Коммерциялық банктердің пассивтік опеацияларын талдау
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ПАССИВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны
1.2 Банк тәуекелдерінің мәні
1.3 Банк тәуекелдерінің түрлері және жіктелуі.
1.4 Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ.
2.1 АҚ «Банк Туран Алем» қаржы қаражаттарды тартуын талдау.
2.2 Центр Кредит Банк бойынша активті және пассивті операцияларының өзара байланысуына талдау.
3 бөлім ДЕПОЗИТТЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛҒАЙТУ КӨЗДЕРІ
3.1 Экономиканың қазіргі секторында депозиттерді ынталандыру және ұлғайту көздері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қолданылған әдебиеттер

Пассивтік операциялардың басты мақсаты - ақша ресурстарын
мобилизациялау болғандықтан, таңдалған жұмыс тақырыбы актуалды
тақырыптардың бірі болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің
пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс
пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау
және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының
құрылу көзінде көрініс табады.
Курстық жұмысымның міндеті:
- пассивтік операциялардың және олардың құрылымының экономикалық
мазмұны;;
- коммерциялық банктің меншікті қаражаттары және оларды құру мен
қолданылуы;
- коммерциялық банктің тартылған ресурстары;
- коммерциялық банк пассивтерінің талдауын жасау;
- депозиттерді ынталандыру мүмкіндіктерін зерттеу;
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ПАССИВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны.
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы
бойынша көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола
түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән
беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін
түпкі көздер жасайтындығынан, сондай- ақ міндеттемелер бойынша
банктердің жауапкершілігін арттыратындығынан көрінеді.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан
кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары
пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің
көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк
пассивтерімен анықталады.
Банк пассивтерін құру процесі, олардың құрылымдарын оңтайландыру,
соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының
ресурстық мүмкіндіктерді құруы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің
бірі болып саналады. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің
активтік операцияларды табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.
Банктің пассивтік операцияларды жүргізуі нәтижесінде банк
капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұратын банк ресурсы пайда
болады.
Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті операцияларға
айқындаушы операциялар жатқызылады, өйткені ресурстардың жеткіліктілігі
активті операциялар жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк
балансының пассиві бойынша реурстарды құрудың төмендегідей көздерін
көрсетуге болады:
• Салымдар (депозиттер) қабылдау;
• Клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк
–корреспонденттерді ашу және жүргізу;
• Меншікті бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар), қаржы
құралдарын (вексельдер, депозиттік және сақтық
сертификаттарды) шығару;
• Банкаралық несие ресурстарын алу.
Пассивтің көрсетілген баптарын қысқаша сипаттау бойынша – қол ақша
(аударымдар түрінде), ұлттық (шетел) валюта түріндегі салымдар
депозиттер) белгілері бойынша:
• Жеке және заңды тұлғалардың;
• Талап еткенге дейінгі немесе шарт бойынша көрсетілген
мерзімдегі;
• Банк үшін тұрақты немесе тұрақсыз салымдар болып
ажыратылады.
Клиенттер (заңды тұлға) банкте өз есеп шотын ашады, онда
активті операциялар үшін пайдаланылатын, әрқашанда орташа қалдық
(несиелік) қалып отырады.
Банктің депозиттік сақтық сертификаттары, вексельдер, акциялар
мен облигациялар дамыған ірі корпоративтік банктердің пассивінде
айтарлықтай орын алады және барлық елдерде банктер осы түпкі
көздерді дамытуға назар аударады.
Коммерциялық банктер ресурстарды жедел қатыстыру үшін, ақшалай
қаржылар сатылатын ресурстардың банкаралық нарығының мүмкіндіктерін
пайдаланады. Қарыз алу көздері баланстың төлем қабілеттілігін ұстап
тұру мен міндеттемелердің үзбеліксіз орындалуын қамтамасыз етеді.
Банктер бір- біріне корреспонденттік есеп- шоттар ашады және банк
жүйесінің тұтастай тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарттық
негіздерде ақшалар сатады. Егер коммерциялық банктерге
орталықтандырылған несиелер берілетін болса, Орталық Банк (Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі) болып қатысады, ондай жағдайда
макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты ауытқып отыратын қайта
қаржыландыру ставкасы қолданылады. Коммерциялық банктер банкаралық
несие беру кезінде қаржыландыру ставкасына қарағанда неғұрлым жоғары
ставкалар белгілейді.
Пассив бойынша түпкі деректер құрылымын жинақтау кезінде
банктердің мынадай ресурстарын бөліп көрсетуге болады:
-меншікті капитал;
-тартылған ресурстар (салымдар, депозиттер);
-қарыз алу көздері (банкаралық ссудалар).

Банк ресурстары банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің
нәтижесінде пайда болады, әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс
табады.
Банк ресурстарын банктердің меншікті қаражаты, қарыз қаражаты
және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік
операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу
мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір–бірімен тығыз байланысты.
Мысалы, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің
активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие
саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі
әсерін тигізеді.
Коммерциялық банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді
(активті) операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және
тартылған қаражаттардың жиынтығын білдіреді.
Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша меншікті және тартылған
қаражаттарға бөлінеді.
Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан аса үлесін құрайтын
тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып
саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының
10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде
қалыптасқан құрылымға жауап береді.
2. Банк тәуекелдерінің мәні
Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір
мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа
жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді,
Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды . Ал банк
жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз
пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен
тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімде
қарастырылған.
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруа -
шылық байланыстарын
орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен
бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық,
аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарыньң түрлеріне
карамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер
теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап
етеді.
Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл — ел
экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары
рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады.
Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана
қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық
құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де катысады, негізі
бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және
валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы
қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы
айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және
саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықгық қатынастар жағдайындағы
коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.
Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық
операцияларыньң өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша
ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы
тәуекелдерін білдіреді. Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк
саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты.Бірақ банкілер өткізетін
операциялар тәуелділікпен жүргізіледі.
Тәуекел — бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін
зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген
өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып
саналады.
Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында
төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның
қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру
сияқты кажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір
мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген
сенім де соғұрлым аз болады. Соңдықтан, біріншіден, кез келген өңдіруші
тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады жөне бірнеше баламалы
шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден,
іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы
арақатынасын таңдауы қажет болады.
Егер:
проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;
банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (коммерциялық банктер
институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті)
аддыға жаңа міндеттер қойылған болса;
басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда
алу мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау
жағдайында емес болғанда;
банк қызметінің тәртібі немесе зандардьң жетілдірілмегендігі нақты
жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса,
тәуекел деңгейі арта түседі.
Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады.
Өткен кезендегі Казақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау
жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:
1. көптеген үйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық
тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты
экономиканьң дағдарысты жағдайы;
2. Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;
3. кейбір негізгі заң актілерінің жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі,
база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;
4. инфляция.
Бұл жағдайлар туындайтын банк теуекелдері мен оларды зерттеу үдістеріне
түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің
туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың
болуын жоққа шығармайды.
Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға
берудегі ауытқушьлықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң жөне теріс болуы
мүмкін.
Тәуекел — бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-
қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:
Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.
Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.
Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе
табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.
Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:
• белгісіздік;
• баламалықды тандаудың қажеттілігі;
• баламалықты жүзеге асырудың ықгималдылығын бағалау
мүмкіндігі.
Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім
қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін
анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру
сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен
сипатталады.
Карамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң
нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті
заттарды елемеушілікке әкеледі.
Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау
нұсқасын тандауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ.
Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.
Белгісіздік — бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің — субъективті және объективті екі тұжырымдамасының аражігі
ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның
болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті
тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын
ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын тандауына негізделетін тұжырымда
болып саналады.
Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын
қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда
алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі
экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс.
Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктеуі, банктердің,
жекелеген карыз алушылардьщ, кәсіпорындар топтарының, салалардың
экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі
баға берулері жатады.
3. Банк тәуекелдерінің түрлері және жіктелуі.
Банк тәуекелдері өзінің алуан түрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк
үлгілері (типтері) мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына
қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар
(келістер) түрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.
Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие,
пайыздық, валюталық, қоржындық (портфельдік) тәуекелдер мен уыстан шығарып
алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.
Несие тәуекелі — несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен
пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қауіпі. Банктер
кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтанда олардың
міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша
әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады.
Пайыздық тәуекел — коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің,
инвестициялық қорлардың берілген несиелер бойынша ставкаларының үстінен,
тартылған қаражаттар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп
жіберу нетижесінде шығынға бату қауіпі.
Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға қатынасы
бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қауіпін
білдіреді.
Қоржындық (портфельдік) тәуекел — бағалы кағаздар нарьіғындағы
шығындардың болу мүмкіндігі.
Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі — бұл қандай да бір шаралардың
жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қьізметінің тоқтауы нәтижесінде пайда
болатын жанама (қосымша) қаржы залалдарының (алынбаған пайда) тәуекелі.
Бұдан тысқары, банктің өкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге
қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.
Атап өткен тәуекелдердің бүкілі бір-бірімен өзара байланысты. Мәселен,
несие тәуекелі банктің өтімдік және төлем қабілетсіздік тәуекеліне, сондай-
ақ банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеу қабілетсіздігімен
байланысты тәуекелге әкелуі мүмкін. Пайыздық ставкалар төуекелі өзіндік
тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы
конъюнктурамен байланысты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор
ретінде әрекет етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының
өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие
тәуекелін арттыра түсетін болады.
Банк тәуекелдерінің сипаттамасы банк қызметімен байланысты
тәуекелдердің, сол сияқты банк қызметімен байланысты емес тәуекелдердің
белгілері бойынша беруге болады. Тәуекел түрлерінің жіктеуі төменде беріліп
отыр (4 кесте).
Банк тәуекелдерінің жіктелуі
4-кесте
Банк тәуекелдері етімдік (ликвидті) тәуекеліне және табыс тәуекеліне
бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
- депозиттік тәуекел;
- күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;
- несие тәуекелі (ссудалар мен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);
- жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;
- жаңа қызмет түрлері бойынша тәуекелдер.
Табыс тәуекелі жұмысшылардьщ кәсіби сапаларына катысты. Мұндай
тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- несие төуекелі;
- валюталы тәуекел;
- ел (елдер) тәуекелі;
- салалықтәуекел.
Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытында төлей алмау
тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады.
Сондықтан да олардьщ міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына
қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ атап өту
көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетгі шығындар тәуекелі берілген
міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы кағаздармен
операциялар жасауды акцептеу мен кдр-жылаңдыруға, валюталар айырбасына,
фъючерлік контракты-ларға, СВОП, опциондарға кдтысты болады.
Әлеуетті несие төуекелдері операцияларға жөне операция-лардың
сатыларьша байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сөтіндегі "Форвард").
Банк тәуекелдері негізіі пайда болу факторлары бойынша экономикалық
және саяси болады. Саяси тәуекелдер — бұл саяси жағдайдың өзгеруімен
байланысты, кәсіпорындар вдзметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін,
шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери
қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқгы тәуекелдер болып та-былады.
Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер — бұл банкгің өзіне немесе ел
экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер.
Тепе-тендік сақалмаған (несбалансированной) өтімдік тәуекелі (төлем
міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер
шоғрландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең та-ралған түрі болып
саналады. Экономикалық тәуекелдер сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару
деңгейінің өзгеруімен берілген.
Тәуекелдің бүл негізгі түрлері өзара байланысты болып табылады,
сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және
экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сьіртқы және ішкі әсер ету аясына
тәуелділікте болуы мүмкін.
Сыртқы тәуекелдер. Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық,
валюталық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін (форс-мажорлық
жағдаяттар).
Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен мекемелер (бірлескен
банктер-БББ) қызметін интернационалдандырумен,ғаламдық тәуекелдердің
болуымен тікелей байланысты және клиент-елдердің немесе контрагент-елдерді
импорттаушылар мен экспорттаушылардың саяси-экономикалық тұрақтылықтарына
қатысты болады.
Еларалық тәуекел белгілі ел валютасының өзге бір ел валютасына еркін
аударылу тәуекеліне,трансферт тәуекеліне немесе төлем мораториі
тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.
Валюталық тәуекел немесе бағамдық (курстық) шығындар тәуекелі банк
операцияларының нарығын интернационалдандырумен, трансұлттық (бірлескен)
кәсіпорындар мен банк мекемелерін құрумен және олардың қызметін ұлғайтумен
байланысты болады және валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде ақша
шығындарының болуы мүмкін екендігін білдіреді.
Кездейсоқ апат тәуекелі немесе форс-мажорлық жағдай (РФО) сондай-ақ
сыртқы тәуекелге жатады. Ол, негізінен, табиғаттың дүлей құбылыстарының
болуы немесе болмауы және сонымен байланысты болатын зардаптарға қатысты
болады. Бұл тәуекелдердің банк мекемелеріне әсерін тек бір-біріне жағдайдың
өзгеретіндігі туралы дер кезінде хабардар етумен ғана шектеуге болады. Ішкі
тәуекелдер банкгің түрі мен өзіне тән белгілеріне, қызтмет-
(операцияларының) сипатына және оның әріптестерінщ (клиентгер мен
контрагенттердің) кұрамына қатысты болады.
Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды
элементтерге мыналар жатады:
1. коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;
2. клиенттердің құрамы;
3. банк тәуекелдерінің пайда болуы немесе әсер ету аясы;
4. тәуекелдерді есептеу әдісі;
5. банк тәуекелінің дәрежесі;
6. тәуекелдерді уақыттар бойынша бөлу;
7. тәуекел есебінің сипаты;
8. банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.
Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болашақгағы
болып бөлінеді.
Ретроспективті тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне
талдау жасау ағымдағы және болашақ-тағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға
мүмкіндік береді.
Банк тәуекелдерін дәрежесі (деңгейі) бойыша төменгі, баяу және толыққа
бөлуге болады.
Банктер өз қызметтерін жүргізу процесінде пайда болған жерлері, олардың
деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы бойынша бірінен-
бірі өзгешеленетін тәуекелдердің әртүрлі жиынтығымен бетпе-бет келеді.
Сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлері өзара байланысты және банктердің
қызметіне өзіндік әсерін тигізеді. Тәуекелдің бір түрінің өзгеруі қалған
барлық түрлерінің түгелге жуығының өзгеруін туғызады. Осылардың барлығы
табиғи түрде нақты тәуекел деңгейін талдау әдістерін тандау мен оны
оңтайландыру бойынша шешім қабылдауды қиындатады, көптеген өзге тәуекел
факторларына терендете талдау жасауға әкеледі. Сондықтан да олардың
деңгейін талдаудың нақты әдістерін таңдау мен оңтайлы факторларды іріктеп
алу өте маңызды болып саналады.
Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу элементтері аса маңызды
және өзіндік сипаты бар болып саналады. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-
жеке қарастырып көрсек.
1. Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Мамандандырылған,
салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәуекелдердің әртүрлі жиынына ие,
осыған орай, егер бұл инновациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің
жоғарылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Са-лалық
банк — нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік
банктер бағалы қағаздармен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі.
Әмбебап коммерциялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез
келген тәуекелге барады, дегенмен бір операциялардан пайда болған өзінің
шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға аталмыш банктердің
үлкен мүмкіндіктері бар.
2. Клиенттердің кұрамы және тәуекелдердің туындауы. Карыз алушыларға
бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше
әсер бітеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтықка көбірек
тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе карыз алушылар то-
бына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға карыз
алушыларды таңдауға күшті әсер етуі мүмкін. Олардың несие қабілеттілігін
анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер
менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың)
берешек көрсеткіші банк үшін Казақстан Республикасының Ұлттық банкі
белгілеген пруденциалды нормативке жатады.
3. Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәуекелдердің
туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (елдердің) тәуекелі; банктің өзінің
қаржылық сенімділік тәуекелі (капитаддың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-
теңдігінің сақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі);
операциялардың жекелеген түрлерінің тәуекелі — бұл уақытында төлемеу,
қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.
4. Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. Нарықтық экономика
жағдайында елдің Орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін
өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу
әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау,
өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операциялары-
ның жекелеген немесе топтары бойынща тәуекел коэффициенттерінің
шкалаларын құруға негізделетін жеке тәуекел болады.
5. Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәуекелінің
дәрежесі банктің аталмыш операциялар бойынша қаржы шығындарына өкелетін
ықтималдылығымен сипатталады және пайыздармен немесе нақты
коэффициенттермен көрсетіледі. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін
төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне
қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың (өлшеудің) әртүрлі
дәрежесіне ие болуы мүмкін.
6. Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және
балансқа кірмейтін операциялар бойынша тәуекел.
7. Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жерде тәуекелдер
реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша
шектеулер енгізілетін жабық тәуекелдерге бөлінеді.
Сонымен, банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қолданған
элементтердің сипаттамасы бойынша банкте тәуекелдердің бүкіл түрлерін
бағалау жүйесі құрылып, оларды туғызатын себептер мен жиынтық түрдегі
барлық тәуекелдерді басқару мүмкіндіктері айқындалуы тиіс деген қорытынды
жа-сауға болады. Банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (клас-
сификациясы) өзінің негізі мен банк қызметіне тереңдеп енуіне қарай алуан
түрлі болып саналады.
1.4 Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.
Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің
өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік
қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады.
Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз
клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит деп аталатын)
қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға (банкаралық несие
арқылы) алған қаражат жатады.
Депозиттік операция (латынша depozitum – сақтауға берілген зат) -
клиент қаражатының банкке - оның уақытша пайдалануына берілетінін
білдіретін экономикалық қатынас.
Депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке
де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра алады,
содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына
орналастырылады. Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан
алынған капитал процентіндегі айырмашылық банктің еркін бос ақшалай
қаражатты тарту бойынша және ссудалық капиталды орналастыру бойынша
жүргізген жұмысының сыйақысы болып табылады. Банктер бұл сыйақының
мөлшерін арттыру үшін жалған салым ақшаны құру арқылы өзінің
ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал бұл жалған салым ақшаның
пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.
Депозит шоттары әр түрлі болуы мүмкін. Оларды жіктеуді
негізінде салым ақшаның көздері, олардың мақсатты тағайындауы,
табыстылық деңгейі және т.б. секілді өлшемдер болады, алайда өлшем
ретінде көбінесе салымшының категориясы мен салым ақшаны алудың
формалары алға шығады.
Салымшының категорияларына қарай депозиттер былайша бөліп
көрсетіледі:
- заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым, өзге де банктер);
- жеке тұлға.
Халықаралық тәжірбиеде қолданылатын депозиттердің түрлері:
- талап еткенге дейінгі депозиттер
- мерзімді депозиттер
- жинақ салымдары
- бағалы қағаздар
Талап еткенге дейінгі депозиттер - клиент тарапынан банкке алдын
ала хабарлаусыз кез келген сәтте талап етілуі мүмкін қаражат. Оған
ағымдық, есеп айырысу, бюджет шоттарындағы қаражат және есеп
айырысуды орындаумен немесе қаражаттың мақсатты пайдаланылуымен
байланысты өзге шоттардағы қаражат кіреді. Талап етілмелі депозит
ағымдағы есеп айырысуға арналған. Клиенттер есеп айырысуды жүргізу,
төлемдерді төлеу және банк делдалдары арқылы ақшалай қаражатқа ие
болу үшін мұндай шотты ашу туралы бастаманы өздері көтереді.
Қаражаттың бұл шот бойынша қозғалысы (түсуі және есептен шығарылуы)
қолма –қол ақшамен, чекпен, аударыммен, басқадай есеп айырысу
құжаттарымен рәсімделуі мүмкін.
Банк өтімділігін басқару тұрғысынан алғанда банктер үшін
ағымдағы және бюджеттік шоттар, капитал салымын қаржыландыру
жөніндегі шот, арнайы тағайындау шоты пайдалы болып табылады,
өйткені қаражаттың осылар бойынша қозғалыс сипаты (жүзеге асырылатын
немесе келіп түсетін аударымдардың сомасы, мерзімі, кезеңділігі)
банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін.
Талап еткенге дейінгі депозиттердің түрлері:
Контокоррент (итальянша conto corrente - ағымдағы шот) - бұл
бірыңғай шот. Онда банктің клиентпен жүргізген барлық операциялары
ескеріледі. Контокоррентте, бір жағынан, банк ссудасы мен клиенттің
тапсырмасы бойынша шоттан төленетін барлық төлемдер, екінші жағынан,
аударымдар, салым ақшалар, қайтарылған ссуда түрінде шотқа түскен
қаражат көрініс табады. Осылайша, бұл есеп айырысу мен ссуда
шоттарының қосындысын білдіретін активті- пассивтік шот болып
табылады. Несие сальдосы клиенттің өзіндік қаражатқа ие екенін
білдірсе, ал дебет сальдосы айналымға қарыз қаражатының тартылғанын
әрі шот иесінің несие бойынша банктің борышкері болып табылатынын
білдіреді. Несие сальдосы бойынша банк клиенттің пайдасына процентті
есептейді, ал дебет сальдосы бойынша берген ссудасы үшін өз
пайдасына процентті өндіріп алады. Әрі –беріден соң, процент шот
иесінің пайдасына қарағанда банктің пайдасына ең жоғары мөлшерлеме
бойынша есептеледі. Контокорренттік шот ерекше сенімділік танытудың
белгісі ретінде сенімді клиентке бірінші класты қарыз алушыға
ашылады. Қаражаттың түсуіне жұмсалатын шығын артатын болса, шот
иесі әрбір жеке жағдайда несиені арнайы рәсімдеусіз келісімшартта
белгіленген сомада ала алады.
Контокорренттік шотқа овердрафтық ағымдағы шот ұқсас болады. Бұл
шот клиент пен банктің арасындағы келісімнің негізінде несиенің
қарызға алынғанын білдіретін қаражат қалдығының шамасынан асып
түскен соманы белгілі бір мөлшерде есептен шығаруды ұйғарады.
Алайда бұл шотты ажырата білу керек. Овердрафтіде (контокорренттіге
қарағанда) мұндай қарыз алу жағдайдан жағдайға қарай жүзеге
асырылады, яғни сипаты тұрақты емес.
Нау шоттары пайыздық мөлшерінің жоғарғы шегі жоқ шоттар, яғни ол
қалқымалы болуы мүмкін.
Супернаушоттары қолма қол ақшаны қолдану шоттары.
Мерзімді депозит шотына аударуға (банкке қаражатын
орналастырған клиенттің табысын арттыру және банктердің несиеге
беретін тұрақты ресурстарын қалыптастыру мақсатында болатын талап
етілмелі шоттағы қаражат үлесінің есеп айырысуы мына формула бойынша
жүргізіледі:
Мерзімді салым ақша – бұл банктің белгілі бір мерзімге тартқан
депозиті. Өзіндік мерзімді салым ақша мен алдын ала хабарда
етілетін мерзімді салым ақша бөліп көрсетіледі.
Өзіндік мерзімді салым ақшада қаражат банктің иелігіне
келісімшарт бойынша белгілі бір мерзімге және белгілі бір
шарттармен беріледі, ал оны мерзімі толған сң иесі кез келген
уақытта өндіріп ала алады. Мерзімді салым ақша бойынша клиентке
төленетін сыйақының мөлшері депозиттің сомасына, мерзіміне және
салымшының келісімшарт шарттарын қалай орындағанына қарай
белгіленеді. Салымшы салым ақшасын неғұрлым ұзақ мерзімге, әрі көп
сомаға салатын болса, оның сыйақы мөлшері де неғұрлым жоғары
болады. Қолданыстағы іс- тәжірибе мерзімді салым ақшаны 1, 3, 6, 9 ,
12 айға немесе одан да ұзақ мерзімге рәсімдеуді қарастырады.
Мұндай детальдық градация (бірте –бірте) салымшыларды өз қаражатын
ұтымды ұйымдастыруға және орналастыруға ынталандырады, сондай-ақ
банктің өз өтімділігін басқаруына жағдай жасайды.
Алынатын мерзімі алдын- ала хабарланатын салым ақшада клиент өз
қаражатын келісімшартта белгіленген мерзімде (1-3, 3-6, 6-12 және
одан да көп айларға тең) өндіріп алатынын банкіге алдын –ала
хабарлап қояды. Салым ақшаның проценттік мөлшерлемесі алдын –ала
хабарланған мерзімге қарай анықталады.
Мерзімді салым ақшаның сомасы қомақты сомамен анықталады, әрі
келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Мерзімді
салым ақша ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Егер салымшы
салым ақшаның сомасын өзгерткісі келсе, яғни оны кеміткісі немесе
көбейткісі келсе, онда ол қолданыстағы келісімшартты бұзып, өз салым
ақшасын алып, оны жаңа шарттармен қайта рәсімдеуіне болады.
Алайда, ол салым ақша бойынша қаражатын мерзімінен бұрын алатын
болса, келісімшартта қарастырылған проценттің бір бөлігінен немесе
одан толық айырылуы мүмкін. әдеттегіше, мұндай жағдайларда
проценттер талап етілмелі салым ақша бойынша төленетін проценттің
мөлшеріне дейін кеміп кетеді.
Мерзімді салым ақшалар банк басшысы мен клиенттің (салымшының)
арасындағы келісімшартпен рәсімделеді. Банктер әрбір салым ақша
бойынша типтік сипаты болатын депозиттік келісімшарттың формасын
дербес әзірлейді. Келісімшарт екі дана етіліп жасалады: біреуі
салымшыда, екіншісі банктің несие немесе депозит бөлігінде (банкте
бұл жұмыс кімге тапсырылғанына қарай) сақталады. Келісімшартта салым
ақшаның сомасы, келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткеннен кейін
салымшының алатын проценті, салымшының міндеттері мен құқықтары,
келісімшартта айтылған шарттарды сақтаудағы тараптардың
жауапкершілігі, дау- таласты шешудің тәртібі қарастырылады. Көптеген
банктер өздерінің ұсақ, орташа немесе ірі клиенттеріне олардың
деңгейіне қарай анықтайтын мерзімді салым ақшаың ең аз шамадағы
мөлшерін белгілейді. Ьанк өз тарапына келісімшартта қарастырылған
барлық шарттарды уақытында орындауға міндеттенеді. Егер
келісімшарттағы шарты бұзатын болса, айталық, иесі қаражатын немесе
ол бойыша процентті уақытылы қайтармаса, айыппұл немесе өсімақы
төлейді. Банк пен клиенттің арасында туындаған дау –талас төрелік
сот тәртібімен шешіледі (егер салымшы жеке тұлға болатын болса).
Мерзімді депозит пен талап етілмелі депозит арасындағы аралық
жағдайға жинақ ақша салымы ие. Әдетте, бұл операцияны Жинақ ақша
банкісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz