Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

1-тарау. Инфляция3

1. 1 Инфляцияның түрлері3

1. 2. Инфляцияның себептері4

1. 3. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары6

2-тарау. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы7

2. 1 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы7

2. 2. Жұмыссыздық және оның түрлері8

2. 3. Жұмыссыздардың сан жағынан көбеюі9

2. 4. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі9

2. 5. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы10

2. 6. Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы12

Қорытынды13

Қолданылған әдебиет тізімі15

Кіріспе

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflatio - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 - 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады.

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

1-тарау. Инфляция

1. 1 Инфляцияның түрлері

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.

Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

1. 2. Инфляцияның себептері

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ - ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен өамтамазыс етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгңейінің жалпы өсуі қазіргі арықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигопиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық”инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарла бағасының қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбататады, ал бұл дүнмежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол “инфляция ны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т. б. факторлар себепші болды.

1. 3. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т. б. басынан өткізеді.

2-тарау. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы

2. 1 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы

Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіпқысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында (қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушы лардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

Экономиклық өсудің қарқыны процентпен өлшенетін белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.

Инфляция өсу қарқыны процентпен өлшенетін белгілі бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады. өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.

Нарықтық жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заианында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес.

2. 2. Жұмыссыздық және оның түрлері

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың мынадайсан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т. б. осыларға толық тоқталайық.

Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.

Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезеңде қолданылғанда болады.

Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қутының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.

Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық - адамды машиналармен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зерттеулерінің мәліметі бойынша, қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері де бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі:

  1. жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;
  2. жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты жатқызады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары - жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының өзінде -ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардың 2000-нан астам жұмыскерлері еңбектен босатылды, 25000 адам еріксіз демалысқа жіберілді.

Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі - ғылими- техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қежет ететін өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс салссында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

2. 3. Жұмыссыздардың сан жағынан көбеюі

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың шілде айында “Халықты жұмыспен қамтамасыз ету” туралы заң қабылданған болатын. Алайда, ол заң елімізде болып жатқан сан қилы өзгерістерге байланысты жарамсыз болып қалды. Сондықтан біз өркениетті елднрдің тәжірибесіне сүйене отырып, осыдан үш жыл бұрын жаңа заңның жобасын “Еңбек” министрлігі арқылы Парламентке ұсынған. Ол заң мәжілісте талқыланып, қабылданды. Ұсынған сол жобада мекемемізге тіркелу мәселесі біршама оңайлатылған. Баяғыдай құжат жинауға уақыт кетпейді, әрбір келушінің төлқұжаты мен жұмыстан не үшін босатылғандығы туралы анықтама қағазы болса жетіп жатыр.

2. 4. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен қызметіде өзгереді . Еңбек биржасы - бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметітері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмысқа, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі, олардың жұмыскерлерді еркін түрде алуға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

2. 5. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

Адамзат тарихының тәжиребесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы - тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз- ең алдымен жұмыс күшіне сұраным. әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу, оны - әкімшілдік- әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызжды, өмір сүру ресурстарын бөлуге теңгермеушілікке жол берді. Ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әімшілдік- әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтандырылған жоспар бойынша, өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын жасау, еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды, және де бұл кадрлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмнен қолдау алып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санына тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төменділігінің және жұмыскерлерді өндірісті негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді. Оның есесіне, жұмыскерге белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақтылы кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде болмды. Соның нәтижесінде, жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі қатаң шектеледі. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, оларды өздерінің жұмыс күшін қолдануға тек қана мемлекет белгіліген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

Қазіргі жұмыспен қамтамасыз ету салаларында өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыс жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі - кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында, жұмыс орнын ауыстырамын депбіраз уақыт жұмыссыз қалды. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған диплмы бар адамдар да оңай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл - құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы
Инфляцияның түрлері
Инфляция дегеніміз не
Инфляцияның түрлері мен себептері
Инфляцияның түрлері, себептері
Инфляция және жұмыссыздықтың өзара байланысы
Инфляцияға жалпы сипаттама
Жалпы жұмыссыздық
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
Инфляция мен жұмыссыздық мәні, себептері мен әлеуметтік салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz