Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау



КІРІСПЕ
1.Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Нарық жагдайында өндірісте франчайзинті дамыту ерекшеліктері
2.Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
2.1. Қазақстанда франчайзингтің даму жағдайы
2.2.Қазақстандағы франчайзингтін ассоциясы қызметі.
3.Өндірісте франчайзингтін жүйені дамыту жолдары.
Қорытынды

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1.Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Нарық жагдайында өндірісте франчайзинті дамыту ерекшеліктері
2.Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
2.1. Қазақстанда франчайзингтің даму жағдайы
2.2.Қазақстандағы франчайзингтін ассоциясы қызметі.
3.Өндірісте франчайзингтін жүйені дамыту жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі - франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге - табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

0.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны
Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мұраттары франчайзингтің арқасында шынайылыққа айналуда. Франчайзинг XX ғасыр бизнесінде төңкеріс тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты, бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерде елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да франчайзинг XXI ғасырдың ұғымды, оңтайлы іскерлік модель үлгісі болмақ.
Бүгінгі франчайзинг - өздерінің арман-мақсаттарына берілген және оны іске асыруда, франчайзинг иесінің атауымен өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелінген индустрия іспетті. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талапты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады.
Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы, оның интернацио-ландырылуы бизнестің біріккен формасының қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шартталынады. Ерекше қарастырсақ, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеу шартында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне бағыттау арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда.
Осындай себептерге байланысты бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік формасының қалыптасуы мен дамуының ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу басымды бағыт болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты.
Франчайзинг сөзі ағылшын терминінен аударғанда қан-дай да бір қызметті жүргізудегі еріктілікке құқықты анықтау мағынасын білдіреді. Орта ғасырларда мұндай артықшылықтар-ды кез келген тұрпаттағы коммерциялық қызметке франшизаны беру жолы арқылы корольдер иемденген. Франчайзинг (ағылш. franchising - құқық, ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген территорияда өзара шартпен анықталған бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады.
Франчайзинг терминінің екінші балама түсінігі француздың franchise - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені - АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі Зингер, Форд, МС Donald's сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.
Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.
Көптеген Ресей және шетел франчайзерлері өздері үшін жаңа кеңістіктерді іздестіру барысында XXI ғасырдың басында тұрақты экономикалық серпіліс пен соған орай төлемге қабілетті сұраныстың сиректігіне айналған Қазақстанға назарын аударуда. Бөлшек сауданың қарқынды дамуы (нарықтағы жыл сайынғы киімдердің өсімі - 20%) сонымен қатар тұрақты саяси жағдайларға, дамыған банктік жүйе мен ірі мультибрэндтік орталықтардың жылдам таралымын көбейтуге мүмкіндік туғызады.
Елді сөзсіз қамшылаған және өзінің интернационалдан-дырылған аю бұрышының ғасырлар бойғы өркениетті орталығынан қолы үзілген қазақстандықтардың алып ұшпа көңілі ұмтылысынан эксклюзивтік шикізат табыстары мен онда құрылған ақшаның салыстырмалы түрде қайта артылуы Қазақстан Республикасын қайта өзгертті. Бір кезде Ұлы дала деп аталған оның кең байтақ территориясы әлемдік және ресейлік алпауыттар үшін басымдық негіздегі қызығушылық болып қалыптаса береді. Әрі Қазақстандағы ресейліктердің артықшы-лығы географиялық жақындығынан, тілдік кедергінің жоқтығы-нан және тұрғындардың менталитетінің ұқсастығынан тұрады.
Франчайзингтік қатынастар бұл жылдам өспелі сегмент, ол егжей-тегжейлі талқыланбаған, әлсіз қамтамасыз етілген заңды базамен реттелінеді. Ол өзі арқылы кешенді кәсіпкерлік лицензия деп аталатын заңдарды және интеллектуалды жеке меншікті қорғау туралы заңдарды және сонымен қатар Азаматтық кодексі арқылы реттеледі.
Егер де франчайзер мен франчайзидің мүдделері тұрғысынан шаруашылық сферасын реттеуші заңдар жинағын тұтас бағалауға талаптанып көретін болсақ, біріншісінің құқығы көбірек, ал екіншісініңкі - міндеттмелер болып табылады. Әйтсе де көп нәрсе, әрине, өздерінің арасындағы келісімшарттарды талқылауға байланысты. Бірақ ең бастысы - заңдылықтардағы басқа да ақаулар қалай болғанда да бірте-бірте түзеледі, ал қабылданған заңдарды орындаудың өзінде кемшіліктері болады. Коррупция деңгейі, соның ішінде жоғары дәрежелі шенеуніктердің арасында да төтенше деп айтуымызуға болады. Кейде бір-біріне қарсы келетін рулық үш жүздің ішінен біреуіне тиісті қазақстандық элиталардың әулеттік ұйымы көп мәнді жобаларды іске асыруда күтпеген қиыншылықтарға алып келеді. Франчайзингтік келісімшарттар ұлттық заңдылықтар мен жергілікті жағдайларға бейімделе бастаған шақта (ал бұл уақыт таудың арғы жағында емес) және екі жақты есеп пен құқықты иеленуші интеллектуалды пайдаланымының ұрлығы мәселелерін орындап шығуға мүмкіндік бере бастаған кезде франшизалар Ұлы Даланы қалыңдата жауып тастайды.
Ең бастысы, Қазақстанға мақсатпен қарайтындар - бұл сәт-ті қалт жібермейді. Шынын айтқанда, Қазақстан Республикасы-ның кен өндіруші өнеркәсібіне тым ертерек қол жеткізген шетел инвестицияларының франчайзингтік тәжірибесі осы сфераға ену, тіпті 3 жыл бұрынғыны салыстырғанда да бірнеше рет қиындағаны байқалғандығын көрсетеді. Өте ірі инвесторлардың өзі ұсыныстарын қарап талқылау үшін кезекке тұрды, ал ресми бас тартулар жағдайы оларға дағдылы іс болып та қалды.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуындағы бірінші кезеңі (1994-1999ж.ж.) жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастардағы франчайзингтік қатынастар жүйесін (ФҚЖ) пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг та-мақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханалар-ға арналған құрал-жабдықтар саласында дами бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
1994 жылы Қазақстанның сусындар нарығына америкалық Coca Cola компаниясы өз өнімдерімен келді. Компания газдалған сусындарды өндіру және өткізумен айналысады. Нарықтың осы сегментінде Coca Cola компаниясының үлесі 38%. Ал 1995 жылы Алматы қаласында Алматы Кока Кола Ботлерс сусындарды құю зауыты ашылды. Компания өз қызметінде өндірістік франчайзингті қолданады, ол негізінен зауыттың өндіріс технологиясы, сусындарды әзірлеу мен құю жүйесі және тасымалдау шарттары сипатында болады.Ал, 1996 жылы Қазақстандық нарықта франчайзинг жүйесі бойынша даму шешімін алғаш қабылдаған отандық Сеймар инвестициялық-өнекәсіптік компаниясы бұл салада көшбастау-шы болды. Сеймар компаниясы үшін франчайзинг бизнесті бағалауда маңызды критерий болып табылатын компанияның табыстары мен шығындарын плюс-минус 5 пайыз дәлдігімен жоспарлау мүмкіндігі түрінде тиімді болды. Алматы Құс Ақ тиімділігін, рентабельділігін және өткізу көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында, компания өзінің Сеймар сауда маркасының франшизасын жеке кәсіпкерлерге, жанұялық кәсіпорындарға ұсынды. Алматы Құс АҚ құрамындағы франчайзилермен қарым-қатынастарды қатаң қадағалайды. Келісім шарттары жарты жылда бір рет қайта қарастырылады. Франчайзилер жемді тек Алматы Құс АҚ құрамындағы Қапшағай комбижем зауытынан ғана сатып алуға міндеттенеді, сонымен қатар олар ай сайын амортизациялық өтемдерге сәйкес теңгемен роялти төлемдерін жүргізеді.Жоғарыда атап өткен сервистік франчайзингтің Қазақстан-дағы тағы бір нысаны ретінде Kodak компаниясының қызме-тін атап өтуге болады. Бұл компанияны 1880 жылы АҚШ-ң Рочестер қаласында Джордж Истман құрған. Компанияның ұсынатын қызметтері келесідей болды: әуесқой және кәсіпқой фотопленкаларды, кинопленкаларды, рентгенографияға арнал-ған пленкаларды, фото қағазды, сандық фотоаппараттарға қажетті бөлшектерді, батареяларды көтерме және бөлшек сату. 1990 жылдан бастап Kodak-Экспресс халыққа жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын халықаралық франчайзингтік бағдарламаны жүзеге асырады. Қазақстан нарығында Kodak компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді.Франчайзингтің тағы бір мысалы 1999 жылы ресейлік Дока компаниясының желілерінің ашылуы. Осы жылдары Алматы қаласында бірқатар жылдам тамақтандыру орындары франчайзинг негізінде ұйымдастырылды. Алайда бұл желілер-дің өмірлік циклі ұзаққа бармады, өйткені нарықта айтарлықтай қолдау таппады және сұраныс деңгейі төмен болды.
Франчайзингтің дамуының екінші кезеңі (2000-2004жж.) - Қазақстанға ірі франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақ-стандық франчайзингтік заңнамасының қабылдануымен, соның нәтижесінде қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге асырылуымен байланысты.
Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты: қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік косметика.Франчайзингтің дамуының осы кезеңінде Қазақстан нарығында мынадай франчайзингтік кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асырды: ІС - бағдарламалық жабдықтау; World Class - фитнес клуб; Scot Holland Estates - жылжымайтын мүлік, рекрутинг, Business Consult - консалтинг; Баскин 31 Роббинс - балмұздақ; Пятерочка - азық-түлік дүкендерінің желісі; MaxMara, Sela - киім сату дүкендері; II Patio, Планета Суши, Американский Бар и Гриль - қоғамдық тамақтандыру.
Үшінші кезең 2005 жылдан басталып осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Қазіргі уақытта мамандардың берген бағасы бойынша қазақстанда 100-ге жуық оператор - фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, қазақстандық франчайзинг қауымдастығына біріктірілген, 15-20-ға дейінгі бас фирмалар қызмет етеді. Сервистің салалары бойынша франчайзингтік қатынастар жүйесінің таралу аумағы алуан түрлі, бірақ тұтастай алғанда жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді. Әлемде франчайзинг бойынша дамып келе жатқан 70-тен астам бизнес түрі бар. Алайда, Қазақстанда франчайзинг жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмаған (диверсификацияланбаған), ол негізінен жылдам тамақтандыру,
мейрамханалық бизнес, сауда және қызмет көрсету салалары жүйесіндегі кәсіпорындарды қамтиды.
Франчайзингтің дамуының үшінші кезеңінде оның қолдану салаларының кеңейе түскенін байқаймыз. Франчайзинг әдеттегі қоғамдық тамақтандыру, бөлшек саудаға қосымша, тұрмыстық қызмет көрсету саласында да қолданыла бастады.
Қазақстандағы франчайзингтік негізде қызмет етуші фирмалардың қызметін және даму эволюциясын талдау, оның нарықтағы атқарылатын келесідей рөлін сипаттауға мүмкіндік береді:
-Қосымша жұмыс орындарымен қамтамысыз ету;
-Инновацияларды өндіріс қызметіне енгізу үрдісін жеделдету;
-Кәсіпорын қызметіне жаңа ойлар мен өнімдерін енгізу
Мемлекеттік бюджетті толықтыру. Франчайзингтің отан-дық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларын-да пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономи-калық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материал-дық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшелік-терін ескеретінін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде Пятерочка бөлшек сауда дүкендерінің желісі, Sela киімдер дүкені, DIXIS, Евросеть байланыс дүкендерін келтіруге болады.
Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензия-лық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчай-зерлері Mariott, Интерконтиненталь қонақүйлері, Coca Cola сусындар өндірісі, Mango киім дүкендері.
Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым, Мысалы, РосИнтер Алматы, English First, Lefutur компаниялары және т.б.
Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Соны-мен бірге еліміздегі ірі шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктердің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарлама-сында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы Қазақтелеком компаниясы кәсіпкерлерге Интернентегі уақытты жалға беру франшизасын, Қазақстан темір жолы франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу
Франчайзингтің мынадай түрлері болады:
1. Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.
2. Франчайзердің өндіретін өнімге қолданатын технология-ны пайдаланып, тауардың маркалық аталуын пайдалану өндірістік франчайзинг деп аталады.
3. Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсету-ге болатын мүмкіншілікті пайдалану іскерлік франчайзинг деп аталады.
Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:
а) аймақтық франчайзинг;
б) дамушы франчайзинг.
Жоғарыда көрсетілген франчайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы франчайзинг келісімшарттың ұзақ-тығымен, қарым-қатынастардың деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзерден көмек сұрайды.
Халықаралық франчайзингілік ассоциация өз мүшелері арасында банкроттарды өте аз мөлшерде тіркейді, франчайзинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.

Франчайзингтік қарым-қатынастардың терминологиясы


Термин
Анықтама
1
Франчайзинг
Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда маркасын, технология, ноухоу өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарым-қатынас жүйесі.
2
Франчайз
Құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы келісімде ескерілетін құқықтар.
3
Франчайзи
Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.
4
Франчайзер
Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын.
5
Франчайзингтік шарты
Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат.
6
Франчайзингтік өнім және сауда маркасы
Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы
7
Бизнестің Франчайзингтік моделі
Франчайзер пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім.
8
Бөлшек Франчайзинг
Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі.
9
Франчайз сатылымы бойынша қызмет
Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға франчайзингтік операциялар құқығын беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын фирма немесе жеке агенттер.
10
Мультифранчайзи
Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда болады.

2. Франчайзингтік қатынастар жүйесін талдау
Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзинг келісім XIX ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи - мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі - тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
2. Франчайзер - негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын франчайзиға береді.
3. Франчайзер - көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.
Маркетингтік көмектің мәні - бұл франчайзи тарапынан франчайзердің жақсы танылған және айтарлықтай кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Франчайзингтік қарым - қатынастардың жүйесі

Артықшылық
Оқыту және дайындау
Қаржылық көмек
Маркетингтік көмек
Басқарудағы көмек
Шапшаң көмек
Сәтсіздіктің төмен проценті, тәуекел деңгейінің төмендеуі
Кемшіліктер
Франчайзингтік төлем
Өсімді шектеу
Тәелсіздікті шектеу
Әрекетті шарт мерзімімен шектеу
Тек бір жеткізуші франчайзермен ғана жұмыс істеу мүмкіндігі
Артықшылық
Оқыту және дайындау
Қаржылық көмек
Маркетингтік көмек
Басқарудағы көмек
Шапшаң көмек
Сәтсіздіктің төмен проценті, тәуекел деңгейінің төмендеуі
Кемшіліктер
Франчайзингтік төлем
Өсімді шектеу
Тәелсіздікті шектеу
Әрекетті шарт мерзімімен шектеу
Тек бір жеткізуші франчайзермен ғана жұмыс істеу мүмкіндігі

Франчайзингтік қатынастардың негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, ноу-хау және т.б. пайдалану құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады. Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге кететін шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді.
Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағтта іске асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзингтік келісім - шарт
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзинг жүйесі
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Қазақстандағы франчайзинг
Франчайзингтік төлем
Пәндер