Тілдің таңбалық сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ТІЛДІҢ ТАҢБАЛЫҚ СИПАТЫ

Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Осылай болғандықтан, философтар мен лингвистер бұл мәселеге (тілдің таңбалык сипаты туралы мәселеге) ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады.

Ф. де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т. б. салыстыруға болады. Ол (тақбалардың жүйесі ретіндегі тіл. - К. А. ) тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмірінін, ішіндегі таңбалардың табиғатын зерттейтін ғылым бар деп ойлауға болады, біз оны «семиология» деп атар едік».

Таңбалар жүйесінің ұғымы қазіргі заманғы ғылымда кен өріс алғандығын және әр түрлі типтегі таңбалар туралы ғылым - семиотика білімнің әр түрлі салаларының назарын аударып отырғанын айту қажет. «Ғылыми-зерттеу процесінде таңбалық жүйелердің мол тобын қолданудың өрістеуі қазіргі заманғы ғылымның маңызды ерекшелігі болып саналады. Біздің кезіміздің адамдары өзінің практикалық қызметінің табысты болуы үшін «табиғи» таңбалар жүйелерін ғана емес, сонымен бірге әр түрлі жасанды «тілдерді» (математикалық формалар мен теңдемелер жүйелерін, чертеждерді, графиктеоді, таблицаларды және т. б. ) қолдануға мәжбүр болып отыр. Әр түрлі типтегі танбалар жүйелері туралы ғылым - семиотика соңғы кезде зерттеушілердің назарын өзіне өте-мөте жиі аудара бастады. Оның негізгі проблемалары - таңба мен мағынаны анықтау, таңбалық си-туацияның компоненттерінің анализі, таңбалардың типологиясы және т. б. - диалектикалық материализм философиясынын, теориялық танып білу проблематикасымен тығыз астарласып жатады және философтар мен логиктердің, лингвистика, психология және кибернетика салаларындағы мамандардың қоян-қолтық жұмыс істескен жағдайында ғана табысты шешімін таба алады».

Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің және оның элементтерінің (морфема мен сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің) объективті болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік единнцалардың таңбалық қызметіне олардын, (тілдік единицалардын) дамуының танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап білдіру қасиеті мен адамның қоғамдық-тарихи

тәжірибелерінің қорытындыларын (жиынтығын) тіркеу және сақтау қасиеті енеді. Тілдің таңбалық сипатына, ақыр аяғында, тілдік элементтердің мағыналарға ие болу нәтижесінде белгілі бір информацияны білдіруге бейімділігі, қатынас жасау процесінде коммуникативті және экспрессивті қызмет атқаруы енеді. «Демек, «таңбалық» деген термин, онымен синонимдес «семиотикалық» деген термин сияқты, көп мағыналы, оған (терминге) әр түрлі мазмұн ендіріледі және табиғи тілге қатысы жағынан тілдік элементтердің әр басқа терт түрлі кызметіне: белгілеу (таңбалау) қызметі (репрезентативті қызмет), жалпылаушы қызмет (гносеологиялық қызмет), коммуникативті қызмет және прагматикалық қызметке қатысты бола алады. Тілдің ойлаумен, танымның логикасымен және механизмімен тікелей байланысы, адам баласы тілінің объективті дүниенің кеп түрлі сипатының күллісін белгілеудің универсалды жүйесі ретінде қызмет ететін ерекше қасиеті - осының бәрі тілдің таңбалық аспектісін әр басқа ғылымдардың (философияның, семиотиканың, логиканың, психологияның, тіл білімінің және т. б. ) зерттеу предметіне айналдырады.

Жалпы таңба атаулының, әсіресе тілдік таңбаның, айрықша белгісі оның (таңбаның) табиғатының екі жақтылығында. Мысалы, көшедегі жүріс-тұрысты светофор арқылы ретке келтіру (басқару) жүйесінде жасыл түсті таңбаның формасы ретінде қарауға болады және оған осы жүйенің ішінде белгілі бір мазмұн, атап айтқанда, «қозғалуға, жүруге, өтуге рұксат» деген мазмұн сәйкес келеді. Бұл семиотикалык жүйенің элементтері екі жақты құбылыс ретінде, яғни осы жүйенің ішінде формасы және мазмұны бар таңбалар ретінде кызмет етеді. Жасыл түс сигнал жүйесінен тыс «қозғалуға, жүруге, етуге рүксат» дегенді білдіре алмаған болар еді. Тілдік таңбалар да осы сияқты; мысалы, бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Егер белгілі бір элемент семиотикалық жүйеде ешбір мәнге ие болмаса, онда ол сол жүйенің таңбасы емес, жай ғана физикалык дыбыс болып қалады. Тілдік таңбанын, екі жақты сипаты онын; ең мәнді белгілерінін бірі болып саналады. Таңбаның екі жағы - таңбалаушы және таңбаланушы жақтары тілде олардын абстракциясы, сәулеленуі түрінде тіркеледі, сөйлеушілердің санасында мағыналар (тілдік ұғымдар) түрінде және таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақталады.

Шартты жүйелердің (тіл жүйесінен басқа жүйелердің) таңбаларында бір таңбалаушыға, әдетте, бір ғана таңбалаушы сәйкес келсе, тілдік таңбаның екі жағы бір-бірімен басқаша пропорция бойынша қатынасқа түсуі мүмкін. Мұны былайша көрсетуге болады: «біреу: бірнешеу» (бір ғана таңбалаушы: бірнеше таңбаланушы) немесе «бірнешеу: біреу (бірнеше тақбалаушы: бір ғана таңбаланушы) . Тілдік таңбаның таңбалаушы және таңбаланушы жақтарының мұндай қатыстарының іздері (салдары) үлкен және олар тілдегі полисемия мен омонимия құбылыстарынан (бір ғана таңбалаушы - бірнеше таңбаланушы), синонимия құбылысынан (бірнеше таңбалаушы - бір ғана таңбаланушы) және тіл жүйесіндегі синкретикалық формалар мен дублет формалардан көрінеді. Тілдік таңбаның екі жағыньщ белгілі бір автономиясы (дербестігі) таңбалаушыньщ өз (меншікті) қызметінен басқаша қызметке ие болуына, ал таңбаланушының оның таңбасыныңі өз формасынан басқаша құралдармен айтылуына мүмкіндік береді. Тілдік таңбаның екі жағының ара қатысының өзіндік ерекшелігі таңбаланушының таңбалаушыға әрқашан сәйкес келе бермеуінен гөрі таңбалаушы мен таңбаланушьшың элементтерге мүшеленуінін бір-бірімен сәйкес келмеуінде деп түсіну дұрыс болмақ.

Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындауда таңбанынң қызметінің сипаты негізге алынады. Осыған орай, тілдік таңбаның типтері делініп мыналар саналады:

а) дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар -фонемалар (фонемалар потенциалды түрде мағынамен ұштасады) .

ә) дифференцияалаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар - грамматикалық морфемалар, тілдік единицалардың синтаксистік байланыстары мен семантикалык байланыстарының моделдері.

б) әрі дифференциялаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар (мұндай таңбалар толық таңбалар деп те аталады) . Бұлар - сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.

Тілдік таңбаның белгілерінің бірі ретінде, әдетте, оның (таңбаның) еріктілігі (произвольность), шартты екендігі аталады. Тілдік таңбаның еріктілігі дегеннен таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы байланысты дәлелсіздігі (немотвирсванность), еркіндігі ұғынылады. Бір зат немесе ол туралы ұғымның әр басқа тілде әр басқа дыбыстық комплекспен аталуы зат пен оның атауының арасында етене байланыстын, жоқтығынан болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары
Таңбалар жүйесінің ұғымы
Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары туралы ақпарат
Тілдің танбалық сипаты туралы ақпарат
Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Тілдік қатынас
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz