Айыппұл түріндегі жазаны атқару



Айыппұл түріндегі жазаны атқару

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Айыппұл түріндегі жазаны атқару

Айыппұл Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында көрсетілген
реттерде және жаза тағайындау кезінде қолданылып жүрген айлық есеп
көрсеткіштің белгілі бір мөлшерде, не сотталушы адамның жалақысының белгілі
бір мөлшерде, не сотталушы адамның жалақысының немесе белгілі бір кезеңдегі
басқа да табыстары көлемінде тағайындалатын ақша өндіру болып табылады.
Ол заңда белгіленген айлық есеп көрсеткіштің 25-тен 20 мыңға дейінгі
шегінде немесе сотталған адамның жалақысының екі аптадан бір жылға дейінгі
кезеңдегі табысы және де өзгеде табысы мөлшерінде тағайындалады.
Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тағайындала алады. Бұл жаза
әскери жазалардан басқа, барлық негізгі жазаларға, қосымша жаза ретінде
тағайындалуы мүмкін.
Айыппұл жазалардың қосымша түрі ретінде, Қылмыстық заңның Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалады.
Айыппұлдың мөлшері айыпталушының мүліктік жағдайына және жасаған қылмысының
сипаты мен дәрежесіне қарай анықталады.
Сот айыппұлмен жазалау туралы жазаны жариялағаннан кейін, сотталушы
адамға 1 айдан кешіктірмей айыппұлды төлеуге міндетті екені және айыппұлды
ерікті түрде төлемеген жағдайда, ол мәжбүрлі түрде өндірілетіні жөнінде
ескерту жасайды.
Сотталушы айыппұлды өз еркімен бір ай ішінде төлемеген жағдайда, сот
атқару қағазының негізінде мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Айыппұл сотталушының
мүлкінен, соның ішінде оның сотта анықталған ортақ меншіктегі үлесінен
өндіріліп алынады.
Айыппұлды өндініп алу кезінде, қылмыстық-атқару кодекісінің
қосымшасында белгіленген тәркілеуге жатпайтын мүлікті алуға болмайды.
Сотталған адамның айыппұлды бірден төлеуге мүмкіндігі болмаған
жағдайда, сотталушының өтініші бойынша, сот төлем мерзімін ұзартады немесе
алты айға дейін бөліп-бөліп төлеуге мүмкіншілік береді.
Ұзарту - бұл сот белгіленген белгілі-бір айдан аспайтын уақыт ішінде
айыппұлды толық төлеуге мүмкіндік беру. Ал бөліп төлеу - айыппұлды белгілі
бір уақыт ішінде бөліп-бөліп төлеу болып табылады. Бөліп–бөліп төлеуде, сот
әрбір айыппұл бөлігін төлеудің нақты уақытын белгілейді. Сотталушы адам
айыппұлдың ең соңғы бөлігін, соттың белгілеген уақытының ішінде төлеуі
керек.
Сотталушының айыппұлды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін, мынандай
жағдайларда қанағаттандырылуға жатады: егер мүліктік жағдайы ауыр болса, не
өзі қатты сырқат болса, жүкті болса, асырауында жасөспірім балалары бар
болса, өрт немесе басқа да бақытсыздық жағдайға ұшырыса. Сотталған адам
айыппұлды жедел төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайын жақын туысының қайтыс
болуымен, ауру болуымен және тағы басқа жағдайлармен байланыстыра алады.
Сот орындаушысының үкімді орындауды немесе бөліп-бөліп төлеу туралы
мәселені өз бетімен шешуге құқы жоқ..
Айыппұл берілген мерзімде төленбесе, үкім шығарушы сот үкім қағазының
негізінде мәжбүрлі орындау шарасы жүргізілетінін хабарлайды.
Сот орындаушысы айыппұлды өндіріп алу үшін қажетті мүліктердің тізімін
жасайды, оған арест салып мүліктердің тізімін сотқа береді.
Сот орындаушысы сотталған адамның ақшасына, қымбат бағалы заттарына,
банктегі және басқа да несиелік мекемелердегі сақтауда жатқан салымдарына,
мүлкіне айыппұл соммасының мөлшеріне арест салуға құқылы.
Сотталған адамның еңбек ақысынан немесе зейнетақысынан, басқада табыс
көзінен өндіру, оның мүлкі болмаған жағдайда немесе айыппұлды толық өндіріп
алуға бұл мүлік жеткіліксіз блоған жағдайда жүргізіледі.
Бірнеше атқару істері болғанда, ең алдымен алимент өндіріп алушының,
денсаулыққа зиян және басқа да келтірілген зақымды өтеу талабы, сонымен
қатар асыраушының өліміне байланысты еңбек құқық қатынасынан туындайтын
талаптар қанағаттандырады.
Егер сотталушы адамның мүлкі айыппұлдың сомасын өндіріп алуға
жеткіліксіз болса, онда сотталған адамның ортақ мүлкі өндірілетін
мүліктардің қатарына қосылады. Сот орындаушысы мұндай жағдайда, сотталушы
адамның үлесінлегі мүлікті анықтап беру туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.
Тізімдегі заттар сүргіштеледі, мөр басылады және сақтауға беріледі.
Сотталған адамның мүліктік жағдайы немесе басқа табыс көздері айыппұл
сомасын өтеуге толық жетпесе, айлық табысынан немесе соған теңестірілген
табысынан 50 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Мұндай жағдайда сотталушы
адам, айыппұлдан басқа да міндетті төлемдер (мысалы: алимент, келтірілген
зардаптың орынын толтыруға міндеттелуі, т.б.) төлеуге міндеттелген болса,
айыппұл осы 50 пайыздан аспайтын алымның ішінде өндіріледі.
Айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатында, сотталған адамның
немесе басқада адамдардың (туыстары, достары, көршілерінің үйлері) тұратын
үйіне тексеру жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сот орындаушысымен бірге
айғақтар болуы керек.
Сотталған адам үйде болмаған жағдайда, кәмелеттік жасқа толған жанұя
мүшесінің, заңды өкілінің, ал олар болмағанда айғақтардың қатысуымен үй-жай
тексеріледі.
Сотталушы адамның және асырауындағы адамдардың күнделікті қажетті
заттары, мүліктері алынуға жатпайды.
Айыппұл тұріндегі жазаны атқару сотталған адамның тұрып жатқан жерінде
жүргізіледі. Сотталушының тұратын жері өзгерсе, сот орындаушысы атқару
қағазын сотталған адамның тұрып жатқан жеріндегі енмесе мүлік тұрған
жерднгі сот орындаушысына жібереді.
Егер сотталғант адам жұмыс істемейтін болса, онда сот орындаушысы
айыппұлды өндіру үшін сотталушының мүлкі тұрған жерлерді табуға шаралар,
әрекеттер жасайды.
Атқару қызметі мынадай жағдайларда тоқталуы мүмкін: сотталушы адам
кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылғанда, ұзақ мерзімдік жол сапарында
болған жағдайда, емдеу мекемелерінде ауырып жатқанда, сотталған адамның
өзімен мүлкі іздеуде болған жағдайларда және осы тәріздес айыппұлды өндіру
мүмкін болмаған т.б. жағдайларда.
Айыппұл жазасын атқару сотталушы адамның қайтыс болуына, үкімнің талап
мерзімінің өтуіне байланысты қысқартылады.
Қылмыстық-атқару заңы, айыппұлды төлеуден қасақана бастартудың
салдарын қарастырады.
Айыппұлды белгілеген мерзімде төлемеген және өзінің кірістері мен
мүлкін өндіріп алудан жасырған адам, айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы
деп танылады.
Сотталушының айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот
орындаушысының ескертуіне қарамай төлемесе, оны айыппұл төлеуден қасақана
жалтарушы деп тану керек. Мысалы, сотталушының мүлікті тізімге тіркеуден
жасыруы, жұмыстан шығып кетуі, тізімге алынған мүліктерін немесе белгілі
үлестерін жасыруы тәрізді, т.б. әрекеттер.
Айыппұл жазаның негізгі түрі ретінде оны төлеуден әдейі жалтарған
жағдайда, қылмыстық заңда көзделгенер ежелерге сәйкес, айлық есеп
көрсеткіштің үш еселенген мөлшерімен немесе, айыппұл сомасы үшін
тиісіншебір ай түзеу жұмыстарына немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға
тартумен немесе 10 күнге қамаумен ауыстырылды.
Сотталушының қасақана жалтарғаны үшін, сот айыппұлды басқа жазалармен
ауыстырса, айыппұл төлеу орындалуға жатпайды.
Айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін түзету жұмыстарына сотталған адам,
егер түзеу жұмысын өтеуден жалтарса, онда сот түзету жұмысының өтелмеген
мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру, қамауға алу немесе бас
бостандығын шектеу жазасымен ауыстыра алады.
Белгілі-бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқынан айыру жазасы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында
немесе басқа да қызметте істейтін адамдарға тағайындалады. Бұл жаза
негізгі және қосымша жаза ретінде тағайындала алады.
Негізгі жаза ретінде 1 жыадан 5 жылға дейін тағайындалса, қосымша жаза
ретінде 6 айдан 3 жылға дейін тағайындалса, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3
жылға дейін тағайындалады.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға
қосымша жаза ретінде тағайындалса немесе негізгі жаза ретінде тағайындалса,
ол қылмыстық-атқару инспекторларымен атқарылады. Егер бұл жаза бас
бостандығынан айыру жазасына қосымша жаза ретінде тағайындалса, онда
сатталған адам жаза өтеп жүрген түзеу мекемесі әкәмшілігінің бақылауымен
атқарылады.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазасы бақылау жүргізу түрінде атқарылады. Қарастырылып
отырған жаза, екі саладығы қызмет түрімен айналысуға тиым салады:
мемлекеттік қызметте немесе жергілікті басқару органдарында лауазым
иеленуге тыйым салу; белгілі бір мамандықпен немесе өзге кәсіп түрімен
айналысуға тиым салу. Бұл тиым салу түрі мекеме, кәсіпорындарда белгілі бір
мамандық бойынша жұмыс істеуге тиым салуды немесе жұмыс орынын пайдалану
(мысалы, автотранспорт құралдарын пйдау құқығы) аталған жаза құқығынан
айыруды білдіреді.
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жаза қосымша жаза
ретінде тағайындалғанда, сотталушының тұрғылықты жері бойынша бақылау
түріндн атқарылады.
Бұл жаза қоғамдық жұмыстарға, түзеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі
Айыппұлға қатысты заңдардағы қылмыстық-құқықтық шараның осы түрін орындау және тағайындау мәселелерін жетілдіру
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Қосымша жазаны қолдану мәселелері
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Жазалар жүйесі және олардың түрлері
Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Пәндер