XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы



Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМ. К.И. САТПАЕВА

Институт ИИ и ТТ
Кафедра Автоматизация и Управление

Реферат
Тема: XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы

№ Качество выполнения работы Диапазон Проценты
оценки
1 Не выполнено 0%
Отсутствие на занятиях без уважительных причин
2 Выполнение и активность обучающегося 0-50%
3 Оформление работы 0-20%
4 Умение пользоваться справочниками, технической 0-5%
литературой, учебно-методическим комплексом
дисциплины, конспектами лекции
5 Умение пользоваться техническими средствами 0-5%
6 Защита работы 0-20%
Итого: 0-100%

Преподаватель:
Күмисбекова Г.Д.
Студент: Куанышева
А.К.

Специальность: 5В070200

Группа: АуБ-10-1р

Алматы 2011

Жоспар

Кіріспе

1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі

2. Граматикалық ерекшеліктері

3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың
қалыптасуы

4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен
ережелер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі
– оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс
қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі
бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми
құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс
қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет
қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарды. Іс
қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.
Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс
қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді,
оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де
атқарады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар
мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі
шешімдері, басқару істері, атқарған істері іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін
көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне
тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас
бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат,
жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару
істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы
жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен,
деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін
көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та,
мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен
жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу,
орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты
толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі тікелей құжаттармен байланыты. Адам дүниеге келгенде
оған алғашқы құжат – тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке
басын растайтын құжат – жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі – орта
білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарға оқу орнына түсу үшін түрлі
үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом
беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да арыз, резюме, жеке іс парағы т.б.
іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбеккітапшасына
жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін
жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге
тура келеді.

Ресми іс қағаздарының қолданылуы, түрлері, мазмұны, мақсаты
қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты болғандықтан қай
кезеңнің болмасын іс қағаздарын қарастырғанда сол кезеңдегі қазақ даласының
ішкі, сыртқы саяси экономикалық, әлеуметтік жай- күйіне де шолу жасап
отырдық.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында болған арнайы
бөлім беріледі. Есте ұстайтын бір жайт, іс қағаздарын қарапайым жұрттың
бәріне түсінікті ауызекі тілде жазылмайды. Ол әдеби тілдің күрделірек,
ресми, саяси, экономикалық сипаттағы нұсқасы десе де болады. Оның өзіне тән
қалыптасқан терминдері, сөз орамдары, мәнер-нақышы, белгілі бір стандарты
бар. Іс қағаздары өркениетті елдің бәрінде осындай.

Іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі
арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы
бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нүсқасыда қатар
қолданылып жүр. Курстық жұмыста осындай нұсқалардың әлі қалыптасып,
үлгермегендерін екі тілде қатар беріп отырдық. Мысалы резолюция-бұрыштама,
резюме-түйіндеме т.б. Протокол терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа
дейін мәжіліс хат, хаттама сөздері қатар қолданып келді. Соңғы уақытта
хаттама сөзі термин ретінде қалыптасып, курсттық жұмыста хаттама үлгісін
алдық. Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін (выписка из протокола)
осыған дейін хаттамадан көшірме де деп атап келдік. Енді осындағы көшірме
сөзі копия сөзінің аудармасы және оның мағынасын дәл беретіндіктен және
копия мен выписканы бір-бірінен шатастырмас үшін хаттамадан көшірме емес,
хаттамадан үзінді деп алдық. Біріншіден, екі терминді бір өзбен атағанша,
әрқайсының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия мен выписка бір нәрсе
емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан үзінді (выписка из протокола) деп
аталатын құжаттың мағынасын көшірмеге қарағанда дәл ашады. Шынында да
хаттамадан көшірме деп атап жүрген құжатымыз хаттаманың бүкіл құжатының
бүкіл мазмұнының көшірмесі емес, тек белгілі бір қажетті ғана үзіндісі.

Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптыстыру үлкен де жауапты
іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қағаздарының түрлі нұсқалары,
түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз
уақыт керек болады. Біздің мақсатымыз іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт
нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып,
ана тілінің заңдылықтырын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып
ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.

1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі

Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде
XIX ғасырдың II жартысының орны ерекше. XIX ғасырдың II жартысынан бастап
қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа
сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәстүрі еді. XIX ғасырдың екінші
жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби
тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында
үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине
әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады. Бұл
өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрінеді: XIX
ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық
аяқталды. Россияда толық капиталистік қатынастар дами түсүімен байланысты
қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ жері орыс патшалығының үш үлкен
әкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті
халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді
түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді
(орысша-қазақша) газеттер шығара бастады. Олар:

1. Түркістан уалаятының газеті Ташкент, 1870-1882 жылдар.

2. Дала уалаятының газеті Омбы, 1888-1902 жылдар.

3. Торғай газеті Троицк, 1895ж.

Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша
өкіметінің жергілікті әкімшеліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ
әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздар
стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль атқарды.

Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды.
Орынбор, Омбы, Троицк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында қазақ
балалары үшін орыс-қазақ мектептері ашылады. XIX ғасырдың екінші
жартысында Қазақстанда 100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық
болыстық мектептер ашылып, оларда 4000-ға жуық бала оқыды. Таза қазақ
тілінде кітап шығару ісімен баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды.
Қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасты.

Осы кезеңдегі тіл практикасын танытатын нұсқалардың біріне патша
өкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде
жазған ресми іс қағаздары да жатады. Олардың бірқатарын төменде келтіріп
отырмыз.

1. Ш. Уалиханов Сот реформасы жайында хат

2. 1852 ж. Орынбор шекара коммисиясының жергілікті қазақ әкімдеріне
жолдаған қатынас қағазы.

3. Ы. Алтынсаринның Н.И. Ильминскийге жазған хаттары.

4. 1856 ж Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің
өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс
Сібір генерал губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші.

5. 1867 ж. Коммисияның қазақ даласында басқару ережелерінің жобасы
жөніндегі түсіндірме жазбасы.

6. 1867 жылғы 11 шілде Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы
Ереженің нұсқасы.

7. 1868 жылғы 21 қазан Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы
басқару ісі туралы уақытша Ереже.

8. 1891жылғы 25 наурыз Ақмола, Семей, Жетісу, және Сырдария облыстарын
басқару туралы Ереженің жобасы.

9. 1860 жылдан бері Семей облысының былғары және сабын қайнату зауыттары
туралы ведомость.

10. 1862 жылғы 23 ақпан Ішкі Орданың басқару жөніндегі Уақытша кеңестің
жөнелтілетін жерін көрсете отырып жасаған малдың саны мен құны және
мал шаруашылығы шикізаты туралы ведомосы.

11. 1883 ж. Ы. Алтынсариннің Баядил Кейкинге жазған хаты.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз
алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар ретінде танылады. Бұл дәуірде
патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми
құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды.
Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірдегідей хан,
аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда
болды.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа
бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар
(указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы,
стилдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан
біраз ерекшеленеді. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже,
бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Үшінші топқа жеке адамдардың ресми
органдарға жазған арыз, өтініштері жатады

2. Граматикалық ерекшеліктері

Орфографиялық ерекшеліктері. Араб графикасымен жарияланған текстерде
қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді,
нәтижесінде көптік жалғау тек –лар түрінде, табыс септік –ны, ілік септік
–ның, жатыс –қа, шығыс –нан түрінде беріледі. Мысалы, хазратдар, қазақдар,
қазақлар, адамлар, арызлар, халықдық т.б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз
басында ж дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл, йаш, йазұлады,
йахшы, йаман, ш әрпінің орнына ч-ны қолдану, мысалы, барча, чақлы, үчун
кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік жоқ, аталған сөздердің дыбыс
ауысып қолданған варианты да, ауыспаған варианты да қатар қолданылады.

Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографиялық
ерекшелік жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық
заңдылықтары мейлінше сақталған. Сондықтан мәтіндердің жазылуында дыбыс
үндестігі де, ерін үндестігіде орын алады. Орыс тілінен енген сөздерді
жазуда қазақша сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша
орфограммасымен сақтап жазу да қатар жүреді. Мысалы, Штрап, болус, уез,
кандилат, песир, нагрет т.б. Ал төмендегі сөздерде орыс орфограммасы
сақталған: военный, губернатор, начальник, закон, волостной съезд, чиновник
т .б.

Морфологиялық ерекшеліктері. Құжаттар тілінде өткен шақ есімшенің
қыпшақтық –ған тұлғасының орнына оғыздық –мыш вариантын қолдану орын алған.
Мысалы, отырмыш, айтылмыш, шығармыш. Етістіктің III жақтағы –ды
қосымшасының орнына –дүр тұлғасын қолдану орын алған. Мысалы, етіләдүр,
көрінәдүр. Етістіктің III жақ көпше түріне –лар жалғауының жалғануы
кездеседі. Мысалы, бардылар, қойсалар. Тұйық етістіктің –у жұрнағының –ғу
варианты да беріледі. Мысалы, жазғучы, тұрғучы т.б. Сонымен қатар есімшенің
–тын,-тұғын жұрнақтарының орнына тұрған сөзін келтіру орын алған. Мысалы,
жаза тұрған. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар стилінде бұл келтірілген
тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.

Лексикалық ерекшелігі. Бұл кезеңдегі қазақ әдеби тілінің сөздік
құрамы: 1) жалпыхалықтық қазақ тілі лексикасы, 2) араб-парсы сөздері, 3)
орыс сөздері. Іс қағаздарында қолданылған кейбір сөздердің қызметі мен
мағынасына талдау жасайтын болсақ, төре –XIX ғасырға дейін ақ сүйек нәсілді
адам мағынасында жұмсалған. Оның ресми адам болуы шарт болмаған. XIX
ғасырдың екінші жартысында бұл атаумен ақ сүйек тұқымдарын да қарадан
шыққан әкімдерді де, орыс әкімшілік өкілдерін де атай бастаған. Би сөзі
шешен, тапқыр, билік айтушы мағынасында қолданылатын болса, бұл кезеңде
әлеуметтік термин болып қалыптасады. XIX ғасырдың екіші жартысында би сөзі
үш жылға сайланып қойылатын, ресми әкімнің атауы ретінде қолданылады.

Осы тұста қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшілік құрлысын
бейнелейтін көптеген жаңа сөздер әдеби тілден орын алып, терминдік мәнге ие
болды. Олар: сенат, болыс, старшын, ауылнай, жандарал, ұлық, атқамінер,
атшабар, әкім, дуан, пошташы, шен, жарлы т.б.

Қазақ жеріне империялық соттың келуімен байланысты закон, сот,
статья, іс, арыз, абақты, қараңғы үй, тінтуші, тұтқын сөздері пайда болды.
Бұлардың бірқатары калька жолымен жасалса, бірқатары орыс тілінен енді.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің алдыңғы кезеңдерге
қарағанда әлдеқайда қазақшаланғанын байқауға болады. Іс қағаздарын жазу
стилінде, безендіруде XVIII ғасыр іс қағаздар стиліндегі XIX ғасырдың
бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі ерекшеліктер сақталады.
Мысалы, жоғары лауазымды атайтын стандарттар патша хазратлары (Его
Величество), генерал-губернатор хазратлары т.б. Бұл дәуірде де араб
сөздерінің көбірек қолданылғанын атауға болады. Мысалы, хизмет (служба),
хисаб даптары (список служебный), уалайат (территория по определенному
административному делению), низам (положение), жария бұйрық (приказ
опубликованный) т.б.

Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік – ресми іс қағаздар стиліне
тән стандарт сөздер мен тұлғалардың пайда болып, тұрақтала бастауы. Мысалы,
бұйрық-жарлықтардағы міндеттеу ұғымын білдіретін етістік тұлғасы (должно
быть, должны делать) көбінесе шартты рай мен керек сөзінің тіркесі арқылы
берілген. Мысалы, қолдарын қойсалар керек, тексирип қарап тұрса керек,
жибермесе керек т.б. Мұндағы қойсалар керек қазіргі қоюлары керек немесе
қойсын, қарап тұрса қарап тұру керек немесе қарап тұрсын, жібермесе керек –
жібермеу керек немесе жібермесін тұлғаларының орнына жұмсалған.

Стильдік стандарт элементтер қатарына мағлұмдүр (известно),
бұйырамын, бұйырылдүр, тағайын қылынады, аталмыш, бойунча, турадағы,
қараған, атына т.б. сөздер жатады. Олардың бірқатары калька жолымен
жасалғаны байқалады. Мысалы, төмендегі – нижеследующий, жоғарғы көрсетілген
– вышеуказанный, жоғарыда аталмыш – вышеназванный, бекітіледі, тағайын
болады – назначается, атына – на имя т.б.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар стилінің тағы бір ерекшелігі қазақ
сөздерінен жасалған терминдердің қалыптаса бастауы. Мысалы, приказ –
бұйрық, распоряжение – жарлық, положение-ереже, прошение – арыз, ғарыз,
подпись – қол (қою), повинности – алым-салық, чиновник – төре, начальник –
ұлық, тюрьма – абақты (лабақты) набақты, кибитковладелец – үй иесі т.б.

Әсіресе заң – законға қатысты ресми документтерде юриспруденция
терминдері негізінен қазақша қалыптасты. Бұған осы саладағы ұғым
атауларының бұрыннан қазақтардың әдет-ғұрып заңы (Обычное право) бойынша
жасалып, тұрақталып қалғаны үлкен себепкер болды. Олар: дау, бітім, билік,
кеңес (защита), тергеу (судопроизводство), мойнына алу (признание),
даугер, тоғыз (бір тоғыз) төре, төбе басы, шығын, тергеу, іс (дело
служебное) сияқты сөздер1.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің лексикалық құрамы үш
қабаттан тұратынын жоғарыда айтып кеттік. Соның бір қабаты – араб-парсы
сөздері. Бұл сөздер бұдан бұрынғы кезеңдерде де іс қағаздарында актив
қолданылғандықтан едәуір тұрақталған. Оған мысал ретінде айп (айып), шариат
(шариғат), кефіл (кепіл), куә, куәлік, күнә сөздерін келтіруге болады.

Обвинение, наказание, признание, доказание сияқты сөздері қазақ
тіліне құранды етістіктер арқылы аударылған.

Мысалы.

обвинение – айыпқа тарту

наказание – жазаға тарту

признание – мойнына алу

доказание – мойнына салу

Қазіргі қазақ тілінде мұндай сөздер есім сөзге етістік тудырушы
–ла, -ле,- да, -де, -та, -те жұрнақтары + тұйық етістіктің –у жұрнағының
жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айыптау, жазалау, мойындау, қаралау т.б.

Сөз болып отырған кезеңде нормалану процесі әлсіз болды. Бір
ұғымды беруде қазақша, орысша, араб-парсыша сөздердің параллель қолданылуы
жиі кездесіп отырды. Мысалы кеңсе сөзімен қатар, сол ұғымды білдіру үшін
махкама сөзі, қақ сөзімен жалованье сөзі, шығын сөзі мен расход сөзі, ереже
сөзі мен положение сөзі, заң сөзі мен низам, закон сөздері қатар қолданды.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы іс қағаздары стилінің едіуір дамуына
әсер еткен елеулі оқиғаның бірі – Семей облысы әскери генерал-
губернаторының 1892ж. 20-21 январьда шығарған №459 жарлығы. Бұл жарлық
ресми орындарға жазылатын өтініш-шағымдарды қазақтардың өз ана тілінде
жазуларына рұхсат ету жайында болатын. Жарлық Дала уалаятының газетінде
1898 жылы 7 февральда жарияланды. Бұл кезеңде баспа бетін көрген ресми іс
қағаздарының дені орыс әкімшілік орындарының халық арасына тарату үшін
шығарған түрлі құжаттары, сондықтан олардың көпшілігі орыс тілінен
аударылған аударма материалдар. Бұл материалдар тіліне аудармашылардың
көпшілігі татар, башқұрт болғандығы, аудармашылардың білім, тіл білу
дәрежесі әсер етпей қойған жоқ.

Ресми іс қағаздарының тарихы көне дәуірден басталса да, XIX
ғасырдың екінші жартысында оның түрінің көбейіп, тілі мен стилінің біраз
жетілгенін көреміз. Бұл дәуірдегі іс қағаздарына әкімшілік орындарының
бұйрық-жарлықтары, циркулялары, заң жинақтары мен әр түрлі ережелер,
эпистолярлық материалдар кіреді. Бұлардың тілінде көне әдеби тілдік
формалар өзге стильдерге қарағанда көбірек сақталған.

3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың
қалыптасуы

XIX ғасырдың екінші жартысында баспа жүзін көрген алғашқы қазақша іс
қағаздарының бірі – 1852 жылы Орынбор шекара коммисиясының жергілікті қазақ
әкімдеріне жолдаған қатынас қағазы. Көлемі бір бет. Орысша-қазақша екі
тілде басылған. Бұл құжаттың қысқаша мазмұны төмендегідей: Бөкей
Ордасындағы кейбір қызмет адамдары өздері орысша білмесе де, орысша
жазылған қағаздарға қол қойып, мөрлерін басады. Ол хаттар олардың айтайын
деген ойын дәл жеткізе алмауы мүмкін. Сондықтан орыс әкімшілік орнына
жазған хаттарын қалауынша орыс, татар тілдерінің қайсысымен де жазуға
болады.

Нұсқау-хаттың тілі негізінен қазақ оқушысына түсінікті,
әкімшілік терминдерінің көпшілігін қазақша түсінікті етіп беруге тырысқан.
Мысалы,

Служебные переписки – қызмет бабында болатұғын қағаздар.

Должностные лица – лауазым иелері

Дело – іс

Канцелярия – махкеме

Столоначальник – стол бастығы т.б.

Генерал-губернатор, советник, комиссия сияқты әкімшілік атаулары
орысша берілген. Сонымен қатар бұл нұсқау хатта кейбір орысша атаулар араб-
парсы сөздерімен аударылып берілген. Мысалы,

пограничная комиссия – хыдудиа мекемесі

письмоводитель – катіб

объвляет – ағлам қылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты
Қазақ әдеби тіл нұсқаларын зерттеуші ғалымдар
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ далаларында қолданған ресми іс қағаздар тілі
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
Мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу
Ғылым тілі
Зерттеушілердің еңбектеріндегі А.Македонскийдің соғыс жылдары
Пәндер