Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық және процесстегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі



Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі ... ... ... ... ... 10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері ... ... ... 47

2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ... ... ... 51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі ... ... ...57

3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері ... ... ... ...65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ... ... 73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ... ...80

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны
мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және
оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3. Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және
негіздері ... ... ... 47

2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ
ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы
... ... ... 51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі,
оларды ауыстыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы
... ... 73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару
органдарының іс жүргізуге қатысуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89

КІРІСПЕ

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы
азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу
құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар
және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты
бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау.
Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа
да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б)
процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін
жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету
үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс
жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер
азаматтық іс жүргізу барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына
жатады. Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар)
өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға құқылы.
Тараптар сотта субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын жеке
мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық
сот өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс
анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға
мүмкіндік береді. Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалдық
құқықтары мен міндеттерінде көрініс табады. Тараптардың азаматтық іс
жүргізу құқықтарын жалпы және арнайы деп қарастырады. Жалпы – бұл
тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар. Арнайы –
азаматтық іс жүргізу кодексінің арнайы бекітілген баптарында козделеген
құқықтарға болып табылады. Сонымен қатар азаматтық істе талапты бірнеше
талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін, мұндай
жағдайда бірігіп қатысушылық пайда болады. Процесуалдық бірігіп
қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында
немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бібіріне мүдделері
қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы. Қазақстан Республикасының
азаматтық іс жүргізу құқығында бірігіп қатысушылық институтына Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 50-бабы арналған. Оның мазмұнынан бірігіп қатысушылықтың
келесі екі белгісін көрсетуге болады:
- істегі әр тарапта не тараптардың бірінде бірнеше тұлғалардың болуы
(талапты бірнеше талапкерлер немесе бірнеше жауапкерлер бірігіп қоюы
мүмкін);
- істегі әр біріккен қатысушылардың өз еріктігі (әр талапкер немесе
жауапкер екінші тарапқа қатысты іске өзі қатысады).
Бірігіп қатысушылықтың негізгі мақсаты – істегі үнемділікке қол
жеткізу.
Егер сот өндірісі барысында талапкер не жауапкер материалды-құқықтық
қатынас қатысушысы болып табылмайтыны анықталса, яғни сотқа қорғау үшін
шағымданған құқық талапкерге тиісті еместігі, не талапкерге қатысты
қарызгер ретінде жауапкер қатыспайтыны анықталса, яғни сот олардың тиісті
емес сипатына сай азаматтық іс жүргізуде тараптарды ауыстыру үшін шаралар
қолданылуы тиіс.
Нақты іс бойынша азаматтық сот өндірісінің нағызғы қатысушыларын тиісті
тараптар деп атайды.
Тиісті емес тараптар – бұл алғашында даулы материалды-құқықтық қатынас
қатысушылары деп есептеген, бірақ негізінен материалды-құқық қатынас
субъектісі болып табылмайтын тұлғалар.
Сондықтан тараптардың тиісті сипатын орнату үшін даулы материалды-
құқықтық қатынас құрылымын, сәйкес мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-
өзі басқару органдары құзыретін талдау керек. Үшінші тұлғалар іске
қатысатын барлық тұлғалар не нақты процессуалды құқықтар мен міндеттер
кешеніне иеленеді. Егер іске тек талапкер мен жауапкер қатысса, онда бұл іс
шешімінде материалды – құқықтық қызығушылығы бар қарапайым қатысушылар
құрамының іске қатысуын көрсетеді. Құқық туралы дауды шешкенде тек
тараптардың ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалардың да материалды –
құқықтық мүдделері қарастырылатын жағдайларда орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 және 57
баптары азаматтық іс жүргізуге бір-бірімен өз мақсаты, құзыреті және
тұтастай құқықтық жағдайы бойынша ерекшеленетін тұлғалардың қатысуын
қарастырады. Оларға іске қатысатын не азаматтық істерге қатысуға тартылатын
мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар,
сондай-ақ жеке азаматтар жатады. Аталған тұлғалар егер де олар даулы
материалды - құқықтық қатынастар қатысушылары болып табылса, не ондай
болмай-ақ іс жүргізуде өз материалды – құқықтық мүдделерін қорғайтын болса,
іс жүргізу тарап немесе үшінші тұлғалар ретінде қатыса алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі-
Курстық жұмыстың зеррттелу деңгейі-

1. Азаматтық процесстегі тараптар және олардың маңызы
1. Азаматтық процесстегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен
рөлі

Азаматтық процесстегі тараптар субъективті құқықтары немесе заңмен
қорғалатын жеке мүдделі туралы дауларын сот қарастырып, шешуі тиіс істегі
қатысушы тұлғалар болып табылады. Бұл талапкер мен жауапкер.
Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты анықталған жағдайға иеленеді.
Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім
шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс
қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми
және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі 1,128Б.
Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды
процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы
тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар
арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық
қатынастьар болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің
негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында
туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда
тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын
заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық
қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу
кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар
болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай өңделген:
- тарап бұл даулы материалды – құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;

- тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға
құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді.
Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып
табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және
нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін материалды –
құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды 2,22Б.
Даулы материалды – құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес
тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады.
Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік
құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі
туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға
талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға
болмайдыНегізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан,
тараптар болып материалды – құқықтық қатынастың нақты не ықтимал
субъектілері танылады. Қазақастан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 44-бабында іске қатысушы тұлғалар құрамына кіретін іс жүргізу
қатысушыларының тізімі тараптарды анықтағаннан басталады. Бұндай құзыретті
тараптарға қатысты мойындау олар іске қатысушы тұлғаларға тән келесі
белгілерге сай келетінін білдіреді:
- іс шешіміне заңи қызығушылық таныту;
- істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады;
- өз алдына әрекеттер жасау құқығына ие;
- сот шешімінің және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтаманың
заңды күшінің әсері таралады;
- заңмен белгіленген процессуалдық құқықтар мен міндеттерге иеленеді.
Көрсетілген белгілердің ішіндегі заңи қызығушылық таныту ерекше мәнге
ие.
Даулы материалды – құқықтық қатынас қатысушылары ретінде
тараптардың заңи қызығушылығының ерекшелігі іске қатысушы өзге тұлғалармен
салыстырғанда тараптардың іс шешімінде материалды – құқықтық және
процессуалдық қызығушылықтарының болуы болып табылады. Материалды –
құқықтық қызығушылықтың мәні соттың талапкер үшін талапты қанағаттандыру
немесе жауапкер үшін одан бас тарту туралы шығаратын шешімге байланысты
пайда алу не оны сақтап қалу болады 3,122Б.
Процессуалдық қызығушылық деп іске қатыса отырып сот өндірісіне
қатысушы күтетін және оған ұмтылатын істі қарау мен шешудің процессуалдық
нәтижесін түсінуіміз керек, яғни талапкер үшін бұл талапты қанағаттандыру
туралы шешім шығаруды, ал жауапкер үшін талаптан бас тарту туралы шешім
шығаруды күту. Екі тарап үшін де процессуалдық қызығушылық соттан тараптар
арасындағы дауды шешетін шешім алумен байланысты болады.
Тараптардың заңды мүдделері қарама – қарсы болып табылады. Себебі,
тараптар материалды – құқықтық және заңды мүдде туралы дау жағдайында
болады. Субъектілері істе тарап болатын құқық туралы дау, яғни даулы
материалды – құқықтық қатынас сотта істі қараудың пәні болып табылады. Сот
тараптар арасындағы құқық туралы дауды қарастырып шешім немесе тараптардың
ерік білдіруіне байланысты, яғни талаптан талапкердің бас тартуымен не
бейбіт келісім орнатумен байланысты істі қарауды тоқтату туралы анықтама
шығарады. Осылай, сот актілерін шығару жолымен азаматтық құқықтық дау
субъектілерінің тәртіп ережелері анықталады. Сондықтан сот шешімінің заңды
күшіне енуіне байланысты туындайтын салдар толық көлемде тек тараптарға
ғана таралады4,158Б.
Тараптар – бұл субъективтік құқықтары мен міндеттеріне байланысты сот
қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен заң оларға сот шығындарын өтеу
міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату жағдайларын қоспағанда) жүктейді.
Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше
белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
- қарама-қайшы материалды–құқықтық және процессуалдық
қызығушылықтардың болуы;
- заңды күшіне енген сот шешімі салдарының толық көлемде таралуы;
- Іс бойынша шығындарын өтеу;
Талап қою бойынша істі қозғаумен байланысты ғана тараптар арасындағы
құқық туралы дау сотта қарау пәні болмайды. Құқық туралы даудың болуы
ерекше талап өндірісінің де ерекше белгілерінің бірі болады. Әрекет етуші
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдылығы құқық туралы
даулары ерекше талап өндіру тәртібінде шешіліетін субъектілерді іс
жүргізудегі тараптар деп атауға мүмкіндік береді. Осы жерде келесі
қорытынды шығады тараптар тек жай талап өндірідің ғана емес, сонымен қатар
ерекше талап өндірудің тұлғалары болып табылады. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабына сәйкес іс жүргізудегі тараптар
болып талапкер мен жауапкер танылады.
Талапкер мен жауапкер – бұл құқықтары туралы дауды сот
қарастыратын тұлғалар. Осылай азаматтық іс жүргізуде әр уақытта екі тарап
болады. Олардың бірі талапкер, екіншісі жауапкер деп аталады.
Талапкер – бұл өз мүдделерін қорғау үшін талап қойған, не
олардың мүдделеріне қатысты талап қойылған азамат пен заңды тұлға. Талапкер
істе құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты туындаған құқық туралы дауы
сот шешетін тараптардың бірі, яғни даулы құқық пен заңи мүдденің ықтимал
субъектісі 5,158Б.
Сотқа талап қою туралы шағымданған тұлға әрдайым талапкер болмайды.
Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, азаматтар не прокурор азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық
және мемлекеттік мүдделердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мақсатында шағымданған жағдайда да қозғалуы мүмкін. Бұл шешім
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 3- тармағынан шығады. Бұнда
келесі норма бекітілген: Өзге тұлғалар құқықтары мен, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдануға заң бойынша құқығы бар
тұлғалар мүддесіне қатысты іс қозғаған тұлғаларды сот туындаған іс туралы
алдын ала ескертеді және олар сотта талапкер ретінде қатысады. Бұл жағдай
өз кезегінде келесі басқа процессуалдық нормаларының мазмұнына негізделеді:
егер талапкер прокурор ұсынған талаптармен келіспесе, онда сот үшінші
тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне кері әсер
етпейтін болса талапты қараусыз қалдырады. Егер мүдделеріне қатысты
мемлекеттік орган яғни жергілікті өзін-өзі басқару органы, ұйым не жеке
азамат іс қозғаған тұлға қойылатын талаптармен келіспейтін болса, онда сот
үшінші тұлғаларға кері әсе етпесе істі қараусыз қалдырады. Тиісті құзыреті
болғанда өкілдікке алушы атынан және оның мүдделерін қорғау үшін істе
әрекет ететін сот өкілі талап қою арызына қол қоя және оны ұсына алады.
Азамат әрекет қабілеттілікті толық не толық емес еселенетініне
қарамастан іс жүргізуде тарап болып саналады. Талапкердің мүдделерін қорғау
үшін іске қатысушы тұлғалар сотта оның өкілдері жағдайына иеленеді. Яғни
талап қою талапкерді анықтайтын белгі болып табылмайды. Іс бойынша
талапкерді анықтағанда сот кімнің құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғайтынын, материалдық пайданы алуда және мәжбүрлеп орындалатын сот
шешімінің өзі үшін тиімді болуын күтуде кім қызығушылық танытатынын ескеру
керек.
Іс жүргізуде тараптар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен
заңды тұлғаларынан басқа шетел құқығының субектілері, яғни шетелдіктер,
азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңи тұлғалар, халықаралық ұйымдар
олардың құқықтары дау қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары құқық
туралы дауды қарастыратын болса қатыса алады. Заңмен қарастырылған жағдайда
заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады. Іске тарап
ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М.А Викут көңіл
бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды тұлға
болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді. Істегі
тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана қатысады деген
қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды 6,121бБ.
Заң шығарушы басқа анықтама заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын
қолданған. Сондықтан тарап ретінде заңды тұлға болып табылатын, сонымен
қатар заңды тұлға құқықтарын қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі.
Заңды тұлға емес мекеменің тарап ретінде қатысуына мысал ретінде ұжымдық
еңбек дауы бойынша азаматтық істі келтіруге болады. Қазақстан
Республикасының 1996 жылғы 8 шілдесінде қабылданған Ұжымдық еңбек туралы
заңының 1-бабы 1-тармағында келесілер анықталған: Ұжымдық еңбек даулары –
бұл мекемелерде еңбек ақысын төлеу мен жұмыс жағдайларын орнату және
өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдерді орындау, сондай-ақ әрекет етуші
заңдылықтарды, ұжымдық шарттар мен келісімдерді қолдану мәселелеріне
байланысты жұмыс беруші мен жұмысшылар ұжымы арасындағы келіспеушіліктер.
Яғни құқық туралы дау тараптары жұмысшылар ұжымы талапкер және жұмыс беруші
жауапкер болып табылады.
Еңбек туралы заңдылықтың немесе өзге нормативті құқықтық актілерді
қолдануға байланысты ұжымдық еңбек дауларын тараптардың бірінің өкілі
берген арыз бойынша сот қарастырады. Құрылтай құжаттарына сәйкес өкілдік
етуге құзыретті кәсіподақ органдары мен оның бірлестіктері, мекеме
жұмысшылары жиналысында құрылған қоғамдық органдар мен оның бөлімшелері
және өкілдіктері жұмысшылырдың өкілдері болып табылады. Тараптар іске
қатысушы барлық тұлғалар сияқты құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады.
Бірақ, азаматтық құқықтық дау субъектілері ретінде тараптарға талап қою
қызметін жүзеге асыруға және оған шағымдануға, сондай-ақ құқық туралы дау
объектісін иеленуге мүмкіндік беретін тек оларға тиіс процессуалды
құқықтар мен міндеттер беріледі 7,145Б.
Заңда азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың нақты тізімі жоқ. Азаматтық
іс жүргізуге қатысушыларын негізгі үш топқа бөлуге болады: Бірінші топқа
сот пен сот орындаушысы; Екінші топты іске қатысушы тұлғалар құрайды. Олар
тараптар, үшінші тұлғалар және Азаматтық іс жүргізу кодексінің 41-бабында
көрсетілген өзге тұлғалар. Өз кезегінде олар екі топқа бөлінеді:
- іске өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын және іс
шешілуінде материалдық және құқықтық қызығуы бар тұлғалар;
- іске өз атынан, бірақ басқа адамдар мүдделерін қорғау үшін қатысатын,
сонымен қатар іс шешімінде тек құқықтық қызығуы бар адамдар.
Талапты өндіру тараптары талапкер мен жауапкер болып табылады.
Талапкер мен жауапкерлер ретінде жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Әрекет етуші азаматтық іс жүргізу заңдылығы азаматтық іске талапкердің
қатысуының екі негізгі нысанын ажыратады.
Біріншіден, сотқа өзінің бұзылған не дауласушы құқығын қорғау үшін
шағымданған тұлға талапкер болып табылады.
Екіншіден, талапкер болып өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдануға құықығы бар тұлғалар
мен айыптаушы арызы бойынша қозғалатын істе қызығушылығы бар тұлға
табылады.
Бірінші жағдайда істі талапкер бастайды, ал екіншісінде туындаған іс
туралы хабарлаған сотпен іске қатысады.
Бұл нормаларды салыстыру талапкерді даулы құқығы не сот қарастыратын
дауда заңмен қорғалатын мүдделерін иеленуші тұлға ретінде сипаттауға
болады.Сонымен талапкер презумпциясы туралы айтуға болады. Бұл презумпция
біріншіден, сотқа шағымданғанда хабарлайтын дәлелдемелер, екіншіден, даулы
материалды-құқықтық қатынас қатысушыларының мүмкін тізімін анықтайтын құқық
нормаларының бастамаларына негізделген 8,58Б.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде
жауапкердің нақты түсінігі жоқ. Азаматтық іс жүргізі кодексінің 44 және 48
баптарының салыстырмалы талдауы жауапкер туралы, біріншіден сотқа
шағымданушы тұлғаның субъективтік құқықтары мен мүдделерін бұзушы тұлға
ретінде, екіншіден талапкердің субъективтік құқықтары мен мүдделерін
ықтимал бұзушы ретінде сот іске тартатын тұлға ретінде айтуға мүмкіндік
береді. Яғни жауапкер бұл талап қойылған тұлға, сонымен қатар сот талап
бойынша жауап беру үшін тартатын тұлға.
Талапкерге қатысты сияқты, жауапкерге қатысты өз презумпциясы әрекет
етеді. Оған сәйкес негізінен талап қойылған тұлға (талап бойынша жауапқа
тартылған) ақырында бұл талап бойынша жауап бермейді. Талапкер мен
жауапкердің процессуалдық мүдделері өзара қарама- қайшы. Талапты өндіру
кезінде іс тараптар атынан жүреді. Сот шешімі ең алдымен талапкер мен
жауапкерге таралады. Тараптар іс бойынша сот шығындарын өтейді.
Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалды құқықтары мен
мүдделерінде көрініс табадаы. Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын
мүдделер сот қарауының пәні болып табылады. Сот шешімдерінің заңдылығы мен
негізделуі іс бойынша барлық жағдайларды зерттеу мен бекітуді толық
жүргізуге байланысты. Көбінесе бұл іске қатысушы барлық тұлғалардың ең
алдымен тараптардың процессуалдық жағдайын дұрыс анықтаумен негізделеді. Іс
қатысушысының құқықтық жағдайын дұрыс емес анықтау сот қателігіне әкеледі.
Сондықтан іске қатысушылардың қайсысы тараптарға жататынын дұрыс анықтау
өте маңызды. Бұл мәселені шешу тәжірибеде қиындықтар туғызады. Азаматтық
процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық сот
өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс
анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға
мүмкіндік береді. 9,125Б.
Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту
азаматтық сот өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын
соттардың дұрыс анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік
құқықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ азаматтық процессуалдық
заңдылыққа тараптар түсінігін кірістіру туралы мәселе заңи әдебиеттерде
даулы болып қала беруде. Теориялық жағынан ол дұрыс өңделмеген. Бұл
азаматтық іс жүргізуде тараптар түсінігін зерттеудің жәнеодақтас
республикалардың Азаматтық іс жүргізу кодексінде бекітілуіне ғылыми бастама
қалыптастырудың маңыздылығына дәлел болады. Тараптар үшін іске тікелей жеке
қызығуының болуы қажет. Бұл қызығушылық материалды құқықтық (сот шешімі бір
бірімен олардың материалдық құқықтық жағдайына әсер етеді), сондай-ақ
процессуалдық (олардың әр біреуі шешімнің өз пайдасына шешілуіне
қызығушылық танытады) сипатта болады.
Тараптар азаматтық істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін
қатысады. Тәжірибеде Азаматтық істе тараптар әрдайым негізінен сот
қарастыратын даулы материалдық құқықтық қатынас тараптары болмайды. Бұл іс
шешілуіне дейін сот отырысында сот әрқашанда емес келесілерді:
- талапкер арызы негізделген бе жоқ па;
- сотқа шағымданушы тұлға қорғалуын сұрайтын субъективтік құқық иесі
болып табылатындығын;
- оның құқығы шынымен бұзылды ма, жоқ па.
Талапкер жауапкер ретінде тартуды сұрайтын тұлға құқықты бұзғандығын
дұрыс анықтамауы бола алады 10,144Б.
Тараптардың заңи қызығушылығы материалды құқықтық және процессуалдық
болып жіктеледі. Талапкердің материалды – құқықтық қызығушылығы талапты
қанағаттандыру туралы сот шешімінің оған әкелетін пайдасын алуды құрайды.
Бұнымен талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін шығару талапкердің
процессуалдық қызығушылығы негізделген. Жауапкердің материалдық – құқықтық
қызығушылығы соттың талапкер алдында қандайда бір құқықтық міндеттемелері
жоқтығын шешіммен бекітуді құрайды. Сондықтан оның процессуалдық
қызығушылығы соттың талаптан бас тартуы туралы шешім шығару болады.
Сонымен, талапкер мен жауапкер қарама – қайшы материалды – құқықтық және
процессуалдық қызығушылықтар танытады.
Тараптардың заңи қызығушылықтары заңмен қарастырған жағдайда
құқықтар мен мүдделерін қорғау туралы арызбен шағымданған тұлғалар
қызығушылығынан ерекше болады. Бұл тұлғалардың мүдделері жеке сипатта емес
және көбіне тек процессуалдық, яғни соттың сотқа құқықтарын қорғау
үшіншағымданған тұлғаның пайдасына шешу болып табылады. Тараптар
белгілеріне сонымен қатар шешімі мен заңды күшіне енген барлық материалды –
құқықтық және процессуалдық салдардың (сот шешімінің обеътивтік және
субъективтік шектері) міндеттілігі де жатады. Дау пәніне жеке талаптар
қоятын үшінші тұлғалардан басқа іске қатысушы өзге тұлғалар үшін заң күшіне
енген сот шешімі тек кейбір салдар туындатады. Тараптар сонымен қатар іске
өзінің субъективтік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін түсуімен
сипатталады.
Тараптар іс бойынша сот шығындарын заң бойынша не сотпен босатылмаса
өтейді. Сонымен талапты өндіруге тараптарды сипаттайтын белгілерге жатады:
- істе заңи қызығушылықтың материалдық – құқықтық және
процессуалдық болуы;
- өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс жүргізуге қатысу;
- сот шешімінің заңи күшіне енгенде оларға барлық материалды
–құқықтық және процессуалдық салдардың тарауы;
- іс бойынша сот шығындарын толтыру.
Аталғандар кеңестік азаматтық іс жүргізуде тараптар – бұл материалды
–құқықтық және процессуалдық қызығушылығы бар және заң күшіне тек сот
тәртібін реттелуі мүмкінқұқықтыр немесе өзара қатынас туралы арасында дау
туған азаматтық істегі материалды-құқықтық қатынастың нақты және ықтимал
субъектілері екендігі туралы нәтиже шығаруға мүмкіндік береді. Сот
қарастыратын құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектісі ретінде
тараптарды анықтау М.С. Шакарян сынап ескертпелер келтірген. Ол бұл
анықтамада тараптар түсінігі құқықытық қатынас субъектілері түсінігімен
негізделмей байланыстырады деген. Сол уақытта тараптар – бұл материалдық
институт емес, ал процессуалдық құқық институты дейді, сондықтан анықтамада
процессуалдық аспект ескерілмеуі мүмкін емес және ақырында бұл анықтама тек
сәйкес тараптар түсінігін ғана қамтиды
Бұл сын негізделмеген секілді. Біріншіден, аталған анықтамада
азаматтық іс жүргізуде тараптарды материалды – құқықтық қатынастар
субъектілеріне қатаң түрде ұқсату жоқ. Бұл жерде сонымен қатар даулы
қатынастың ықтимал субъектілері туралы да айтылады. Яғни тараптың істе
материалды – құқықтық қатынас субектісі болуы міндетті емес жағдайлардың
болу мүмкіндігі көрсетіледі. Бірақ сотта істі қозғау кезінде бұл туралы
мүмкіндік қажет. Егер сотқа арызбен шағымданған азаматтың материалды –
құқықтық қатынас субъектісі болу мүмкіндігі де болмайды. Істе тарап кем
дегенде сот қарастыруы тиіс материалды – құқықтық қатынас субъектілеріне
жатқызылуы тиіс. Екіншіден, М.С Шакарянның бұл түсініктеме процессуалдық
аспект ескертілмеген туралы бекітілімі де негізделмеген 1,132Б.
Өз кезегінде М.С. Шакарян, азаматтық істегі тараптар – бұл құқықтар
мен заңмен қорғалатын мүдделер туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар
болып табылады дейді. Бұл анықтаманы сәтті деп тануға болмайды. Себебі,
онда тараптардың айырықша белгілерінің бірде біреуі жоқ. М.С. Шакарян
көрсеткен құқық туралы дауы белгі емес, себебі ол тек тараптарды емес,
сонымен қатар өзінің жеке талаптарын қоятын үшінші тұлғаларды да
сипаттайды.
Қазіргі кезде азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында азаматтық іс
қатысушылары түсінігінің екі түрлі анықтамасы бар. Олардың мәні келесі:
- тараптар бұл - даулы материалды – құқытық қатынастың нақты немесе
ықтимал субъектілері;
- тараптар бұл – құқық туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар.
Бұл екі анықтаманы да М.Х. Хутыз сынға алған. Біріншісіне қатысты ол
бұндай анықтама Логика ғылыми жағдайларына қарама-қайшы. Кез-келген
түсініктер пәннің нақты белгілерін сипаттайтын нәтижелерін еселейді. Бұл
белгілер-объективті. Аталған жағдайда нақты белгі логикалық байланыс
құрамында болуы да, болмауы да мүмкін. Яғни, талданушы анықтама логикалық
тексеріске шыдамайды - деп жазған.
М.Х. Хутыза бекітілімі жеткіліксіз.
Біріншіден, тараптар материалды – құқытық қатынастың ықтимал
субъектілері болып табылады. Бұл оларды сипаттайтын жалғыз белгі емес.
Жоғарыда тараптардың объективті белгілері көрсетілген (іске заңи
қызығушылық таныту; өз құықтары мен мүдделерін қорғау үшін іске қатысу;
оларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін барлық материалды – құқықтық және
процессуалдық салдардың тарауы және т.б).
Екіншіден, белгінің қарама – қайшылығы бұл белгі объекті еместігін
білдірмейді. Объективті белгіге аталған азамат материалды – құқықтық даулы
қатынас субъектісі болуы да, болмауы да жатады.
Істегі сәйкес тарап егер сот оның құқығы туралы дау қарастырса және
шешсе әрдайым даулы материалды – құқықтық қатынас субъектісі. Сонымен қатар
сотқа шағымданған тұлғаның, не талапкер, не іске қатысуға тартылған
тұлғаның (жауапкер) материалды – құқық қатынас субъектісі болуы туралы
мәселе сотта істі қозғау кезінде тек ықтималдық деңгейінде болады.
Негізінен, істі сотта қарау барысында бұндай ықтималдық сотты сендіруге
айналады, және егер де талапкер мен жауапкер сәйкес болмаса, яғни
материалды – құқықтық қатынас субъектісі болмаса, онда олар азаматтық іс
жүргізу заңдылығы бекіткен тиісті ережелер бойынша сәйкестерге
алмастырылады 4,161Б.
Сонымен, М.Х. Хутызаның жоғарыда көрсетілген тараптар түсінігінің екі
анықтама тобының біріншісіне сыны сенімсіз. Анықтаманың екінші тобына:
тараптар – бұл құқықтары мен мүдделері туралы дауларын сот шешуі тиіс
тұлғалар, десек, онда онда бұл жағдайда М.Х. Хутызаның сыни ескертпелері
негізделген болады.
Біріншіден, ол құқық туралы дауды, дау пәніне жеке тараптар қоятын
үшінші тұлғаларды да сипаттайтындықтан тараптардың негізгі белгісі
болмайтынын әдебиетте көрсетілгені туралы әділ жазады.
Екіншідіен, бұндай анықтама әдебиетте кейде жасалатындай ерекше өндіріс
істерін қатысушы тұлғаларды тараптар қатарына жатқызуға болады. Онымен
келіспеуге болмайды, себебі ерекше өндіріс тәртібінде соттар құқық туралы
дауларды қарастырмайды, ал бұл істер бойынша арызданушылар ешкімге ешқандай
материалды – құқықтық талаптар қоймайды. Бірақ М.Х. Хутызаның бұл сыни
ескертпелері өз алдына дұрыс. Олар тараптардың ұсынылған анықтамасында
толықтай ескерілмейді: ол, азаматтық істе тараптар – бұл істі қозғауға
түрткі болған құқықтық қатынастар мазмұнын бағалауда істі қарағанша
туындаған құқық туралы дауларын сот қарастыруы тиіс тұлғалар – деп жазған.
Егер бұл анықтаманы қажетсіз көп сөзден бастасақ, онда ол автор сынға
салатын түсінікке тараптар – сот дауларын қарау қажет тұлғалар сәйкес
келеді.
Талап өндірісінде тараптар түсінігі туралы мәселені азаматтық іс
жүргізу құқығы теориясында шешудің кейбір аспектілері осындай болады.
Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерге қатысатын тұлғаларды
тараптар деп есептеуге болатыны туралы әдебиетте біртұтас ой жоқ. Бір
ғалымдар бұндай тұлғаларды тарап деп есептейді, басқалары оларды тарап деп
есептеуге болмайды дейді, себебі тараптар түсінігі тек талап өндірісіне
ғана тиісті. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істегі шағымданушы
және әрекетіне жасалған шағымға байланысты іске қатысуға тартылған
лауазымды тұлғаны (әкімшілік орган) тарап деп санау құқық сай сияқты.
Бұл істер бойынша соттар аталған тұлғалар арасындағы құқық туралы
дауларды қарастырып шешеді. Яғни бұл істер өзінің процессуалдық мәніне
қарай талап өндіру істерімен біркелкі болады. Олардың арасындағы
айырмашылық – бірінші жағдайда соттар мемлекеттік, әкімшілік, қаржылық
қатынастардан туындайтын дауларды, ал екінші жағдайда – азаматтық, отбасы,
еңбек шаруашылық қатынастардан туындайтын дауларды қарастырады және шешеді.
Материалды құқықтағы айырмашылықтар көрсетілген азаматтық сот өндірісі
түрлеріне тиесілі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктеріне сай
келеді, бірақ олар аталған істерде қатысатын тұлғалардың процессуалдық
жағдайларының мәнін өзгертпейді. Бұл барлық істерде соттар бір тараптың
(талапкердің), екінші тарапқа (жауапкерге) қойылатын материалды – құқықтық
талаптарын қарастырады. Әдебиетте әкімшілік құқықтық қатынастан туындайтын
істер бойынша сотта талап өндіру істеріндегідей бір тараптың екіншісіне
материалды – құқықтық талаптарын қарастырмайды және бұл істердің сотта
қарау пәні лауазымды тұлға, не әкімшілік орган әрекетіне шағымы дұрыс емес
әрекеттен бас тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші
болады деп жазылған. Бұнымен келіспеуге болмайды. Дұрыс емес әрекеттен бас
тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші талапкер сотқа
арызданған бір тараптың екіншісіне қойған материалды – құқықтық талаптары
болып табылады. Мысалы, салынған айыппұлды алып тастау туралы талап сотқа
берілген тұлғаның шағымы қалай қалыптасқанына қарамастан дәл сондай талап
болады. 3,126Б.
Талапты өндіру ісіндегідей бұл жерде де тараптар түсінігі даулы
материалды – құқықтық қатынас субъектілері түсінігімен байланысты. Қарама –
қайшы заңы қызығушылығы бар араларында құқық туралы дау туған екі тараптың
болуы аталған азаматтық сот өндірісі істері үшін де тән. Істегі заңи
қызығушылық сондай ақ азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын істердегі
тараптардың да міндетті белгісі болады. Әр тараптың материалды – құқытық
және процессуалдық қызығушылықтары бар. Бұл істер бойынша тараптарға сот
шешімінің заң күшіне ену салдары да толық таралады. Кейбір авторлар
тараптар түсінігі негізінен талапты өндіру ісіне жатады, дегеннен бұл
түсінікті ерекше өндіріс істеріне мүлдем қолдануға болмайды деп есептейді.
Бұл жағдай даусыз авторлардың көбі бұл істерде құқық туралы дау
болмағандықтан тараптар болмайды деп есептейді. Сонымен қатар көпшілік
авторлар ерекше өндіріс ісінде заңи факті, құқықтық жағдай немесе заңмен
қорғалатын мүдделер туралы дау туындауы мүмкін дейді.
М.С. Шакарян тараптар түсінігі ерекше өндіріс істеріне қатысушы
тұлғаларға да қолданылады деп ой айтқан. Бұл бекітілім келесі жағдайлармен
негізделген:
- ерекше өндіріс істері азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелері
бойынша соттармен қарастырылады;
- ерекше өндіріс істеріне қатысушы тұлғалар заңмени бекітілген
құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады;
- заңда бұл тұлғаларды тарап деп атауға шектеу жоқ.
Бұл жерде дәлелдемелерді нақты деп тану мүмкін емес деген ой туады.
Ерекше өндіріс істері азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелерімен
соттардың қарастыру фактісі бұл өндіріс ісіне қатысатын тұлғалардың
құқықтары тараптар жағдайымен бірдей дегенді білдірмейді. Бұл істерді бір
тараппен екіншісіне қойылатын материалды – құқықтық талаптары болмайды. Бұл
оны қарастыру кезінде диспозитивтік толық түрде көрініс таппайды дегенді
білдіріеді. Құқық туралы даудың болмауы тараптар болатындағыдай
бәсекелестіктің жоқтығын алдын ала анықтайды.
Азаматтық сот өндірісінің негізін салушы бұл принціптердің толық
әрекетінсіз азаматтық істегі тарап секілді процессуалдық бейненің бомауын
көрсетеді. М. С. Шакарянның екінші дәлелдемесіне: ерекше істер
өндірісіндегі тұлғалар заңменкөрсетілген құқықтарды қолданып, міндеттер
атқарады – келсек, онда да ол өз ойының негізделуін көрсетпейді. Заңмен
белгілеген құқықтарға иеленіп, міндеттемелер атқарады түсінігі іске
қатысушы өзге тұлғаларға да, мысалы дау пәніне жеке талап қойған үшінші
тұлғаларға, сондай-ақ бұндай талаптар қоймайтын үщінші тұлғаларға да
қолданылады. Бірақ бұл тұлғалар тараптар болатынын білдірмейді.
М. Х. Хутыз процессуалдық жағдайды осылай анықтау тәсілін заң техникасы
тарапынан дұрыс деп есептегені ақиқат. Бірақ, ол осындай жолмен құқықтық
жағдайлары анықталған тұлғалар тараптарболып табылатынына дәлелдеме
болмайды. Сонымен қатар заң техникасы тарапынан бұл тәсіл істің әр нақты
субъектілерінің құқықтық жағдайын нақты біржақты анықтауға мүмкіндік
бермейтінін айта кеткен жөн. Сондықтан заңда іске қатысатын әр тұлғаның
барлық құқықтары мен міндеттерін нақты көрсету дұрыс болады.
М. С. Шакрянның соңғы дәлелдемесіне: ерекше істер өндірісіне қатысатын
барлық тұлғаларды тарап деп тануға заңда шектеу жоқ. Бұл дәлелдеменің
ғылыми негізделуі күмән тудыртады. Заң істің өзге қатысушыларын да тарап
деп тануға шектеу қоймайды. Бірақ бұл олардың барлығында тарап деуге болады
дегенді білдірмейді. Нәтижесінде, М. С. Шакарянның ерекше іс өндірісіндегі
барлық қатысушыларын тараптарға жатқызу ұсынысы не ғылыми, не тәжірибе
тұрғыдан қолдау таппайды.
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескеріп ерекше істер өндірісінде
тараптар институтының болмайтынын көрсетеді. Ерекше іс өндірісіне қатысатын
тұлғалар шеңберін 246 баптың 2 тармағымен қарастырады: ерекше істер
өндірісін соттар арызданушы мен қызығушы азаматтардың, мемлекеттік басқару
органдарының, мемлкеттік мекемелердің, ұйымдардың, колхоздардың, өзге
кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің, өзге қоғамдық
мекемелердің қатысуымен қарастырады. Ерекше істер өндірісінде тараптар
болмайтындықтан, яғни талапкер болмағасын сотқа арызбен шағымданған тұлғаны
арызданушы деп атайды. Ерекше істер өндірісіне қызығушы тұлғалар тартылады.
Ерекше істер өндірісіндегі қызығушы тұлғалар – бұл нақты іс бойынша
шешімнің заңды күштері субъективтік құқықтары мен міндеттеріне жанама түрде
әсер етуі мүмкін істің қатысушылары. Бұл кезде сот шешімі нәтижесінде
қандай-да бір шешімді орындау міндетін тудыратын, не оларджың құқықтық
беделін өзгертуіне әкелетін бұл тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне әсер
ету мүмкін. Істің бұл қатысушылары істің дұрыс шешілуіне қызығады.
Ерекше өндірісті дұрыс қаралуына оған прокурор мен мемлекеттік басқару
органдарының қатысуы кепілдеме болады. Заң тікелей сілтемесімен прокурордың
қатысуы 261, 255, баптарымен қарастырған жағдайда міндетті. Сонымен,
азаматтық істе сәйкес тараптарға сот қарастыратын азаматтық, отбасы, еңбек,
шаруашылық, әкімшілік, қаржылық және өзге даулы материалды – құқықтық
қатынастардың субъектілері, сондай-ақ араларында құқық туралы дауы жоқ,
бірақ заңға сәйкес өз қатынастарын тек сот тәртібін реттей алатын тұлғалар
жатады. Егер сотқа арызбен шағымданған немесе іске жауапкер ретінде
тартылған тұлға негізінен даулы материалды – құқықтық қатынас субъектісі
болмаса, бірақ бұл жағдай істі сотта қарау аяқталғанша сот анықталмаса,
онда бұл тұлға іске нақты түрде тарап ретінде қатысты. Сондықтан азаматтық
істе даулы материалдық – құқықтық қатынастың нақты, сонымен қатар ықтимал
субъектілері тараптар бола алады.
Азаматтық іске қатысатын кеңестік азаматтық істегі тараптар - бұл тек
сот тәртібімен ғана заңға сәйкес реттелетін қатынас немесе құқық туралы
араларында дау туған және де істе материалдық – құқықтық және процессуалдық
қызығушылық танытатын материалдық – құқықтық қатынастың нақты не ықтимал
субъектілері. 8,148Б.

1.2 Азаматтық процесстегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның
мазмұны

Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалдық құқықтары мен
міндеттерінде көрініс табады. Заңға сәйкес тараптар тең процессуалдық
құқықтарға иеленеді, олардың көлемі іске қатысушы өзге тұлғалардың
құқықтары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл құқықтар жалпы деп аталады.
Жалпы құқықтармен қатар оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізу кодексінің өзге баптарында көрсетілген арнайы, диспозитивтік
құқықтарда тиесілі.
Жалпы процессуалдық құқықтар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабы
мен қарастырылған. Оларға:
- іс құжаттарымен танысу құқығы;
- іс құжаттарының көшірмесін түсіру;
- іс құжаттарын жазба алу;
- шығарып тастауға өтініш беру;
- дәлелдемелер ұсыну;
- дәлелдемелерді зерттеуге қатысу;
- іске қатысушы өзге тұлғаларға, куәлар мен сарапшыларға сұрақ қою;
- өтініш жасау;
- сотқа жазбаша және ауызша түсініктеме беру;
- сот өндірісі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша
қортындылар мен ойлар ұсыну;
- іске қатысушы өзге тұлғалар өтініштеріне, қорытынды мен
пікірлеріне қарсы болу;
- сот шешімі мен анықтамасына шағымдану.
Тараптардың арнайы құқықтары – жалпы процессуалдық құқықтар мен
міндеттерден басқа заң тек азаматтық істің тараптарына тән құқықтарды
қарастырады. Бұл құқықтар диспозитивтік болып табылады. Олар бір деңгейден
екіншісіне өтуді болжайтын іс объектісінің қолдануына бағытталған. Бұл
топта басым құқық қабілеттілік жоқ. Бұл құқықтардың кейбіреулері талапкерге
тән:
- талаптан бас тарту құқығы;
- талап пәнін не негізін өзгерту;
- талап көлемін көбейту не азайту,
сонымен қатар жауапкерге тән құқықтар да қарастырылған:
- талапты мойындау, не мойындамау құқығы;
- қарсы талап қой.
Үшіншілері тараптардың біртұтас әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін:
- ортақ келісім жасау құқығы.
Бұл диспозитивтік құқықтардың бірі нақты сипатта және тараптар
қарауымен толықтай жүзеге асады. Өзге құқықтар сот бақылауымен жүзеге
асады. Сот дау пәнін иелену бойынша немесе жауапкердің талапты мойындауы
бойынша егер заңмен қорғалатын өзге тұлғалар құқықтары мен мүдделерін бұзса
дәне заңға қайшы келгенде тараптардың әрекеттерін қанағаттандырудан бас
тарта алады. Сол уақытта заң тараптардың құқықтарына араласуға тыйым
салады. Мысалы, соттың талап пәнінне негізіни талапкер келісімісіз өзгертуі
шешімді жоюға әкеледі. Өз пайдасына шешім шыққан тарап шешімді күштеп
орындауды талап етуге, шешімді орындау бойынша сот орындаушысы әрекеттері
кезінде қатысуға және заңмен қарастырылған өзге процессуалдық әрекеттерді
жүзеге асыруға құқылы.Кейбір құқықтарды анық қарастырсақ:
- Талап пәнін, не негізін өзгерту құқығы, талап мөлшерін көбейту , не
азайту, талаптан бас тарту, не оны мойындау, бейбіт келісім жасау
құқығы .
Бұл құқықтарды диспозитивтілік қағидасы арқылы қарастырсақ: КСРО
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 34-бабының 1 тармағында талапкер талап
пәнін не негізін өзгертуге, талап көлемін көбейтуге не азайтуға немесе
талаптан бас тартуға; жауапкер талапты мойындауға, тараптар істі бейбіт
келісіммен аяқтауға құқығы бар делінген. Бірақ талапкердің талаптан бас
атрту, жауапкердің талапты тану, ол тараптардың бейбіт шешімге келу
құқықтары бұрын сол баптың 2 тармағымен анықталған соттық қатң бақылау
рөлімен қатты шектелген Сот егер әрекеттер заңға қайшы болса не кімде-
кімнің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса талапкердің
талаптан бас тартуын, жауапкердің талапты мойындауын қабылдамайды және
тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді. Сонымен сот бұл процессуалдық
әрекеттердің олар заңға қарсы емес деп есептегенде ғана емес, сонымен қатар
олар кімде-кімнің, сондай-ақ тараптардың өздерінің құқықтарын бұзған
жағдайда орындалуына жол бермеуге міндетті болған. 1,135Б.
Тараптардың ұсынған бейбіт келісімінің шарттарымен олардың бірінің
құқығын бұзылғанын істі тек қана мәні бойынша қарағанда мүмкін болған.
Сондықтан соттық тараптардың шағымдануы жағдайында бейбіт келісімді бекіту
туралы анықтамасын негізінен жоғары тұрған сот жол алған. Соттың арызданушы
талапты мойындаған және оны сот қабылдаған жағдайдағы әрекеттерінің қандай
болатыны туралы мәселені Азаматтық іс жүргіз кодексі мүлдем реттемеген.
Сондықтан тәжірибеде сот барлық маңызды жағдайларды анықтауға, тіпті дау
болмағанда да барлық дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға міндетті.
Сондай-ақ сотқа бір тараптың басқа тарап, өз тараптары мен қарсылықтарын
негіздейтін фактісін тануына қабылдауға да жол берілмеген.
Сот тараптың мойындаған фактісін, егер оның мойындауы істің жағдайына
сәйкес болса ғана бекітілген деп есептеген, бірақ оны барлық өзге
дәлелдемелерді зерттеу жолымен ғана бекіту мүмкін болған, яғни тараптың
мәні бойынша фактіні мойындауы іс барысында көрініс таппаған. Ол қарапайым
тәртіпте шешім шығару арқылы жүзеге асуы тиіс, ол оның негізделу бөлімі
арқылы дәлелдемелердің жиынтықты түрде бағасынан тұруы тиіс еді. Сонымен
диспозитивтілік қағидасы, яғни азаматтық сот өндірісінде өз құқықтарымен
тараптардың иелену мүмкіндігі шектеулі болған. Бұл азаматтық құқық пен іс
жүргізудегі жариялық бастаманың, жеке бастамадан басымдығымен, бұл
қатынастарды реттеудегі мемлекеттің белсенді бақылау рөлімен түсіндірілген.
Бірақ азаматтық құқықтағы негізі жеке құқықтар мен субъектілердің азаматтық
құқықтық қатынастарда өз еркімен әрекет ету мүмкіндігін көбейту құраған
түбегейлі өзгерістерден кейін диспозитивтілік қағидасын азаматтық іс
жүргізуде бұлай реттеу жаңа азаматтық құқықтық қағидалық жағдайларына қайшы
келген болатын.
Осылай, Қазақстан Республикасына әрекеті тараған және республикалардың
азаматтық заңдылықтары негізінде азаматтар мен заңи тұлғалар өздеріне
тиесілі азаматтық құқықтармен өз еркімен иеленуіне жол берілетіндігі
көрсетілген. Осы сияқты сәйкес норма Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінде де көрініс тапқан, ал оның сәйкес баптарында міндеттемелерді
тоқтату: бас тартуды қабылдау және қарызды кешіру үшін жаңа негіздер
бекітілген. Осылай, тараптар келісімі бойынша міндеттеме орнын толтыру
жолмен тоқтатылады делінген (ақша төлеу, мүлік беру т.б). Оның көлемін,
мерзімін және тәртібін тараптар өзара бекітеді. Заңға сәйкес сондай-ақ
міндеттеме несие берушінің қарызгерді, егер бұл несие беруші мүлкіне
қатысты өзге құқықтарын бұзбаса борышынан босату жолымен де тоқтатылады.
Осылай жаңа азаматтық құқық нормаларына сәйкес өз құқықтарын қоғауын не
қорғамауын, яғни сотқа шағымданатынын не одан бас тартатынын (сондай-ақ
талап қойғаннан кейін одан одан бас тарту жолымен), талапты мойындау,
мойындамауын, бейбіт келісімді қандай шарттарда жасайтынын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Азаматтық процестегі тараптар түсінігі
Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Әкімшілік процесте
Азаматтық процесстегі прокурордың ролі
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Пәндер