«Қазақпарат» ұлттық компаниясындағы басқаруды талдау



КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономака жағдайындағы кәсіпорынның мәні және мазмұны
1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде

1.3 Мемлекеттік кәсіпорын және оның құқықтық аспектілері

2 «ҚАЗАҚПАРАТ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Қазақпарат» Ұлттық Компаниясының даму тарихы және оның ұйымдық құрылымы
2.2 «Қазақпарат» Ұлттық Компаниясының 2002.2004 жылдардағы қаржылық қызметін талдау
2.3 «Қазақпарат» Ұлттық Компаниясының қызметін басқару принцптері мен тетіктері

3 МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруда кездесетін проблемалар және оларды шешу жолдары
3.2 Мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың перспективасы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Кәсіпорын – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі.
Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе
шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін кәсіпорында
табады. Кәсіпорында өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие
болады.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық
өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп
кәсіпорынның айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және
элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге
асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет
кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және
тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық
қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғомдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік
орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет
қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын
көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса,
соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік
қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы
бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте
халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы
мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі
болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес,
бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар
шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта
мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік
береді.
Мемлекет меншігі – бұл тек қана кәсіпорындар жиынтығы емес, сонымен
қатар тұтас макроэкономикалық жүйе. Өндіріс құралдарына өкімді бірігіп
шығару механизімі өзін өзі басқару қарым-қатынасының жүйесі, мемлекеттік
меншікті басқаруды орталықсыздандыру жүйесі және экономиканы демократиялық
бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен
шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын
мемлекеттік тапсырыс негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы
деңгейіне кепіл бере отырып кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс
уақытын, демалыс уақытын, жалақы мен тарифтік бағамды бекіту арқылы
регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін
бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың белгілі бір шектелген,
анықталған деңгейдегі коммерциялық еркіндігі бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы,
оның басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны
жетілдіру мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау
жасай отырып олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Тақырып өзектілігі мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-
мақсаттары қоғам мен мемлекет қажетіне қарай айқындалатынында. Негізгі оның
тағайындалуы мемлекеттің қарғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз
ету және қоғам мүддесін қорғау; экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған
немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салаларында
бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер
көрсету; мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда, мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы
қызметті жүзеге асыру іспеттес әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу
болып табылады.
Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіпорындарын
басқарудағы маңызды, өзекті мәселелерді ашу.
Аталған мақсатқа жеті үшін қойылған міндеттер келесідей:
– мемлекеттік кәсіпорынды жеке кәсіпорындармен салыстыра қарастыру;
– нарықтық экономика жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың орнын
анықтау;
– Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік кәсіпорындарға талдау жасау.
Аталған жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
1 бөлім - нарықтық экономака жағдайындағы жалпы кәсіпорынның, сонымен-ақ
мемлекеттік кәсіпорынның мәні мен мазмұнын ашып, оны басқару туралы түсінік
береді; 2 бөлім – зерттеу объектісіндегі, яғни Қазақпарат Ұлттық
Компаниясындағы басқару тетіктері жайлы талдау мәліметтерін қамтиды; 3
бөлімде мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жетілдіру жолдары мен
оның болашақтағы көрінісі қарастырылған.

КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономака жағдайындағы кәсіпорынның мәні және мазмұны

Қазіргі әлем әртүрлі ресіми және ресіми емес ұйымдар ретінде
қарастырылады, яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе
еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің
шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап міндеттерді бөлу мақсатында
біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; кәсіпорындар, қоғамдық
бірлестіатер, мемлекеттік мекемелер. Кәсіпорындар мен ұйымдар
тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып,
әрқилы атауларға, көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамаларға ие. [1]
Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді
қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек
кәсіпорын ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қазмет көрсетеді, сонымен
қатар, ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Мемлекеттің экономикасын қарапайым түрде мемлекетпен және өзара
өндірістік, бірлескен, коммерциялық және тағы басқа қарым-қатынаста тығыз
байланыста болатын кәсіпорындардың жалпы жиынтығы ретінде қарастыруға
болады.
Экономиканың қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық күші кәсіпорын
қызметіцнің нәтижелілігі мен оның қаржылық жағдайына тікелей байланысты.
Елдегі шаруашылықты басқарудың жалпы сызбасын пирамида түрінде қарастырып
көретін болсақ, оның негізі ретінде кәсіпорын түрады. Кәсіпорын
деңгейіндегі үрдістерге қатысты меммлекеттік, аймақтык және ведомстволық
басқару екінші кезектегі құбылыс ретінде қарастырылады. Шаруашылықты
басқару жүйесіндегі кез келген өзгерістер кәсіпорын қарекетіне жағымды
әсері болмаса, оның қажеті шамалы-ақ.
Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу
мақсатында өнім өндінетін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз
шаруашылық субъектісі.
Кәсіпорын (ұйым, фирма, концерн) заңды тұлға ретінде елдің заңдар
жиынтығымен белгіленген белгілі бір сипаттамаларға жауап береді. Заңды
тұлғаның сипаттамаларына келесілер жатады: өз мүлкінің болуы; тәуелсіз
мүліктік жауапкершілік; сатып алу, қолдану және өз мүлкіне үкім шығаруға,
сонымен қатар, заңмен рұқсат етілген іс-әрекеттерді өз атынын жузеге
асыруға құқығы бар; сотта өз атынан талапкер және жауапкер бола алатын,
жеке бухгалтерлік баланс жүргізуге және банкте есеп айырысу немесе басқа да
шоттарды иемденуге құқығы бар.
Шаруашылықтың кез келген формасындағы кәсіпорын мемлекет экономикасында
маңызды орынға ие. Макроэкономикалық көзқарас бойынша кәсіпорын келесі
жағдайларға негіз бола алады:
– ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің көбеюіне;
– мемлекеттің өмір сүру мен өз қызметтерін орындауға мумкіндік береді.
Яғни мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай бөлігі кәсіпорындардан алынатын
алым-салықтар есебінен қалыптасады;
– мемлекеттің қоғанысқабілеттілігін қамтамасыз етуге;
– қарапайым және кеңейтілген өндіріске;
– ұлттық ғылым мен ғылыми-техникалық прогрессті дамытуға;
– елдің барлық деңгейдегі азаматтарының материалдық жағдайын көтеруге;
– медицина, білім, мәдениеттің дамуына;
– жұмыссыздық проблемасының шешілуіне;
– басқа да көптеген әлеуметтік проблемалардың шешілуіне негіз болады.
Кәсіпорын бұл жетістіктерге нетижелі қызмет ету жағдайында ғана қол
жеткізе алады. [2]

Қоршаған табиғаттың.
қалған бөлігі
Салықтық қызмет,
тәртіпті сақтау органдары
ұлттық экономика. Кәсіподақ
субъектілері
Көрші
мемлекеттер
Акционерлерді
қорғау
қоғамы
Қызметтестер

Мемлекет
Несиелік-
қаржылық
ұйымдар
Саяси партиялар,
халықаралық Акционерлер
экономикалық
институттар
Кәсіпорын

Қоғамдық Инвесторлар
ұйымдар

Бәсекелестер

Жабдықтаушылар

Сатып алушылар Ғылыми-зерттеу
қарекеті

Кредиторларды
қорғау қоғамы Тұтынушылардың ұйымдары

Сурет 1 – Мүдделі, қызығушы топтар және олардың кәсіпорынға жақындық
деңгейі

Жоғарыда келтірілген суретте кәсіпорынның мақсатын анықтауға ықпал
ететін әртүрлі топтардың мүдделері көрсетілген. Бұл топтардың кей
біреулері, әсіресе, иегерлер мен заемдық капиталды ұсынушылар, кәсіпорынның
мақсат жүйесін қалыптастыруда ерекше күшті ықпалын тигізеді. Тікелей
байланысты басқа тұлғалар, мысалға, жалданбалы қызметкерлер, кәсіпорынға
тікелей және аталған тұлғалардың мудделерін қорғаушы, ұсынушы ұйымдар
арқылы әсер етеді. Дегенмен кәсіпорын тікелей әсері болмайтын топтардың да
мүддесін ескеру керек. Тұтынушылардың ұйымдарын мысалға алайық. Олар
тесттер жүргізу жолымен бұйымның сапасын бағалайды, экологиялық тазалығын
анықтайды. Бұл топтартың мұддесін ескермеген немесе бір мәмілеге келмеген
жағдайда кәсіпорынның кызметі сәтсіздікке ұшырауы мумкін.
Осылайша, кәсіпорынның мақсаты өз алдында жеке және бір-бірлерінен
ерекшеленетін мақсаттары бар көптеген тұлғалармен, топтармен жасалатын
қарым-қатынас негізінде қалыптасады.
Шартты түрде кәсіпорынның мақсаттарын үш топқа бөлуге болады:
– экономикалық мақсат. Бұл кәсіпорынның мақсаттар жүйесінің негізін
құрайды және нарықтық шаруашылықтағы кәсіпорын ның жұмыс пен қызметке
қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған;
– әлеуметтік мақсат. Бұл кәсіпорында әртүрлі мүдделері бар адамдардың
өзара әрекет жасауының айқын көрінісі. Сонымен қатар кәсіпорынды
қоғамдық экономика жүйесінің құрамдас бөлігі деп көрсетеді.
– экологиялық мақсат коршаған ортаға экономикалық қарекеттің әсерін
ескереді.
Мақсаттар жүйесінің толық қалыптасып, ресімделуі үшін мақсаттар жоғарғы
деңгейде анық сипатталып жазылуы тиіс және қолданыста жүретін формада
қисыны келу керек. Яғни мақсаттар шынайы болып, нәтижесі тексеріле,
бақылана алатындай болуы керек.
Кәсіпорындар нақты мақсатқа және жалпы экономикалық үрдістердің
шеңберінде жүзеге асыратын іс-әрекеттің түріне сәйкес ажыратылады.
Кәсіпорынның барлық типтері өзінің экономикалық ортасымен сатып алу, өткізу
және капитал нарықтары арқылы жүзеге асырылатын байланыстарымен
сипатталады. Олардың айырмашылығы өндірістік функцияларында болады.
Өндіріс сөзі бұл жерже материалдық игіліктің өндірісі немесе қызмет
көрсету мағынасында қолданылып отыр. [3]
Кәсіпорынның әртүрлі критерилерге сәикес типтерін төменде көрсетілген
суреттен анық көруге болады.

Ұйымдастырушы-лық- құқықтық формасына қарай

Жеке, жанұялық кәсіпорын, шаруашылық серіктестік (толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі), акционерлік
қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын,
коммерциялық емес ұйым (мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор,
ассоцациялар, одақ)

Саласына байланысты
Өндірістің түрі Шикізат Қолданылуы Бұйымның түрі Технология
Материалдық игілік Ағаш Тұтыну заты Станоктар Құйылмалы
Қызмет көрсету Металл Инвест. зат Электр жабдық және
Мұнай Автокөлік құрастыр-мал
Азық-түлік ы

Өндірістің түріне қарай классификациялануы

Өндірістік кәсіпорындар
Өндіру Өңдеу Өндіріс
Шикізат өндіруші Мұнай өңдеуші Станок құрылысы
Тау-кен өндіруші Азық-түлік
Қызмет көрсететін кәсіпорындар
Сауда Банк Сақтандыру Көлік
Бөлшектік Жинақ банкі Сырқаттық Авто жол
Көтерме Несиелік Өрттен Темір жол
Сыртқы Ипотекалық Әуе жол

Кәсіпорынның көлеміне байланысты
Шағын Орта Ірі

Сурет 2 - Кәсіпорындардың классификациясы
Жоғарыда көрсетілген, яғни ажыратылған кәсіпорын турлеріне немесе заңды
тұлғаларға Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық
Кодексінде мүмкін болатын жағдайлар ескеріле отырып сәйкес анықтама,
нұсқаулық және көптеген ақпараттар берілген.
Жеке кәсіпкерлік – бұл қоғамның тауарға (жұмысқа, қызметке) деген
қажеттілігін қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған, өзінің жекеменшігіне немесе коллективтің меншігіне негізделе
отырып жүзеге асырылатын азаматтардың іс-әрекеті. Бірлескен формадағы
кәсіпорындар ортақ бірлескен жекеменжік базасы негізінде өз қарекетін
жүзеге асырады. Оларға жанұялық кәсіпорындарды, фермерлік шаруашылықты
жатқызуға болады.
Шаруашылық серіктестігі - бұл жарғылық капиталы құрылтайшылардың,
қатысушылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым. Ұйым мүлігі
құрылтайшылырдың салымы негізінде қалыптасады, сонымен бірге аталған
ұйымның өндірген және сатып сатып алынған бұйымдары мен заттары
серіктестіктің меншігі есебінде болады. Шаруашылық серіктестіктер толық
серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары
сетіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталынады.
Серіктестіктердің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық
серіктерімен) қосымша жауап беретін бір енмесе одан да көп қатысушылармен
қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың
жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды енгізетін және
серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік
сенім (командиттік) серіктестігі деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен
белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі
серіктестік деп аталынады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке
қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің
қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде
тәуекел етеді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық
капиталға салымдарымен жауп беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған
жағдайда өздерене тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген
салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік деп аталады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қарекетін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында ақциялар шығаратын заңды тұлға танылады. Акционерлік қоғам
капиталына құрылтайшылар немесе қатысушылар тиісті үлесін қосады. Аталған
үлесін айқындайтын бағалы қағаз акция деп аталады. Бұл бағалы қағаз акция
иесіне түскен пайданың белгілі бөлігін дивидент ретінде иеленуге құқық
береді.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың
өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив
деп танылады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген
кәсіпорындар және жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық)
кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың іс-әрекеті мемлекеттік
меншік формасына негізделген.
Коммерциялық емес ұйымдар өз алдына келесідей бөлінеді:
– мекеме – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес
сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және
қаржыландырылатын ұйым;
– қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікткр
болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы
келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жеті үшін ерікті негізде құрған
басқа да бірлестіктері табылады.
– азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүлік жарналар негізінде құрған,
әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім бері және өзге де қоғамдық
пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым
қоғамдық қор деп танылыды.
– қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін
өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге
асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады.

– рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы
негізінде заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен
азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.
– коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ
жалпы үлестік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ
коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар
(одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады. [4]

1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде

Кәсіпорын алға қайған мақсатының әрқилылығы мен жанжақтылығы оны дамыту
мен қызметін басқаруда арнайы білім мен өнерді, әдістер мен тетіктерді,
қызметкерлерді қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді талап етеді. Кәсіпорынды
бір жағынан мақсатына, қолданатын ресурстарына, құқықтық-нормативтік
негізіне, көлеміне, табысына байланысты және екінші жағынан құрылымы,
үрдістері, еңбек бөлінісі, рөлдерді бөлу, ұйымдастырушылық және басқару
мәдениетінің көрінісі болатын сыртқы орта мен ішкі әлеуметтік және
экономикалық байланыс пен қарым-қатынас және тағы басқа ұйымдастыру,
басқару параметрлерене сүйене отырып сипаттауға болады.
Басқарудың негізгі міндет-мақсаттары жетістіктерге қол жеткізуді
қамтамасыз ететін басқару жұмыстарының түрі мен көлемін анықтауда маңызды
орынға ие. Бұл жерде кәсіпорынның түрі мен ерекшелігіне байланыссыз кез
келген басқару үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылатын функциялар жайлы
айтылып отыр. Кәсіпорынның түрі мен ерекшелігіне байланыссыз болғандықтан
басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және үйлестіру
сынды функциялары жалпылық сипатқа ие. Бөлініп алынған функциялардың
арасындағы байланыс айналыс ретінде төмендегі суретте көрсетілген (Сурет
3).

Сурет 3 – Басқару функцияларының арасындағы байланыс
Суреттегі бағыттар жоспарлаудан бақылауға дейінгі қозғалыс
қызметкерлерді ұйымдастыру мен ынталандару жолымен ғана мүмкін екендігін
көрсетеді. Суреттің ортасында негізгі функциялардың өзара қарым-қатынаса
мен келісімділігін қамтамасыз ететін үйлестіру функциясы орналасқан.
Жоспарлау – бұл кәсіпорын іс-әрекетінің жоспарлары мен оның құрамдас
бөліктерін құраумен байланысты басқару қарекетінің бір түрі. Жоспар істелу
керек іс-әрекеттердің кезегі бойынша құрылуын қамтамасыз етеді және алға
қойылған мақсатқа жетуде қажетті ресурстар мен уақытты анықтайды.
Сәйкесінше жоспарлау өзіне келесілерді қосады:
– мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
– мақсатқа жету үшін жоспар, бағдарлама, стратегияны әзірлеу;
– қажетті ресурстар мен уақытты анықтап, оларды мақсаттары мен
міндеттерге байланысты бөлу;
– жоспарды жүзеге асыру бойынша жауапкершілік артылған жеткізу. [5]
Ұйымдастыру – бұл басқарудың екінші функциясы. Оның міндеті болып
ұйымның құрылымын қалыптастыру және оның жұмыс істеуін, яғни персоналмен,
материалдармен, құрал-жабдықтармен, мекемемен, ақша қаражатымен қамтамасыз
ету табылады. Ұйымдастырудың жалпы мағынасы ортақ басқару міндетін құзіреті
мен жауапкершілігін жіктеу арқылы бөліктерге бөлу, сондай-ақ әртүрлі
жұмыстар арасында өзара байланысты қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорында құрылған әрбір жоспарда ұйымдастыру сатысы болады, яғни
жоспарланған мақсатқа жету үшін жағымды жағдай жасау. Бұл жерде ең бастысы:
қызметкерлермен жұмыс істеу, басшылардың стратегиялық, экономикалық ой-
өрісін дамыту, шығармашылық пен жаңа енгізулерге икемділігін қалыптастыру
және тәуекелге барудан, кәсіпорынның өзекті мәселесін шешудегі
жауапкершіліктен қорықпайтын қызметкерлерге қолдау көрсету және т. б.
Ынталандыру – бұл жоспарда қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорында
жұмыс істейтін қызметкерлердің белсенділігін ояту, іс қимылға жұмылдыру
қарекеті.
Ынталандыру үрдісіне келесілер кіреді:
– қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді анықтау;
– қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мақсаттарды құру;
– мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді анықтау.
Ынталандыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар экономикалық (сыйақы беру,
қаламақы жүйесінің болуы, материалдық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету)
және рухани (атақ, шен беру, жауапкершілігі мен құзіретін арттыру, мақтау
қағаздарын ұсыну) сипатта болуы мүмкін. [6]
Бақылау – негізгі міндеті кәсіпорын қызметінің нәтижесін сандық және
сапалық бағалау мен есеп жасау болып табылатын басқарудың қызметі. Оның
негізгі екі бағытын бөліп көрсетуге болады:
– жоспарда көзделген мақсаттардың, жұмыстардың орындалуын бақылау;
– жоспарда көрсетілген іс-әрекет пен көрсеткіштерден ауытқуды түзету
бойынша шаралар.
Бұл қызметтің жүзеге асырылуындағы негізгі құрал болып тура мағынадағы
бақылау, қызметтің барлық жағын тексеру, есеп жүргізу және талдау жасау
табылады. Жалпы басқару үрдісіндегі бақылау қызметі қайтарымды байланыс
сипатына ие. Себебі бақылаудың талдамалары мен көрсеткіштері бұрын
қабылданған шешімдерге, жоспарға, сондай-ақ нормалар мен нормативтерге де
өзгерістер енгізуі мүмкін.
Жоғарыда аталған функциялардың әрқайсысы кәсіпорынның нәтижелі
жетістіктерге жетуде жүзеге асырылатын жеке маңызды үрдістер болып
табылады.
Кәсіпорындардың дәстүрлі кезеңдегі басшылары ақшалай тек материалдық
ресурстар мен өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есепке алса, қазіргі жағдайда
адам ресурстарының құны маңызды болып отыр. Іс-әрекетін адамсыз жүзеге
асыратын бірде бір ұйым жоқ. Қазіргі уақыттағы кәсіпорынды басқару – ең
алдымен персоналды басқарумен мәндес. Адамның іс-әрекеті белгілі бір
қарекеттің анықтамасынан бастап, оның нәтижесіне дейінгі барлық аяларда
көрінісін табады. Материалды ресурстар мен табиғи ресурстарды басқарумен
қатар, адам ресурстарын басқару кез келген ұйымды басқаруда маңызды орынға
ие. Адам ресурстары ұйымның қалданатын барлық ресурстарынан өзіне тән
қасиеттерімен ерекшеленеді және соған сәйкес басқарудың ерекше әдісін талап
етеді. Адам ресурстарының келесідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
Біріншіден, машиналар мен шикізаттарға қарағанда, адамдар парасатқа ие
және сыртқы ықпалға (басқаруға) деген реакциясы механикалық емес, эмоция
мен сезімге негізделген. Бұл ұйым мен оның қызметкерлері арасындағы қарым-
қатынастың екі жақты екенін көрсетеді.
Екіншіден, адамдар парасаттылықтың иегері болғандықтан үнемі жетілу,
даму үстінде болады. Қазіргі жағдайда ғылыми-техникалық прогресс
қолданыстағы технологияны, сондай-ақ кәсіптік танымды да өзгертіп, ескіртіп
жатады. Ал адамдардың өзгерістерге бейім келуі, үнемі даму үстінде болуы
ұйым қарекетінің нәтижелілігін көтеруде маңызды және ұзақмерзімді қайнар
болып табылады.
Үшіншіден, адамнаң қоғамдағы еңбектік өмірі, жалпы алғанда, 30-50 жыл
бойында жалғасады. Сәйкесінше ұйымдар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
ұзақ мерзімді сипатта болады.
Төртіншіден, материалдық және табиғи ресурстарға қарағанда, көп
жағдайда, адамдар ұйымға белгілі бір мақсатпен келіп, оны жүзеге асыруда
ұйымның мүмкіндігін пайдаланады. Бұл ұйымның өз мақсатына жетуінде маңызды
орын алады.
Сондықтан да, кәсіпорынды басқаруда адам ресурстарын басқарудың
маңыздылығы өте жоғары. Қызметкерлердің білімін жетілдіру, дамыту,
ынталандыру сынды іс-әрекеттер, яғни кадрлық саясат кәсіпорынның даму
тұжырымдамасымен сәйкес және тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, көбінесе еңбек күшінің
сапасымен анықталып, адамның еңбектік қарекетіне терең өзгерістер алып
келеді. Мұндай өзгерістерге Қазақстан экономикасын реформалау үрдістері де
әсер етеді. Ескі жұмыс орындары жойылып, еңбер нарығына құрылымдық
өзгерістер енгізетін жаңа жұмыс орындары құрылады. Яғни жаңа
технологияларды қолданудағы талаптарға жауап бере алатын білікті мамандарға
деген тапшылық туындайды. Мұндай жағдай ұйым деңгейінде адам ресурстарына
деген қарым-қатынастың өзгеруіне алып келіп, сәйкесінше ынталандыру
факторларына ерекше назар аударылады. Персоналды басқару мәселелері ұйымның
жоғарғы басқармасымен, бөлімшелердің басшыларымен, депортаменттерімен
немесе кадрлармен жұмыс істеу бөлімшелерімен, яғни барлық басқару
деңгейлерінде қарастырыла бастайды. [7]
Персоналды басқару функцияларын атқаруда стратегиялық аспектілер маңызды
орынға ие. Табыс пен жетістіктің стратегиялық факторларына келесілерді
жатқызуға болады:
– қызмет ету аясы мен тұтынушылар сұранысына бағытталу арқылы нарыққа
жақындау;
– техникалық құралдарды пайдаланып жоғарғы дәрежеде қызмет көрсету;
– өнімнің жоғарғы сапасы;
– ғылыми-техникалық прогресс жетістікткрін және ең жаңа технологияларды
пайдалану;
– өзгерістерге әрқашан дайын болу жыне оған тез арада бейімделу;
– экономикалық жауапкершілік сезімі;
– экономикалық тепе-теңдікті сақтау;
– білікті мамандардың мүмкіндігі;
– ұйымдық құрылымның бейімділігі мен икемділігі.
Персоналды басқару тұжырымдамасы теориялық-әдістемелік көз-қарастар
жүйесін құрайды және персоналды басқарудың мәнін, міндеттерін, әдістерін,
сондай-ақ оны нақты жағдайларда жүзеге асыру механизімін техникалық
ұйымдастыру жолдарын анықтайды. Бұған персоналды басқарудың әдістемелік
негізі мен технологиясын әзірлеу және оның жүйесін қалыптастыру кіреді.
Персоналды басқарудың әдістемелік негізінде басқару объектісі ретінде
ұйым персоналының мәні, индивидтердің ұйым міндеттері мен мақсаттарына
сәйкес келетін мінез-құлқын қалыптастыру үрдісі, персоналды басқару
қағидалары мен әдістері алдын ала болжанады.
Персоналды басқару технологиясы жалдауды, іріктеуді, персоналды
қабылдауды, оны іскерлік бағалауды, кәсіптік бағытын, бейімділігін,
оқытылуын, қызметкердің іскерлік мансабын басқаруды, қызметтік және
мамандық көтерілуін басқаруды, ынталандыру мен еңбекті, қайшылық пен
күйзелісті басқаруды, ұйымның әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуді,
қызметкерлерді босатуды ұйымдастыру деғен мазмұнға ие.
Персоналды басқару жүйесі мақсаттарды, функцияларды, персоналды
басқарудың ұйымдық құрылымын, мамандар мен басшылар арасындағы көлденең
және тік байланыстарды, басқару шешімдерін қабылдауды және жүзеге асыруды
қалыптастыруды қарастырады. [8]
Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындарын
дамыту оның ішіндегі персоналды басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту
түсінігімен қатар жүреді. Кәсіпорын персоналын басқару жүйесі – бұл
персоналды басқару функциялары жүзеге асырылатын жүйе. Нақты шаруашылық
субъектісі қай салада жұмыс істесе де және қандай да болсын ерекшеліктерге
ие болса да, оның персоналын басқару жүйесі үш өзара байланысты блоктардан
тұрады:
– басқару стратегиясы, яғни кәсіпорынның ағымдық жағдайы мен болашақтағы
дамуын көрсететін кадрлық бағытына байланысты негізгі міндеттерді жүзеге
асыру үшін қолданылатын жолдардың жиынтығы;
– операциялық немесе басқарушы бөлімшелер – бұл локальды сипаттағы бір
типті басқару міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған тұтас басқару
жүйесінің автономды элементі. Мұның объектісі болып нақты бір үрдіс
табылады;
– ресурстармен қамтамасыз ету блогы. Аталған бұл блок барлық операциялық
бөлімшелер қызметін принципиалды мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, өзіне
келесі аталғандарды қосады:
– ақпараттық қамтамасыз ету;
– құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
– құқықтық әдістемелер жиынтығымен қамтамасыз ету;
– қаржылық қамтамасыз ету;
– ұйымдық қамтамасыз ету.
Персоналды басқарудың қағидалары – бұл персоналды басқару үрдісінде
мамандар мен басшылардың ұстанатын ережелері, негізгі жағдайлары мен
нормалары. Персоналды басқарудың қағидалары объективті экономикалық
заңдардың талаптарын сипаттайтындықтан өздері де объективті болып саналады.
Басқару қағидалары көп болғанымен барлық жағдайларында персоналды басқаруды
отандық кәсіпорындарда дәстүрлі түрде орныққан келесі маңызды қағидаларға
негізделеді: демократияландырылған орталық басқару жүйесінің болуы, ғылымға
сүйену, жоспарлау, бәріне тәртіптің бір болуы, кадрларды іріктеу,
ынтымақтастық пен алқалықтың, орталыққа бағынудың және керісінше
жағдайлардың келісімді түрде болуы, мақсатты басқарудық және сызықтық,
функционалдық басқару жүйесінің болуы, қабылданған шешімнің жүзеге
асырылуын бақылау және тағы басқалар. [9]
Персоналды басқару жүйесін басқару әдістерін талқыламай қарастыру мүмкін
емес.
Персоналды басқару әдістері – бұл кәсіпорынның жұмыс істеу үрдісіндегі
қызметкерлердің іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында жеке
қызметкерлер мен коллективтерге әсер ету жолдары. Ғылым мен тәжірибе
персоналды басқаруда негізгі үш әдісті ұсынған. Олар: әкімшіліктік,
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық.
Әкімшіліктік әдіс келесідей іс-қимылға түрткі болуға бағытталған:
еңбекте белгілі бір тәртіптің болуы, міндеттілікті сезіну, белгілі бір
ұйымда еңбек етуге деген адамның талпынысы, еңбек іс-әрекетіндегі мәдениет.
Ықпал етудің бұл әдісі тікелей әсер етумен сипатталады. Себебі, кез келген
әкімшіліктік акт пен регламент оның міндетті түрде орындалуын талап етеді.
Экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістер жанама әсер ету
сипатына ие. Бұл әдістердің автоматты түрдегі әсеріне есептеуге болмайды
және олардың соңғы нәтижеге жасайтын ықпалын анықтау қиынға соғады.
Экономикалық әдістердің көмегімен жеке қызметкерлер мен коллективті
материалды түрде ынталандыру жүзеге асырылады. Аталған әдіс басқарудың
экономикалық тетіктерін қолдануға негізделген.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі басқарудың әлеуметтік
тетігінің қолданылуына негізделген, яғни коллективтегі өзара қарым-қатынас
жүйесін жақсарту, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы
басқа. Бұл әдістің ерекшелігі болып персоналды басқару үрдісінде формальды
емес факторларды белгілі бір дәрежеде пайдаланып, тұлғалардың, топтардың,
коллективтің мүдделерін ескеру табылады.
Кез келген кәсіпорынды басқару жарғысына сәйкес жүзеге асырылады және
оның өндірістік-шаруашылық қарекеті, құқықтары мен міндеттері кәсіпкерлік
іс-әрекет туралы заңмен реттеледі.
Кәсіпорын белгілі бір ұйымдастырушылық құрылым негізінде басқарылады
және оның құрылымы мен бөлімшелері кәсіпорынмен өз қалауынша анықталады.
Ұйымдастырушылық құрылымды әзірлемес бұрын басқару қызметтерін бөлімшелері
бойынша қолайлы түрде бөліа алу қажет. Ол үшін келесілердің орындалуы шарт:

– бір сипаттағы мәселелер мен міндеттер әр түрлі бөлімшелерде көрініс
алмау керек;
– барлық басқару қызметтері тек басқарушы бөлімшелердің міндеттерінде болу
керек;
– белгілі бір мәселе қай бөлімшеде нәтижелі шешімін тапса, сол бөлімшеге
бағытталуы керек.
Басқару құрылымы мазмұны мен оның көлеміне, сондай-ақ уақыттың өтуі мен
кәсіпорынның дамуына сәйкес өзгерістерге ұшырай береді. Жеке бөлімшелердің
арасында тұрақты байланыстар бар. Олардың біріншісі тік (вертикалды), яғни
басқарушы мен оның қарауындағы қызметкерлердің арасындағы байланыс, ал
екіншісі – құқықтары тең бөлімшелердің арасындағы көлденең байланыс.
Басқару құрылымының негізінде белгілі бір жүйе бар. Кәсіпорынды
басқарудың негізгі үш жүйесі белгелі:
– сызықтық – барлық мәселелер бойыншатөменгі бөлімшелердің жоғарғы
бөлімшелерге тікелей бағыныштылығын білдіреді. Бұл жүйе өте қарапайым
және қарастырылатын мәселе аз көлемде болатын жағдайда ғана нәтижелі
болып келеді;
– функционалдық – бұл жүйе төмендегі бөлімшелердің басқарудың жекелеген
мәселелерін шешетін функционалды бөлімшелерге деген бағыныштылығын
сипаттайды. Бұл жағдайда нұсқаулар тәжірибелі, арнаулы түрде беріледі.
Бағынушы бөлімшелер көбіне берілген нұсқаулықтың қандай кезекпен
орындалуы керектігін шатастырып жатады. Сондықтан да бұл жүйе таза
түрінде өте сирек қолданылады;
– қазіргі уақытта көп таралған аралас жүйе өзіне жөғарыда аталған сызықтық
және функционалдық жүйені үйлестіреді. Бұл жағдайда функционалды
бөлімшелермен дайындалған шешім басқарушыға қарастырып, бекіту үшін
беріледі. Ал ол өз кезегінде бекітілген шешімді бағынушы бөлімшелерге
береді;
Кәсіпорын иесі басқаруға байланысты өз құқықтарын тікелей немесе оның
уәкілетті органы арқылы жүзеге асыра алады. Кәсіпорынның жарғысына сәйкес
мұндай орган болып кеңес немесе кәсіпорын басқармасы табылады.

1.3 Мемлекеттік кәсіпорын және оның құқықтық аспектілері

Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген
кәсіпорындар және жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық)
кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік – толық шаруашылық есеппен (қорғаныс, дәрі-дәрмек жасайтын
зауыттар және т. б.) шаруашалақ құқықтық негізде жүргізеді.
Қазыналық – толық емес шаруашылық есеппен (коммуникация, геодезиялық
жұмыс өндірісі және т.б.), жедел басқару құқығына негізделе жүргізіледі.
Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана
өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс негізінде өз
қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы деңгейіне кепіл бере отырып
кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жалақы
мен тарифтік бағамды бекіту арқылы регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет
кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік
кәсіпорындардың белгілі бір шектелген, анықталған деңгейдегі коммерциялық
еркіндігі бар. [10]
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның мазмұны: шаруашылық жүргізу
құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде, өзге де заң құжаттарында белгіленген шекте жүзеге
асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Оның міндет-
мақсаты мен құрылуы мүмкін қызмет аясы:
– қару-жарақты және оның оқ-дәрісін, қорғаныс құралдарын, әскери-
техникасын, қосалқы бөлшектерді, санатталатын элементтері мен оның
приборларын әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату; босатылған әскери-
техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою;
– уранды және басқа бөлшектенетін материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын
бұйымдарды алу, өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы
қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын
мөлшерде радиоактивті заттары бар өнім шығару және сату;
– дәрі-дәрмектер, медициналық құрал-саймандар жасау және сату;
– энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желілік көлік, байланыс,
коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында және
әлеуметтік экономикалық маңыздылығы жағынан тікелей мемлекеттік басқаруын
қажет ететін шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
– заңдарда қаржыландырылудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа да инфрақұрылым объектілерінің желісін
ұстау мен дамыту;
– почта байланысы және телекоммуникация, халықаралық байланыс желілерін
пайдалану;
– денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім бері, әлеуметтік қорғау,
ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық
қызметті жүзеге асыру;
– қылмыстық-атқару жүйесі спорт саласындағы өндірістік қызметті жүзеге
асыру;
– мемлекеттік құқық және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді
қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыру
және сақтау саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық
болып табылады. Оның мақсаты:
– төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы
жұмыстарды орындау, өрттен су тасқынынан және басқа да табиғи зілзаладан
қорғай;
– топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
– денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім бері, әлеуметтік қорғау,
ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық
қызметті жүзеге асыру;
– мемлекеттік органдардаң қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көлік
қызметін көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге
асыру;
– кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп
ұстау мен дамыту;
– мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру
үшін құрылуы мүмкін.
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады, яғни өз мүлкі есебінен басқа
мемлекеттік кәсіпорын құрған заңды тұлға. Мұндай кәсіпорындар:
– негізгі кәсіпорынды, оның ішінде монополияға қарсы заң талабы
күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау;
– негізгі кәсіпорындардың филиалдарын дербес заңды тұлға етіп қайта құру;
– негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және
мамандандырылған өндіріс құру;
– негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату
мақсатында құрылады.
Мемлекеттік меншіктің түрлеріне қарай кәсіпорындар республика
меншігіндегі кәсіпорындар және коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар болып
бөлінеді. Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен
мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын келесідей әлеуметтік-экономикалық
міндеттерді шешу болып табылады:
– мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және
қоғам мүддесін қорғау;
– экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз қамтыған
қоғамдық өндірістің буындары мен салаларында бірінші қажеттіліктегі
тауарларды өндіру (жұмыс атқару, қызметтер көрсету);
– мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда, мемлекеттің функциясы болып табылатын
салалардағы қызметті жүзеге асыру.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді және сол кәсіпорынға қатысты республикалық
меншік құқығы субъектісінің функцияларын республикалық мемлекеттік меншікке
билік етуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәсілеттік берген мемлекеттік
орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орындайды.
Министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару
органдары болып табылады.
Ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбесін тиісті
жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Сонымен қатар, коммуналдық меншік
құқығы субъектісінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты
функцияларын әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімияты жүзеге асырады. Тиісті
әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімияты не жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген атқарушы орган коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болап табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, мемлекеттік басқару
органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкілетті органы) айқындалады
және бұл кәсіпорын жарғысынжа бекітіледі. Жарғы - мемлекеттік кәсіпорынның
құрылтайшы құжаты және оны мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша
оның құрылтайшысы бекітеді. Аталған жарғыда: кәсіпорынның түрі, оның
фирмалық атауы, құрылтайшысы туралы мәлімет, кәсіпорынның тұрған жері, оның
қызметінің мәні мен мақсаты, басшының өкілеттігі, жұмыс режимі, кәсіпорын
мүлкінің құралуы мен табысты бөлу тәртібі, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру
мен оның қызметін тоқтату шарттары болуға тиіс. Жарғыда сондай-ақ кәсіпорын
мен құрылтайшы, кәсіпорынның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы
өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда басқа да заңға қайшы келмейтін
жағдайлар мен ережелер қарастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау
функцияларын бөлуге жол берілмейді және өз жарғысында көрсетілген қызметтің
нысаны мен мақсатына сай келмейтінқызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ
мәліметтерді жасауына тыйым салынады. Жарғыда айқындалған қызмет мақсатына
қайшы жасаған мәмілесі заңдарда белгіленген тәртіппен оның құрылтайшысының
талабы бойынша күші жоқ деп танылуы мүмкін. Кәсіпорын басшысының
кәсіпорынның қызметінде жарғыдан тыс іс-әрекет жасауы еңбек міндеттерін
бұзған болып табылады және белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке
тарту шараларын қолдануға апарып соғады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару органдарының келесілерге
өкілеттіктері болады:
– мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағытын айқындауға;
– мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын, оның
ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерін, оларды берудің мерзімділігі мен
тәртібін қарауға және бекітуге;
– уәкілетті органға тиісті есепті ол белгілеген мерзімде табыс ете
отырып, мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы
көрсеткіштерінің орындалуын бақылауға және талдауға;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мемлекеттік
басшыны тағайындауға және оны аттестациялаудан өткізуге;
– мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің мақсатқа сай пайдаланылуын және
сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
– нормативтік құқықтық актілермен өзінің құзіретіне жатқызылған басқа да
мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктері болады.
Заңды тұлға ретінде кәсіпорынның органы мемлекеттік басқару органына
есеп беретін кәсіпорынның басшысы болып табылады. Мемлекеттік басқару
органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек
туралы заңына сәйкес жеке еңбек шартын жасау арқылы ресімдейді.
Жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімінен, еңбек, демалыс
жағдайларынан, материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен, қатынасты
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген кепілдіктер
ескеріле отырып, атқаратын қызметінен босату негіздерінен басқа, кәсіпорын
басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оның ішінде таза
табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақытылы аудармағаны және
қаржы-шаруашылық қызметі туралы мәліметтер бермегені үшін жауапкершілігі
айқындалады.
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы:
– меншік иесінің (уәкілетті органның) және мемлекеттік басқару органының
алдында кәсіпорындағы істің жай-күйі үшін тікелей жауапты болады;
– жеке дара басшылық жасау қағидалары бойынша іс-қимыл жасайды және
кәсіпорынның барлық мәселелерін сәйкес заң мен кәсіпорын жарғысы
белгілеген құзіретіне сәйкес дербес шешеді;
– кәсіпорын атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды, барлық органдарда
кәсіпорынның мүддесін білдіреді, мемлекеттік кәсіпорын туралы заңмен
белгіленген шектерде кәсіпорынның мүлкіне өкімдік етеді, шарттар жасайды,
сенімхат береді, банкілік есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмілелер
жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және
нұсқаулар береді;
– өз құзіреті шегінде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлерді
кәсіпорынға сәйкес жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады,
көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.
Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы лауазымға
тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсіпорын қызметкерлерінің
номенклатурасы кәсіпорынның жарғысында белгіленеді. Басшының орынбасарларын
кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады. Сондай-ақ олар өздерінің құзіреті
шегінде кәсіпорынның атынын іс-қимыл жасайды, оны мемлекеттік органдарға
және басқа кәсіпорындарға танытып білдіреді, шаруашылық операцияларын және
сенімхатсыз шарттар жасап, сонымен қатар кәсіпорын қызметкеріне сенімхат
бере алады.
Мемлекеттік кәсіпорын тұтас алғанда мүлік кешені ретінде жылжымайтын
мүлік болып танылады және мемлекеттік меншік құқығының объектісі болып
табылады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне
арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар,
құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскелеріне құқығы, талап ету
құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге
құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгілері) және басқа да айрықша құқықтар
енеді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын жөнінде ол біртұтас мүліктік кешен
ретінде болғанда мәмілелер (кепілге беру, жалдау және басқалары) жасауы –
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорын
жөнінде – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
[11]
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті болып
табылады. Ол кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізіледі.
Тапсырыста қамтылған өнімдерді (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетуді)
кәсіпорын өз бетімен сатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар әдетте тұрақты және оның капитал сиымдылылығы
жоғары, себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлылығында.

2 ҚАЗАҚПАРАТ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қазақпарат Ұлттық Компаниясының даму тарихы және оның
ұйымдық құрылымы

Қазақ ақпарат агентігі ұлттық компаниясы (бұдан әрі – Компания)
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ) Республикалық қазыналық
кәсіпорнын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
8 қарашадағы № 1186 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз
қатысатын ашық акционерлік қоғам ретінде құрылған. Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2002
жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Жарғысына сәйкес, оның қызметі
ұлттық ақпарат агенттігін құру, елдің сыртқы және ішкі саясатын ақпараттық
жарнамалау және әлемдік ақпараттық кеңістіктегі Қазақстанның оң келбетіне
қолдау көрсету болып табылады.
ҚазААГ (бұрынғы ҚазТАГ) ақпарат рыногындағы өзінің қызметін 80 жылдан
астам уақыт бойы атқарып келді және Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің
қызметін көрсететін және көптеген қазақстандық және шетелдік БАҚ-тар
арасында өзінің ақпараттық өнімдерін тарататын республикадағы бірден-бір
мемлекеттік ақпарат агенттігі болды.
Компания өзінің қызметінде бұрынғы ҚазААГ қызметін негізге алады.
Қазақстанның ақпараттық қызмет көрсету рыногындағы ежелгі агенттік
ретінде ҚазААГ өзі жұмыс істеген кезінде белгілі бір базалық негіз жасады.
ҚазААГ бес халықаралық ақпараттық агенттіктер қауымдастығының мүшесі
болды, әлемнің жетекші 12 ақпарат агенттігімен тура ақпарат алмасты. Осының
арқасында ҚазААГ Қазақстан туралы жаңалықтарды жедел түрде таратып және
шетелдік хабарларды негізгі көздерден тура алып отырды.
ҚазААГ-тың ақпарат өнімдерін жаздырып алдырушылар қатарында –
республикалық газеттер, теледидар мен радио, облыстық бұқаралық ақпарат
құралдары болды.
Осылайша, Компания ҚазААГ-тың заңды мұрагері ретінде өз қызметінің
негізгі сипатын сақтап қалды. Компания бүкіл Республика бойынша тілшілер
қосынының тармақталған желісіне ие, бұл Қазақстанның қоғамдық-саяси,
экономикалық және мәдени өмірінде болып отырған оқиғалар туралы шұғыл және
объективті ақпараттар беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Компанияның Нью-
Йорк, Мәскеу, Пекин, Брюссель, Ташкент және Бішкек қалаларында шетелдік
тілшілер қосындары бар.
Құрылтайшы құжаттарды Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы
Акционерлік қоғамдар туралы Заңының талаптарына сәйкестендіру
мақсатында, ашық акционерлік қоғамнан акционерлік қоғам болып атауының
өзгеруіне байланысты Компания 2004 жылы 28 шілдеде Астана қаласы бойынша
Әділет департаментінде қайта тіркеуден өтті.
Компанияның Жарғы капиталының мөлшері 45950000 (қырық бес миллион тоғыз
жүз елу мың ) теңгені құрайды.
Ал ол, 45950 (қырық бес мың тоғыз жүз елу) дана қарапайым атаулы
акцияларға бөлінген, әр акцияның номиналдық құны 1000 (бір мың) теңге.
Компания бір орталықтан басқарылатын, құрамында жеке құрылымдық
бөлімшесі (Алматы қаласында филиалы) бар біртұтас заңды тұлға болып
табылады.
Ұйым құрылымында еншілес компаниялар жоқ.
Компанияны басқаруды:
басқару органы – Директорлар кеңесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысымен бекітілген);
атқару органы – Президент.
Компанияны корпоративтік басқарудың қолданыстағы моделі қызметтік
міндеттерді тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй бағасының өсуі
Телекоммуникациялық компьютер компоненттері
КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Шағын компаниялардағы венчурлық жобаларды басқару
Нарықтық экономикада бәсекелес жағдайындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
Баспасөзді қорғаудың маңыздылығы
Баспасөз компанияларында қолданатын қауіпсіздік түрлері
Сақтандыру компанияларының саны
Басқарудың Азиаттық түрі
Пәндер