Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Шағын бизнес . нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары ... ... ..4
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі ... ... ... ...7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері ... ...13

II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері ... ... ... ... ... .20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің функциялары ... ... ... ... ... .26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ...26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары ... ... ..4

1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы
мәні мен
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық
қамтамасыз
етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың
қазіргі жағдайы мен даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13
II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді
басқару ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау
критерийлері ... ... ... ... ... .20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық
базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .23
III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің

функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..35

КІРІСПЕ
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының
ерекшелігі – ол ірі және шағын кәсіпорындардың қатар қызмет етуі. Шағын
және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық,
материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық және басқа да нарық
қажеттілігін қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы болып,
олардың икемділігі, жұмылдырғыштығы, яғни сатып алушыны тез таба алу мен
оның қажеттілігін жедел қанағаттандыру қабілеттілігі, сонымен қатар нарыққа
өтімді тауарды жіберуі.
Шағын бизнес тәуелсіз менеджементпен, меншікті капиталмен, жергілікті
қызметпен, икемділікпен, жылдам құрылымдық және техникалық алғырлық
мүмкінділігін, сонымен қатар, шағын нарықтық сегментке қызмет ете алуымен
сипатталады.
Шағын бизнес дұрыс, оңтайлы басқарушылыққа нарық конъюктурасының кез
келген өзгерісіне бейімдеушілікке мүмкін ететін бірқатар ерекшеліктерді
иемденеді.
Мемлекет экономикасының бүкіл аясы мен салаларында кіші нарықтық
құрылымдардың құрылуы экономикалық үдерістердің әлемдік – шаруашылық
тенденцияларына сәйкес келгендіктен барлық салалардағы түрлі бейіндер
бойынша кәсіпорындардың дамуы әлемдік тәжірибеде танымдық құбылыс болып
саналады.
Қазіргі кезде біздің экономикада бір мезгілде ірі, орта және шағын
кәсіпорындар қызмет етеді, сонымен бірге жеке және жанұялық еңбекке
негізделген қызмет түрлері жүзеге асырылуда.
Қазақстанның алдағы он жылдықта әлемдегі бәсекеқабілетті алдыңғы қатарлы
50 мемлекеттер санатында тұруына шағын бизнес қолқабыс болатын
экономикамыздың жоғарғы қарқынды дамуына үлес беретін мығым, қуаты мол сала
ретінде қарастырылатындықтан оның маңыздылығы зор.

І ШАҒЫН БИЗНЕС – НАРЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні және ролі
Нарықтағы экономика монополизм билігін төмендетіп, бәсекенің дамуына
бағытталған қоғамдық өндіріс құрылымының өзгеруін талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені шағын бизнес, яғни шағын
экономиканың дамуынсыз шешуге болмайтындығы анықталып отыр. Шағын экономика
кәсіпорындары үстемдік етіп отырған қоғамдық – саяси құрылымға тәуелсіз
экономикада маңызды роль атқарады және нарықтық жүйенің объективті элементі
болып табылады.
Республикамыз тәуелсіздік алғанға дейінгі КСРО өнеркәсіп кәсіпорындары
үлкен өлшемімен ерекшеленді. Қызметкерлерінің саны 800 адамнан жоғары бола
отырып, 10 адамға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындар үлесі жалпы
кәсіпорындар көлемінің – 3,5% құрады, ал жұмысбастылар саны бойынша – 11,1%
және өндірілетін өнім көлемі бойынша – 0,1%-ға тиесілі болды. 2,5 мың
адамнан асатын қызметкерлер саны бар кәсіпорындар үлесі - 21%, ал олардың
өндіретін өнім көлемі - 80% құрады.
Шағын экономиканың ролі ХХ ғ. 90 жылдарынан өсе бастағанымен, ірі
кәсіпорындар өздерінің массалық өндіріс тиімділігі, еңбек бөлінісінің
тереңдігімен автоматтандыру деңгейі, шикізаттарды пайдаланудың кешенділігі,
ғылыми - өндірістік циклдің бірлігі және т.б. көрсеткіштер бойынша өзінің
артықшылығын сақтап отыр.
Шағын және орта кәсіпорындар ең алдымен ұсақ сериялы, қысқа
номенклатуралы өндірістерде, бірлік өнім, сонымен бірге ірі кәсіпорындар
тапсырыстары бойынша түрлі бөлшектермен қосалқы бұйымдар өндірісіне
маманданған және олар әртүрлі қызметтер көрсетумен айналысады, сонымен
қатар қоғамдық жұмыстармен қызметтердің түрлі салаларында қоғамдық
экономиканың көп түрлі жақтарының тиімділігін жоғарылата отырып оңтайлы
қызмет атқара алады.
Әлемдегі 75 мемлекеттің заңдары бойынша фирманы шағын және орта ретінде
анықтаудың 50 критерийлері бар (ол жылдық айналым көлемі,пайда табыстылық
деңгейі, капитал көлемі, инвестициялар көлемі, жұмысшылар саны және т.б.).
Отандық тәжірибеде ҚР Президентінің 1997 жылғы 6-шы наурызындағы “Шағын
кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау және белсендіруді күшейту бойынша
іс-шаралар туралы” Жарлығы жарық көргенше шағын және орта бизнес
салаларында жұмысшылар саны бойынша келесі шектеулер әсер етті: өнеркәсіпте
- 200 адамға дейін; ғылымда және ғылыми қызмет көрсетуде – 100; мемлекеттің
басқа салаларында – 15 адамға дейін. Жарлықты күшіне енгізгеннен кейін:
өндіріс, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында – 50 адамға дейін, көлік
және байланыс саласында- 25; ғылымда – 20, бөлшек саудада, тұрғындарға
тұрмыстық қызмет көрстуде – 30, басқа салаларда – 10 адамға дейін қызмет
ету мүмкіншілігі пайда болды.
Бұл сандық көрсеткіштер (шағын және орта фирмалар үшін) Жапонияда – 50
жұмысшыға дейін; Италия мен Финляндияда – 100 адамға дейін, Англияда – 200
дейін, ал АҚШ-да – 500 дейін.
Әдістемелік көзқарас бойынша Шағын бизнес ұғымына көптеген
зерттеушілер тек шағын кәсіпорындарды ғана емес, орташаларды да жатқызады.
Шағын бизнестің аталған сандық сипаттамаларынан басқа, сапалық
сипаттамаларын атап көрсетуге болады:
- ең алдымен шағын бизнестің икемділігі мен ұтқырлығы
(мобильділігі)– нарық талаптарына шұғыл түрде әсер береді;
- бейімділігі - өзгерілетін шарттарға тез бейім болады;
- шағын бизнес меншік иесі мен басқарушының бір тұлғада сипатталуына
негіз береді;
- жұмысшылардың өзара алмастырушылығы. Шағын ұжым үшін оның
қызметкерлері функциясының белгілі бір шектеулерінде бірін-бірі
қолдау, көмек көрсету, ал өте қажет болған жағдайда бірін-бірі
алмастырушылығы оңай түрде жүргізіліп, жалпы кәсіпорындар қызметін
оңтайландыруға себеп болады;
- шағын фирманың маңызды бір артықшылығы – ақпарат өтудің жоғары
жылдамдығы. Бұл жағдай ақпараттың өз көлемімен және басшы мен
жұмысшылардың тікелей араласуымен шартталынады.
- Фирманың шағын көлемі салыстырмалы түрде басқарушылық шығындардың
төменгі дәрежесінде оның сапалы басқарылуын қамтамасыз етеді;
- Шағын бизнесті ұйымдастыру үшін негізгі қорларға ірі көлемде
салымдар талап етілмейді.
Қазіргі экономикаға түрлі ауқымдағы өндірістердің күрделі
тәсілдемесі тән. Шағын кәсіпкерліктің, әсіресе үлкен көлемдегі капиталды,
құрал-жабдықтарды және түрлі жұмысшылар кооперациясын әлі аса қажет
етпейтін аяларда өркендеуі байқалады. Бұл кәсіпорындар әсіресе өндірістің
ғылымды қажет ететін түрлерінде, және тұтыну тауарлар өндірісімен
байланысты салаларда көптеп кездеседі.
Өндірістің шағын фирмаларының тиімді қызмет атқару мүмкіндігі олардың
ірі өндірістерге қарағандағы артықшылықтарына байланысты: жергілікті
шикізат нарықтарына және клиент тапсырыстарына бейімделу; шағын топтамалы
өндіріс; басқарудың артық буындарын жою және т.б.
Шағын өндіріске сұранымның өндірістік және жеке тұтыну аяларындағы
саралау мен дараландыру тән.
Өз кезегінде шағын өндірістің дамуы экономиканың сауығуына жағымды
жағдай қалыптастырады: бәсекелестік орта дамиды; қосымша жұмыс орындары
құрылады; құрылымды қайта құру белсенді түрде жүреді; тұтыну секторы
кеңейді. Осы кәсіпорындардың дамуы нарықты тауарлармен және қызметтермен
толтыруға, экспорттық әлеуметтің жоғарлауына, жергілікті шикізат
ресурстарын тиімді қолдануға септігін тигізеді.
Шағын кәсіпорындардың шығармашылық күштерінің бос өндіріс қуаттарын
тиімді пайдалану қабілеттігінің болуы өте маңызды. Шағын бизнес әлемде
маңызды роль атқарады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Батыс Еуропа, АҚШ,
Жапонияда шағын және орта кәсіпорындарының жиынтығы есебіне осы елдерде
жұмыссыздық деңгейі төмендетіліп, жаңа жұмыс орындарының 23 өсімшесі
қамтамасыз етіліп отыр.
Шағын бизнестің үлкен резервтері және нарықтық экономикадағы ролі АҚШ
пен Еуропа елдерінің берілген мәліметтері көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тың шағын
және орта кәсіпорындары жалпы ұлттық өнімнің 40 % және жеке сектордың
жиынтық өнімінің жартысын өндіреді; оның ішінде: өңдеуші өнеркәсіпте - 21%,
құрылыста – 80 %, көтерме саудада – 86%, қызмет көрсету аясында - 81%. Осы
кәсіпорындарда жеке сектордағы бүкіл жұмысбастылықтардың жартысы
шоғырланған.
Олар АҚШ экономикасындағы жаңалық енгізулердің жартысына дерлігін
құрылып, игерілуін қамтамасыз етеді. Бұл жаңалық енгізулер ғылыми-
техникалық прогресс аясына қатысты.

1.2 Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ерекшеліктері, ұйымдық
формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі
Меншік формаларының түрлілігі кәсіпорындардың түрлі ұйымдық-
құқықтық формаларын құруда негіз болып саналады. Қоғамдық өндірісті, нақты
салалар жиынтығы не территориялық немесе салааралық кешен ретінде
қарастырсақ барлығында кәсіпорындар және кәсіпорындардың бір комбинациясы
туралы сөз болады.
Кәсіпорын – қоғамдық өндірістің алғашқы негізгі буыны.
Өйткені кәсіпорында өндіру, тасымалдау, сату, яғни “өндіріс
факторларының және өндірілген өнім қозғалысы” жүзеге асырылады. Өндірісті,
өнімді сатуды басқару және ұйымдастыру пайда әкелу керек. Кез келген
кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі осы мақсатқа бағытталады.
Кәсіпорын (фирма) – пайда табу мақсатымен өнім өндіру, қызмет көрсету
үшін құрылған жеке (тәуелсіз) шаруашылық субьект.
Кәсіпорынның толық анықтамасы бойынша негізгісі: 1) тәуелсіздік
(дербестік) 2) пайда табу.
Егер кәсіпорынның банктегі дербес шоты, мөрі болса, түрлі операциялар
мен мәмілелерді жүзеге асырса, бірақ басқа кәсіпорынның немесе мемлекеттің
қаражатымен қызмет атқарса, ол оперативті – шаруашылық дербестік
(тәуелсіздік).
Тек тұрақты қаржылық жағдай ғана кәсіпорынның экономикалық дербестігін
қамтамасыз етеді.
Дегенмен экономикалық дербестігінің құрылуының бастамасы болып оның
дербес оперативті – шаруашылық бірлік немесе заңдық тұлға ретінде
айқындалуы саналады.
Заңдық тұлғаның өзінің Жарғысы, табыстар мен шығындар балансы, банкте
шоты, келісімдік қатынастар жүргізуге құқығы болады.
Ол үшін кәсіпорынның келесі нысандары болуы керек:
1) Ұйымдық бірлік – құрылтай құжаттарында бекітілген өзінің ішкі
құрылымы мен басқару тәртібі бар ұйымдастырылған ұжым.
2) Жеке мүлік – жеке мүлкі бар (негізгі және айналым құралдары)
және ол мүлікті иемденеді, пайдаланады, сатады, істен шығарады,
мүлікке салық төлейді.
3) Мүліктік жауапкершілік. Заң бойынша кәсіпорын өз міндеттері
бойынша жауапты.
4) Өз атынан азаматтық айналымда болу. Кәсіпорын адам сияқты, басқа
кәсіпорындардан ерекшеленіп танылу керек. Оның атауы болу керек.
Сол атауы бойынша кәсіпорын тіркеліп, мүліктік және мүліктік
емес құқықтарын иемденеді, аластатады, міндет алады, сотта,
арбитражда немесе үштік сотта талапкер не жауап беруші ретінде
шыға алады.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдық – құқықтық формалары.
Кәсіпорындар меншік түрлеріне байланысты 2 түрге бөлінеді: қоғамдық және
жеке.
Бірінші түр. Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар жиынтығы –
экономиканың қоғамдық секторын құрайды.
Екінші түр. Серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, аралас кәсіпорындар,
кооперативтер – экономиканың жеке секторын құрайды.
Экономиканың жеке секторының кәсіпорындары бір-бірінен кәсіпорын
қожайындарының саны жөнінен, кәсіпорынның қызметі үшін жауапкершілігі, жеке
капиталды кәсіпорынның жалпы капиталына енгізу әдістері бойынша
ажыратылады.
Жауапкершіліктің шектелуі бойынша кәсіпорындар жауапкершілігі шектелген
және шектелмеген, ал жеке сектор кәсіпорындарының ұйымдық формалары:
индивидуалды (жанұялық), толық серіктестік – мүшелердің үлестік мүлкі және
барлық мүшелердің толық жауапкершілігі негізінде сипатталады. Бұл форма
жеке даралық кәсіпорын сияқты заңдық тұлға болып табылмайды.
Аралас серіктестік – заңдық тұлға. Құрамы: нағыз мүшелері және салымшы
мүшелер; біріншілер онда толық жауапкершілікте болады.
Халықаралық тәжірибеде аралас серіктестікті командиттік (сенім)
серіктестік деп атайды, оның нақты мүшелері – комплементарийлер, ал салым
мүшелері – командиттер.
Келесі түрлер: Жауапкершілігі шектелген серіктестіктер немесе
акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар бірлестігі - өзара шарт негізінде ерікті
болып табылады.Кәсіпорындар бірлестігі – бұл одақтар, ассоциациялар,
концерндер, салааралық немесе территориялық бірлестіктер.
Кәсіпорынның келесі формасы – бұрын мемлекеттік болған, еңбек
ұжымдарының мүлкін сатып алу немесе жалдау негізінде құрылған, мүлікті
сатып алғаннан кейін серіктестік немесе акционерлік қоғам құра алады. Ал
жалпы кәсіпкерлік қызметке қатысты қарастырсақ сол саладағы қызметті
төмендегідей сипаттай аламыз.

№ Кәсіпкерлік
1 2 3 4 5
1 Өндірістік Коммерциялық Қаржылық Кеңестік
2 Инновациялық, Саудалық Банктік Жалпы басқару
венчурлық
3 Ғылыми– Саудалы-көтерме Сақтандыру-шылықӘкімшілік
техникалық сатып алу
4 Тауарлар Саудалық- делдалдық Аудиторлық Қаржылық басқару
өндірісі
5 Қызмет көрсету Тауар биржалары жәнеЛизингтік Кадрларды
сауда үйлері басқару
6 Тұтыну Қор биржалары Маркетинг
тауарларын
өндіру
7 Тұтыну Ақпараттық
қызметтерін
өндіру
8 Маманданды-
рылған

1-кесте. Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі

Шағын бизнес қоғамдық қажетті еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасы
ретінде біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық критерилеріне сай келеді,
себебі бұл қызмет ел экономикасына да, жеке әр азамат үшін де пайдалы.
Шағын кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үдерісіне жаңа құндылықтар жасайтын,
ұлттық табыс пен ұлттық байланысты арттыратын, қосымша еңбекті қосады.
Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының барлық аяларында қызмет ете отырып,
экономикалық ұйымдастыру, құқықтық, қаржы, әлеуметтік мәселелерді
қамтитындықтан біздің еліміз қазір де, болашақта да бас тарта алмайтын
дамудың көзі болып табылады.
Кез келген кәсіпорын ұйымдық-құқықтық формасына, меншіктік формасына,
салалық тиістілігіне, шығарылатын өніміне байланыссыз ашық экономикалық
жүйе болып табылады және оны сызба түрінде келесідей көрсетуге болады.

Ресурстар-
Ресурстар-
шығындар 2
нәтижелер 3

1-сызба. Кәсіпорынның нарықтық моделі
1 блок – негізгі міндеті ресурстарды қайта қалыптастыру болып табылатын
кәсіпорын;
2 блок – енушіліктегі ресурстар (еңбектік, материалдық, қаржылық);
3 блок – шығу кезіндегі ресурстар, яғни қайта қалыптасқан ресурстар
(дайын өнім, өндіріс қалдықтары, пайда, ақшалай қаражаттар);
4 блок - кәсіпорын өзара әрекеттесетін, әлеуметтік орта (мемлекет,
муниципалды органдар, заңдылықтар);
5 блок – табиғи орта (табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, ауаны,
суды тұтыну);
6 блок – нарықпен өзара байланыс, маркетинг, осы блок ресурстардың
енуінде және жоғарлауында да әрекет етеді;
7 блок – енудегі ресурстар мен шығарылудағы ресурстардың қарым-қатынасы
кәсіпорын экономикалық жұмысын, экономикасын қалыптастырады.
Дамыған елдердің нарықтық экономика тәжірибесі, шағын бизнестің табысты
дамуы үшін, белгілі бір заңдылық ынталандырушы базалық құрылымның
қажеттілігін дәлелдейді.
Мысалы, Жапонияда аймақтар экономикасын реттеу үшін 20-дан астам заң
қабылданған және мемлекеттің 10 институты аймақтардың дамуы үшін жоспарлар
мен бағдарлар жасайды, және олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Заңдардың
атаулары көрсеткіш дәлел болып табылады: “Автокөлік жолдарының салынуы
бойынша шаралар туралы”, “Тюбу аймағының дамуы туралы” және т.б.
Осы заңдардың негізінде Жапонияда мемлекет аймақтық жобалардың жүзеге
асырылуында белсенді қатысады; жалпы капиталдардың 12% дейін салым сала
отырып, мемлекет жеке компанияларға жол ашады.
Жеке сектор аймақтың жобалардың жүзеге асырылуына қосыла отырып, өз
кезегінде, әртүрлі несие мен қарыздар бойынша мәселелерде Үкіметтің
қолдауына сүйене алады.
Бұл бір жағынан – тең құқықты әріптестік, ал екінші жағынан - әлеуметтік
мәселелердің шешімі болып табылатын, нарықты мемлекеттік реттеудің
механизмі.
Республикада шағын бизнестің қалыптасу мен даму негізін “ 1992 - 1994
ж.ж., 1994-1996ж.ж. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және
мемлекеттік қолдау бағдарламалары” қалады. Оның негізгі мақсаты – “жеке
кәсіпкерліктің дамыған нарықтық инфрақұрылымына, экономиканың жеке
секторының қалыптасуына қажетті жағымды құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
қаржылық және ұйымдастырылудың жағдайларын құру”.
Кейін, бұрыңғы екі бағдарламаның кемшіліктерін талдаудан, жаңа мақсаттар
негізінде, 1997-2000 ж.ж. ҚР шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа
бағдарламасы жасалды. Үш деңгейден тұратын осы бағдарламаның негізгі
жағдайларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президенті “Шағын бизнесті
мемлекеттік қолдау және оның дамуын белсендендіру бойынша шаралар туралы”
Жарлығының (6ІІІ-97ж.) шығарды.
Сонымен қатар, Үкімет “Шағын кәсіпкерліктің даму қорын құру туралы”
қаулы қабылдады, кәсіпкерлік қызметке қатысты әртүрлі жағдайлар жасалды
және 1997 жылы үш Заң жарық көрді: “Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “ҚР кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” (2VI-97ж.).
Жоғарыда көрсетілген құжаттар бойынша шағын бизнестің дамуына заңдылық
негіз бар, бірақ олардың қаншалықты тиімді екені басқа сұрақ?!

1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқару
мен дамуының ерекшеліктері
Шаруашылық қызметтің шағын формаларының интенсивті дамуы заңды, себебі
шағын және орта кәсіпорындар секторы нарықтың қажеттіліктеріне тез икемделе
алады және капиталды көп көлемде қажет етпейді. Жаңа жұмыс орындарын
құрудан басқа, экономиканың мемлекеттік емес секторы тауарлар мен
қызметтердің ассортименті мен көлемі бойынша коньюктураның өзгеруіне тез
икемделеді, бәсекелі ортаның құрылуына және экономикадағы монополияның
азаюына қолқабыс етеді, яғни қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығын
қамтамасыз етуге себеп болады.
Бірақ бұл секторда жағымды нәтижелерге жету үшін сәйкесінше мемлекет
тарапынан қолдау қажет. Мысалы, шағын бизнесті қолдау АҚШ-да 1953 жылдан
бастап жүзеге асырылуда, ал 1978 жылдан бастап “Ұлттық тұтынушылар үшін
шағын бизнес” бағдарламасы бойынша қолдау жүзеге асырылуда. 80 ж. басында
АҚШ сауда министрлігінің қарамағында бірнеше ұлттық бағдарламаларды жүзеге
асыруға көмек көрсету үшін, шағын бизнес басқармасы құрылды. АҚШ-да 1980-
1990 жылға дейін 70 мың шағын кәсіпкерлерге басқарма $11 млрд. астам
инвестиция мен 180 мыңға кепілдік, $31 млрд. астам сомаға несие берді.
Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар құрылыс, сауда және қызмет
көрсету саласының, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының жалпы санының 99%
құрайды. Оларда жұмыс күшінің 80,6% қызмет атқаруда; өндірістік өнімнің
55 %; көтерме сауданың - 60%, бөлшек сауданың 80% - сатылады. Шағын
бизнесті мемлекеттік қолдау ХХғ. 40 ж. соңында бастау алған “Шағын және
орта кәсіпорындар бойынша басқарма” көмегімен жүзеге асырылады.
Басқарманың қызметі шағын бизнесті бақылайтын, 9 аймақтық қызметтермен
толықтырылады.
Мемлекеттік салық салу бойынша Жапонияда шағын бизнес мөлшерлемесі 12%,
ал жергілікті бойынша - 6%-ға төмендетілген. Шағын кәсіпорындардың
резервтік қорларын құруға бағытталған қаражаттар салықтан босатылған,
сонымен қатар мақсатты бюджеттік қаржыландыру қолданылады.
Германияда шағын бизнесті қолдау Федералдық деңгейде экономика
министрлігімен және жергілікті билік органдарымен жүзеге асырылады. Елде
жаңа кәсіпорындар үшін 20 жылға берілетін ұзақ мерзімді жеңілдік беру
жүйесі жұмыс істейді. Пайызды төлеудің жеңілдетілген режимі бар: 1) алғашқы
екі жылда төленбейді; 2) 3 жыл - 2%; 4 жыл - 3%, 5 жыл - 5%; 3) 6 жылдан
бастап несие нарығындағы жалпы мөлшерлеме бойынша салық төленеді.
Инновациялық қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарға маңызды көмекті
ғылыми зерттеулер мен технологиялар министрлігі көрсетеді.
Францияда шағын және орта кәсіпорындарға қолдауды өнеркәсіп министрлігі
көрсетеді. Осы қолдау шегінде мемлекет салық жеңілдіктерін бере отырып,
тікелей бюджеттік көмек көрсетеді (кадрларды дайындауға, экономикалық және
ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету).
Италияда шағын кәсіпорындарға, салық жеңілдіктерінен басқа, мақсатты
демеу қаржылар мен жеңілдетілген несиелендіру қолданады (жыл сайын 6000
млрд. лир). 1991 ж. бастап “Шағын кәсіпорындардың дамуы және модернизациясы
бойынша шаралар туралы” заң шегінде, жыл сайын техникалық модернизацияға,
кадрларды дайындауға 1570 млрд. лир бөлінеді.
Осы заңға сәйкес, Италияның алшақ аудандарында орналасқан, шағын
кәсіпорындар 10 жыл бойы мемлекеттік және жергілікті табыс салықтарынан
босатылады.
Ұлыбританияда сараптық бағалар бойынша, фирмалардың 90% шағын түріне
жатады. Оларға жұмыс күшінің 25% және жиынтық өнімнің 20% тиесілі. Жыл
сайын 900 дейін жаңа кәсіпорындар құрылып, олардың ¼ бөлігі банкротқа
ұшырауда. Сондықтан үкімет тарапынан шағын фирмаларға қарыздардың 70%
кепілдік етіледі, жұмыссыздарға қаржылық көмек көрсетіледі. Елде шағын
фирмаларының мемлекеттік қызметінің 100 бөлімшесі, сондай-ақ шағын бизнесті
қаржыландыратын фирмалар желісі жұмыс істейді.
Барлық дамыған мемлекеттерде шағын бизнесті басқару және қолдауда үлкен
жұмыс атқарылуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, экономикасының дамуында
шағын және орта бизнес негізгі қозғаушы күш болып табылады деп айта қою
қиын. Өз ісін бастаушы кәсіпкер, старттық капиталды иемденбегендіктен несие
және қаржылық көмектің, ауыл шаруашылығы жерінен, құрылыс үшін жер телімін
алудағы қиыншылықтарының күрделілігіне шағымданды. Ал кейбіреулеріне
қызметтік немесе өндірістік ғимараттарды, техника мен құрал-жабдықтарды
жалға алу мүмкіншіліктері ауыр тиюде, ал кейбіреуіне шикізат жетіспеуде.
Сонымен қатар, көптеген келеңсіз жағдайлар нарықтық қатынастардың
дамымауы салдарынан туындауда. Кәсіпорын үшін жалпы пайдалылықты ойлай
отырып, кәсіпкер осы ой-мақсаттың жеткілікті түрде тұрғындар үшін нақты
орындылығын үнемі ескере бермейді, материалдық-шикізат ресурстары, білікті
кадрлар тұрғысында толық ақпаратты игермеуі мүмкін.
Нәтижесінде ұтылыс жағында мемлекеттің өзі қалуда. Кәсіпкерлік
құрылымдардың экономика тұрақтылығында, өндіріс құлдырауының, инфляцияның
етек алмауына тигізетін әсері тұрақты болмай отыр. Құрылып, өз істерін
бастап жатқан кәсіпорындар өндірістік қызметті айналып өтіп, капитал
айналымы жылдамдығын қамтамасыз ететін делдалдық, банктік, қызмет көрсету
аясы, сауда-көтерме салаларына ұмтылуда.
Сауда үшін тауар көздері болып импорттық сатып алулар, дамушы елдерге
“желқайықты” сапарлар, сонымен қатар тағам өнімдерін енгізе отырып
мемлекеттік саудалардан түсетін тауарлар.
Алынған пайда өндірістік инвестицияға қолданбай, қайтадан айналым аясына
немесе жылжымайтын дүние мүлік және валютаға сатылуда. Кәсіпкерлердің
қызметтері мен табыстарының нақты көлемінің жасырылуы жалпылық сипат алуда.
Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы майдагерлік кедергілер жойылмайынша
жоғарыда аталған келеңсіз жағдайлар өз жалғасын таба беруі сөзсіз. Шағын
кәсіпорындар ірі индустрия сияқты, олардың өз қызметтерін ғылыми әдістік
басқаруда мемлекет алдында жауапкершілігі мен құқығын реттейтін логикалық
негізділікке, заң актілерін түзу бойлы жүйесіне бірдей мүдделі. Олардың
сенімді одақтасы және кепілі болып мемлекет тұру керек.
Жоғарыда аталған әртүрлі қиыншылықтардың туындауынан республикада
кәсіпкерлік құрылымдарға қызмет көрсететін және нарық механизмдерінің
тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар қабылданып,
обьектілер желісі бой түзеуде. 1992-1994 ж.ж. жасалған кәсіпкерлікті,
бәсекелілікті дамыту, тұтынушылар мұдделерін қорғау бойынша бір мақсатты
бағытта жұмыс жүргізуді қарастырады.
Дағдарысқа қарсы бағдарламада жарғылық капиталы мемлекеттік ресурстар
есебіне, сонымен қатар отандық және шет елдік инвесторлар қаражатынан
есебінде қалыптасатын кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелікті дамыту
Республикалық қорын құру қолға алынды. Қордан тиімділігі сәйкесінше
сараптама арқылы бекітілген, және кепілдік құқығы мен кепілгерлік
міндеттемесімен сипатталатын жобаларға ғана несиелер беру мақсатында
қаражаттар ұсталынды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлікті қолдау Қорының облыстық
бөлімшелері құрылып, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, кеңестік орталықтар
Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
және басқа да облыстарда құрылып, жаңа бастама алушы кәсіпкерге қызметтің
кең көлемін ұсынуда: кәсіпорын бағытын таңдауда, бизнес-жоспар құруда,
іскерлік келіссөздерді жүргізу, ғимаратарды жалға алуда қол қабыс ету және
т.б.
Аймақтық орталықтар сонымен қатар, кәсіпкерлік кадрларын даярлау
орталығы бола алады. Мұндай орталықтардың құрылуына ҚР экономика
министрлігі мен АҚШ-ның Әлем корпусы арасындағы келісім шарт бойынша
американдық мамандар көмек көрсетуде.
1993 ж. 10 наурызында ҚР МК “Жастар кәсіпкерлігінің республикалық қоры
туралы” №207-ші қаулысы қабылданды. 1993 жылдың 15-ші қыркүйегінде ҚР МК
“Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы” №884 қаулысы қабылданды.
Өткен жылдарда экономикада және заңда да бірқатар өзгерістер болды.
Бүгінгі таңда жүздеген мың болып саналатын шағын және орта бизнес
кәсіпкерлері пайда болып, аяқтарынан нық тұруда. Мемлекеттің кәсіпкерлікті
дамыту және қорғауды бірнеше жылға күшейту бағыты ҚР АК 10-шы бабында айқын
көрсетілген. 1995 ж. 30-шы тамызында қабылданған ҚР Конституциясының 4
тарау 25 бабында әр азаматтың кәсіпкерлік қызметпен ерікті түрде
айналысуына құқығын жария еткен нық тұғыр пайда болды.
Осы белсенді заңды шығармашылық үдеріс 1997 ж. 19 маусымдағы “Жеке
кәсіпкерлік туралы” Заңымен ҚР Президентінің 1997 ж. 7-ші шілдедегі “ҚР
шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың басым бағыты және аймақтық
бағдарлама туралы” Жарлығымен аяқталды.
Кәсіпкерлік тобының құрылуы нарықтық экономикаға бағдарланған, кез
келген қоғамның тұрақтылығы үшін қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуынсыз қоғамдағы әлеуметтік шиеленістерді жоюға, экономикадағы
құлдыраудан өрлеуге жылжуға ешқандай үміт артпай-ақ қоюымызға болады.
Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе, Қазақстанда кәсіпкерлік
қызметті белсендендіру шартын қысқаша баяндауға болады. Олар:
1. Кәсіпорын қызметіне мемлекеттің араласуы.
2. Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсету.
3. Шаруашылық субьектілерге, олардың меншіктерінің сақталуына
кепілдіктер беру.
4. Нарықтық қатынастар қатысушыларының барлығы үшін бірдей құқық
қамтамасыз ету және экономикалық бостандық беру.
5. Нарық инфрақұрылымын қалыптастыру.
6. Шаруашылықтың нарықты-бәсекелі режимі, мемлекеттің монополияға
қарсы іс-әрекеті.
7. Ресурстарға, несие және ақпараттарға ерікті түрде қол жеткізу.
Сонымен қатар кәсіпкерлерге келесілер маңызды:
1. Айқын жоспар.
2. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу мүмкіншілігін танытатын
ұйымдастыру және қол жеткізген нәтижелерді белгілі бір қағидалар
қолдану жолымен бекіту.
3. Мақсаттарға қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Салық саясаты және оны жузеге асыру
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Банктік операциялар
Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Бизнесті ұйымдастырудың құқықтық формалары
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Пәндер