Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Әдебиет теориясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)

Орындаған:

4 курс студенті Ә. Ж. Нәби

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. д., профессор Б. Қ. Майтанов

Норма бақылаушы:

аға оқытушы Ж. Баянбаева

Қорғауға жіберілді

« » 2007 ж

Кафедра меңгерушісі:

ф. ғ. д., профессор Б. Қ. Майтанов

Алматы, 2007

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)

Жұмыстың құрылымы : Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 50 бет

Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны - 43

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер : Нәзира, нәзирагөйлік дәстүр, Зар заман ағымы, қисса - дастандар, ақын, Алтын Орда дәуірі, ежелгі әдебиет.

Зерттеу нысаны: ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы нәзирагөйлік дәстүрді қарастыру, Зар заман ағымының қазақ халқының тарихындағы алатын орнын анықтау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Нәзирагөйлік ағымының қазақ әдебиетіндегі алатын орнын анықтау, теориялық негіздеріне талдау жасау. Зар заман ағымының ағым ретіндегі қалыптасу ерекшеліктеріне теориялық бағдарлар жасау. Нәзирагөйлік ағымның және Зар заман ағымының негізін салған ақын - жыршылардың шығармашылық өмірбаяндарын жинақтау.

Жұмыстың мазмұны: Бітіру жұмысының кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы, өзектілігі баяндалады.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында нәзирагөйлік ағымы мен Зар заман ағымының пайда болуына әсер еткен тарихи жағдайлар, қос ағымның қалыптасу ерекшеліктері сөз болады. Зерттеуші ғалымдардың нәзирагөйлік турасындағы айтқан құнды ғылыми пікірлері дәйектеме ретінде келтірілді.

Екінші тарауда Зар заман ағымын қалыптастырудағы ақын - жыршылардың ролі, олардың әдебиет тарихындағы алатын орны сараланды. Сонымен қатар нәзирагөйлік ағымның дінмен байланысы сөз болады.

Мазмұны

I Кіріспе . . . 4

II Негізгі бөлім

1. 1 Нәзирагөйлік пен зар заман ағымдарының пайда болуына түрткі болған жағдайлар, қос ағымның қалыптасу тарихы . . .

1. 2 Зар заман, нәзирагөйлік ағымның теориялық мәні мен маңызы . . .

1. 3 Нәзирагөйлік ағымның аймақтық-аумақтық таралу кеңістігі, көрнекті нәзирагөй ақындар . . .

2. 1 Ақын-жыраулардың зар заман ағымын қалыптастырудағы ролі . . .

2. 2 Нәзирагөйлік ағымының дінмен байланыстылығы . . .

III Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаты: Қазақ әдебиетінің назар аударуға тұрарлық, сыры мен құпиясы мол тұстары жетерлік. Қазақ әдебиеті бағзы замиандардан бері - ақ ұлттық сипатта дамып келеді, әдебиетті халық тудыратыны осының өзінен көрінеді. Әдебиетіміздің тарихында неше түрлі ағымдар мен бағыттар болған, қазіргі кезде олар жан - жақты зерттелу үстінде. Қазақ әдебиетіндегі ағымдардың ішінен ерекшеленетіні, нәзирагөйлік ағымы мен Зар заман ағымы болып табылады. Бұл екеуін де ағым деп атауға басты негіз, олардың тарихи қажеттілікке байланысты туатындығында. Ағымның өзі әдеби бағыттардың ішінде қарастырылады. Әдебиет теориясы ұғымында осындай түсінік берік қалыптасқан. Оны Зар заман поэзиясын арнайы зерттеу нысанына айналдырған Бауыржан Омарұлы көптеген деректермен дәлелдейді. Нәзирагөйлік ағымының аса қатты дамып, өркендеген тұсы Алтын Орда кезеңі болып табылады. Бұл кездерде араб - парсы тілдерінің түркі халықтарына тез таралып кеткендігі соншалық, төл тілі - түркі тілінде өлең шығаратын, сол тілде туынды жазатын ақындар қалмай бара жатты. Олардың барлығы да араб, не болмаса парсы тілінде сөйлегендерін көңілдеріне тоқ санап, түркі тіліне мүлдем мән бермеді. Алайда бұл үрдіс әрі қарай жалғасқан жоқ, Әли есімді ақын «Жүсіп - Зылиха» қиссасын түркі тілдерінде сөйлетіп, бірақ оны өзгеше жырлап, замандастарын таңғалдырды. Қиссаның түркі тіліндегі нұсқасы әміршіге де қатты ұнап, ол елдегі барлық ақындарға дәл осылайша қиссалар жазуға бұйрық берді, әрі бұл үшін бәйге тігетінін де жасырмаған болатын. Сөйтіп аз уақыттың ішінде бұрын тек араб, парсы тілдерінде жырланып келген қисса - дастандардың барлығы түркі тілдерінде жырлана бастады. Алайда мұны аударома деп атау мүлдем келіспейді, себебі аударма дәлме - дәлдікті, нақтылықты талап ететін болса, нәзирагөйлік дәстүр өнер жарыстыруды, яғни қиссаны негізгі сюжетін сақтай отырып, басқаша жырлауды талап етті. Ақындар арасындағы бұл өнер сайысының түп - тамыры ежелгі замандарға барып тіреледі. Бітіру жұмысында нәзирагөйлік дәстүрінің екі кезеңде, яғни Алтын Орда кезеңі мен ХІХ ғасырда патша отаршылдығының тұсында кең тарағаны кеңінен таратылып айтылды. Оның себептері түсіндірілді. Сонымен бірге қазақ әдебиетінің тарихында Зар заман ағымының да алатын орны ерекше. Зар заман ағымы халық басындағы жағдайды, болашақты дұрыс аңдаған ағым болды. Оның көрнекті өкілдері Шортанбай, Дулат пен Мұрат шығармашылығында заманның тарылғандығы, елдің пейілінің бұзылғандығы, адамдардан имандылық қасиеттердің кеткендігі сөз болады.

Екі ағымды қатар алып қарастыру арқылы олардың халықтың әдебиет тарихындағы ғана емес, шынайы тарихындағы да алатын орны белгіленді. Қазақ әдебиетінде нәзирагөйлік пен Зар заман ағымы болмағанда, халықтың рухани жағдайы мүлдем құлдырап кетер еді деген пікірге тоқтала отырып, қос ағымның іс жүзіндегі маңыздылығына назар аударылды. Жыраулық поэзия кезінде нәзирагөйлік тоқтап, бұл дәуірге Зар заман ағымы тән болды. Бұл келе - келе қоюлана түсіп, Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік ағымының бір дәуірде тоғысуына мүмкіндік берді. Қоа ағымның тоғысқан тұсы ХІХ ғасыр болатын. Әдебиет зерттеушілер бұл ғасырда қазақ халқының ауыр жағдайға тап болғанын тарихи фактілермен сипаттап көрсетеді. Демек, нәзирагөйлік пен Зар заман ағымының қайта жандануы кездейсоқ нәрсе емес, ол уақыттың қажеттілігінен туған құбылыс.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысында көптеген мәселелердің басы ашылды. Нәзирагөйлік ағымның қазақтың тілін, салт - дәстүрін, дінін тұғыр еткен ағым екендігі анықталды. Алайда бұған дейін әдебиетшілер тарапынан аталған ағымға аударма әдебиет деп қана баға беріліп келсе, бұл жұмыста ол барынша кеңейтілді. Яғни нәзирагөйлік ағым аударма деген түсініктен әлдеқайда жоғары, әлдеқайда терең. Себебі нәзирагөйлік дәуірлер бойы жалғасып келген емес, ол белгілі бір кезеңде бой көрсетеді де, содан кейін тарих тасасында қалып қойғандай болады. Бір ерекшелігі, нәзира дәстүрі елде мәдени тоқырау, әдеби іркілістер туындай бастаған кезде пайда болады. Билеушілерінен, басшыларынан үміттері үзілген халық көп уақытта рухани мәдениеттерін, рухани болмысын сақтап қалу үшін нәзирагөйлік дәстүрін қолданатын болған. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы мәселелерді қамтиды, яғни нәзира дәстүрін қазіргі кезде де кеңінен жүзеге асыруымызға болады. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең қазақ халқы үшін қиындық тудырып отырған кезеңге айналды. Тілін бағаламайтын, салт - дәстүріне күле қарайтын жастар көбейді. Олардың ертеңгі болашағы қандай болары бұлыңғыр қалпында тұр. Көреген ата - бабаларымыз осындай қиындықтардың барлығының шешімін тауып, жандарына түскен жараларын халықтық мұралармен, қисса - дастандармен емдей білген. Нәзирагөйлік ағымын жаңаша тұрғыда қарастыру арқылы біз де қисса - дастандардың рухани маңызы, мәні өте жоғары екендігіне, оның әдебиетте замана тудырған құбылыс екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қатар нәзирагөйлік ағымының осы кезге дейін ескерілмей келе жатқан бір жағы, оның Қазақстандағы таралу шегі, аймақтық ерекшеліктері, өкілдері толықтай зерттеліп, бағасы толық берілген жоқ. Қазақ әдебиетіндегі жыр, толғау, терме, күйді алып қарастыратын болсақ, олардың белгілі бір дәстүрлі мектептерге жататындығын, жергілікті әдеби мектептердің жемісі екендігін көреміз. Олардың бір - бірінен аймақтық ерекшеліктерін, сөзіндегі, тіліндегі бір - біріне ұқсамайтын өзгешеліктерді зерттеу бүгінгі таңда өнерді қадірлейтін, бағалайтын жұрттың қызығушылығн тудырып отыр. Ал нәзирагөйлікті дәстүрлі мектептерге бөліп, тақырып аясында қарастыру зерттеу жұмысында толықтай жүзеге асырылды.

Зар заман ағымы қаншалықты тереңірек зерттелгенімен, оның да ашылмаған қырлары өте көп. Олардың бастысы, Зар заман ағымының идеялық қырлары толықтай талданған жоқ. Ал, шындығында бұл халықта рухани тәрбиенің ұмытылуына байланысты туындады. Өйткені қазақ елі үшін рухани ұстаз, жалғыз қазақ халқы ғана емес, түркі дүниесінің де ортақ тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи болып есептелетін болса, оның «Диуани хикметтері» қазақ халқының сан замандардан бері үлгі алып, жолын түзетіп келе жатқан шырағы іспеттес болатын. Патша өкіметі отаршыл саясат жүргізе бастағаннан кейін хикметтер мүлдем оқытылмады, ал бұл болса, елдің рухани азғындауына алып келді. Зар заман ағымын осы тұрғыда қарастыру жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Бітіру жұмысының мақсаты нәзирагөйлік пен Зар заман ағымының әдебиеттегі алатын орнын, теориялық негіздемелерін дәлелдеу болатын. Жалпы жұмыстың мақсатын төмендегіше қарастыруымызға болады:

- нәзирагөйлік пен Зар заман ағымының шын мәнінде қазақ әдебиетінің тарихында әдеби ағым ретінде қарастырылатындығын дәлелдеу, соған көңіл аудару;

- нәзирагөйлік пен Зар заман ағымының қалыптасу себептерін, қос ұғымның қалыптасуына әсер еткен жағдайларды талдау, сонымен қатар қос ағымның пайда болған уақытындағы тарихи жағдайларды сараптан өткізу;

- нәзирагөйлік ағымының Қазақстан аумағындағы таралу ерекшеліктерін қарастыру, дәстүрлі мектептер негізінде аталған ағымның көркемдік сипаттарын ашу, ХІХ ғасырдағы Абай мен басқа да көрнекті нәзирагөй ақындардың қысқаша шығармашылық өмірбаяндарына зерттеу жасау;

- Зар заман ағымының көрнекті өкілдеріне, олардың өлеңдеріне талдау жасау, теориялық тұрғыда баға беру;

- қисса дастандардың дінмен байланыстылығын анықтап, кейбір бүгінгі күндері басқаша түсіндіріліп жүрген сөздердің мағынасын айқындау.

Зерттеу жұмысының пәні: Зерттеу жұмысының пәні Алтын орда кезеңіндегі және ХІХ ғасырдағы нәзирагөйлік ағымы мен Зар заман ағымы болып табылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық негіздері: Зерттеу жұмысында көптеген теориялық мәселелер қарастырылды. Олардың барлығын да әдебиеттану ғылымына енгізуге болады. Сонымен қатар ағым мен бағыт жөніндегі теориялық тұжырымдамаларды пайдалануға, жүзеге асыруға болады.

Зерттеу жұмысындағы негізгі айтылған ойлар ғылыми еңбектерге пайдалануға, қазақ әдебиеті мен теориясын қарастырған кезде қолдануға, оларды қазақ әдебиетіндегі нәзирагөйліктің және Зар заман ағымының теориялық мәселелеріне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде басшылыққа алуға болады.

Зерттеудің дерек көздері: Зерттеудің дерек көздері ретінде Алма Қыраубаеваның докторлық диссертациясы, басқа да ежелгі әдебиетке байланысты монографиялары, Немат Келімбетовтің зерттеу еңбектері, Бауырджан Омарұлының «Зар заман поэзиясы» кітабы, Өмірхан Әбдиманұлының «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» атты оқу құралы, теориялық мәселелерге қатысты З. Қабдоловтың «Сөз өнері» монографиясы, орыс ғалымдарынан шығыстанушы ғалымдар Брагинский мен Бертельстің, татар ғалымы Хисамовтың зерттеу еңбегі пайдаланылды.

1. 1 Нәзирагөйлік пен зар заман ағымдарының пайда болуына түрткі болған жағдайлар, қос ағымның қалыптасу тарихы

Түркі халықтарының ХІІ - ХV ғасырларда Алтын Орда деп аталатын ірі мемлекетке бірігуі олардың тұтас ұлт ретінде қалыптасуының алғышарты болды. Алтын Орда Шыңғысхан құрған айбарлы Моңғол империясының құрамынан бөлініп шығып Дешті - Қыпшақта жеке - дара үстемдікке жетті. Бату мен Берке билеген тұстарда Алтын Орданың жеке мемлекеттік идеологиясы айқындалып, бір дінде - ислам дінінде сенімдері тоғысқан түркі халықтары материалдық жағынан ғана емес, рухани, мәдени жағынан да өрлеудің ең биік сатыларына жетті. Алтын Орда ішкі жағынан да, сыртқы әлеуметтік жағынан да көршілес елдерге қарағанда, әлеуетті, ынтымағы күшті, білімі мен ғылымы қатты дамыған елге айналды. Оның себебі ішкі рухани бірліктің мықты болғандығында еді. Алтын Орданы құраған халықтар әр тараптын бас қосқан түркі тайпалары болса да, бір тектен шыққан елдей қарым - қатынасты мықты ұстады. Ал бұл үрдіс мемлекетте экономиканың, ғылымның, білімнің өркендеуіне себеп болды.

Алтын Орда кезеңіндегі бұл мәдени өрлеу әдебиеттанушы, шығыстанушы ғалымдардың назарларынан тыс қалған жоқ. «Әсіресе ХІV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай қаласы дүние жүзіне мәшһүр мәдени орталықтардың біріне айналды. Мұнда қысқа мерзім ішінде әлемнің әр түкпірінен атақты ғалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, сәулетшілер т. б. жиналды десек те болады.

Берке, Өзбек және Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам әлемінің ең атақты ғалымдары (Құтб ад-Дин ар-Рази, Сад ад-Дин ат-Тафтазани, Хафиз ад-Дин ал-Баззави, т. б. ) мен ақын - жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми, әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды» [1, 249 ] .

Бұл мәдени ренессанс (қайта өрлеу) көрші елдердің, оның ішінде славян, еуропа, ислам дінін қабылдамаған шығыс халықтарының, алыс жатқан мысыр елінің мазасыздануынан себеп болды. Аталған елдердің билеушілері Алтын Орда мемлекеті осы қарқынмен дами берсе, тыныштық болмайтынын сезгендей аласұрды. Олар әскери құрылымы жақсы жетілген, соғыс ісіне жетік мемлекетті соғыспен ала алмайтынын білгендіктен, Алтын Орданы құлатудың бір ғана жолы болса, ол идеологиялық жағынан шабуылдаудың нәтижесінде ғана жүзеге асады деп есептеді. Осылайша, ХІV ғасырларда құпия діни тапсырмалармен Еуропа жерлерінен, Италиядан миссионерлер, Үнді жерлерінен будда дінін уағыздаушылар түркі жеріне қаптады. Олардың мақсаты біреу ғана: Түркі мемлекетін идеологиялық тұрғыдан әлсіретіп құлату болды.

Бұл кезеңдегі жағдай ғалым Алма Қыраубаеваның докторлық диссертациясында көрініс тапқан: «Алтын Орда құрамындағы түркі тайпалары, оның ішінде қазақ халқы да орасан ауыр рухани халды бастарынан кешірді. Үндістаннан буддашылар, еуропадан христиан діні уағыздаушылар, Қытайдан конфуцияндық ілімнің өкілдері келіп, түркі халықтарын діни тұрғыдан бөлуді мақсат етті. Бұл алдын ала ойластырылған жоспар өз жемісін берді де. Қазақпен қаны бір туыс халықтар ойраттар, қалмақтар, жоңғарлар идеологиялық экспансиялық қыспаққа шыдай алмай, біреулері бұрхан дініне кірді, екіншілері будда дінін қабылдады. Осындай қыспақта қазақ халқы ғана өзінің рухани - мәдени тұтастығын сақтап қалды. Бірақ бұл оңай болған жоқ. Қазақ халқы бұл мәдени шабуылдан үш түрлі құндылықтарының арқасында, дінінің, салт-дәстүрінің, тілінің арқасында аман қалды. Оны екінші Ояну дәуірі деп санауымызға болады» [2, 34] деген ұтымды пікір айтады.

Діні жат, мақсаттары бөтен өзге ұлттар осылайша түркі тайпаларының бірлігіне қол сұғып, оларды идеологиялық жақтан бөлшектеп жатқанда, қатер енді түркі халықтарына екінші жақтан төнді. Ол діні бөлек ұлттардың тарапынан емес, Алтын Ордада сол кезде тым басым сипат алған араб-парсы тілінің, мәдениетінің, салт-дәстүрінің ел арасына тым кең жайылып, түркі тілінің ескерусіз қалып бара жатқандығынан болды. Әміршілер мен сарай төңірегіндегі басқа да лауазымды тұлғалар араб-парсы тілінде сөйлеп, сол тілде іс қағаздарын, жарлықтарын жүргізуді үлкен мәртебе ретінде санады. Араб мәдениетіне, тіліне, әдебиетіне еліктеу белең алып бара жатты. Бұл шындығына келгенде, сырттай білінбегенімен, іштей халықтардың құлдырауына әкеле жатты.

Алтын Орда кезеңінде өмір сүрген түркі тайпаларының мәдени - қоғамдық бейнесі үлкен өзгерістерді бастан кешіруде еді. Сол кезде Алтын Ордада араб, парсы мәдениетінің үстемдік етіп, тез тарауына себеп болған нәрсе - билеушілердің араб, парсы тілінде сөйлеп, солардың мәдениетінің, салт - дәстүрінің ықпалында жүруі еді. Сондықтан Ордадағы көптеген маңызды, мемлекеттік деңгейдегі мәселелер түркі халықтарының бұрыннан қалыптасқан үлгілерде шешілмей, көбінесе араб, парсы дәстүрлерінің ыңғайында шешімін тапты. Шынына келсек, мұндай әрекет - түркі халықтарының бұрыннан қалыптасқан өзіндік ұлттық ерекшелігін жойып, оны араб, не парсы тектес халықтарға айналдырып жіберуі мүмкін еді. Ал бұл сол кездегі билік басында отырған әміршілердің қаперінде болған жоқ. Себебі олар араб не парсы тілінде сөйлеудің елдің, ұлттың болашағына қандай зиянды әсерін тигізерін бағамдай алмады. Түркі халықтарының мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан ұлттық болмысын, ұлттық менталитетін ығыстыра бастаған бұл мәдени шабуылдардың әсерін тек көкірек көзі ашық, рухани жетілген адам ғана сезіне алатын еді. Түркі халықтарының тағдырын айқындайтын мұндай қысылтаяң сәтте сол міндет халықтардың рухани көсемдері абыз - жыраулардың, ақын - жыршыларға артылды. Түркі халықтарының ішінде, оның ішінде қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын жыршылар, ақындар ұлтты мұндай шабуылдардан сақтап қалатын жолды табуы керек болды.

Осындай екі жақты шабуылдан сақтану үшін рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түркі халықтары тығырықтан шығатын жолды өздері табуға мәжбүр болды. Бұл үшін үлкен бір мәдени, әдеби, рухан сілкініс керек - ақ еді. Және оның әдеби ағым ретінде пайда болғандығы ешкімді де, ешқандай халықтарды да таңқалдырмаса керек - ті. Ал бұл бағыт кейін «назирагөйлік» немесе «нәзира дәстүрі» деген ат алып, әдебиет тарихында өзіндік ерекшелігі бар ағым ретінде бағаланады.

Нәзира дәстүрінің қалыптасуына осы кездегі саяси - мәдени жағдайлар әсер етті. Яғни араб, парсы халықтарының дендеп кіріп бара жатқан мәдени жаулап алушылығына тосқауыл қою мақсатында осы бағыт қалыптасып дамыды. Нәзира дәстүрінің пайда болуына және дамуына Әли, Дүрбек сияқты сол кездегі атақты Алтын Орда ақындары үлес қосты. Бұлардың барлығын ғалым А. Қыраубаева өз диссертациясында келтіріп кеткен және назирагөйліктің басталуынан түркі халықтарында қандай зор рухани өзгеріс болғанын айтқан. Ғалымның «назирагөйлік, тіптен, Мұхаммед пайғамбардың өзінен басталуы мүмкін» деген пікірі айқын. Өйткені пайғамбар сахабаларына «Жүсіп пен Зылиха» туралы хикаяны алғаш рет көркем тілмен, рухани жағын көрсете отырып, өзі әңгімелеп берген екен. Мұның өзі түркілік ақындардың, жыршылардың ойдан ештеңені де шығармағанын мәдени қақтығыстарға шешім табатын нәрсені діннің өз ішінен тапқанын көрсетеді. Демек, назирагөйлік өз бетінше шығарыла салынған дәстүр емес, оның астарында пайғамбардын қалған руханият ілімі жатыр. Назирагөйлік жайлы осы тақырыпқа арнайы барған ғалымдардың тұжырымдарына шолу жасасақ: «XIII - XIV ғасырлардағы түркі тектес халықтар әдебиетіндегі негізгі бағыттың бірі - өткенге назар салу, өз заманындағы тірлік тынысына ұқсас жауапты өткен ойшылдар мен ұлылардың шығармаларынан тауып, соларды өз тілінде қайта сөйлетуге ұмтылыс, кейде одан да асырып жазып, айрықша талант биігін танытуға талаптану еді. Мұндай ағымның бел алуына бір кезде әл - Фараби ден қойған Қайта өрлеудің сол дәуірде жер жүзі мәдениетіне жайылып жатуы орасан әсерін тигізді.

Мұндай әсерлер мен ықпалдар Әли, Құтба, Сәйф Сарай творчествосындағы классикалық парсы әдебиетіне еліктеуден, сондағы Қайта Өрлеу идеясына бой ұрған ақындардың шығармаларын, бұрынғы араб - парсы әдебиеті үлгілерін өз заманына лайықтап қайта жаңғырту талпынысынан туған шығармалардан көрінеді» [3, 33] . Назирагөйлік деген ұғымның өзіне ғалымдар әр тараптан шолу жасап, сипаттама береді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz