Банк жүйесі және банк операциялары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Орындаған:

Тексерген:

МАЗМҰНЫ
Бет
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
Бет: 3
МАЗМҰНЫ: I. БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ АЯСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Бет:
МАЗМҰНЫ:

1. 1 Банктердің маңыздылығы және қызмет ету аясы

Бет: 5
МАЗМҰНЫ:

1. 2 Банктің нарықтық экономика жағдайындағы рөлі

Бет: 7
МАЗМҰНЫ:

1. 3 Банктердің түрлері мен негізгі қызметтері

Бет: 9
МАЗМҰНЫ: II. БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН БАНК ЖҮЙЕСІ
Бет:
МАЗМҰНЫ:

2. 1 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы

Бет: 11
МАЗМҰНЫ:

2. 2 Банк жүйесі және оның құрылымы

Бет: 17
МАЗМҰНЫ:

2. 3 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуындағы мәселелері

Бет: 19
МАЗМҰНЫ:

2. 4 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуындағы мәселелерін шешу жолдары

Бет: 22
МАЗМҰНЫ: III. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Бет:
МАЗМҰНЫ:

3. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қазметтері мен операциялары

Бет: 24
МАЗМҰНЫ:

3. 2 Коммерциялық банктердің активті операциялары

Бет: 25
МАЗМҰНЫ:

3. 3 Коммерциялық банктердің пассивті операциялары

Бет: 30
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
Бет: 35
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бет:

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғарғы дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінен-пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Банктер экономика секторында маңызды рөлдердің бірін алады. Себебі, қоғамның меншік ақша ресурсының шектеулігінен, ол өз қажеттілігін қарыз алу арқылы қанағаттандыра алады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында банктік қызметсіз көптеген операциялар жүзеге асырылмай экономикалық жүйе, әсіресе нарық дамымай артта қалар еді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты банктер мен олардың нарықтық экономикада алатын рөлін ашып көрсету. Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер қойылуда:

  • банктің нарықтық экономика жағдайындағы рөлін, маңыздылығын, сонымен қатар шетелдік банктердің ерекшелігін көрсету;
  • банктердің түрлерін, активті және пассивті операцияларын айқындау;
  • Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының мәселелері шешу жолдарына тоқталу.

Курстық жұмыстың міндеттері - банктің пайдасын басқару, Қазақстан банк жүйесінің екінші деңгейіндегі айрықша кредиттік - қаржылық коммерциялық құралымын, Активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша салыстырмалы теңгерімділігімен, тәуекелді басқарудың кешенді жүйесін кезең - кезеңмен қалыптастыру.

- Жиынтық активтерінің, несиесінің, депозиттердің және табыстылық көрсеткіштерінің серпінмен өсуі; банк қызметінің Халықаралық стандарттарға сай жұмыс атқаруы

- Несие сапасының және инвестициялық қоржының қанағаттанарлық деңгейі, мүмкін болатын залалдарының резервтерімен ( провизияларымен ) жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі. жаңа банктік өнімдерді пайдалану, олардың төменгі шығындар, желілік тиімділіктер мен техноллогиялар есебінен арта түсуі.

- Банк қызметтерінің тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету.

- Банктер арасындағы бәсекелестікті күшейту. Менеджмент сапасын арттыру, активтер мен пассивтерді басқару және тәуекелді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру

- Банк секторының үйлесімді дамуы, банк өнімдері мен қызметтерінің және технологияларының санының өсуі мен сапасының оған сай болуы.

- Банк капиталының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру. Банк секторларының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік, капиталдану және бәсекелестік қабілеттілік жағынан қол жеткізген деңгейі.

- Ішкі ұзақ және орта мерзімді банктік ресурстардың шектелуі.

Тақырыптың өзектілігіне келсек, нарықтық экономиканың ең маңызды бөлігі банк жүйесі болып табылады. Оны мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыруға болады. Тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру - Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсат болып отыр. Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 2010 жылы банк жүйесінің төлемпаздығын қамтамасыз ету және құрылыс секторын тұрақтандыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды

I. БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ АЯСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  1. Банктердің маңыздылығы және қызмет ету аясы

Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған, мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етеді.

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдын да жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады. Қоғамда белгілі - бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастырдың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық рөлі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілдік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдардың мағынасы арта түседі.

Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі несиелік механизмді жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады.

Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің маңызы зор. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты.

Банктік реформаның негізгі мақсаты - экономиканың жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады.

Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді.

Коммерциялық банктер халық шаруашылығмен тікелей қызмет ететін және қызмет көрсететін коммерциялық негізде кең көлемде қаржы қызмет жасайтын кәсіпорын.

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық қызмет көрсетуге дайын. Мұндай кең көлемдегі операциялар банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бұл операциялар банк пен клиенттерге пайда әкеледі;

1. салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметін актив болады, кейде үстінен пайда әкеледі;

2. қарыз алушыларға коммерциялық банк жоғары мөлшермен пайда табуға себеп тигізеді.

Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруде максималды төмендетуде. Мұндай шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда.

1. 2 Банктің нарықтық экономика жағдайындағы рөлі

Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың даму тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасаййды.

Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасап, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарын «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертедегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.

Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ол әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономикалық үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық, салалық және аумақтарды басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта.

Банктердің экономикалық жауапкершіліктерінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

1. 3 Банктердің түрлері мен негізгі қызметтері

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігі шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептеу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-біріне көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады;

Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.

Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер әмбебап және маманданған болып бөлінеді.

Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен банктер федералдық, республикалық және аймақтық болып бөлінеді.

Төртіншіден, экономикалық әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен-салалық және салааралық болып бөлінеді.

Дүниежүзілік тәрбие дәләлдегендей қазіргі банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктердің аралар варианттарын қолдануда.

Ұйымдық тұрғыдан банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы-акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өткізілуі мүмкін. Кезексіз жиналыс банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланды. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші клиенттерден құрылып, нақты іс-әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді.

Коммерция банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін келтірейік. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді:салымдар жинақтау (осы жинақтарды қабылдау және төлеу) ; депозиттік және кассалық операциялар (кіріс және шығын кассалары, ағымдағы шоттарды жүргізу, чектермен операциялар, инкассалық және клирингтік операциялар, ақша аудару) ; есеп- несиелік операциялар (несие қабілеттілігін тексеру және несие беру, вексельдерді есептеу ) ; инвестиция және бағалы қағаздар (акцияларды, аблигацияларды сатып алу және сату ) ; бухалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.

II. БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН БАНК ЖҮЙЕСІ

2. 1 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы

Қазақстан 1990 жылғы желтоқсанда республиканың егемендігі жарияланғаннан кейін нарықтық экономика талаптарына жауап беретін өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1990 жылғы желтоқсанда «Қазақ КСР банктер және банк қызметі туралы» заң, ал 1993 жылғы 13 сәуірде заң қабылданып, оның негізінде КСРО Мембанкінің Қазақ Республикалық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Банк жүйесін реттейтін ұлттық нормативтік және құқықтық базаны түбегейлі қалыптастыру үдерісі басталды.

Өткен уақыт тұрғысынан қарағанда республиканың Ұлттық Банкін құру туралы шешім әрі өзекті, әрі пісіп-жетілген, сонымен қатар келешекті көздейтін шешім ретінде бағаланады.

Бұл шешім әрі өзекті, әрі пісіп-жетілген шешім ретінде бағаланды, оның үстіне осы уақытта бірыңғай ақша жүйесін сақтап тұрудың мүмкін еместігі, меншікті валютаны енгізудің және дербес ақша-кредит саясатын жүргізудің қажеттігі айқындалды, мұның өзі меншікті банк жүйесінің болуын табанды түрде талап етті.

Бұл шешім келешекті көздейтін шешім ретінде бағаланады, себебі Ұлттық Банкті жоғары деңгейге шығара отырып, экономиканы кредиттеудің өркениетті нысанын қамтамасыз ететін екі деңгейдегі банк жүйесін енгізбейінше, банк жүйесі нарық экономикасының қалыптасуына қолдау көрсете алмас еді. Нәтижесінде республика қазіргі даму деңгейіне қол жеткізбеген болар еді.

Саяси тұрғыдан бұл оңайға түскен жоқ, өйткені соңғы сәтке дейін Қазақстан үшін бұдан әрі экономикалық дамудың ең озық нұсқасы болып саналған Ресеймен бірыңғай ақша жүйесін сақтап қалу идеясына қолдау көрсетілді. Сондай-ақ жыл сайын өндірістің құлдырауы 10, 9%, инфляцияның деңгейі төрт таңбалы болу жағдайында жаңа банк жүйесін құру экономикалық тұрғыдан оңай болған жоқ.

1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін құру туралы заңды қабылдау ел экономикасының даму барысына жақсы ықпал етті, себебі банк жүйесін реттеудің ұлттық нормативтік және құқықтық базасын түбегейлі қалыптастыру үрдісін бастауға және меншікті валютаны ендіруге дайындалуға мүмкіндік берді.

Банк жүйесі өткен 15 жылда бүкіл экономикамен қатар дамыды, және оның даму уақытын 3 кезеңге бөлуге болады.

1993 жылғы қараша - 1995 жыл аралығындағы кезең - гиперинфляцияны ауыздықтау кезеңі. Теңгені енгізу сәтінде Қазақстанның экономикасы өте ауыр жағдайда болды. 1993 жылы инфляция 2165% құрады, ал 1991-1995 жылдары тұтастай алғанда өндіріс 50% жуық құлдырады.

Осындай жағдайларда Ұлттық Банк үшін бірінші кезектегі міндет инфляцияны төмендету болып табылды.

Ұлттық валютаны ендіру сәтіндегі тарихи қалыптасқан ахуал нәтижесінде Ұлттық Банк іс жүзінде коммерциялық банктердің функциясын орындады: кәсіпорындарға тікелей кредиттер берді, мемлекеттік бюджет тапшылығын тікелей қаржыландыруды жүзеге асырды, бұл орталық банктің мәртебесіне қайшы келді. Сондықтан Ұлттық Банк бірінші кезекте банк жүйесін реформалауды жүзеге асырды.

1994 жылы жеңілдікті кредиттер беру және кәсіпорындардың кредит үшін Ұлттық Банкке тікелей өтініштерін қарау практикасы тоқтатылды. Үкіметке бюджет тапшылығын жабуға арналған кредиттер ақылы негізде беріле бастады. 1995 жылы Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банктің экономикаға кредиттер беруі тоқтатылды. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай өзгерді: кредиттік ресурстарды Ұлттық Банк кредиттік аукциондар арқылы және ломбардтық негізде орналастыра бастады. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды.

Нәтижесінде экономиканы кредиттеу функциясы банктерге өтті, олар кредит ресурстарын қалыптастыру үшін халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражатын және сыртқы заемдарды тарта бастады.

Банк жүйесін дамытумен қатар Ұлттық Банк халықаралық қағидаттар мен стандарттарға негізделген тиімді банктік қадағалау жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізді. 1993 - 1994 жылдары пруденциалдық реттеудің нормативтік-құқықтық базасы қалыптастырылды, банктерге арналған ең төменгі резервтік талаптар, жарғылық қордың ең төменгі мөлшері, тәуекелді активтерге қатынасы бойынша банктердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті, өтімділік коэффициенті, бір заемшыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшері белгіленді.

Ұлттық Банк экономиканы кредиттеу функцияларын екінші деңгейдегі банктерге бере отырып, бар күшті инфляцияны төмендету және ақша-кредит саясатының әдістерін және құралдарын дамыту арқылы ұлттық валютаның тұрақтылығына қол жеткізу міндетіне шоғырландырды. 1998 жылы Ұлттық Банктің республикалық бюджет дефицитін тікелей кредиттеу практикасы тоқтатылды.

Осы іс-әрекеттің нәтижесі 1993-1995 жылдары инфляцияны 60% дейін төмендету болды.

1996 жыл - 1999 жыл аралығындағы кезең (макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу кезеңі) . Осы кезеңде инфляция қарқынды төмендей бастады және 1995 жылғы 60, 3%-дан 1998 жылғы 1, 9%-ға дейін төмендеді.

Банк жүйесін бұдан әрі дамыту халықаралық стандарттарға қол жеткізу бағытында жүзеге асырылды. Банк жүйесін реформалаудың бірінші Бағдарламасы 1996 жылы қабылданды. Онда банк жүйесінің нарықтық экономиканың маңызды бөлігі ретінде экономиканың неғұрлым қарқынды дамитын секторларының бірі болуы тиіс екендігі атап көрсетілді. 1996 жылы желтоқсанда Ұлттық Банк Банктердің елдің барлық банктерінің капиталдың жеткіліктілігіне, активтердің сапасына, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есепке, банктік телекоммуникациялық байланыс жүйесін автоматтандыруға қатысты халықаралық банк практикасында қалыптастырылған стандарттарға сәйкес келуін көздейтін халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекітті.

Ұлттық Банк банктерді капиталдандыру деңгейін арттыру бойынша басқа нормативтерге де қатаң талаптар қойды. Бұл банктерді қосу немесе тарату арқылы ірілендіру үдерісін тудырды, мұның өзі банк жүйесінің сапалы дамуын білдірді.

Банк жүйесін дамытумен қатар Ұлттық Банк осы жылдары халықаралық қағидаттар мен стандарттарға негізделген тиімді банктік қадағалау жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізді. Ұлттық Банк Қазақстандағы банк қадағалауының жалпыға ортақ қабылданған стандарттарға, ең алдымен Базель банк қадағалауы жөніндегі комитетінің тиімді банктік қадағалау бойынша негізгі қағидаттарына сәйкес келтіруге қол жеткізуге бағытталған жұмысты тұрақты түрде жүргізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Банктің вексельді операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
Банк жүйесінің маңызы, мәні және реформасы
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz