Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары



Кіріспе
Негізгі бөлім
Кеден одағының құрылу тарихы
Кеден одағының комиссиясы туралы
Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кеден одағының құрылу тарихы
2. Кеден одағының комиссиясы туралы
3. Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары
Қорытынды

Кіріспе
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Кеден одағына біріккендігі белгілі. Бұл одақ бірден, яғни күтпеген жерден басталып кеткен жоқ. Соңғы үш-төрт жылдың аясында жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесінде пайда болды. Қазіргі күні ол ТМД аясында қалыптасқан экономикалық бірлестіктер мен интеграциялық үрдістердің ең дамыған түрі болып табылады.

Кеден Одағының құрылу тарихы

Жалпы, Кедендік одақ дегеннің өзі - бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың келісілген мөлшері.
Егер Кеден одағына бірігу оқиғасы - ның өзіндік тарихына назар аударатын болсақ, Қа - зақстан Беларусь және Ресеймен, сондай-ақ ТМД-ның басқа да елдерімен еркін сауда аймағын құрып, оған қаты - сушылар бір-бірімен сауда жасағанда өзіндік жеңілдіктерді пайдаланып келген болатын. Бірақ тәуелсіздік жылдарында экономикалық жағдайлары жақсарып, алыс-беріс ауқымын одан әрі тереңдете түсуді көздеген Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерін қарым-қатынастың бұл түрі оншама қанағаттандыра қойған жоқ. Сондықтан осы үш елдің мемлекет бас - - шылары 2006 жылдың 16 тамы - зында Қазақстан, Беларусь, Ресей ара - сында еркін сауданың неғұрлым жо - ғары сатысы болып табылатын Кеден одағын құру жөнінде шешім қабыл - дады. Содан бастап осы одаққа бірігу жөнінде дайындық жұмыстары бастал - ды. 2007 жылдың 6 қазанында Кеден одағын қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. 2009 жылдың 9 маусымында бірыңғай кедендік аумақ құрудың кезеңдері мен мерзімі мақұлданды. Осы шешім бойынша Кеден одағының әрекет етуі 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталып, одақтың толыққанды жұмы - сын жолға түсіретін барлық қажетті үдерістер 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс деп белгіленді.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2007 жылы қазан айында Душанбе қаласында Кеден одағы комиссиясы туралы шартта қол қойылды.
Осы жоғары ұлттық орган құрамына үш тараптардың өкілдері кіреді, оның шешімі үш мемлекеттердің аумағында орындалу үшін міндетті.
Комиссия отырысы әр сайын өткізіледі. Беларусь, Ресей және Қазақстан Кеден одағы комиссиясы Кеден одағының институционалды жүйесін, жаңа экономикалық кеңістік, тауарлардың еркін айналымын қалыптастыру, ұлттық өндірістегі тауарлармен өзара саудадағы кедендік процедураларын жою үшін құрылды.
Бұдан басқа Кеден одағы әрекеті шеңберінде арнайы қорғау, демпингті және компенсациялық қарсы шараларды есептемегенде, кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде үшінші елмен тауар саудасын реттеудің бірыңғай кеден тарифі және басқа да бірыңғай шаралар қолданылады.
2009 жылдың 27 қарашасы күні мемлекет бас - шыларының Минск қала - сындағы кездесуінде Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол қойылды. Бұл кодекс 2010 жыл - дың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін болды.
Сөйтіп, жоғарыда айтып кеткені - міздей, 2010 жылдың 1 қаңтары - нан бастап осы одақты қалыптас - тырудың нақты қадамы ретінде үш мемлекеттің ке - дендерінен өтетін тауарлардың бірыңғай тарифы жұмыс істеуге кірісті. Яғни Кеден одағы өзінің нақты мәнінде өмірге келді.
Бұл одақтың өмірге келуі аталған үш мемлекеттің сауда-экономикалық саясатына елеулі өзгерістер енгізуді қажет етеді. Соның ең бастысы осы үш елдің ортасында тауарлар экспорты мен импортының баж салығынсыз жүргізілетіндігі. Яғни осы үш ел шы - ғаратын және бір-біріне саудалайтын тауарлар мем - ле - кеттік шекаралардан өткен тұста олардан бұдан былай кедендік алым алынбайтын болды. Сонымен қатар осы үш ел Кеден одағына біріккен соң өздерінен тыс үшінші бір елге қатысты бірыңғай сау - да саясатын жүр - гізуге тиіс. Бұл саясат төмен - дегідей бағыттардан тұрады:
* бірыңғай кеден тарифтерін қарас - тыратын бірыңғай кедендік тарифтік саясат;
* тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе отырып қабылдап, өмірге енгізу;
* елдердің ішіндегі кеден заңдылық - тарының біріздендірілуі.
Қазіргі күні Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптас - тыру жұмыстарын аяқ - тауға бағыттал - ған 38 халықаралық келісім қабылдан - ды. Мұның сыртында Кеден одағының аясында, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабыл - данған 13 халықаралық келісім әрекет етуге кірісті. Кеден ода - ғының жұ - мысын ретке кел - тіріп отыратын негізгі органдар құрылды.
Кеден одағының ең жоғарғы орга - ны Мемлекет басшылары немесе Үкімет басшыларының кеңесі болып табы - лады. Онда қабылданған шешім - дер - ді жүзеге асыру одақтың негізгі жұмысшы органы - Кеден одағы ко - миссиясына тапсырылады. Мем - лекет басшыларының 2007 жылдың 6 қазанында қол қойған келісіміне сәй - кес Кеден одағы комиссиясының шешімдері осы үш елдің мемлекеттік аумақ - та - рында бірдей қолданылады. Сонымен қатар комиссия тиімді жұ - мыс істеу үшін оған кедендік тариф - тік және тарифтік емес реттеу сала - сын - да бірқатар өкілеттіктерді беру жоспар - ланып отыр және жүзеге асу үстінде.
Әрбір мемлекет Кеден одағы ко - мис - сиясына өзінің бір өкілін ұсынады. Ол өкілдердің әрқайсысы бір-бір дауысқа ие. Қазіргі күні осындай тәртіппен Кеден одағында үш өкіл жұмыс істеуге кірісті. Олар: Қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасы Премьер-Минис - трінің бірінші орын - басары Өмірзақ Шөкеев, Ресей жағы - нан - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орын - басары Игорь Шу - ва - лов, Беларусь жағынан - Бе - ларусь Республикасы Үкіметі Төра - ға - - сының орынбасары Андрей Кобяков.
Кеден одағын құру барысында аталған үш мемлекеттердің басшы - ла - ры - ның алдын ала жасалынған келісі - міне сәйкес онда Қазақстанға өтпелі кезең қарастырылған. Осы өтпелі кезең бойынша Қазақстан еліміз үшін неғұрлым қажетті деп табылатын 400-ге тарта импорттық тауарлар түрі бойын - ша неғұрлым төмен кедендік баж салығын белгілеу құқығын өзінде қалдырып отыр. Мұның өзі дәрі-дермек секілді бірінші кезектегі қажетті болып табылатын тауарлардың Кеден одағына кірмейтін шет мемлекеттерден елімізге бұрын - ғысынша арзан бағамен келуіне мүмкіндік береді.
Кеден одағының комиссиясы туралы
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағының бiрыңғай тұрақты жұмыс iстейтiн реттеушi органы ретiнде Кеден одағының комиссиясын құрады. Комиссияның негiзгi мiндетi кеден одағының жұмыс iстеуi және дамуы жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
Комиссия өзiнiң қызметiн:
* Тараптардың мемлекеттiк органдары өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комиссияға ерiктi түрде кезең-кезеңiмен беруi;
* Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттық мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ету;
* қабылданатын шешiмдердiң экономикалық негiздiлiгi;
* ашықтық, жариялылық және әдiлдiк принциптерi негiзiнде жүзеге асырады.
Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
* кеден одағының жоғарғы органы қабылдаған шешiмдердi орындайды;
* кеден одағын қалыптастыру жөнiндегi халықаралық шарттардың орындалу мониторингiн жүзеге асырады;
* кеден одағының қалыптастыру және оның жұмыс iстеу мәселелерi бойынша Тараптар үкiметтерiнiң қатысуымен кеден одағының жоғарғы органы үшiн ұсынымдар әзiрлейдi;
* өзiнiң өкiлеттiктерi шегiнде кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
* Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнгенге дейiн дауларды кеден одағының шеңберiнде реттеуде Тараптарға жәрдем көрсетедi;
* өзiнiң өкiлеттiктерi шегiнде Тараптардың мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
* кеден одағын қалыптастыру жөнiндегi халықаралық шарттардың депозитарийi функциясын атқарады.
Комиссияның өз қызметiнiң нақты салаларындағы функцияларын жүзеге асыру тәртiбi мен талаптары Тараптар арасындағы жекелеген халықаралық шарттармен белгiленедi. Комиссияға әрбiр Тараптан қажеттi өкiлеттiктер берiлген үкiмет басшысының орынбасары немесе үкiмет мүшесi болып табылатын бiр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден одағының тарихы
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
Халықаралық келісім - шарттар
Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Учаскелердегі ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Экономикалық қауіпсіздік туралы
Кедендік төлемдер
Пәндер