Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері


Ф. 4-78

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт

Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Павлодар

2009

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы қарастырылған.

Жұмыстың негізгі мақсаты: этникалық топтар географиясын анықтай- тын географиялық ерекшеліктер анализі негізінде Қазақстан Республикасы халқы- ның қалыптасу және орналасу факторларын айқындау болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан құралған. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері белгіленген. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы, екінші тарауда еліміздегі ұлттардың қалыптасу ерекшеліктері және де үшінші тарауда этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері сипатталып, қорытынды бөлімінде жеткен нәтижелері және ұсыныстары баяндалған.

Бұл жұмыстағы мәліметтерді жоғарғы оқу орындарында, колледж, лицей, гимназияларда, орта білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының география курсын оқыған кезде пайдалануға болады.

АННОТАЦИЯ

В данной дипломной работе рассматривается национальный состав Республики Казахстан.

Цель дипломной работы: На основе географических особенностей формирования и размещения народов Республики Казахстан выявить факторы, определяющие географию этнических групп.

Дипломная работа состоит из введения, из трех глав, заключения и списка использованных литератур.

Введений рассматривается актуальность, цели и задачи дипломной работы. В первой главе рассматривается формирования нации и национальностей, во второй главе - особенности размещения нации, в третей главе этнонациональные отношения, а в заключении выводится мысль по дипломной работе в целом.

Данные дипломной работы можно использовать в высших учебных заведениях, в колледжах, в лицеях, в гимназиях и в средних учебных заведениях Республики Казахстан на курсах географии.

THE SUMMARY

In the given degree work the national structure of Republic Kazakhstan is considered.

The Purpose of degree work: On the basis of geographical features of formation and accommodation of people of Republic Kazakhstan to reveal the factors defining geography of ethnic groups.

Degree work consists of introduction, from three chapters, the conclusion and the list of the used literatures.

Introductions the urgency, the purposes and problems of degree work is considered. In the first chapter it is considered formations of the nation and nationalities, in the second chapter - features of accommodation of the nation, in thirds to chapter ethno national attitudes, and in the conclusion the idea on degree work as a whole is deduced.

Data of degree work it is possible to use in higher educational institutions, in colleges, in lice, in grammar schools and in average educational institutions of Republic Kazakhstan on rates of geography.

Мазмұны

Кіріспе … . . . 3

1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы . . . 4

1. 1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері . . . 4

1. 2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану

тарихы . . . 5

1. 3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон . . . 9

2. Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері . . . 10

2. 1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері . . . 16

2. 2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы . . . 20

2. 3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері . . . 24

3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері . . . 29

3. 1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы . . . 29

3. 2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу . . . 32

3. 3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты . . . 34

Қорытынды . . . 38

Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі . . . 40

Қосымша А . . . 44

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер қолданылған:

ГОСТ 2. 105-95 ЕСКД. Общие требования к текстовым документам;

ГОСТ 2. 301-68 Формат

ГОСТ 7. 1-84 Библиографическое описание документов;

ГОСТ 7. 32-2000 Отчет о НИР. Структура и правила оформления;

ГОСТ 8. 417-81 Единиы физических величин;

ГОСТ 7. 9-95 (ИСО 214-76) и ГОСТ 7. 32-91 «Реферат и аннотация»;

ГОСТ 2. 106-96 «Текстовые документы»

Қысқартылған сөздер

Жж. - жылдар

Қ. Р. - Қазақстан Республикасы

ғ. ғ. - ғасырлар

ш. ш. шаршы шақырым

б. з. - біздің заманымызға

б. э. б. - біздің эрамыздан бұрынғы

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі Қазақстандағы жағдайдың ерекшелігі, оның территориясында бейбітшілікте 130-дан астам ұлт өкілдерінің өмір сүріп жатқандығында. Мемлекетіміздегі негізгі саны жағынан көп этностар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар. Бүгінгі күні жергілікті ұлт саны өсуде, мұның басты себебі, табиғи өсіммен қатар, өзге этностардың өкілдерінің өз тарихи отандарына көшіп кетуімен да байланысты. Мұндай әралуандылық рухани-адамгершiлiк құндылықтар- дың қайнар көзi бола отырып, белгiлі бiр мәселелерді туындатады. Үйлесiмдi этносаралық өзара қатынастарды дамыту Қазақстанның ішкі және де сыртқы саясатымен тығыз байланысты. Егеменді мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этникалық бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесу - Еуроазиялық кеңістікте бейбіт дамудың бірден-бір парасатты және өркениетті жолы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентi Н. Ә. Назарбаев белгiледi: " . . . Ұлтаралық бiрлiк баршамыздың қауiпсiздiгiмiздiң, тұрақтылығымыздың, Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының негiзi әрi азаматтық және жалпы ұлттық келiсушiлiктi сақтау болып табылады және елдегi бейбiтшiлiк пен тыныштылықты қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының дүниежүзiндегi 50 бәсекеге жарамды елдердiң санына кiру үрдiсi болып жатқанда бұл бағыттағы жұмыс өзектi . . . ".

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
  • Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
  • Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазiргi таңда, жаһандану кезеңiнде әр түрлi нәсiлдердiң, этностардың және ұлттардың адамдары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесi аса өткiр мәселелердің бірі болып табылады. Нәсiлдiк, этникалық, ұлттық кемсiтушiлiк мәселесi ешқашан жоғалмай, қандайда бiр тарихи уақыт кезеңiнде қалыптасқан саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдайына байланысты белгiлi бiр дәрежеде әрқашанда болған. Ұлттардың аймақтар бойынша әркелкі орналасуы.

Дипломдық жұмыстың практикалық ғылыми мәні: Дипломдық жұмыс Қазақстаннның этноұлттық географиясы жайында, бұл жұмыста алынған мәліметтерді, карталарды, диаграммаларды, кестелерді мектептерде, лицейлерде, жоғарғы оқу орындарының география мамандығы студентеріне ұсынуға болады.

Тақырыптың жаңалығы :Қазақстан Республикасы ұлттарының қоныстану ерекшеліктерін, ұлттық құрамын және ұлттардың аймақтар бойынша әркелкі таралу факторларын анықтау.

Зерттеу нысаны:

  • Қазақстан республикасы ұлттарының қоныстану ерекшеліктері бойынша зерттеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Барлық экономикалық - географиялық зерттеулерде уақытша талдау қолданылады. Дипломдық жұмыс барысында негізгі қолданылған әдістер келесілер:

Тарихи әдіс халықтың пайда болуы, құрылуы, дамуынан тұрады. Бұл әдістің көмегімен географиялық ортаның, шаруашылықтың, халықтың қоныстануының және территорияның өзгерістерін қарастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан әлеуметтік географиялық зерттеулерде дамудың тарихынан, яғни пайда болуынан басталады.

Географияда кеңінен қолданылатын келесі әдісі, ол салыстырмалы әдіс. Елдердің, аудандардың, шаруашылығының және де халықтың дамуын зерттейді. Зерттеу объектілеріне әсер етуші факторларды анықтайды.

Әдеби әдіс географияда кеңінен қолданыс тапты. Бұл әдіспен кез келген зерттеуші жұмыс жасайды. Себебі өзінің тақырыбын зерттеу барысында әдебиеттерді толығымен пайдалану қажет.

Математикалық әдіс экономикалық географияда жиі қолданылады. Стаистикалық мәліметтерді пайдалану, оларды өңдеу осы әдіске жатады.

Картографиялық әдіс зерттеу объектіне карталарды пайдаланумен сипатталады. Бұл әдіс келесі кезеңдерден тұрады. Біріншісі мәліметттерді өңдеу және карталарды жасау; алынған мәліметтерді қорытыдыда, ұсыныстарда және болжамдарда пайдалану.

1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

  1. Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері

Этнос гректің «etnos» - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі - «тайпа», «ұлыс», «ұлт» ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, «халық» сөзінің «бір топ адам» деген мағынасы бар екені белгілі. Көрнекті тарихшы -этнограф Лев Гумилев: «Этнос дегеніміз - жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» деген анықтама берген. [1; 2]

Этнос термин ретінде б. з. б. Грекияда қалыптасып, алғашқыда «тайпа, шығу тегі грек емес халық» деген мағына берді. Қазіргі таңда этносқа өзіндік жалпы белгілерімен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен қатар өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір аумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеуметтік қауымдастығы ретінде баға берілген.

Диаспора (грек сөзі - «diaspora» шашырау, бытырау) деп ұлттың атажұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігін айтады. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын репатрианттар деп атайды.

Диаспора термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты ІІ Навиходоносордің, одан соң б. з. І-ІІ ғасырда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударғаннан кейін қолданыла бастаған. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этникалық рухани топ болып табылады да әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылықтық байланыста болуға тырысады.

Ұлт - ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады.

Ұлт және этнос ұғымдары біріне - бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Ұлттың этностан айырмашылығы, ұлттар этностық белгілеріне қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Ұлт дегеніміз «этнос» негізінде пайда болатын әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этнос белгілерінен туындайды.

Ұлыс - мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.

Көші-қон - адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша түрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа да себептермен ұйымдасқан (мемлекеттің және басқа да қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келуші-лердің ездерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймактарына байланысты себепті де қосуға болады. Халыктың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егінішліктің дамуымен, егін-шіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғ-дың басында) байланысты болды. 20 ғ-да көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қонға тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этникалық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.

1. 2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану тарихы

Егеменді еліміздің тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық механикалық даму жолдары ең алдымен өз халқының өсіп-өну серпіні және әлеуметтік құрамындағы өзгерістерге байланысты. Қазақстанда тұратын халықтардың этникалық құрылымына санақ жүргізудің түпкі тарихы сонау темір дәуіріне саяды. Үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпаларының арасында әскер санын білу мақсатында есептеулер жүрген. Қытай жазбаларында сақталған деректерге сәйкес, б. э. б. 2 ғ үйсін тайпаларының 120 шаңырағының 630 мың тұрғынының 188800 - і, ал қаңлы тайпаларының 600 мың тұрғынының 120 мыңы әскер құрамында болса, қыпшақ мемлекетінде 100 мыңнан аса әскер болған. Ерте ортағасырлық мемлекеттердің этникалық құрылымы жайында да деректер жеткілікті. Үйсін, қаңлы, найман, керей, арғын, алшын т. б. тайпалар әрқайсы 500 мыңнан 800 мыңға дейін адамды құрап, әр тайпа 100 мыңнан әскер жасақтаған деген деректер бар. Ортағасырлық қыпшақтар Алтын Орда мемлекетінің этникалық тобын жылдың және салық төлейтін адамдардың есебін білу мақсатында өз арасында санақ жүргізген. 1456-1465 жылдары Қазақ хандығы құрылған кезеңінде Жәнібек пен Керей төңірегіне 200 мыңдай адам жиналғаны белгілі. 1523 жылы Қасым хан билік құрған кезінде Қазақ хандығының құрамында миллион адам болған дейді. А. И. Левшин «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегінде берген мәлімет бойынша Ұлы жүзде 21, Кіші жүзде 19 шаңырақ болса, Орынбор генерал -губернаторы болған Г. Волконскийдің дерегі бойынша 1803 жылы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтары 395100 шаңырақты құраған. Ал Б. А. Куфтин «Киргиз-казахи Культура и быт (М., 1926) атты еңбегінде «ХХ ғ-ң басында Еділден Алтайға дейін, Ертіс өзінен Әмударияға дейін 4 қазақ мекендеген, Орта жүз және Кіші жүз қазақтары Қазақстан халқының 61%-н құрады», деп көрсетті. Оңтүстік Қазақстандағы Шу өзені мен Талас маңына 1459 жылы орналасқан мемлекетті «Қазақ хандығы» деп атаған. Мемлекетті басқарушылар өздерінің қарауындағы адам санын немесе өздерінің әскер санын әртүрлі әдістермен (әр рудағы және тайпадағы қазақ үйлердің саны бойынша немесе соғыс алаңына шыққан адам саны бойынша) есептеген. Мысалы: тарих мәліметі бойынша халық 200 мың адамды ғана құраса, ал ХV - ғасырдың аяғында миллионға жеткені айтылады. Қазақстанның Ресей империясының құрамына XVIII ғасырда кіргені белгілі. Ресей империясы құрамында алғашқы халық санағын Қазақстан территориясында 1897 жылы Ресей статистикалық орталықтары өткізді. Мұнда халықтың саны, ұлттық және әлеуметтік құрамы, жастық және жыныстық құрылымы, некесі, тегі және атағы, туылған жері, тіркелген жері, ана тілі, еңбек жасау және сауаттылық деңгейі туралы мәліметтер жинақталды. Санақ нәтижелері Статистикалық комитеттердің жинақтарында жарияланды. Түркістан өлкесі ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында - қазақ көп ұлтты өлкеге айнала бастаған. Мысалы, 1879 жылғы Верный қаласында жүргізілген бір күндік санақ нәтижесінде қаладан 24 ұлт өкілі, яғни 11464 орыс, 624 қазақ, 820 сарт, 1039 татар, 119 тараншы, 74 поляк, 11 литовтық, 1 латыш, 1 финн, 1 чех, 1 словак, 35 неміс, 1 ағылшын, 1 француз, 98 морва, 5 зыряндық, 62 еврей, 113 дүнген, 1 бұхарлық, 167 қалмақ, 108 қытай, 13 сибо-солон, 14 маньчжур тіркелген. Санақ нәтижесі «Туркестанские ведомости» газетінің 1879 жылғы №46 санында жарияланған. Түркістан өлкесінің ұлттық құрамынан, олардың орналасуынан 1905 жылы жүргізілген санақ нәтижелері де аса құнды этнодемографиялық санақ берген. 1917 жылы шығарған «Материалы к истории киргиз - казахского народа» атты еңбегінде: «Сырдария облысында - 1млн. 150 мың; Әмудария облысында -5; Самарқанд облысында -120 мың; Жетісу облысында - 750 мың; Семей облысында - 73; Ақмола облысында 58 мың; Торғай облысында 530 000; Орал облысында - 590 000; Бөкей Ордасында 320 000; Маңғышлақ облысында - 1; Алтай өңірінде -6 қазақ тұрған.

1920 жылы сәуірде алғашқы кеңестік санақ өткен, бұл уақытта Азамат соғысы аяқтала қоймағандықтан санақта Қазақстанның барлық территориясы қамтылмады. Бұл санақ ауыл шаруашылық санағымен қоса қабат жүрді, ал 1923 жылғы 15 наурызда өтілген халық санағы өнеркәсіп орындарын толық қамтыған. Санақ Кеңес үкіметін нығайту мақсатында жүргізілді. 1926 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан жерін де қамтыды.

ХІХ ғасырдың 70 жылдары қоныс аударушылардың ұлғаюы Қазақстанның ұлттық құрамының өзгеруіне қатты әсер етті. 70-ші жылдарға дейін негізгі қоныс аударушылар Украина мен Ресей қазақтары болса, 90-шы жылдары және ХХ ғасырдың басында Ресейден крестьяндардың көшіп келуі жылдары ұлғайды. Сонымен қатар, бағдарламада ұлты және ұлттық құрылымы туралы сұрақтар қарастырылмағандықтан, 1897 жылы жүргізілген санақта көп кемшіліктер болды. Сонымен, украин, белорус, еврей, мордва халықтары орыс тілін өздерінің ана тілі деп санағандықтан, санақ барысында оларды орыс ұлтына жатқызды. Бұл санақтың көрсеткіштері бойынша қазақ халқының саны 4 млн. 333 мың адам болды, оның 7 %-ы қала тұрғыны болып есептелді. Жергілікті халықтың (қазақтардың) саны 3, 9 млн., яғни барлық аймақтарда басым болды. Қазақтардың саны қалаларда аз болды, оның себебі, көпке дейін ауыл шаруашылығына көңіл бөлгендіктен, қалалар өте баяу дамыды. Қазақ халқының 1897 жылы 6, 7 % ғана қалаларда тұрды. Оның көпшілігі орыстар мен татарлар, ал қазақтар бар болғаны 1, 2 %-ды ғана Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ бойынша, қазақтар бар болғаны 1, 2% -ғана құрады.

Алғашқы санақтан бастап, ХХ ғ. бірнеше халық санағы 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж. 1989 жылы халық санағы бойынша, қазақтың саны 2314 мыңға, үлесі 57, 1 % (1926) 37, 9% (1989) азайды. Яғни жергілікті ұлт абсолюттік және салыстырмалы саны жағынан өз Отанына екінші орынға ауысты. (Сурет 1-4; )

Қазақстан халқының ұлттық құрамы 1926-2008жж. бойынша (%) .

Сурет 1 1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

Сурет 2 1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

Сурет 3 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

Сурет 4 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

1. 2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану тарихы

Қазақстанда халықтың табиғи өсуі 1926-1959 жылдары жалпы КСРО деңгейіне қарағанда, едәуір жоғары болғанын көреміз. Мысалы, 1940 жылы КСРО көлемінде табиғи өсу 13, 2 промилле (1000 адамға шаққанда) болса, Қазақстанда 19, 4 промиллеге жетіп, 6, 2 промиллеге Одақтың табиғи өсім көрсеткіштерінен асып түскен. Соғыс жылдарынан соң бұл көрсеткіш өсті: 1950-1954 жылдары Одақ бойынша табиғи коэффициенті 17, 0 промилле болса, Қазақстанда 26, 4 промиллеге, 1955-1959 жылдары Одақта 17, 6 промилле, ал Қазақстанда 29, 1 промиллеге жеткен. Яғни бұл екі кезеңде табиғи өсім 11, 5 промиллеге артық болған. Одақта Қазақстан табиғи өсу жөнінен төртінші және бесінші орындарды тұрақты алып отырған. Дегенмен, зерттеліп отырған кезеңнің алғашқы он бесінші, жиырмасыншы жылдарында қазақтардың табиғи өсу деңгейі, республикадағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда төмен болды. Жоғарғы өсім, 1960 жылы қазақ ұлтының демографиясының күрт дамуына негіз болады. 1992жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының осы мәселелерді зерттеуге байланысты комиссиясының қорытындысы 1992 жылы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып, онда қазақ елі аштықтан және соған байланысты міндеттерден, сондай-ақ, өлім деңгейі үнемі жоғары болуынан 22 адамнан, яғни барлық қазақ халқының 49 %-нан айырылған деп атап көрсетілді.

Сонымен этностардың Қазақстан жерін ерте кезеңнен бастап қоныстан -ғанына көзіміз жетті. Негізгі Қазақстанның ұлттық құрамының өзгеруіне Украина және Ресейден келген қазақтар болған.

1. 3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші қон

Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айла-рында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Қазақ халқының қалыптасуының этникалық процесінің келесі кезеңі біздің дәуірімізге дейінгі соңғы мыңжылдықта Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларымен тікелей байланысты. Орасан зор аумақты мекендеген сақ тайпалары туралы зерттеулер қазақ халқының бұдан былайғы қалыптасу процесінде сақтардың ата-бабалық негіз қалағанын дәлелдеп отыр. Антропологиялық зерттеулер олардың бет пішінінде еуропалық белгінің басым болғандығын және аз да болса моңғолоидтық белгілердің біліне бастағанын анықтады және бұл моңғолоидтық белгі бірте-бірте өсіп көбейіп отырған. Сақ заманы тайпаларының этникалық бірлестігінің орнын басқан жаңа тайпалық одақ үйсіндер де негізінен еуропоидтық нәсілге жатады, бірақ олардың антропологиялық белгілерінде моңғолоидтық элементтер көбейе түседі. Дегенмен олардың тілі жөніндегі пікірталас аяқталған жоқ. Сақтардың тілі сияқты үйсіндердің де иран және түрік тілдес болғаны туралы болжамдар бар. Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Қазақстан аумағында өмір сүрген қаңлы тайпалары туралы да осыны айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Есірткі бизнесі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қатері ретінде
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Саяси салада өңдеу қайнарын өңдеу
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы
Ұлт және ұлтаралық қатынастар социологиясы
Демократия туралы жалпы түсінік
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СОЦИОЛОГИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz