Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппараты. Қазақстан Республикасының Үкiметi



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Мемлекеттік аппарат ұғымы, белгілері,ұйымдастырылу және қызмет ету қағидалары ... ... ... ... .9
1.3 Мемлекеттік органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

II. Қазақстан Республикасының Үкiметi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.1 Қазақстан Республикасының үкiметi (министiрлiктер) ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Мемлекет механизмі және мемлекеттік
аппараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.1 Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және
түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Мемлекеттік аппарат ұғымы, белгілері,ұйымдастырылу және қызмет ету
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.3 Мемлекеттік
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...18

II. Қазақстан Республикасының
Үкiметi ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..26

2.1 Қазақстан Республикасының үкiметi
(министiрлiктер) ... ... ... ... ... ... ... .26

2.2 Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен
мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ..2 8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін
мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек.
Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман
болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет
құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа
кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды
еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді
талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу,
сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде Мемлекеттік органдар қызметінің және
ұйымдастырылуының қағидалары зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару
жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.).
Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын
ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап
қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі
бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық
биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті
жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм
ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті
жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган -
мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір
мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі
түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат
түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы –
халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру
қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу
теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз
қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі,
заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің
бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы
және істері өзгеріп отырады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның
мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік
етуіне қажетті жағадайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің
мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына,
саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр
алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен
тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық- психологиялық ахуал
қалыптастыруға оң ықпал ете алады.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары,
сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы
мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм,
заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он
екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған
билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен
қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік;
заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің
(жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі;
заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп
қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу;
бақылау .
Менің курстық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі
мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-
жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес курстық жұмысымның міндеті –
1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;
2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;
3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың
ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Осы зерттеу жұмысымды екі бөлім, алты тараудан құрап жаздым.
Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және
Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е,
Табанов С., Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко,
М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР
Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және
судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
Мемлекеттік – қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты
мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға
тағайындау мен ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға
біліктілік дәрежелер беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік
органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр
саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық
актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып өттім.

I Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат
1.1 Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және түсiнiгi

Механизм—дегенiмiз бiр неше білiмдердiң жиынтығы бұл білiмдер бiр-
бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.

Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизiмi (аппараты) болады.
Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар мемлекеттiк
жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi—белгiлi түрде
ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен
сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизiмi бұл
құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi
және саясатын жүргiзедi.
Мемлекеттiң механизiмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық, экономикалық,
географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық
мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен, олар—құқықтық тәртiптi
сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы тәуелсiздiгiн қорғайтын
органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде
болады. Мемлекет механизiмiне тән заңдылық—оның органдары тек мемлекет
қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында
өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері
болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым,
спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын
айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік
қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда
мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары
айқындалып көрсетіледі.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган.
Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін
жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады,
бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік
қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның
міндеті. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын
белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын
айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері
Және осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.
Мемлекет механизiмiнiң өзiне тән белгiлерi:
▪ реттелген мемлекеттiк органдар;
▪ оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
▪ оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
▪ ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк
билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.
Екiншi заңдылығы—бiрiнiғ қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың
Демократиялық құқықтық, әлеуметтiк мемлекет ғасырлар санағынан өткен
принциптерге негiзделiп құрылады.
Мұндай мемлекеттердiң механизмi мынадай органдардан түрады: 1. өкiлдiк
органдар. Қазақстан Республикасында өкiлдiк органдар екiге бөлiнедi:
1)Жоғарғы өкiлдiк орган—Парламент. 2)Жергiлiктi өкiлдiк органдар—облыстық,
аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет
басшысы—Президент. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп
жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiгiн
қамтамасыз етедi. 3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы
орган—үкiмет. Жергiлiктi атқарушы органдар—әкiмшiлiктер. 4. Орталық басқару
органдары. Қазақстанда оларға: министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер,
комиссиялар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға:
Жоғарғы Сот, жергiлiктi соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол
заңдардың бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. 7. әскер. оған
мемлекеттiң әр саладағы қарулы күштерi жатады. 8. Барлау, қарсы барлау
органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды үстап түратын
орындар.

МЕМЛЕКЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕХАНИЗМI.

Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:
а) Монархия
ә) Республика
Монархия–деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде
қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр адамның қолында
болады.
Монархияның үш түрi бар:
1) Шексiз абсолюттiк монархия
2) Шектеушi конституциялық монархия
3) Дуалистiк монархия

Республика–деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және
белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.

Республиканың түрлерi:
1) Президенттiк
2) Парламенттiк
3) Аралас
4) Аристакратиялық Республика
5) Демократиялық Республика
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент—ол барлық
органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын
қамтамасыз етедi.
Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару,
бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп
алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент—жұмыстан
мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.
Заң атқару органдары.
Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы—себебi олардың қолында нақты билiк,
мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.
Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе
болып табылады.
Сот органдары.
Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.
Бақылау-қадағалау органдары.
Бақылау-қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.
Прокуратура—барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.
Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны
қайтадан қалпына келтiретiн орган.
Конституциялық кеңес атқаратын орган.
Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық кеңестiң
негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес
келетiндiгiн қадағалау.
Конституциялық кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға
созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады. Конституциялық
кеңес—конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
Егер Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа
органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды
қадағалайды және қарсылық көрсете алады.
Әскери күштер.
Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,
Мемлекеттi қорғау органы.
Құқықты қорғау органдары.
Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:
✓ құқықтары мен бостандықтарын қорғау
✓ қоғамдық тәртiптi нығайту
✓ қылмыспен күресу
✓ бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.

1.2 Мемлекеттік аппарат ұғымы, белгілері,ұйымдастырылу және қызмет ету
қағидалары.

Мемлекеттiк аппарат–қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет
органдарының бiртұтас жүйесi.
Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен
шүғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат мекеме және органдардың
байланыс жүйесi; мемлекет органдардың қызметi ұйымдастырушылық, материалдық
және әкiмшiлiк кепiлдiктерi мен қамсыздандырылады; мемлекеттiк аппарат
азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшiн құрылады.Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк қызмет туралы Заңның екiншi бабында:
Мемлекеттiк қызмет – азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың
аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк
басқаруды басқаруды жүзеге асыруда, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен
функцияларын iске асыруға бағытталқан кәсiби қызмет делiнген.
Мемлекеттiк аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бүл жүйенiң негiзiн экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң
орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi
көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын
қызмет бабы және істерi өзгерiп отырады.Шығыс мемлекет-терде бүкiл
аппаратты бiр орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттiк
республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында
болады.Мемлекеттiк аппараттың объективтiк бағыттары байқалады:
бюрократизация, диффиренцация, профессио-нализiмнiң өсуi. Мемлекеттiң әрбiр
типiне мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi. Мемлекеттiк
қызмет – конституциялық негiзде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттiк
органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттiк басқаруды, басқа да мемлекеттiк
мiндеттер мен қызметтердi атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметi.
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық
өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы  мен тиімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi:
мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi
болуы.
Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық
принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары,
қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi.
Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары –
олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық
мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады,
олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады.
Конституцияның 33 бабында Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы
мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс
iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi делiнген.Қатысудың
түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк
органдар мен өзiн өзi басқару органдары сайлау және оларға сайлану,
референдумға қатысу, мемлекеттiк қызметке кiру.
Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң
шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк
қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерiнiң мемлекет мүделерi алдында басымдылығы; мемлекет
қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары түрған
мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi
мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi;
мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.
Қазақстанның бiртұтас мемлекеттiк билiгiнiң тармақтарға бөлiну принципi
Конституцияда белгiленген негiзгi принциптердiң бiреуi ғана емес, ең
күрделiсi. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiр түтас, өйткенi бiрден бiр
бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Бұл билiк
өзiнiң принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесiне бөлiнедi
және билiктер бiр бiрiн шектейдi.
Мемлекет аппараты өз қызметiн ашық және жариялық iстеуге тиiстi.
Мемлекеттiк органдардың қызметтерiнiң кәсiпшiлгi, тәжiрибесi және
хабарлардығы өте жоғары болуға тиiстi. Мемлекеттiк аппарат өзiнiң
қызметiнде бар заңдардың талабын мүлтiксiз орындауға тиiстi.
Мемлекет аппаратының iшкi құрылысы – қатаң тәртiптi, субординацияны,
олардың бiр бiрiмен байланысын жақсарту. Мемлекеттiк аппарат бiртұтас
күрделi жүйе, ол бiрнеше салаларға бөлiнедi: атқару және сот жүйелерi;
құқықты қорғау және қорғау және қарулы күштер жүйесi. Бұл мекемелердiң
алдында түрған мақсаттары, iшкi құрылыстары, қолданатын әдiстерi мен
принциптерi. Оларды бiрiктiрiп, қызметтерiн жақсы атқаруға жағдай
қалыптасады.
Мемлекеттiк аппарат алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау
үшiн қүзыретi бар мемлекеттiк аппараттың бiр буыны. Мемлекеттiк аппараттың
құрылуы мен қызметi, негiзгi өкiлеттiлiгi Конституцияда және конституциялық
актiлерде көрсетiледi. әрбiр мемлекеттiк аппарат өз қызметiн мемлекеттiк,
материалдық, ұйымдық және зорлау күшiмен қорғайды. Мемлекеттiк аппарат
мемлекеттiң атынан функцияларын атқарады, әр қайсысының алдында тұрған
мақсаттары заңда анық белгiленген. Басқа мемлекеттiк органдары мен қалай
қатынасатыны, iшкi құрылысы, құрылысы, құзiретi белгiленген. Мемлекеттiк
аппараттың негiзгi нышаны оның мемлекеттiк билiгi. Бүл мемлекеттiк билiктi
былай түсiнуге болады: олар мемлекеттiң атынан барлық субъектiлерге
мiндеттi нормативтiк актiлердi шығарады, немесе құқықтық нормалардың
орындалуын тексередi, ал кейбiр кезде жазаға тартуға құқығы бар.
Мемлекеттiк заңдарға сәйкес мемлекеттiк мiндеттерi мен функцияларын iске
асыру мақсатында мемлекеттiк аппарат өкiлеттiктi жүзеге асыратын жатқан
қызметтер атқарады. Мемлекеттiк қызметкерлердiң өкiлеттiктерi мемлекеттiк
органдар алдында түрған мақсаттарға және мiндеттерге сәйкес анықталады.
Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесi, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметiн
атқарады. Бүл органдар бiр бiрiмен байланысты. Бәрi бiрге жалпы құқық
қорғау жүйесiне жатады.
Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi: ЅР
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда
белгiленген тәртiп пен азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде
қажеттi шаралар қолдануға; өздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды
мiндеттерiне сәйкес өкiлеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек
тәртiбiн сақтауңа; өздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн,
шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өз өкiлеттiгiнiң шегiнде
мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген
тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен
материалдарды алуға құқықтары бар.
Мемлекеттiк орган анықтамасы мен түсiнiгi:
Мемлекеттiк органдар бiнеше топқа бөлiнедi, олар атқаратын қызметтерiне
сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жiктеледi. Мемлекеттiк орган
өкiлеттiлiгiнiң шеңберiне қарай үш топқа бөлiнедi:
1.Мемлекеттiк билiк органдары: Парламен, Президент және Маслихаттар;
2.Мемлекеттiк атқару органдары: Үкiмет, министрлiктер, ведомстволар,
жергiлiктi басқару органдары, әкiмдер. Мемлекеттiк органдарының құрылу
тәртiбi мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттiк органдар үш топқа
бөлiнедi:
— өкiлеттi органдар;
— атқару органдар;
— сот немесе қүқық қорғау органдары.
Республика Президентi мемлекеттiк аппаратта ерекше орын алады, ол үш
билiктiң бiрiне де жатпайды. Ол мемлекет билiгiнiң барлық тармағының
келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы
жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Президент – мемлекеттiң басшысы,
мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел
iшiнде және халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн
жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттiң билiк бiрлiгiнiң,
Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Өкiлеттi органдар. Жоғарғы өкiлеттi органдарды халық сайлайды.
Парламент—заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
өкiлдi органы. Оның өкiлеттiк мерзiмi – төрт жыл. Парламент тұрақты негiзде
жүмыс iстейтiн екi палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екi
адамнан тиiсiнше барлық өкiлдi органдары депуттарының бiрлескен отырысында
сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды.
Мәжiлiс Республиканың әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып
қүрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бiр мандатты аумақтық сайлау
округтерi бойынша сайланатын 67 депутатардан тұрады. Негiзiнде заң шығару
тек парламенттiң құзiретi, бiрақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа
кiрiседi. Парламент кейбiр заңдарды қабылдау құқығын Президентке бередi,
оны Делегаттылық заңдылық деп айтады. Қазақстан тарихында екi палаталық
парламен 1995 жылы Конституциясында жарияланған. Бүл Парламенттiң
қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламенттi бiр шама тұрақты және
орнықты органға айналдыру үшiн қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесi
Мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бүл
палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентiнiң
ерекшелiгiн жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетедi.
Депутаттардың бiр жартысы екi жылға, ал екiншi жартысы төрт жылға
сайланды. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады.
Парламент негiзгi заң шығарушы орган. Парламенттiң сесиясы оның
палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
Парламенттiң үйлестiрушi органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты
комитеттерi, бiрлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттiң
жоғарғы қызметкерлерiн тағайындағанда парламент келiсiмiн бередi, олардан
есеп алады, соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi, халық референдум
тағайындау туралы бастама көтередi, конституциялық заңдылық туралы жыл
сайын жолдауын таңдайды, өзiнiң iшкi сұрақтарын шешедi, және басқа да
Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Парламенттiң әр палатасының бөлек отырысында шешетiн құзiретi бар. Сенат
тағайындау мәселелерiнiң көбiне өзi қатысатын болса, Мәжiлiс заң қозғау
және қаржы мәселелердi шешедi. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол
қояды да, заңды осыдан кейiн жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттiң
өзi де атқара алады. Бұл екi жағдай да бола алады: Парламенттiң екi
палатасының депутаттары уақытша заң шығару билiгiне Президентке 23
дауыспен рұқсат берсе (Конституцияны4 53 бабы), Президент заң жобалардың
қарау басымдылығын белгiлейдi, Парламент осы жобаны енгiзiлген күннен
бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. Заң шығару жұмысын тiкелей халықтың
өзi де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995
жылғы Конституциясы осылай алынды.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары.
Бұлар мемлекеттiң тиiстi аумағындағы iстiң жай-күйiне жауапты,
жергiлiктi және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасындағы бiрiнғай мемлекеттiк билiктiң түрi.
Олардың функциялары:
▪ халықтың жергiлiктi iстерге қатысуын қамтамасыз ету;
▪ жергiлiктi жерлердi мемлекеттiк меншiктi, бюджеттiң құрылуын,
бекiтiлуiн және орындалуын басқару;
▪ жергiлiктi салықтар мен жиналымдарды белгiлеу;
▪ жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар
негiзiнде тиiстi аумақтың дамуын қамтамасыз ету;
▪ халықтың әлеуметтiк мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және өзге де
қызмет қажетiн өтеу.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдар жергiлiктi өкiлеттi органдарды,
маслихаттарды, қамтиды, олар тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiстегi халықтың
еркiн бiлдiредi және жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оның
жүзеге асырылуын бақылайды. Жергiлiктi атқарушы органдарын басқаратын
әкiмдер, басқаларға Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының
бiрiңғайы жүйесi енедi, тиiстi аумақтардағы мүделер мен қажеттiлiктердi
үйлестiре отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттік саясатын жүргiзудi
қамтамасыз етедi.
Бұл органдардың үйым және қызмет бабы Қазақстан Республикасының 1993
жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы
органдар туралы қолданылып отырған заңында белгiленген. Мәслихаттарға
өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар қатысады, олар 4 жылға сайланады.
Облыстық әкiмдердi Президент тағайындайды, ал одан төмен әкiмдердi облыстық
әкiмдердiң өздерi тағайындайды. Маслихаттар өздерiнiң құзыретiндегi
мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақты тұтастығын қорғауды
оның қарулы күштерi жүзеге асырады. Мемлекеттiк және қоғамдық қауiпсiздiк
пен құқық тәртiбiн қорғау iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарына және
республикалық ұланға жiктеледi. Олардың мәртебесi және қызметi заңмен
белгiленедi.
Сонымен, мемлекеттiк аппарат өкiлеттi, атқару және сот билiктерiнiң
органдарына бөлiнедi. Екiншiден, мемлекеттiк органдар төменгi және жоғарғы
органдарға бөлiнедi. үшiншiден, мемлекеттiк органдар жоғарғы, орталық және
жергiлiктi органдарға бөлiнедi.
Мемлекттi талдау оның механизм позициясы жағынан әр элементтiң орнын
және рөлiн, құрлымын мемлекеттiк басқару жүйесiнде табуға мүмкiндiк бередi.
Мемлект механизiмнiң бiрiншi элементi болып мемлекеттiк орган түрады.
Мемлекеттiк орган—мемлекеттiк аппараттың өкiмет билiгiне өкiлеттiгi бар
құрылымдық бөлшегi. Мемлекеттiк органның өкiмет билiгiн iске асыруы
мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi арқылы қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк органдардың белгiлерi:

1) Мемлекеттiк органның билiктiк өкiлеттiлiгi бар; Мемлекет
механизiмiнiң құрылымында бола түра онда өз орнын тауып, онда өзiн өзiнше
элемент етедi;
2) Мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызметкерлерден тұрады, осы туралы
арнайы заң бар; Мемлекет жолдауымен немесе атынан қызмет атқарады;
3) Мемлекеттiк орган экономикалық және ұйымдастыру еркi бар; оның
құрылуы және сақталуы нормативтiк құқтық актiлер арқасында (Конституция,
заң және заңға негiзделген актiлер);
4) Әр мемлекеттiк орган тек қана өзiне тән қызметтi орындау керек, ол
үшiн соған сәйкес нысанды және әрекеттi қолдануы керек;
5) Керек жағдайда күш қолдану әрекетiгiне мүмкiндiгi бар;
6) Мемлекеттiк органның немесе лауазым иесiнiң өзiне заңмен қамтылған,
құзырындағы – мемлекеттiк немесе қоғамдық маңызы бар мәселелер мен және
өзiне тән функцияларды атқару үшiн, құқықтары мен мiндеттерi болады.
Олардың, құзырындағы және лауазымына сәйкес, жүктелген мiндеттерiн iс
жүзiне асыру үшiн, материалдық базасы (көлiгi, техникасы, сарайы) және
қаржы ресурстары (банкiдегi есеп-шоты, қажеттi ақша ресурстары) болады.
7) Көзделген бағыттар мен нәтижелерге қол жеткiзу үшiн олар,
мемлекеттiк қызметкерлер мен тиiстi құрамалар мен ұйымдастырылады;
8) Өзiнiң құзырын үш амалмен iске асырады:
▪ Нармативтiк актi қабылдау жолы арқылы (жалпы түрдегi указ);
▪ Құқық қолдану жолы арқылы (жеке түрдегi указ);
▪ Нақты шараларды ұйымдастыру жолы арқылы;
9) Өзiнiң iсiн белгiлi теритоияда атқару.
Мемлекеттiк органның түрлерi:
Жеке дара органдар және алқалы органдар:
1) Жеке дара органға—президент, соттар, министрлiктер, ведомствалар,
комитеттер жатады.
2) Алқалық органға—парламент, Үкiмет, жоғарғы сот, конституциялық кеңес
жатады.
Адвакатура—мемлекеттiк орган болып табылмайды. Ол қоғамдық ұйым болып
табылады.
Орталық және жергiлiктi органдар:
1) Орталық органға: Президент, Парламент жатады.
2) Жергiлiк органға: маслихат, әкiмдер т.б. жатады
Жалпы құдiретi бар орган және арнайы құдiретi бар мемлекеттiк органдар:
1) Жалпы құдiретi бар органға: Президент, Парламент жатады.
2) Арнайы құдiретi бар органға: министрлiктер т.б. жатады.
Мемлекеттiк органдардың жiктелуi:
1.Мемлекеттiк органдарды қалыптастыратын субъектiлерiне байланысты:
- өкiлдiлiгi бар мемлекеттiк органдар (Президент, Парламент);
- мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құратын органдары
(Үкiмет, министрлiктер).
2. Мемлекеттiк органдар қүрылымына байланысты:
1) жай;
2) күрделi болып келедi. Жай органдардың iшкi бөлiмдерi болмайды, ал
күрделi органдардың бiрнеше iшкi бөлiмшелерi болады.
3. Аумақтық қызмет аясына байланысты:
— федералдық;
— республикалық;
— жергiлiктi.
4. Өкiлеттiктерiнiң сипатына байланысты:
— жалпылама құзыреттi органдар (Қазақстан Республикасының үкiметi);
— арнайы құзыреттi органдар (Бас прокуратурасы)
5. Құзырларының iске асуы ретiне байланысты:
— алқалыға жататындары (үкiмет);
— дара басшылыққа жататындары (Президент).
6. Ұйымдық-құқық қызметтерi түрiне байланысты:
— билiктерi толық болатындары:
— билiктерi шектеулi болатындары.

Мемлекеттік аппарат қағидалары
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі:
мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы.
Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге
сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері
нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат
халықтың мүддесін қорғап, соны іске  асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті
басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға
қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік
аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар
мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-
бабында Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік,
атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін
жүзеге асыру мүмкіндігі делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді:
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және
ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару
органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік
қызметке кіру.
Құбылыстың, заттың жұмыс жасауының, ең басты идеясы, талабы, бастауы.
Мемлекеттiң механизiмiнiң принципi дегенiмiз—бүл механизм жұмыс
iстеуiнiң ең басты идеалары, талаптары.
Мемлекеттiң механизiмiнiң принципi екiге бөлiнедi:
1. Жалпылық
2. Арнайы
1) Заңдылық—бар адамдар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар заңды бұлжытпай
орындауы керек ал егер орындамаған жағдайда жауапқа тартылуы керек.
2) Халықтың билiгiн қамтамасыз ету принципi.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша мемлекет билiгiнiң
қайнар көзi халық. Сондықтан ең маңызды мәселелер шешiлгенде халық тiкелей
қатысты болады. Ол: Референдум немесе бүкiл халықтық дауыс беруi арқылы.
3) Гуманизм принцiпi—мемлекеттiк орган заңға сүйенуi керек және онеге
имандылық талаптарына сәйкес болуы керек.
4) Заң алдында барлығы тең принцiпi.
5) Мемлекет қызметкерлерiнiң құзiретi жоғарғы кәсiби принципте болуы.
Арнайы принциптер.
Кейбiр мемлекет органдарына қойылатын талаптар мен бастаулар.
1) Кiнәсiздiк принципi: адамның кiнәсi жоқ деп есептелiнедi, егер адамды
кiнәлiдеп тапса онда адамның кiнәсi сотпен дәлелденуi керек, және үкiмiмен
анықталуы керек. Сотта туысқандар куә бола алмайды. Егер сот кiнә туралы
күмән тапса онда адам кiнәсiз деп есептелiнедi.
Мемлекеттік аппараттың ерекше мінездемесі және ішкі құрлысы бар. Оның
ішкі құрлысы және органдардың арасындағы қатынастар бір жүйеге
біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана
сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-
қатынастары, қызметінің негізгі принциптері бар.
1)      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы
қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен
бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2)      демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін
қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;
3)      биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары
мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға
негізделген;
4)      заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің
Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін
білдіреді;
5)      жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік
органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің
ақпараттармен танысуын білдіреді;
6)      кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде
мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет аппараты, тетігі
СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік механизм
Мемлекет механизмінің түсінігі
Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі
Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Пәндер