Әскер – ел қорғаны
Мазмұны
1. Кіріспе . Қаһарман едің қарулы күштері ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Жалпы Мақсаттағы күштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
3. Қарулы күштеріміздің қаймағы . Республика Ұланы ... ... ... .8
4. Елбасы Н.Назарбаевтың қанатты сөздерінен ... ... ... ... ... ... 10
5. Ел деп туған . ерлер бар (мақал.мәтелдер) ... ... ... ... ... ... ... .11
6. Ән.жыр шашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
7. Қазақстандық патриотизм (қысқаша түсінік) ... ... ... ... ... ... ..14
8. Патриоттық тәрбие және Бауыржан Момышұлы ... ... ... ... ..15
9. Әскер . әліміз, армия . абыройымыз
(әдеби.музыкалық кеш) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
10. “Сұңқар” әскери.ойын байқауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
11. “Жігіттің сұлтаны кім?”, саралаңыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
12. Қосымша Бабалар сөзі . тәрбие көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
13. Қосымша Қазақ елінің қаһармандық тарихы ... ... ... ... ... ...41
14. Қосымша Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
ол күндер мәңгі есте сақталады ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
15. Қосымша Жоғары әскери шен алғандар ... ... ... ... ... ... ... ... .50
16.Қосымша Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік
наградалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
17. Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

“Қаһарман елдің қарулы күштері”
(кіріспе)
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды.
Сөйтіп, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанын 7-мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

Әдебиеттер
Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы: Алматыкітап, 2006. – 216б.
Бабаңнан саған не қалған!: Әдеби-этнографиялық таным. – Алматы: ЖШС Ол – Жас, 2003.- 104б.
Бекенов Қ. Тағдырымның жазғаны. – Қарағанды, 2002. – 237б.
Ерлік: Әскери әңгімелер жинағы. – Алматы: Жазушы, 1968. – 159б.
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған-терген.– Алматы: Ана тілі, 2005. –1-кітап. - 136б.
Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Алматы: Балауса, 2003. – 160б.
Табылды Ә. Таңдамалы шығармалары.– Алматы: Балалар әдебиет баспасы, – 2006. – Т.3. Көңілді балалар. - 272б.
* * *
Алтынбаев М. Кәсіби армия – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі //Егемен Қазақстан. – 2006. – 25 қазан. – (№260-263). – Б.4
Аманжолов К. Қазақстанның қарулы күштері //Қазақ тарихы. – 1999. - №3. – Б.14-19
Ахметжан Қ.С. Қазақтың ату құралдары //Қазақ тарихы. – 2004. -№5. – Б.15-20
Әбділда Б. Әскер – ел қорғаны // Алматы ақшамы.- 1997. – 17 қазан
Әлиханұлы Ж. №1 Халық Қаһарманы: Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен әңгіме //Егемен Қазақстан. – 2006. – 16 желт. – (№311-314). – Б.9
Әлімқұлов Қ. Еліміз қарулы күштерінің әскери киім нысандары //Ұлан. – 2005.- 4 қаңтар. – Б.6
Жеңіс жолының жалғастығы: (4 мамыр – Қазақстан Қарулы Күштерінің туған күні. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі армия генералы Мұхтар Алтынбаепен сұхбат; Әңг.Ж.Самрат //Егемен Қазақстан. - 2006. – 7 мамыр. - №97-99
Ибрагимов Ә. Қаһарман //Қазақ батырлары. – 2006. – қазан.- (№10). - Б.4-5
Қожа Ә. Иә, генерал Зайсанов Моңғолия әуе қарулы күштерінің қолбасшысы болған //Егемен Қазақстан. – 2003. – 21 қырк. – Б.6
Смайылов Ә. Әлем елдері және әскери ынтымақтастық // Егемен Қазақстан. – 2006. – 6 желт. – (№300). – Б.3
“Ұлан” – ұлттың мақтаны: /Респубикалық Ұланның атқарған істері жайлы бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық істер жөніңдегі орынбасары Фарид Махметовтың әңгімесі; Әңг: Д.Кенжалин // Егемен Қазақстан. – 2005. – 23 қазан. – (№238). – Б.6
Әлім А. Түсіме енді жастығым әскердегі: Поэзия //Алматы ақшамы. – 2000. – 24 мамыр. – Б.3
Махамбет М. Ұлан туралы не білеміз? //Жас Алаш. - 2002. – 30 наурыз. – Б.4
Құнантаева К., Бақаев Ә. Қазақстанның тұңғыш әскери академигі //Егемен Қазақстан. – 2006. – 17 мамыр. – (№107-108). – Б.4
Жұмабергенов Ж. Тәуелсіз елдің қыраны – Республика ұланы //Алматы ақшамы. – 2002. – 16 наурыз. – Б.2
Қазақстан Республикасының заңы. Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы //Заң. – 2005. – №11. – Б.5-22
Шағатай Ж. Қазақ әскерлері бүгінгі күнге сай ма? //Түркістан. – 2005.- 3 наурыз. – (№9). – Б.3.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ
Мазмұны
1. Кіріспе – Қаһарман едің қарулы
күштері ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Жалпы Мақсаттағы
күштер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .3
3. Қарулы күштеріміздің қаймағы – Республика Ұланы ... ... ... .8
4. Елбасы Н.Назарбаевтың қанатты сөздерінен ... ... ... ... ... ... 1 0
5. Ел деп туған – ерлер бар (мақал-
мәтелдер) ... ... ... ... ... ... .. ...11
6. Ән-жыр
шашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .12
7. Қазақстандық патриотизм (қысқаша түсінік) ... ... ... ... ... ... ..1 4
8. Патриоттық тәрбие және Бауыржан Момышұлы ... ... ... ... ..15
9. Әскер - әліміз, армия - абыройымыз
(әдеби-музыкалық
кеш) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
10. “Сұңқар” әскери-ойын
байқауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
11. “Жігіттің сұлтаны кім?”,
саралаңыз ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 29
12. Қосымша Бабалар сөзі – тәрбие
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
13. Қосымша Қазақ елінің қаһармандық тарихы ... ... ... ... ... ...41
14. Қосымша Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
ол күндер мәңгі есте
сақталады ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 46
15. Қосымша Жоғары әскери шен
алғандар ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
16.Қосымша Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік
наградалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...51
17.
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...55
“Қаһарман елдің қарулы күштері”
(кіріспе)
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік
маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң
мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс
мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз
республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер
достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге
байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық
бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің
мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде
Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа
қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның
бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов
тағайындалды.
Сөйтіп, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
құрылғанын 7-мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан
өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес
анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу
мәселесін шешті.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы
мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау
күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай
қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы
әскерлерден тұрады.
Жалпы Мақсаттағы күштер
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына - құрлық әскерлері мен мобильдік топ
күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері
мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды
біріктіреді.
Құрлық әскерлері түрлеріне – мотоатқыштар, танк және артиллерия
әскерлері, ал арнайы әскерлерге – инженерлік, химия байланыс, радио және
радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады.
Танк әскерлері – салыстармалы түрде жас әскер түрі. Оның тарихы бірінші
дүние жүзілік соғыс жылдарынан басталады.
Танк әскерлері – құрлық әскерлердің басты, екпінді күші.
Олар, көбінесе, ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарына
қолданылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танк бөлімдері мен
құрамаларында орта және жеңіл жүзетін танкілер, қазіргі заманғы жоғарғы
жылжымалы–брондық қорғаныс қаруы бар. Түнде көретін қондырғыларының және су
түбінде жүруге арналған жабдықтарының болуы танкілерді қазіргі жағдайда
ұрысқа өте тиімді құрал етеді. Өте мықты, бронының болуы оларды және
ішіндегі адамды ядролық жарылыстың зақымдауынан, екпінді толқыннан (ударная
волна), жарық сәулелерінен, радиациядан, радиоактивтік жұқтырулардың
әсерінен сақтайды. Жан–жақты дайындықты жастар жақсы танк жүргізушісі бола
алады.
Қазіргі заманғы қару-жарақ, мықты двигатель, күрделі жүйелер мен
агрегаттар жетілдірілген қондырғылар мен нысана көздегіштер бұлардың
барлығы техниканы жақсы күтетін және терең білімді адамдардың ғана
билігінде болады.
Құрлық әскерінің артиллериясы.
Артиллерияның бөлімшелері мен бөлімдерінің болуы құрлық әскерлерін дереу
күшейтті. Олардың дәл соққылары қысқа уақыттың ішінде қарсыластың түгел
бөлімшелері мен бөлімдерін жойып жіберуі мүмкін.
Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубицалар, реактивтік
қондырғылар, жойғыш танкке қарсы қолданатын зеңбіректер, минометтер және де
ұзақ қашықтықта әрекет ететін танкке қарсы қолданылатын басқармалы
реактивтік снарядтар болады. Бұл құралдардың барлығы моторландырылған,
қысқа уақыт ішінде дайындалады және оқ атуға қабілетті.
Құрлық әскерлерінің арнайы
бөлімшелері мен бөлімдері
Әскери істер ғылыми-техникалық прогреске байланысты қазіргі жағдайда
арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас
әскерлерден терең және жан-жақты білімді, машық-дағдыны, тәртіптілікті,
шыдамдылықты, білек күшін талап ететін қазіргі заманғы техникалармен
жабдықталған.
Арнайы әскерлер
Бұлар құрлық әскерлерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін толығымен
қамтамасыз етуге арналған инженерлік әскерлер. Бірде-бір әскери мәселе
инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын
қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдан өтуді жабдықтайды,
қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады.
Қорғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныс шептерін тұрғызады,
бөгеттер жасайды.
Химиялық әскерлер.
Жаппай қырып жоятын ядролық қарулардың және басқа да құралдардың пайда
болуына байланысты аталған қарулар қолданылған жағдайда әскерлерді
қорғайтын шаралар қолдану қажет. Мұндай мәселелерді шешуде химиялық
әскерлер маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бөлімдер мен бөлімшелерді
емдеу үшін арнайы машиналармен, қондырғылармен келіп, көмек көрсетеді.
Байланыс әскерлері
Олар бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланысты
қамтамасыз етеді. Бейбіт кезде де, соғыс кезінде де байланысты орнатуға
қызмет етеді. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері мен
бөлімдері жақын және ұзақ қашықтықтық үздіксіз байланысты қамтамасыз
ететін, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген радио және
радиожелілік құралдарды пайдаланады.
Автомобильдік әскерлер
Бұлар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құрал-жабдықтар
жеткізуге, жаралыларды алып кетуге, істен шыққан қару-жарақтар мен басқа
жүктерді тасуға арналған әскери тылдың құрамында әскерлерді соғыста және
өмірде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.
Мобильдік күштер тобы.
Мобильдік күштер тобы – құрлық әскерлерімен тығыз байланыста әрекет
ететін десантшылар. Оларды “қанатты жаяу әскер” деп те атайды. Олар әр
түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып
алып, негізгі күш келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды, олардың
штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналған. Өз міндеттерін орындауға
мобильдік топтар жоюдың әр түрлі құралдарын, әр түрлі жаңа техниканы,
қажетті қорларды иеленеді. Тасуға және аспаннан тастауға әскери
транспортты, авиация ұшақтары мен тікұшақтарын пайдаланады.
ІІ - Әуе қорғаныс күштері
Қазақстанның әуе қорғаныс күштері мемлекеттік әуе шекарасын және
қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады.
Олардың құрамына әуе қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Радиотехникалық әскерлер
Үздіксіз әуе кеңістігін бақылап отырады. Олар жаудың байқалған
нысаналарын, олардың тұрған және қозғалыстағы орнын, жылдамдығын, ұшу
бағытын айқындайды, зениттік-ракеталық әскерлер мен авиацияға жаудың
шабуылын қайтаруға, тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды.
Әскери әуе авиациясы
Әскери әуе авиациясының негізін күшті ракеталық пулеметтік қару–жарақпен,
радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік дыбыстан жоғары
авиация құрайды. Әскери әуе авиациясы әр түрлі мақсаттағы ұшақтарды
пайдаланады, истребитель-бомбардировщиктерді барлаушы, транспорттық және
басқа да ұшақтарды, сонымен бірге әскери әуе авиациясы қазіргі заманғы
жаудың шабуыл құралдарын зақымдауға, жердегі әскерлерге қолдау көрсетуге,
әуеде табысты үстемдік етуге және басқа да біраз қиын мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді.
ІІІ - Шекараны қорғау күштері
Бұлар құрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді.
Құрлықтағы шекара әскерлері қазақстандық шекарашылардың әрдайым
мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және жаудың шабуыл
жасауына тойтарыс беруге қабілеттігі, шекарашы әскерлердің жоғары әскери
шеберлігін Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді.
Шекарашыларда атыс қаруларының барлық түрі, танкке қарсы құралдар және де
қазіргі заманға қажетті әскери техника, байланыс және бақылау құралдары
бар.
Ұлттық Ұлан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының қатарында қызмет ету
жастар үшін үлкен құрмет. Ұлттық Ұлан Мемлекеттік шараларды және
мемлекеттік объектілерді қорғайды, шетелдік делегацияларды қарсы алады және
шығарып салады, басқа да маңызды шараларды орындайды. Ұлан әскерлері
өздерінің саптық бой түзетулері мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқылы
біздің тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығы анықталады.
Ішкі әскерлер
Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік
объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік, әскери міндеттерді орындауға
арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі әскерлер әскери
жоғары саналылық пен жанкештілік көрсетуде. Олар “Жалпыға бірдей әскери
мемлекеттік және әскери қызмет туралы” Заңның негізінде жасақталды.
Қазақта әр заманда епті, батыл, ержүрек сарбаздар болған. Олар барлық
қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс мұқтаждығын көтеруге қабілет– қарымын
көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері, Президент Н.Назарбаев
айтқандай, “даңқты өткенімізден күш ала отырып”, өткенімізді рухани
жалғастырушы жаңа күш екеніне кәміл сенеміз.
Қарулы күштеріміздің айнасы –
Республика Ұланы
Елбасы қатысатын салтанатты жиындар мен мемлекеттік мерекелерде, шет
елдердің басшыларын қарсы алатын шараларда өздерінің нақпа-нақ жүрісімен,
әсем қимылымен, жұртшылықты сүйсіндіретін сарбаздары бар Ұланға 15 жыл
толғалы отыр.
Тарихқа көз жіберер болсақ, ерте кездері мемлекет басшыларын сенімді
жауынгерлер қорғаған. Мәселен, Ресейде садақшылар, кейіннен гусарлар,
Иранда Шах тыныштығын “мың өлімсіздер” деп аталатын “сипайлар” күзеткен.
Еуропада кейіннен лейб-гвардия деп аталған корль күзеті болған.
Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей, олардың
мұрагерлері Тәуке т.б. хандар қазіргі республикалық Ұлан сияқты әрекет
ететін әскер ұстады. Әскерге ханға берілген, ақсүйектер отбасынан шыққан
жасөспірімдер алынған. Аталмыш әскердің міндеті – ханның отбасын қорғау,
жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келген кезде
жоралғылық рәсімдер атқару болды.
Тарихшылардың пікірінше, кейіннен ханның әкімшілік, әскери өкіметтігіне
байланысты атты Ұландық әскерлер де пайда болған.
Ханның Ұланында ханды күзететін 1 мыңнан 10 мыңға дейін атты әскер болды.
Олар шаруалардан алынатын салықтар есебінен қаржыланған.
Республикалық Ұлан ата-бабалардың осы көне дәстүрлерін сақтай отырып,
өзіне жүктелген міндеттерді тиянақты атқарып келеді. Өткенсіз бүгін жоқ,
тарих тәжірибелерінің пайдалы тұстары мемлекетіміздің беделін нығайтуға оң
әсер етпек.
Бүгінде Республикалық Ұланға – Елбасы және басқа да күзетілетін
тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоралғылық рәсімдерге қатысу,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңба
эталондарын күзету, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін
аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзету
міндеттері жүктеліп отыр.
Ұланға жүктелген әр міндет аса жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет
ететіні өзінен-өзі түсінікті. Себебі, Елбасы қатысатын жиындар немесе шетел
қонақтарын қарсы алу барысында Ұлан сарбаздары тұтас Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің бет-бейнесін әлемге әйгілеуі тиіс. Болмаса
маңызды мемлекет объектілерін күзету - жігіттердің темірдей тәртіп пен
сыпайыгершіліктің үлгісін көрсететіндей болуын ғана емес, қырағылық, дене
күші жағынан мығым, осы қызметке қажетті қасиеттердің бәрі де бойынан
табылуын талап етеді.
Республикалық Ұланның Алматы және Астана қалаларында әскери бөлімдері
бар. Ұланға әскер қатарына жастар еліміздің барлық облыстарынан алынады.
Бірақ, жастарды іріктеудің өзіндік шарттары бар. Республикалық Ұланға
әскерге алынатындардың бойы 178 сантиметрден кем болмауы тиіс, оған қоса
олар орта білімді, дене-күші жағынан шыныққан, моральдық жағынан үлгілі
болуы керек.
Аты тек Қазақстанға ғана емес әлемге таныла бастаған Президенттік оркестр
де осы Республикалық Ұлан құрамында. Президенттік оркестр Қазақстан
Республикасының протоколдық, дипломатиялық және мемлекеттік, салтанатты
шараларын музыкалық шығармаларымен қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдерге
де гастрольдерге шығып жүр. Олардың Малайзияда, Түркияда, Австрия,
Италиядағы концерттері табысты өтіп, жұртшылық алғысына бөленді.
Өзінің он бес жылдық мерекесін атап өткелі отырған Республикалық Ұланның
атқарған игі шаралары жетерлік. Ең бастысы – олар жастарға Отанды қорғау,
Президент пен халыққа жан аямай еңбек ету, елді сүю, ант пен парызға адал
болудың жарқын үлгісін көрсетіп жүр.
Елбасы Н.Назарбаевтың
қанатты сөздерінен...
1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан
ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны
құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы
сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын,
Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.
4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы
керек.
5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл
қасиет.
6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де
берген, ер де берген.
7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.
8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін,
көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып
жүретіндей болуы керек.
9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса,
қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді
сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
10. Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім
артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай
өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн.
11. Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік
қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең,
алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
12. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.
Елім деп туған – ерлер бар
(Мақал – мәтелдер)
Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас.
Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.
Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны.
Ел шетіне жау келсе,
Арыстандай айбарлы батырлардың бары игі.
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен.
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін арпалыс, өлмейсің.
Отансыз ұл – ормансыз бұлбұл.
Ел даусыз болмас,
Ер жаусыз болмас.
Ер жігіт өзі үшін туады,
Елі үшін өледі.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Ердің туы – намыс.
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Шын ер жеңсе – тасымас,
Жеңілсе – жасымас.
Батылдықты айт, ерлікті айт,
Батырлықты айт, бірлікті айт.
ӘН-ЖЫР ШАШУ
Сарбаздар жыры
Сөзі: Абдрахман Асылбековтікі
Әні: Сүгірәлі Сапарәліұлынікі
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат – күші құрыш мығым.
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз, сенімменен.
Жол бермейміз ұрысқа түк,
Елге аян айбынымыз.
Дұрыс шығар, дұрыс батып,
Бір тұрғанда ай-күніміз.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз.
Мен қазақтың ұланымын
Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар
Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
А.Өтелова
Отанымның ұлымын
Бұл – гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны!
Бірін–бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл – ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін –
Отанымның ұлымын!
Әдібай Табылды
Қазақстандық патриотизм
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Қазыбек би
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның
тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі
қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі
түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел
билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке
билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен
қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді.
Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет
етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ
қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.
Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде “қазақстандық патриотизмді” қалыптастыру
және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге
көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері
бар.
Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі
тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі
іспетті.
Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы
мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар
көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық.
Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл
болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің
басқаруымен енгізу мүмкін емес.
Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты
тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне
алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да,
келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала
кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де
ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген
жөн”- дейді.
Міне, осы сөздің өзі – тұлабойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері.
Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна
тартады.
Патриоттық тәрбие және
Бауыржан Момышұлы
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге
дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың
әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған
әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын
лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез
келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық
рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі
адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жарасып келе жатқан ұлы
мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген
сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы,
ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан
Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің
және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің
соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И.Панфиловтың сегізінші
гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі
кызметін атқарып, неміс-фашист басқыншыларына соққы беріп, батальонды
бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты.
Ата мекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл бомасын, -
деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.
Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы
“Волокаламск тас жолы” атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан
ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.
Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа
байланысты біраз терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталайық!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман–
саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын
сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін
мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен,
яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты
білдіреді.
Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және
адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу
сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау
үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым
өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша
жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды
және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас
тігу.
Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.
Табандылық – батырлардың қалқаны.
Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде
абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.
Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде
артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы: “Үлкенді ізетте, кішіні
күзетте көр”. Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерлік бірлікте емес, жүректе”,
“Отанда опасызға орын жоқ”, “Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген
артық” деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.
Тіпті Бауыржан ағамыз туған ауылына келіп, ауыл адамдарының
ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін көріп,
ызаланады. Дастарханға ас қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата–
тілекті жаңаша жаңғыртып, “Я, құдай, дозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан
сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта, адамды
қадірлемес есерден сақта, нанды басқан есерден сақта, кеудесін керген
келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, ұятсыз қызыңнан сақта,
қайырымсыз жекжаттан сақта, жалқау баладан сақта, жастарында әдеп жоқ,
өлгенінде бәтуа жоқ құр айғай шат-шәлекей даңнан сақта” деген батасының
тұнып тұрған тәлім, өзіндік үлгі өнеге, өлмес, ескірмес өсиет екенінде дау
жоқ.
Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның
шығармашылығы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.
Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!
(Әдеби музыкалық кеш)
7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні. Тарихтағы әрбір
даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға
ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге
баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.
Назарларыңызға “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты салтанатты кеш
жоспарын ұсынамыз. Мереке өткізілетін жерді де тақырыпқа сай әзірлейміз.
Сахнада Қазақстан Республикасының рәміздері ілініп, гүл шоқтары және
шарлармен, “Тәуелсіз елдің қыраны” атты кітап көрмесімен безендірілген.
Үлкен әріппен,
“Отан сенген ұландар!
Әкелер дәстүріне адал болыңдар”- деп жазылған.
Залда әскери-патриоттық тақырыпта жазылған әндер, музыка ойналып тұрады.
Мұның бәрі кешке келгендерді болатын мереке мазмұнымен жете танысуға жағдай
жасайды.
1-бала: Ел қорғайтын, ер ағалар –
Ардағымыз, арымыз.
Ерлер тойын, елдің тойын,
Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!
Жүргізуші: Балалар! “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты кешімізге
Отан алдындағы әскери борышын аяқтап қайтқан, кітапхана оқырманы
_________, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген кітапхана
оқырманы ____________, анасы қатысып отыр.
Осылайша келген қонақтарды жекелеп таныстырып шығады. Қазір біздің
шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс
солдаттарының немерелері, шөберелері.
Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы
келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз. Ендігі
сөзді қонағымыз, кітапхана оқырманы, запастағы жауынгер жалғастырады.
Қонақ әнгімесінен соң, ұлдар мен қыздар өздерінің даярлаған музыкалық
сәлемдерін жолдайды. (Ән айтылып, күй шертіліп, би биленеді).
1 – бала: Тапталмайтын түнгі ізі,
Сақшысы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы
Келеді ұлан атанғым.
2 – бала: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан.
Бұйраланған аршасы;
Қорғайтын - ер боламын.
3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі,
Ұланы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы,
Жалғаймын жолын Ағаның!
4 – бала: Буырқанып тұрса да барша маңым,
Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.
Қиындықты алмастай қиып өтіп,
Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын. Залда отырғандардың бәрі
қосылып,
“Әрқашан күн сөнбесін” әні орындалады.
Жүргізуші: Бәрекелді, балалар! Менің қолымда қазір әскери борышын
(жер аты) өтеп жатқан кітапхана оқырманы (аты) хаты. (Хатты оқып шығады).
Ал бүгін біздің арамызда оқырманымыздың анасы отыр, енді сол кісіні
тыңдайық.
Жүргізуші: Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас
ұландарға кезек берейік!
1 – ұлан: Оқушымын бүгін мен,
Кіп-кішкентай баламын.
Ертең менде өскенде,
Ел қорғауға барамын.
2 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем
Капитан, қатал мінезі.
Сендерге достар ант етем,
Генерал болам мен өзім.
3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр!
Бастайық енді ойынды.
Болу үшін нақ батыр,
Жаттығу аса қажетті.
(Осы жерде әскери ойындар түрінен қысқаша элементтер көрсету керек).
4 – ұлан: Жауға басын имеген,
Жауыздықты сүймеген.
Ісіңе, Аға, еліктеп,
Ерлігіңді үйренем.
5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен,
Қырандар бірге самғаған.
Әзірге титтай болғанмен
Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!
6 – ұлан: Жер бетінде тыныштық!
Жер бетінде туыстық!
Баянды бақыт Адамға!
Орнатуға Далаға!
Сәбилік таза көңілмен
Бәрі: Ант етеміз!
Ант етеміз!
Ант етеміз!
Жүргізуші: Кең байтақ, қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын
болыңдар,
Жас ұландар!
- Әрқашанда дайынбыз!
Сахнада тұрған балалар көгершіннің, Бейбітшілік тақырыбына салынған
суреттерін, “Жасасын, Қазақстан!”, “Өркенде, өс өз – Елім” – деген т.б.
ұрандар жазылған плакаттарын, шарларын жоғары көтереді.
Осы кезде барлығы тік тұрып Қазақстан Республикасының гимні “Менің
Қазақстаным” әнін орындайды, мереке соңы концертке ұласады.
(Концерт бағдарламасы мереке тақырыбына сай болғаны жөн)
“Сұңқар” әскери- ойын байқауы
І. Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту,
Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы
суреттермен көркем безендірілген.
ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған.
(Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған)
Композитор Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні баяу ғана естіліп
тұрады.
Оқу залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаң әзірленген (үш ойын жолы,
жүргізушінің орны) залдың аяқ жағында оқырмандарға, қонақтарға арналған
орындар әзірленген, сахнада төралқа орны әзірленген.
Оқырмандар мен қонақтар орындарына отырған соң белгілі дайындалған
балалардың орындауында патриоттық ән айтылады. Ән біткен соң жүргізуші
ойынды бастайды.
Жүргізуші: Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандағы байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың
Қазақстан ардақтым!
Армысыздар, құрметті қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушы жас достар,
ұландар! Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр
азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар
тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-
жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден
қойылып келе жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай,
Бөгенбай, Райымбек сияқты хас батырлар шешен де, би де, ақыл-парасаты биік
адамдар ретінде ел ішінде үлкен абыройға ие болған.
Біз де бүгінгі байқауымызды жігіттер мен қыздарымыздың білек күшін емес,
ақылы мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды
осында жинадық. Ендеше бүгінгі “Сұңқар” деп аталатын әскери теория
білгірлерінің ойын-сайысына қош келдіңіздер!..
Енді, қымбатты қонақтар, бүгінгі ойынның ережелерімен таныстырып өтейін.
Ойынымыздың бірінші сатысы “Қанша білсең, ізден тағы жас сұңқар!” деп
аталады. Бұл саты барысында ойынға қатысушы барша оқушылар қауымына
бастауыш әскери дайындық пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа
дұрыс жауап берген оқушы бір орденмен марапатталады. Сұрақтарға жауап беру
тек қана қол көтеру арқылы жүргізіледі.
Кім бірінші қол көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығын алады. Кім
бірінші қол көтергенін және берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын
әскери төрешілер алқасы айтып отырады. Бірінші сатының қорытындылары
бойынша ең көп орден жинаған үш оқушы ойынның финалына шығып, бас жүлде
үшін жарысты жалғастырады.
Егер бірінші сатының қорытындылары бойынша финалға шығу құқығына үш
адамнан көбірек оқырмандардың ордендерінің саны бірдей болып қалса, онда
олардың ішінен ең мықтыларын қосымша сұрақтар арқылы іріктейміз.
Бүгінгі ойынға қатысушыларға орден тағушы деген абыройлы қызметті үлгілі
өнегесі және белсенділігімен танылған оқырман атқарады.
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешқашанда қайтпайтын -төрешілер алқасын таныстыруға рұқсат
етіңіздер (Төрешілер алқасын таныстырып өтеді. Алқа құрамына ардагерлер,
қатардағы әскерилер, мектеп әкімшілігі т.б. кіргізілсе іс-шараның
оқырмандар үшін беделді болуына қолайлы әсер тигізеді).
Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымыздың бірінші сатысын
бастайық!
(Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол
көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса,
төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді
ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден
төрелік етіп шешуді сұрайды. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға орден тағушы
(қыз немесе ұл бала) орденін мойнына тағып тұрады).
Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Қазақстан Республикасы
егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері іске
асырады” деп қай бапта көрсетілген?
(124 бап)
2. Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен Қазақстан
азаматтары қандай сатыларға бөлінеді?
(Шақыруға дейінгілер, шақырылушылар, әскери міндеттілер, әскери міндетті
еместер)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару
кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын
қағидалары, салттары мен құқық нормалары.
(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын
алды?
(97)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы
Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.
(Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық
мемлекеттік орган.
(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Қазақстан Қарулы Күштері құрамындағы құрамы жөнінен дивизиядан кіші
тактикалық құрама.
(Бригада)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен
жүргізуге үйрету қалай аталады?
(Тактикалық дайындық)
9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жаяу әскер құрамындағы
бастауыш тактикалық бөлімше.
(Мотоатқыш бөлімше)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып
жетуі.
(Маневр)
11. Автоматикалық ату қаруында патронды оқшантайға жеткізу үшін, ұңғы
каналын жабу үшін, капсюлді бұзу және гильзаны алу үшін қызмет ететін
механизм.
(Бекітпе)
12. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар?
(Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық
жарғылар)
13. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай
құрамына кіреді?
(Аға офицерлер)
14. Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ.
(Прапорщик)
15. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады?
(Рота бойынша кезекшіге)
16. Шабуылда сарбаз ненің құрамында қимылдайды?
(Бөлімшенің)
17. Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылындағы бұл әдіс қарсыластың атысы астында
ұрыс алаңында оқ-дәрі мен жүктерді тасымалдауға көбірек қолданылады.
(Қырынан жер бауырлап жорғалау)
18. “ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?
(Танкке қарсы мина)
19. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады?
(БТР)
20. АКМ автоматының ұңғы калибрі қандай?
(7, 62 мм)
Қосымша сұрақтар:
1. МОН – 50 деп қандай қару-жарақ түрі аталады?
(Жаяу әскерге қарсы жарықшақты мина)
2. АҚШ мотожаяу әскери бөлімшесінде қанша адам болады?
(11)
3. ЗУРО “Ред Ай” қай елдің әскерінің қаруы?
(АҚШ)
4. “Мардер” қандай және қай елдің әскери қаруы?
(ГДР – БТР НS-30)
Жүргізуші: Қымбатты ұландар! Осымен ойынымыздың бірінші сатысы
аяқталды. Енді ордендерімізді санап көрелік.
(Сергіту сәтін үзіліс кезінде пайдаланып, төмендегідей сұрақтарға жауап
берейік)
Жігіттің тоғыз жауы?
1.Ұл бала. 1. Басты жауың жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.
2. Осалдығың аңқаулық,
Соқтыратын саныңды.
3. Жасқаншақ болсаң ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.
4. Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
6. Өсек терсең телмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
7. Көпірме босқа мақтан қып
Түкке тұрмас барыңды.
8. Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.
9. Біреуді алдап арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.
Жүргізуші: Ержігіттің үш асыл мінезі?
2.Ұл бала. 1. Туған елі мен дос-жаранына адал болу.
2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу.
3. Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
Жүргізуші: Жігіттерге тән алты асыл қасиет:
3.Ұл бала. 1. Зерде-зейіні болсын
2. Өнер өрісі болсын
3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын
4. Жігер-күші болсын
5. Қайрат қаруы болсын
6. Білімі болсын.
Жүргізуші: Бәрекелді, сұңқарлар, ер жүрек азаматтар көп нәрсені
біледі екенсіңдер! Қуаныштымыз!
Ал, енді, үш немесе үштен көп орден жинаған ұландарымызды ортаға
шақырамыз. Финалға шыққан үш оқушыны таныстырады. Егер ордендер саны
бойынша үштен артық оқушы шықса, онда жүргізуші қосымша сұрақтар арқылы
артық болған ойыншыларды іріктеп шығарады.
Құрметті төрешілер және ұландар, финалға шыққан жас білгірлерге екінші
сатының, яғни финалдың ережесін түсіндірейік.
Финал “Сұңқарлар сайысы” деп аталады. Қазір финалға шыққан әрбір ұлан
жинаған ұпайына сәйкес өз қалауы бойынша мына жолдың бірін таңдауға тиіс.
Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған ұлан таңдайды. Ал ордендері
ең аз болған финалист қалған жолға түседі. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап
беру арқылы әрбір финалист өзінің жолымен бір сатыға алға жылжиды.
Қызыл жол екі сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға екі сұрақ қойылады,
оларға дұрыс жауап беру арқылы ол келесі сатыға өтеді.
Дұрыс жауап бермесе, ойыннан шығады. Яғни оның қателесуге құқығы жоқ.
Сары жолды таңдаған оқушының жолы үш сатыдан тұрады, оған үш сұрақ
қойылады. Ол бір рет қателесіп, екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңіске
жетеді. Бірақ екі рет қателессе ойыннан шығады.
Жасыл жол төрт сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға төрт сұрақ қойылады.
Ол екі рет қателессе де келесі сатыға өтеді. Екі сұраққа дұрыс жауап берсе
жеңімпаз аталады, ал үшінші рет қателессе ойынмен және бас жүлдемен
қоштасады.
Егер финалға шыққан оқушыға қойылатын сұраққа ол жауап бере алмаса, онда
ол сұраққа жауапты тек қана көрермендер береді.
Ал, енді, қырандай қанат қағып қияға ұмтылған ұландар, финалға қош
келіпсіздер!
Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған қайратты да, зерделі ұлан
таңдайды. Қай жолды таңдайсыз? Бірінші финалист жолды таңдаған соң оған
рахмет айтып, келесі ойыншыларға ретімен жол таңдатады.
Финалдық сатымызды бастаймыз да, бірінші сұрағымызды жасыл жолды
таңдағанға ұсынамыз. Мұқият тыңдаңыз.
1-сұрақ: Сіз әскери антты қабылдап үлгермеген әскери қызметшісіз делік.
Белгілі бір себептермен өрескел теріс іс жасап қойдыңыз. Сізге қандай жаза
қолдануға болады және қандай жазаны қолдануға болмайды?
Жауап: Сөгіс, кезекті сейілдемеден айыру, жұмысқа нарядқа тағайындау
болады, гаупвахтаға қамауға бомайды.
Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса
жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады.
Ендігі кезек сары жолға түскен ұланға. Мұқият тыңдаңыз, ұмытпаңыз: сіз
бір-ақ рет қателесе аласыз.
2-сұрақ. Сіз ұрыс жағдайында әскери қимыл жүргізіп жатқан бөлімше
командирісіз делік. Сізде штабпен, взвод, рота командирімен байланыс
мүмкіндігі бар. Қарсылас кенеттен шабуыл жасады, жағдай туралы кімге
баяндауға міндеттісіз?
Жауап: Аға командирге, яғни взвод командиріне.

Ал ендігі сұрақтың кезегі ешбір қателеспей жауап беруге міндетті болған
ұланға келіп жетті.
3-сұрақ: Сіз окопта танктерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан сарбазсыз
делік. Егер окопқа, не гранат лақтырмақ болып тұрған жерге танк жақындап
келе жатса, гранат лақтыру үшін танктің қанша метр қашықтыққа жақындап
келуін тосуыңыз қажет. Егер гранатыңыз танкті тоқтатпаса сіздің әрекетіңіз
қалай болуы керек?
Жауап: 25-30 метр, окоптың түбіне жата қалу, не бір жағына қарай жалт
береді. Танк жүріп өткен соң, тез қарғып тұрып оның осал тұсына гранат
лақтырады. Қираған танктің экипажы одан түсуге ұмтылғанда, оны автоматпен
атып жояды.
Жауап дұрыс болса, келесі сатыға қошеметтеп өткізеді, бұрыс болса ойын
алаңын қалдырып кетуді жұбатып ұсынады.
Осындай ретпен жүргізуші келесі айналымды бастайды. Сөйтіп ойынның
жеңімпазы анықталады.
2-айналымның сұрақтары:
1-сұрақ: Ұшу жылдамдығы 150 мс шамадан асатын нысандарға
қолданылатын ату әдісі қалай аталады?
Жауап: Бөгей ату.
2-сұрақ: Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас
болып сараланады, танкке қарсы жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы
мүмкін.
Жауап: Инженерлік бөгеттер
3-сұрақ: КМТ-SТ техниканың түрі ме немесе жабдық па? Ол не үшін
қолданылады?
Жауап: Табанжолдық миналық трал жабдығы.
3-айналымның сұрақтары:
1-сұрақ. Сіз кімсіз?
Бөлімше құрамында мынадай іс-қимыл жасайсыз: қару-жарақты, оқ-дәріні,
көздеу аспаптарын, оқтау мен бағыттау тетіктерін қарайсыз; ақауларын
жөндейсіз; көздеу аспаптарын және қосарланған пулеметтің мұқият
тексерілуін қарайсыз, бақылау аспаптарының жөндемділігін, құрал-сайман мен
қару-жарақтың запас бөлшектерінің болуын тексересіз.
Жауап: Көздеуші-оператор.
2-сұрақ. Бұл қандай әскери ұйым?
Бейбіт уақытта басқа әскерлер мен әскер жасақтамалары штабтарымен бірге
бірлескен іс-қимылдың нұсқаларын жоспарлайды және іс-қимылды
ұйымдастырады.
Жауап: ҚР Қарулы Күштерінің Бас Штабы
3-сұрақ. Бұл қандай әскер?
Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнбе-күнгі қызметін қамтамасыз ету
жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған әскер бөлімдері мен
бөлімшелері.
Жауап: Арнайы әскер.
Жүргізуші: Қымбатты көрермендер және ұландар! Бүгінгі сайысымыз да
мәресіне жетті. Сіздердің барлығыңызға үлкен-үлкен табыстар, егемен
елімізге тыныштық пен береке тілей отырып, бүгінгі ойын-байқауымызды
Ұлықбек Есдәулеттің мынандай керемет сөздерімен аяқтағым келеді:
Шаңырағың – шырағым,
Топырағың – тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан – қыраным!
Соңында патриоттық әндер мен Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
“Жігіттің сұңқары кім?”,
саралаңыз
(Сайыс-байқау)
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға
шақырамыз.
2-жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қосында.
1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар!
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді
қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін
таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп
ойлайсың деген сұраққа жауап береді.
2-жүргізуші: Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық. Мал жіліктерінің атауын айт.
І. Қол жіліктері: 6
1. Кәрі жілік – 2
2. Күң жілік – 2
3. Жауырын – 2
ІІ. Сан жіліктері: 6
1. Асықты жілік – 2
2. Тоқпан жілік – 2
3. Жамбас – 2
№2 асық. Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?
1. Құда табақ: бас, жамбас
2. Күйеу табақ: төс т.б.
№3 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шек ата
5. Сиыр – Зеңгі баба
№4 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz