, бала партада дұрыс отыра алмайтын болса, оқыған немесе, жазған кезде қисайып жатып алса, кітапқа, дәптерге көзін өте жақын дағдыланса, оның көру қабілеті нашарлайды. Мұғалім осы айтылғандардың, сондай-ақ жатып оқудың да зияндылығын балаға ескертуі тиіс. Мұғалім көзі нашар көретін оқушыны жеке бақылауға алып, қадағалап отырмаса болмайды. Көзі нашар көретін баланы қадағаламаса, оның сабақты нашар үлгеруі де мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының есту түйсіктерін жетілдірудің де маңызы зор.
Оқушылар жоғары дыбыстарды да сезе алатын болуы тиіс. Мұндай қабілет арнаулы жаттығулар арқылы тәрбиеленеді.
Мәселен, 1-ші сынып оқушыларының көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен ажырата алмауы, оқу жазу дағдаларының қалыптасуына кедергі эксперименттік зерттеулерде анықталып отыр. Сөйтіп оқушылардың түйсіктері тәжірибе жүзінде дамитындығы атап айтқанда, ән айту - есту түйсігін, сурет салу - көру түйсігін, еңбек сабақтары - қозғалыс, сипай сезу түйсіктерін кемеліне келітіріп отыратындығы байқалды.
Қабылдау. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп, отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру - оның мағынасын ұғынуға жәрдем етеді, мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сондықтан олар заттарды көбінесе үстірт қабылдамайды. Мәселен, 4-5 жастағы бөбектер кеңістік пен уақытты, алыстық пен қашықтықты, нашар ажыратады
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді, жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді кешегі мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан Бастауыш сыныптарда оқитын балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Бала заттың көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерн ғана көреді, заттарды талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы да аз болады. Егер объектіні қабылдау қиынға соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады, қабылданған затының жеке бөліктерін тізбектей алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды, Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді. Заттарды дұрыс қабылдай алу мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі баяу болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Мәселен, «қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны, аяғы бар» деп баланың тізбектеуі - оның байқай алатындығының белгісі. Үшінші, төртінші сынып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен-кішілігіне де назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы тұжырымдап, бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді.
Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер етеді. Сондықтан да мұғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.
Бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, мұғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:
1) Көрнекті құралдарды
2) Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнін түсінген болу шарты
3) Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынға білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға зер салу қажет.
4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, қиындығын мұғалім еске алу шарты
5) Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу, дұрыс қабылдап үйренуге әдеттендіру шарты.
Естің дамуындағы елес және оны тәрбиелеу. Қайта жаңғырту процесі елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады.
Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушы да әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық болса ғана ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет блатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа саладыны ескертілсе, баланың байқауы тереңірек болып, елесіне жақсы тірек болады. Баланың елестерін дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса баланың көру елесі дами түседі. Бастауыш сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі әлі жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.
Зейінннің дамуы және оны тәрбиелеу. Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамытып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б) Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі обьектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларды зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т. б) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі. Мектеп-оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процессінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, мұғалім - балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойлағаннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік- зейін көлемінің өте тары келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақта бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір обьектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның зейініне қонбайды, қиялын толғандырмайды.
Зейін тәрбиесінде әр бір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:
1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, олада зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын.
2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.
3. Бала қайда жүрсе де, (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі -ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Бастауыш сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде болса, «қатая» қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар. Ы. Алтынсарин: «егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» -деп өте дұрыс айтқан. [9]
Ойлаудың дамуы және оны қалыптастыру Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Он бес айлық бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, содан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың үстінде болады. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты кейбірі мына төмендегілер:
1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық математикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық методты жиі пайдаланып отыруы қажет.
2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді
3. Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жазылады.
4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
5. Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру
6. Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, таныту қызығуларын, көзқарасымен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс.
Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз және сыңар дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, ұяң түрлерін меңгереді. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10-15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі.
Жанұяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгеріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас ролін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелері меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады. Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін өз бетінше меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық трғыдан) оқып-үйрену бала тілін дамуына бұрын-соңды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу ерекшеліктері онан сайын жетіле, дами түседі.
Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеуді меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Балалардың орфографиялық дағдылармен қатар жазу жұмысы дағдыларын үйрену жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі элементі болып табылады.
Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден басталады. Хат тану арқылы арнаулы дағдылары болуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды оқу дағдысы дейді. Хат негізгі үш кезеңнен тұрады.
Мұның бірінші кезеңде оқушы әріптің аттарымен танысады. Оқу дағдысының бірінші кезеңін психологияда анализдік (талдау) кезеңі деп атайды.
Екінші кезеңде оқушы сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне жеңіл қоса алатын болады.
Үшінші кезеңде бала әріптерді тез танып, бір-біріне қосып оқи алады.
Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды.
Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі бар. Жазу дағдысының осы үш кезеңі жылдам тез жазуға жасалған дайындық кезеңі болып табылады.
Баланың жазу қарқыны әр сыныпта әр түрлі болып келеді. Бастауыш мектеп оқушыларының ішінде жазумен көбірек шұғылданатын - бірінші сыныптағылар. Өйткені бұл кезде жазуға көп көңіл бөлінеді. Екінші, үшінші сыныптарда баланың жазу қарқыны біршама төмендейді де, төртінші сыныпта қайтадан көтеріледі. Психологиялық зерттеулерде бастауыш мектеп бітіретін оқушының жазу темпі минутына 60-70 әріп болатындығы анықталған. [8]
Балалар сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz