«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
1.1 Қолма.қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ... ... ... ... ..5
1.2 Қолма.қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы ... ... ... ... ... .8
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма.қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау ... ... ... .14
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма.қолсыз есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі .22
3. ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма.қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру ... ... ... ... ... .29
3.2 Қолма.қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу ... ... ... ..34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
1. Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі
қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы
... ... ... ... ... .8
2. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Халық Банк АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп
айырысуы сараптына талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
2.3 Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік
қадағалау жүргізу

... ... ... ... ... ... .34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің
Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп -
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың
90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу,
оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және
экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына,
өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін
күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың
ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және
көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп
соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті
артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша
деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды
қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші
бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс қолма-қолсыз есеп
айырысу саясатын еңгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан,
микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді. 1
Әлемде қандай ел болмасын қолма-қол ақшаларға толық түрде бақылау
орната алмайды. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және
ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі
төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп
айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің
маңызы зор болып табылады.
Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына
байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем
механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да
Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің
ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да
болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету
ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады. Өз кезегінде
қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың
дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа
қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы
заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк
жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметі Қазақстан Республикасының
заңымен және Конституциясымен тікелей негізделген іс-шаралар атқарады. [2,
4 – бөлім]
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп
айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысу
барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қолма-қолсыз есеп
айырысу сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде
жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп
айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық
банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз
есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ.
Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты
мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл
жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік
қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп
айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
- қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
- банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
- қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.
Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Халық Банкі АҚ
қолма-қолсыз есеп айырысуы. Қолма-қолсыз есеп айырысу, банк саясатында
үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.
Зерттеу пәні – қолма-қолсыз есеп айырысу барысындағы тәуекелділік, қарыз
алушылардың түрлері мен ақшалай қатынастардағы қабілеттілігі, қолма-қолсыз
есеп айырысуының мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі және экономиканың
негізгі құралдар болып табылады.
Курстық жұмысының методологиялық және теориялық негіздері: Коммерциялық
банктер және олардың ақшаларының айналыс қызметі туралы Қазақстан
Республикасының Заңы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 2010 жылғы халыққа Жолдауы, Халевинская А.М.,
Лаврушина О.И., Коробова Г.Г., Тавасиева А.М. оқу құралдары, Деньги и
кредит, Банки Казахстана журналдары.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар толығымен банк мекемелері
арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына
банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің
мүддесінің ықпалы болады. Өйткені банк – осы қолма-қол және қолма-қолсыз
ақшалармен төлемдердің барлық түрі іске асатын орын болып табылады.
Банктегі есеп айырысу шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалй қаражаттар
қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір экономикалық
жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері
мен формаларының жиынтығын білдіреді.
Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып
табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай
есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды
қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп
айырысуларға қарағанда біршама қолайлы болып келеді. Мұндай есеп айырысу
негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының басты бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылықтар аумағында жүзеге асырылып отырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу кезінде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру мынадай
талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиістілігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және
экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың
мүддесіне қызмет еткен. Сол кездердегі қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын
талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың
балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.
Бүгінгі таңдағы экономикамыздың нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды
ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай
қаражаттарды банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. Мұнда
клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар
ашылады.
Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі қиғидадан
айырмашылығы барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігін
байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі
шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер
арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың екінші қағидасы бойынша төлемдер
шот иелерінің өніміне байланысты белгіленген төлемдер кезегі бойынша, яғни
шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуы тиіс.
Өндірістің құлдырауы мен инфляциялық процестер жағдайында
шаруашылықтағы төлем тәртібінің төмендеуіне байланысты, біздің елімізде,
клиенттердің есеп айырысу шоттарынан бірінші кезекте, бюджеттің барлық
деңгейіне, сондай-ақ зейнетақы қорлдарына төлеуге шешім қабылданған. Бұл
әкімшілік шара ҚР Үкіметінің бүгінгі экономиканың даму кезеңіндегі
бюджеттің кіріс жағын нығайтуға және шығысы арқылы әлеуметтік саланы
қаржымен уақтылы қамтамасыз етіп отыруға бағытталды. Бұл жерде банктің
нарық субъектісіне , яғни клиентке қоятын талабы оның шотында бар қаражат
қалдығы шегінде төлемді жүзеге асыру болып табылады.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың үшінші қағидасы – нарық субъектілерінің
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды
банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрініс табады.
Жоғарыда айтылған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай екі
қағидасы қолданылады:
• төлемнің мерзімділігі;
• төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы – шаруашылық несиелі сақтандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды
жүзеге асыруды білдіреді.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін
қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде
аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлем мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Мерзімді төлем төмендегідей жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:
1. сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем
түрінде;
2. сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
3. сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін –
қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық
несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын , мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік
немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімдік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары
болады. Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді
кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға
қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта
түседі.
Жоғарыда аталған қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу қағидалары бір
бірімен тығыз байланысты, сондықтан олардың біреуінің орындалмауы
басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар жүйесінің конструтивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің
банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа да шоттарында
көрсетіледі.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау
және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге
асырылады. Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне, төлеу тәсіліне және
банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулардың мынадай формалары болады:
• төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
• төлем талабы-тапсырмаларымен есеп айырысу;
• аккредитив арқылы есеп айырысу;
• чек арқылы есеп айырысу;
• вексель арқылы есеп айырысу.
Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының
арасындағы келісім-шартпен анықталуы тиіс.
Есеп айырысу формасын таңдай мынадай жағдайларда анықталады:
• контрагенттердің арасындағы шаруашылық байланыстар сипатымен;
• жабдықтайтын өнімнің ерекшелігіне және оны қабылдау шартымен;
• мәмілеге қатысушылардың мекен-жайымен;
• жүкті тасымалдау тәсілімен;
• заңды тұлғалардың қаржылық жағдайымен.
Формаларды таңдауда есеп айырысуды жүргізудің бекітілген ережелеріне
сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданатын
есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы – клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару
туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасын білдіреді. Төлем
тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін
қолданылады, алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін , тауарлы емес
операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер,
банкке коммиссиондық төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге
тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық
төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап он күнге жарайды және
төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асады.
Төлем тапсырмасының есеп айырысу сызбасы келесі 1-ші суретте
көрсетілген.
Мұндағы: 1- тауарды (қызметті) жабдықтау; 2- төлем тапсырмасын банкке
беру және шоттан қаражатты шегеру; 3- жабдықтаушының банкіне қаражатты
аудару және алушының шотына есептеу; 4- жабдықтаушыға оның шотына қаражат
түскендігін хабарлау.
1
4 2
3
Сурет-1 – Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді сатып
алғаннан кейін төлеу барысының есеп айырысу сызбасы
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын
және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөңелткенге
дейін (1-суреттен қара);
Тауарды жөңелкеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-ші
сурет); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу бұл жақтың қаржылық
жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
1
5
4 2
3
Сурет-2 – Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді алдын ала
төлеу барысында есеп айырысу сызбасы
Мұндағы: 1 – алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау
туралы келісім шарт жасау; 2 – төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан
қаражатты шегеру; 3 – жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының
шотына есептеу; 4 – жабдықтаушыға оның шотына қаржы түскендігін хабарлау; 5-
тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем
тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы
төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы
арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен
ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат
бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа
формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы
және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем талап
тапсырмасы – жабдықтаушының төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке
бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет
құнын тиісті есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабын және төлеушінің
шотынан қаражаттарды шегеру туралы берген төлеушінің тапсырмасын білдіреді.
Төлем-талап тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай
сызбамен беріледі:
Мұндағы: 1 – тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2 – төлем талап
–тапсырмасын сатып алушының банкіне беру; 3 – есеп айырысу құжаттары
төлеушіге келісім беру үшін беріледі. 4 – төлеушіге келісім берген есеп
айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкке сатып алушының
шотынан шегіріледі; 5 – жабдықтаушының банкіне қаражат аударылып, онда
жабдықтаушының шотына есепке алынады. 6 – жабдықтаушының шотына қаражат
келіп түскендігін хабарлайды.
1
3 4
6 2
5
Сурет-3 – Төлем талап - тапсырмасы бойынша есеп айырысу
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айрысу жиі
қолданылмайды, бірақта ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу
формасы болып табылады.
Аккредитив – сатып алушының тапсырысы бойынша сатып алушының
(аккредитив алушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте
көрсетілген құжатарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да
шоттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай
міндеттемесі.
Аккредитивтің келесідей түрлері бар:
1. Өтелген және өтелмеген;
2. Қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Өтелген (қаражат аударылған) бұл имитент банктің міндеттемесінің іс-
әрекетінің барлық мерзім ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге
клиентіне берілген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде
ашқан аккредитивін білдіреді.
1
5
8
6 4 2
3
7
Сурет-4 – Алдын ала қаражаттарды аудару арқылы аккредитив формасы мен
есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы
Мұндағы: 1 – алдын ала қаражаттарды аудару арқылы аккредитив формасын
пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракты жасау; 2 – банкке
аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем
тапсырмасын беру, одан соң ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 –
қаражатты жабдықтаушының банкіне аудару және оны аккредитив шотына есептеу;
4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 – тауарды
жабдықтау немесе қызмет көрстеу; 6 – келісім шартқа сәйкес тауарды
жөңелткені туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу
және аккредитив шотынан қаражатты шегеріп оны жабдықтаушының шотына
есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп,
аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді. 8 – құжаттарды сатып
алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды
жеткізеді.
Өтелмеген (кепілденген) – бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар
орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан
қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің
әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының
мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жою алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына
ашылған болып табылады.
Чекпен есеп айырысу. Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің
чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген
жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
• Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы
төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
• Сатушы белгісіз болған жағдайда.
Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс.
Чек бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген.
4
3
2
1
5
Сурет-5 – Чекпен есеп айырысу сызбасы
Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін
жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша
береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 –
жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп
айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының
шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні –
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі,
вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына
немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем
қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк
сатып алады.
Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді
банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл
операция кездеспейді.
Вексель бойынша жасалатын операция қатарына Ұлттық банктің вексельді
қайта есепке алуы жатады. Қайта қаржыландыру мүшелері бойынша Ұлттық банк
вексельді есепке алады.

Бұл тарауда Қазақстан Халық Банкі АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуының
ұйымдастырылуына, олардың мемлекеттік бюджеттегі үлестері, қолма-қолсыз
есеп айырысуының бақылау-экономикалық қызметі, соның ішінде ақша-несиелік
саясатты қаталдату Ұлттық Банктің мөлшерінің нарық мөлшеріне әсердің
бағытын өзгеруді қарастырады, яғни коммерциялық банктердің қолма-қолсыз
ақшалар қызметтін атқаруы қолма-қолсыз ақшалар механизмді үнемі
жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін
қолма-қолсыз ақшалардың әдістері мен формаларын енгізуді, қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысу операцияларына талдау жасалады.
“Қазақстан Халық жинақ Банкі” АҚ- өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан
астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса
ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша
сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
Банктердің кредиттік портфелінің құрылымында 2010 жылғы 1 тамыздағы
жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі- 61,2%, күмәнді- 36,8%,
үмітсіз -2,0% болды. 2001 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша стандартты
кредиттердің үлесі – 61,1%, күмәнді- 36,4%, үмітсіз- 2,5% болды (кесте 1).
Кесте 1
Қазақстан Халық Банк АҚ 2008-2010 жылдардағы қолма -қолсыз есеп
айырысуының ұйымдастырылуына жасалған жарнама қызметінің шығыны
(млн. тенге)
2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Жарнама түрлері
млн.тг. % млн.тг. % млн.тг.
%
Сыртқы жарнама 0,8 20 1,056 22 1,98 33
Радио 0,532 13,3 0,648 13,5 0,75 12,5
Теледидарға 1,26 28,5 1,44 30 0,84 14
Прессаға 0,6 18 0,456 9,5 0,45 7,5
ВСЕГО 3,192 79,8 3,6 75 4,06 67
Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы 2002 жылғы 1
тамыздағы жағдай бойынша өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 49,3%-
ке өсіп, 253,1 млрд.теңге болды. Шығыстар сомасы өткен жылдың осындай
кезеңімен салыстырғанда 48,1%- ке өсіп, 208,9 млрд.теңге болды.
Қазіргі уақытта құрылымды реформа қаржылық сектордың барлық
сегменттерінде орындалған. Қазақстанның банк жүйесі негізгі банк
жұмыстарының халықарарлық стандарттарына негізделген. Елде инфрақұрылымы
дамыған қаржы нарықтары қызмет көрсетеді.
Кесте 2
Қазақстан Халық Банкі АҚ 2010 жалғы қолма -қолсыз есеп айырысуының
ұйымдастырылуына жасалған сыртқы жарнама қызметінің шығыны
(АҚШ доллары)
Банк Мекен жайы Жарнама түріКөлемі Жалға Бір айдағы
салынатын сомасы
салығы
Қазақстан Аэропорт Биллборд 5*15 м $ 800 $800
Халық Банкі
Аблай Хан Биллборд 3*9 м $250 $250
данғылы
Республикадалайтбокс 120*180 см $50 $50
нғылы
2009 жылдың 29- қантарында Ұлттық Банктің Басқармасы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банктің 2009-2010 жылдардың арасындағы ақша- қолма-
қолсыз есеп айырысу саясаттың негізгі бағыттарын анықтады.
Банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша экономикаға негізгі қарызы
бір тоқсанның ішінде 2,3%-ға (жыл ішінде 6%) өсіп 1036,6 млрд. тенге (7,46
млрд. АҚШ долл) болды.
Сонымен қатар ұлттық валютада берілген қолма-қолсыз есеп қарқыны шетел
валютасындағы қолма-қолсыз ақшалар қарқынынан артық болды. Жыл ішінде
ұлттық валютадағы қолма-қолсыз ақшалар мөлшері 5,2% өсіп 484,6 млрд.
тенгеге жетті, ал шетел валютасындағы қолма-қолсыз ақшалар мөлшері 0,1%
кеміп 552,1 млрд. тенге болды. Нәтижесінде тенгедегі несиелердің үлесі
45,4%-дан 46,7%-дейін өсті. (6,7,8 суреттер)
Сурет 6. 2010 жылдағы ұлттық және шетел валютадағы қолма-қолсыз есеп
айырысу мөлшерінің салыстырмалы өсуі (млрд. тенге)
Сурет 7,8. ҚР банктердің 2010 жыл ішінеде қолма-қолсыз ақшалар мөлшерінің
өзгеруі.(пайыз)
Жыл аяғында банктердегі қолма-қолсыз ақшалар есеп айырысуы саны 35-ке
жетті. Соның ішінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің мүшелерінің саны арта түсті (18-ден 22-
ге дейін).Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз ақшалар қызметтін атқаруы
қолма-қолсыз ақшалар механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің
қарапайым техникасын қамтамасыз ететін қолма-қолсыз ақшалардың әдістері мен
формаларын енгізуді, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу операциялардың
еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.Жыл ішінде ұзақ мерзімді қолма-
қолсыз ақшалармен есеп айырысу көрсеткіші 4,5% өсіп, 669,3 млрд. тенге
құрады, сол уақыт ішінде қысқа мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысу мөлшері 1,4% кеміп, 367,3 млрд. тенге болды. Сонымен жыл ішінде
ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу үлесі 63,2%-дан 64,6%-ға
дейін өсті (сурет 9).
Сурет 9. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен
есеп айырысу салыстырмалы өсуі (млрд. тенге)
Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы", "Қазақстан
Республикасыңдағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарымен, сондай-ақ
Ұлттық банкімен 1994 ж. 11- ақпанында бекітілген "Қазақстан Республикасы
экономикасын қысқа мерзімді несиелеу" ережесімен реттеледі және жүзеге
асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түрлеріне қатысты.
Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге асады,
ол мәртебе Ұлттық банкінің банк ашуға берген рұксаты мен банктік
операцияларды жүргізуге лицензиясының бар болуымен анықталады.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай- ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР ІІ- ші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
ҚР- дағы банктік жүйеде 01.07.2008 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша
қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана
мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен
Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен құрылған банктерде саны – 14,
оның ішінде, еншілес банктер – 10.
Сурет 10. Қазақстан Халық Банкі АҚ 2008-2010 жылдардағы
республикалық бюджетіндегі заңды тұлғалардың қолма -қолсыз есеп айырысуының
бойынша орындалуының динамикасы (тенге)
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуға құқық бермегенмен, уақытылы,
яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда
оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатынасушылары немес құрылтайшылары өздеріне
тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық
капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады,
сондай- ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана
құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым
салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы
мүмкін.
Халықаралық төлем жүйесі бойынша VISA international, Қазақстан Халық
Банк берілген жобаны ТМД елдерінде ен алғаш шығарды. Және де СЕМЕА
аймақтарында да осындай қызметтерді көрсету бойынша төрт банктің бірі болып
табылады.
Қазақстан Халық Банк Алматыда есеп- кассалық бөлімдер бойынша екінші
орында.
Өтімділіктің жетіспеу мәселесінің өткірлігін төмендету үшін және
банктердің өтімділігін тиімді реттеу үшін минималды резервтерді құру
механизмінде өзгерістер енгізілді. Берілген өзгерістер нәтижесінде ІІ- ші
деңгейлік банктер тайғанқы график бойынша резервті қажеттерді орындайды.
Қазақстан Халық Банк АҚ пен оның бөлімшелерінде есеп-шоттары бойынша
тұрақты айналымдары бар және жағымды несиелік тарихы бар кәсіпорындарға,
төменгі сыйақы мөлшері түрінде несиелік өтінішін қарастыру кезінде ерекше
шарттар қарастырылған.
Қазақстан Халық Банкі АҚ клиентпен оның жоспарларын қаржыландыру
мәселелерін талқылауға және оны шешу жолдарын ұсынуға әрдайым дайын.
Несиелеудің негізгі қағидалары:
Жеке несие алушы, котрагенттер, не қатысты тулғалар тобының несиелік
лимиттің жалпы деңгейіне сәйкес несиелеудің белгіленген критериялары.
Жаңа несилерді беру, несиелік желілерді үлғайту және қайта қаржыландыру
туралы шешімдерді қабылдаудың нақты жетілдірілген жүйесі.
Несие шарттарын тәуелсіз бағалау және тәуекелді басқару (Базель
комитетінің қағидаларына сәйкес).
Қазақстан Халық Банктің акционерлік қоғамы екінші деңгейлі тез дамып
келе жатқан қазақстандық банкілердің бірі болып табылады және банктік
қызмет көрсету нарығында табысты жүмыс істегелі 10 жылдан асты. Егер
Қазақстан Халық Банк АҚ 2010 жылғы қаржылық көрсеткіштеріне көз
тастасақ, есеп беру жылы банктік қызмет көрсету жопе ұсынылған банктік
өнімдер нарығына ену жылы болды.
2010 жылғы Қазақстан Халық Банк АҚ активтері 168 % өсгі, 2010 жылдың 1
қаңтарына 22 млрд.теңгеге жетті. Абсолюттік сандар осімі 13,8 млрд.теңге
құрады. Өсудің негізгі қайнар көзі - 2008 жыл мен 2009 жылдар арасында 2,3
есеге ұлғайған, жылдың соңына үлесі 73% құрағаи несие портфелі болды. Банк
активтерінің өсуіне ықпал еткен тағы бір маңызды фактор - үлесі 7%-дан 18%
өсіп, 3,9 млрд.теңгеге жеткен құнды қағаздар портфелі болды. Осы жылға
көрсеткіш 6,4 есеге ұлғайды. 2008-2010 жылдар арасындағы банк
міндеттемелері 2,9 есеге өсіп, 2010 жылдың 1 қаңтарына-19,9 млрд. Теңгені
құрады.
2010 жылы банк 2009 жылғы көрсеткішті 936,8 млн.теңгеге(74%) көтеріп,
банк кірісі 2,2 млрд.теңгені құрады. Кесте 1-де банк кірістері көрсетілген,
2010 жылғы негізгі кірістер бойынша есуі: сыйақы алу мен байланысты
кірістер-82 %, дилингтік операциялар бойынша кірістер-17%; комиссиялық
кірістер-26% құрады.
Кесте 3 - Қазақстан Республикасындағы қолма -қолсыз есеп айырысуының
ұйымдастырылуындағы жұмыскерлерінің бағасы .
(баллмен)
ЦБ ҚХБ АТФ Центр
кредит
Қызметкерлерінің
қарапайымдылығы мен 4 7,3 8 6,7
инабаттылығы
Кеңес беру
көрсеткіші 3,7 6,4 8 6,25
Кеңесін жеткілікті
етіп түсіндіруі 5 5 7 5
Қызметкерлерінің
киім үлгілерінің 6 6,7 5 6
үйлесімдігі және
бейддерінің
көріктігі
Шешім қорытындысы
18,7 25,4 28 23,95

Ағымдағы өтімділік еселігін есептеу үшін төмендегідей баланс баптарын
пайдалану қажет: касса, ҚР Ұлттық банкіндегі есеп-шот, басқа да банктердегі
есеп-шоттар, құнды қағаздар, алдын ала алуды талап ететін депозиттер, жедел
депозиттер, ҚР Ұлттық банкі алдындағы қарыздар, басқа банктер алдындағы
қарыздар, ҚР Үкіметі алдында қарыз, өтелмеген акцептер бойынша
міндеттемелер, басқа да қарыздар мен міндеттемелер. Есеп айырысу үшін
қолданылатын баланстын негізгі баптары кесте 5-те көрсетілген. Сараптама
жүргізу үшін, 2 жылдың, дәлірек 2008, 2009, 2010 жылдардың мәліметтері
қолданылады. Салыстырмалы түрде, №2 кестеде пайыздық қатынаста көрсетілген
өзгеру қарқынының ұласпалы есептері енгізілген.
Кесте 4 - Қазақстан Халық Банк АҚ ағымдағы өтімділік еселігінің есебі
(мың.тенге)
Жылдар Ұласпалы өзгеріс
№ Баланс баптары қарқындары
2008ж. 2009ж.
Қаңтар 12
Ақпан 6
Наурыз 4
Сәуір 3
Мамыр 2,4
Маусым 2
Шілде 1,71
Тамыз 1,5
Қыркүйек 1,33
Қараша 1,2
Қазан 1,09
Ескертпе- дерек көзі: ҚР-ң Статистикалық Агенттігі
Біздің елде тұрғындардың қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу кешенді
автоматтандырылған жүйесін құру концепциясы дайындалды. Тауарлар мен қызмет
көрсету үшін қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу сұрақтарынан басқа,
концепцияда тұрғындарға банктік қызмет көрсету мәселесі де қарастырылған.
Жүйелік ойы қазіргі заманға сай банктік өндірістің ғылыми-техникалық
деңгейіне сәйкес және кез келген банктік жүйе үшін кішігірім модификация
кезінде де қолайлы. Концепция түрлі банктік жүйелердің идеологиялық және
техникалық бірігу мүмкіндігін қарастырады, бұл ақша айналымының бірыңғай
жалпы мемлекеттік жүйесін құрудың міндетті шарты және кез келген банктің
жоғары пайдалылығының кепілі болып табылады.
Автоматтандыру үрдісі несие-қаржылық саласында бірнеше деңгейде
қарастырылады. Бір жағынан, несиелік институттар банк ішіндегі және банк
аралық күрделі жүйені, сонымен қатар банк бизнесінің көтерме саласына
қызмет көрсететін электрондық техникалық құралдарды енгізеді. Екінші
жағынан, аңды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететінөлшек автоматтандырылған
жүйесі енгізілуде.
Дербес клиенттердің ақшалай есеп айырысу электрондық жүйесінің қызмет ету
механизмі пластикалық кәртішкелерді қолдануға негізделген. Бұған
банкоматтар арқылы жүргізілетін операциялар, сауда ұйымдарында тұрғындардың
есеп айырысуының электрондық жүйесі, тұтынушыға бөлшек қызметтерді жеткізу
амалы ретінде жеке тұлғаларға үйде және жұмыс орнында қызмет көрсетудің
банктік жүйесі және басқа да операциялар кіреді.
Пластикалық кәртішке-пайдалану түріне, кәртішкелер арқылы көрсетілетін
қызметтің жиынтығына, сонымен қатар өзінің техникалық мүмкіндіктеріне және
оларды шығаратын ұйымдарға байланысты кәртішкелердің барлық түрін
білдіретін жалпылама ұғым. Барлық кәртішкелердің маңызды ерекшелігі-оларда
түрлі қолданбалы бағдарламаларда колданылатын белгілі бір ақпараттар
жиынтығы сақталады. Көрсеткіш- ғимаратқа кіру рұқсат қағазы, компьютерге
ену құралы, телефондық сөйлесулерді төлеу құралы, жүргізуші куәлігі болуы
мүмкін. Ақша айналымы саласында пластикалық кәртішкелер қолма-қолсыз есеп
айырысуды ұйымдастырудың озық құралының бірі болып табылады. Есеп айырысуға
арналған барлық пластикалық кәртішкелер жеке және корпорациялық болуы
мүмкін. Банктер жеке кәртішкелерді жеке тұлғаларға: өздерінің төлеуге
қабілетігі клиенттеріне, сонымен қатар сол банкте ағымдағы есеп-шот ашқан
және соңғылардың несиелік тарихын сараплтаудан кейін, не сақтандыру
депозитін енгізген басқа да тұлғаларға береді. Корпорациялық кәртішкелер
өздері кепіл болатын және қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға, сонымен бірге
заңды тұлғаның төлеу қабілеттігін сараптағаннан кейін беріледі.
Корпорациялық кәртішкелерді кәртішке алған ұйымдардың қызметкерлері қолдана
алады.
Қазіргі уақытта дүниежүзінің 200-ден астам елі несие кәртішкесі негізінде
банктің қызмет көрсетулерді дамытуда, ал тауарлар мен қызмет көрсетулерге
қолма-қолсыз ақшамен төлеу- көптеген елдерде барлық ақша операцияларының
құрылымында 90 пайызға жетті.
Банктің несие карточкалары оның иесіне тауар сатып алып жатқанда немесе
оның төлеуін кейінге қалдыру үшін пайдаланатын пластикалық карточкалары
сынды боп келеді. Карточканың кез-келген иесіне оның несиелік есеп шотына
байланысты несиелік лимит тағайындалады. Ол банк клиентінің кәдімгі
ағымдағы немесе жинақтаушы және тағы басқа да есеп шотынан тәуелсіз болып
келеді. Бұл карточкалар үшін есепшот банктің арнайы бөлімшелерінде
жүргізіледі. Онда есептесу несие карточкаларын пайдаланып ұйымдастырылады.
Карточканы он сегізге толған кез-келген азамат пайдалана алады. Және одан
оның атына банктен ағымдағы есепшоттың ашылуын талап етпейді. Сондықтан да
несие карточкасын ағымдағы есеп шоты мен банкте жинақ ақшасы бар адамдар да
қолдана алады.
Банк немесе компания несие карточкасын берместен бұрын клиенттің арнайы
форманы толтыруын ұсынады. Ол клиенттің өзі туралы, оның қаржылық жағдайы
мен бұрынғы несие операциясы туралы сұрақтарды қамтиды. Одан кейін осы
деректерге сүйене отырып, банк клиенттің есепшотындағы қаржы, болашақта
түсетін қаржы мен есепшоттан алынған қаржыға байланысты сальдо бекітеді.
Егер клиенттің қаржылық жағдайы дұрыс болса, онда оған несие карточкасын
беріп, несие лимитін анықтайды.
Әйгінің көлеміндей ғана несие карточкасында клиенттің несие төлей
алатындығы, аты-жөні, оның банктегі есепшотының нөмірі, осы сынды
карточкалар пайдаланылатын электронды төлеу жүйесінің символдары,
голограмма, қолдану мерзімі туралы деректер болады және де артқы жағында -
магнитті жолақта клиенттің қолы тұрады.
Несие карточкалармен тауар сатып алуға, қызмет ақысын төлеуге, жүйенің
мүшесі болып саналатын, аталған карточка қызметі жүретін кез-келген банктен
өз қажетіне жарататын несие немесе аванс ала алады. Көптеген карточкаларды
банкомат арқылы елімізде немесе шетелдерде несие карточкаларын қолданатын
аталған жүйенің құрамындағы кез-келген банктен қолма-қолсыз ақшамен ақша
алу үшін қолдануға болады.
Несие карточкалар қызметін сонымен қатар, саяхат кезіндегі бақытсыз
оқиғаларға байланысты тегін сақтандыру үшін пайдалануға болады. Несие
карточкасы арқылы жолақысын төлеген жағдайда оның иесі бірден саяхат
кезінде кездесетін бақытсыз оқиғаларға байланысты сақтандырылады. Кез-
келген уақытта карчочканы қалпына келтіріп беріп, қайтыс болған жағдайда
оның отбасы мүшелері, әйелі немесе балаларына қайтаруга кепіл береді.
Несие карточкасы мен орындалатын қызметтердің кең тараған түрі -тауар мен
қызмет ақысын төлеу болып табылады. Төлеудің мұндай әдісі тек қана арнайы
жабдықталған орындарда, яғни, кассалық аппараттың чегін дайындайтын
машиналары бар, несие карточкасының символдарын тіркеуге арналған арнайы
жабдықтары бар орындарда жүзеге асады.
Тауардың ақшасын толсу үшін карточканы сатушыға беру керек. Ол оны чекпен
бірге арнайы жабдыққа енгізеді. Машинаны өшіргеннен кейін, карточкада
жазылған клиенттің есімі мен есеп шотының нөмірі сатуының аты-жөні мен
мекен-жайымен бірге чекке түседі. Ірі тауарды құжаттап жатқанда сатушы
телефон немесе факс арқылы карточканы берген компания немесе банкпен
байланысып, карточканың сатып алу күшін, яғни, карточка арқылы
несиелендірудің еркін лимитін анықтайды. Қажетті деректі алғаннан кейін,
тауардың сомасын немесе қызмет үлгісінің ақысын төлеуге жарамдылығын сатушы
шешеді. Келісімнің сомасы мен детальдары кейін сатып алушы да қол қойған
есеп шотқа жазылады. Қойылған қолтаңба мен карточкадағы қолтаңбаны
салыстырып, олардың ұқсастығына көз жеткізгеннен кейін, сатушы чектің
көшірмесін жергілікті банк бөлімшесі арқылы банкке немесе компанияға беріп
жібереді. Осылайша байланыстың компьютерлік жүйесі арқылы іске асқан
жарнамен төлеуді растайды. Ақшаны электронды жүйемен аудару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz