Жер ресурстары туралы түсінік
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Жер ресурстары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ тарау. Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер ... ... .7
ІІ.1. Жер бедері және геологиялық түзіліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ.2. Климат және агроклимат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ.3. Жер үсті және жер асты сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ.4. Өсімдік . топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІІ тарау. ОҚО жер ресурстарының географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
IV тарау. ОҚО ауыл шаруашылық жер ресурстарының географиясы...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының шаруашылығының қарқынды даму барысында жер ресурстарының географиялық орналасуы осының нәтижесінде оны тиімді пайдалану маңызды орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы ауыл шаруашылықтың дамуына негізделеді. Сондықтан, жер ресурстары олардың географиялық орналасуы шаруашылықтың дамуына ықпалы зор.
Диплом жұмысы 4-тараудан, 5-кесте, 1-картосхема және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының территория бойынша таралуын, оның себептерін көрсету, жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін физикалық- географиялық жағдайды ашып көрсету. Жер ресурстарын шаруашылықта пайдалануда қоршаған ортаны қорғау, физикалық – географиялық компоненттер арасындағы өзара байланысы мен әрекеттесу заңдылықтарын дұрыс айқындау.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының жер кодексі. Ресми мәтін. Астана, 2002. -36 бет.
2. Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград, 1979. -268 стр.
3. Алимаев И.И. Улучшение и рациональное использование аридных пастбищ. Алма – Ата, 1985.
4. Бабушкин Л.Н. Климотография Средней Азии. Ташкент, 1981. -91 стр.
5. Вопросы гидрологии орошаемых земель Казахстана. Алма-Ата, 1986. -164 стр.
6. Гидрологический ежегодник. Ленинград, 1962.
7. Геология СССР. Москва, 1977. - 403 стр.
8. Гельдиева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Наука. Алма – Ата, 1992. -173 стр.
9. Гвоздецкий Н.А., Казахстан. Очерк природы. Москва, 1971. -296 стр.
10. Научно – прикладной справочник по климату СССР. Ленинград, 1989.
11. Климат Казахстана . Под редакции А.С.Утешова. Ленинград, 1959. -315 стр.
12. Ресурсы поверхностных вод СССР. Основная гидрологические характеристики. Ленинград, 1967. -479 стр.
13. Минц А.А. Экологическая оценка естественных ресурсов. Москва, 1972. -304 стр.
14. Реймерс Ф.Н. Природопользование. Москва, 1990. -637 стр.
15. Равнины и горы в Средней Азии и Казахстана. Москва, 1975. - 264 стр.
16. Почвы Казахской ССР. Алма – Ата, 1973.
17. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана Алма – ата, 1975. - 226 стр.
18. Пальчев Н.Н.Реки Казахстана. Алма – Ата, 1959. -100 стр.
19. Шульц В.Л. Реки Средней Азии. Ленинград, 1965. -691 стр.
20. Шайык О.Ш. Орашаемые сероземы Южного Казахстана. Алма – Ата, 2001. -190 стр.
21. Сельское хозяйство Южно – Казахстанской области. Шымкент, 1998. - 140 стр.
22. Справочник Государственного фонда данных о состоянии природной среды. Алма – Ата, 1987. - 237 стр.
23. Чупахин В.М. Природные районирование Казахстан. Алма – Ата, 1970. -259 стр.
24. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алма – Ата, 1970.
25. Филонец П.П. Омаров Т.Р. Озера центрального и Южного Казахстана. Алма – Ата, 1973. -198 стр.
26. Филонец П.П. Очерки по географии внутренных вод Центрального, Южного и Восточного Казахстана. Алма – Ата, 1981. -232 стр.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Жер ресурстары туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ тарау. Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер ... ... .7
ІІ.1. Жер бедері және геологиялық
түзіліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ.2. Климат және агроклимат
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ.3. Жер үсті және жер асты
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ.4. Өсімдік – топырақ
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІІ тарау. ОҚО жер ресурстарының
географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
IV тарау. ОҚО ауыл шаруашылық жер ресурстарының географиясы...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының шаруашылығының қарқынды даму
барысында жер ресурстарының географиялық орналасуы осының нәтижесінде оны
тиімді пайдалану маңызды орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысының
экономикалық дамуы ауыл шаруашылықтың дамуына негізделеді. Сондықтан, жер
ресурстары олардың географиялық орналасуы шаруашылықтың дамуына ықпалы зор.
Диплом жұмысы 4-тараудан, 5-кесте, 1-картосхема және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан
облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді,
Ғылыми техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша
әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы
мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының территория
бойынша таралуын, оның себептерін көрсету, жер ресурстарын тиімді пайдалану
үшін физикалық- географиялық жағдайды ашып көрсету. Жер ресурстарын
шаруашылықта пайдалануда қоршаған ортаны қорғау, физикалық – географиялық
компоненттер арасындағы өзара байланысы мен әрекеттесу заңдылықтарын дұрыс
айқындау.
І тарау. Жер ресурстары туралы түсінік
Табиғи ландшафттың компоненттерінің күрделі кешенін өз құрамына
енгізетін жер ресурстары ауыл шаруашылық деп, ауыл шаруашылық егу,
жабайы өсімдіктерді орып алу және мал шаруашылықта пайдаланатын климаттың,
жер бедерінің және топырақтың ерекше үйлесімін түсініеміз. Оларға барлық
жерде кездесетін маңызды табиғи байлықтар жатады.
Ф.Н.Реймерс бойынша жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі
бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары
деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады:
а) егістік жер ресурстары; б) барлық ауыл шаруашылыққа жарамды жерлер;
в) аумақтық (территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және
б) мағынада түсінеді ( Реймерс, 1990,453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер
ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен
пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай
жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда
болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің
өзара байланысқан ықпалы тікелей және жанама болып ландшафттың негізгі
компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы
және айқын байқалады. Себебі жер бедері пішіндердің, климаттың, сулардың,
өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің
нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі
айтылатын топырақ–климаттық ресурстары ауыл шаруашылық деп
қарастыру бірнеше авторлар бойынша дұрыс емес деп есептейді. А.А.Минц
бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз,
(ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас
қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен
анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың
географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын
жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік
деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын
алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында.
Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен
байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни
кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің
әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе
жоспарлы механизм қалыптасуының алғы шарттары болып территорияның
шектелуімен ауыспаушылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің
бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте, пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай
көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және
басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады,
бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде
дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай
таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі
экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің
айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін
жеке бір дақыл егудің экологиялық тиімділігі, сонымен бірге
жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Оңтүстік Қазақстан облысы агротермикалық ресурстарға өте
бай, сондықтан мемлекеттік деңгейде облыстың жер ресустары
маңызды рөл атқарады, бірақ су ресурстардың тапшылығы жер
ресурстарын пайдалануын шектейді. Сонымен бірге жер ресурстарының
географиясына басқа да табиғи компоненттердің ықпалы бар.
ІІ тарау. Жер ресурстарын қалыптастыратын компоненттер
ІІ. 1 Жер бедері және геологиялық түзілісі
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының басым бөлігі Тұран
плитасында орналасқан, оңтүстік шығыста Өгем жотасы арқылы Өзбекстанмен
шектеседі (облыстың ең оңтүстік шығыснда Қырғызстанмен аз ғана
қашықтықта шекараласады). Оңтүстік батыста, Қызылқұм бойы Өзбекстанмен
шекара жалғасады. Облыс, батыста Қызылқұм, Сырдария орта ағысы бойы,
Қаратау, Бетпақдала арқылы Қызылорда облысы шекаралас. Солтүстікте
Бетпақдала арқылы Қарағанды облысымен шекаралас болады, ал шығыста
Қаратау мен Мойынқұм бойынша шекара Жамбыл облысымен өтеді. Облыстың
ортасын оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай Қаратау жотасы
кесіп өтеді. Өгем және Қаратау Батыс Тянь – Шань тауларының
бөліктері. Облыс шегіндегі Тұран ойпаты сазды Бетпақдала, құмды
Мойынқұм мен Қызылқұм шөлдеріне және Сырдария бойы тауалды
шөлейт жазыққа бөлінеді.
Бетпақдала борпылдақ қабат – қабат орналасқан мезозой және
палеоген тау жыныстарынан құрылған жазықтық, оның орташа биіктігі
300 м. Жазық үстінде басым теңіздік және континенттіғк
палеогендік шөгінділер – құм, құмтас, ұсақ жұмыртас, саз. Жазықтық
кеңістерде сор жерлермен тұйық ойыстармен және ағынсыз төмен
жерлермен кезектеседі.
Мойынқұм құмды шөлі Шу синеклизасының басым бөлігін алып жатыр, ол
Тянь – Шань тау алды еңкіс жазықтар ойпаттың жазықтарына өтпелі болып
табылады.
Мойынқұм шөлінің жер бедері негізінен эолды – төбелі және тізбекті
құм. Кейбір жерлерде эол жер бедері астынан аңғар тәріздес және ежелгі
террассалар сатыларының жар сияқты қия беттер түріндегі су тектес ежелгі
пішіндер көріністе болады.
Облыстың оңтүстік батысын Қызылқұмның солтүстік шығысы алып жатыр.
Мұнда эолды құм жер бедері басым. Құмның астында ежелгі аллювиалдық қабат,
ал Сырдария маңында аллювиалды – көлді қабат орналасқан. Аллювиалды және
аллювиалды көлді шөгінділерді желмен електеу есебінен эолды құм пайда
болған. Шөлдің басым бөлігінде құм өсімдіктермен бекітілген. Тізбекті және
төбелі жер бедері қалыптасқан кейбір жерде барханды құм төбелер кездееді.
Қаратаудың Оңтүстік беткейі мен Сырдария өзенінің арасындағы облыстың
территориясы Сырдарияның аллювиалдық және оның оң салаларының
аллювиалдықпен пролювиалдық шөгінділерінен пайда болған. Бұл тау алды
жазықтық сайларымен тілімделген және сынық шөгінділерімен құрылған. Мұнда,
еспе сулары салыстырмалы тұщы, ол Сырдария өзеніне қарай жылжыған сайын
еспе сулар тұздалады.
Қаратау – орта биікті таулар, оның ең биік жері Бессаз (Мыңжылқы
шыңы – 2176 м) негізінен Қаратау кембрийалды және палеозойдың
дислокацияланған қабаттарынан құралған. Ал оның тау алды мезозой, палеоген
және неоген жастағы горизонтальды орналасатын шөгінділерден қалыптасқан.
Қаратау 5-6 балдық сеисмикалық белдеуде орналасқан. Қазіргі
тектоникалық қозғалыстар өте белсенді, мұндай белсенділік, +12 мм жылына,
шоқпақ асуда, қайта геодезикалық нивелировка арқылы байқалды (Чупахин,
1968).
Қаратау жотасы басым жерінде ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік
тау алдының үстіртті бері солтүстікке қарай жазықта болатын қырқаға
айналады. Су айрық беі бор және эоцент, трангрессиялар кезінде жемірілген
денудациялық жазықтық болып келеді.
Қаратаудың оңтүстік жайпақ беткейдің әктасы – даламитті қабаттар
дамыған учаскелердегі жазық бетте өзендермен жылғалардың кесіліп ойылған
көлденең аңғарлары, тік беткейлі канион тәріздес болып келеді. Жоғарыдан
қарағанда осы каниондардың кейбір кесінділері тура және кескін бұрылыстар
сипатты.
Облыстың оңтүстік шығысында батыс Тянь – Шань тауларының тізбектері
орналасқан. Ең биік Сайрам шыңы -4299 м, бұл ауданды Қаржантау, Қазығұрт
таулары құрайды. Жоталар гранитті, гранадиорит, герцин, интрузиялары мен
тесіп шыққан полезой шөгінді қабаттардан құралған.
Огем жотасының кейбір жазықты су айрық беттері әктастардан құралған.
Ол жерде қарсы шұңқырлары көп кездеседі. Қазығұрт таулары түзіліске және
жер бедеріне ие.
ІІ.2 Климат және агроклиматтық жағдайы.
Оңтүстік Қазақстан облысы қоңыржай белдеунің оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Облыстық жазықтықты аудандарының климат жағдайының ерекшелігі
кескін континенттілігі. Л.Н.Бабушкиннің климаттық аудандатыру бойынша
(Бабушкин, 1983), Облыстық территориясы үш климаттық провинциалда
орналасқан. Облыстық Солтүстіг орталық Қазақстан провинцияның Бетпақдала
округында орналасқан. А. Пузырева бойынша (Пузырева, 1975), облыстың бұл
бөлігі Балқаш Арал облысының орталық Қазақстан аудандарында орналасқан.
Облыстың Солтүстік климаттық шекаралары авторларда бір – біріне сәйкес
келеді.
Бұл аудан ауа температурасының үлкен жылдық ауытқуымен сипатталады.
380 С шамасында (қаңтар – 10,70 С , шілде + 270 С), (№ 1 кестеде), мұндай
ауытқу климаттық кескін континенттігіне байланысты.
№ 1 кесте ауаның орташа айлық және жылдық температурасы (t0 С).
Темпера
№ Метеостанциялар І ІІІ V VII IX XI Жыл тураның
дық жылдық
ауытқуы
1 Тасты -10,7 0,5 19,4 27,3 -17,6 -0,6 9,0 38
2 Ащысай -3,1 2,7 17,0 25,6 17,7 2,9 10,5 28,5
3 Түркістан -5,8 5,3 20,6 28,3 19,7 3,1 12,0 34,1
4 Қызылқұм -5,8 5,3 21,3 29,5 20,3 2,6 12,2 35,3
5 Шымкент, ГМБ -2,4 5,6 18,5 26,2 19,1 4,9 12,1 28,6
6 Байырқұм -4,1 6,0 20,8 27,7 19,0 3,3 12,2 31,8
7 Шардара -2,1 6,4 21,1 28,9 20,5 5,1 13,4 31,0
8 Мақтарал -2,6 7,4 20,8 26,5 18,5 5,1 12,8 29,1
Шу өзенінен Оңтүстікке қарай Қаратудың солтүстік шығыс тау алдына
дейін территория Л.Н.Бабушкин Жоңғар Тянь – Шань провинциясының жазықтық
провинция тармағының жеке Мойынқұм округы деп бөледі. Ал, А.А.Пузырева оны
Балқаш Арал облысының Мойынқұм климаттық ауданы деп есептейді. Мойынқұмның
климат жағдайы Бетпақдаланың климаты сияқты континентті болып келеді, бірақ
жауын – шашынның мөлшері салыстырмалы көбірек болуына байланысты (200 мм
шамасында) бұл аудан флора мен фаунаға байлау болып табылады.
Қаратай жотасының Л.Н.Бабушкин Тұран провинциясының тау алды таулы
провинция тармағының жеке климаттық округ деп есептейді. А.А.Пузырева
Қаратауды батыс Тянь – Шань және шығыс Тянь-Шань климаттар облыстарына
бөледі.
Жотаның солтүстік шығыс беткейі солтүстік климаттық облысының Шығыс
Қаратау климаттық ауданы, ал оңтүстік батыс деңгейі батыс Тянь – Шань
климаттық облысының батыс Қаратау климаттық ауданын қалыптастырады.
Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын –
шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі (№ 2 кесте).
№ 2 кесте. Жауын – шашынның орташа айлық және жылдық мөлшері.
№ Метеостанция І ІІ ІІІ IV V VI VII VIII IX X XI XII жыл 1
Тасты 13 15 21 28 15 11 7 4 2 14 12 19 161 2 Ащысай 75
68 82 75 46 15 9 5 7 37 52 69 540 3 Түркістан 28 23 34
28 18 8 3 2 3 10 19 30 206 4 Қызылқұм 20 20 29 25 16 5
3 2 1 10 14 24 170 5 Шымкент, ГМБ 67 65 92 77 46 18 8 5
6 47 69 73 576 6 Байырқұм 32 28 37 38 20 5 4 2 2 13 19
32 232 7 Шардара 31 28 41 37 23 8 3 2 1 14 23 31 242
8 Мақтарал 40 35 54 47 27 6 3 1 1 24 32 43 311
Жауын – шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының
салыстырмалы үлкен қалыңдығы 30 см дейін, ал, ұзақтылығы 80 күнге дейін.
Мұндай суды қамтамасыз ету жағдайы суғарылмайтын егістікке жағымды болып
табылады, негізінен суыққа бейімделген ауыл шаруашылық дақылдары, әсіресе,
астық тұқымдастықтарға. Жеткілікті ылғалдану әртүрлі шөптесін таулы дала
дамуына жағдай туғызады, яғни таулы жайлы ретінде пайдаланылады.
Қаратудың оңтүстік батыс беткейінің термикалық режимі ауыл
шаруашылыққа өте жағымды, бірақ егіншілік үшін жер бедерінің пішіні
қолайсыз. Облыстың оңтүстіктегі жазықтары А.А.Пузырева бойынша Қызылқұм –
Қаратау маңы климаттық облысында орналасқан. Автор бұл территорияны екі
климаттық ауданға бөледі, Сырдарияның сол жағасындағы жазықтықты қамтитын
шығыс Қызылқұм климат ауданы және Сырдариядан тау алды жазықтықтарға дейін
Сырдария маңы климаттық ауданы. Оңтүстікте Келес өзенінің төменгі ағысы
жеке климат ауданға ажыратылады.
Бұл аймақ белсенді температуралардың жоғары мөлшерімен сипатталады.
Мысалы, 44000 (+100С жоғары ауа температуралардың жиынтығы) изосызығы
Оңтүстік шығыста Қазығұрт жотасының оңтүстік беткейімен, кейін солтүстік
бағытқа жалғасады, шамамен Төрткүл елді мекенінің жанында батысқа бұрылады.
Сондықтан, облыстық оңтүстік – батысы жылы сүйгіш ауыл шаруашылық
дақылдар (жүзім, темекі және т.б.) өсіретін зонада орналасқан.
Термикалық жағдайы жақсы болғанымен жауын – шашын мөлшерінің
жетіспеушілігі жер ресурстарының сапасы төмен болуына алып келеді, мысалы
Байырқұмда 238 мм, Шардара 242 мм, Мақтаралда 311 мм. Жер ресурстарының
географиялық бөлістерінде агроклиматтық ресурстар өте маңызды рол атқарады.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін термикалық ресурстарды,
ылғалмен қамтамасыз ету олардың режимін есепке алу қажет. Сондықтан, осы
мәселелерді қарастыруға агроклиматтық аудандастыруға негізденеміз.
ОҚО физика – географиялық жағдайындағы үлкен айырмашылықтар
агроклиматтық жағдайдың біркелкі болмауының себебі.
Агроклиматтық аудандастыру негізінде – вегетациялық кезеңдегі
ылғалмен, жылумен қамтамасыз ету көрсеткіштері қойылған, басты көрсеткіш
ОҚО жағдайында шектелетін, территорияның ылғалмен қамтамасыздандырылуы.
Ылғал қамтамасыз ету көрсеткіші ретінде Селяниновтың гидротермикалық
кооэфициентті (ГТК) колданылған. Бұл кооэфициент температурасы t0 С
жоғары кезеңдегі жауын – шашынның жиынтығы, осы кезеңдегі он есе
кішірейтілген температуралар жиынтығына бөлінген көрсеткішке тең. а)
ылғалдану жағдайы бойынша облыстың температурасы бойынша үш зонаға бөліген:
өте құрғақ (ГТК=0,1 0,3), мың метр биіктікке дейін тау алды құрғақ (ГТК
=0,3-0,5) және 1000 м жоғары таулы (ГТК0,5). Өте құрғақ зона жылуымен
қамтамасыз ету бойынша екі ауданға бөлінеді: өте құрғақ, ыстық.
100 С жоғары t –лардың жиынтығы 3600-38000 және өте құрғақ, өте ыстық
t –лар жиынтығы 46000- қа тең. Құрғақ тау алды зонада t –лар жиынтығы 3300
-44000 С-ға тең, ал таулы зонада – 33000 С одан да төмен. Нәтижеде, ОҚО
территориясында 4 агроклиматтық аудан ажыратылады.
Бірінші аудан, ыстық құрғақ агроклиматты аудан, Бетпақдаланы,
Мойынқұмды, Шу өзені аңғарын қамтиды. Агроклимат ауданға әкімшілік жағынан
Созақ ауданының жазықтық бөлігі тура келеді. Климаттық ауданның климаты
кескін континентті, ыстық құрғақ жаз және суық, қар аз жауатын қыспен
сипатталады. Аязсыз маусым орта есеппен сәуір айының екінші жартысында
орнатылады, 5-6 айға созылады.
Жауын – шашын мөлшері өте аз. Температура 100 С жоғары кезеңінде
жауын – шашын мөлшері 45-125 мм аралығында, наурыз – мамыр маусымға
келеді. Қыста болатын қар жамылғысының қалыңдығы 10-25 см, 2-3 айға
созылады. Ылғалдың тапшылығы егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік
бермейді, сондықтан бұл ауданның жер ресурстары жамылым ретінде пайдалануға
болады.
Екінші аудан, өте құрғақ және өте ыстық Сырдария өзені – батыста –
Қызылқұм, шығыста – Қаратау мен Өгем жотасының тау алды етегіне дейін. Қиыр
оңтүстікте бұл ауданға Мырзашөл де кіреді. Бұл агроклиматтық ауданға
төмендегі әкімшілік аудандар кіреді. Мақтарал, Ордабасы, Шардара, Отырар
аудандары, Сайрам және Қазығұрт ауданының батыс бөліктері, Бәйдібек
ауданының батыс және оңтүстік бөліктері, Түркістан мен Сарыағаш ауданының
оңтүстік бөліктері.
Бұл аудандарда 100 С жоғарғы t – лар жиынтығы 4000-46000 құрайды, ГТК
= 0,1 -0,3 Қаратау жотасы ауданға қарай суық солтүстік ауаны өткізбейді.
Көктемгі үсік сәуір айының басында тоқталды, ал бірінші күзгі үсік қазан
айының бірінші жартысында пайда болды. 100С жоғары t –лар кезеңіндегі
жауын – шашын мөлшері 40 мм - 150 мм дейін.
Әсіресе, батыс бөлігі өте құрғақ (Қызылқұмда орташа жылдық жауын –
шашын мөлшері 100-170 мм аралығында).
Қыста қар жамылғысы тұрақты болмайды және қалың қабат болып жатпайды.
Оңтүстік бөлігінде тұрақты қар жамылғысы болмайды. Жер ресурстарын тиімді
пайдалану үшін су қажет, сондықтан қазіргі таңда жайылым ретінде
пайдалануда. Ауданның оңтүстік бөлігінің топырағы мақта, жүзім т.б. жылу
сүйгіш өсімдіктер егуге қолайлы.
Үшінші аудан, құрғақ тау алды аудан Созақ, Түркістан, Бәйдібек,
Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт және Сарыағаш әкімшілік ауданының тау
алды бөліктерін қамтиды.
100 С жоғары температуралардың жиынтығы 3300 - 44000 аралығында
тербелуде, ГТК = 0,3 – 0,5. Аязсыз кезеңнің ұзақтылығы 167-204 күнге дейін
созылады. Бұл ауданның климатына теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері және
беткелдің экспозициясының үлкен ықпалы бар. Жауын – шашын жылдық мөлшері
500 -600 мм шамасында. Температуралар 100 с жоғары кезең бойы жауын –
шашын мөлшері 90-250 мм. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айының екінші
декадасында орнатылады және 2-2,5 айға созылады.
Ауданның агрошаруашылық маңызы суғарылмайтын жер ресурстарының көп
болуы.
Төртінші аудан, Қаратау және Батыс Тянь – Шань жоталарын қамтиды. Бұл
ауданға Созақ, Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төлеби
аудандарының таулы бөліктері жатады. 100С жоғары t-лардың тиынтығы 33000 С
және одан да төмен, ГТК 0,5. Аязсыз кезеңнің ұзақтылығы 161 күн және одан
да төмен.
Бұл аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген. t –сы +100С жоғары
кезеңдегі жауын – шашын мөлшері 115-255 мм, ал орташа жылдық жауын – шашын
600-800 мм. Тұрақты қар жамылғысы болады, бірақ таулы жер бедерінің
болуына байланысты қар бір қалыпты таралған.
Одан қалса жауын – шашынның максимумы қысқы маусымда болады. Облыстың
тау алды жазықтары Батыс Тянь – Шань климаттық облысында орналасқан. Бұл
аудан агроклимат жағынан кедергі болып келеді. Жауын – шашын мөлшері 400
мм ден 800 мм дейін. Жазғы маусым қатты ыстық емес (Шымкент, шілде айының
орташа температурасы + 26,20С), ал қысы жылы (Шымкент, қаңтар айының орташа
температурасы - 2,40С).
Жер ресурстарын географиялық бөлістіруінде агроклимат ресурстары өте
маңызды роль атқарады.
ІІ. 3 Жер үсті және жер асты сулары
Жер ресурстарының негізгі қасиеттеріне беткі және жер асты сулары
маңызды әсер етеді. Облыстың жері құрғақ климатта орналасуына байланысты
беткі ағын сиректелген, уақытша су ағыстары жиі кездеседі. Облыстың
солтүстігі мен оңтүстік батысында Бетпақдалада, Мойынқұмда және шығыс
Қызылқұмда беткі ағын жоқтың қасы. Шу өзені Бетпақ дала мен Мойынқұм
арасындағы табиғи шекарада болып табылады, ал бұл ауданда транзиттік өзен
болып келеді.
Оның жалпы жылдық су ағымы жылына 2,5 км3 шамасында оның басым бөлігі
өзеннің бас жағында суғаруға пайдаланады, нәтижеде орта және төменгі
аағысында кейбір жылдары су тартылып қалады, яғни төменгі ағысында тұрақты
су ағысы жоқ.
Облыстың ең үлкен өзені Сырдария, оның жылдық су ағымы шамамен жылына
27 км3 құрайды. Облыс шегінде Сырдарияға Арыс және Келес өзендері құяды.
Қаратаудың оңтүстік – батыс беткейінен басталатын көптеген ұсақ өзендер
Сырдарияға жетпейді, себебі олардың сулары суғаруға және басқа да
шаруашылық қажеттіктерге пайдаланады. Ал, сол жағында мүлдем сала жоқ.
Сырдария өзені Ферғана аңғарында Нарын өзені мен Қарадария қосылған
жерден басталады. Су ағынының басым бөлігі Қазақстан жерінен тыс
қалыптасады.
Облыс территориясындағы көлдердің басым бөлігі еспе арналарда пайда
болған көлдер. Мұндай көлдер әсіресе Сырдария аңғарында көп кездеседі.
Көктемде қар ерігенде Сырдарияда су тасып ағады, осы кезде су еспе
арналарды да толтырады, кейін олар жазға дейін суға тола болады, кейбір
көлдерде жыл бойы су болады.
Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде уақытша су
ағыстарының және ұсақ өзендерінің ағымының жинақ облыстары болып келетін
тұйық ойыстарда көлдер қалыптасады. Ең ірі көлдер Қаратаудың солтүстік –
шығыс беткейіндегі Қызылкөл, Қалдыкөл.
ІІ.4. Өсімдік - топырақ жамылғысы.
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында таулы шалғынды, таулы
қызыл қоңыр және сұр топырақ түрлері басым болып келеді. Жазықтарда сұр
топырақ, тақыр сияқты және сұр – қызыл қоңыр топырақтарға ауысады. Олардың
арасында сор және сортаң жерлер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды
және шалғынды батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен
оңтүстік – батысында құм үлкен кеңістіктерді алып жатыр (құмды шөлдер).
Облыстың оңтүстік – шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мұнда
топырақтың вертикалдық зоналығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген
сайын мұздықтар мен Нивальдық белдеу таулы шалғынды және субальпілік
топырақтарға ауысады.
Бұл топырақтар барлық жерде болмайды, тек қана жазықтық жерлерде және
биік таулы кеңістіктердің жылғаларында (ложбина) таралған. Бұл топырақтың
сипатты белгілері – қабаттылығы қалың емес және топырақ профилі ірі
бөлшектерден құралған, жоғары шымдылық, жоғары қарашірік үлесі (10%
жоғары).
1200-1300 м-ден 2400-2500 м биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр
топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты
жыныстардың Элювийі мен делювиі болып табылады. Қарашірік үлесі 3-6%, түсі
қызыл қоңыр.
Талас Алатау, Қаржантау және Қаратау тау етегі облысында және тау алды
жазықтарда, Сырдарияның биік террассаларында сұр топырақ тараған. Сұр
топырақ солтүстік ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстік қара реңді,
оңтүстік ашық реңді және оңтүстік ашық реңді сор топырақтарға бөлінеді.
Олардың ішінде оңтүстік қара реңді сұр топырақ (қарашірік – 3-4%) ең
құнарлы болып табылады.
Бетпақдалада сұр – қоңыр топырақ тараған, қарашіріктің үлесі 1 %
дейін. Шоқ – шоқ болып сор жерлер кездеседі.
Сырдарияның орта ағысы бойындағы ежелгі аллювиалдық жазықтарда және
Қаратаудың теріскейіндегі жазықтарда және Қаратаудың теріскейіндегі тау
етегіндегі жазықтар мен Мойынқұмда тақырлар кездеседі. Олардың беті жарық
пішіндермен ерекшеленеді. Қарашірік үлесі 1 % аспайды.
Сортаң жерлер облыста сирек кездеседі, көбінесе Бетпақдалада.
Арыс, Бадам, Келес, Кур-Келес т.б. одан да кіші өзендердің
аңғарларында тұздалмаған шалғынды сұртопырақ және сор топырақ кездеседі.
Топырақтың беткі қабаттарында қарашірік үлесі 3-4% дейін барады. Облыстың
оңтүстік – батысында, Шу өзенінің төменгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz