Оқу үрдісінің ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе 3
1 Оқу үрдісінің психологиялық негіздері 5
1.1 Оқу үрдісінің мəн.мағынасы 5
1.2 Оқыту процесінің қозғаушы күштері 11
2 Оқу үрдісінің ерекшеліктері 17
2.1 Оқыту процесінің қызметі 17
2.2 «Ойлауға үйрететін оқыту» негізіндегі оқу.тәрбие үрдісінің
ерекшеліктері 23
Қорытынды 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 35

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Оқу үрдісінің психологиялық негіздері 5
1.1 Оқу үрдісінің мəн-мағынасы 5
1.2 Оқыту процесінің қозғаушы күштері 11
2 Оқу үрдісінің ерекшеліктері 17
2.1 Оқыту процесінің қызметі 17
2.2 Ойлауға үйрететін оқыту негізіндегі оқу-тәрбие
үрдісінің
ерекшеліктері 23
Қорытынды 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі –
оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне
даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты
анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан
əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын
қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу
процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание)
білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі
бірлікті – оқыту қызметі мен оқып - үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу
материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену
(учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін
танытады. Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет
тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер
мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен
оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып
үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі
белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының
бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне
басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына
сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.
Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы
үйретуші дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал
Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері
деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай
жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген:
оқыту, оқып -үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге
оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-
жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да
осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды
анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың
мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу
процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды,
жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші
əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының
арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне
болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне
орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту
шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы
дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан
жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін
нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі
деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары
мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.
Зерттеу өзектігі: Оқу үрдісінің психологиялық негіздері тақырыбының
маңыздылығы және күрделілігі.
Зерттеудің мақсаты: Оқу үрдісінің психологиялық негіздері аспектісін
толық жүйелі түрде анықтап тақырыптың шымылдығын ашу. Оқу үрдісінің
психологиялық негіздерін жалпы түрде қарастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі: Оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқу үрдісінің психологиялық негіздері.
Зерттеудің міндеттері: тақырыпты ашу барысында өзіме келесі міндеттерді
қойдым:
- зерттеу объектісінің анықтамасына тоқталып өтіп тақырыпты ашу;
- оқу үрдісінің психологиялық негіздерін қарастыру арқылы тақырыпты
ашу.

1 Оқу үрдісінің психологиялық негіздері

1.1 Оқу үрдісінің мəн-мағынасы

Оқу – дидактикалық процесс. Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін
оқу жəне оқу процесі түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн.
Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес.
Оқу түсінігі құбылысты білдіреді, ал оқу процесі- бұл процестің уақыт
жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде
қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл
түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар
аударылатын болды.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол
өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне
ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Сондықтан да оқу процесі түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру
қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында оқу процесі ұғымына
орай келесідей анықтама қабылданған: оқу процесі – бұл барысында білім
беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған
оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет.
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи
байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену –
білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу
мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері
болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде
білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай
да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан
қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой
əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен
қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы
ғылыми мазмұн жəне педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді
де дербес таным қажет [1, 126 б.].
Оқу процесінің қызметтері. Оқу процесі бірнеше қызметтерді –
білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру – атқарады.
Бұлардың бəрі кешенді іске қосылады, алайда, тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс
ұйымдастыру, оқу міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз
алдына қарастырған жөн.
Оқу процесінің білімдендіру қызметі ең алдымен білім, ептілік,
дағдыларды, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесін қалыптастыруға бағытталады.
Білім (знание) – бұл деректер, мəлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар,
теориялар, формулалар мен сипаттамаларды , т.с.с. түсіну, есте қалдырып,
қажеттікке орай қайта жаңғырту.
Оқу барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып, оның тəжірибелік
қорына енуі қажет. Бұл қызметтің іске асырылуынан білім толықтығы,
жүйелілігі жəне саналылығы, оның бекімі мен əрекетшеңдігі қамтамасыз
етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс-əрекет түрлері бойынша мəліметтер
жинақтайды, игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері қаланып,
оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.
Білімдендіру қызметі сонымен бірге оқушыға тек білім игертіп қана
шектелмей, олардың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арқау болады.
Ептіліктер – бұл адамның ережелерге сүйене отырып, қандай да нақты
əрекеттерді орындау қабілеті. Дəлірек айтсақ, ептілік дегеніміз – білімді
практикамен байланыстыра қолдану тəсілдерін, жолдарын меңгеру.
Дағды – бұл саналы іс-əрекеттің автоматтастырылған бірлігі. Басқаша
айтсақ, дағды – ойланбай орындалатын, жоғары дəрежеде жетілген ептілік.
Ептілік жаттығулар нəтижесінде қалыптасады. Дағды қалануы үшін көп
санды қайталаулар қажет.
Ептіліктер мен дағдылар жалпы оқулық жəне арнайы оқулық болып
ажыралады.
Арнайы оқу ептіліктері мен дағдылары нақты оқу пəні мен белгілі ғылым
саласына байланысты қалыптастырылады. Мысалы, физика, химия пəндері бойынша
– зертханалық тəжірибелер өткізу, заттай көрнекіліктер пайдалану;
географиядан – картамен жұмыс, масштабты өлшемдер, компас не басқа
құралдарды қолдану; математикадан – логарифмдік сызғышпен, есептеу
машиналарымен, əрқилы модельдермен жəне т.б. жұмыс алып бару ептіліктері
мен дағдылары орнығады [2, 214 б.].
Арнайылардан тыс оқу процесінде оқушылар барша пəндерге қатысы бар
жалпы оқу ептіліктері мен дағдыларын да игереді. Мысалы, оқу жəне жазу
дағдылары; өзіндік таным жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ептіліктері; оқулық,
анықтамалар, библиографиялық тізімдермен жұмыс.
Оқу процесі білім беру қызметімен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді де
іске асырып барады. Оқудың тəрбиелік қызметтері осы əлеуметтік процестің өз
табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда көзқарастар,
ғылыми дүниетаным, табиғат, қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау,
қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі оған байланысты заңдарға
бойсыну қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік,
əлеуметтік мінез-құлық, құндылық жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы оқу
процесінде пайда болып, жетіліп отырады.
Тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан келіп шығады. Əр оқу
пəнінің өзіндік тəрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың тұлғалық сапа-
қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар жəне əлеуметтік-экономикалық пəндердің
тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен салыстырғанда өте жоғары.
Оқу барысындағы тəрбиелік ықпал мұғалім мен оқушы, оқушылардың өзара
қатынасына жəне ұжымдағы психологиялық жағдайға байланысты. Педагогикалық
процесс қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас, тілдесу стильдері əрқилы
болуы мүмкін: əміршіл-əкімшіл, демократиялық, либералдық. Бұл орайда
қазіргі заман педагогикасының ұстанымы-мұғалімнің оқушыға деген ізгілікті
(гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шəкірттерге белгілі шамада дербес,
өз бетінше жұмыс алып бару мүмкіндігін беру жəне оларды оқу процесін
ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бəрі біріге оқушыға білім
беру процесінің тең құқықты субъекті болатынын танытып, оның белсенділігін
көтеруге жəрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық уақытта тəрбиелейтіні
белгілі, алайда ол тəрбие кейде қисынсыз бағытқа да бұрылып кетуі ықтимал,
сондықтан оқудың тəрбиелік қызметін іске асыруда оқу процесін
ұйымдастыруға, оның мазмұнын іріктеу мен əдіс, формаларын таңдауға
байланысты тəрбие міндеттерін дұрыс түсініп алған жөн [3, 211 б.].
Білім беру жəне тəрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесі балаға
дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білім игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы
тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы, сезімдік жəне қозғалыс
ептіліктері көңіл-күй-еріктік, қажетсіну қабілет-қасиеттері ілгерілі даму
өзгерістеріне келеді. “Даму басы - оқу”(Л.С.Выготский)- бұл аса маңызды
психологиялық заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны,
ол қолданған оқу формалары мен əдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді,
саналы да əрқилы іс-əрекеттері – бəрі де даму өзегі.
Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз,
дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына тəуелді.
Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу
технологиялары нақтыланған:
- ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);
- теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);
- жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков);
- оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков);
- проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);
- оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин);
- оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);
- оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру əдістерін
қолдану (Г.И.Щукин);
- төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс,
көңіл-күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін
арттыру бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков).
Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай
технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр (11-лекцияда).
Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерімен қатар педагогика
ғылымында оқудың ынталандыру жəне ұйымдасу қызметтері де өз алдына
қарастырылуда. Оқу процесін шəкірттерді алдағы оқу-танымдық жұмыстарға
еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дəрежеде
құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет
[4, 154 б.].
Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен
оқшауланған құбылыстар емес, олардың бəрі өзара шартты байланыста əрі сабақ
бөліктері мен кезеңдерінің бəрінде бірдей орындалып барады.
Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері. Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше
əдіснама-дидактикалық жолдары бар. Олардың ішінде аса кең танымал
болғандары: 1) Гербарттық тəрбиелік оқу бағыты; 2) Дж.Дьюидің оқушы
белсенділігіне негізделген оқу бағыты; 3) қазіргі заман демократияшыл
дидактика бағыты.
Тəрбиелік оқу бағыты. Негізін салған неміс философы жəне педагогы
И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы
түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика
мен психологияның соңғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе
түзіп, ұсынды. Гербарттың пікірінше, оқу-тəрбиенің ең жоғары мақсаты –
адамгершілікті, моральды, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның
ойынша, тəрбиелік оқу келесі этикалық идеяларға сүйенуі тиіс:
- тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын жəне күшін анықтаушы кемел
жетістігі;
- өз еркін басқалардың еркіне икемдесуі мен бағынуын қамтамасыз ететін
тілектестік;
- адамдар арасындағы дау-дамайдың өрістеуіне шек қоятын құқықтар;
- басқалар тарапынан болған көңіл қабарту жəне өкпені қайтаруды
міндетіне алатын əділдік;
- адамның ерік сезімін оның ниеттері мен наным-сенімдеріне
икемдестіруге мүмкіндік беретін ішкі рухани еркіндігі.
Бұл жүйенің негізгі ерекшеліктері келесідей: мектептің басты міндеті –
оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу. Моральдық тұрғыдан күшті мінез
иелерін қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшілік, тəрбие жəне онымен
байланысты оқу себепші болады. Жетекшілік жасаған адамның міндеті
балалардың тұрақты іспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене жəне
интеллектуалды дамуына бақылау қою, тəртіпке үйрету. Оқудың тəртіппен тығыз
байланысқа келуінен, білімнің оқушы сезімі жəне ерігімен бірігуінен –
тəрбиелік оқудың мəні құралады. Бұл түсінікті ендіре отырып, Гербарт
тəрбиені оқудан бөлектеуге болмайтынына, ерік жəне мінездің ақыл-санамен
бірге дамитынына баса назар аударды [5, 110 б.].
Гербарттың дидактикаға ендірген басты жаңалығы – оқу сатыларын бөлектеу
болды. Оның дидактикасындағы схема келесідей: түсініктілік – байланыс –
жүйе-əдіс. Оқу процесі ұғымдардан түсініктерге өту жəне түсініктерден
теориялық сипаттағы ептіліктерге жету жолымен жүргізіледі. Бұл схемада,
байқағанымыздай, практикаға орын қалмаған. Бұл формальды деңгейлер оқу
мазмұнынан ажыралып, барша сабақтарда жəне барлық пəндерге арналған оқу
процесінің желісін айқындайды.
XIX ғасырдың ортасында кең таралған Гербарт теориясы кейін бірте-бірте
маңызын жоя бастады. Осы күнгі бағалармен өлшестіретін болсақ, Гербарт
жүйесі мектептің дамуына кері ықпал жасады. Осы теорияның негізінде оқудың
мақсаты дайын білімдерді ұсынып, жаттату деген пікірлер тарай бастады; оқу
процесіндегі белсенділік тек мұғалімнен ғана күтілді, оқушыларға тыныш,
назар салып, мұғалімнің айтқанын орындау міндеттері таңылды, яғни балалар
енжар тыңдаушыға айналды. Дегенмен, Гербарт дидактикасынсыз, одан келер
ықпал болмағанда, оның тəрбие тəжірибесін сынға салып, қайта
қарастырмағанда, бүгінгі теория мен практика мектеп өміріне еш уақытта да
енбеген болар еді. Зерделі назар аударсақ, бүгінгі мектептің өзінде де
Гербарт қалаған əміршіл дидактиканың элементтерін көптеп кездестіруге
болады. Осылайша, өз сыныбына қатаң тəртіп енгізуді ниеттеген мұғалім
алдымен ойланғаны жөн –бұлай істесем бола ма? Гербарт тəжірибесінде бұл
тəсіл қолданылған, бірақ оқудағы шектен тыс қаталдықтан ғұламаның кейінгі
шəкірттері бас тартты. Бұл өнеге – құптарлық [6, 214 б.].
Оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты XIX ғасырда жасаған
американ философы, психологы жəне педагогы Джон Дьюи дидактикасы қоғам мен
мектептің прогрессив дамуына қайшы келген гербартшылардың əміршіл-əкімшіл
педагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келді. Гербарт дидактикасына
келесідей қарсы айыптар тағылды:
- қатаң тəртіп пен жазалауларға негізделген үстірт тəрбие;
- өмірмен байланыспаған оқудың кітабилылығы ;
- оқушыларға тек дайын білімдерді ұсыну, жаттауға бағытталған енжар
əдістерді қолдану;
- оқушылардың қызығулары жəне қажеттерімен байланыспауы;
- оқушы қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлінуі.
Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар
аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың өмірлік қажеттеріне байланысты
болған оқудың (құрғақ сөзді, кітаби, тек жаттауға негізделген оқудан гөрі)
анағұрлым жоғары нəтижелер беретініне көз жеткізді. Дьюидің оқу теориясына
енгізген негізгі үлесі – толық ойлау əрекеттері (акті) жөніндегі жаңалық
пікірі. Осыған байланысты адам өз өміріне аса күрделі де кедергі болған
қиыншылықтарды кездестірген кезде ғана ойлау əрекетіне кіріседі. Əрбір
толық ойлау акті келесі кезеңдерден құралады:
- қиыншылықты түйсіну (сезу);
- оны нақ байқап(көріп), мəнін анықтау;
- одан құтылудың жолдарын іздестіру (болжам белгілеу);
- болжастырылған шешімнен қорытындыға келу (гепотезаны логикалық
тексеріске салу);
- болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін келесі
бақылаулар мен эксперименттерге өту.
Шешімдерін ойластырып, жеңу қажет қиыншылықтар кейін проблема
атауын алды. Дьюидің пікірінше, дұрыс құрылған оқу əр уақытта проблемді
болуы тиіс. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың қызығуларына, өмір
талаптарына сəйкес болуы шарт [7, 171 б.].

1.2 Оқыту процесінің қозғаушы күштері

Мұғалім оқушылардың қызығу қабілеттерінің дамуына мұқият ден қоя
отырып, олардың алдына түсінімі жəне шешілуі жағынан қиналтпайтын
проблемалар қойып баруы қажет. Оқушылар, өз кезегінде, осы проблемаларды
шешуден өздеріне жаңалық əрі пайдалы болған білімдерді игеретініне сенімді
болуы тиіс. Сабақтар толық ойлау актілері негізінде құрылып, одан
оқушылардың келесі ептіліктерді игеруі күтіледі:
- нақты қиыншылықты сезу;
- оны (проблеманы) анықтау;
- кезіккен қиыншылықты жеңудің болжамын (гипотезасын) түзу;
- толық проблеманы немесе оның бір бөлігін шешудің жолын табу;
- болжамды бақылау немесе эксперименттер жəрдемімен тексеру;
Дəстүрлі жүйемен салыстырғанда, Дьюи өте батыл жаңалықтар, күтілмеген
шешімдер ұсынды. Кітаби оқу орнына негізінде оқушылардың өзіндік таным
əрекеттері болған белсенді оқу мектеп тəжірибесіне енді. Əміршіл мұғалім
орнын оқушылар белсенділігін не мазмұн, не оқу əдістеріне матамайтын, ал
қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, қажет болса, жəрдем беретін жебеуші –
мұғалім иеледі. Жалпыға бірдей мызғымас оқу бағдарламалары мұғалім
тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған бағыттау бағдарламаларымен
ауыстырылды. Ауызша жəне жазбаша сөздің орнына оқушылардың өзіндік дербес
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған теориялық жəне практикалық
дəрістер келді. Кейінгі кезеңдерде жүргізілген зерттеулер ежелгіден,
дəстүрлі жəне жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең құнды болған тараптарын
сақтап қалып, күнделікті маңызды болған мəселелерді шешудің жаңа жолдарын
табуға бағытталды. Бұл ізденулерден кейін орын иеленген оқу жолдары бүгінгі
заман дидактикасының жаңа жүйесін құрады.
Жаңа бағыттар арасында белгілі американ психологы жəне педагогы Дж.
Бруннер ұсынған жаңалықтар ашумен оқыту бағыты назар аударарлық. Бұл
теорияға орай оқушылар барлық танымдық күштерін іске қосуды талап ететін
жəне өнімді ойлау қабілетінің дамуына ұтымды ықпал жасаушы өз
белсенділігімен ашқан жаңалықтары негізінде дүниені танып, білімдер игеруі
қажет. Оқушылар бұған дейін білмеген қорытындыларды жасап, оларды өз
бетінше өрнектеп, тəжірибеде қолдану жолдарын да игеруі қажет. Мұндай
шығармашылық оқу дайын білімдерді игеруден де, сондай-ақ қиыншылықтарды
жеңу жолымен жүргізілетін оқудан да өзгеше, дегенмен аталған екі жүйе де
Бруннер теориясының негізі əрі қажетті шарттары ретінде пайдаланылған.
