Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V -VІІ ғ.ғ.)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V -VІІ ғ. ғ. )

1) Көкбөрі аңыздары

2) Орхон ескерткіштері

ІІІ Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ - Х ғ. ғ. )

1. «Қорқыт ата кітабы»

2. «Оғыз қаған» жыры

3. Әбу Насыр Әл-Фараби

Пайдаланылған әдебиеттер

Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет

(V -VІІ ғ. ғ. )

Көкбөрі аңыздары

(Көкбөрі - Елжау би б. з. б. П-б. б. з. V ғ. )

Баяғы жаугершілік заманда үйсіннің Нәнді биі жау қолынан қаза тауып, артында жаңа туған Елжау дейтін баласы қалады. Оны жаулар айдалаға тастап кетеді. Шырқырап жылаған баланы бір көк бөрі емізіп өсіреді. Құстар жем тасып береді. Содан ол бала күшті болып өсіп, елін қорғап, Елжау би аталады.

Көкбөрі (IV-V ғ. ғ. ) Баяғыда жаулары бір түрік тайпа-сын қалың батпаққа қамап, қырып салады. Аман қалған он жасар баланың аяқ-қолын кесіп тастап кетеді. Қансырап жылап жатқан бейшара балаға Көк Тәңірі бөлтіріктері өлген көк бөріні жолықтырады. Көк бөрі баланың қанын тілімен жалап, тоқтатып, емізіп, ер жеткізеді. Сол бала Көкбөрі атанады. Шыққан тайпасын "бөрі тайпасы" дейді. Кейін Көкбөрі қаған болады. Қазақтың ата-бабалары өздерін осы Көкбөрінің ұрпақтарымыз деп есептейді. Қасқырды қасиетті аң санап, атын атамай, "бөрі" дейді. Жалғыз қазақ емес, бүкіл дүниедегі көптеген халықтар өзінің шығу тегін аң-құстармен байланыстырады. Мысалы, қырғыздар өздерін бұғы анадан, қытайлар сары маймылдан, тау халықтары бүркіттен таратады. Қазақтың атасы болған Көкбөрінің немерелері жаугершілікте Ақ қазға айналып, бірі Енесай өзені жаққа, енді бірі Шу өзені және Алтай жағына ұшып кетеді. Содан түріктердің ата-бабасы тарады.

Енді Көкбөрі аңыздарының шындығы қайсы десеңіз, біздің заманымыздың V ғасырларында бес жүз үйлі бөрі тайпасы Сары Жазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439-жіылы болатын. Елді бастап барған бектің аты - Түркіт екен. "Түркіт" - "дулыға" деген сөз, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда темір қорыта білген. Темірден қару-жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. Көкбөрі аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болып табылады. Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап алатын болған.

Ол туралы Жамбылдың ұстазы Сүйінбай ақын:

Берілі менің байрағым,

Берілі байрақ көрінсе,

Қозады қай-қайдағым, - деген.

ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Болмасын деп байлығы басқаға азық,

Кеткен бабам тарихын тасқа жазып.

(Б. Бәйітұлы) .

Алтыншы ғасырдың ортасына таман Көкбөрінің шөбересі Бұмын (Түмен) қаған түркі тайпаларының басын қосып, әлемге әйгілі түркі қағанатының негізін құрды, Елхан атанады. Бұмын 552 жылы қайтыс болды.

Бұмынның мұрагері Мұқан қаған Сары теңізден (Ху-энхэ) - Каспийге, Гобиден Байкал көліне дейінгі аралыққа созылып жатқан түркі қағанатының батыс өлкесінің билігін әкесінің інісі Естемиге бердіде, өзі Орхон өзенінің жоғарғы ағысындағы хан ордасында болды. Орхон - Монғұлиядағы өзен. Рим тарихшысы Менандрдың айтуынша, осы жерге 568 жылы Византия елшісі Земарх келген. Түріктердің алтын, күмістен жасалған ыдыс-аяқ, түрлі шебер бұйымдарын көріп, таң-тамаша қалған.

Мұқан мен Естемиден соң олардың ұлдары билікті екіге бөлді. 582 жылы Түркі қағанаты батыс және шығыс қағанаты болып екіге айырылды. Әлсіреген қағанат осыдан былай көрші Қытайдың Таң империясының уысына түсе бастады. Қытай ханшаларын ханымдыққа алды. Ішінара күрестен ештеңе шықпай, 630 жылы шығыс және батыс Түркі қағанаты құлады. Осыдан былайғы жарты ғасыр табғаштарға құлдыққа өтті. Олардың есін жиған кезі Елтеріс пен Тоңүқұқтың тұсында болды. Елтеріс 682 жылы көтеріліс бастап, жеңіп шықты. Елтерістен соң таққа Қапаған (Мойыншор) отырды. 715 жылы Қапаған қаза тапқаннан кейін жаужүрек Күлтегіннің көмегімен ағасы Білге қаған болды. Қасына Тоңүқұқ жырауды ақылшы қылып алып, Күлтегінге әскердің билігін берген. Сөйтіп, осы үш ердің тұсында түркілер айбынды жұрт болып, бір тілек, бір мақсатта өмір сүрген. Тәңірі жарылқағыр, Күлтегін 731 жылы, Білге қаған 734 жылы дүниеден озған. Тоңүқұқтың қай жылы өлгені белгісіз.

Білге, Күлтегін, Тоңүқұқтың басына құлыптастар қойылып, оның бетіне осы ел үшін еңіреген үш батырдың ерлігін жазып қалдырған. Бұл тастағы жазулар тарихта Орхон ескерткіштері деген атпен белгілі болды. Орхон ескерткіштерін оқудың кілтін Дания ғалымы В. Томсен тапты, Ресей ғалымы В. В. Радлов 1893 жылы оқып шықты. Бұдан кейінгі осыған ұқсас жазулар Енисей, Талас, Шу бойынан табылды. Орхон жазуы түркілерде б. д. д. замандардан б. д. X ғасырларына дейін қолданылған. Орхон жазуының ізі қазақтың ру таңбаларында қазірге дейін сақталған. Бір қызығы Орхон ескерткіштеріне алғаш кезіккен швед офицер Табберт-Страленберг оған "ру-на" жазуы деген атберген.

Бұдан басқа Елтеріс пен оның әйелі Елбілге қатынға арналған Онгин ескерткіші, Суджа, Мойыншор, т. б. ескерткіштер бар. Орхон ескерткіштерінің қысқаша тарихы осындай.

Орхон ескерткіштерін арнайы зерттеген ғалымдар М. В. Стеблева, Ғ. Айдаров, М. Жолдасбеков, Қ. Өміралиевтер жанры жөнінде әр түрлі пікірде:

Бірі қара сөз, бірі өлең, бірі өлең мен қара сөз аралас жазылған деп бағалайды. Осының ішіңде біраз толымды, дәлелді пікірді М. Жолдасбеков айтты. Ол кісі қазақтың жыр дәстүріне ұқсас екендігін нақты зерттеп, қазіргі тілге солай аударып шыққан.

ОҒЫЗ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ

(ІХ-Х ғ. ғ. )

734 жылы Білге қаған қайтыс болған соң, Түркі қағанаты ішкі қақтығыстар салдарынан әлсіреп, оның орнына Түркеш, Қарлық, Оғыз қағандықтары құрылды.

Түркештер - Батыс қағандығының қаңлы, үйсін, бес арыс, дулаттың белді тайпалары еді. Олар Іле мен Шу аралығын мекендеген. Ал қарлықтар - Алтай тауының батыс бөлігі мен Тарбағатайды қоныстанған, ежелгі көк бөріге табынған түркілердің ұрпағы, VIII ғасырда Жетісуға қарай ығысып, Суяп, Тараз қалаларының маңайында орныққан. Қарлық мемлекеті Түркеш қағанатының орнын басты. Оның қарамағында Жоңғар Алатауынан Сырда-рияға, Балқаш көлінен - Ыстықкөлге дейінгі жерлер болды.

Ал ІХ-Х ғасырларда Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойында Оғыз қағандығы құрылды. Орталығы - Сыр бойының көне мекені - Жанкент қаласы. Кейін қыпшақтардың қысымының нәтижесінде біржағы оңтүстікке ығысып (Түрікмен жері), одан әрі Қапқазға дейін кетті. Кіші Азияға келіп, Селжұқ мемлекетін құрды. Каспийден жоғары ығысқан бір тармағы татар, башқыр құрамына кірді. "Қорқыт ата кітабында" Сыр бойындағы жер аттары мен Қапқаз жер-су атауларының қапталдаса - жалғаса келіп отыратыны содан.

ҚОРҚЫТ АТА

(VI-VIII ғ. ғ. )

Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан, Қазылған көрді көріп қатты сасқан.

Тағдырдың тақымына тәнті болмай,

Ажалмен арпалысып жап таласқан.

(Әлқуат Қайнарбаев. "Қорқыт ")

Тарихшылардың айтуынша, дана Қорқыт Мұхаммед пайғамбардың замандасы екен. Сыр бойында туған. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы стансасынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы - қыпшақ қызы. Оғыз-қыпшақтар - қазақ халқының арғы аталары. Түркілер шежіресін жазған Әбілғазының айтуынша: "Қорқыт - оғыз қыпшақтарының ұлы атасы, оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз хан заманындағы үлгі айтып, билік құрған, дана кісі. Оғыз елінің жұрттары күн шығыста: Ыстықкөл Алмалық, Талас; Ортасы: Сайрам, Қазығұрт, Қарашық тауы (Қаратау), Ұлытау, Кішітау, мыстың кені (Жезқазған) ; Күн батыста: Сыр суының аяғы (қазақ жырыңда: "Су аяғы - Қорқыт") - Жанкент, Қарақұм. Осы айтылған жерлерді оғыздар бес мың жылдай қоныс етіп отырады. В. В. Бартольд пен В. М. Жирмунский: «Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мың жылдық өнегесі бар» - деген.

"ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ"

"Қорқыт ата кітабының" сюжеті XV ғасырда проза түрінде хатқа түскен. Әдебиет зерттеушілері-Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков және Еуропа зертеушілері бұл кітапты жыр тілімен жазылған, яғни жыр үлгісі деп бағалайды. Ол жырларды тудырушы - Қорқыт ата. Қорқыт - Тоңүқұқ, Ұлық Түрік, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты өз заманының жырауы, ойшылы.

"Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық, үлкен прогресс болды". (Ә. Қоңыратбаев) . Кейін Қорқыт туған топырақтан әлемге әйгілі әл-Фараби шықты. Екеуі де бүкіл Орта Азия халықтарының өнер-іліміне зор үлес қосты.

"Қорқыт" сөзінің тарихи-лингивистикалық мағынасы "хұр" және "құт" сезінен шыққан дейді. Құт - құт-береке, құтты болсын дегендегі "құт" түбірі. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанын еске алайық. "Құт" - түркілерге тән сөз. Сонымен "құт әкелуші кісі" деген мағынаны білдіреді. Қорқыт - исламға дейінгі дәуірдегі ежелгі түркілердің ойшылы, бақсы, жырауы (озаны), түркі мәдениетінің құты болған адам. "Қорқыт ата" кітабының екі нұсқасы: бірі Дрезденде (Германия), екіншісі Ватиканда (Италия) сақталған. Дрездендегі нұсқасы 12 сюжеттен, Италиядағы нұсқасы 6 сюжеттен тұрады. ТМД елдерінде де 1950 жылы Бакыден ("Деде Коркыт"), 1982 жылы Мәскеуде ("Книга моего деда Коркут") басылған. Орыс, неміс, италиян тілдеріне аударылған. Қазақ тіліне аударып бастырғандар Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков, Ш. Ыбыраев, Б. Ысқақовтар.

Шет елдерде - үстіміздегі ғасырдың бас кезінде-ақ зерттеліп, аударылған. Тілі жағынан қазіргі қазақ, түрікпен, азірбайжан тілдерімен, ал эпикалық сарындары түркі люстарымен ұқсас жыр. "Қорқыт жырларының арғы тегі Сыр бойындағы Жанкент маңында туылған болса, онда оғыз-қыпшақ ұлысының тууы, пешенекпен, түрікпен арасындағы соғыстар (922-956), одан соң Жанкент ханы шах Мәліктің Сырдан кетуі суреттелсе керек.

Ежелден Сыр бойын мекендеген оғыз тайпалары қазақ халқын құрауға зор үлес қосқан (кете, кердері, адай рулары) . "Қорқыт ата" кітабында әңгіме болған оғыз тайпаларының оқиғасы қазақ тарихына, қазақ әдебиетіне тікелей қатысты.

"Қорқыт ата" VIII ғасырларда, одан да бұрын туған аңыздардың уақыт бедерінен біраз өзгеріп, хатқа түскен түрі. Кітапта төмендегідей жырлар бар: "Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр", "Байбөрі баласы Бамсы Байрақ", "Тоқа баласы Ержүрек Темірұл", "Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр", "Оғыз қаңлы баласы хан Төрәлі". т. б.

Қорқыттың нақыл сөздері

Қорқыт ата - қазақ ойшылы, исі түркіге ортақ дана. Кітаптың кіріспесінде: "Баят руынан Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған . . . Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыт кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған дей келіп, Қорқыт дананың ел аузында қалған нақыл сөздерін келтіреді. Бір таң қаларлығы, осы нақыл сөздер түгелімен қазақ мақал-мәтелдерінде бүгінге дейін айтылады. Мысалы: "Құмды қанша үйгенмен төбе болмас, Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас". "Күңге сарыпай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас". Бұл нақыл сөздер қазақта: "Күл жиылып тас болмас, күң жиылып бас болмас", деп айтылады. Қорқыттағы: "Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас", қазақ мақалында сол қалпымен жүр. Он сегізінші ғасырда өмір сүрген Махамбет бір өлеңінде Қорқыт атаның ізімен: "Ежелгі жау ел болмас, етектен кесіп жең болмас", - дегені мәлім. Қорқытта: "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада". Сондай - ақ "Ұлдың кімнен туғанын ана білер, иесінің исін ат білер". "Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме". "Ұл атадан көрмейінше үгіт алмас, қыз анадан көрмейінше үлгі алмас" - Қазақ мақалы: "Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" немесе "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады", "Көп қорқытады, терең батырады", - ешбір өзгеріссіз айтылады. Бұл киелі сөздер қазақ ұғымына етене жақын, күні кеше ғана шығарылғандай әсер береді. Қорқыттың нақыл сөздері Берлин кітапханасында сақтаулы. "Қорқыт ата кітабы" арқылы аталарымыздың ежелден от басындағы ананың роліне ерекше мән бергендігін көреміз. Әйелдердің орта ғасырлық идеалы уақыт сынынан өтіп, бүгінгі күнге де үлгі бола алатындығы қызықты. Кітаптағы ең сүйкімді әйел - от басының құты (тірегі) болған әйел. "Даладан қонақ келсе, ерінің жоғын білдірмей, сусын беріп, сыйлап аттандырады. Ондай әйелдер мыңдап әссе де, аз".

"Оғыз қаған" жыры

"Оғыз қаған жыры" XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында хатқа түскен, бірақ соған дейін көп замандар бұрын, Орта Азияда, Сыр бойында эпос дәстүрімен ауызша айтылып келген аңыз - жыр.

"Оғыз қаған" аңызының дәл қай ғасырдағы оқиғалардың куәсі екендігі жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев: "Оғыз қаған" ежелгі ғұндардың ұрпақтары Ашина түріктердің тарихи аренаға шыққан кезінен бұрын VI-V ғасырға дейінгі жерде-ақ түпкілікті жасалып болса керек"- деген. Ал Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков ІХ-Х ғасырдағы Оғыз мемлекетінің құрылуымен, X. Сүйіншәлиев Қарахан мемлекетінің тарихымен байланыстырады. Біздің ойымызша, "Оғыз қаған" жырының негізгі желісі, оған ұйытқы "болған кейіпкер"- Оғыз - Өгіз тотемінің пайда болу замандарынан шығып, хатқа түскенге дейінгі аралықтағы түркі тайпаларының тіршілігіне қатысты көптеген аңыздарды жинақтау, екшеу сатысынан өтіп келген. Оған VIII-ІХ ғасырлардағы Қыпшақ, оғыз, қарлұқ, қаңлы ру-тайпаларының қалыптасуы оқиғалары да кіреді демекпіз. Енді бірер сөз Өгіз тотемі туралы. С. Т. Толстов жазады: "Оғыздардың тайпалық одағы Оксқа (Әмударияның көне атауы) дейінгі заманда басқа жақтан көшіп келген тайпалар емес, одақ саны да ертеден бері жалпыға ортақ тотем атынан, жергілікті ел тілінен туған сөз. Ендеше Орта Азия оғыздарын ерте за-мандарда сол жерді мекен тұтқан сақ тайпаларының заңды мұрагері деп қарау керек. Оғыз тотемінің аты ертедегі сақтар ортасында да болуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі әдебиеті
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz