Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері



Тарау 1 Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері
1.1. Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2. Бюджеттің атқаратын қызметі және оның құрылымы
1.3. Бюджет процесі
Тарау 2 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
2.1. Бюджеттік құрылымның қалыптасу сипаты
2.2. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау
2.3. Бюджет балансы мен бюджет тапшылығы
Тарау 3 Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.
3.1. Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.
3.2. ҚР дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері.
3.3. Салық.бюджет саясатының негізгі бағыттары

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Тарау 1 Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері

1.1. Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

1.2. Бюджеттің атқаратын қызметі және оның құрылымы

1.3. Бюджет процесі

Тарау 2 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері

2.1. Бюджеттік құрылымның қалыптасу сипаты

2.2. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау

2.3. Бюджет балансы мен бюджет тапшылығы

Тарау 3 Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.

3.1. Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.

3.2. ҚР дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері.

3.3. Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық
шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға
жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі
акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы
рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге
асыруы тиіс.

Алайда рыноктық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың
мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап
қалуда.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік
ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде.  Республикалық деңгейдегі
білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру
және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын
тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге
өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына,
үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға,
дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша
жарнамаларға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл
сайын бюджет қаражаттарының 13 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамасыз ететін мемлекеттік бюджет елдің экономикалық
процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық
бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен
түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің
функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді,
халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті
аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал
етеді.

Рынок жағдайында бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық
ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, рыноктың инфрақұрылымды дамыту
және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты
қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы
ролін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың
прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын
қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында
ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер
арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен
жетілдіруді қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің қалыптасу
концепциясын қарастыру және оны пайдалануда туындайтын проблемаларды
анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қойылады:

- бюджеттің экономикалық мәні мен ролін анықтау;

- мемлекеттік бюджеттің құрылымын талдау;

- бюджеттік жоспарлау жүйесін зерттеу және бюджеттің атқарылуын
талдау;

- мемлекеттік бюджет дамуының ерекшеліктері мен проблемаларын
айқындау;

- мемлекеттік бюджет механизмін жетілдіру жолдарын анықтау.

Курстық жұмысты орындау барысында бюджеттік құрылым және бюджетаралық
қатынастар бойынша мәселелерге байланысты отандық және шетелдік ғалым-
экономистердің еңбектері, ҚР-ның қаржы министрлігі мен экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері, мерзімдік басылымдардың
материалдары пайдаланылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тарау 1 Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері

1.1. Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық
қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. Бюджет
деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған ақшалы сөмке,
былғары қапшық дегенді білдіреді

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы
өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін
негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-
құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады.
Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды
пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық,
өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік
жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет
жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына
мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму
деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты
өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

-мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық
мемлекеттің бюджеті;

-федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың ГФР-
да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде –
федерация субъектілерінің бюджеттері);

-жергілікті бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандырылу деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі құрлымының унитарлық типімен
анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік
нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

    1.2. Бюджеттің атқаратын қызметі және оның құрылымы

13-бап. Бюджет құрылымы
1. Бюджет құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) кiрiстер:
      салықтық түсiмдер;
      салықтық емес түсiмдер;
      негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
      трансферттер түсiмi;
      2) шығындар;
      3) таза бюджеттiк кредиттеу:
      бюджеттiк кредиттер;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу;
      4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо:
      қаржы активтерiн сатып алу;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
      5) бюджет тапшылығы (профицитi);
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
      қарыздар түсiмi;
      қарыздарды өтеу;
      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ- экономиканың мемлекеттік реттеудің маңызды
құралы.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын
ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет:

1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын
айқындайды.
2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін
құрал қызметін атқарады.
3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады.
Мемлекеттік бюджеттің статистиканың міндетті анықтаулары:

1)Мемлекеттік бюджетті кірісі мен шығысының жалпы шамасының
кірістен шығысының арту мөлшері;
2)Мемлекет бюджет кірісінің құрылымы;
3)Мемлекет бюджет шығысының құрылымы;
4)Мемлекеттің ішкі қарыз көлемі;
5)Мемлекеттік фискалдық саясатын жүргізудің тиімділігі;
6)Фискалдық тұрмыс деңгейінің әсері.
Мемлекет бюджет статистикасының маңызды көрсеткішінің бірі
мемлекеттік сектор болып табылады.

Мемлкеттік бюджеттің статистикасының көрсеткіштер жүйесінің сипатын
анықтайтын басқа маңызды категориялар мемлекеттік басқару
мекемелерінің экономиканың басқа секторына жататын міндеттермен жүзеге
асады. Олар:

■ Төлемдер;
■ Түсімдер;
■ Қайтарымды және қаржысыз төлемдер;
Мемлекеттік бюджет статистикасының басты көрсеткіштері мыналар:

1. Табыстар немесе кірістер;
2. Ресми трансферттер;
3. Шығыстар;
4. Таза несиелеу;
5. Дефицит және профицит;
Кірістер бюджетке түсетін міндетті қайтарымсыз төлемдер.
Кірістер ағымдық және капиталдық болып бөлінеді.
Ағымдағы кірістерге салықтық және салықтық емес түсімдер жатады.

2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттің шығыстары басымдықты
тәртіппен:

■ әлеуметтік саланы және адами капиталға инвестицияларды дамытуға;
■ - индустриялық-инновациялық дамытуға және серпінді жобаларды іске
асыруға;
■ - аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесуге;
■ - стратегиялық инфрақұрылымды дамытуға;
■ - экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын қалыптастыруға
бағытталатын болады.

Бюджет кірістері салық арқылы қарастырылады. Салық негізінен ұттық
пайда немесе кіріс болып табылады. Шығыс және қаржыландыру арқылы борышты
өтеу негізінде екі басты белгісі бойынша жүргізіледі:

• Шығынға байланысты орындаған белгілеу
• Осы шығынды жүзеге асыру үшін жүргізілетін операцияларды экономикалық
сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі,
дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай принциптерге
негiзделедi:
      1) бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның
жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан
Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң
бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;

2) толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық
түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап
құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып,
өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет
көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, мемлекеттiк органдардың
стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген)
параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi;

4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық
ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда,
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың
атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске
асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде
жариялау;

5) дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар
саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;

6) нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық
жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге
бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару.

1.3. Бюджет процесі

Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту,
атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет
есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет
заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық
стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана
емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы, жыл сайынғы
Республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасының басқа
заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін
қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді,
республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару
және бақылау тәртібін белгілейді.

Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау
және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік коммиссияны құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын анықтайды.

Бюджеттік коммиссиялардың құзырына мыналар кіреді:

- алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде
ұсыныстар талдау жасау;

-тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін
айқындау жөнінде ұсыныстар талдап жасау;

-алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында
қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді
фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыруы механизмін
айқындау жөнінде ұсыныстар талдап жасау;

-республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды
немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің
жобалары бойынша ұсыныстар талдап жасау;

-тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар
талдап жасау;

-бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау
нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап жасау және өзге де
өкілеттіктер.

Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді
кіріктіреді:

1)Алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін
айқындау;

2)Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына
арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;

3) Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерді жасауы;

4) Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерін қарау;

5)Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан
Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше
мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Тарау 2 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері

2.1. Бюджеттік құрылымның қалыптасу сипаты

Қаржылық байланыстардың орасан зор әралуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды.

Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық
өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқалы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде,
олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,
бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінд
көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюжетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы
жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің
негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын
қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға
жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.

Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді (Сурет 2):

14.2 сызба. Қазақстан Республикасының жүйесі

-республикалық бюджет;

-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;

-ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.

Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және
оның егемендігінің негізі.

2.2 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар,
ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып
алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

Қазақстан Республикасының 2009-2013 жылдардағы республикалық бюджет
кірістерінің құрамы мен құрылымы төмендегідей мәліметтермен сипатталады
(кесте).

Кесте. ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері.

ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері %-бен
Көрсеткіштер атауы 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Кірістер 13,4 12,0 11,5 11,2 10,9
Салықтық түсімдер 12,7 11,3 10,9 10,6 10,3
Салықтық емес түсімдер0,4 0,4 0,3 0,3 0,3
Негізгі капиталды 0,3 0,3 0,3 0,3 0,3
сатудан түсімдер
Е с к е р т у.

Кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің
негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен
корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет
кірістерінің басқа едәуір көзі – салықтық емес түсімдер және капиталмен
жасалған операциялардан алынатын кірістер (Кесте).млрд. теңге

Көрсеткіштер атауы 2008 2009 жыл 2010 2011 2012 2013
жыл (нақтыланған жыл жыл жыл жыл
(есеп) бюджет)
Түсімдер 4 040,53 469,0 3 3 3 3
634,2 539,4 674,4 907,1
ЖІӨ-ге пайызбен 25,4 20,6 19,2 16,7 15,5 14,7
Кірістер 2 962,02 267,9 2 2 2 2
275,3 440,4 664,0 897,1
Салықтық түсімдер 2 819,52 149,4 2 2 2 2
144,2 308,7 531,7 764,2
Салықтық емес түсімдер 85,5 63,7 67,4 70,4 71,1 71,8
Капиталмен 56,9 54,9 63,6 61,2 61,2 61,2
операциялардан түсетін
түсімдер
Бюджеттік кредиттерді 4,8 8,0 7,9 7,9 7,9 7,9
өтеу
Мемлекеттің қаржы 1,3 2,1 2,1 2,1 2,1 2,1
активтерін сатудан
түсетін түсімдер
Ұлттық қордан 464,9 843,1 1 1089,01 1
кепілдендірілген 075,7 000,4 000,0
трансферт
Қазақстан Республикасы 607,5 347,9 273,2
Президенті Жарлығына
сәйкес трансферт
Шығы\стар 4 373,84 042,7 4 4 4 4
292,0 054,3 230,7 492,7
ЖІӨ-ге пайызбен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері
Қоғамдық ұдайы өндіріс
Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Салық механизмі және оның мемлекеттік салық саясатын жүзеге асырудағы рөлі
Салық салудың айқындық қағидасы
Пәндер