Шығармашыл оқуға тəн белгі, Бруннердің пайымдауынша, нақты тақырып бойынша
деректерді жинақтау жəне бағалау, солардың нəтижесінде белгілі қорытынды
ғана өрнектеу емес, сонымен бірге игерілетін материалдардың шеңберінен
сыртта жатқан заңдылықтарды да анықтау [8, 79 б.]
Қазіргі заман демократияшыл дидактика өзінің келесідей ерекшеліктерімен
сипатталады:
1. Бұл жүйе негізін объектив заңдылықтар құрайды. Осының арқасында
қазіргі заман дидактикасы оқу процесін түсіну мен талдауда бір тараптылық
көзқарастан құтылды. Дидактиканың қазіргі күндегі тұжырымдамасы оқу
процесіне жүйелі бағытта қатынас жасауға негізделген, яғни осы жүйеліліктен
сезімдік қабылдау, білімдерді түсіну жəне игеру, игерілген білімдер мен
ептіліктерді тексеру танымдық процесте, оқу іс-əрекеттерінде табиғи
біртұтастыққа келтіріледі. Танымда да осы сезім, ойлау жəне практикалық іс-
əрекеттердің өзара бірдей уақыттағы ықпалдастығына байланысты талаптар да
іске асып барады. Қазіргі дидактикалық бағыт өткендегі дидактикалық
жүйелерге тəн теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау
қабілеттері мен болмысты өзгерту, сондай-ақ тікелей мұғалімнен алынатын
білімдер көлемі мен оқушылардың өз бетінше жинақтайтын білімдердің
арасындағы қарама-қарсылықтарды жойды.
Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі
түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер,
оларды оқыту механизмдері, танымдық іс-əрекеттері, мақсаттары мен мотивтері
бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты жəне үйлесімді дамуына
пайдалы болатынын түсінді.
2. Бүгінгі дидактика жүйесіндегі оқудың мəні оқушыларға дайын
білімдерді ұсыну, қиыншылықтарды өз бетінше жеңу жəне оқушылардың өзіндік
жаңалықтар ашуымен шектелмейді. Оны түбегейлі ажырататын сипат:
педагогикалық басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі жəне белсенділігі
мен саналы байланыс, қатынастарына негізделуі. Бүгінгі дидактиканың мақсаты
– көзделген оқу деңгейіне оқушы уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз
орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас сатылары мен
мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп
жеткізу.
3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты да өзгерді, оқу жоспарларын,
бағдарламаларын жəне оқу пəндерін құрау принциптері де басқаша. Гербарт
заманында мектептік оқу үшін қолданылған бағдарламалар оқушылардың
талаптарын, қажеттерін жəне қызығуларын тіпті де ескермейтін еді,
интеллектуалдық дамуда кітаби білімдердің маңызын асыра дəріптеді. Оқудың
американдық моделінде көбінесе оқушылардың жағдайға байланысты өз бетінше
туындайтын қызығулары мен мезеттік белсенділігіне аса көп мəн берілді.
Нəтижеде, бағдарламалар білімнің жалпы суреттемесін беріп, ал жеке оқу
пəндері жоғары сыныптарда ғана енгізілетін. Мұндай дидактикалық бағыттың
ұнамды да, сондай-ақ ұнамсыз да тараптары болды. Жақсы болған тарапы –
оқушы өз бетінше асықпай еңбектенумен қалаған саласында тиянақты дайындық
көрді. Бірақ оның қорытынды білімі тар шеңбердегі проблемалармен ұсақталып,
қажетті жүйе мен деңгейге жеткізілмеді [9, 54 б.].
Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа дидактикаға өтіп,
толыға түсті. Бүгінде жіктемелі (дифференцированные) оқу жоспарлары,
бағдарламалары, курстері бүкіл əлемге тараған. Сонымен бірге, оқу
пəндерінің бірігу (интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың
əрқилы қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.
Сонымен, ежелгі заманнан бері балаларды оқыту мен білімдендірудің
жетілген жолдары іздестірілуде. Мұғалімдер көптеген бағыттарды өз
тəжірибесінде тексеріп, сынап көруде. Ғылым топтаған білімдердің аса
құндылары, озық тəжірибе, дидактикалық жүйелерге енуде. Мектептің қазіргі
заман білімдену жүйесіне И.Гербарт жəне Д.Дьюи жүйелері көп ықпал жасады.
Бірақ қазіргі заман дидактикасы оқудағы бір тараптылық принциптен бас
тартып, бала жөніндегі ғылыми білімдердің бар комплексін пайдалану
теориясына ден қойды.
Оқудың теориялық - əдіснамалық негізі - материалистік таным теориясы
(гносеология). Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды,
бірақ оны танып білуге болады. Таным - бұл қоршаған болмыстың, оның
элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың
нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың
санада бейнеленуі [10, 194 б.].
Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу – оқыту
процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы
күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды
орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары
арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын
баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен
оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу
процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды
оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір
оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың
кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат
салысты. Олар:
• оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық
көрсетуі.
Бағаны дұрыс қоймау.
Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
Үй тапсырмасын орындамау.
Сабаққа қатыспау.
4. Білім, іскерлік, дағды. Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі,
заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді
жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау,
синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы
ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып
оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды
өз бетімен ізденуге, зерттей білуге білімді еркін игеруге үйрету [11, 89
б.].
Оқушылардың білімі – оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу
материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген,
меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып
анықтайды.
Білім – қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны
қалыптастырады.
Білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім
көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады,
қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз
үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын
көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек
білім беретін процесс емес, ол баланың жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен
жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл-Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту –
барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін
адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда
болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік,
өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте
қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы,
оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой
жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға
байланысты.
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен
зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден
көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді
теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және
сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді [12, 214 б.].
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық. Ол қасиеттер
білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру – ақиқатты білу арқылы
болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын
бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы - білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік – бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді
орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге
керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және
қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу
қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді
шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу
және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы
оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді
тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке
байланысты теориялың және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін,
реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық
процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен
жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын
жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды
оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
арнайы іскерлік;
оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға керекті
іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған
байланысты "Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (І-ІҮ
сыныптар)" (Алматы,1997), "білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап
бағалауға қойылатын негізгі талаптар" деген бөлім енгізілді [13, 109 б.].
Бірінші топ – арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында
нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс
істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ – оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу
материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге
қолдану, жұмысты безендіру, Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету,
өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және
жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру
және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы,
репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Сипатталған іскерліктердің байланыстарын мына сызбадан көруге болады.
Қ. Жарыңбаевтың анықтамасы бойынша "дағды – алғашқыда саналы орындауды
қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде
автоматтандырылуы". Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-
әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауга мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды,
жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық
болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оңу, есте
сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс
құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма
сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс.
Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс
істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя
білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі
тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау [14, 137 б.].

2 Оқу үрдісінің ерекшеліктері

2.1 Оқыту процесінің қызметі

Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру,
оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі – бұл адам баласының білім байлығымен
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге
даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды
ескерген жөн. Олар:
• білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-
әрекетті іске асыру;
білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін
шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі – оқытудың тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.
А. Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.
Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту – адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп
тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас
жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет
екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі
негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз
құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек"
екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет
екендігін дәлелдеді [15, 196 б.].
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы
әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол
тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға
қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл
қолдана білу керек екенін түсіндіреді.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың
дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-
құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу,
оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады,
адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз
байланыста өткізіледі.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны
дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі,
ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту – жеке тұлғаны дамыту
құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды
заңдарының бірі – баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім
мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізеледі. Оқыту процесінде
П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н.
Скаткиннің, И.П. Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға
бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға,
алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз
байланысты және оқытудың барлық бөліктерінде жүзеге асады.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында оқыту
мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат – жеке тұлғаның ақыл-
ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат –
ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген.
Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады [16, 197 б.].
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4
түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде
қолдандыру;
білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
білім, іскерлікті бақылау жөне есепке алу.
Оқыту мазмұны – оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер,
тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны
пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу
бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу
материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының
жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты – оқу
материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін
қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді нақтылау, кеңейту,
кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын
ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін
мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін
бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:
оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік береді.
Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту,
екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында
үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін
көтерудің негізгі жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудың өзара байланысы
арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту – оқытуды басқаруға қойылатын
келесі талаптардың бірі.
Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, оны
меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың
оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп дидактикасы
Педагогиканың дәрістері
Тәрбие технологиясында тәрбие жүйесінің моделі
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Жоғары жүйке қызметінің және қозғалыс белсенділік деңгейінің әртүрлілігімен балалардың және жасөспірімдердің бейімделу мүмкіндігі
Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Пәндер