Ақ Орда хандығының құрылуы мен әлсіреуі (XIV-XV ғ.): саяси қақтығыстар, әлеуметтік-экономикалық даму және қазақ этногенезі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ақ Орда хандығының пайда болуы

Ақ Орда кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы . Бұл кезде Ақ Ордамемлекетінің шаруашылығы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта құруға зор күшжұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығанақ қаласында өз аттарымен металл ақша шығарды.

1361 жылы Ақ Орда билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын бірәз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы- Тарханды (Астыраханды) қоршауға алды Камба бұлғарыларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордаға билікті Мамайға беруге мәжбір болды. Өйткені бұл кезде Орта Азиядағы Мауренахыр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Орданың оң түстік шекарасына шабуыл қалпын төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдлануға тырысты. Түйқожаны Ұрыс хан Алтын Ордаға қарсы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын . Ал Тоқтамыс Самарқантқа қашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару - жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ т Ордаға қарсы айдап салды.

Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бұл соғыста Ұрыс ханның баласы Құтылық Бұға қаза тапты . Әмір Темірден әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Ұрыс ханның баласы Тоқтакқия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бұл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариадан өтіп, Отырар маңына орналасты. Ұрыс хан әскерімен Сығанаққа келіп тоқтадвы. Алайда екі әскер тобы осылйша бір-біріне жақындамай, атлған жерлерде үш айдай түрып, щайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Тоқтақианы қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді.

1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Осы кезде Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ темірге сүйеніп, Темір мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы - Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтпамыстыңбұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово дасында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тақтаған жоқ, әбден кшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ темірдің қамқор - қамтуынан босануға тырысады, Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа Қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді . Темірдің басқыншылық соғыстары нәтижесінде жәнге ішкі талас - тартыстан XIV ғ. aяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIV-XV ғасырлардағы Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығының саяси-әлеуметтік дамуы
XIV-XV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан және Әбілқайыр хандығының этносаяси қауымдастықтары және қазақ этногенезі
Ақ Орда: құрылуы, саяси дамуы және Қазақ хандығының қалыптасуына әсері (XIII-XV ғғ.)
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы (XV ғасыр): саяси-экономикалық негіздер мен аймақтық қақтығыстар
Қазақ хандығының құрылуы және XV-XVIII ғғ. саяси-әлеуметтік дамуы
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы: XV-XVIII ғасырлардағы саяси-әлеуметтік даму
XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда, Ноғай Ордасы мен Моғолстан: саяси, экономикалық және мәдени өзгерістер
Бұрындық ханның рөлі мен тағдыры: Қазақ хандығының бастапқы кезеңіндегі саяси қақтығыстар (XV ғ. 70-XVI ғ. басы)
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуы және саяси-әлеуметтік мен экономикалық дамуы
XIV-XV ғасырлардағы Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы, территориясы және қоғамдық-саяси құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz