Эстетикалық мәдениет



ЖОСПАР

1. Эстетикалық мәдениет
2. Өнердің дамуы

Қолданылған әдебиеттер
Өнер философиясы

Эстетикалық мәдениет — өзінің көпқабаттылығы мен сипатталатын күрделі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілемелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз құрамына материалдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.
Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субъекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б. қолдануды талап етуі мүмкін. Тіпті музыкант немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен таланты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажет екендігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсіресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Бекбосынова Ж.Б. Принципы герменевтики. — М., 1995.
2. Бердяев Н.А. Сочинения. В 2 т. — М., 1990.
3. Бодрийяр Ж. Система вещей. — М., 1995.
4. Бубер М. Два образа веры. — М., 1995.
5. Валиханов Ч. Избранные произведения. — М., 1986.
6. Вебер М. Избранное. Образ общества. — М., 1994.
7. Виндельбанд В. Избранное: Дух и история. — М., 1995.
8. Витгенштейн. Л. Философские работы. В 2 т. — М., 1994.
9. Габитов Т.Х. и др. Культурология/Учебник. — Алматы, 2003.
10. Габшпов Т.Х. Этика юриста. — Алматы, 1999.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Эстетикалық мәдениет
2. Өнердің дамуы
Қолданылған әдебиеттер

Өнер философиясы

Эстетикалық мәдениет — өзінің көпқабаттылығы мен сипатталатын күрделі
құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілемелі
дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз
консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің
өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті
формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй
интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп
қоюмен шектеледі. Мәдениеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір
құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына
жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді.
Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз құрамына материалдық
мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл
мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.
Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субъекттің рухани күш-
жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін,
шеберлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық
құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б. қолдануды
талап етуі мүмкін. Тіпті музыкант немесе суретші өз ойын жеткізу үшін
техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен таланты шығарма тудыру
сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық
пен эстетикалық сұңғылалық қажет екендігі айдан анық. Алайда, эстетикалық
мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына
жататындығын анықтағанда, ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған
шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсіресе оның қаншалықты
мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.

Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады.
Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді.
Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін
әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені
білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өз еңбегінде өнер
терминінің қазіргі тілде екі мағынада — кең және тар мағыналарында
қолданылатынын айтады (Культурология: курс лекций. Алматы, 1994). Өзінің
кең мағынасында өнер адамның барша шығармашылық жасампаз әрекетін білдіреді
және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып
табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек
қолданылады: орыстың искусство деген терминімен аударылатын роіesis
сөзі ежелгі гректерде білім, туынды, сана ұғымдарын да білдіреді.
Адам әрекетімен байланысты және осы әрекеттің өнімі болып табылатын барлық
нәрселер роіеsisiа — адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат
жаратпаған табиғи салаға — Рhysis қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында
өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері, үдерістері
(бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б.) болып табылады. Дәл осы мағынасы
қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде
қарастырамыз.
Жекелеген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр
түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай
жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады.
Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік
тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік-
тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен
құндылығын қамтамасыз ететін оның полифункционалдылығын (көп қызметтілігін)
тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша
қызметтерінің дерлік өз дублерлері (қосалқылары) бар: өнер — бұл таным,
алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер — тәрбие, бірақ бұл мәселемен
айналысатын педагогика да бар; өнер — тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен
қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер — әрекет, бірақ
еңбек — әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты
формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде бір формасын алмастыра алмайды,
өйткені ол әрбір әрекетті ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті
еш нәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттің ерекше
пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік
функцияларында.
Ерте кездің өзінде-ақ өнердің көңіл көтерте отырып, үйрететіндігі
белгілі еді. Өнерді қабылдау мен көркем шығармашылық үдерісі барысында
адамның ләззат алуы мен эстетикалық ықпал етуі арқасында оның тәрбиелік
әсері де, ақпарат алу да, тану да, тәжірибе алмасу да, әлем жағдайын талдау
да, шаттану мен шабыттану да жүзеге асады. Адам жаратылысы өнер ерекшелігін
анықтайды.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту
үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол — адам өмір қамының
бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және
тұтастығында қайта жаратады, оның өмірлік және көркемдік тәжірибесімен
өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымына әсер
етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында
бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға — ұлт — адамзат сияқты
әлеуметтік бастаулар қиылысады.
Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына
оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік
идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркімде әр
түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі.
Өнерде болса иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада
берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің индивидуалдық санасына
көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық
қатынасы қалыптасады.
Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана таңбаланбайды. Шығармада адамдардың
жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты нәрселерді бейнелей отырып,
суреткер оған тұлғалық форма береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.
Осылайша, ол халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді.
Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді.
Өнердің төлтумалығын ашу кілті де осында. Бейнелік (образдық) ойлаудың әр
түрлі ұлттық құрылымдарында сезімдер, бояулар, белгілер алмасуының
эмоционалдық алгоритмдері де әр түрлі. Өнердегі ұлттық ерекшеліктің дәл
анықтамасын Н.В.Гоголь береді: ...нағыз ұлтжандылық сарафанды (алжапқышты)
сипаттауда емес, халық рухының өзінде. Ақын, тіпті, мүлде бөтен әлемді
сипаттаған кезде де ұлтжанды бола алады, ол оған өзінің ұлттық стихиясының,
өз халқының көзімен қарайды, қалай сезініп, қалай сөйлегені —
отавдастарының өзі солай сезініп, солай сөйлейтініндей қабылданады .
Ұлттық өмірлік-тарихи және көркем тәжірибе өз қайталануында да
қайталанбайды. Ол халықтар біртұтас қоғамдық заңдар бойынша өмір сүріп,
жасампаздықпен айналысқандықтан қайталанады. Ол жалпы заңдар әрбір халық
тарихында өз индивидуалдық өзгешелігімен көрінгендіктен қайталанбайды. Әр
халықтың өнері ұлттық пен жалпы адамзаттықтың осы диалектикасын жеткізе
алады. Нағыз жоғары өнердегі ұлтжандылық пен тұтастығы арқылы көрінеді.
Суреткердің ұлттық алғышартпен сипатталатын санасы белгілі бір әлеуметтік
мүдделерге сай жаңғырған күйінде жалпы адамзаттылықты бейнелейді. Бұл ұлы
туындылардың өз жаратушыларының тарихи шектеулі шеңберінен шығып, ғасырлар
бойы өз құндылығын сақтауға, өзге құндылықтар бағдарындағы жаңа дәуір
адамдарының санасына еркін енуіне мүмкіндік береді.
Әлемге деген құндылық қатынас түрлерінің бірі эстетикалық қатынас
болып табылады. Әсемдік пен тұрпайылықты, ас қақтық пен таяздықты,
трагедиялық пен комедиялықты сезіну, түйсіну өнер мен шындық қасиеттерін
бағалау мен тануды білдіреді. Бұл бағалау құндылық мәнге ие эстетикалық
қатынас объектін игерудің жалғыз ғана мүмкіндік тәсілі болып табылады.
Табиғатты эстетикалық игеру үдерісінде адам табиғи-биологиялық та,
өлеуметтік те жан болып есептеледі. Және табиғатта оған физиологиялық өз
өмірқамы үшін қажетті нәрсе ғана бағалы емес, оның әлеуметтік болмысымен
байланысты нәрселер де құнды. Өйткені адам табиғатты өз өмірімен, өз
қайғысы, қуанышымен пайымдай отырып, оны адамдандырады.
Ақындар, суретшілер, музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік
іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсаттылықтағы, заңдылық
көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның
нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік — бұл алуан түрліліктің тұтастығы,
өзінше құндылық емес, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың
өзінде үйлесімділік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді.
Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы - бұл адамзат
мәдениетінің құбылысы.
Эстетикалық құндылықтардың категориалдық талдауын эстетикалық
мазмұнының өзінен бастаған дұрыс. Эстетикалықтың аксиологиялық түсіндірілуі
эстетикалық құндылықтардың нақты формаларын қарастырудың бастапқы позициясы
ретінде қызмет атқарады. Эстетикалық — бұл әсемдікке, тұрпайылыққа,
асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа және өзге де өнер мен
өмір сипаттамаларына тән жалпылықты бейнелейтін эстетиканың ең кең және
фундаменталды категориясы.
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнер кейпіне енетін өсемдік болып
табылады. Демек, әсемдік — бұл адам әлемі туралы ұғымдардың бірі, өмірдің
бүкіл күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамаларының бірі. Тек
нақты өмірді ғана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған
өмірлік әлем шеңберінен шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық
өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де қамтиды.
Әсемдік эстетикалық құндылық ретінде адамзат мәдениеті тарихында, ең
алдымен, антик философиясында терең теориялық тұрғыда талданған еді.
Софистердің бізге жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалық
мәселелерге арналған. Мысалы, Оіаіехеіз деп аталатын трактатты алуға
болады. Бұл шығарманың алты тарауының екіншісі сұлулық пен тұрпайылық
мәселесіне арналған: Әсемдік пен тұрпайылық туралы екіжақты пікірлер
айтылады.
Біреулер оны өз атаулары көрсетіп тұрғандай әсемдік басқа, тұрпайылық
басқа деп тұжырымдайды; келесілері әсемдік те, тұрпайылық та бір деп
есептейді. Мен болсам былайша пайымдаймын. Әшекейлермен безену, иіссуларды
жағу, алтын заттарды тағу еркек үшін — тұрпайы, ал әйел үшін — әсем.
Достарыңа жақсылық жасау — әсем, ал жауларыңа — түрпайы. Дүшпаның-нан қашу
тұрпайы да, ал алаңда жүгіру — әсем. Достарың мен азаматтарды өлтіру —
тұрпайы, ал дұшпандарды өлтіру — әдемі. Және барлығы да осылай... Менің
ойымша, егер біреу адамдарға барлық тұрпайы нәрселерді бір жерге жинауға
бүйрық беріп (әркімнің өз қалауы бойынша) және осы үйіндіден әркім өзінше
әсем деп есептейтін нәрселеріңді алыңдар деп бұйырса, онда адамдар бүл
дүниеден түк қалдырмай талап әкетер еді, өйткені адамдар әр түрлі ойлайды
(Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты. Сократ. Платон. М., 1974,
16—.17 беттер). Бұл мәтін софистер әсемдіктің салыстырмалы сипатын
мойындағанын білдіреді. Әсемдік орынның, уақыттың және мақсаттың
шарттарымен байланысты ғана өмір сүреді. Нәрсе бір қатынасында әсем болса,
екіншісінде тұрпайы.
Әсемдіктің мәні туралы осыған ұқсас ойлар кейінгі ғасырларда да
айтылды. V ғасырда (Византия), XV ғасырда (Испа-ния), XX ғасырда (АҚШ)
айтылған бірнеше аксиологиялық пікірлерді келтірейік. Дионисий Ареопагит:
Әсемдік дегеніміз барлық әсемдік сияқты үнемі мәнді, бірдей әсем, сонымен
бірге ерекше әсем, пайда болмайтын және жойылмайтын... Өз-өзінде және өз-
өзімен келісімінде ол бүкіл әсемдіктің терең сұлулығын сәулелендіріп
тұратын әрқашан да тұтас бейнелі әсемдік. Леоне Эрео: Тән үйлесімділігі,
адам тәнінің үйлесімділігі немесе өнердегі үйлесімділік әлемдік рухта да
үстемдік ететін үйлесімділік пен тұтастық бейнесі болып табылады. Бұл
үйлесімділік әлемдік рухтың бейнесі, өйткені әлемдік рухта реттелген
тұтастық пен формалардың тәртібі сияқты бұл да үйлесімді үндестік тәртіптен
құралады, үйлесімді әндегі, насихатты ой-толғау немесе өлеңдердегі дыбыстар
тәртібін есту нәтижесінде біздің рухымыз онда бейнеленген әлемдік рухтың
үйлесімділігі мен үндестігіне қуанады. Дж. Сантаяна: ...Сүлулық ...
идеалдың көрінісі, құдіретті парасаттың символы болып табылады.
Жаңа заманда әсемдіктің құндылық мәні Гегельдің эстетикалық
еңбектерінде қарастырылған. Эстетикалық құбылысты Гегель танымның
диалектикалық әдісі позициясынан қарастырады. Эстетиканың маңызды
категориясы — әсемдіктің мәніне берген оның анықтамасы терең
диалектикалылығымен ерекшеленеді. Әсемдік идеяның сыртқы болмыспен нақты
бірлігінің сезімдік құбылысы ретінде, ұғым мен нақтылықтың, сыртқы форма
мен ішкі мазмұнның тұтастығы ретінде көрінеді. Әсемдіктің осы
түсіндірмесіне сүйене отырып, Гегель идеал мен оның даму сатылары туралы
ілімін дамытады, идея мен оның сыртқы бейнесі арасыңдағы арақатынасқа
байланысты өнер формаларының қалай өзгеретінін көрсетеді. Гегель әсемдіктің
мынадай анықтамасын береді: Әсемдіктің мәніне сәйкес, әсем объектіде оның
ұғымы, мақсаты және жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзінен туындайтын
сыртқы айқындылығы, алуан түрлілігі мен нақтылығы да көрінуі тиіс. Біз
жоғарыда айтқандай, әдемі зат нағыз мән мен ұғымның және белгілі бір сыртқы
болмыстың имманентті тұтастығы мен келісімі ретінде ғана шынайы... Ұғым мен
құбылыс арасындағы келісім олардың толық өзара бір-біріне енуін білдіреді.
Сондықтан сыртқы форма мен образ сыртқы материалдан ажыратылған болып
қалмайды... оның ұғымына сәйкес нақтылықтың өзіне тән кристалданған форма
болып табылады (Эстетика в4т.,т.1, М., 1968, 123-бет).
Эстетикалық құндылық ретінде әсемдікті философтар ғана емес, көркемсөз
өкілдері де зерттеді. Өнертанымдық әдебиеттерде өнерді түсінудің бастапқы
алғышарты ретінде, әдетте, Н.Г.Чернышевскийдің мынадай белгілі бір
түсіндірмесін келтіреді: Әсемдік бұл өмір... өз ұғымдарымыз бойынша қандай
болуы керек дейтін нәрсені өмірде солай көре алсақ — сол әдемі; өзінде
өмірді көрсететін және бізге өмір туралы ескертетін зат әсем (Избранные
эстетические произведения.)
Қанша дегенмен де, әсемдіктің аксиологиялық талдануы мәдениеттанымдық
және эстетикалық дискурс шеңберінде жемісті нәтижелер береді. Ю. Борев
әсемдіктің барлық алуан түрлілігін бірнеше парадигмаларға жіктейді. Бірінші
парадигма (Платон, Тертуллиан, Фома Аквинский, Франциск Ассизский, Гегель):
әсемдік нақты заттар мен құбылыстардағы таңба немесе құдайдың (немесе
абсолюттік идеяның) кепілі. Екінші парадигма: шындық эстетикалық тұрғыда
бейтарап, оның сұлулығының көзі — индивидтің жанында (Т.Липпс, Ш.Лало,
Э.Мейман), ол адамның рухани байлылығының шындыққа көшірілуінің
(Н.Гартман), қарызға берілуінің (Б.Кроче) нәтижесінде пайда болады;
сұлулық субъекттің затты интернационалды (бағытталған, белсенді,
пайымдалған) қабылдауының нәтижесі (феноменология). Үшінші парадигма
(Сократ, Аристотель, Н.Г.Черныхевский): әсемдік өмір қасиеттерінің адаммен,
оның практикалық қажеттіліктері, идеалдары мен әсем өмір туралы
көзқарастарымен немесе сұлулықтың өлшемі ретіндегі арақатынасының нәтижесі.
Төртінші парадигма (француз материалистері): әсемдік салмақ, түс, форма
және т.б. сияқты табиғат құбылыстарының кәдуілгі қасиеттері болып табылады.
Кезкелген құбылыстың әсемдікке ие болуы оның өзінің толық сезімдік-
нақты тұтастығында қоғамдық адами құндылық ретінде көрінуімен, тұлғаның
үйлесімді дамуына жағдай жасауымен, адамзаттың барлық жақсы қабілеттері мен
күш-жігері іске асуына мүмкіндік беруімен, адамның нақты болмыста бекітілуі
және оның еркіндігін кеңейтуге ықпал етуімен байланысты болады. Сондықтан
сұлулық эстетикалық идеалды бекіте, байыта отырып, адам бойында қуаныш,
сүйіспеншілік, еркіндік сезімдерін ұялатады.
Асқақтық — бұл өзінің ерекше мағыналылығымен және құдіреттілігімен
өзгешеленген әсемдікті сипатпштын эстетикалық категория. Сондықтан да
кейбір асқақ құбылыстар формалары өзінің сыртқы ұсқынсыздығына қарамастан
шаттанудың, шабыттанудың, ерекше танданудың қоздырушы сезімдерін оятады.
Әлемнің шексіздігі мен мәңгілігі, табиғат пен адамның ішкі күш-қуатының
құдіреті, әлемді игерудің шексіз мүмкіндіктері — мұның барлығы асқақтықты
(эстетикалық категория ретінде) бейнелейді.
Егер әсемдік пен асқақтық эстетикалык, құндылықтар бейнелері болса,
онда тұрпайылық пен таяздық оның антиподтары болып табылады. Тұрпайылық пен
таяздық әсемдік пен асқақтыққа қарсы ұғымдар. Аксиологияда, жоғарыда
айтылғандай, кұндылық ұғымы көлеміне қатысты біржақты қалыптасқан пікір
жоқ. Кейбір авторлардың пікірінше, құндылық тек жағымды белгілермен ғана
көрінбейді, жағымсыз құндылық ретінде оның жағымсыз белгісі де болады.
Әрине, құндылықтарды жағымды және жағымсыз деп бөле салуға да болар еді,
алайда бұл терминнің қоғамда қалыптасқан дәстүрлі түсінігі құндылық
ұғымының тек жағымды мағынасын ғана қабылдайды, өйткені құндылық — бұл құны
бар, жағымды нәрсе деген сөз. Мұнан шығатын қорытынды: құндылық қатынастар
шеңберіндегі жағымсыз мағынаға ие заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды
антиқұндылық терминімен белгілеуге болады. Демек, бір-біріне қарсы тұрған
әсемдік пен тұрпайылық — бұл эстетикалық құндылық және антиқұндылық.
Жиіркеніштілік — асқақтықтың үнемі сыртқы сұлулығы бола бермейтіні
секілді, бұл да кейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Көркемдік қажеттілік
Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Театр ұжымдық өнер
Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
Пәндер