Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» және «Жануарлар» кітаптарына контент-анализ әдісі арқылы талдау жүргізу



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Бірінші тарау.
1.1. Х. Досмұхамедұлының өмір жолы мен шығармашылығының басты кезеңдері ... .. 5
1.2. «Аламандық» мәселесінің психалогиялық мәні ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3. Халықтың ауыз әдебиеті (фольклор) . ұлт психоалогиясының айнасы ... ... ... 18
1.4. Ұлт тілін қалыптастырушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
1.5. Психалогия мен физиологияның ұғымдарын жасаушы ... ... ... ... . 36

II. Екінші тарау.
2.1. Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» кітаптарына контент. анализ әдісі арқылы талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.2. Зерттеу әдістемесіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Бітіру жұмысы психология саласынан жазылған.
Жұмыс: Кіріспе, II тараудан, 52 беттен, қорытынды және 42 пайдаланылған
әдебиеттер тізімі, кесте мен қосымшадан тұрады.
Бітіру жұмысының мақсаты – Х. Досмұхамедұлының этнопсихология
саласындағы шығармашылығын теориялық тұрғыда жүйелеп, соның негізінде
студенттерге арнап ғылыми – практикалық нұсқаулар жасау. Осы
мақсатқа орай туындаған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға
болады:
- Х. Досмұхамедұлының өмірлік, қоғамдық – қайраткерлік, педагогтық және
шығармашылық жолын ашып көрсету.
- Х. Досмұхамедұлының этнопедогогикалық және этнопсихологиялық
шығармаларына талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан
негіздеу.
Зерттеу объектісі – Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары.
Зерттеу пәні – Х. Досмұхамедұлының этнопсихология ғылымдарына қатысты
құнды көзқарастары мен идеялары.
Әдістеме - Х. Досмұхамедұлының шығармаларына баға берумен қатар контент
– анализ арқылы зерттелінеді. Алынған нәтижелердің эксперименттік талдау
барысында психология саласына үлес қосқаны анық.
Әдістеме - Х. Досмұхамедұлының шығармаларына баға берумен қатар контент
– анализ арқылы зерттелінеді. Алынған нәтижелердің эксперименттік талдау
барысында психология саласына үлес қосқаны анық.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 3

I. Бірінші тарау.

1. Х. Досмұхамедұлының өмір жолы мен шығармашылығының
басты
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .. 5
2. Аламандық мәселесінің психалогиялық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
3. Халықтың ауыз әдебиеті (фольклор) - ұлт психоалогиясының
айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
4. Ұлт тілін
қалыптастырушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 26
5. Психалогия мен физиологияның ұғымдарын жасаушы ... ... ... ... . 36

II. Екінші тарау.

2.1. Х. Досмұхамедұлының Адамның тән тірлігі кітаптарына
контент- анализ әдісі арқылы талдау жүргізу
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 0
2.2. Зерттеу әдістемесіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 51

Кіріспе

Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде
жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары
аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының
қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған
халқының мәдениеті мен салт - дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол
үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі
даусыз.
Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне
сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам
қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор Х. Досмұхамедұлының
еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға
жетпес мұра.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының
көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен
Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың
құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың
алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып, Х. Досмұхамедұлының туған тіліне,
ұлтына, әдебиетіне, тәлім - тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген
көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр.
Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы
мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге
болады. Сонымен қатар Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына
арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап
айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған Өлі табиғат (1922ж),
Зоология 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж);
Зоология. 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім;
оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас
Анатомия және физиология, Адамның тән тіршілігі сияқты оқулықтары
жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар
еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет
басылды. Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың өне бойындағы
ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық
психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды.
Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен
мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ
мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды.
Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер
туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар
болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі - Х.Досмұхамедұлы, екіншісі –
С.Асфендияров.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері:
- Х.Досмұхамедұлының ұлттық психология саласындағы шығармашылығын
теориялық тұрғыда жүйелеп, соның негізінде ғыдыми-практикалық
нұсқаулар жасау;
- Х.Досмұхамедұлының өмірлік, қоғамдық-қайраткерлік, педагогтік және
шығармашылық жолын ашып көрсету;
- Х.Досмұхамедұлының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық
шығармаларына талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан
негіздеу.
Зерттеудің болжамы:
Х.Досмұхамедұлының ұлттық психологиялық көзқарастары,
этнопедагогикалық және этнопсихологиялық идеялары қазақ елінің ұлттық
психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасуында жетекші рөл болып табылады.
Х.Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары жан-жақты зерттелегн жағдайда
бүгінгі және келергі қазақ жастарының санасында Ұлттық салт-дәстүр,
Ұлттық психология деген ұғымдар аса мұқияттылықпен орын алар еді.
Зерттеудің объектісі:
Х.Досмұхамедұлының психологиялық көзқарастары;
Зерттеудің пәні:
Х.Досмұхамедұлының этнопсихология ғылымдарына қатысты құнды
көзқарастары.
Зерттеу әдістері:
Тарихи тұрғыдан физиология саласында жазылған Х.Досмұхамедұлының
шығармаларына баға берумен қатар оған контент-анализ әдістері арқылы
талдау.
Тақырыптың жаңалығы: Х. Досмұхамедұлының ұлттық психология жағындағы
еңбектері осы күнге дейін толық зерттелген жоқ. Сондықтан біз өз
зерттеуімізде мына мәселерді қарастырамыз:
1. Ғұлама ғалымның қазақ елінің салт дәстүр, әдет-ғұрып, тіл,
мәдениет, имандылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие т.б мәселелерін
қазақ этнопсихалогиялық ерекшеліктеріне қарай жақындастыру.
2. Х.Досмұхамедұлының қазақ мектептеріндегі қазақ балаларын оқыту
жайлы құнды пікірлері өзекті мәселе ретінде жүйеленеді.
3. Ғалымның физиологиямен психалогия саласындағы қолданған
түсініктері, терминдері сарапталып, ол контент – анализ бойынша
дәлелденеді.

I. тарау

1. Халел Досмұхамедұлының өмір жолы, шығармашылығының басты
кезеңдері.

Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов, бір құжатта – Досмұхамедов – Машақов
1983 жылы сәуір айының 24 – і күні дүниеге келген. Бір мәліметте сәуір
айының 22 – сі деп жазылған. Алайда біз Халелдің өз қолымен жазылған еңбек
кітапшасына сүйеніп, алғашқы мәліметті дұрыстыққа санаймыз [1, 9 б].
Ал туған жері туралы зерттеушілер арасында түрлі пікір бар. Халелдің
Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келгені анық. Талас тудырып
отырған жай Қызылқоғаның Қарабау деп аталатын жері ме, Тайсойған құмы ма?
Ғалым Ахмедов Қарабау жері деген [2, 15 б]. Мереке Құлкенов әуелі Қарабауда
дүниеге келген десе, кейінгі еңбегінде Тайсойған құмының Сарқұдық деген
жерін атайды [3, 28 б]. Атырау облысына белгілі қарт Шоқан Мырзағалиұлы
Қаржауов “Қарабауда емес, Тайсойғанда, Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге
келген дейді ” [4, 19 б]. Ол Халелдің көзін көрген, екеуінің әкелері қатар
өскен. Сондықтан оның дерегін басшылыққа аламыз. Бұған қосымша боларлық
тағы бір дерек бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіндегі
құжатта “Он үшінші ауылда” дүниеге келген деген анықтама келтіріледі.
Тергеушілерге берілген дерек Халелдің өз аузынан шыққан. Бұл дерек Шоқан
Мырзағалиұлының дерегін нақтылай түседі [5, 65 б].
Халел Досмұхамедұлы Қазақстаннан шыққан дара тұлға. Ата тегін тарқатсақ
былай болады: Беріш – Байсейіт – Жайық - Дәулет – Тұмаш - Ерназар –
Алдар – Тілеке – Бейнақ – Машақ – Досмұхамед.
Халелдегі мықтылықты генетикалық ерекшеліктен іздесек, Алдар би оның
қара қазығы Алдар би-атақты Сырым батырдың ақылшысы, Сырымды тәрбиелеген
аға билердің бірі.
Халел сауатын ауыл молдасынан ашқан. Оның бұдан кейінгі білім алуы Ойыл
(Көкжар) қаласындағы бір кластық орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, Орал
қаласындағы екі класты реалды училищесінде жалғасты. Мұны 1903 жылы
бітіріп, сол жылы Санкт – Петербургтегі Императорлық Әскери Медициналық
Акдемиясына түскен. 1909 жылы араша айының 17 күні аталмыш жоғарғы оқу
орнын үздік белгімен аяқтағаны туралы 262-санды диплом берілген.
Академияда оқып жүрген кезінде, дәлірек айтқанда 1907 – 1908 жылдары статс
– кеңесші Адиунгтің стипендиясын алған. 1909 жылғы мамыр айының 8-і мен
тамыз айының 30-ы күндерінің аралығында Пермь губерниясы Чердын уездік
земствосының Морчан учаскесінде дәрігер болып қызмет істейді. Бұл академия
бітірер алдындағы өндірістік тәжірибеден өткені, оны өте жақсы атқарғаны
туралы жергілікті мекеменің берген анықтама қағазы бар. Халелдің “дәрігер
болып тағайындалдым” деген жазуына қарағанда, ол өзінің еңбек жолын осыдан
бастап есептеген.
1909 жылғы қараша айының 29-нан 1913 жылғы мамыр айының 5-не дейін Орал
казак әскери бөлімінде кіші дәрігер болып қызмет көрсетеді. Одан 1920 жылғы
қаңтар айының – не дейін Орал облысы Темір уезінің бөлімше дәрігері
болған. [6, 12 б].
Халелдің Санкт – Петербургте академияда өткізген алты жылы 1903-1909
жылдар білімнің өсуі ғана емес, оның саяси санасының да оянуына ықпал
еткен. Халелдің дүние танымының қалыптасуында, рухани өсуіне, ғылым жолын
қууында ерекше белесті кезең болды. 1905 – 1907 жылдардағы Ресейді дүр
сілкіндірген толқулар болашақ күрескер, қарымды қайраткердің саяси
қадамына алғашқы баспалдақ болды. Сол жылдар туралы ол кейін:
Демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да жиі-жиі наразылық
білдіріп жатқан. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімді
жетілдіруге кірістім. Әр түрлі саяси партиялардың программасымен, талап –
тілектерімен таныстым, мені және басқа да қазақ студенттерін ешбір саяси
партияның программасы қанағаттандырмады – деп еске алады. Оны әсіресе,
оңшылдардың ұлы орысшыл шиновинизімі, бұратана халықтың тағдырына
немқұрайлы көзқарастары ашындырды. Осы кездерде, яғни 1906 жылы қырдағы
ауылдарда аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де, саяси жұмыс
жүргізуіме тыйым салынды, - дейді ол Көп кешікпей басталған Сталиндік
реакция жағдайында халық арасында саяси жұмыс жүргізу мүмкіндігі болмай
қалғандықтан бар ынтамызбен оқуға бас қойдық. Иә атасы Машақ бидің
шежірелі сырларын естіп өскен, Дәулетүмбет (әкесінің атасы) сияқты оқыған
ағаның алдын көрген Халел аталған алты жылды астанадан бал арасына ғұмырлық
өнер білімді жиып алды. Күні-түні көз майын тауысып, кітап ақтарды. Киргиз
деген кемсітуді есітпейін деп орыс тіліне ерекше ден қояды. Осылайша құм
қазағы, қыр ұланы Халел Императорлық Әскери-медициналық академияны алтын
медальмен бітіреді. 1905 жылдың соңына таман Орал қаласында бес облыстан
делегаттары съезге жиналып, Ресей кадеттер партиясының жергілікті
бөлімшесі есепті “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы” құрылған
болатын. Оның Орталық Комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге
Халел де мүше болып сайланған. Осы кезде Орал өңіріндегі халық оба ауруына
төтеп бере алмай, қырылып жатқан. Осыны көріп, Орал әскери бөлімшесіндегі
қызметтен босануды ойлап, басшыларына өтініш білдірді. Әскери мамандарға
жасалған жақсы жағдайлардан бас тартып, халық ортасында дәрігерлік көмек
жасап, санитарлық-гигиеналық мәселелерді аурудың алдын алу шараларын
түсіндіруде ойлайды. Оның Орал облысындағы дәрігерлігі Темір уезінде әскери
міндеттен азаматтық қызметке ауысты. Бұл жағдайды академик Ғ. Тәшенов пен
Ғ. Әнесов былай деп жазды. Осы орайда әскери борышын өтеп жүрген Халелдің
жеке бас тұрмыс - тіршілігі ешкімнен кем емес, қайта көптен озық болғанын
айта кету жөн. Оған мына архивтік құжат дәлел бола алады. Мәселен оның штаб
қызметкері мұқият толтырып отырған әскери кітапшасының 8-тармағында алатын
қаражаты (айлығы) санамалап берілген. Олар: жалақы – 720 сом, қосымша –
264 сом, тамақтануға – 96 сом, пәтерге – 72 сом, қызметші жалдауға – 50
сом. Отын мен шыраққа – 25 сом. Осыған қарап Халелдің тұрмыс халі жаман
болмағаны түсінікті. Оның үстіне ол әскер қатарында Романовтар үйінің
патшалық құруының 300 жылдық естелігіне орай Императорлық қола медальмен
марапатталады. Ал оба індетінің тұруына қарсы шара қолданудағы әр бір күні
Заңға сәйкес 12 күнге есептеледі. Осы еңбектерін алға тарта жүріп, ол 1913
жылы Орал облысы вице – губернаторы берген № 6618 куәлікпен әскери борыштан
түгел босанады.
Зерттеуші, дәрігер Б. Хабижанов, А. Мектеповтың Ана тілі газетіне
жарияланған мақаласына арқа сүйеген болу керек, екеуі де бір шақтылықты
ескермеген. Халелдің рухани өміріне ықпал етуші үлкен тұлғаның бірі сөз
жоқ, Ахмет Байтұрсынұлы, Халелдің дәрігерлік қызметіне баспасөз күшін
пайдалануы туралы айтқанда, аты аталған зерттеушілер “Қазақ” газетіндегі,
“Ауру жайынан” деген мақаланы бетке ұстайды. Бұл мақалада А. Байтұрсынұлы:
“Қазақтың дәрігер ғылымын оқыған адамдарды аурудан күтіну жайынан һәм жеңіл-
желпі емдер жайынан жазып, елге ұсақ кітапшалар таратса екен, - деген
өтініш білдірген [7, 45 б]. А. Мектеповтың ойынша Ахаңның ұсынысы Халелге
қамқоршы болып, көңіліне жел берді. Хронологиялық тәртіпке жүгінсек тілге
тиек болып отырған бұл мақала “Қазақ газетінің” 27 санында басылса,
Халелдің аталмыш басылымдардағы алғашқы дәрігерлік мақаласы “Тамыр дәрі
хақында” деп аталып, ол 13-ші санында жжарық көрген. Халелде көкірегі ояу
жан. Баспасөздің қуатты құрал екенін білетін кезі бұл Академияның соңғы
курсында оқып жүргенде ауылға келіп, Сорқуыс деген жерден дәрігерлік бекет
салдырған. Оны жергілікті халық “Халелдің ставкасы” деп атап кеткен [ 8,
24 б].
Дәрігерлік тақырыптағы мақалаларын атасақ 1914 жылы “Қазақ” газетінде
“Жұқпалы ауру хақында” “Сары кезік-сүзек”, “Ақ жол” газетінде 1924 жылы
430 санында “Шума қандай ауру?”, 1925 жылғы 522 санында “Жұқпалы аурулар”.
Бұларға талдау жасаған маман дәрігерлер дәрігерлік тұрғыдан қосып алатыны
жоқ, үйдің, судың, хайуанаттың, киімнің, ауру адамды күтудің гигиенасын
Халекең өте дәл берген” деп бағалайды.
Ал Халелдің кітап болып жарық көрген еңбектері: “Как бороться с чумой
среди Киргизского населения” – бірінші басылымы 1918 жылы, екіншісі – 1924
жылы басылды. Мәскеуде халық денсаулығын сақтау камиссариятына қарасты
санитарлық эпидемологиялық басқармасы автордан Ташкентте шыққан кітабының
екі данасын салып жіберуін сұрап, хат жазған. Сонымен қатар Ташкентте болып
шығарған “Исатай-Махамбет” (1925ж), “Аламан” (1926ж) атты жинақтары 1991-
1992 жылдары аралығында қайтадан баспадан жарық көрді. Халел Досмұхамедұлын
біз ұлы Махамбет мұрасын тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде Махамбеттану
ғылымына қосылған елеулі үлес деп бағалаймыз [ 9, 25 б].
1913 жылғы “Оба ауруының көрінісі” деген өлеңнің қолжазбадан көшірілген
нұсқасы бүгінде кейбір зерттеушілердің қолында. Індеттің қалай болғанын
мұндағы:
“Қуады жалған дүние азаматы,
Тірліктің қызығы да балдан тәтті.
Көмуге жер қазушы болмаған соң,
Өлікті 150-ден отқа жақты”,– деген жолдарда көрсетеді [10, 16 б].
Сонымен, Халел Досмұхамедұлының медицина саласындағы еңбектерін
жалғастырсақ, Орта Азия мемлекеттік Университетінің медицина факультетінде
адам анатомиясы мен физиологиясы пәндерімен сабақ береді. Қазақ тілінде
екінші сатыдағы мекетептер мен техникумдар үшін Халел “Адамға тән тірлігі”
атты оулық жазды. Кітаптың адам тәнін, оның тірлігін және тазалықты (саулық
сақтауды) үйренуде атқарар маңызы зор. Автордың пәннің мазмұнын баяндауда
тіл шеберлігі, ойда төте, түсінікті етіп, өмірде күнделікті көріп жүрген
заттарға теңеп айту тәсілдері өнеге аларлық. Кітапта адам тәнінің “Сүйек
жүйесі”, “Сүйектердің байланысуы”, “Ет жүйесі”, “Қимыл заңдылықтары”, “Қан
жүйесі”, “Сол-мефа жүйесі”, “Таныс, ас қорыту шағылыс тұқым жүйелері”,
“Жүйке жүйесі” және “Сезім мүшелері” деген тақырыптары қамтылған. Халел
Досмұхамедұлы 1920-1925 жылдары Ташкент қалалық ағарту институтында
оқытушы, Орта Азия Университетінің медицина факультетінде ординатор,
Түркістан Республикалық ғылыми комиссияның төрағасы қызметін атқара жүріп,
орыс ғалымдары қатарында қазақ студенттеріне арналған оқулықтар жазуға және
биология-медицина саласынан алғашқы қазақтың ғылыми атауларын
(терминалогиясын) жазуға кіріседі. Сонымен қатар Халел табиғаттану мен
жануартанудан (зоологиядан) алғашқы оқулық жазған автор. 1922 жылы Ташкент
қаласынан шыққан “Табиғаттану” атты еңбегінде “Бүйіл”, “Ауа”, “Су”, “Жер”,
“Кең” және “Жер жүзінің өзгерілуі” деген тақырыптар қарастырылған,
кітаптың екінші жартысында таразының түрлері, оның тең тастары, өлшегіштер,
құбыша, зертхана бұйымдары, кристалдар т.б. 47 сурет-бейне жеке жинақталып
берілген. Ал оның екі рет басылым көрген жануарлар туралы еңбегі үш
бөлімнен тұрады. Жалпы жануарлар дүниесінің ең көп таралған омыртқасыздар
екі кітап, ал омыртқалылар жеке бір кітап болып түзілген. Бұл кітаптардың
қай-қайсысы да жануарлардың сыртқы бейнесін олардың тән құрылысы
(анатомиясы) мен тіршілігін бейнелейтін суреттермен толықтырылған [11, 25
б].
Халел аударған “Оқушының саулығын сақтау” атты кітап екі рет 1923, 1925
жылдары басылып шықты. Оның алғы сөзін жазғанда ол: “Оқушының саулығын
сақтау” деген осы кітапшаны Голландия үкіметінің тапсыруы бойынша нағыз
білгір деген дәрігерлер жазан екен... Кітапша Еуропа көлемінде жүлде алған,
шет тілдерге тәржімелеген, оны Голландия халық ағарту министрлігі барлық
мектептерде қолдануға міндеттепті. Біз қазақшаға аудардық, өзіміздің
тұрмысымызға сәйкестендірдік, біраз қосымшалар кіргіздік. Қазақ-қырғыз
мектептерінде саулық сақтау жұмыстарының нашар екеніне күйініп, ана
тілімізде ол жөнінде ешбір құралдардың жоқтығын ескере келіп, осы кітапшаны
басып шығаруды жөн көрдік – депті [12, 54 б].
Х. Досмұхамедұлы өмірінің ақырына дейін негізгі мамандығы дәрігерліктен
қол үзбей, Воронеж Әлеуметтік денсаулық және гигиена институтында бөлім
меңгерушісі болып қызмет етті. Өмірінің соңғы кездері қудалауға түсіп,
Воронеж қаласна жер аударылғаннан кейін де қаламын түсірмеді. “Қазақ
оқушыларының өсіп-дамуы” (1930ж), “Жаратылыстану терминологиясының орысша-
қазақша сөздігі” (1931ж), “Жас пионерлер мен оқушылардың жазғы
лагерлері”(1933) т.б. еңбектері автордың көзі тірісінде жарық көріп
үлгерді.
Ғалымның биология және медицина саласында жазған ізашар еңбектері өз
маңызын күні бүгінге дейін жойған жоқ.
Халел Досмұхамедұлы – белгілі дәрежеде көне түрік жазба ескерткіштерін
зерттеумен де шұғылданған ғалым. Махмуд Қашқаридың әйгілі “Сөздігі” туралы
“Диуани лұғат-ат-түрк” деген атпен көлемді мақала жазып, 1923 жылы “Шолпан”
журналының 6-7 санында жарияланыпты. Ол кезде М.Қашқари “Диуани” қазіргі
түркі тілдерінің ешқайсысын аударылған жоқты. Сондықтан зерттеу жұмыстары
да жүргізілмеген болатын. Өйткені, араб тілінде жазылған мың беттен артық
қолжазбаны оқып шығып, соның негізінде мақала жазу Халел сияқты жан-жақты
білімдар адам болмаса, екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа.
Бұл бөлім Халел Досмұхамедұлының ғылымындағы жолына арналатындықтан,
баспа және жоғарғы оқу орындарын ұйымдастыру саласындағы елеулі қызметтерін
төмендегіше атап өтсек. Баспа саласы: Орта Азия мемлекеттік баспасының
коллегия, басқарма мүшесі (1913, 1925), қазақ мемлекеттік баспасы күншығыс
бөлімінің меңгерушісі (1925), қазақ мемлекеттік баспасы меңгерушісінің
орынбасары және басқарма мүшесі (1926). Жоғарғы оқу орындарын
ұйымдастырудағы қызметі: 1920 жылы Ташкенттегі педагогика институты
ұйымдастыру комиссиясының мүшесі, оның ректорының орынбасары (проректоры),
педагогика кафедрасының доценті Халел Досмұхамедұлының Алматыға келуі 1928
жылдың қыркүйек айы деп жобалайды, Ораз Жандасовтың дерегі бойынша 1927
жылы Ташкенттегі жоғарғы оқу орнын Алматыға көшіру мәселесі қойылғанда,
Қазақ Мемлекеттік Университетін (бүгінгі Абай атындағы Алматы Мемлекеттік
Университеті) ұйымдастыру комиссиясының мүшесі болған. 1929 жылы қазан
айының 1- і күні ҚазМУ-дың педагогикалық кафедрасының профессоры атағын
алды. Ал 1924 жылы ол Ресей академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше
корреспонденті болып сайланған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағалы Қазақ тарихшылары
Алашорда ұйымын зерттеу барысында Халел туралы да көп деректің бетін ашты.
Халелдің саяси шыңдалуына Қазақстан Респуликасы Ғылым министрлігі, Ғылым
академиясының мүше корреспонденті Кеңес Нұрпейісов жеке тарау жазып, оны
дәйекті жеткізеді. Тарихшы ғалым М.Қайгелдиевте ақтаңдақтың орнын толтыруда
өзіндік үлесін қосуда [13, 62 б].
Енді Халелдің өмір жолындағы азаматтық өсуі мен саясаткерлік
қалыптасуындағы маңызды оқиғаларға ден қоялық.
1. Ақпан төңкерісінен кейін Ә. Бөкейхановтың нұсқауымен Қазақстанның
жер-жерінде облыстық, қазақ комитетерінің құрылуы. Оған мүше болғандар
уақытша үкіметтің облыстық және уездік атқару комитетінің құрамдарына
енгізілді. Халел де Орал облысты атқару комитетіне мүше болды. Облыстық
қазақ комитетінде съезге шақыру жөнінде ұйымдастыру бюросы құрылып, оның
құрамына Халел Досмұхамедұлы кіреді. Бұл съезд 1917ж 12-22 сәуір айында
өткен.
2. 1917 жылы мамыр айының 1 – 11 күндері Мәскеуде өткен бүкілресейлік
мұмылмандар съезіне қатысуы. Бұл съезде олар жерге жергілікті халықтың
өздері ие болулары керек деген облыстық қазақ съезі қабылданғанын
қолдайтынын баса көрсетті.
3. Ә. Бөкейханов және оның серіктерінің кадет партиясымен атқұйрығын
үзуі, сөйтіп ұлттық саяси партия ұйымдастыру мәселесінің алға шығуы. Бұл
үшін Орынбор қаласында 1917 жылғы шілде айының 21 – 26 күндері Бірінші
жалпықазақ съезі шақырылды. Осы съезде Х. Досмұхамедұлы бастан аяқ,
төрағалық етті. Басты назарда ұлттық автономия, жер, қазақтың саяси
партиясын құру, құрылтай жиналысына дайындық мәселелері болды.
Жер мәселесінде ұлттық болашақтағы жағдайын ойлап, иелік етуші халықтың
өзі баулу керектігін баяндайтын шешім қабылдады.
Халелдің шығармашылық еңбекпен айналысуына мәртебелі екі қызметі ықпал
еткен. Бірі қазақ – қырғыз білім комиссиясының, екіншісі- Мемлекеттік
Ғылыми Кеңестің төрағасы болуы.
Х. Досмұхамедұлының Ташкенттік дәуірі оның шығармашылық шабытының
ерекше өрістеген, ғылыми, жазушылық, ұйымдастырушылық қабілетінің шыңдала
түскен жылдары болды. Осы жылдары ол қырғыз-қазақ комиссиясы жанынан “Сана”
журналын ашы, оның бірнеше санын редактор болды. Журналдың 1923 жылы І
санында Халел ұйымдастырған “Талап” қауымдастығының бағдарламасы
жарияланады. 27 тармақтан тұратын осы бағдарламаның қандай мақсатты
көздегенін оның мына төмендегі бағыт бағдарынан байқауға болды:
1) қазақ – қырғыз халқының әдеби тілдік, ғылым атауларын (термиалогия)
емлесін тағы басқа мәселелерін тексеру;
2) қырғыз-қазақ халқының сәулет өнерін (тарихи ескерткіштер,
археологиялық ізденістер) тәптіштеу;
3) қырғыз-қазақ халқының тарихи, һәм көп замандар бойы жүргізіп келе
жатқан саясатын реттеп жөнге салу;
4) қырғыз-қазақ халқының қызметкерлеріне және өнер қайраткерлеріне
жәрдемдесу.
Х. Досмұхамедұлы 1924 жылы Ресей Академиясының Орталық өлкетану
бюросының мүше-корреспонденті болып сайланды. Бұл оның ғылыми
творчествосына берілген Ресей ғылымдарының зор бағасы еді.
20-шы жылдары А. Құнанбаев творчествосына топтық тұрғыдан қарап,
зиялылар арасында қайшы пікірлер, талас орын алды. Сол кездің өзінде ұлы
ойшыл Абайға Халелдің жүзі ашық, ойы нық екенін көреміз 1922 жылы шыққан
Абайдың “Таңдамалы өлеңдері” өз ойлағандарындай болмай қалғанына өкініш
білдіре отырып, “осы мезгілде білім жолындағы жұмыстарға толық Абай өте
мұқтаж, тым керек болып тұр”- деп жазуы оның танымалының кеңдігі. Ал қазақ-
қырғыз білім коммиссиясының жұмысы туралы жазған қолжазбасында “Абай-жаңа
қазақ әдебиетінің атасы” –деп бағалауы ғалым Халел Досмұхамедұлының ой
тереңдігі. Бұл бүгінгі күнде рухани азыққа айналып Абайға деген ғалымның
құрметі [14, 44 б].
Халел кітап болып шыққан “Кенесары - Наурызбай” жырына алғысөз түсінік
және Қасымовтардың қысқаша тарихын жазған. “Кенесары-Наурызбай” поэмасын
болашақта қазақ тіліндегі басылымдардың осылай шығу керектігіне үлгі
боларлықтай” - дейді. Бұл ойы, шамасы оның ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған
еңбек екенін жеткізсе керек.
Қазақ – қырғыз білім комиссиясы іссапары. Іссапардың мақсаты Жетісу
өңіріне арналып, 1923 жылы жүргізілген. Бұл сапарды жүзеге асырушы Х.
Досмұхамедов пен М. Жұмабаев болды.
Үш айға созылған іссапардың барысында Х. Досмұхамедұлы бай материал
жинаған болуы керек. Оның өз қолымен жазған қорытынды немесе жинаған
материалдары әлі қолға түсе қойған жоқ. Алайда бұл сапар ол үшін, оның
бұдан кейін жазылған еңбектеріне елеулі әсер, көмек болады. Мағжан
Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде өзінің жинаған
материалының жартысын баспасөзге беріп, қалған бөлігін өңдеп жатқанын
айтқан, Ал Халелдің Асан қайғы туралы материалдар, тарихи құжаттар I
Александрдың грамотасын тапқанын баяндаған. Халел осы сапарда этнография
және қазақ тіліндегі атаулар яғни терминология мәселесімен де айналысуды
мақсат еткен.
Халел Досмұхамедұлы - аудармашы. Қажеттілікке орай қазақ – қырғыз
білім комиссиясының жұмыс жоспары бойынша орыс тіліндегі біраз кітап қазақ
тіліне аударды. Әр білім комиссиясы “Білім басы” сериясымен профессорлар Ю.
Вагнер мен Гайкеннің, т.б. еңбектерін ұлттық тілде шығаруды ойлаған.
1924 жылы “Ақ жол” газетінің 4 санында “Табиғатпен танысу” деген мақала
шықты. Оны жазушы “Көкен” деп бүркеніш есіммен қойған. Біздің байқауымызша,
жазу стильі жазғанан бұл- Х. Досмұхамедұлынікі. Сонда “Табиғаттану”,
“Жануарлар”, “Өсімдіктер” кітаптары жарыққа шыққанын айтып, “Білім басы”
сериясымен қазақ тіліне аударылған еңбегінің тізімімен таныстырып, бүкіл
кітаптарды алып оқуға кеңес етеді.
Х. Досмұхамедұлы Ю. Вангердің екі кітабын “Денеміздің түзілуі мен жұмыс
қылуы туралы әңгімелер” және “Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы
әңгімелер” аударған. Оның аудармасына сыншының көңілі толған... Малдың
ашшы шегіне дейін біздің қазақ баласы білсе де, өз денесіне шорқау. Бұл
кітапшада қазақтың жақсы тілімен адам денесінің түзілісі жазылған. Біздің
қазақта дәрігер оқуын оқыған адам қолдың саусағымен саналады. Өз денесін
білетұғын қазақта аз десек, күнә болар ма екен? Хат білетін қазақ бұл
кітапшаны алып оқыса, адамның дене құрылысымен танысады. Үлкен олжа болды
–деп бағалаған. Ал “Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі туралы әңгімелер”
атты кітаптың аудармасы туралы рецензия әзірше табылмады. Х.
Досмұхамеделының аудармадағы ерекшелік қазақ баласының қабылдауына
жақынырақ ұғыммен жазылғаны байқалады. Халел соымен қатар Махмұт Қашқари
сөздігінен аударған үзінеділеріннде айтуымызға болады. Оның бір ғана
сөйлемін Өзбек тіліндегі аудармасымен салыстыра кетсек болады: Құдай
дәулет күнін түркрер бұрышында жаратты (С.Муталиповтің аудармасында
жаратты ) осы сөйлемді Х. Досмұхамедұлы Тәңірі дәулет күнінің көзін
түріктердің көгіінде тудырды -деп аударады. [15, 25 б.]
Х. Досмұхамедұлы тарих ғылымы саласында да алғаш қалам тартқан төл
ғалымдарымыздың бірі. Ғалымның Самарқант шаһарындағы Тіллә- қари және
Ширдар медреселерін салғызушы Жалаңтөс батырдың шежіресі атты және
Бұқарадағы Көкілташ медресесін салу туралы әпсана атты көлемді зерттеулері
қазақ тарих ғылымында күні бүгінге дейін ерекше орын алады.
Х. Досмұхамедұлының тарих ғылымы саласындағы зерттеулерінде
халқымыздың ұлт азаттығы жолындағы әр кездегі әрекеттері де жан-жақты сөз
болды. Мәселен ол патшаның отарлау саясатына қарсы Қазақстанның атты
өлкесінде халық көтерілістерінің жиі тұтанып тұрғанын айта келіп, оның
себептеріне әділ баға береді. Кіші жүз қазақтары сонау XVIII ғасырдың 30-шы
жылдарында-ақ өз еркімен патшалық Ресейдің қол астына кірді деп кейбір
қазақ тарихшылары соңғы кезге дейін жазып келеді. Ал Х. Досмұхамедұлының
еңбегін оқығаннан кейін мұндай тұжырымның негізсіз екендігіне көзіңіз
жетеді ол сонау 20-шы жылдардың өзінде-ақ қазақтардың Ресейдің қол астына
кіруі өз еркімен болмағанғын нақты деректермен дәлелдейді. Автор: өз
еліміздің өткен-кеткені туралы басынан кешкен дәуірлер туралы, бұрынғы, осы
күнгі мекендері туралы қолдан келгенше толық мағлұмат беру, ата-
бабаларымыздың істерімен танысып, өткен жаңылыстарына күйініп,
жақсылықтарына сүйініп, ғибрат алмақ адамға сана береді,-деп тебіренеді
ғұламаның осы айтқандарын өскен ұрпақтың өнегелі тәрбие алуына да пайдасы
өлшеусіз.
Х. Досмұхамедұлының тәлім-тәрбиелік еңбектерінің тақырыбында сан алуан.
Мәселен оның еңбектерінде өскелең ұрпақтың сыр-сымбат (эстетикалық)
тәрбиесі, шәкірттерді имандылық пен адамгершілікке баулу мәселесі, ондағы
әдебиеттің, тарихтың, поэзияның рөлі т.б. туралы жиі сөз болып отырады.
Ғұлама, ғалым мектеп оқушыларының денсаулық, гигиеналық тәрбиесіне де
ерекше көңіл бөлген. Оның оқушының денсаулығын сақтай біл деген еңбегі
көзінің тірісінле екі рет жарыққа шыққан. Әр жастағы мектеп оқушыларының
ұғымына түсінікті, оның денсаулығына зор көмегін тигізетін осынау қарапайым
еңбекте көптеген тәләм-тәрбиелік ақыл-кеңестер бар. Автордың осы кітапшасы
1993 жылы Балауса баспасынан 1100 данамен басылып шығып, қалың көпшілік
арасына таралып отыр. Бұл кітап мектеп оқушыларымен қатар олардың ата-
аналарына да аса қажетті құрал. Халелдің ғылыми шығармашылығына тәлім-
тәрбиелік тұрғыдан талдау жасап, оның қазақ педагогикасы мен
психологиясындағы алатын орнын анықтау негізгі борышымыз.
Х.Досмұхамедұлының ғылыми-шығармашылық, педагогикалық ұстаздық
тұрғысынан жемісті еңбек еткен кезеңі, 1920-жылдан бастап, 1930-
жылғамдейінгі уақыт болып табылады. Осы жылдарда ғылыми-педагогикалық,
шығармашылық еңбектері дүниеге келген. 1920-жылы Алаш партиясы таратылып,
оның батыс бөлімі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлына кеңес үкіметі
тарапынан кешірім жасалды. Осы жылы ол Ташкент қаласына келіп, Түркістан
республикасының денсаулық сақтау және халық ағарту комиссариаттарында
жауапты жұмыстармен қатар, жоғары оқу орындарында ұстаздық және ғылыми-
педагогикалық шығармашылық жұмыстармен айналысты. Х.Досмұхамедұлы Ташкентте
өткізген сегіз жылының іщінде шын мәнінде Қазақстан мен Орта Азияда
денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Ол өзінің ғылыми
педагогикалық қызметімен өлкеде маман-кадрларды дайырлауға, халықтың
денсаулығын сақтауды ұйымдастыруға, халық-ағарту ісімен жоғары білімді
дамытуға ерекше үлес қосты. Әсіресе ол Ташкент қаласында ұлт зиялыларын өз
төңірегіне топтастыра отырып, ұлт мектептері мен жоғары оқу орындарына
арналғкан алғашқы қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды
сіңірген еңбегін ерекше атауға болады.
Архив деректеріне сүйене отырып Х.Досмұхамедұлының ғылыми- зертеу
еңбектерінің негізінен үш арнаға бөліп қарастыруға болады.
1.Баспа бетінде жарық көрген ғылыми-әдеби және әдістемелік еңбектері;
2. Жариялауға даярланған қолжазбалары;
3.Жалпы редакциясын басқарған еңбектердің тізімі [16, 10 б].
Бар-жоғы 55-56 жыл ғұмыр кешкен Халекеңнің қысқа да мәнді тәржімә хәлін
(өмірбаянын) төрт кезеңге бөліп қарастырсақ орынды:
1). Тұлғаның жылдары (1916-ж. дүрбелең жылдарға дейін)
2). Атүстінде өткен, күрес жылдары (1916-1920 )
3). Ғылыми-шығармашылық һәм қоғамдық педагогикалық қызметпен айналысқан
жылдары (1921-1928).
4). Қуғын-сүргінге ұшыраған азапты жылдары (1920-1939) [17, 12 б].

1.2. Аламандық мәселесінің психологиялық мәні.

Ұлттық тәлім – тәрбиенің ұғым түсініктері Х. Досмұхамедұлы еңбектерінде
біршама тыңғылықты тұжырымдалған. Ғалымның 1928 жылғы Ташкентте орыс
тілінде жарияланған Казахская народная литература деген еңбегінде ол
қазақ халқының ауыз әдебиеті тәлім – тәрбиенің негізгі көзі деген идеяны
ұсынады. Автор қазақ әдебиетінің қай жанры болмасын, тәлім – тәрбиелік
мазмұнға бай келетінін, онда көшпенді халықтың өмір салты, психологиясы жан
– жақты көрініс табатынын айтады. Осы айтылғандарға орай автор: Қазақтың
жеке өмірінің барлық сәттері – деп жазды автор, туғанынан бастап өмірінің
соңына дейін жеке адам тұтас халықтардың немесе жеке рудың туған өміріндегі
барлық уақиғалар халық әдебиетінде жырланады. Мәселен, сәбидің дүниеге
келуімен алғашқы жылдары халық поэзиясында шілдехана, бесік жыры атты
арнайы жырлар түрімен аталып өтеді.
Х. Досмұхамедұлының пайымдауынша ұлттық тәлім-тәрбие сәбилік
бозбалалық, жастық шақ кезеңдерінде, той - томалақ, айтыс ән - күй, өлең
жырмлмардың мазмұнынанм байқалады, яғни қазақ баласының шыр етіп жерге
түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыаныс-тіршілігі әнмен жырдың
құшағында өтеді ал мұның жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызы бар. Қазіргі
балалар психологисының негізгі қағидасы Х. Досмұхамедұлының түйіндерінен
алшақ кетпейді. Бұл жөнінде автор былай дейді: Әдетте оның ең бірінші
еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазіргі адам туралы
ғылымның ішіндегі ең қомақтыларының бірі – генетиканың айтуынша бала ана
құрсағында жатқанда – ақ анасының дауыс ырғағын , қимыл – қозғалысын
сезініп, белгілі бір этностың тілімен ақпарат алып отыратындығы дәлелденіп
отыр. Өйткені құрсақта жатқан шақалақтың алдымен жүйке – жүйелері, жан
дүниесін басқаратын миы қалыптасып дамиды.
Х. Досмұхамедұлының бала психалогиясының ерекшелігіне байланысты
түйіндері халықтың педагогикадан гөрі ғылыми педагогикамен психалогияға
жақын.
Х. Досмұхамедұлының осы сала дағы ойларына келсек, ол балалық, жас
өспірімдік жастық шақтағы ойындардың (түрлі тақпақ, айтыс, санамақ,
жаңылтпаш, ертегі т.б.) тәрбиелік жағынан маңыздылығын баса көрсетіп келіп,
баланың алғашқы еститін үні – ананың бесік жырының әуені екені жайлы ойын
әрмен қарай былайша жалғастырады: ... Қазақ өз баласын тәрбиелеуде
дыбыстық ырғақтардың басты орындарға шығуына, сірә, халық әдебиетінің,
халық әнінің кең таралып, дамуы қазақтардың өмірдің кез – келген жағдайында
өлең шығарып, ән айтуы бір себеп болса керек.
Х. Досмұхамедұлы этнопсихология ғылымдарына қатысты арнаулы еңбек
жазбасада аталмыш мәселелерге орайлас - өз пікірін білдіріп кеткен. Осы
айтқанымыз 1925 жылы автор қаламынан туындаған Аламан атты шағын
мақаладан жақсы байқалады. Көптің пайдасын ойлай тұрса да , бүтін жұрттың
қамын жей тұрса да, өзінің менмендігін сол үшін құрбан қыла алмайтынын, өз
дегенін күшпен орындайтын, өз басын артыққа санап, сөзін сөйлеп, соңына
ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегенімен, ақылсыздығынан қылды деп
білетін, көңіліне жақпаса өзі қойған бастығының бұйрығына, өзі қалаған
тәртіптің жолына бас ұрмайтын, отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік
сезімі өте күшті құлықты аламандық дейміз.... Міне бұл Х. Досмұхамедұлының
бұдан 70 жыл бұрынғы ойы. Осы аламандық қазақ халқының мінез – құлқында әлі
де бар ма, бар болса оның қазіргі кездегі көріністері қандай ? Бұл сұраққа
жауап бермес бұрын қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасу
факторларының (тарихи, шаруашылық, мәдени, тіл, салт-дәстүр, табиғи,
идеологиялық және діни, әлеуметтік, демографиялық) оның қазіргі заманғы
өмір салтындағы ықпалын қарастыра кету керек. Қазақ тарихи санасында сонау
түркі тілдес ата-бабадан мирас болған жауынгерлік пен намысқойлық сияқты
қасиеттері осыншама үлкен аумақты шет жұртқа таптатпай, қырағылықпен қорғай
білуге мүмкіндіктер береді. Қазақ халқының ұлттық психологиясына елеулі із
қалдырған оқиғалар оның ұлт ретінде қалыптаса бастаған (қазақ хандықтары
құрылған уақыт, яғни XV – ғасыр шамасы) кезеңдерден бастау алады. Жеке
хандықтар болғанымен, орталықтандырылған тұтас мемлекеттің құрылмауы,
орталық өкіметке бағындыру шараларының жүргізілмеуі, ірі діни және мәдени
орталықтардың – қаланың жетілмеуі, оның бергі жағында капиталистік
қатынастардың дамымай қалуы, соның салдарынан қазақ тілінің экономикалық
айналыс тіліне айнала алмауы міне, мұның бәрі ұлтың психологиясының
қалыптасуына тарихи факторлар. Бұған қазақтардың ұлт ретінде қалыптасу
тәртібі өте ауыр жағдайда – патшалық самодержавиенің отарлау саясатының
үстемдік жағдайында жүргізгенін тағы қосып қойыңыз.
Х. Досмұхамедұлының түсінігінде қазақ елінде жиі кездесетін аламандық
ұғымы басқаға бағынбайтын бәсекешіл топтың психологиясын білдіреді. Қазіргі
әлеуметтік психологияның тілімен айтсақ, бұл бейресми, яғни, бірімен-бірі
үнемі бәсекеге түсіп тұратын, шекіспей бекіспейтін, ұйымдасып қылмыс
жасайтын топтар мен корпорациялар, мафиоздық бірдестіктер. Автор
аламандықты рушылдық психологиясымен байланыстырады. Ол ру менмендігінің
бір сипаты аламандықта жатыр дейді. Халекең аламандық қазақ мәдениетінің
бадырайып, бесенеден белгілі болып, көрініп тұратын мінез бітісі, - дейді.
Мінез акцентуациясы жеке адамға, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік топтарға
да тән құбылыс. Аламандыққа байланысты автор түйіндерінде қазақ халқында
бұрынғы кезде отан қорғау сезімдерінің кемдігі байқалады деген пікір бар.
Әрине, жойқын жеңілдіктерге үшырағанмен қазақ психологиясы өз арасынан
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, салқам Жәңгір, т.б. осы сияқты дарабоз
батырларын тудырып, отан қорғау сезімінің небір асқаралы үлгілерін
көрсетті. Отандық, жауынгерлік қасиетті төмен бағалаған жағдайда қазақ
халқы осыншама ұлан-ғайыр аумақты ұзақ жылдар бойына ұстап тұра алмас еді.
Х. Досмұхамедұлының аламандық туралы тағы бір түйініне тоқтала кетсек:
Өткен ғасырдағы қазақтың әлеумет қимылдарына көбінде-ақ аламандық бар. Шет
елмен жауласса да, ру ара таласса да, хандарына, билеріне көбінеседе
қазақтың ісінің көбінен-ақ аламандық исі шығып тұр....
Х. Досмұхаметұлының аламандық – ру психологиясының ерекшелігінен
туындайды деуі өте орынды. Ғылымда ру, тайпа халық, ұлт ұғымының
психологиялық ерекшелігі бар. Ру адамның гендік ерекшелігіне, туыстық қарым-
қатынасына қарай топтастырылып, өз тілімен айтсақ аталас, ауылдас
адамдардың тобы. Ру – бұл тарихи-этнографиялық ұғым. Қазақ тарихындағы
рулық болмысты ғылым жоққа шығармайды. Ал осынау зтностың этнографиялық топ
– ру ұғымымен қатар рушылдық деген тағы бір ұғым бар. Мұның табиғаты
басқаша, рушылдық – бұл обьективті жағдайды ескермей, субьективтік
интуациялық факторларды есепке алып отыратын феномен. Қазан төңкерісіне
дейінгі кезеңде рушылдықпен жіктелу қазақ елінде ерекше орын алып келді.
Бұл жайт Х.Досмұхамедұлының аламандық туралы пікірінен жақсы байқалады.
Ғаламның аламандық ұғымына берген анықтамасынан Қазан төңкерісіне дейінгі
қазақ елінде отандық, мемлекеттік сезімнің кемдеу болғанын, яғни рулық
топтың психалогиясының өрістегенін байқау қиын емес. Халелдің аламандық
психалогиясы пікірі әлеуметтік психалогиямен астарлас этникалық
психалогияда кеңірек пайымдалатын этностық мінез-құлық жайлы түсінікке
келіп саяды.
Х.Досмұхамедовтың Аламандық сүйекке сіңген көптің мінезі, мұны қазақ
кемшілік деп санамайды - деген пікір айтады осы жерде ғалымның бұл бүкіл
қазақтың бойына сіңген мінез және оның қазақ кемшілікке санамайды деуі
қазіргі кездегі жағдайларымызға дәл келіңкіремейді. Сондай-ақ автордың
Аламандықты түркі халқының көпшілігінде кездесетін халықтың қасиеті деуі
, оның түпкі негізін түрікпендер мен қазақтардың жеке қақтығыстарынан
іздестіруі де ғылыми тұрғыдан дәлелдей түсуді қажет ететін мәселе. Ол
аламандықты қазақ байларының психологиясына тән ерекше қасиет деп
түсінеді. Х.Досмұхамедұлының осындай тұжырымға келуі ғұлама өмір сүрген
кезеңнің тарихи-әлеуметтік, саяси жағдайынан туындаса керек. [19, 32 б].
Ғалымның этнопсихологиясының әдіснамалық (методологиялық мәселелеріне
байланысты) айтқан пікілерінің мәні аса терең. Адамның табиғаттағы бар
мінезі,- дейді ол ,- ойын – сауық қылып қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам жоқ
күлмеген адам- адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелуге елімізде
көп ойындар бар. Бұларды менсінбей тұрып ұмытып барамыз. Бұл жарамайды.
Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық. Ол тілімен қатар ұлт
әдебиетің де халық психологиясының айнасы екендігіне көңіл аударады.
Халықтың құлқы, мінезі, ойы,- дейді автор өз пікірін әрмен қарай
жалғастырып,- заманындағы әдебиетінен білінеді. Әдебиет – халықтың түрлі
қимылдарының айнасы ... Осы әдебиетті тексеріп отырсақ қазақтың өткендегі
құлқы, мінезі заманындағы күйініші, сүйініші, арасында болған түрлі
әлеумет қимылдары анық сезіледі... Бұрынғы әдебиетпен танысқанда Халелдің
бойына біткен мінездің бірнеше, түрі орасан одырайып тұр. Оның қазақ
халқының этнопсихологиялық ерекшеліктерін танып білу үшін қазақтың Аламан
атты шағын мақаласының мәні зор аса зор. Мұнда осы салада келешкете ғылыми
ізденістер жүргізудің бағдарламасы түзілгендей деуге болады. Автор әлеумет
қимылдары деген сұраққа жауап бере келіп, халқымыздың боына біткен жақсы,м
жаман мінезін (бұл жердегі оның түйіндері Абайдың қара сөздеріндегі, сондай-
ақ Ж.Аймайытовтың қазақтың өзгеше мінездері атты мақаласындағы ой
желісімен мықтап қиуласып жатыр). Досмұхамедұлы қазақтың ұлтық мінезін
басты бір ерекшелікке жатқызады. Оның пікірінше, аламандық – қазақ
мінезінен бадырайып көрініп тұрған ерекше бітісі. Қазіргі психология
ғылымында мұны мінездің акцентуациясы дейді. Автор аламандықты қазақты
отандық, ұлттық сезімнен кем рулық, менмендік сезімінің күшті болуынан
туындайды деп түйіндейді. Аламан барымташылыққа ұқұсас тәртіпке, низамға
көнбейді, ол өз дегені болмаса, басқаны елемейтін кез-келген басшыға бағына
бермейтін, бәсекешіл мінез. Қазіргі әлеуметтік психология ғылымында мұның
табиғаты ұжыммен топ психологиясы тарауында қарастырып жүр. Халел ру
менмендігіне аламандыққа қатысы бар екендігін айтады. Бұл мәселе жақына
баспадан шыққан Қ.Жүкештің ұлттық психологияның сипаты монографиясында
жақсы айтылған Халекең аламандықтың түркі халықтарының біразында
кездесетіндігін,мұның ұлт бірлігі, ынтымақтығы жоқ елдерде ерекше
байқалатыны біздің қазақта отан бірлігі, ұлт намысы сезімдерінің аздығы
себебінен туындайтын нақтылы мысалдармен көрсете келіп, аламандық мінезде
сүйекке сіңген топтық мінез, мұны қазақ кемшілігі деп санамайды, қайта
өзінше мақтан тұтады, бұл рулық психологияның белгісі дей отыра, оның
қазаққа қай кезде, қайдан келгеніне өзінше жорамал жасайды. Автордың
ойынша, мұның басты себептерін көшпелі салты, рулық психология, жаугершілік
өмір жетіле қоймаған мемлекеттік құрылыс, тағы басқа жатады екен. Осы
мақала соңында сананы салт туғызады дейтін дұрыс ғылыми тұжырым да бар.
Аламандық қоғам ілгерілеп, дамыған сайын біртіндеп өзгеріп жеке адамның да
әлеуметтік құқықтардың да мінез-құлқы өзгеріске түсіп, жаңа мазмұнға ие
болып отыратыны яғни аламандық бар жерде топтың бірлігі – тұтастығы бола
алмайды, әсіресе әлеуметшіліксіз қазақта ұлт бірлігі болмаса, ұлт мемлекеті
болуға мүмкін емес деп, өте мағыналы ғылыми салиқалы пікір түйеді. Халықтың
құлқы , мінезі, ойы заманындағы әдебиетінен білінеді, осы әдебиетті
тексеріп отырса, қазақтың өткендегі құлқы мінезі, заманындағы күйініші,
сүйініші арасында болған түрлі әлеумет қимылдары анық сезіледі.
Заманымыздағы түрлі қимылдардың жаман – жақсы мінездердің құр өз-өзінен
пайда болмай, өткен заманның тамырласып жатқаны байқалады. Бұрынғы
әдебиетпен танысқанда, қазақтың бойына біткен мінездің бірнеше түрі орасан
адырайып тұр. Қазақ арасында болып өткен бірнеше әлеуметтік қимылдарда
көрініп тұр. Ел әдебиетімен танысқанда осындай бадырайып көрінгеннің бірі
аламан.
Аламан деп тәртіпке, жолға, низамға көнбейтін, өз дегені болмаса
басқаны елемейтін топты айтады. Бастықтан лұқсатсыз біреуді шабуға,
олжалауға аттанған тәртіпсіз топты да аламан дейді. Аламандықтан өзімшілдік
, бәсеке туады. Аламандық бүтін қазақта болған әрбір руда болған, әрбір
ауылдарда болған.
Өткен ғасырдағы қазақтың әлеуметтік қимылдардың көбінде ақ аламандық
бар. Шет елмен жауласса да, ру ара таласса да, ханына ,биіне көнбесе де,
қазақтың ісінің көбінен ақ аламандық исі шығып тұр. [20, 107 б]

1.3. Халықтың ауыз әдебиеті (фольклор) – ұлт психологиясының айнасы.
Профессор Х. Досмұхамедұлының артында қалған мол мұраның бір тармағы
- ауыз әдебиеті, фольклортану ғылымымен байланысты.
Әуелден жыраулық, ақын – жыршылық дәстүрі кең өрістеген, Махамбет пен
Мұраттай жыр саңылақтарын сыйлаған өмірде туып өскен Халекеңнің өлең –
жырға, аңыз - әңгімелерге махабаты жастайынан – ақ оянса керек. Алайда
ғалымның рухани байлықтың бір қайнары – фольклорға мән беріп, маман ретінде
фольклор саласына ерекше зейін қойып, зер салуына Ташкентте тұрып, Қазақтың
этнографиясы мен ауыз әдебиетіне қатысты дүниеліктерін жинауға ғұмырын
бағыштаған Әбубәкір Диваевтың ықпалы аз тимеген. Әйгілі этнограф пен
Халекеңнің арасында өзара сыйластық, достық орнап, халқымыздың баға жетпес
фольклорлық байлығын шашпай – төкпей хатқа түсіру хақында әңгімелер жиі
болып тұрған.Осындай достықтың белгісі ретінде Ә. Диваев қазақтың білімдар
азаматына сирек те, бағалы еңбек – Е. А. Алекторовтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы
Пәндер