Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
1.1.Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы
1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері
1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері
1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық . криминалистикалық ережелері
ІІ. Тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
2.1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы
2.2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны
Кіріспе
І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
1.1.Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы
1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері
1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері
1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері

Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.
Елбасымыздың, 6 ақпан 2008 жылғы Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, құқық қорғау және сот жүйесі саласында қазақстандықтардың құқықтарының әлі де болса тиімді қорғалуын қамтамасыз етуі турасында баса айтылып өтті.
Бұл бағыттағы іс - әрекет құқық бұзушылықтардың алдын алу болуға тиіс екендігін көрсетіп, Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын әзірлеуді, оны Парламентке енгізу қажеттігін атап айтты. Жасалынатын шаралардың басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелерін арттыруы, яғни халыққа қызмет көрсетуі тиіс екендігін нақтылап көрсетті.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкісаяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер органдарына маңызды сенім білдірілген.
Республикамызда қылмыстылыққа қарсы қаншама іс-шаралар жүргізілгенменде жеке адамдарға қарсы қылмыстардың саны кемімей отыр. Оның ішінде атап өтетін болсақ, кісі өлтіру, денеге жарақаттар салу, зорлау және нәсіпқорлық сипаттағы қылмыстарға және т.б. көптеген қылмыстардың түрі.
Мұның ішінде менің назар аударғым келіп отырғаны кісі өлтіру қылмыстарын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізудің өзекті мәселелері. Яғни, тәжірибе көрсеткендей бұл қылмыстың түрлерін тергеу барысында оқиға болған жерді қарау маңызды рөл атқарады. Себебі ары қарай қылмыстардың нәтижелі аяқталынуы қылмыскердің тиісті жазасын алуы осы тергеу әрекетіне тікелей байланысты. Егерде кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп немесе үстірт жүргізілсе, оқиға орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді және басқа да айғақтарды табуға мүмкіндік болмайды.
Тәжірибе көрсеткендей, тергеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі, оқиға болған жерде қарау тергеу әрекетін төменгі сапада жүргізуі қылмыскерлерді жауаптылықтан бой тасалап қашып кетуіне негізгі себеп болады. Сол себепті менің тақырыбымның өзектілігі, қылмыстар бойынша алдын ала тергеу болғанда ешқашандай маңыздылығын жоғалтпайды.
Тек қана кісі өлтіру қылмыстарын ғана емес сол сияқты басқа да қылмыстық істерді тергеу бойынша, бұл тергеу әрекетінің маңызы өте жоғары. Себебі қылмыскерлер қандай да бір қылмыстарды жасау бұрын алдын ала дайындық шараларын жүргізіп, қылмыс жасаған соң да іздерін жасырып кету әрекеттерін ойластырады. Дегенмен де тергеуші қылмыс орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді шебер түрде тауып, оны дәлелдеме ретінде қылмыскерді ұстап, табуда қолдана білуі қажет. қылмыстар қаншалықты ойластырылып, жоспарлы түрде жасалғанымен де міндетті түрде қылмыс орнында қандай да болмасын із қалдырылады. Мұндай оқиға орындарында тергеуші жедел тергеу тобын басқарып, қылмыс орнына тек қана тиісті тұлғалардың ғана кіруіне рұқсат беріп, шебер түрде басқара білуі тиіс. Оқиға орнына бөгде тұлғалардың кіруі ол қылмыс орнындағы дәлелдемелік іздері әкеп жоюға соқтырады.
Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшелігі бұл оқиға болған жер, яғни кісі мәйіті табылған жер осы оқиғаның орын алған немесе қылмыстың тікелей орны ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Себебі көптеген жағдайларда кісінің мәйіті табылған жер қылмыстың тікелей орны болып табылмайды. Осындай мәселелерді толық шешу үшін кісі мәйіті табылған жерді де қылмыстың тікелей жасалған орны ретінде мұқият және арнайы мамандардың көмегімен жүргізу қажет.
Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың тағы бір ерекшелігі оның қайталанбастығы, яғни қайта орнына келтіру мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Дегенмен де осыған қарамастан мұндай қылмыстың түрлері бойынша оқиға болған орындарына қайталап қараулар жүргізіледі. Мұндай қайта қараулар кезінде барлық оқиға жағдайлары күрделі өзгеріске түскен жағдайларды ұсынады. Сол себепті, қайта қарау нәтижелерімен бастапқы қарау нәтижелерін салыстыруға болмайды.
Жоғарыда көрсетілгендер тақырыпты, сондай-ақ біліктілік және бітірушілік жұмысының бағытын, пәнін таңдауға себеп болды.
І. Тарау

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла - әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.
Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдай-ларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.
Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.
Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықтан тергеу тактикасы деген ұғым бұл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистикалық тактика деп атау өте орынды.
Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы - тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық әдістер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондықтан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.
Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.
Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі - ол тактикалық әдіс.
Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты - тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмай, кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талап - оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.
Тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі - тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық қағидасы). Осы айтылғанды тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.
Тактикалык әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалық санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз - тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіңдігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процесуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық әдістің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Айтылған ғылыми салалардың қағида-лары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модифика-цияланған. Белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл әдістер - логикалық, психологиялық, педагогикалық тактикалық әдістер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.
Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалис-тикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолда-нылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.
Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді. Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні қолдап, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды қолдамай отырған адамнан жауап алынады.
Тактикалық әдістер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.
Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге алынады.
Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру шаралары және басқа да дайындық, ұйымдастыру жүмыстары жүргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру жұмыстарын кешіктірмей дұрыс кезекпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және жөнді әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бірі мен бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. Бірінші айтылған оқулықтың авторлары тактикалық комбинация деген ұғымды қарапайым және күрделі деген екі топқа бөледі. Қарапайым тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық әдістердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.
Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады - тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.
Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет - ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі - қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмысты алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі - қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызмет-керлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері қылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады.
Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.
Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері.
Тергеулік куәландыру қылмыс іздерін сондай ақ қылмыстық іс үшін маңызды мән жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Тексеруді арыз не хабар келіп түскен анықтау органының тергеушісі, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы не лауазымы жоғары қызметкер жүргізеді.
Тергеу куәландырудың мақсаты -- іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.
Заттай дәлелдемелер -- бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстың "тілсіз куәгерлері" деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистикалық жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.
Қылмыстың ашылмауының негізгі себептерінің бірі -- оқиға орнын сапасыз және ұкыпсыз қарау. Нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады .
Тергеулік қарау негіздері ҚР ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген. Қылмысқа карсы күресу тәжірибесі көрсеткендей, тергеу қарауы:
-оқиға жағдайын және оның мән-жайларын ұғынуға, қылмыскер әрекеттерін түсінуге;
-жасалған қылмыс іздерін тауып, бекітуге;
-дәлелдемелер алудың басқа да көздерін айқындауға;
-тергеу және жедел іздестіру версияларын ұсыну үшін мәліметтер жинауға;
-шұғыл (кідіртуге болмайтын) тергеу және жедел әрекеттерінің жоспарын белгілеуге;
-сараптамалық зерттеуге қажетті заттай дәлелдемелерді және іздерді алуға бағытталған.
Қайта қарау, яғни, бір объектіні қайталап тексеру мынандай жағдайларда: бірінші қарау қолайсыз жағдайларда (қараңғыда, жаңбыр астында, түтін ішінде және т.б.) жүргізілгенде, мәселен, аталған жағдайлардың себебінен криминалистикалық маңызы бар іздер мен заттар табылмағанда немесе қарау сапасыз жүргізілгенде, яғни маңызды мән-жайлар анықталмағанда, мамандар қатыспағанда т.б. қажет болады.
Жұмыстың көлемі бойынша негізгі және қосымша тергеулік қарау болады. Қосымша қарау, тергеу барысында жеке объектілер қаралмағаны немесе егжей-тегжейлі қаралмағаны анықталғанда, жүргізіледі.
Жедел қызмет мүмкіншіліктерін пайдалану оқиға сипаты туралы, оған қатысты тұлғалар туралы, кылмыстық іс үшін маңызды объектілердің орны және белгілері туралы қосымша мәлімет алу үшін қажет. Егер оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерді "ізін суытпай" іздестіру мүмкіндігі бар екендігі анықталса, ол іздеуді жедел қызметкерлер жүргізеді. Жедел бөлімшелер күштері мен құралдарын пайдалану қылмыс туралы қосымша мәліметтерді, атап айтқанда, қалай және қашан болғаны, кім кінәлі, себептері, қылмысқа қатысушылар, кімге және қандай зиян келтірілгені, оқиға туралы кім білетіндігі т.б. туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Қаралып жатқан объектілерді ұстай білудің криминалистикалық ережелерін сақтап қарау - қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлуді; мамандар білімін, мәселен, жарушы техниктің, радиоактивті материалдармен жұмыс істейтін маманның білімін пайдалануды; жарылғыш заттарды табу үшін қарауға іздеуші итімен бірге кинологты уақытында қарастыруды; криминалисикалық тәсілдер мен әдістерді сауатты қолдануды көздейді.
Қарауға қатысушылар. Тергеуші, полиция қызметкерлері мен мамандардан басқа, қарауға қатысатын басқа тұлғаларға - куәлар және сонда қарау жүргізілетін мекемелер, мен коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдері жатады. Куәгерлердің қатысуы ҚР ҚІЖК-нің 222-бабымен реттеледі.
Жетуі қиын және тиісті байланыс құралдары жоқ жерде қарау, сонымен қатар оны жүргізу адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, карау куәгерлердің қатысуынсыз жүргізіледі де, ол туралы хатгамада көрсетіледі.
Мекеме өкілдері қатысуының негіздері: олар қажетті құжаттарды көрсетіп, түсініктеме бере алады, қажетті жерге апарып, бөлменің есігін ашып бере алады, сонымен қатар қосалқы жұмыстарды ұйымдастыра алады.
Жәбірленушілер, куәгерлер, сезіктілер, айыпкерлер - қарауға қатысушы тұлғалардың келесі бір тобы. Олар болған оқиғаның мән-жайы туралы хабардар болғандықтан пайдалы болуы мүмкін.
ҚР ҚІЖК-нің 227-бабына сәйкес толтырылған хаттамада қарау әрекеттерінің тәртібі және қарау барысында айқындалған маңызды мән-жайлар баяндалады. Хатгаманың суреттелінетін бөлігі -- оқиға орнының шеңберімен бірге оның жалпы сипаттамасын қамтиды.
Сарапшының немесе дәрігердің қатысуы тергеушінің мәйітті өзі қарау міндетінен босатпайды, өйткені қараудың барысы мен нәти-желеріне ол жауапты болады. Қараудың мақсаты -- өлу уақыты мен өлтіру тәсілін анықтау; тергеушідегі іске қатысты тұлғалар туралы мәлімет алу, ал кей жағдайларда жәбірленушінің жеке басын анықтау
Қарау келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
Қоршаған орта және табылған күйінде жатқан мәйіттің температурасы анықталады. Оның жынысы, жасы, бойы, дене кұрылысы, толықтығы, шашының түсі көрсетіледі. Одан кейін ауызша бейнелеу әдістемесі бойынша мөйіт жоғарыдан төменге дейін сипатталады. Белгісіз азаматтың мәйітін қарау барысында оның сыртқы бейнесі егжей-тегжейлі бекітіледі.
Жақын орналасқан бағдарларға қатысты мәйіттің кейпі мен қалпы, сонымен қатар мәйіт дақтары, сүйрету белгілері және т.б. бекітіледі.
Мәйіттің бетін, қолдарын, аяқтарын жөне денесінің ашық жерлерін қарағанда:
а) көзінің қарасының, шынайнасының, ылғал қабығының жағдайлары;
ә) денесінде зақымдардың, шашыраған қанның болуы, олардың орналасуы мен бағыты;
б) табиғи тесіктердің жағдайы, қол-аяқтарында, саусақ арасында, тырнақ астында және шаштарында кірдің болуы;
в) денесінің ашық және жабық жерлерінің суу деңгейі;
г) басқа да мөйіт дақтары түстерінің өзгеруі;
ғ) әр түрлі бұлшық еттерінің сіресіп қалу қалпы;
д) мәйіт үстінде және киімінде жәндіктердің, құрт-қүмырсқа, көбелектердің, личинкалардың болуы, олар көп жиналған жерлер зертгеліп бекітіледі.
Одан кейін мәйіттің үстінде және жанында жатқан заттарды, жатқан орнын, сонымен қатар оның денесіндегі және киіміндегі топырақпен салыстыру үшін жердегі топырақты қарайды.
Киім мен аяқкиімді қарау барысында олардың сыртқы қалпы, қалтаның іші, фабрикалық маркалары мен таңбалары, нөмірлері; жазулары, кию және кірлену деңгейі бекітіледі. Киім мен аяқкиімдері кір, топырақ, ерекшеліктерімен, жардағы бояумен жөне қоршаған ортаның басқа да объектілерімен салыстырылады. Мәйіттің іш киімі және оның зақымдары сипатталады. Егер мәйітті жалаңаш түрде қарауға жағдай болмаса, оны егжей-тегжейлі қарау үшін мәйітханаға жібереді.
Егер мәйітте жарақат болса, олардың орналасу орны, саны, түрі мен түсі, жарақат шетгерінің сипаты анықталып, бекітіледі.
Егер өлген адамның кім екені белгісіз болса, оны міндетгі түрде дактилоскопиялайды, одан кейін жуындырған соң таныту фотосуретінің ерекшеліктері бойынша суретке түсіреді.
Мәйіттің жеке ерекшеліктерін: тыртықтары, татуировкалары, меңдері, т.б. ірі масштабты суретке түсіріледі.
Куәландыру. Куәландырудың тактикалық әдістері мен этикалық негіздері.
Куаландырылушы тұлғаның денесінде табылған кез келген ізді, дақты, зат бөлшегін дәйекті түрде сипаттап, өлшеп, фотосуретке түсіру немесе суретін салу қажет. Қаралуға жататын объектінің ерекшелігі (адам денесі) мен денсаулыққа зиянды немесе қорлайтын әрекеттерге тыйым салатын заң нормалары іздерді және ерекше белгілерді анықтау мен бекітудің ғылыми-техникалық және тактикалық әдістерінің өз алдына ерекшелігін анықтайды.
Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі -- адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу үстінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің киімінде, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді.
Өзіндік міндеті бойынша және қарау үстінде қолданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі.
Куәландыру жүргізу туралы тергеуші сезікті, айыпталушы үшін міндетті болып табылатын қаулы шығарады.
Аталған істер бойынша куәландыру жәбірленушінің немесе сезіктінің денесінде немесе киімінде әртүрлі жарақаттар мен қанның іздері қалған жағдайда жүргізіледі.
Куәландырғанда ең алдымен куәландырылатын тұлғаның киіміне қарау жүргізіледі, содан кейін денесінің ашық бөліктеріне қарау жүргізіледі.
Киімдегі жарақаттарға және қан дақтарына көңіл аударылады. Қан іздерін тырнақ астынан, шаш арасынан, құлақ ойыстарынан және т.б. бөліктерден іздеу керек.
Куәландырылатын тұлғаның жәбірленушімен контактіде болғанын сараптамалық жолмен анықтауға мүмкіндік беретін микрообъектілерді табуға да көңіл бөлу керек. Бұл микрообъектілерді табу үшін лабороториялық жағдайда, арнайы құралдарды пайдалана отырып, маманның көмегімен заттарға қайта тексеру жүргізуге болады. Бұлай тексеру жүргізу үшін және алда сараптамалық зерттеу жүргізу үшін киімдер мен заттар айналыстан алынады және жеке-жеке буып-түйіледі. Куәландыру барысында дененің, киімнің жалпы бөліктерін және табылған іздерді фотосуретке түсіріп отыруға болады. Фотосуреттер кесте ретінде хаттамаға қоса тіркеледі.
Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қолданылады.
Айтайық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның үстінде киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба, тағы басқа да ерекше белгілердің бар жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Киімге қарау жүргізуде астарына, қалталарына, тігістеріне және басқа да жерлеріне, яғни қанның сақталып қалатын жерлеріне көңіл аударылады. Бұл жағдайда маманның көмегін пайдаланған да дұрыс.
Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау үстінде жалаңаштандыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек.
Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдық нормаларға сай болуы тиіс.
Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның үстінде бір ерекше белгілер, дақ және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің сол жақ иығында қал, ал кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды.
Тергеудің бастапқы кезеңінде ұсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтқанындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені анықталды.
Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды.
Куәландыру сонымен қатар сот-медициналық сараптаманың бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін қарағанда арнайы медициналық білім қолданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру сараптамалық зерттеудің бір түрі болып саналады. Мұндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады:
а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, қандай жарақаттар бар;
ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығының дәрежесі;
б) бұрын операция жасалған басқа куәландырушының денесінде оның белгісі бар ма?
Егер де жай қарау арқылы бұл сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот-медициналық сараптама тағайындалады.
Куәландырылушының денесін зерттеудің негізгі әдістемесі - жай ғана бақылау, және "құрал" ретінде көру мүшелері қызмет етеді. Куәландыру кезінде криминалистикалық техниканы қолдану анағұрлым күшті әсер береді.
Куәландыру барысында табылған іздер мен ерекше белгілер хаттама толтыру, фотоға түсіру, дененің сызбасын сызу, көлемді көшірмелер дайындау жолдарымен бекітіледі. Іздер мен заттай дәлелдемелерді хаттамада дәйекті түрде сипаттап қана қоймай, оларды қылмыстық іс құжаттарына тіркеу үшін түпнұсқа күйінде алу керек.
Куәландыру тергеулік қараудың ерекше түрі болып табылады. Оның мақсаты айыпкердің, сезіктінің, куәгердің немесе жәбірленушінің денесіндегі қылмыс іздерін, жеке белгілерін, зақымдарын анықтау, мастық күйін және қылмыстық іс үшін маңызды басқа да мән-жайларды айқындау. Куәландыру денені мәжбүрлеп жалаңаштаумен байланысты болып, жеке тұлғаның құқықтарын белгілі бір деңгейде қозғайтын болғандықтан, заң куәландыратын тұлға үшін міндетті болатын арнайы қаулы шығаруды талап етеді. Егер куәландыру толық жалаңаштауды талап етсе, куәгерлердің жынысы сол түлғамен бірдей болуы керек. Тергеуші басқа жынысты тұлғаның жалаңаш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz