Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз


ЖОСПАР:
- КІРІСПЕ;
- НЕГІЗГІ БӨЛІМІ:Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негізі; Тренинг термині және тарихы; Тренинг арқылы персоналды оқыту, дамыту, мотивациялау, біліктілігін жоғарылату; Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тарихы, және ұйымдастыру, диагностикалық, өзін-өзі тану, бағалау, реттеу, жетілдіру, топтық рефлексия сатылары; Персоналды дамыту кезінде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренинг.
- ҚОРЫТЫНДЫ;
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыста әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы түсінігі, қолдану аясы, яғни персоналды басқарудағы тренингті қолдану туралы теоретикалық мәлімет беріледі. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге бөлінген. Курстық жұмыста қамтылатын мәселе - өндірістегі персоналдың психологиялық қырларын зерттеу. Ал оны зерттеу тренинг жүзінде де қамтылады екен. Персонал - бұл ең бастысы жұмысшылар. Кәсіби және жеке тұлғалық сапа жиынтығы бар адамдар. Олардың арасында адамның әлеуметтік-психологиялық және кәсіби-мамандық сипаттамасы ерекше орын алады. Сондықтан қазіргі кездегі нарық жағдайында өндірістік адам факторы тек басты экономикалық ресурс қана емес, сонымен бірге кәсіпорынның, ұйымның және фирманың тиімділігі болып табылады.
Ұйымдастыру құрылымында маңызды орын алатын психологиялық тренингте өзіндік-сана сезімді дамытуда гештальттерапияның әдістері мен техникаларының негізін салушы Ф. Перлздың мақсаты-адамдардың шынайы болуын, өз позицияларын ұстауға үйрету, өз орталығын дамыту, экзистенциализмнің негізін түсінуде адамға көмек көрсету. Гештальт жұмыстың өнімділігімен топ ішінде сенімділік жағдайын орнату мен топ тұтас болуы. Гештальт терапевтер үшін өзіндік сана сезім-бұл бір уақытта физикалық, эмоцианалдық, саналық түсіну, бұл үш денгейде көрінеді, ағза мен қоршаған орта аймақтарында әртүрлі қысыммен сәйкес келетін: өзіндік Мен саналап түсіну, қоршаған ортаны, әлемді саналап, түсіну, олардың арасындағыны, яғни қиял, фантазия саналап түсіну.
Батыс зеттеушілері өзіндік сана-сезімді кеңейтуде гештальт әдістердің жоғары эффективтілігін көрсетеді. Гештальтықпалдың атағы батыс елдері мен ресейде тренигтік топтарда қолдану өте жоғары. Тренингте сана-сезімді дамуытуда гешталттерапияның бай теоретикалық және практикалық тәжірибесі қолданылып, қатысушылардың шығармашылық потенциалын көтереді. Өзімен-өзі болу, өз тұлғасын қабыл алу, өзі үшін ғана емес, басқалар үшінде өзіндік менін ашу, бұған гештальтықпал үйретеді, бұл әрбір адамға қажет.
Бәсекелестік нарық ортада әр бір кәсіпорын өзінің өнімін алатын сыртқы сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, ішкі өзінің жұмысшыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.
Өзара қарым-қатынас іс әрекеті мен стратегиялық корпоративтік мақсаттарды жүзеге асыру керек және персоналдың өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Сонымен қатар психологиялық заңдылықтарды және адамның еңбектегі тәртібінің ерекшеліктерін ескеру ескеру қажет.
Психологтардың анықтауы бойынша тұлғаның мінезі мен еңбек қызметі процессіндегі тәртібі келесідей факторлармен анықталады; адамның табиғи қасиеті, оның жекеше психологиялық ерекшеліктері, сонымен бірге қалыптасқан қажеттіліктер, қызығушылықтар мен мотивтер жүйесі және де кәсіпорындарда қолданылатын персоналды басқару жүйесі мен жұмысшыларға әсер ету әдістері.
Адамның табиғи қасиеттері, сонымен бірге белсенділігі, күш-қуаты, көңіл күйі және тағы басқа сапалары туғанынан пайда болады.
Негізгі психологиялық сипаттама бойынша кез келген адамды экстроверттерге немесе интроверттерге жатқызуға болады.
Экстраверттер- өзінің қызығушылықтарының көбісі сыртқы ортаны қабылдауға бағытталған тәртібінде қарым-қатынасты көрсетеді. Іс қимылыда белсенді, әлеуметтік бейімді, ашық болып келеді.
Интроверттер- өзінің қызығушылықтарына, ішкі жан дүниесіне аса көп көңіл бөледі, өзі жекеше болады, басқалармен қарым-қатынасқа түсуді ұнатпайды, әлеуметтік белсенді емес, ұайымға батуды және өзін өзі талдауды жақсы көреді.
Персоналды басқару жүйесінде персоналдың әлеуметтік-психологиялық өзара қарым-қатынас іс әрекетін экономикалық қызметте жетілдіру мақсатында жұмысшылардың ерекшеліктерімен психологиялық көрсеткіштерін ескеру қажет. Кәсіпорындағы жұмысшылар арасындағы және жұмысберушілермен өзара әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас іс әрекеті өндірісті және персоналды басқарудың барлық жүйесінің тиімді өмір сүруінің тірегі болып табылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің пайда болу тарихы.
Топтық жұмыстың практикасы мен теориясының даму кезеңдері. Бірінші кезең - топтық жұмыс формасының практикалық медицинаның негізінде дамуы. Топтық жұмыстың ережесін қабылдау
- Біз пікірлерімізді білдіруде теңбіз
- Біз өз көзқарасымызды таңдауда еркінбіз
- Біз басқалардың пікірін сыйлаймыз, ол өз таңдауын жасауға құқы бар
- Біз ешқашан өз тобымызда намысына тиетіндей әрекет немесе сөздер қолданбаймыз
- Біз топ ішінде айтылған сырларды сыртқа шығармаймыз
- Осы топ ішіндегі ойын жағдайларын өз өмірімізде қолданбаймыз
- Біз жүргізушіні сыйлаймыз және оны топ мүшесі ретінде қабылдаймыз
- Және де топ ішінде өз сезімдерімізді еркін көрсетіп, байланыс орнатамыз
- Топ ішінде «Қазір және осында» деген Гештальттың бірінші принцпін естен шығармауымыз қажет
Тренинг мақсаты:
Қатысушылардың ойлары мен сезімдерімен бөлісу, пікірлерін ортаға ашық айтып, топтық тұтастыққа әкелу. Тығыз қарым-қатынас орнату мен өзін-өзі түсінуге, басқа адамдарды түсіне алу қабілетін арттыру. Шын ниетпен адамды тыңдай білу және оны терең түсіну. Басқа адам тарапынан сынға тура қарауға қабілетін арттыру. Сезімдерін шығарудан қорықпау, өзін-өзі бағалауын көтеру.
1. Антон Месмер (1734-1815) австриялық врач, ең алғаш психикалық және соматикалық бұзылуларға шалдыққан адамдарды топқа біріктіру арқылы емдеуге тырысады. “Жануарлық магнетизм” теориясының негізін салады.
2. Американдық физиатр Джозеф Пратт - ауруларды топқа біріктіріп, бұл топ өзі психотерапевтік әсер көрсетеді деп сенеді.
3. Зигмунд Фрейд - ол топтағы адамдардың идентификацияға ұшырауын зерттейді.
4. Альфред Адлер - топтармен жұмысқа арналған жеке терапия әдістерін адаптациялауға тырысады. Балаларға арналған терапиялық топтарды ұйымдастырады.
5. Топта ең алғаш психоанализді қолданған психотерапевтер - Уэндер және Шильдер.
6. Т. Барроу 1925 жылы “ тотық анализ” терминін ұсынады.
Екінші кезең - топтық жұмыс формасының әлеуметтік психология негізінде дамуы. 1908 жылы әлеуметтік психология жеке сала ретінде бөлініп шығады.
Осы кезде әлеуметтік психология топтардың құрылуын, құрылымын, кіші топтардың функциялдану
заңдылықтарын, топтағы тұлғаралық әрекеттесуді зерттейді, яғни топтық психологиялық жұмыстың теоретикалық негізі қалыптаса бастады.
Топтық формадағы психологиялық жұмыстың үшінші кезеңінің дамуы.
Бұл кезде тренингтік топпен жұмыс істеу дамиды, оның негізін салушы Курт Левин. Ол топтық динамика мен әлеуметтік әрекетті зертейді. Ол топтағы өзараәрекеттің аспектілерін зерттей бастайды. Тренингтік топтың пайда болуына негіз болған ойлар:
- Адамдардың көбі топ ішінде жұмыс істейді және өмір сүреді.
- Адам басқа әлеуметтік топ оны қалай қабылдауын байқамайды.
- Көптеген адамдар басқаға мінез-құлықтарының қалай әсер ететіндігін ұғынбайды.
1947 жылы К. Левин - Бетел қаласы, Мэн штатында “Тренингтің ұлттық лаборатрориясын” құрады. Кейіннен М. Форверг топтық формадағы психологиялық жұмысты “әлеуметтік-психологиялық тренинг” деп атайды. Ол әлеуметтік-психологиялық тренингтің программасын құрып, мамандарды кооперативті жұмысқа, қарым-қатынасқа үйретуге бағыттайды.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг жайлы анықтамалар.
Ю. Н. Емельянов бойынша:
Әлеуметтік -психологиялық тренинг- әр түрлі іс-әрекеттерге ие болу мен үйренуге бағытталған қабілеттерді дамытатын әдістер тобы.
Л. В. Петровский бойынша.
Әлеуметтік -психологиялық тренинг - Топтағы қарқынды оқу процессіндегі, адамдарға психологиялық әсер ету формасы.
Ю. И. Жуков, Л. А. Петровская, П. В. Растянников бойынша
Әлеуметтік -психологиялық тренинг - топтағы қарым-қатынастың компетенттілігін топтық психологиялық жұмыс әдісін белсенді қолдану арқылы жоғарлатуға бағытталған, практикалық психологияның саласы.
Тренинг формасы жағынан 2-ге бөлінеді.
1) Әдейі дағдыларды (умений) дамытуға бағытталған
2) Қарым-қатынас жағдайын анализдей алуды үйренуге бағытталған.
Әлеуметтік -психологиялық тренингтің мақсаттары (Захаров, Хрящева бойынша) .
1. Топтық қарым-қатынас және тұлға психологиясы саласындағы білімдерге ие болу.
2. Қарым-қатынас жайлы дағдылар мен білімдерге ие болу.
3. Табысты қарым-қатынасқа қажет бағдарларды қалыптастыру және дамыту коррекциясы.
4. Өзіңді және басқаны адекватты бағалау қабілеттілігін дамыту.
5. Адамдар арасындағы өзараәрекеттерді дұрыс қабылдау және бағалау қабілеттілігін дамыту.
6. Тұлғаның байланыстар системасын дамыту және коррекциялау.
Әлеуметтік -психологиялық тренингтің негізгі мақсаттары:
- Қарым-қатынас сферасындағы компетенттілікті жоғарлату (оның когнитивиі, мінез-құлықтық, эмоционалды компоненттерін дамыту) .
- Психологиялық әсер етуге байланысты тұлғаны және тұлғалық деңгейді дамытуға бағытталу (гуманистік бағыт. К. Роджерс “ модели роста”) .
Әлеуметтік -психологиялық тренингтің аспектісі:
1) Қарым-қатынастағы компетенттілікті дамытуға бағытталу;
2) Тұлғамен жұмыс істеуге бағытталу.
Әлеуметтік -психологиялық тренингтің принциптері:
1. Модельдеу принципі.
2. Жаңашылдық принципі.
3. Зерттеушілік принцип.
4. Қайта байланысу принципі.
5. Диагностикалау принципі.
6. Мақсатты болжау (Целепологания) принципі.
7. Белсенділік принципі.
8. Сеімділік және құпиялық принципі.
9. “Мұнда және енді” (“Здесь и теперь”) принципі.
10. Персонификация принципі.
11. Экспликация принципі.
1. Модельдеу принципі - тренингте қатысушылар негативті және позитивті мінез-құлық формаларын көрсететін, әртүрлі шынайы жағдайлар модельденеді.
2. Жаңашылдық принципі - ойын барысында жұптарды ауыстыру және ойналатын ойындардың оригиналды болуын ұсынатын принцип.
3. Зерттеушілік принцип - топ өзбетінше
қойылған мәселелерге шешім табуды ұстанатын принцип.
4. Қайта байланысу принципі - видео жазбалар көрумен, қатысушылардың өз пікірлерін айтумен жүзеге асады.
5. Диагностикалау принципі - тренер ылғида топ қатысушыларының қалып-күйіне диагностика жүргізіп отыруы қажет.
6. Мақсатты болжау (Целепологания) принципі - тренер алдын-ала топ мақсатын анықтап, оны тренинг барысында трансформациялауы қажет.
Әлеуметтік -психологиялық тренингтің түрлері:
1. Инструменталды-бағытталған тренинг.
- мінез-құлықтың белгіл бір аспектісін модификациялауға бағытталған;
- организационды мінез-құлыққа бағытталған ( басқарушыларға арналған) .
- аргументтелген мінез-құлықтың тренинг-бағдарламасы.
- Бұхара алдына шығудағы қорқынышты басу тренинг-бағдарламасы.
- Қақтығысты шешу стратегиясы тренингі.
- Басқарушыларға арналған тренинг.
- Іскерлік қарым-қатынасқа арналған тренинг.
- Өзіңе сенімділік тренингі.
- Әлеуметтік білімдер тренингі және т. б.
Тұлғалық-бағытталған тренинг. Бұған тұлғаның жеке өсу тобы немесе психокоррекционды топтар жатады. Олардың түрлері:
- Кездесу-топтары;
- Гештальт-топтары;
- Психодраматикалық топтар;
- Экстенциалды топтар;
- Арт-терапия топтары;
- Би топтары және т. б.
Гештальт топтарында, кездесу топтарында және басқада топтар арасындағы қатысушылар мен вербалды қарым - қатынасқа және физикалық күйге көңіл бөледі. Сонымен қатар басқада топтар бар, мұнда тұлғаның физикалық және дене параметрларына аса мән береді. Бұл топтарды дене психотерапиясы деп атайды.
Мысалы: көз алдыңызға келесіні елестетіңіз, сіздің қызыңыз немесе жігітіңіз, сізге сіздің жанқұрбаныңызға немесе жолдасыңызға кететінін айтты. Осы жағдайды сезініп, өзіңіздің денеңіздегі өзгерістерді байқайсыз. Кеудеңізге қысым түсіп, дем алу жылдамдығыңыз жиелей бастайды, бет бұлшықеттері жиырылып қиындай түседі. Дене психотерапиясы, бұл жағдайды саналы түрде түсінбесеңізде бұл сіздің организіміңізде белгілі болып тұрады. Адамға қандай да бір хабар келсе, ол адамның іс -әрекетінде, дем алуында, бұлшықеттерінің қысымында сонымен қатар өзін - өзі жаман сезуінде байқалады. Асқазанның ауруы, гипертония және басқада соматикалық бұзылыстар, бұл психикалық реакцияның нәтижесінде сонымен қатар ұзақ стресстің болуынан көрініс береді.
Дене терапия принципін ұстанушылар психикалық әдісінің көпшілігі саналы түрде түсіндіріледі. Дене терапиясы бұл психикалық және физикалық барьерді өту, сонымен қатар адамның тыйым салу зонасына кіру, бұл адамның денесін бір тұтастығына әсер етеді.
Би терапиясын дені сау ересектер мен студенттерден тұратын психокоррекцинды топтарда қолдану тар бағытты сипатта болмайды. Мүмкін, бұндай топтарда би терапиясына деген қызығушылық бұл ортақ іс - әрекет болып табылатындығынан шығар. Би демократиялық болып табылады. Әркім билей алады. Бір адамдар екіншісімен салыстырғанда жақсырақ били алады, бірақ, би психокоррекционды топта қолданылған уақытта бұндай салыстыру артқы жоспарда қалып, әр қатысушыны биден алынатын қанағаттану көбірек қызықтырады.
Би - өзбетінше тірі тіл болып табылады. Ол адамзаттық ең терең уайымдар мен қажеттіліктерді бейнелейтін образдар мен аллегориялардың жоғары деңгейі. Бұл жердегі назарда ұстайтын маңыздысы би туралықты қажет ететіндігі. Біздің сәби кезіміздегі физикалық қатынасымыз, жүре бастаған кезде бастан кешірілген уайымдау еркіндігі, біздің достарымыздың әсерлері, бізбен орындалған жұмыстар мен басымыздан кешірілген стресстер - осының барлығы да біздің қозғалу, қимылдау манерамызда өзіндік ізін қалдырады.
Топтық бидің пайдасы - би арқылы өзіндік саналы түсінудің кеңейуі мен физикалық өзіндік сезімнің жақсаруында. Сонымен қатар топтық би топ мүшелерінің, студенттердің арасында қосымша өзіндік әрекетке мүмкіндік туғызады. Би терапиясы жағымды эмоциялардың тууына жол ашып, қатысушыларға, заң факультетінің студенттеріне мінез - құлықтың жаңа модельдерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді. Бұл қасиеті жағынан би терапиясы топ қатысушылары, заңгер студенттер үшін олардың басқа адамдардан оқшаулануларын, дене образдарын, өзіндік бағалауларын және сексуалдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туғызады. Идеалды түрдегі қимылды талдау сезімдерді қимылға трансформациялауға, ал әрекеттерді, қимылдарды түсінуге көмектеседі.
Психодраманың тарихына назар аударсақ, психодраманың туындауы мен дамуы Якоб Леви Морено есімімен тығыз байланысты. Психодрама жеке психотерапевтикалық әдіс ретінде кеңінен қолданылады. Психодрама ішкі қақтығыстардың, күшті эмоциялардың шығуына, терапевтикалық процестердің жеңілдеуіне, психикалық ауруларды диагностикалауда, қатысушылардың өзін- өзі бағалауын жоғарлатуда, өз сезімдерін сезінуге, сондай- ақ шығармашылық және актерлік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Психодрама кезінде әр бір топ мүшесі өзі қойғысы келген немесе өзіне жақын рөлді ойнай алады. Өз эмоциясына ерік беріп, сыртқа шығаруына мүмкіндік алады.
Қорыта айтқанда, психодрама осындай мәселеге тап болған адамдардың сезімдерін, эмоцияларын сыртқа шығарып, өзіне сырт көзбен қарап, өз қателіктерін саналауға көмектеседі. Сонымен қатар,
осы тренинг барысында кездесетін психодрама жаттығулары алдында кездесетін кедергілерге қарсы психологиялық айкидо тәсілдерін қолдануға үйретеді. Жоғарырақ тұрған фигурамен болған жағдайда немесе мақсатқа жетер кезде бұл білім тек сәттілік әкеледі. Арт-терапияның тарихына назар аударсақ, арт- терапия психотерапияның жаңа әдісі. Оның дамуына АҚШ- та Маргарет Наумбург әсер етті. Арт- терапияның дамуына Фрейдтің санасыздық және Юнгтің персоналды және универсалды символдары туралы ойлар көп әсер етті. Арт- терапия дәстүрлі психотерапияның көмекші құралы ретінде де, жеке психотерапевтикалық әдіс ретінде де қолданылады. Арт- терапия ішкі қақтығыстардың, күшті эмоциялардың шығуына, терапевтикалық процестердің жеңілдеуіне, символдарды интерпретациялауда, психикалық ауруларды диагностикалауда, қатысушылардың өзін- өзі бағалауын жоғарлатуда, өз сезімдерін сезінуге, сондай- ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Арт- терапияны пайдаланатын жетекшілер қатысушыларға өз жұмыстарына еркін ассоциалануға, олардың мағынасын өзбетінше талқылауға мүмкіндік береді. Кейбір жаттығуларда мысалы, бірігіп сурет салу немесе топтық бейнелердің синаллактикалық бейнелеуі барлық топтың қатысуына арналған. Гуманистік бағыттығы топ жетекшілері қатысушыларға өзінің ішкісезімдеріне сенуді ұсынады. Әрбір мүшенің жұмысын жетекші өзі немесе барлық топпен бағалайды. Алғашында арт- терапияны ауруханалар мен психиатриялық клиникаларда аурулар мен эмоционалды бұзылыстары бар адамдар үшін қолданған. Қазіргі кезде арт- терапияның қолданылу аймағы өсіп келеді, ол өзінің психоаналитикалық алғашқы негізінен біртіндеп алыстап барады. «Петровская Л. А. Теоретические и методические проблемы социально-психологического тренинга». Кез-келген іс-әрекеттің игеруіне өзіндік белсенділік таныту топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына, арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоционалдыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады (В. Ю. Большаков, И. В. Бачков, В. П. Захаров, Н. Ю. Хрящева және т. б. )
Сонымен қатар тренингтердің барысында жеке адам топ дамуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарға негізделген үш сатысы:
1) Бастапқы - «жұмсару»; 2) жұмыс - «өзгеріс»; 3) ақырғы - «бекіту» болады. (Г. А. Ковалев, С. И. Марасанов, Т. С. Ященко т. б. )
Л. А. Петровская, В. В. Сидоренко еңбектерінде тренингтің әр түрімен қоса тиімділігі де оны ұйымдастырып, жүзеге асырушының психологиялық әсер ету позициясымен жеке бас ерекшеліктерімен, бағыттылығымен және стилімен байланыстырады. Қазіргі кезде әртүрлі теорияға негізделген нақты топтық әдістер өте көп бұл зерттеу аясында олардың баршасына талдау жасау мүмкін емес. Алайда, қарастырылған мәселені анықтау үшін ғылым мен тәжірибеде бар бағыттарға сипаттама берелік.
Неміс-американдық психолог К. Левин (1890-1947) адамдарды жекелей өзгерткеннен де, топ арқылы әсер етудің жөн болатындығын (1993 жылы) психологиялық әсер етудің әлеуметтік-психологиялық тренингі (ӘПТ) қарастырылады.
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі: өз бейнесін басқалар қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндіктерін байқауға, өзінің санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Тренинг терминін ғылыми пайдалануды ГДР-да М. Форверг енгізген. Ол алғашқы кезде оқудың бұл формасын ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасты коррекциялауға пайдаланған. Тренинг басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, өзіне сенімділікті туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерге құрылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге көмектеседі. Өз-өзін бақылауға, байқағыштықты дамытуға, қарым-қатынасқа психо-лингвистикалық үйренуге, дамуға жол ашады. «Вочков И. В. Основы технологии группого тренинга».
Тренингтік топтық жұмыстың қарым-қатынастағы компитенттілігін жетілдірудегі орны мен маңызы Ю. Н. Емельянов, Л. А. Петровская, А. С. Прутченков т. б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Тренингтік қандай модификациясы ұйымдастырлса да топтық жұмыстың бірқатар нақты принциптерін сақтау топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып жетілуіне көмектеседі.
Жеткіншектерге психологиялық әсерінің тренингтерді қолдану негіздері.
Әр түрлі топтық психологиялық жұмыстардың формаларын сипаттап, негіздегенде бірнеше ұғымдар қолданылады: топтық психотерапия, коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді топтық әдіс. Жағдайдың бұлай болуы, психологиялық әсері бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зерттеушілердің ғылыми позициялары да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.
Алайда жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір негізде: психологиялық әсердің тиімділігі топ фенаминологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру басты үш аспектілердің оқыту, психотерапия және психокоррекцияның қиылысуымен анықталады.
Біз «тренингтік сабақтар», «тренингтік топ», «топтық әдіс» ұғымдарын әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге және өзіндік жетілуге, дамуға мүмкін болатын, шағын топтың ерекше қарым-қатынас жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Тренингтік топтардың әртүрлі саласында қарым-қатынас сферасына қажетті біліктілік пен қабілеттілікті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың бір формасы - әлеуметтік педагогикалық психология (В. А. Кан-Калик) саласындағы мамандардың зерттеу пәніне айналды. Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасты жүзеге асыруда қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. «Большаков В. Ю. Психотренинг, социодинамика, игры, упражнения».
Тренингтің психологиялық-педагогикалық әдіс ретіндегі ерекшеліктері.
Тренингтік жұмыстың мақсаттары болатын процесстердің әр жақтылығын бейнелейтін сан қилы болуымүмкін. Мазмұны және бағыты жағынан әртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін ортақ мақсаттарды іріктеуге болады:
- Топ қатысушыларының психологиялық проблемаларын зерттеу және
оларды шешуге көмек беру;
- тұлғааралық өзара әрекеттің адамдармен гармониялық және эффективті қарым-қатынас құру үшін психологиялық заңдылықтар механизмді және эффективті тәсілдерді оқыту;
- ішкі және мінез-құлықтық өзгерістер негізіндегі эмоционалды бұзылуларды ескертуге арналған өзін-өзі сезіну және өзін-өзі танудың дамуы;
- шығармашылық потенциалдық реализациясы мен тұлғалық даму процесінің өзара әрекетімен өмірлік іс-әрекеттің оптималды деңгейіне және жетістік, бақытты сезінуге қол жеткізу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz