Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Әлемдік мұнай нарығының қалыптасуы және оның Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы орны . . . 6

1. 1 Мұнай потенциалын зерттеудің экономикалық мәні және маңызы . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасының әлемдік мұнай нарғындағы орны . . . 13

2. Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау . . . 22

2. 1 ҰМК «Қазмұнайгаз» АҚ мұнай компаниясының сипаттамасы . . . 22

2. 2 Қазақстан Республикасының мұнай нарығын талдау . . . 28

2. 3 Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына баға беру . . . 35

3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру . . . 46

3. 1 Қазақстан Республикасы мұнай нарығының проблемасы және шешу жолдары . . . 46

3. 2 Қазақстандағы мұнай нарығының болашағы . . . 55

Қорытынды . . . 62

Қолданылған әдебиет тізімі . . . 66

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта мұнай шикізатының сатудан түскен елеулі көлеміне қарамастан, әлі күнге шейін ірі жобаларды тек шикізат көзі ретінде қолдану тенденциясы сақталуда. Дамудың осындай жолымен өткен елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шикізат қорларының көп көлеміне қарамастан, оларды игеру концепциясы дұрыс жолға қойылмағандықтан экономиканың тоқырауына әкеп соқты. Мысалы ел ретінде Нигерияны келтіруге болады. Мұнай өндіру, өңдеу және мұнай-химия салаларының арасында өзара қатынастық өзгерістерге бағытталған арнайы бағдарламаларды жасау қажеттілігі туындайды.

Қазақстан экономикасы тұрақтануымен әлем елдерінің назарында тұр. Экономиканың басты тұғыры - мұнай-газ секторы екені даусыз. «Қазмұнайгаз» АҚ Ұлттық компанияның көздегені - өз шығынын өтей алмайтын кен алаңдарын одан әрі игеруді оң шешу мақсатында осындай жолға бару болып отыр. Мұндағы түпкі мақсат - өндірістік емес шығындарды азайту арқылы үнемделген қаржыны барлау жұмыстарына, жаңа кен орындарының ашылуына жұмсау. Нарықтың алға қойып отырған талабы осы. Елбасы айтып кеткендей, “ХХІ ғасыр - қазақ мұнайының ғасыры”.

Өтпелі жағдайдағы Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру мен жандандыруда мұнай-газ секторы шешуші рольге ие және бұл салаға инвестициялар мен экспорттың валюта түсімдерінің елеулі бөлігі тиесілі. Ұлттық экономика дамуындағы көмірсутегі ресурстарының рөлі мен мәнін ескермеу қиын.

Республиканың мұнай-газ саласының дамуына үлкен мән беріліп, оған бүкіл Қазақстан экономикасының «локомотиві» миссиясы жүктелген. 2007 жылы қабылданған «Қазақстан - 2030» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Мұнай саласының, бүкіл экономиканың жағдайы, саяси экономикалық өзгерістер қазіргі кездегі жарлықтарға сәйкес қосымшалар мен өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Бұл Қазақстан нарығындағы шетелдік инвесторлардың қызметтері мен осы салаға халықаралық тәжірибені енгізу жұмыстарына да қажет. Сонымен қатар, мемлекет бақылаушы позициясында қалғаны дұрыс. Каспий қайраңын игеру бұл салада мемлекеттік жаңа құқықтық-нормативтік актілерге қажеттілікті тұғызды. Каспий қайраңы қоры құқықтық, экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік, бұқаралық, көліктік аспектілерде қарастыруды талап етеді.

Қазақстан экономикасының мұнай-газ секторының әрі қарай дамуы жоғарыда аталған аспетілермен тікелей байланысты. Жақын жылдарда мұнай өндіруді жылына 80-100 млн. тонна, ал 2015 жылы 100-150 млн. тоннаға жеткізу жобалары, болжамдары бар.

Қазақстанның нарықты экономикаға көшкелі бері, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік мұнай нарығына еркін шығуға мүмкіндік алды. Республиканың алға қойған стратегиялық жопарларын жүзеге асыру үшін осы сферада ең алдымен күш қуатымызды алуымыз керек.

Әлемдік мұнай нарығы дүниедегі ең жақсы дамыған тауарлық нарықтардың бірі болып табылады. Бұл нарықтың басты ерекшелігі өндірушілер тарапынан да, тұтынушылар тарапынан да бәсеке жоғары деңгейде. Бұл дамыған және дамушы елдердің мүдделері түйіскен жері болып табылады.

Қазақстанның шикізат өндіруге және дайын өнім жасау әлсіз дамуын ескере отырып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірістің құрылымдық өзгерістері қамтитын өндірістік саясаты қалыптастыру мен жүзеге асыруға, елде инвестициялық белсенділікті арттыру үшін жағдай жасауға байланысты.

«2030 жылға дейін Қазақстанның дамуы стратегиясында» жанармай энергетикалық сектордың маңыздылығы ерекше көрсетілген. Экономиканың тұрақты дамуы қайнар көзі ретінде сутегі шикізатын тиімді қолдану елдің ұзақ мерзімді басты басымдылықтарының бірі болып табылады.

Мұнай саласы тек ішкі қажеттіліктерді ғана өтеп қана қоймай, сонымен бірге Республиканың экономикалық өсудің тұтқасы болуы керек, себебі өндіріс көлемі бойынша өзге салалардың арасында жетекші орындардың бірін иеленуде.

Қазақстанда барланған және потенциалды көмірсутегі шикізат қорларының болуы мұнай өңдеу мұнай-химия салаларын сәтті біріктіріп, мұнай өнімдеріне деген сұранысты ұзақ мерзім бойы қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мұнай шығарушы елдерден (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және т. б. ) АҚШ-тың басқа сауда серіктестерінен ауқымды доллар массасын сәйкесінше Американдық бағалы қағаздарға өсуші инвестиция түрінде өздерінің тарихи отандарына қайта оралды. Жапонияның АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына салымдары - 592, 2 млрд. долларға, мұнай шығарушы елдер - 510, 8 млрд, соның ішінде МЭЕҰ - 153, 9 млрд, Ресей - 60, 2 млрд, Норвегия - 45, 3 млрд., Қытай - 502 млрд. долларға жетті.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6, 25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.

Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.

Мұнай қорларын игеру концепциясы қазіргі замаңғы технологияны, қомақты капиталды тарту үшін халықаралық мұнай компаниялармен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты орнатуды қамтиды. Жоғарыдағы шаралар арқылы Республиканың бір мемлекетке тәуелдікті және бір тұтынушының монополиялық тәуелдікті тоқтататын көмірсутегі шикізатын тасымалдайтын тәуелсіз экспорттық маршруттарды құру, жеке мұнай-химия өндірісін дамыту, жанармай энергетикалық инфрақұрылымды құру мен дамытуға жол ашылды. Сонымен бірге мұнай секторындағы кәсіпорындардың ұйымдастыру экономикалық, өндірістік-технологиялық мәселелері шешілмегендігін атап кеткен жөн. Мұнай саласының қазіргі жағдайымен дамуын саралау, көмірсутегі потенциалын кешенді игеру Қазақстан Республикасының мұнай секторының қызмет істеу тиімділігін негіздеу шаралары жұмыста қамтылған.

Мұнай шикізат қорларын кешенді игеру мәселесі нарықтық экономикасы дамыған елдерде кең талқылануда. Алайда Қазақстанда нарықтық қатынастардың ары қарай дамуы еліміздің өзіндік ерекшеліктерін ескеретін ғылыми жаңалықтар енгізу қажет.

Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты мұнай саласын қызмет істеуін саралау жүйесінің негізінде Республиканың потенциалын кешенді игерудің экономикалық жолдарын тұжырымдау болып табылады.

1. Әлемдік мұнай нарығының қалыптасуы және оның Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы орны

1. 1 Мұнай потенциалын зерттеудің экономикалық мәні және маңызы

Көмірсутегі қорын мемлекеттің жеке дара потенциалы ретінде қарастыру қажеттілігі бар, оның тиімділігі мұнай саласының қызмет істеуінің ең жақсы нұсқасы мен әсерін анықтау болып табылады.

Мемлекеттің мұнай потенциалы төмендегідей компонентерден тұрады:

  1. шикі мұнай өндіру;
  2. шикі мұнай экспорты;
  3. мұнайды алғаш рет өңдеу мен мұнай өнімдерін алу;
  4. мұнай өнімдерінің экспорты;
  5. мұнай-химия өндірісіне арналған шикізатты алу;
  6. мұнай-химия өндірісінің дайын өнімдерін алу;
  7. дайын өнім экспорты.

Мемлекеттің мұнай потенциалын тиімді қолдану мәселесі Қазақстан экономикасының өз уақытты және өзекті мәселесінің бірі болған және әлі де болуда. Табиғатта сутегі шикізатының шекті болуы болашақта тиімді қолдану мақсатында қазіргі тұтыну жағдайына жоғары талаптар қою керек.

Қазіргі кездегі Республиканың мұнай потенциалын шартты түрде құрылымдық толықтырулар арқылы көрсетуге болады:

  • біріншіден, шикізат қоры, яғни белгілі бір кен орындар жиынтығынан коммерциялық табыс алуға мүмкіндігі бар мұнай көлемі: дәлелденген (90%-тен жоғары), ықтималы (50%-тен жоғары), мүмкін болатыны (10%-тен жоғары) ;
  • екіншіден, сутегі өндіру, мұнай қорының көлемі мен сапасымен, оны өндіру шарттарымен анықталады;
  • үшіншіден, мұнайды өңдеу, бұл өндірілген мұнайды Республиканың өңдеу қабілеті мен мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін өтеумен сипатталады;
  • бесіншіден, мұнай өндіруге жұмсалған инвестициялар, Республиканың мұнай саласындағы инвестициялық қорлардың қолданылуы деңгейімен сипатталды;
  • алтыншыдан, әлі күнге шейін іске асырылмаған мұнай потенциалы.

Сөйтіп, мемлекеттің «мұнай түсімдерін» қалыптастырылатын мұнай потенциалы өзара байланысқан салалардан тұратын күрделі жүйе болып табылады.

Қазақстан қуатты мұнай-газ потенциалына ие, оның құрамына ірі барланған қорлар мен болжамдалған сутегі шикізат қорлары кіреді. Баланстық мұнай қоры бойынша 13 орынды (Қазақстан территориясына тиесілі Каспий шельфіндегі болжаған мұнай қорын есепке алмағанда) иеленеді.

Диаграмма 1. Елдердің дәлелденген мұнай қорлары

Мұнай және газды Қазақстанның басым да жоғары табысты өндіріс болып қала беруде. Қазақстанның 320-дан астам мұнай-газ кен орындары барланған, оның 230-ы игерілуде. Қазіргі таңда Республикада 2, 2 млрд. тонна мұнай, 0, 7 млрд. тонна газ конденсаты және 2, 7 млрд. текше метр газ бар. Сонымен қатар құрлықта да, Каспий шельфінде де болжанған мұнай қоры келесіден тұрады: 12 млрд. тонна, газ конденсаты - 1, 6 млрд. тонна, табиғи газ - 5, 9 млрд. тонна шекше метр.

Республикадағы мұнай өндіру көлемі тұрақты түрде өсіп келеді - 2006 жылы республикада өндірілген мұнайдың мөлшері 65 миллион тоннаға жетті. Бұл 2004 жылғы тап осындай көрсеткіштен 2, 5 еседен артық. Ол кезде біздің еліміздегі өндірілген мұнайдың мөлшері небәрі 25, 7 миллион тонна ғана болатын. Ең таяудағы жылдардың өзінде мұнай өнеркәсібіндегі жобалардың тұтас бір тобын жүзеге асырудың күтіп отырылғаны белгілі. Ол жобалар мұнай өндіруді елеулі түрде арттыруға алып барып соқтыратыны сөзсіз. Бұл жерде әңгіме ең алдымен 2007 жылы іске қосылған кенішіндегі “екінші буын” зауыты туралы, Қарашығанақ мұнай өңдеу кешенінің қуатын арттыруға көп септігін тигізген, сондай-ақ Қашағанның орасан зор кен орнын игеруі туралы және Каспий аймағындағы басқа да құрылымдар туралы болып отырғаны белгілі. Сөйтіп 2010 жылы елімізде мұнай өндіру көлемі жылына 90 миллион тоннаға дейін жеткен болса (Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің деректері бойынша - 94 миллион 187 мың тонна), ал 2015 жылы Каспий теңізінің қазақстандық қайраңындағы жаңа кен орындары іске қосылғандағы жоспар жүзеге асырылған кезде бұл көрсеткіш жылына 150 миллион тоннаға жуық болмақ (143 миллион 927 мың тонна) .

Қазақстанның болашағы мұнай өндіру және өңдеу салаларымен тығыз байланысты. Батыс елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, экономиканың дамуы тек шикі мұнайды экспорттаумен ғана шектелмей, сонымен бірге оны кешенді және терең пайдалана отырып, елеулі жетістіктерге жетуге болады. Қазақстанның мұнай өңдеу мен мұнай-химия салалары 3 мұнай өңдейтін, 2 газ өңдейтін, және 7 мұнай-химия зауыттарын қамтиды. Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай-газ өңдеу өндірісін модернизациясы мен қайта жабдықтау бойынша міндетті іске асыру мақсатында сутегі өндірісі бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асырылады. Осы жұмыстары ЕУРО халықаралық стандартқа сай өнім сапасын арттырып, күкіртті қоспалардан тауар өнімдерінің тазалау дәрежесін көбейтуге және дизель отынның гидро тазалау құрылғысын сутегімен қамту проблемасын шешуге жағдай жасайды. Шымкент мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің шығару ассортиментін кеңейту, әлемдік деңгейінің талаптарына сай өндірілген өнімнің сапасын арттыруына сәйкес зауыттың перспективті жоспары әзірленуде. 2006 жылы тамызында Атырау мұнай өңдеу зауытының кең ауқымды қайта құрылыстық жұмысы аяқталған болатын. Осының нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды заттардың төмендеуі есебінен экологиялық жағдайы елеулі түрде жақсара түсуді. Сонымен қатар, ЕУРО қазіргі еуропалық стандартқа жауап беретін мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін шығаруға жағдай жасайды. Бензол өндірісін ұйымдастыру мақсатында АМӨЗ-дің модернизациясын жалғастыруға жоспарлайды. Бұл кәсіпорындар мұнай және түрлі мұнай-химия өнімдерін шығару үшін қажетті потенциалға ие, алайда ең алдымен, бір сыпыра мәселелерді шешіп алған жөн.

2007 жылда ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар:

  • көлемі 12, 0 млн. тоннадан (2006 жылға 103%) төмен емес Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу жоспары бекітілген, соның ішінде жанар май - 2, 5 млн. тонна, дизель отыны - 3, 7 млн. тонна, мазут - 3, 5 млн. тонна, керосин - 285 мың тонна өндірісі жоспарлануда.
  • кезеңдік алқапты жұмысты есепке алғанда 2007 жылғы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының алдын-алды жоспарлы жұмыстарға тоқталу графиктері бекітілген.

Мұнай өңдеу саласында негізгі қорлардың тозу коэффициенті 70%-ке жетті, құрылғылардың өнімділігі төмен. Қауіпсіз техникасы бойынша, құрал-жабдықтар қазіргі замаңғы талаптарға енді сай келе бастады. 30%-ті жаңа болып келеді. Дайын өнімін шығару бойынша Қазақстан әлемде әлі де соңғы орындардың бірінде. Негізінен технология ескі болғандықтан, МӨЗ-ында шығарылған октаны жоғары мұнай өнімдерінің бірлігіне жұмсалған шикізат көлемі Батыс Еуропа, Солтүстік Америкадағы кәсіпорындарымен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Ұлттық мұнай индустрияның инвестициялық ахуалы жоғары деңгейде. Оған дәлел ретінде келесі көрсеткішті келтірсе болады: республикадағы мұнай кен орындарымен байланысты жобалардың жалпы құны 40 млрд. АҚШ доллардан аса құрады.

Қазір Қазақстаннан мұнай құбыр жүйелері, теңіз флоты мен темір жол арқылы экспортталады. “ҚазТрансОйл” АҚ айтуы бойынша, шаруашылық-экономикалық және өндірістік көрсеткіштердің мұншалықты тез қарқынмен өсуі, біріншіден, Қазақстандағы мұнай өндіру көлемінің барған сайын артып келе жатқандығына, екіншіден, қолда бар мұнай құбырлар жүйесін кеңейту және жетілдіру, мұнай тасымалдаудың жаңа бағыттарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың атқарылуына, Батыс және Шығыс филиалдарының жүйесін ықпалдастырудың стратегиялық саясатын жүргізудің, сондай-ақ мұнайды ТМД мен Еуропа елдерінің аумақтары бойынша тасымалдау мен транзиттік жөнелту жөніндегі оператор ретіндегі қызметінің жолға қойылуына байланысты болды.

Қазақстан Республикасы үшін “ҚазТрансОйл” АҚ қызметінің стратегиялық маңызы соншалық зор екенін ескере отырып, компания қызметкерлері елімізде өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі рынокқа шығаруды үздіксіз тасымалдау жұмысын қамтамасыз етуді өздерінің ең бірінші кезектегі борышы санайды. Сөз реті келгенде айта кетейік, ішкі рынокқа мұнай шығару Атырау мұнай өңдеу зауыты, PetroKazakhstan Oіl Products және Павлодар мұнай-химия зауыты сияқты мұнай өңдейтін зауыттарды мұнаймен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады, соңғы он жыл ішінде еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлемінің артып отырғаны жалпы алғанда Қазақстан экономикасының өсуімен тікелей байланысты болды.

Қазақстан Республикасы мұнай құбырларының аса ірі кәсіпорны болып табылатын “ҚазТрансОйл” АҚ-тың қазіргі кезде магистралды мұнай құбырлары мен су құбырларының кең тармақты жүйесі бар және ол орталықтандырылған диспетчерлік бақылауды, еліміздің бүкіл мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау ісін басқаруды жүзеге асырады, мұнай құбырлары желісін кешенді түрде дамытуға басшылық етеді, сондай-ақ бұл саладағы барлық қажетті күтімдік сақтандыру, ізерлік тұжырымдар жасау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, апат салдарларын жою және қайтадан қалпына келтіру шараларын атқарады. Компания қордасының құрамына 5286, 7 шақырымдық магистралды мұнай құбырлары, 2175, 2 шақырымдық су құбырлары, 40 сораптық мұнай айдаушы бекет, сондай-ақ жалпы көлемі 1306, 4 мың текше метрлік, соның ішінде 1154 мың текше метрлік мұнай сақталатын сұйыққоймалық парк кіреді. “ҚазТрансОйл” АҚ-тың ойдағыдай жүргізілген табысты қызметіндегі негізгі көсеткіштердің қатарына мұнай тасымалдау мен жүк айналымының он жыл бойы тұрақты өсу бағытымен белгілі болып келе жатқан жұмыс көлемін айтуға болады. Мысалы, осы мерзім ішінде компанияда мұнай тасымалдау көлемі 2007 жылғы 22, 9 миллион тоннадан 2011 жылы 43, 3 миллион тоннаға жетті. Ал жалпы жүк айналымының көлемі тиісінше 2007 жылғы 17, 2 миллион тонна-шақырымнан 2011 жылы 28, 8 тонна-шақырымға дейін өсті. Егер мемлекттік компанияның негізгі қызметінен түскен табысы 2007 жылы 9, 8 миллиард теңге болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 69, 2 миллиард теңгені құрады. Компанияның тапқан таза пайдасы осыдан он жыл бұрынғы 370 миллион теңгеден 2011 жылы 9, 9 миллиард теңгеге дейін артты немесе жалпы алғанда 25 еседен астам көбейді! Осы мерзім ішінде “ҚазТрансОйл” АҚ-тың активтері өзінің осыдан он жыл бұрын алғашқы құрыла бастаған кезіндегі 24, 9 миллиард теңгеден 2011 жылы 222 миллиард теңгеге дейін, яғни 9 есе өсті. Компанияның меншікті капиталы 2007 жылы 21, 3 миллиард теңгені құраған болса, ол 2011 жылы 193, 3 миллиард теңгеге жетті, сөйтіп бұл көрсеткіш те 9 есе өсті.

“ҚазТрансОйл” АҚ-тың пікірі бойынша, қазақстандық мұнай компаниялары үшін аса маңызды экспорттық бағыт Каспий теңізіндегі Ақтау халықаралық сауда айлағы болып табылады. Онда Ұлттық компания мұнайды тұрба-құбырымен, темір жол көлігімен танкерлерге құюды жүзеге асырады. Қазір мұнай өнімдері айлақтың мұнай құйылатын терминалдары жұмыс істеп тұрған Қаламқас - Қаражамбас - Ақтау мұнай құбыры бойынша, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы темір жол көлігі арқылы жеткізіледі.

“ҚазТрансОйл” 2001 жылы “Ақтау” мұнай айдау бекетінің темір жол эстакадасын жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырғаннан кейін темір жол цистерналарынан жоғары температурада қоюланатын Құмкөлдің мұнайын құю жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Ал “Ақтау” мұнай айдау бекетінің мұнай құю темір жол эстакадасын қайта құру мен кеңейту жөніндегі жұмыстар 2003-2005 жылдары жүзеге асырылды. Мұның өзі танкерлерге темір жол цистерналарынан құйылатын мұнайдың көлемін арттыруға және 2002 жылғы 2, 9 миллион тоннадан 2006 жылы 4, 5 миллион тоннаға дейін жеткізуге, одан әрі мұнайды бір көліктен екінші көлікке ауыстырып құю көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Құмкөл кен орны 2010 жылы 6048 млн тонна шикі мұнай өндірген болса, 2011жылы 5, 9 млн тонна мұнай өндіреді.

“ҚазТрансОйл” АҚ-тың пікірі бойынша, қазақстандық мұнай компаниялары үшін аса маңызды экспорттық бағыт Каспий теңізіндегі Ақтау халықаралық сауда айлағы болып табылады. Онда Ұлттық компания мұнайды тұрба-құбырымен, темір жол көлігімен танкерлерге құюды жүзеге асырады. Қазір мұнай өнімдері айлақтың мұнай құйылатын терминалдары жұмыс істеп тұрған Қаламқас - Қаражамбас - Ақтау мұнай құбыры бойынша, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы темір жол көлігі арқылы жеткізіледі.

Қазақстан мұнай болашағы Каспийдің мұнай потенциалымен тығыз байланыстырады. Каспий аймағында инвестицияның тәуекелі бойынша өте жоғары Парсы шығанағымен салыстырғанда, мұнда 95-100 млрд. тонна дәлелденген мұнай қоры шоғырланған, бір баррельдің өзіндік құны 1 долларды құрайды және бірден теңіз арқылы тасымалданғандықтан көліктік шығындары да аз. Каспий маңындағы дәлелденген мұнай қоры 3 есе аз, өзіндік құны 5-7 долларын құрайды, географиялық орналасуы тиімсіз болғандықтан қосымша қомақты көліктік қаржыны талап етеді. Сондықтан қазақстандық мұнай Таяу Шығыстың мұнайымен, әрине, бәсекеге түсе алмайды. Алайда мұнай өндірісі жаһандық масштабтағы бизнесі болса, барлық мұнай нарықтары тығыз байланысты және олардың өзара қайта құру деңгейлері өте жоғары болады. Өзіндік құны ең төмен және ең ірі шикізат базасына ие (ОПЕК-тің кейбір мүшелері) нарықтың едәуір бөлігін жаулап алуға ұмтылмайды және бағаны нарықтық тетіктер арқылы реттеуге жол бермейді.

Диаграмма 2. 2010 жылғы мұнайға сұраныстың өсу болжамы

Соңғы жылдарда мұнайға сұраныстың арту тенденциясы байқалуда. Мамандардың 2010 жылғы зерттеуінің қорытындысы бойынша әлемдегі мұнайға қажеттеліктердің жартысы Азия-Тынық мұхит аймағына және Қытайдың үлесіне тиеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау мұнай қауымдастығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Мұнай сферасындағы маркетинг
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Тәуелсіз қонақ үлгісі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ СЕКТОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
Мейрамхана бизнесіндегі сервис сапасын бағалау әдістері
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz