Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 4
1. 1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде . . . 4
1. 2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері . . . 13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ . . . 25
2. 1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі . . . 25
2. 2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті . . . 39
2. 3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Қазақстан Республикасының Президенті өзінің "Қазақстан-2030" деп аталатын бағдарламасында: "Қазақстан 2030 жылы мөлдір суы және таза ауасы бар, жасыл мемлекет болуы керек", - деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 2030 жылға дейінгі республикамыздың орман қорының тұрақты даму Стратегиясы және 1998-2000 ж. ж. арналған жоспар қабылданды. Стратегияның негізгі міндеті еліміздің аумағындағы ормандарды 5, 1% арттыру [1] .
Бүгінгі күні республикамыздьң 11439, 8 мыңға немесе жалпы аумақтың 4, 2% ормандар алып жатыр, оньң 50% шөлді далаларды эрозиядан сақтайтын сексеуіл ормандар құрайды [2] .
Орман қоры жерінің жалпы көлемі 26216, 4 мың га. Табиғи орман алқаптары 12427, 8 мың га, ал жасанды орман алқаптары 901, 1 мың га. Орманды өңірі Қазақстан аумағының 4, 6 % құрайды [3] .
Орман қоры өзіне тән табиғи қасиеттеріне байланысты, адамдардың өмірлік мүдделері мен тығыз байланысты экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру қызметтерін атқарады.
Ол қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға белсенді түрде қатысатын табиғи объект.
Орман қорының өсімдік, жануарлар дүниесінің, жер және су ресурстарын бір бүтін табиғи кешен етіп біріктіруі, оның экологиялық қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады. Қорғаныш ормандар жел жылдамдығын 35-40% кемітеді, ыстық күні ауа температурасын 6-8 градусқа төмендетіп, оның ылғалдылығын 9-10 есе арттырады, сондай-ақ қорғаныш ормандар қоршаған ортаны құм мен шаңнан сақтайды. Су қорғайтын ормандар өзен, көл, өзендердің су режимін реттейді. Ормандар құрғақшылықпен күресудің анағұрлым тиімді, ал кейбір жағдайда жалғыз мүмкіндік болып табылады.
Орман қорының жағдайының күрт нашарлауына, сондай-ақ кеткен уақыттың қателіктері: табиғат пайдалану саясатының кемшіліктері, шапшаң қарқынды шаруашылық жүргізу, табиғат ресурстарын пайдалануда ғылыми негіздерді ескермеу, себеп болып отыр. Көп жылдар бойы елімізде орман қорының көп нысаналы мақсатына қарамастан, ол ең алдымен ағаш шикізатының негігі қайнар көзі ретінде пайдаланылып келді. Орман қорының экологиялық мақсаты дұрыс бағаланбай, оны бір жақты пайдалану нәтижесінде, орман қорына орны толмас зиян келді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы . Орман қорын құқықтық қорғау саласындағы теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселелері зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С. Б. Байсаловтың, Д. Л. Байдельдиновтың, Ә. Е. Бектұрғановтың, Ә. Е. Ереновтың, Абдраймовтың, А. С. Стамқұловтың, Н. Б. Мухидиновтың, Ж. Т. Холмуминовтың, Н. С. Баймбетовтың, Г. Тілешованың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты құнды ұсыныстар мен қорытындылар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы және басқа да заңдарды, Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар бұрынғы Кеңес одағының нормативтік құқықтық актілері енгізілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін зерттеу кезінде заң әдебиеттерін, нормативтік-құқықтық актілерді, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерді пайдалана отырып тақырыпты толық ашу және меңгеру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға көшу, кейбір табиғи ресурстарға жеке меншік құқығын енгізу жағдайындағы орман қорын құқықтық қорғауды кешенді түрде зерттеу және осы мәселелер бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік, теориялық ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:
• Орман, орман қоры, орман санаттары, мемлекеттік орман қоры, жеке орман қоры және басқа да терминдермен анықтамалардың бір-бірімен байланысы, қарым - қатынасы мен айырмашылықтарын анықтау ;
• Орман қатынастарын реттейтін заңдарына жалпы сипаттама беру;
• Орман қорын қорғауды ұтымды жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың объектісі . Қазақстан Республикасының орман қорын қорғауды құқықтық қамтамасыз ету мәселелері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде: Орман қорын құқықтық қорғаудың объектісі, орман қорының құрамы және ормандардың түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімінде: Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі, орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті, орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері көрсетілген.
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Орман қорын құқықтық қорғаудың объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланысы.
Адам өмірінде орманның табиғи орта мен экологиялық кешеннің бір бөлігі ретіндегі мәні оның бірқатар ерекшеліктерінде болса керек.
Орман қорғау-сауықтыру, сақтау мен өндірістік-эксплуатациялық көпалуан функцияларды атқарады:
а) Жер атмосферасындағы оттегі қорының маңызды толықтырушы көзі, тірі организмдердің өмір сүруіне теріс әсер ететін ауа бассейніндегі қоспалар мен зиянды заттарды тазартушы құрал ретінде;
б) климатты реттейді: суық желдердің әсерін жұмсартады, құрғақшылықтың алдын алады, температураның күрт өзгеруін тежейді, жануарлар мен өсімдіктердің дамуына және адам өміріне жағымды микроклимат жасайды;
в) топырақ қабатына жағымды әсер етеді: су мен желден болатын топырақ эрозиясының тарауына кедергі келтіреді, көшпелі құмдарды қатайтады, жыралардың түзілуі мен өсуінің алдын алады;
г) су сақтау функциясын атқарады: өзендердің су жүйесін реттейді, су қоймаларын таязданудан сақтайды;
д) халық пен экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ағашпен және өзге де орман өнімдерімен қамтамасыз етеді;
е) аңдар мен құстардың мекені, жабайы өсімдіктер мен дәрілік шөптердің, жемістердің, жаңғақтардың, саңырауқұлақтар мен жидектердің өсіп, көбейетін мекен болып табылады.
ё) орманның табиғи жемдік өнімдері - қоғамдық мал шаруашылығы үшін маңызды база саналады;
ж) халықтың эстетикалық қажеттіліктерін өтеу мен демалысын ұйымдастыруда және денсаулығын сақтауда маңызды орын алады.
Орманның ерекшелігі ондағы жыныстардың ұзақ өсуімен байланысты. Мысалы, ағаштардың негізгі жыныстарын өсірудің қарапайым мерзімі адам өмірінің орташа жас деңгейінен де асып кетеді.
Өзін-өзі қалпына келтіру қасиеті болғандықтан, ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ететіндей ұтымды пайдаланған жағдайда орман өзінің табиғи қасиеттерін сақтап қана қоймай, жақсарта түседі.
Көпжақты маңызы, орман өсімдіктерінің өсу ұзақтығы мен орманды ұтымды пайдалану мүмкіндігі (қажетті талаптарды сақтаған жағдайда) орман мен адамның өзара байланысының негізін құрайды.
Сексеуіл мен шоқбұталар өскен алқаптарды қоса есептегенде Қазақстанның ормандылығы 4, 6 % (11, 5 млн. га) құрайды. Қазақстандағы ормандар Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақтан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрі орман қоры) құрайды.
Орман Кодексінің 4 бабында орманға - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен деген анықтама берілген.
Мұндай түсінік аталмыш табиғи обьектінің жанды табиғаттың өзге де компоненттерімен, жермен, орман өсімдіктерімен, бунақденелілермен, құстармен, жануарлармен және қоршаған ортаның басқа да компоненттерімен экологиялық өзара байланысынан туындаса керек.
Орман қорына:
мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемі 0, 05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер;
қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер;
үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кірмейді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншік обьектілеріне жатады және республикалық меншікте болады.
Жекеше орман қоры учаскелерін иеленуді, пайдалану мен оған билік етуді, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жекеше орман иеленушілер жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалануға тендер хаттамасы негізінде және кейін қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелері бар уәкілетті орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен рәсімделе отырып беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаттары және тиісті біліктілікке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.
Орман ресурстарын сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскесінде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек расурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етіп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, бірақ орманшылық алаңынан аспайтындай етіп беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделері ескеріле отырып, жария жүзеге асырылуға тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзімі өткен соң орман пайдаланушының меншігіне ауыспауға тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары қысқа мерзімді орман пайдалануға мемлекеттік орман иеленушілер беретін орман билеті негізінде бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың:
жанама орман пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану сияқты түрлерін ғана жүзеге асыруға болады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлерді өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Орман қорына меншiк құқығы:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.
2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
Орман қорының жерлерi :
1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.
3. Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсiрiлген жерлер жатады.
4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.
5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңдарымен айқындалады.
Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
Орман пайдаланушылардың:
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде ғана жүзеге асыруға;
өздеріне орман пайдалануда берілген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орман пайдалану мерзіміне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректі және мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға байланысты басқа да орман өнімдерін өңдеу үшін жабдықтар орнатуға;
мемлекеттік орман қорының санаттарының өзгеруі, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерін мемлекет қажеттіліктері үшін алып қою салдарынан келтірілген шығындарға өтем алуға құқығы бар.
Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Орман пайдаланушылар:
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетімен, орман билетімен белгіленген талаптарды сақтауға;
тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуге;
мемлекеттік орман қорының өздеріне орман пайдалану үшін бөлініп берілген учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге, ал орман өрті пайда болған жағдайда оны сөндіруді қамтамасыз етуге;
ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман иеленушілермен келісе отырып өртке қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және бекітуге, сондай-ақ оларды белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға;
мемлекеттік орман қоры аумағында өздері мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды өткізетін жерлерде уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен нормаларға сәйкес өрт сөндіретін құралдары болуына;
мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін бөлінген учаскелерінде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жұмыс аяқталғаннан кейін оларды мемлекеттік орман иеленушілерге табыс етуге;
ағашы кесілген жерлерде және өздерінің қызметі салдарынан өскіндер жойылған, ағаш пен бұта өсімдіктері құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебінен жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орманды пайдаланудың төлемақысын уақтылы енгізуге;
ормандардың санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мен жақсарту жөніндегі ережелерді сақтауға;
өзге орман пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға міндетті.
Орман пайдаланушылардың өзге де бірқатар міндеттері ормандарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар бөлімінде баяндалған.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.
Тендер нәтижелері туралы хаттама, ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты ағаш кесу билетін беру үшін негіздеме болып табылады.
Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға сүрек, шайыр, ағаш шырындыларын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін құжат болып табылады.
Ағаш кесу билеті орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшері, жұмыстар жүргізудің мерзімі, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәліметтерді, ағаш кесу билетінің қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.
Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшін негіздеме болған құжаттарда көрсетілген орман пайдалану түрлерін ғана жүзеге асыруға, белгіленген көлемде және мемлекеттік орман қорының нақты учаскесіне арнап беріледі.
Шайыр және ағаш шырындыларын дайындауға арналған ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға сөл ағызудың бүкіл мерзіміне беріледі.
Мемлекеттік орман иеленуші аралық пайдалану мақсатында кесуді және өзгедей мақсатта кесуді, жанама орман пайдалануды жүргізген кезде ағаш кесу билеті мен (немесе) орман билеті орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда - аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргізуге жауапты лауазымды адамға жазылады.
Орман билеті жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар қажеттігі үшін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.
Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, климатты реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.
Орман қоршаған ортаны жүйесінде экологиялық қызметтер жүзеге асырады. Онымен қатар, орман бірқатар экономикалық қызметтер атқарады. Ол қоғамның материалдық қажетін қамтамасыз ететін, соның ішінде ағаш өнімдерінің, дәрілік өсімдіктердің аса маңызды қайнар көзі.
Ал енді орманның мәдени-сауықтыру қызметтеріне тоқталатын болсақ, орман қоры адамның денсаулығын сауықтыру мақсатында, демалыс орны ретінде, халықтың эстетикалық қажетін өтеу үшін пайдаланылады. Орман қорының осындай қызметтері, оның негізгі ағаш өнімдерінің қайнар көзі ретіндегі және басқа да экономикалық қызметтерінен еш кем емес, қайта орман қорының экологиялық-қорғаныш қызметтері оның экономикалық қызметтерінен әлдеқайда маңызды екені ғалымдармен дәлелденіп отыр.
Алғашқы орман отырғызу біздің елімізде өткен ғасырдың аяғында басталды. Орман шаруашылығының кешенді дамуы, республикамызда, әсіресе, соғыстан кейінгі жылдары, яғни Совет Үкіметінің тұсында шапшаң күшейді. Орман шаруашылық кәсіпорындарының еңбеккерлерімен 1, 3 млн. га орман ағаштары отырғызылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізілген орман шаруашылығы саласындағы еңбектің нәтижесінде республикамыздың орман қоры қалыптасты.
1991 жылы республикамыз өз егемендігін алғаннан кейін орман саласындағы қатынастарды реттеу мақсатымен 1993 жылы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Орман Кодексі қабылданды [4, 4-6, 31-33-35-36 б. б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz