Қаржы рыногы туралы ұғым


Қаржы рыногы туралы ұғым
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттар мен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы - бұл ең алдымен дербес эконмикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөнідегі операцмяларда жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемелекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді.
Экономикалық әдебиеттерда және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыногтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категориялярына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүние жүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез кезген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақша мен немесе бағалы қағаздар мен, басқа құжаттар мен ортақтастырылуы мүмкін.
Ақша рыногы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.
Кредит рыногы - несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Ақша мен кредит рыногтары, әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы рыногында сатып алу - сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы қағаздар болып табылады.
Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастарда болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысыемн байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. «Қор рыногы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасынң атымен байланысты.
Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшақтайды. Оған мыналар жатады:
- реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетілер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі.
- ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады.
- кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциалануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынакқа орналастыру, кредит ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздері мен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
- бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекттік сектордың да кең дербестігі.
- қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арсында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы.
- шаруашылық жүргізуші субектілер мен халықтық бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі.
- бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай - ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процессіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға «сатылас» әдістің орнына «деігейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлік қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қарды ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылыған жабу үшін Үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процессінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тударатын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінд ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние - мүлікке, тауарларға еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорындарының рентабельділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солар болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды- экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады. Бұл жалпы экономикалық әлеуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыртастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бқл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы ролі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз еті жағдайында жүргізілуі тиіс.
- Бағалы қағаздар рыногы және оның түрлері.
Жоғарыда баяндалғандардан туындағандай, бағалы қағаздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе, инвестициялық процесстерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процессіне қатысты.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапғы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады, қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмиссиялық және рыногтық бағасы болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмілелер сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы- бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздар мен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілілірді олардың офмстарында диллерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокте операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады:
- бағалы қағаздардың түрлері бойынша:
акциялар,
облигациялар және тағы басқа рыногы.
- эмитентттер бойынша:
кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы,
мемлекеттің бағалы қағаздар рыногы.
- аумақтық критерий бойынша:
ұлттық
халықаралық
аумақтық
- мезгілдер бойынша:
қысқа мерзімді
орташа мерзімді
ұзақ мерзімді
- мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалық
форвардтық
- салалық критерий бойынша.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдік экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуы мен объективті түрде алдын-ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауды мәмілелерін жасай алады.
Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы- Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995жылдың 21 сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстан бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамудың бағдарламасы әзірленеді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар» әзірленіп бекітілді. 1997 жылдың басынынан Қазақыстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылданды, олар: «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициалық қорлар туралы» заңдар. Қазақстанның қаржы рыныгын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында Призидентің жарлығымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комииссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне беріледі. 2003 жылы шілдеде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңынаң қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13) қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы 6 жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:
Бастапқы рынок
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыногы:
бастапқы орналастыру секторы;
сатып алу, сату секторы;
корпорациялық облигациялар рыногы;
акциялар рыногы:
МЕБҚ-мен жасалынатын репо-операциялар секторы;
мемлекеттік бағалы қағаздар секторы:
МБҚ- ны саып алу, сату секторы;
МБК-мен жасалатын репо-операциялар секторы;
Қайталама рынок
Қор биржасы
Биражадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы
Басқа да сауда- саттықты ұйымдастырушы.
Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде оның мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушысының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүміндік береді.
Бағалы қағаздар нарық шаруышылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсай және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құралы ролін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыныгы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар- бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар рыногының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиалық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Инвестициалық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар.
Инвестициалық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа рыногтарда ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағлы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар- бұл мемлекеттік ішкі борыштың нысаны, эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық вексельдер мен міндеттеремелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдорының борашқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқытарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиет хат, лотерея билееттері, сақтық полюстері жатпайды.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды, бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу - сату процесстеріне тартылғандықтан, вексельді шартты түрде бағалы қағазадарға жатқызуға болады. Вексель - қарызгер несиелерге берілетін және несиелерге қарызгенрден белгіленген мерзімге вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-ақ бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін вексельмен есепетесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес вексельде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді.
Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, вексельдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқақығын береді. Бұлар акциялар, варанттар, коносаменттер және басқалары.
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі және туында болып бөлінеді.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы бағалы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарда куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, форвардтар, опциондар, варанттар, своптар, споттар, депозитарлық куәліктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады.
Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Қазіргі кезе Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқа бағалы қағаздар жүр.
Акция- акционерлік қоғам шығаратын жән бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивидент алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.
Облигация - ұстаушысына оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде тыбас түсіретін бағалы қағаз. Мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме: жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп олардың иелері мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар арасындағы қарыз қатынастарын растайды.
Мемлекеттің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың инвесторлар үшін тағы бір тартымды түрі - мемлекеттік қасқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕҚҚАМ) сатып алу - сату операциясы болып табылады.
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОҚАВМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ, МЕАКАМ, НСО, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады.
1. 3. Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы - бұл жарғылық капиталды калыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды жекешелердің және мемлекеттің шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару - эмиссия - бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
- Акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды онаң құрылтайшылары арасында орналастырған кезде.
- Акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде.
- Облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңи тұлғалар, жргілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілерімен реквизиттері болатын, осы эммиссияүшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес эммиссиялық бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Мемлекеттік эммиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарының куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциалар, облигациалар және өзге де бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздардың эммиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының және екінші жағынан инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбінесе Мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) шығарылымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министірлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен ұлттық жинақ ақша облигациаларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында Қаржы министірлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz