Ұлы даланың астаналары



Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар.
Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі – сол Аңыз болар.
Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді.
Өркениет дегеніміз – шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде сыйыспайтын әлемдер деп білдік.
Ал, шындық не дейді?
Көктемге ілесіп көкжиекке сіңген көшпенді бұлдыраған құла сағымда тербеліп, қиырсызға сарғая көз тіккен құтты Ордасы – туған Елінің байтақ шаһары орнаған осынау берекелі өзен-сулардың жағасына күні ертең-ақ қайтқан қаздай мамырлап қайта ораларын анық білетін.
Ұзына ғасырлар бойына Ұлы Далада жаңа қала, елді мекендер бірінен соң бірі бой көтеріп жатты.
Сахара жүзін шаһарлармен өрнектеп, мұнара, қорған соғып зерлеген шеберлер кімдер еді?
«Түріктер өз қалаларын өздері тұрғызды, атауды да өздері берді. Бұл атаулар осы күнге дейін қолданылады». (Махмұд Қашқари, XI ғасыр)
Қиял жетпестей ғажап, базарлы да ажарлы еді түрік кенттері. «Тамаша, жұрты мол, суы мол, бау-бақшалы, қазыналы...». Алыс елдерден келген саудагер, саяхатшы біткен осылай деп тамсанатын.
«Түрік деген есімді Тәңірі бізге өзі берген». (Махмұд Қашқари, ХI ғасыр).

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы даланың астаналары

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас
дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау
төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік
мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен
қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады.
Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар.
Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі – сол Аңыз болар.
Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық
өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді.
Өркениет дегеніміз – шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп
санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде
сыйыспайтын әлемдер деп білдік.
Ал, шындық не дейді?
Көктемге ілесіп көкжиекке сіңген көшпенді бұлдыраған құла сағымда
тербеліп, қиырсызға сарғая көз тіккен құтты Ордасы – туған Елінің байтақ
шаһары орнаған осынау берекелі өзен-сулардың жағасына күні ертең-ақ қайтқан
қаздай мамырлап қайта ораларын анық білетін.
Ұзына ғасырлар бойына Ұлы Далада жаңа қала, елді мекендер бірінен соң
бірі бой көтеріп жатты.
Сахара жүзін шаһарлармен өрнектеп, мұнара, қорған соғып зерлеген
шеберлер кімдер еді?
Түріктер өз қалаларын өздері тұрғызды, атауды да өздері берді. Бұл
атаулар осы күнге дейін қолданылады. (Махмұд Қашқари, XI ғасыр)
Қиял жетпестей ғажап, базарлы да ажарлы еді түрік кенттері. Тамаша,
жұрты мол, суы мол, бау-бақшалы, қазыналы.... Алыс елдерден келген
саудагер, саяхатшы біткен осылай деп тамсанатын.
Түрік деген есімді Тәңірі бізге өзі берген. (Махмұд Қашқари, ХI
ғасыр).
Түріктердің құт-береке, қасиет-киесі еді бұл шаһарлар. Және тек
түріктердің ғана емес...
Жауынан бассауғалап, қорғаныш, пана іздеп кім келсе де, түріктер оны
қанатының астына алуға қашан да әзір еді. Осы елде тұрғысы келген өзге
жұрттың адамдарын да түріктер ешқашан жатырқаған емес – дейді Қашқари.
Сенген құдайлары да, оқыған кітаптары да әрқилы еді бұл жұрттың. Әр
текті мәдениеттердің төлі еді мұндағы ел. Бірақ, береке-бірлігі бұзылмаған,
ұйытқылы тұтас қауым болатын.
Сегіз қиыр шартарапқа бірдей құшағы ашық тұтастық – далалықтардың ұлы
аңсар-идеалы болатын. Бұл аңсар түрік (ашық) этнонимі мен біртұтас
деген ұғымды беретін бұдұн сөзінде көрініс тапқан.
Киелі байрақ көтеріліп, Тәңірі текті хан, қағандар орда тіккен
астанасын әспеттеген далалық қауым осы бейнелі еді.
Күз бен қыс хан ордасы астаналық қала – байтаққа ірге орнықтыратын.
Байтақ – қасиетті тау, ұлы тау дегенді білдіреді. Сахара жұрты өз
астанасын осылай ұлықтаған.
Көктем шыға, хан ордасы жайлауға ірге аударады.
Көне түрік заманынан көк күйме аталған, арбалардың үстінде шағаладай
самсаған ақбоз үйлер ауыр тізбек құрып, керуендей созылар еді. Көне
түріктердің замандасы Қытай ақыны Бо Цзюй-И сол Көк күймені (Көк Орданы)
былай деп жырлайды:

Төрелерің сарайларын сырлайды,
Бірақ менің Көк Ордама тұрмайды.
Көп сарайға өрнек салып тастаған,
Көк Ордамды өлсем – айырбастаман.

Таңғажайып салтанатымен, тіл жеткісіз тылсым көркімен баурап,
көшпендінің қиялына қанат байлап, көңілін көкке көтерген ұлан-асыр бұл көш
керуені осылайша ғасырдан ғасыр асып сапар шеккен.
Орда қайтып оралғанша, қыш қаланың қолөнерші, ұсталары, диқандары
мен шарап ашытушылары, көпестері мен оқымысты-ғалымдары – әрқайсысы өзіне
тиесілі шаруалармен айналысып жатар еді. Шаһар шеңберін айқыш-ұйқыш
тілімдеп, әр тұсынан жарып өтетін даңғыл жолдар көше деп аталатын. Көше –
көш сөзінен шығады.
Керуендер келіп жататын, керуендер кетіп жататын. Уақыттың сартап
мұнарына селдірей сіңіп, баяу жылжып күндер өтетін. Ұрпақ артынан ұрпақты
айдап, мәңгіліктің түпсіз қиырына қарай ұлан Даланы бауырлап ғасырлар
маңатын.
Ұлыстардың аты өзгеріп, астаналары ауысып жатты. Жалғыз-ақ, астана
таңдау дәстүрі өзгермеп еді.
Астана-шаһар міндетті түрде мол сулы өзеннің, не шалқар көлдің
жағасына тұрғызылады. Көшпенділердің өз астанасы төңірегінде қыстап шығуы
үшін, бұл – ең қажетті шарттың бірі болатын.
Әлмисақтан бері далалықтар жердің киелілігіне ерекше мән берген.
Астана тұрған төңірек бүкіл ел-жұрт қасиет тұтатын жер болуы тиіс еді. Ол
үшін көне қорым, әулиелердің бейіт, мазарлары сияқты киелі орындар қала
маңынан табылуы шарт.
Сонымен бірге, астана аумағынан Даланы өзге әлеммен жалғастырып
жататын керуен жолы өтуі керек.
Ең бастысы, астана орналасқан аудан, территориялық жағынан көшпелі
қауымның басым бөлігінің қала төңірегін қыстап шығуын қамтамасыз ете
алатындай көлемде болуы қажет. Тек сонда ғана сол бір қауіп-қатері көп
замандарда хан отырған Орда өзін алаңсыз сезінер еді. Сахарада ғұмыр кешкен
ұлыс-мемлекеттердің бәрінің қалауы – бұла да мазалы тіршілік болатын.
Бірақ, ара-тұра – кейде, тіпті түсініксіз, мағынасыз – қанды қырғын,
қақтығыстар болмай тұрмайтын.
Әйтсе де, осынау бейбітшілік пен еркіндік туралы Ұлы идея Даланың
жадында мәңгі қалды. Ол кейде көне керуен жолдарындай жарқырап сайрап
жатты, кейде көмескі тартып, өшіп те кетті. Бірақ, біржола жоғалған емес-
тін.
Күндердің күні, сөйтіп, дүниеге жаңа, дәлірек айтқанда, жаңарған ұлыс
– Қазақ Ордасы келіп еді. 1456 жыл болатын.
Жоғалту мен Іздеу. Даланың тарихи тағдырының арқауын, бәлкім осы екі
ұғым айқындайтын шығар. Ұлы Дала аталатын шалқар кеңістікті жайлаған жұрт,
қай ғасыр, қай заманда да тапқанын – жоғалтқан, жоғалтқанын – тапқан...
Солай ғұмыр кешкен...
Біздің тарих сол жоғалтқандарымызды іздеуден тұрады. Өзін заңды түрде
Көк Орданың мұрагері деп білетін Қазақ ордасы тарих сахнасына далалық
өркениет, көшпенділер әлемінің жұлын-жүйкесін құрайтын дәстүрлер мен
құндылықтардың сақтаушысы ретінде шығып еді.
Кезектесіп Көк Орданың астанасы болған Сауран мен Сығанақ, Сарайшық
сынды тәңір алқаған құтты шаһарлар мемлекетіміздің алғашқы орталықтары
болатын.
Даланың қаһарлы қорған, астана-шаһары Сауранның ақындар жырға қосып
мадақтайтын тербетілген таңғажайып мұнаралары қандай еді!
Сауран климаты жақсы, ашық далада тұрған, әсем де көңілді қала,
төңірегінде қой отарларымен бірге топ-тобымен жабайы ешкілер жайылып
жүреді. Айналаның бәрі қатарланып өскен тал-терек. Қаланы биік қабырға
құрсайды, оның сырты терең қазылған ор (Рузбехан, XVI ғасыр).
Мына төбелердің астында біздің көне астанамыз, бүкіл Дешті-Қыпшақтың
сауда айлағы, шадыман-шулы Сығнақ шаһары көмулі жатыр.

О, Сығнақ,
Қақпаларыңның шаңын
сүйіп жылар ем,
Қайта тусам,
Сығнақта туар ем.
(Шамсуддин Сығнақи, XIII ғасыр).

XVI ғасырдың басында Орда астанасы, Жайықтың жағасындағы Сарайшыққа
көшеді. Алтын Орда хандарының мүрдесі жатқан бұл даңқты шаһар қазақтың
жерін жинақтап, өрісін түгендеген құдіретті Қасым ханның да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
XVIIІ-XX ғғ. бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті
Орта ғасырдағы қала мен дала
Әлем тарихындағы зергерлік өнер
Қазақстанның ТМД елдерімен арасындағы мәдени байланыстардың даму перспективалары
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Азияның ортағасырлық мәдениеті
Астана қаласының географиялық, саяси-экономикалыұқ орны
Қазіргі әлемдегі урбанизация және қалалық жарылыс
Пәндер