Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі



МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы
1.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастыру принциптері ... ... ... ... ... 5
1.2. Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі ... ... ... ... 15

2.тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
2.1.Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Даму Банкінің, сондай.ақ екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметінің бүгінгі даму тенденциялары ... 22
2.2. Қазақстандағы банктік қызметтерді мемлекеттік ұйымдастыру . реттеу (ықпал ету) аясындағы жаңа құрылым . қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі ... ... ... 39

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер тізімі ... ... ... ... ..46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы банктік
қызметті мемлекеттік реттеу” деп аталады. Бітіру жұмысы 47 бетті құрайды.
Бітіру жұмысы екі тараудан жәнғе кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады.
әр тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.
Бірінші тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы,
екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастыру
принциптері және банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі баяндалады.
Екінші тарауда, Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Даму
Банкінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметінің
бүгінгі даму тенденциялары жөнінде баяндалады.
Сондай-ақ, бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік –
құқықтық актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де
Заңдарына сүйене отырып жазылған.
Сонымен қатар, бітіру жұмысын ғылыми әдебиеттер және Қазақстан
Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік реттеуге қатысты шығарылған
қаулылар, ережелер, бағдарламалар және қазақстандық және шетелдік
ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.
Бітіру жұмысында көп кездесетін сөздер: банк, қаржы, мемлекет,
комитет, басқару, реттеу, қадағалау, экономика, және т.б.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ___________________________________ __________________ 3
1-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы
1.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін
ұйымдастыру принциптері________________________ _____________ 5
1.2. Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі________________ 15
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
2.1.Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Даму
Банкінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметінің
бүгінгі даму тенденциялары
___________________________________ _______________22
2.2. Қазақстандағы банктік қызметтерді мемлекеттік ұйымдастыру – реттеу
(ықпал ету) аясындағы жаңа құрылым – қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды
реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының
Агенттігі___________________________________ _____________________39
Қорытынды ___________________________________ __________________44
Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер тізімі__________________46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ___________________________________ 47

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады.
Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған
мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде
республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет
атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне
асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты
республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда
республикамызда екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар
мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып
табылады.
Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне
асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп
дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың
айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен
аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын
шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін
ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің
инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке
келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді
тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл
жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы.
Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар 1995 жылғы 30
наурыздағы “Ұлттық Банк туралы” заң және 1995 жылғы 31 тамыздағы “Банктер
және банкілік қызмет туралы” заңы бүгінгі таңдағы банк қызметінің құқықтық
негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне
тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың
қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан
жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық,
айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша
капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын
білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан
Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда
кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің
бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде
конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар
болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның
Ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Ұлттық Банк өз
құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді
қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал
Ұлттық Банк қызметін ҚР-сының Президенті қадағалайды, Ұлттық Банк президент
алдында есеп береді. ҚР-ның банк жүйесі ТМД мемлекеттерінің ішінде даму
қарқыны жағынан бірінші орында тұр.

1-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы

1.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін
ұйымдастыру принциптері

Нарықтық экономика жағдайында өмір сүргенімізге он бес жылға аяқ
бастық. Ал осы уақыт ішінде экономиканың құлдырағанында, ақшаның
құнсызданғанында куәгер болғанымыз рас. Бұл сондай ақ жаңа мемлекетті құру,
экономиканы тұрақтандыру және нарықтық экономикаға деген бейімді
қалыптастыру кезең де болып табылады. Соңғы төрт жыл бойы экономиканың
жылына орта есеппен 10,3 % тұрақты дамуы жалпыішкі өнімді 49% өсіріп отыр,
бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең жоғарғы корсеткіш болып табылады
(Ресейде- 28%, Украинада-29%, Молдавада-24%, Қырғызстанда-16%). Жалпы ішкі
өнім жан басына шаққанда 2002 жылғы 1660 доллардан 2003 жылы 1970 долларға
дейін өсті1. Қазақстанның алтын валюта қоры 69,3% немесе 8,5 млрд.
долларға дейін көбейген, оның ішінде Ұлттық банктің халықаралық резервтері
4,9 млрд долларды, ал Ұлттық қордың ақшасы 3,6 млрд долларды құрайды.
Осындай орнықты дамуды мемлекеттік саяси тұрақтылықты, экономикалық,
әлуметтік бағдарламалардың дұрыс талдап- жасалуы қамтамасыз етуде.
Банк жүйесі экономиканың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі болып
табылады.Банк - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында, валюта нарығында,
депозит нарығында күшті позициялар иеленеді Банк жекешелендіру саласында
белсенді жұмыстар істеуде. Қазіргі таңда елімізде 36 екінші денгейдегі банк
бар. Мұны 1-кестеден байқауға болады. Банктің құрылтайшылары болып оның
акционерлері табылады. Ол ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылғаннан
кейін қосымша жеңілдіктер иелене алмайды және басқа акционерлермен
салыстырғанда қосымша міндеттер жіктемейді.

Кесте-1
ҚР екінші деңгейдегі банктердің сандық құрылымы.2004-2005 жыл.

Екінші деңгейдегі банктердің 35
барлығы.
Соның ішіндегі
Мемлекеттік 1
Мемлекетаралық 1
1- кестенің жалғасы
1 2
Шетел капиталының қатысуымен 16
Коммерциялық банктер 14


Ақпарат көзі: Стат ежегодник 2005

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ұлттық банк - бұл
ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта
резервтерден, басқада материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып
табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық
банк мекемелері арқылы жүргізе отырады.
Екінші деңгейлі банктердің үш жыл ішіндегі капиталын салыстырып
қарайтын болсақ, 2002 жылы банк жүйесінде 790.541 мың АҚШ долларын құрайтын
болса,2003 жылы 1.036.060 мың АҚШ долларын құрайды,ал 2004 жылы 1.115.661
мың АҚШ долларын құрап тұр, ал осы үш жылдың позициясы 100 пайызды құрап
тұр. Өткен жылы банктердің жиынтық меншікті капиталы 38,6 пайызға ұлғайып
1,5 млрд долларға, ал жиынтық активтері 39,3 пайызға көбейіп 11,2 млрд
долларға дейін өсті. Банктік активтердің 60 пайызы экономикаға кредит
түрінде берілген, оның көлемі 6,7 млрд долларды құрайды. Жинақтаушы
зейнетақы қорындағы қаржы 2,5 млрд долларға жетті1.
Қазақстандағы банк жүйесінің қалыпты дамуы бірқатар жәйттермен
байланысты. Біріншіден, ол халықарлық стандарттарды дұрыс меңгере
алмағандығымыздан, есеп және есеп беру, несиелеу және депозит дұрыс іске
аспауында. Екіншіден, Ұлттық банк тарапынан қатаң пруденциялдық-
нормативтік реттеудің нәтижесінде активпен міндеттеменің, меншікті
капиталмен активтің, акционерлермен банктердің арасындағы шектеулердің
дұрыс орындалуына және де банктер беретін ақпарат көздерінің ашықта дұрыс
болуында. Үшіншіден, Депозиттерді сақтандыру кепілдік қорының құрылғандығы.
Төртіншіден, екінші деңгейдегі банктердің соңғы екі-үш жыл көлемінде
халықаралық қаржы институттарынан алып лтырған үлкен көлемдегі арзан бағалы
және несие көздерінің болуы сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің
арасындағы бәсекелестіктің артуында, соның нәтижесіеде соңғы жылдары сыйақы
мөлшнрлемесі теңгемен берілетін несиеде 28 пайыздан 20 пайызға, доллармен
берілетін несиеде 20-21 пайыздан 15-16 пайызға дейін төмендеді2.
Қазақстанның банк жүйесінің ТМД-ның басқа елдерінің банк жүйесімен
салыстырғанда көп ілгері тұр. Оған халықаралық рейтингтік агенттіктердің
беріп отырған жоғары бағалары дәлел. Еуропа Одағына қабылданған Венгрия,
Болгария, Польша және Балтық мемлекеттерімен бір деңгейдеміз. Біздегі банк
жүйесінің негізгі және басты айырмашылығы ол жеке меншік капиталымен
бақылануда, ал Ресейде мемлекеттік қатысуы басым. Стратегиялық салалардан
басқа салаларда жеке меншік капиталының басым болғаны жөн, ол оңтайлы
басқаруға, бақылауға және үлкен жетістіктерге жетуге бейімді. Бұл нарық
заңы. Оған дәлел, орта есеппен алғандағы инфляцияның жылдық көрсеткіші
Ресейде біздегімен салыстырғанда екі есе жоғары, экономикаға берілген
кредит көлемі ЖІӨ-нің Ресейде 10 пайызына жетпейді-25,0 млрд. доллар,
Қазақстанда 23,5 пайыз немесе 6,3 млрд. долларды құрайды ( Ресейде ЖІӨ-
268,0 млрд. доллар, Қазақстанда -26,7 млрд. доллар).
Жоғарыда атап өтілген оң істермен бірге, банктік жүйенің кемшіліктері
да бар екендігін айта кеткен жөн.Бұл бәрімізге белгілі несиелері бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің өте қымбаттығы, ұзақ мерзімді кредиттің аздығы. Рас,
екінші деңгейдегі банктер тарапынан сыйақы мөлшерлемесін төмендетудің толық
қолдау таппай отырғандығын мойындауымыз қажет, бірақ кейбір банктер несие
көздерінің өзіндік құнының жоғары болуына байланысты бірден төмендету
шараларын қолдана алмайды. Себебі, 1999-2002 жылдар аралығында шығарылған 5-
7 жылдық облигациялық құнды қағаздардың 11-12 пайыздық сыйақы шығындарын
толық төлеп бітірмей, арзан сыйақы белгілеу саясатын әкімшілік жолмен тану
нарықтық экономиканың негізгі заңдарына қарама-қайшы келетіндігі айдан
анық. Бұл орайда мәселе әділ бәсекелестік жолымен шешілуі керек.
Ал бәсекелестік өз кезегінде кейбір банктердің әкімшілік-шаруашылық
шығындарын азайтуына, қызметкерлер санын қысқартуына, таза пайда таппаған
банктердің жабылуына немесе бірігуіне алып келеді. Міне, осындай ережелерді
сақтаған жағдайда ғана әділ сыйақы мөлшерлемесін, жылдам алынатын несие
көздерін және сервистік қызметтік жақсаруын күтуге болады
Банк жүйесі Парламент, Үкімет тарапынан да ұдайы қолдау тауып
отыруы қажет. Бұл дегеніміз, заң ережелерінің өзгермеуі, құнды қағаздар
рыногын дамыту, мемлекеттік құнды қағаздардың сыйақы мөлшерлемесінің жалпы
жылдық инфляция деңгейінен төмен болмауы және зейнетақы қорларының
портфельдік мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.Әрине, банк жүйесі
жұмысын насихаттауды жарнама қызметі деп түсінбеу керек, жұрттың банкке
сенімін арзан жарнамамен жоғалтып алу оңай.
Халықтың банкке деген сенімін арттыру шараларын жалпымемлекеттік
саясат деп таныған жөн. Банк тек қана ақша аудару қызметін көрсетпейді, ол
сонымен бірге қор жинау, сақтау, төлемақы қабылдау және пайда көзін табу
функциясын атқарады. Болашаққа деген сенімді күнделікті пайдаланып жүрген
ұлттық валютамыз –теңгеден сезінсек, жүргізілген реформалардың жемісті
болғандығы емес пе.
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Банктер және банк
қызыметі туралың Заңынан бастау алады. Елімізде қабылданған заңдылықтарға
сәйкес Қазақстан Республикадағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк –Қаз КСР-ның Мемлекеттік банкі және
төменгі (екінші) деңгейдегі банк- коммерциялық банктер жүиесі. Банк -
өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру
негізінде қызымет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражаттарын тарту
орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алатын валюта резервтерден , басқада материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда
Ұлттық банкттерден несие ала алады.Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық
резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық
банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге
асырылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ұлттық банк өзінің
атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның
жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд теңгені
құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал жабдықтардан,
көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке
тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндармен шығындардың орнын жабуға
арналады. Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстармен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнотпен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. Ұлттық банктің таза
табысы жарғылық қорды және резекрвтік қорды абсолюттік соммада құруға
бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы
республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық
салықтармен алымдар төлеудне босатылады. Ұлттық банк тек Қазақстан
Республикасының Президентінің алдында есеп береді. Ұлттық банктің
функционалдық құрылымына департаменттермен басқада бөлімшелерден тұратын
орталық аппараты, филиалдары, өкілеттерімен ұйымдары кіреді. Ұлттық банктің
Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бқл жерде екінші денгейдегі банктер туралы айтылып отыр. Коммерциялық
банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі
1.Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке
1

- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен);
2.Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызымет корсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызымет корсететңн банктер.
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4.Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктер;
- ауыл шаруашылық банктер;
- құрылыс банктер.
5.Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2004 жылғы статистикалық мәліметтер
бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші денгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлік қоғам формасындағы банктер, соны ішінде, екі банк қана
мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға Қазақстан даму банкі мен Эксим
банк, ал шетел капиталының қалыптасуымен (100%- 10банк, 50%-аса- 4 банк)
құрылған банктерде саны -14, оның ішінде, еншілес банктер-10. Акционерлік
банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін
түсімдерден құрылған.
Акциялар екі түрге бөлінеді жай және артықшылығы бар акция. Банктің
ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы
оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай ақ
олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық
капитал оның қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы
мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады.
Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы
мүмкін.Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50
пайызы төленуі тиіс. Ал тіркеуге алынған кезеңнен бастап бір жыл ішінде
оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті Жарғылық капиталдың сомасы
заңдылықтармен шектелмейді.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрамдарының бірі. Банктердің және тауарлы ақшалай қарым- қатынастардың
даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүрді және оларды бір бірімен өзара тығыз
байланысты нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарды. Банктік жүйенің мақсаттары мен
міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттарымен міндеттері
бірдей, әйтседе банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы
басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін өзіне тән жеке
міндеттерін орындайды.Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен
несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы
қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма- қолсыз есеп айрысу
арқылы экономиканың үздіксіз қажет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады,
қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер өз қызметін орындау кезінде функционалдық экономикалық салалық
(министерствовалық. Компания фирмалар) және аумақтарды(жергілікті орган)
басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Банктік жүйеде
қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған мемлекеттік шаруашылық
буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы
қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша
бақылау жүргізуді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік
үрдіске әсер етті. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада,
қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде.
Банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша
массасын реттеудегі әдітерін жетілдіру, есеп айрысуды тездету және төлем
тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 15
қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл тенгемізді енгізді.
Бірақ инфляция тоқтамады оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 пайызға жетті.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарлату және
сауықтыру бантерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға
қолбағыс етеді. Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен
несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді.
Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды
ынталандырды.
Екінші деңгейдегі банктер жүйесін одан әрі дамуы мен үзгерістері. 1998
жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі- ломбардтар, несиелік
бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтікфирмалар, клиринктік
палаталар т.б түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің
жүйесімен толықтырылады және екінші денгейдегі банктерден тұратын болады.1
Екінші денгейдегі банкті капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі
тиісті және корпоративті бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау тек олар
бойынша диллерлік операциялардан басқ банк қызметінің барлық түрлері жүзеге
асырылатын болады. Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, үздерінің
белгіленген өзіндік қызыметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда
болады және олардың қызыметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.
Банктік жүйенің аумақты дамуының бір қалыпты еместігін ескергенде,
Қазақстанның үлкен аумағында банктік инфрақұрылымның дамуындағы мәселелерді
шешудің мүмкін болатын бірден-бір әдісі- пошта, мемлекет немесе басқада
банктер тарапынан бақыланып отыратын банктік қызыметтің жеке түрін
көрсететін пошталық бүлімшелердің жерлерін қолдану болып табылады. 1998
жылы ҚР Ұлттық банкі Екінші денгейдегі банктердің халықаралық
стандарттарға көшу туралың ережесін қабылдады. Осыған сәйкес екінші
деңгейдегі банктердің отыз бірінші топқа кірді, әрі олар 1998 жылдың соңына
дейін халықаралық стандартқа өтуі тиіс, ал қалған отыз банк екінші топқа
кіреді, оларға 2000 жылға дейін халықаралық стандарттарға өту жіктеледі.
Қалған 17 банктер несиелік серіктестерге, не олар ірі банктермен қосылуына
болады шешім қабылдап оны бүгінгі таңда іс жүзіне асырды.
Банктік заңдардың нормаларымен бекітілген қағида ережелер мен
принцптерге негізделген кәсіпкерлік қызыметтің бір түрі және мемлекттің
ұйымдастырушы құқықтық ықпалының аясындағы банктік қызымет өзінің
экономикалық, сондай-ақ құқықтық мән жайлармен ерекшелененді. Осы банктік
қызымет аясында, көбнесе ақша несие және қаржылық қатынастар жүйесі жатады.
Бүгінде, нарықтың даму талаптарымен ықпалына орай банктік қызыметтің
мақсаттары мен принцптері жіне құқықтық негіздері айтарлықтай үзгерістерге
ұшырауда. Әсіресе банктік қызыметтің принцптік негіздерінің заман
түрленуіне сай келмеуі де банк жүйесінен орын алып отыр. Осыған қарамастан
банктік құқық аясында қарқынды жүзеге асырылып жатқан банктік қызыметтің
қоғамдық мемлекеттік мкғызы күн санап өсе түсуде, оның себебіне аталмыш
аяны реттеуге мемлекет мүддесін көздей отырып құқық салаларының
басымдылығын жатқызуға болады. Мемлекет мүддесіне орай жүзеге асырылатын
банктік қызымет ұлттық валюта- теңгенің бағамына қолдау көрсету, банк
жүйесін дамыту және оның тиімділігін жоғарылату, есеп айырысу оның ішінде
ақшасыз есеп айырысу жүйесінің айтарлықтай қалыптастырылып, қызмет
атқарылуына назар аударылу, несиелену қатынастарының экономикалық және
құқықтық негіздерін жетілдіру арқылық несиелік жүйенің тиісінше жұмыс
істеуіне жағдай жасау іске асыру арқылы айқындалады.
Банктік қызметті мемлекеттің уәкілет айрықша қаржылық кредиттік өктем
өкілеттік берілген органдары ретінде жүзеге асырылатын Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан даму банкінің мемлекеттік ақша-
несиелік және біршама деңгейдегі қаржылық саясатын бірінші кезекке, ал өз
қызметтер барысында жасалған шығындарын қалпына келтіруге байланысты
банктік операциялармен мәмлелерді екінші кезекке қою арқылы іске асыру
осыны дәлелдейді. Ал банк жүйесіедегі коммерциялық банктер өздерінің
операциялары мне басқада мәмлелерін барынша пайда табуды көздей отырып
жүзеге асырғандықтан олардың қызметтері кәсіпкерлік қызметтің бір түрі
болып табылады. Бұл жерде банктік қызмет, оның қаржылық нәтижесі және
банктік құқықтық қатынастардың өзара тығыз экономикалық байланыста анық
байқалады. Сонымен бірге банктік қызметтің қоғамдық- мемлекеттік сипаты
конституциялық, әкімшілік, қаржылық салықтық және банктік құқық арқылы
көрініс табады. Банктік қызмет қаржылық, валюталық және несиелік реттеудің
нысаны болып табылады. Осы айтылған мән жайларды түйіндесек мынадай:
1. Банктік қызметтер ешбір уақыт шектеуіне қарамай, тоқтаусыз жүзеге
асырылады және мақсатты бағдарлы түрде құқықтық реттеледі.
2. Банктік құқық нормаларының және халықаралық банктік қызмет қағидалары
мен стандарттары негізінде жүргізіледі.
3. Банктік қызмет барысында туындайтын банктік құқықтық қатынастардың
қатысушылары айрықша банктік мән-жайларға байланысты заң жүзіндегі
теңсіздік орын алады.
4. Банк жүйесіндегі қарым-қатынастар көп жағдайда еріктілік әрі сенімділік
тұрғысынан көрініс табады.
5. Қазақстанның әртүрлі құқықтық салаларын тиісті нормалары негізінде
банктік қызмет аясында құқықтық режимде (тәртіптер мен талаптар)
белгіленеді.
6. Мына екі аса маңызды: өз қаражаттары мен қарызға алынған ақшалар
негізінде, сондай-ақ мемлекет болмысы мен егемендігін қамтамасыз етуге
қажетті пайда табу бағытында жүзеге асырылады.
7. Банктік қызмет аясындағы экономикалық процестердің ұтымдылығы мен
тиімділігі және үнемділігін арттыру, сондай-ақ құқықтық негіздері мен
принциптерін жетілдіру арқылы мемлекеттік және жекеше мүдделердің біршама
теңдестірілуіне қол жеткізуге болады деген тұжырым жасай аламыз.
Міне, осы банктік қызметті жүзеге асыру негізінде жататын принциптер
жөніндегі және обьективті-субьективті талаптарға орай мүмкіндігінше жаңадан
қалыптастыруға қатысты мән-жайлар мен мәселер жоғарыда баяндағанымыздай
өзекті сипат: алып отыр.
Біздің ойымызша, бұл жердегі басты міндетке банктік қызметтің
принциптерін қалыптастырып, белгілеу сондай-ақ олардың теориялық және
практикалық мән-маңызын зерделеу жатады.
Банктік қызметтің құқықтық негізі болып табылатын құқықтық нормаларды
нормативтік маңызы бар принциптердің ерекшеліктерін есепке алмай
пайдаланудың оң нәтиже бермейтіні белгілі. Демек, құқықтық нормалар қатысты
құқық принциптеріне сай болуға тиіс. Осыған байланысты банктік қызметке
қатысты принциптердің қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Конституциясының тиісті баптарына назар аударып, қарастырып өту қажеттілігі
туындайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-
тармағында:"Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық
пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
" деп көрсетілген. Банктік қызметтің маңызды қыры қоғам мен мемлекеттің
мүддесін көздейтін экономикалық мән-жайы бар құқықтық қатынастарда көрініс
табады.
Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген
өкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. Демек, Қазақстан
Республикасы ұлттық Банкі мен Даму банкі өз өкілеттіліктері шегінде жалпы
мемлекеттік мүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге атсалысады.
Банктік қызмет аясында "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
конституциясының соған сәкес заңдардың өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республикалқ халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ РеспубликаКонституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады"
Қазақстанның жүйесінде халықаралық банктік қызметтер стандарттары
міндетті түрде қолданылады, "Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық
принциптері мен нормалардан құрметтейді..."
Қазақстан Республикасы ұлттық Банкісі мен Даму банкісі қазақстан
Республика Укіметі мен қаржы министрлігі қызметтерінің басымды бағыттары
ақша-несие қаржы саясатын іске асыру барысындағы тиісті іс-қимылдары
арқылы мемлекет атынан билік жүргізу болып табылады.
Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР Конституциясы,3-бап, 4-тармағы) Осы
баптың қағидалары атқарушы және сот билігі органдарының тиісті заңды
негізінде банктік қызмет аясында белгілейтін құқықтық режимдерінде көрініс
тапқан.
Банктік қызметті ерікті еркін түрде арқылы экономикалық белсенділік
көрсету құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес
туындайды. "меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік
иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді. " Осы кәсіпкерлік қызметті яғни банкілік
қызметті жүзеге асыру еркіндігі принципі жөнінде ҚР Конституциясының 26-
бабының 4-тармағында "Аркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүмкін
кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.
Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тиым
салынады"
1. Банктік қызметтің қоғамдық мемлекеттік маңызын адамдардың жалпы мүддесін
жоғары болуына жол бермеу.
2. Банктік қызмет пен банк жүйесін ұйымдастыру, реттеу, бақылау-қадағалау
және басқару кезінде тек мемлекет мүддесі ғана көзделінбей, сонымен қатар
жалпы қоғамның мүддесін тиісінше қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;
3. Банк жүйесінің ауқымындағы барлық банктер мен басқа да ұйымдардың сондай
ақ олардың клиенттерінің қандай да болмасын іс-қимылдарының тиісті
нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылуына қажетті жағдай
жасау;1
4. Жоғарыда баяндаған жағдайларға байланысты банктік қызмет аясындағы
қоғамдық-мемлекеттік және жекеше мүдделердің мүмкіндігінше
теңдестірілуіне атсалысу.
5. Қазақстанның банк жүйесінің құрылу және даму принциптеріне қоса банктік
қызмет негізінде жатқан принциптерді айқындау және оларды банк жүйесінің
тиісті талаптарына сай нақтыландырып заң жүзінде не болмаса оның
ережелерінде белгілеу сияқты тұжырымға келуге болады.
Сонымен, "ұлттық Банк туралы", "Банктер және банктік қызмет туралы"
және "Лицензиялау туралы " ҚР Заңдарын осы жұмыстың желісіне орай
қарастырып, талдау барысында мына:
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесін екі деңгейлі етіп құру принцип;
2. Қазақстан Республикасы ұлттық Банкісінің тәуелсіздігін принципі. "ҚР
ұлттық Банкі туралы" ҚР Заңның 3-бабында ұлттық банкінің тек ҚР
Президентінің құзырында болатыны яғни басқа мемлекеттік билік органдарына
бағынышты емес екендігі жөнінде айтылған. Осы жайларды бекіту мақсатында
ҚР ұлттық Банкісінің тәуелсіздігі принципінің қандай элементтерден
құралатынын білуіміз қажет. Оларға: мүліктік тәуелсіздік; бюджеттік
тәуелсіздік; қаржылық тәуелсіздік; инструменталдық тәуелсіздік; кадрлер
жөніндегі тәуелсіздік жатады. Аталмыш екі принцип "ҚР ұлттық банкі туралы"
ҚР заңның 1-бабының 1,2,4-тармақтарында, 9-бабының 1,2-тармқтарында, 11-
бабының 1,2-тармақтарында, 30-бабының 1-тармағының жеті тармақшасында, 12-
бабының 1,3-тармақтарында, 13-бабының 1-3 тармақтарында, 15-бабының а) –т)
тармақшасында, 16-бабының 1-3- тармақтарында, 18-бабының 1-4-
тармақтарында, 19-бабының 1-5-тармақтарында, яғни солардың қағида-
ережелерінде көрініс тапқан.
3) Қазақстан Республикасы ұлттық Банкісінің заң жүзінде белгіленген
өзіне тән функцияларын жүзеге асыруына байланысты жауапкершілігі принципі.
"ҚР ұлттық банкі туралы " ҚР Заңның 7-бабының 1-тармағында және 2-
тармағының 1-тармақшасындағы, 13-бабының 4-тармағындағы және тағы басқа
баптардағы ережелерді салыстыру арқылы осы принцип банктік қызмет аясындағы
өз орынын табады деп санаймыз. Әрине, экономикалықтәртіп ағымы мен
мемлекеттік билік жүйелеріндегі әр алуан обьективті және субьективті
құбылыстарға байланысты осы принциптердің іске асырылуы ойдағыдай болмай
тұрғанын мойындауға тиіспіз.1
4) Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды еліміздің банк жүйесін
мемлекеттік реттеуге қатысты іс-қимылдармен байланыстыру принципі. Осы
принципке негізделген банктік қызметтің экономикалық тиімділігінің орта
түсетіні және қатысушылардың материалдық мүдделерінің айтарлықтай
теңдестірілуіне қол жеткізілетін жөнінде
Міне, осылайша банктік қызметті жүзеге асыру негізіндегі принциптердің
кейбір мәселелеріне тоқталып өттік. Банктік қызмет принциптері көбінесе
банктік құқық нормаларында бекітілген, сондай-ақ банктік қызметке
қатысушылардың теориялық және практикалық іс-қимылдарында қолданылатын
белгілі бір ғылыми ережелер түрінде көрініс табады. Банктік қызмет
принциптерін негіздеу процестері;
1. тек банктік қызметке қатысты аса маңызды обьективті-қажетті
заңдылықтар мен қатынастарды көрсетуге тиіс;
2. банктік қызметтің тұрақты өзара байланыстар мен қатынастарды және
жағдаяттарды сипаттауға тиіс;
3. банктік қызметтің тек өзіне тән айрықша ерекшелігін білдіруге тиіс
деген талаптарға сай келгені абзал болады.

1.2 Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі.

Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі
активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді
активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің
өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне,
толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне,
табыс әкелуіне қарай анықталады. Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті
орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің
қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін,
олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай
жіктейді. Коммерциялық банк дегеніміз- ақша қаражаттарымен болатын
операцияларды, сондай-ақ оған заңмен жүктелген басқада банк операцияларын
жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме. Банк операциялары пассивті
және активті болып бөлінеді, банк пассивті операциялар арқылы кредит беру
үшін ресурстар құрайды, ал активті операциялар арқылы осы ресурстарды
пайда табу мақсатында пайдаланады. Коммерциялық банктердің активтерінің
құрылымын 1- суреттен көруге болады.

Коммерциялық банктердің активтерінің құрылымы.

Сурет-1

Жоғарыдағы суреттен байқайтынымыз, яғни коммерциялық банктердің
активтерінің бірнеше түрі бар. Оған мыналар кіреді: Касса және оған
теңесетін ақшалай қаражаттар, несиелер, бағалы қағаздарға жұмсалатын
инвестициялар, банктің ғимаратымен жабдықтары. Ал өтімділігіне қарай
активтер үш түрге бөлінеді.
Өтімділігіне қарай банк активтері мынадай топтарға бөлінеді.
Жоғарыдағы суреттке қорытынды жасайтын болсақ, өтімділігіне қарай
активтер жоғары өтімді активтер, өтімді активтер, ұзақ мерзімді өтімді
активтер болып бөлінеді.
Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
• Кассадағы қолма-қол ақшалар;
• Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;
• Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;
• ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше
елдер, яғни бейрезиденттердің банктеріндегі тұрақты валютада
салынған корршоттағы қаражаттар.
Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар. Банктің бұл
қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін
активтерге жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген
несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 (кепілхат және кепілдікпен 1
жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Өкіметтің кепілхатымен, бағалы
қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп
тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке
қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді
және ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне,
сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен
пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1-топ. Алғашқы резервтер — бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге
деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді
активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
• Касса;
• Орталық банктегі корршоттагы және өзгеде шоттардағы ақшалай
қаражаттар;
• Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
• Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің
негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс
әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең
төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру
болады. Оларға мыналар жатады:
• Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
• Талап етілетін несиелер (онкольдық);
• Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты — алғашқы
резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі — банктік несиелік портфелі.
Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ
банктің пайдасының басты көзін құрайды.
4-топқа инвестиииялык портфель жатады. Инвестициялық портфельді
қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді
бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ
оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде
болу.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16
қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген Активтердің, шартты
міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға
жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралың ережесіне сәйкес,
банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің
Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің
жіктелуі және олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді.
Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа
банктерге байланысты банктің талаптары жатады.
Аталған ережеге сәйкес активтер мен шартты міндеттемелер стандартты
және жіктелінген болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып
табылады.
Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты
күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы
қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз
алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу
санаттарына байланысты жүзеге асады.
Провизиялар — активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының
төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың
сомасы.Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар — бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет
ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін
шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.
Арнайы провизиялар — бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен
немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша
шығындарды жабуға арналған провизиялар.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.Несие-есептеу
операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие
беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден
түседі.
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың
сапасына байланысты 5%-дан 100%-ға дейін құрылады.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз
белгілерге байланысты топтастыруға болады:
• борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және
жергілікті үкімет органдарына, халыққа,басқа банктерге берілетін
қарыз;
• пайдаланатын мерзіміне байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан
жоғары);
• қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген
қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
• борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке,
саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
• қамтамасыз етілуі бойынша - кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және
қамтамасыз етілмеген (бланктік).
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері (қағидалары)
сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарылымдылық, мерзімділік,
төлемділік және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда,
Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокоррентік шот деген несиелік шотпен ағымдағы
(есептесу) шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық)
клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты
бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы
қажеттілікке беріледі.
Актив операцияларының жалпы бірнеше түрі бар. Ал кейбір
мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада) банктері несиені шектеуді овердрафт
бойынша жүргізеді. Овердрафт - клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді
несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан
артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде
ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары сомасы ағымдағы
шот ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы - кореспондентті
шотпен берілетін несиенің түрі. Ол - клиенттің ағымдағы есеп айырысуына
қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы
жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.1
Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент
арасында келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім
аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті.Несие линиясы бір жылға
ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ және
қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады. Әйтседе,
егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің аяқталуы
мерзіміне дейін оны жою кұқы банкте болады. Несие линиясы банк жоғары
сенім көрсеткен бірінші класты борышқорға қолданылады. Келісім
бекітілгенде клиенттің несие линиясы лимитінің 20-30% көлемінде орнын
толтыратын (компенсационный) аз қалдық сақтау жағдайы көрсетілген құжат
қоса тіркеледі.
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі -несиелік шотты
пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие сомасы несиелік
шоттың дебетінен клиенттің ағымдағы (есептесу) шотының кредитіне
аударылады. Есеп-төлем құжаттары борышқордың несиелік шоты-нан тікелей
төленуі мүмкін.
Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының.
(синдикат) көлемді сома беретін синдикаттык несие формасы қолданылады. Бұл
жағдайда қатысушы-банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін
атқарады. Германия мен Жапонияда консорциум-дық несие де кең дамуда. Ол
синдикаттық несиеден екі және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және
басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі
сомаға (30 млн. АҚШ долл. жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін
ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің,
басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері
көрсетіледі.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг
операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді
талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы
капиталын несиелеп, оның, несиелік тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қаблеттілігін
талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау
қауіпін банк (фактор) өзіне алатындықтан, ол жеткізушіге шоттың жалпы
сомасының 80-90%-ін бірден өзі төлеп, ал қалғанын (резервін) дебитор
қарыздың барлық сомасын өтегеннен кейін ғана қайтарады. Коммерциялық
банктер несиенің осы түрін дамытып, өз операцияларын кеңітуге қосымша
мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және клиенттерімен байланысын нығайтуға
қол жеткізеді.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен
қатар банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы-
кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг
объектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын
жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін
төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді
қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома
жабдық алуға жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің келесі маңызды операциясы бағалы
қағаздармен жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы
қағаздарды сатып алу (инвестиция), жаңадан шығарылған
бағалы қағаздарды (үлесті қағаздарды-негізінен акцияларды)
ұстаушылар арасында алғашқы орналастыру, клиенттің тапсыруы бойынша
бағалы қағаздарды сатып алу және сату (бағалы қағаздардың екінші
айналымына қызмет ету), бағалы қағаздар шығаруға қарыз беру. Ондай
бағалы қағаздар жай және артықшылықты акциялар, облигациялар, мемлекеттік
қарыз міндеттемелері, вексельдер және т.с.с. қағаздар болуы мүмкін.
Мысалы, банктің вексельдермен жүргізетін актив операциялары:
есептеу (дисконттық) және қайта есептеу операциялары, несие
беру, акцепт бойынша операциялар, инкассациялау, вексельдік
кепілдік беру және т.с.с. операциялар.
Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты -
дивиденд және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың
табыстылығы оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды
өтеу мерзімі қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі
ұзақ болған сайын, бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді (ауытқиды).
Сондықтан коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға
ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға ақша салудан гөрі тиімділеу.
Сонымен коммерциялық банктердің активінін бұрыннан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты - несие беру (несие-
есептеу) операциясы және бағалы қағаздармен операция (қор биржасындағы).
Бұл операциялар банк балансының 80%-ін құрайды. Бұдан басқа банктер
кассалық, акцепттік, шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай-
ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Әсіресе актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі
коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен (тартылған) қызмет
жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы
көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне
байланысты.

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі

2.1.Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Даму Банкінің,
сондай-ақ екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметінің бүгінгі даму
тенденциялары

Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өту мән-жайлары
кредиттік-қаржылық жүйе мен банктік қызмет аясындағы қатнастарды күрт
өзгерткені белгілі. Бүгінде, қаржы рыногының банктік секторын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банктік қадағалау және оның қызметіне әсері - Оқу тәжірибесін өту нәтижелері туралы
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Банктердің басшы қызметтері
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
Пәндер