Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік
1. 1. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі . . . 5
1. 2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру . . . 7
1. 3. Материалдардың номенклатурасы . . . 9
2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
2. 1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау . . . 11
2. 2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері . . . 16
3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
3. 1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі . . . 21
3. 2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі . . . 24
3. 3. Материалдық қорларды түгендеу . . . 26
3. 4. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар . . . 30
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Кіріспе
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептен, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндіріске пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік
- Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешіліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алыған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзіндік өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін, тағы да басқа да жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
1. 2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру
Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің 1300 «Запастар» бөлімшесінде материалдар есебі мына шоттарда жүргізіледі:
1310 - Шикізаттар мен материалдар;
1311 - Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер;
1312 - Отын;
1313 - Ыдыс және ыдыстық заттар;
1314 - Қосалқы бөлшектер;
1315 - Басқа материалдар;
1316 - Өңдеуге берілген материалдар;
1317 - Құрылыс материалдары және басқалары;
1320 - Дайын өнім;
1330 - Сатып алынған тауарлар;
1340 - Аяқталмаған өндіріс;
1350 - Басқа да запастар.
Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.
Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.
Отындар шотында тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.
Ыдыс және ыдысьық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы), сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәс»порындар тауарлар салынған ыдыстарды «сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді.
Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқа бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.
Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.
Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.
Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.
1. 3. Материалдардың номенклатурасы
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдардың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың біхгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі, яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбәр топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркемелерінде және әртүрлі кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсетет індей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық нөмірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алыгатын материалдарға бос орын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса, бір номенклатуралық нөмірге түрлері біртектес, бірақ бағасы мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М-17) және материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе, ондай материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативтік (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.
2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
2. 1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жлдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрде) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі сенімхат алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «Берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі сенімхатты алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатты көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға төрт дана етіліп «Тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалды жіберуші ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып, жүргізушіге тапсырылады.
Жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.
Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.
Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтырды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.
Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.
Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «Уақытша сақтауда тұрған материалдық қолар» деп аталатын шотта есептелінеді.
Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материалдарды босату «Талап ету жүкқұжаты» бойынша босатылады.
Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүкқұжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.
Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүкқұжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың сол материалдарды жауапты тұлғасы толтырады.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғанна, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт толтырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылатын материалдық құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, көлемін, ол материалдар арқылы өнділілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап эхконмикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz