Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы



КІРІСПЕ
Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы

Мұнай және табиғи жанғыш газдар
Негізгі мәліметтер

Мұнай өңдеу өндірісінің өсу дәуірлері
Бастапқы дәуір
Негізгі мұнай.газ кен орындары
Қазақстандағы мұнай . газ өндіру кәсіпорындары

Мұнай . газ өңдеу және мұнайхимиясы салалары және олардың
даму келешегі
Қорытынды

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мұнай мен газ отын және энергия көздерінің тиімді түрлері
болмағандықтан, оларды пайдалану үнемі өсуде. Оларды пайдалану үшін шикізат
құрылымын өзгертпей және өзгертіп өңдеуден кейін дайындайды.
Мұнай және газ - өте құнды қазбалы энергия көзі, оларәр түрлі отындар
алудың және химиялық синтездің бірден-бір негізгі шикізаттары болып
саналады. Қазіргі кезде олардың экономикалық маңызы өте зор. Мұнай мен газ
өнімдері шаруашылықта, өндірістің барлық түрінде, қорғаныс және азаматтық
үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, космонавтикада, атом
электр станциясында, үй шаруашылығында және т.б. салаларда кең қолданылуда.
Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі екенін естен шығармауға тиіспіз.
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-
қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі
де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады;
пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл
заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және
ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт,
асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл
болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай
өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 гсм3. Мұнай
өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор
(айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам
халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин,
парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-
дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан
отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна
шымтезектің қызуына тең.
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар.
1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың
тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай
тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол
кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.
Мұнайдың, ал ертеректе оны тас майы деп атаған, болашағы зор екенін
болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай
ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің
бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан
шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып,
саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын
және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың
негізі..., – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін
көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер
Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының
мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған
мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы
бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар
басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен
сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б.
түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне
көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр
көмірсулар қоспасына айналады.

Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға
ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай
қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады,
сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп
уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі
тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда
кездесетініне көз жетті.

Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде
жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың
түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол
тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен
бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен
бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға
айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан
мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің
жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада
тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын
өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда
өтеді.

Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде
катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық
өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен
өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер
етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды.
Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде
қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз
еді.

Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін
химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл,
әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен
болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып,
сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін
фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық,
өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың
әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз
кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының
қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін
түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай
біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау
жынысына енеді.

Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол
мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен
таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу
орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың
болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.

Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы

Энергетикалық қорлар қазіргі экономикада жетекші рөл атқарады. Кез
келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің деңгейі, негізінен, энергия қорларын
жұмсау ауқымымен анықталады. Дүние жүзінде өндірілетін пайдалы қазбалардың
70%-нан астамы энергия көздеріне жатады. Бұл энергия қорларының
маңыздылығын көрсетеді.
Энергия қорларының негізгі түрлері – көмір, мұнай, табиғи газ,
гидроэлектрэнергиясы және ядролық энергия. Дүние жүзінде энергия қорларын
өндіру құрылымы мынадай:

1900 ж 1920 ж 1940 ж 1960 ж 1980 ж
Мұнай 3,7 43,5 37,6 32,9 21,2
Табиғи газ 1,1 18,8 20,8 21,4 19,0
Ядро энергиясы 0 2,5 5,6 8,6 13,6
Гидроэнергия және
балама қайта
пайда болушы
энегия көздері 2,0 6,2 6,9 7,1 13,0

Дүние жүзі бойынша энергия қорларының негізін қатты органикалық
жанғыш отындар құрайды, бірақ, дүниежүзілік отын-энергетика балансында
(ОЭБ) олардың үлесі қазіргі кезде мұнай мен газ отындарына қарағанда аз.
1970-1980 жж аралығында дүниежүзілік отын-энергетика балансында мұнай мен
газдың үлесі жоғары қарқынмен өсті, бірақ ол кейін баяулады. ОЭБ
дүниежүзілі елдерінің мұнай мен газды пайдаланудағы үлесі әр түрлі. Мұнай
мен газды энергия қоры есебінде пайдалану 1987 жылы АҚШ-та-64,7%, Италияда-
82,4%, Францияда-56,4%, Жапонияда-64,8%, ГФР және Ұлыбританияда-59-60%,
Канадада-47,7%, Норвегияда-28,9%-ды құраған. Бұл көрсеткіштер барлық
елдерде де, мұнай мен газдың энергия қорының негізін құрайтынын көрсетеді.
Бұрынғы одақтас республикалар кезінде электр энергиясын және отын
өндіру құрылымы төмендегідей болды:

1913 ж 1940 ж 1960 ж 1980 ж 1986 ж
Электр энергиясын
өндіру, млрд 2,0 48,6 292,3 1294 1599
кВтсағ
Сонымен бірге,
гидроэлектроэнерги0,04 5,3 50,9 183,9 214,5
я
Отын өндіру, млн.т48,2 237,9 692,8 1977,6 2205
Сонымен бірге,
мұнай 14,7 44,5 211,4 861,3 865,8
Газ - 4,4 54,4 522,4 748,8
Көмір 23,1 140,5 373,1 523,6 516,2
Отынның басқа
түрлері 10,4 44,0 53,9 70,3 74,2

Мұнай және газ - өте бағалы қазбалы энергия көзі. Олардың
экономикалық мәні қазіргі кезде ерекше зор. Мұнай мен газды өңдеудің
өнімдері өндірістің барлық түрінде, қорғаныс саласында және азаматтық үй
құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, косманавтикада, атом
электр станциясында кеңінен қолданылуда. Бірақ, мұнай мен газдың қоры
шектеулі. Олар көмірге, жанғыш сланецтерге және битумды құмдарға қарағанда,
табиғатта әлдеқайда аз. Сонда да болса, мұнай мен газды өндіру басқа жанғыш
қазбаларды өндіруден едәуір көп екенін мына төмендегі мәліметтер көрсетеді.

Көмір Жанғыш Мұнай Газ
сланецтер
битумды құмдар
Өндірістік
қорлары,
млрд.т 1700 1200 90 400
Үлесі,% жалпы
қордан 50 35 3 12
Өндіруден 28 1 50,5 20,5

Дүние жүзі бойынша мұнайды пайдаланудың жоғарғы деңгейі ғалымдар мен
мамандардың жақын кезеңде мұнай қорының таусылу мүмкіндігі туралы ойларын
дәлелдей түседі. ХХІ ғасырдың соңына таяу дүниежүзілік мұнай қорының
таусылуы туралы пікірлер көп айтылуда.
Мұнай энергия өндіруде негізгі шикізат көзі болған кезде, оның
дүниежүзілік экономикалық және саясаттық рөлі арта түсті. Мемлекетте мұнай
қорының бар болуы, мұнайды және мұнай өнімдерін экспортқа шығару – бұл
мемлекетке экономикалық және әлеуметтік өркендеуде үлкен жетістіктерге
жетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұнайдың дүниежүзілік бағасының
өзгеріп тұруы, мұнай базарындағы конъюнктура мұнай өндіруші елдермен қатар,
мұнайды өндірісіне шеттен алып келіп пайдаланатын елдер үшін экономикалық
саясатта күрделі өзгерістер жасайды.
Соңғы жылдары мұнайдың дүниежүзілік бағасы тұрақсыз болып тұр. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мұнай бағасының құрамында АҚШ-
тың мұнай монополиясы үстемдік бағыт ұстанған халықаралық мұнай картелі
анықтады. Картель мұнайды өркендеуші – экспортер елдерден монополиялық
төмен бағамен сатып алып, ал мұнай өнімдерін импорттаушы мемлекеттерге
салыстырмалы жоғары бағаға сатты. Мұндай жағдай өркендеуші елдерді
қанағаттандыра алмады. Сондықтан олар өздерінің саяси жағдайын қорғау және
мұнайды экспорттаудабірлескен саясат ұстау мақсатында мұнай
монополистерімен күресу үшін 1960 жылы мұнайды шетке шығарушы елдердің
қоғамын (МШШЕҚ) құрды. Бұл қоғамға Ирак, Иран, Кувейт, Сауд Арабиясы,
Катар, Абу-Даби, Венесуэла, Индонезия, Ливия, Нигерия, Алжир, Эквадор
кірді.
Дүние жүзіндегі, әсіресе өркендеген елдердегі, энергетикалық
шикізатқа деген сұраныстың күрт көтерілуін ескере отырып, МШШЕҚ елдері
1972-1973 жж мұнай монополияларына қысым жасап, мұнайдың бағасын төрт-жеті
есеге өсірді. Мұнай бағасының көтеріліу өркендеген елдерде өндірістің
барлық салаларын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді қиындатты. Бұл құбылыс
энергетикалық немесе мұнай кризисі деген атпен белгілі болды.
Өркендеген Батыс елдері өздерінің мұнай импортына бағыныштылығын
азайту мақсатында, мұнай мен көмірді өздерінде өндіруді көбейтті, мұнай
өнімдерін үнемдеуге бағыт ұстады, энергия өндірудің басқа көздерін өсіре
бастады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде дүниежүзілік нарықта мұнай бағасы
төмендей бастады. 1980 ж мұнайдың дүние жүзілік орташа бағасы 1 м3 үшін 190
долларды құрады, ал 1987 ж 113 доллар болды.

Мұнай және табиғи жанғыш газдар
Негізгі мәліметтер

Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл
бұрын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің
заманымыздан 6 мың жыл бұрын болған деп болжайды ғалымдар. Мұнай өндірістік
мәнге ХVІІІ ғасырдан бастап ие бола бастады.
Мұнай – жердің қалдық қабатына көп тараған, сұйық жанғыш материал.
Мұнай және одан жер бетіне бөлінетін табиғи өнімдер – асфальттар және
битумдар адам баласына ертеден белгілі. Оларды Вавилонда және Византияда
оталдыргыш қоспа есебінде пайдаланған. Ерте заманғы Египетте, Римде, Тигр
және Евфрат өзендерінің аралығында оларды жол құрылысында, науа жасауда
және басқа құрылыста тесіктерді бітеуде тоқушы, бырыстырушы және гидроайыру
материалы есебінде көп қолданған. ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап мұнай
өңдеудің өнімі – керосинді үйлер мен көшелерді жарықтандыруда пайдалана
бастады, ал ХІХ ғасырдан бастап, ішкі жану қозғалтқыштарын ойлап табумен
байланысты, мұнай өнімдері әр түрлі жол көліктерінде негізгі отын болып
қалды.
Мұнай құрамы жөнінен көміртек пен сутегінен бөлек, оттек, күкірт және
азотты көмірсутектердің өте күрделі қоспасы болып саналады.
Мұнай – сыртқы көрінісі жағынан май тәрізді сұйықтық, жарықта
флюресценцияланады. Мұнайдың түсі ондағы шайыр заттарының мөлшеріне және
құрылымына байланысты. Мұнайдың қара, ашықтау жән тіптен түссізі де
белгілі. Мұнай судан жеңіл және онда іс жүзінде ерімейді. Мұнай тұтқырлығы
оның құрамына байланысты, бірақ барлық жағдайда да судың тұтқырлығынан
жоғары.
Мұнай – жанғыш зат, оның жану жылуы қатты жанғыш пайдалы қазбаларға
қарағанда жоғары, ол шамамен 42 МДжкг құрайды.
Мұнайдың қатты жанғыш қазбалардан айырмашылығы – күлі аз болады.
Мұнай өзінің атын наф ата деген, ағып жиналушы, ағып шығушы мәнін беретін
парсы сөзінен алады.
Мұнайдың түзілуін анықтау қазіргі ғылымның ең күрделі проблемасы
болып саналады. Геологтар мен химиктердің басым көпшілігі мұнай түзілуінің
органикалық теориясын жақтайды, бірақ, кейбір ғалымдар мұнайдың
анорганикалық заттардың әр түрлі химиялық өзгерісінің нәтижесінде,
табиғатта абиогенді тәсілмен түзілуін жақтайды.
Мұнайдың анорганикалық түзілу теориясын 1877 жылы алғашқылардың бірі
болып Д.И.Менделеев ұсынды. Оның жорамалы бойынша, мұнай көмірсутектері жер
астында металл карбидтерінің сумен әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі.
Мұндай реакциялар орын алса да, мұнай құрамындағы көптеген әр түрлі
құрылымды көмірсутектердің пайда болуын карбид теориясымен түсіндіру мүмкін
емес, тағы да жер бетіндегі төменгі қысым жағдайынан жер астына жоғары
қысымдық жағдайға судың ауысуы да түсініксіз. Соңғы жылдары мұнайдың
космикалық, магнитті вулканды түзілу жорамалы ұсынылды, бірақ олар кең
қолдау таппады.

Мұнай өңдеу өндірісінің өсу дәуірлері
Бастапқы дәуір

Мұнай мен газдың тау жыныстарынан бөлінуі туралы ойлар әр түрлі
дәуірдегі қол жазбаларда кездеседі. Геродот, Плутарх, Плиний және басқа
ғалымдардың еңбектерінде мұнай кен орындарының Өлі теңіз жағасында,
Сирияда, Персияда, Үндістанда, Жерорта және Каспий теңіздерінің жағалауында
және Әмудария жағалауында бар екендігі келтіріледі.
Ерте заманнан бастап мұнайды отын және жарық алу үшін пайдаланған.
Жарық беретін шырықтарға шикі мұнай құйылатын болғандықтан, оның ең
тиімдісі жеңіл мұнай болған. Уақыт өткен сайын жеңіл мұнай жетпей, ауыр
мұнайды айдап, шырақ отыны ала бастады. Сондай қарапайым мұнайды айдау
қондырғылары орта ғасыр кезеңінде Кавказда, Батыс Украинада, Ухта өзенінің
бойында пайдаланылды. 1821-1823 жж Солтүстік Кавказда Моздок қаласының
аймағында ағалы-інілі Дубининдер бірінші болып мұнайды айдаудың өндірістік
қондырғысын іске қосты. Англияда мұнайды айдауды 1848 ж бастады, ал АҚШ-та
Татусвилле қаласында бірінші айдау қондырғысы 1860 ж іске қосылды.
Бірінші айдау қондырғыларындағы негізгі аппарат оқтын-оқтын істейтін
куб болып саналады, ал алатын бірден-бір мақсатты өнім жарық керосині
болды. Жеңіл бензин фракциясын және ауыр қалдықты – мазутты, басқа
пайдалану жолы болмағандықтан, жағып жіберетін. Бірінші мұнай айдау Бакуде
тау-кен инженері Восбойников 1837 жылы іске қосты.
Оқтын-оқтын жұмыс істейтін кубтарды ХІХ ғасырдың 80-жылдары орыс
инженерлері А.Ф.Инчик, В.Г.Шухов және Н.Н.Елин ойлап тауып, іске асырған
үздіксіз жұмыс істейтін куб батарейлері ауыстырды. 1876 жылы сұйық отынды
жағу үшін форсунка ойлап табылды, бұл бу қазандары үшін отын есебінде
мазутты пайдалануға мүмкіндік береді. Сол жылы орыстың ұлы ғалымы
Д.И.Менделеев мазуттан майларды алудың мүмкін екендігін дәлелдеді. Осының
нәтижесінде мұнай майлары осыған дейін кейбір салаларда пайдаланылып келген
өсімдік және мал майларын ығыстыра бастады. Ресейде, АҚШ-та және басқа
кейбір мемлекеттерде мұнайдан майлар өндіретін зауыттар салына бастады.
1890 ж В.Г.Шухов және С.П.Гаврилов үздіксіз жұмыс істейтін құбырлы
мұнай айдау қондырғысын жасағандары үшін патент алды. Бұл қондырғы отпен
қыздыратын иілген құбырдан, буландырғыштан, ректификациялаушы колоннадан
және жылу алмастырушы аппараттан тұрды. Бұл қондырғы қазіргі мұнайды айдау
қондырғысындай еді. 1910 жылдан кейін мұнайды үздіксіз айдау қондырғыларын
барлық елдерде де кеңінен қолдана бастады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мұнай өңдеу технологиясының өсу
жолдары. Мұнай өңдеу өндірісі өсуінің бастапқы дәуірі мұнайды алғашқы
айдау әдістерін пайдаланумен сипатталады, мұнда мұнайдан оның құрамында
бастапқы бар заттарды ған бөлді. Одан әрі бензин, керосин, дизель отыны
сияқты өте құнды өнімдердің шығымын арттыру үшін және олардың сапасын
көтеру мақсатында мұнай өнімдерін екінші рет өңдеу процестерінен өткізе
бастады.
Мұнай өңдеудің екінші процестерінің теориялық негіздерін жасау және
оларды өндіріске ендіру ХХ ғасырдың бірінші жартысында басталды. Бензин
өндірудің негізгі принциптері ауыр мұнай фракцияларын термиялық крекингпен
алуда зерттелген, ал 1913 жылы АҚШ-та газойль фракцияларын қысыммен
термиялық крекингтеудің бірінші қондырғысы іске қосылған.
ХХ ғасырдың 20-30 жж автокөлік қозғалтқыштарының сығу дәрежесінің
өсуіне байланысты бензиннің детонацияға қарсы қасиетіне деген талап
жоғарылады. Жоғары октанды санды бензиндер алу үшін осы кезеңде мұнайдың
орта фракцияларын каталитикалық крекингтеу, қанықпаған көмірсутектерімен
изобутанды алкилдеу, С3-С4 алкендерді полимерлеу процестері іс жүзінде
жұмыс істей бастады.
Ресейде мұнай өңдеуді кішігірім зауыттар іске асырды. Көп зауыттар
шетел фирмаларының қолында болды. 1918 жылы мұнай өңдеу өндірісі мемлекет
меншігіне өтті, Бас мұнай комитеті құрылды. Бірақ, азамат соғысы жылдары
Бакудегі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолай газ өңдеу өнеркәсібі
Жолай газ өңдеу өнеркәсібі. Түрлері
Каталитикалық риформинг
Мұнай мен газ өндірісі
Сұйық мұнай газды пайдалану
Каспий экологиясы
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
Мұнай газ кен орындарын игеру
Қазақстанның энергетика жүйесі туралы ақпарат
Электр энергетика жүйесінің келешегі
Пәндер