Аудиторлық тексеруді жоспарлау кезеңдері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Аудиторлық тексеру - тексерілуге тиіс ұйымның қаржылық жағдайына қатысты аудиторлық дәлелдемелерді жинау, бағалау және талдау, нәтижесінде бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілгендігі, экономикалық ұйымінің бухгалтерлік есеп-қисабының растығы туралы аудитордың пікірін білдіру. Аудиторлық тексеру барысында аудитор ұйымның есеп-қисабындағы мүлікті, міндеттемелерді, белгілі бір кезеңдегі есептесулер мен қаржы нәтижелерінің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің толықтығын, уақытылы жасалуын, дәлдігін, растығын, заңдар мен қабылданған есеп саясатының дұрыс та дәл сақталуын бағалайды [1] .

Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезеңі болып табылады. Ол өзіне аудиторлық ұйымның күтілетін аудитті өткізу көлемі, графигі мен мерзімдері көрсететін жалпы жоспарын даярлаумен, сонымен қатар аудиторлық ұйым ұйымның қаржылық есептілігі туралы объективті және негізделген пікір қалыптастыруға қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асыру көлемін, түрін анықтайтын аудиторлық бағдарламаны даярлауды қосады.

Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдерінің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс.

Аудиторлық жоспарлауды 300 «Жоспарлау» деп аталатын Халықаралық аудиттің стандарттары реттейді.

Аудитор өзінің қызметін негізгі үш себептер бойынша жоспарлау керек:

  • бұл оған клиент туралы жеткілікті мәліметтер жинау мүмкіндігін береді;
  • аудитке кеткен шығындарды шектеулі түрде ұстап қалуға көмектеседі;
  • клиентпен белгілі-бір түсініспеушіліктен сақтап қалуға көмектеседі.

Аудитор тексеруді бастамас бұрын, алдын ала жоспарлауды өткізеді. Онда ол клиент туралы жалпы ақпаратты жинайды, аудитті орындау үшін персонал таңдайды және жұмыс жағдайларымен келіседі. Кейін аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар жоспарлау кезінде жалпы аудиторлық тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау керек. Соңында аудитор аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлауға кіріседі. Өйткені аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы қорытынды шығаруға қажетті фактілі материал болып табылады, сонымен қатар экономикалық ұйымның қаржылық есептілігі туралы аудитордың объективті пікір қалыптасуына негіз болып табылады.

Аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар аудиторлық тексеруді жоспарлау процессін дұрыс ұйымдастыру, тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау, аудиттің жалпы жоспарын және бағдарламасын құру мен даярлау тәртібін қарастыру және оны жетілдіру мәселелермен кездеседі.

Осы аталған мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін білдіреді.

Курстық жұмыстың мақсаты - аудиторлық тексеруді жоспарлаудың теориялық негіздерін ашу, аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау мен оның жетілдіру жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • аудиторлық тексеруді жоспарлаудың теориялық негіздерін ашып көрсету;
  • аудиторлық жоспарлаудың кезеңдерін ашып көрсету;
  • тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау әдістерін қарастыру;
  • аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны құру мен даярлау тәртібін қарастыру;
  • аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаның ерекшеліктерін және оны одан әрі жетілдіру жолдарын көрсету.

Жұмыстың әдістемелік базасы Халықаралық аудит стандарттары, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, зерттеу мәселесі бойынша арнайы және ғылыми әдебиеттер мен журналдар болып табылады.

Курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУДІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Аудиторлық тексеру маңызы, мақсаттары және міндеттері

Аудит - білікті мамандардың тәуелсіз қызметімен жүргізілетін кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар мен акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметін түгендеу, қаржылық талдау мен бухгалтерлік бақылау.

Аудит келісімшарт негізінде клиенттің қалауымен жүргізіледі. Аудит барысында, негізінен, бухгалтерлік есеп талданады. Аудиттің басты мақсаты - қаржылық жағдай, фирма жағдайы мен оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

Аудиторлық тексеру - қаржылық есептілік бойынша көрсетілген құжаттар негізінде аудитормен жүргізілетін ұйымның қаржы-экономикалық қызметін тексеру. Аудиторлық тексеру бухгалтерлік есептің салық органдарына өткізілгенге дейін жүргізілуі керек. Ал акционерлік қоғамдарда аудиторлық тексеру бухгалтерлік есептілікті жалпы акционерлер кеңесі бекітпес бұрын өткізіледі [2] .

Аудиторлық тексеру жүргізуге қажеттілік келесі жағдайлармен байланысты:

  1. ) ақпараттың әкімшілік пен бұл ақпаратты пайдаланушылар арасында даулы жағдай туындаған кезде оны құрастырушылардың объективті болмау ықтималдылығы;
  2. ) қабылданатын шешімдер салдарларының ақпарат сапасына тәуелділігі;
  3. ) ақпаратты тексеруге арнайы білімдердің қажеттілігі;
  4. ) ақпаратты пайдаланушыларда оның сапасын бағалауға мүмкіндіктерінің болмауы.

Аудиторлық тексеру міндетті болмаған жағдайда да маңызды.

Нарық жағдайында кәсіпорындар, несиелік ұйымдар, басқа шаруашылық ұйымдар мүлікті, ақша қаражаттарын қолдану, коммерциялық операциялар жүргізу мен инвестициялар бойынша келісімдік қатынастарға тұрады. Бұл қатынастардағы сенімділік барлық қатысушыларға қаржылық ақпаратты алу мен қолдануға мүмкіндік беруі керек. Ақпараттың дәлдігі тәуелсіз аудитормен расталады. Тексеру соңында аудиторлық есеп жасалады [ҚОСЫМША 1] .

Иелер, әсіресе акционерлер мен пайщиктер, сонымен қоса кредиторлар өз бетінше кәсіпорынның өте күрделі операцияларының заңдылығы мен есептіліктің дұрыс бейнеленуіне көздерін жеткізе алмайды. Өйткені олар есеп жазбаларына қарай алмайды және қажетті тәжірибесі де жоқ. Сондықтан аудитор қызметіне қажеттіліктері туындайды.

Кәсіпорындар қызметі нәтижесі жөніндегі ақпараттар мен олардың заңнамаға сай болуын тәуелсіз растау мемлекетте экономика мен салық салуда шешім қабылдауы үшін қажет.

Дұрыс мәліметтер тек инвесторлар мен акционерлерге ғана емес, сондай-ақ қарыздарды өтеу мен пайыздарды төлеу сенімділігін бағалау үшін кредиторларға да қажет. Жабдықтаушыларды кәсіпорынның қарызды уақытында жабу қабілеті жөніндегі ақпарат қызықтырады; кәсіпорын жұмыскерлерін - оның қызметінің тұрақтылығы мен рентабельділігі [2] .

Аудиторлық тексерудің бірнеше негізгі мақсаттарын атап көрсетуге болады:

1. ұйымның қаржылық есептілігінің дұрыстығын бекіту және аудитордың ұйым қаржылық есебі мен оның нақты жағдайының сәйкестігі жөнінде пікірін көрсету;

2. ұйым басшылығына өзінің потенциалды мүмкіндіктерін максималды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін шаралар жиынтығын құру;

3. ұйымның ішкі бақылау жүйесі адекваттылығын тексеру.

Аудиторлық тексерудің негізгі міндетін орындау есептіліктің барлық пайдаланушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Дегенмен аудитор бақылау жүргізетін басқа ұйымға қарағанда клиенттің іскерлік серіктесі ретінде болады, тексере отырып, клиентке барлық ісінде жан-жақты көмек көрсетеді. Сондықтан аудит негізгі міндетімен бірге функционалды міндеттер орындайды: түзету, жедел бақылау және стратегиялық міндеттер.

Түзету міндеті - аудитормен аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде теріс қорытынды берілген жағдайда ол клиент өтініші бойынша қателерді түзету ұсыныстарын беруі мүмкін, бірақ оларды өзі түзетпеуі керек.

Жедел бақылау міндеті - ұйымның қызметі процесінде қателерді алдын-алу немесе оптималды шешімдер таңдау мақсатындағы жүйелі баұылау, шешімдер қабылдау емес, оларды таңдауға көмектесу.

Стратегиялық міндеттер - аудит барысында алынған мәліметтер негізінде ұйым дамуының перспективті бағдарламасы мен альтернативті стратегиясын негіздеу немесе ұсыну [2] .

Қаржылық есеп аудиті кезінде толық және орынды аудиторлық дәлелдемелер алынуы керек. Аудиторлық ұйымның қаржылық есеп ақиқаттылығы жөніндегі пайдаланушылардың сенімділігінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Сонымен қоса қаржылық есеп пайдаланушылары аудиторлық ұйым пікірін экономикалық ұйымның болашақ өміршеңдігіне толық кепілдік береді деген ойдан аулақ болуы керек.

  1. Аудиторлық жоспарлау мақсаты, мазмұны мен принциптері

Аудиторлық ұйым міндеттеме хат жазып, аудитті өткізу туралы келісімшартқа отырмас бұрын аудитті жоспарлап алуы керек.

Аудитті жоспарлау - ол жалпы стратегияны дайындау және аудиторлық процедуралардың күтілетін сипатына, өткізу мерзімдері мен көлеміне егжей-тегжейлі әдіс-амал.

Аудиторлық тексеру әрқашан белгіленген мерзіммен шектелген (орташа алғанда - екі апта) ; Осы шектеулерге байланысты ірі немесе орташа кәсіпорындарда біртұтас аудиторлық тексеруді өткізу қиынға соғады. Сондықтан аудиторға әрбір тексеретін экономикалық субъекітің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тексеру стратегиясын анықтау керек. Стратегия келесіні анықтайды:

  • клиент қызметі туралы жинақталған ақпаратты қарастыру;
  • ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелді алдын-ала бағалау;
  • тексерілетін топ операцияларының мәнін, ұзақтығын анықтау.

Аудиторлық тексеру стратегиясы тексеру мақсаттарына қол жеткізудің ең ұтымды жолын таңдауға негізделген және аудитор біліктілігі мен тәжірибесіне, аудиторлық фирма мен клиент ерекшелігіне, аудит пен басқа факторларда шешілетін міндеттер сипаттамасы дәрежесіне байланысты болады.

Стратегиялық тексеруді ұтымды орындау үшін оның процедурасының уақыты мен көлемі бөлу әдістемесін көрсетеді. Ол тексерудің жалпы жоспары мен бағдарламадағы толық процедуралар, сонымен қатар жоспарланған процедуралар нәтижелігі мен тиімділігін бағалау арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезеңі болып табылады. Ол өзіне аудиторлық ұйымның күтілетін аудитті өткізу көлемі, графигі мен мерзімдері көрсететін жалпы жоспарын даярлаумен, сонымен қатар аудиторлық ұйым ұйымның қаржылық есептілігі туралы объективті және негізделген пікір қалыптастыруға қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асыру көлемін, түрін анықтайтын аудиторлық бағдарламаны даярлауды қосады.

300 «Жоспарлау» деп аталатын ХАС- ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.

Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласына қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.

Тексеруге қатысты бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге жинақталған дәлелдеулер құны төмен болу керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:

  • аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;
  • тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;
  • аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.

Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы қағидалары, сонымен бірге келесідей қағидаларға сәйкес іске асырылады:

  • Жоспарлаудың кешенділігі;
  • Жоспарлаудың үздіксіздігі;
  • Жоспарлаудың оптималдылығы.

Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің қағидасы, жоспарлаудың алдын-ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезеңдеріндегі өзара байланыспен келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі қағидасы аудиторлар тобы өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдері, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстарды көздейді. Егер ұйымның еншілес ұйымдары, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелері болатын болса, онда оны жасау әлдеқайда қиын болады. Ұзақ уақыт мерзіміне аудитті жоспарлау кезінде егер клиентті аудиторлық қоса еріп жүретін жағдайда аудиторлық ұйымға жыл ішінде аралық аудиторлық тексерудің нәтижелерін және ұйымның қаржы- шаруашылық қарекетіндегі өзгерістерді ескере отырып, аудитті жүргізудің жалпы жоспары мен бағдарламаны уақытылы реттеу керек.

Аудитті жоспарлау оптималдығы қағидасы аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды нұсқасын қамтамасыз етуді көздейді [3] .

Жоспарлау - аудит жүргізуді мейлінше парасатты атқаруға мүмкіндік беретін шара және сондай-ақ тәуелділікті төмендететін маңызды жағдайлардың айқындалмауы. Жоспарлау - аудиторлық іс-шаралар тізімінің жай ғана механикалық құрастырылымы ғана емес, ол кез келген тексеріс жүргізу шараларында қайталынып келіп отырады. Аудиторлар өз жұмысын тексеріс жасаймын деп отырған ұйымның қызметімен танысудан бастау керек. Ол үшін оны ұйымдастыру құжаттарын зерттеу, қызмет түрі мен оған деген лицензиясы, есеп саясатын және т. б. басқарушылар мен үйым мамандарымен ынтымақтасу кезінде қаржылық есептілік көрсеткіштерін анықтау керек. Тек қана қайта зерттеу нәтижесінде ұйымның алдағы уақыт жұмыстарының үлгілі көлемі мен еңбек сыйымдылығын анықтауға болады, сонымен қатар аудит ұзақтығын анықтауға болады. Сәйкесінше жұмыс көлемі, оның қиыншылықтары мен ұзақтығынан аудит жүргізу құны анықталады.

Аудитті тексеруді жоспарлау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  • Алдын ала жоспарлау
  • Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау
  • Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелді бағалау
  • Ішкі бақылау жүйесі
  • Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау.

1. 3 Аудиторлық тексеруді жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі

Халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, аудитордың қызметі арнайы екі нормативтік-құқықтық топтарға бағынады:

  • мемлекеттің заңды актілеріне, ең алдымен аудиторлық қызмет туралы заңға;
  • аудиторлық стандарттар мен этикалық нормаларға.

Дамыған елдерде аудиторлық бақылау сыртқы қаржылық бақылаудың алдыңғы нысаны болып табылады, өйткені әр түрлі салалар арасындағы трансұлттық концерндер, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен ұйымдар, коммерциялық банктер, сақтандырушы компаниялар, кооперативтер, жеке және қоғамдық ұйымдар үшін ведомстволық бақылау өте тиімсіз.
Нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау органдарының ұйымдастырылушылық құрылысында мынадай схема қолданылады:

  1. мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы парламент немесе президентке бағынатын -Шоттық палата немесе Бас аудитор аппараты. Бұл органға мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлімін жалпы бақылау жүктелген.
  2. мемлекеттік кіріс бөлімін қадағалайтын, үкімет немесе министрлікке бағынатын салық ведомствосы;
  3. бюджет арқылы қаржыландырылатын министрліктер мен ведомстволардағы соған сәйкес министрге немесе ведомство басшысына бағынатын бақылау- ревизиялық бөлімшелер. Бұл бөлімшелерге бюджеттік, арнайы, басқа да қорлардың дұрыс жұмсалуының нақты бақылауы жүктелген;
  4. есеп беру мәліметтерін, баланстардың анықтығын, жүргізілетін операциялардың заңдылығын тексерумен айналысатын және кеңестік қызмет мемлекеттік жеке және қоғамдық құрылымдардың ұйымдарға жүктелген жауапкершілігін көрсетуді келісімшарт арқылы жүзеге асыратын тәуелсіз аудиторлық бақылау.

Экономикасы дамыған нарықтық мемлекеттерде көптеген үлкен кәсіпорындарда өздерінің ішкі аудитқа немесе ішкі тексеруге арналған бөлімшелері болады, олар кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық бөлімшелерінің қызметін тексеруден өткізіп отырады. Бұл кезде ішкі және сыртқы аудит іс әрекеттерінің келіспеушілік мәселесі туындайды. Ішкі тексеру жүйесінің негізгі қызметі - кәсіпорын мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпорында болатын шаруашылық операциялар туралы мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын, жұмыстың өнімділігін арттыру үшін тексерудің дамығын, тиімді формаларын, әдістерін қолдану.

АҚШ тағы аудиттің дамуы. АҚШ тағы аудиторлық қызмет Ұлыбританияның аудиторлық қызметінің ықпалынан пайда болған. Бұл жөнінде американдық автор Уильям Стембер жазған: «Аудит қызметі Америка Құрама Штаттарына Британдық бухгалтерлермен 19 ғасырдың аяғында ауыстырылды» деп. 20 ғасырдың басына дейін АҚШ-тағы аудит ағылшындық модель негізінде құрылды.

1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған маманданған бухгалтер атқара алатын еді.

АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар институттары (SЕС, ҒАSВ, АІСРА) бар. Дайындау және біліктілік емтиханы сияқты міндеттері бар осындай жалпыға бірдей ассоциациялармен қатар америкалық кәсіби ұйымдар жағымды тәжірибелерді жалпылауға, журнал арқылы әйгілеуге, аудит саласындағы монографиялық әдебиеттерді басып шығаруға және ғылыми зерттеулерді жүргізуге көп көңіл бөледі. Олар ғылыми зерттеу күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешумен ғана емес, болашақта пайда болуы ықтимал мәселелерді де анықтаумен айналысып, оны ой жүгіртіп дұрыс шешімін табуға алдын ала әзірлік ерте бастан жүргізеді.

Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда шамамен XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. 1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір мәрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің алқалы бухгалтерлер институы, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Осы Ұлыбританиядағы ассоциацияға тек британ аралдарының тұрғындары ғана мүше болып қана қоймай, сонымен бірге британдық доминион, колониялар мен мандаттық аумақтардың (территориялардың) өкілдері де оған кірді. Одан әрі бұл елдердегі ұлт-азаттық қозғалысының дамуы мен тәуелсіздік алуынан кейін аудиторлық кәсіп өкілдерінің басын қосып біріктірген өздерінің ұлттық ұйымдары құрыла бастады.

Бүгінгі танда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз кызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4, 5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар. Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.

Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрлығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативті-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргізіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы бар.

Бірқатар шетелдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативті-құқықтық актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді. Мысалы, Англияда тұлғаның бухгалтерлік органға мүше болып табылатындығын Мемлекеттік хатшының өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданған бухгалтерлер Институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды. Аудиторға тексерілетін кәсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және тәртіптілік, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі болады.

Қазіргі уақытта АҚШ та 45000 астам аудиторлық фирмалар бар. Қызмет ететіндердің саны бір және бірнеше мың адамнан асатындар. Оларды 4 категория бойынша бөлуге болады:

  1. «Үлкен төрттік». Оларға Нью Йорктағы офис 1000 адамнан аса, бұның өзінің АҚШ тың әр үлкен қалаларында бөлімшелері бар, жылдық табыс мөлшері 500 млн долларды құрайды;
  2. Басқа Ұлттық компаниялар;
  3. Жергілікті және региондық үлкен фирмалар;
  4. Кіші жергілікті фирмалар.

Аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалар, оның ішінде «Үлкен төрттік» те кіреді, олардың өз «ассортиметтерінде» кәсіби аудиторлық қызмет көрсету және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден де көп атау бар.
Аудиторлық кеңес беру қызметтің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде «Үлкен төрттік» қызметінің ауқымы кеңейгеніне және «күштеуіне» наразылық анғарылады. Батыстық іскер топтарының пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін шоғырландыру, олардың одан ары біріктіруі немесе бөлу арқылы аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен.

Аудит саласындағы оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкестікке орай аудит пен қаржылық есеп берулер аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынандай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

  • Аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
  • Құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл, келісуші, реттемеленген және келісімшарттық;
  • Қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
  • Толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
  • Әдістемелік тәсілдермен: есепшіліктік, тестілік, обьекті және циклдік бойынша;
  • Жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелері, перманенті, ретроспективтік және стратегиялық;
  • Қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
  • Аудит жүргізілетін субьектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
  • Тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.

2 Аудиторлық ТЕКСЕРУДІ ЖОСПАРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ

2. 1 Алдын-ала жоспарлау ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
Аудиторлық тексеру
АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУДІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аудитті жоспарлаудың кезеңдері
Халықаралық аудит стандарттарының мәні
Аудит пәніне қысқаша лекциялар жинағы
Зерттелініп жатқан ұйымның міндетті аудитті жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру
Аудиттің мақсаты, пәні және міндеті
Аудиторлық қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz