Қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі


ЖОСПАР
I. ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
1. 2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі
II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2. 1 Қорлар аудитінің бағдарламасы
2. 2 Қорлардың қоймадағы есебінің аудиті
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I. Қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі
- Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
- олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен
- нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
- өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Өндіріс үрдісінде бір-ақ рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын қорлардыңалатын орны өте зор.
Қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1320, тауарлар 1330, 1340 аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы - транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т. б.
Шаруашылық қызметпен және қорлардың ішкі бақылау жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау тәуекелінің деңгейін алдын-ала бағалай алады. Ол үшін ол ұйымдастырушылық құрылымын талдай алады, яғни басқару және бағындыру, клиент жазбаларымен және құжаттарды зерттеу арқылы ішкі аудитті (қызметтік нұсқаулар, құжат айналымының кестесі, ішкі аудит жағдайы, стандарттар және ішкі аудит процедуралары және тағы басқалар.
1. 2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі
Қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.
Қорларды реттеуші негізгі нормативтік құқықтық құжаттар
II. Қорлар есебінің аудиті
2. 1. Қорлар аудитінің бағдарламасы
Қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:
- Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;
- Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
- қолда бар қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
- қойма есебінің, қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
- Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
- Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.
Қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы
Қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.
Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
2. 2 . Қорлардың қоймадағы есебінің аудиті
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 «Материалдар» бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.
Қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,
рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.
Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға құқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж. т. б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.
Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.
Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған, еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс.
Қоймашы материалдардың әрбір номенклатурасының нөміріне материалдық таңба қағаз толтырып, оны материалдардың тұрған орнының тұсына жапсырып қояды. Таңба қағаздары материалдардың аталуын, номенклатураның нөмірін, өлшем бірлігін, бағасын және нақты қолда бар материалдарды көрсетеді.
Материалдардың қозғалыстарының және қалдығының есебі материалдардың қоймалық есеп карточкаларында жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмірге жеке карточка ашылады, сондықтан мұндай есепті сұрыптық есеп деп атап, оларды натуралды түрде жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz