Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі



Кәсіпорын өзінің өндірістік шаруашылық қызметін атқару процесінде үнемі ақша есептерін жүргізу қажеттіліктері пайда болады. Корпарацияның ішкі есеп жүйесі еңбек ақыны төлеуге акционерлерге дивиденттері төлеуге байланысты болады. Ал корпарацияның сыртқы есеп айырысу жүйесі өнімді жеткізуге салықтарды төлеуге несиені алу және қайтаруға байланысты жүреді.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесін 2 топқа бөлуге болады:
1. Тауар операциялары бойынша төлемдер:
2. Тауар емес операциялар бойынша есеп айырысу бұл операцияларға тауардың қозғалысына байланысты емес, тек қана ақша қаржылардың қозғалысына байланысты төлеулер жатады (банкпен және бюджеттен тыс қорлармен, ұйымдармен акционерлермен несие ұйымдарымен есеп жасасу).
Жалпы айтқанда корпарацияның барлық есептері оның ақша айналымын құрайды және өзінің құрылымы бойынша 2 жүйеге бөлінеді: қолма-қол және қолма-қол ақшасыз айналым. Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшамен жүретін төлемдерден тұрады.
Акция айналымының негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз айналым құрайды, ол дегеніміз қаржыларды төлеушілер және қабылдаушылар есеп шоты, өзара талаптарды есепке алу арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар арқылы жүргізілетін төлемдер болып табылады.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесі келесі элементтерден тұрады:
1. Қолма-қол есеп кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
2. Нақсыз есеп айырысу және оларды ұйымдастыру принциптері.
3. Есеп жүргізу үшін кәсіпорындардың банктерде есепшоттарын ашу тәртібі.
4. Банк және кәсіпорын арасында банктік есеп келісім-шартын жасау тәртібі.
5. Нақсыз есеп айырысу формалары;
Қазақстан Республикасының территориясында қолма-қол ақша айналымы. ҚР-ның Ұлттық банкісінің арнайы хатымен белгіленеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Сұрақтар:
1. Корпарацияның қолма-қол ақша операциялары.
2. Қолма-қолсыз ақша айналымының мәні және түлері.
3. Кәсіпорынның банктермен өзара қатынастары.
4. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылу принциптері.
5. Корпарацияның ақша айналымын басқару.
Кәсіпорын өзінің өндірістік шаруашылық қызметін атқару процесінде үнемі
ақша есептерін жүргізу қажеттіліктері пайда болады. Корпарацияның ішкі есеп
жүйесі еңбек ақыны төлеуге акционерлерге дивиденттері төлеуге байланысты
болады. Ал корпарацияның сыртқы есеп айырысу жүйесі өнімді жеткізуге
салықтарды төлеуге несиені алу және қайтаруға байланысты жүреді.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесін 2 топқа бөлуге болады:
1. Тауар операциялары бойынша төлемдер:
2. Тауар емес операциялар бойынша есеп айырысу бұл операцияларға
тауардың қозғалысына байланысты емес, тек қана ақша қаржылардың
қозғалысына байланысты төлеулер жатады (банкпен және бюджеттен тыс
қорлармен, ұйымдармен акционерлермен несие ұйымдарымен есеп жасасу).
Жалпы айтқанда корпарацияның барлық есептері оның ақша айналымын
құрайды және өзінің құрылымы бойынша 2 жүйеге бөлінеді: қолма-қол және
қолма-қол ақшасыз айналым. Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшамен
жүретін төлемдерден тұрады.
Акция айналымының негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз айналым құрайды, ол
дегеніміз қаржыларды төлеушілер және қабылдаушылар есеп шоты, өзара
талаптарды есепке алу арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар арқылы
жүргізілетін төлемдер болып табылады.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесі келесі элементтерден тұрады:
1. Қолма-қол есеп кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
2. Нақсыз есеп айырысу және оларды ұйымдастыру принциптері.
3. Есеп жүргізу үшін кәсіпорындардың банктерде есепшоттарын ашу
тәртібі.
4. Банк және кәсіпорын арасында банктік есеп келісім-шартын жасау
тәртібі.
5. Нақсыз есеп айырысу формалары;
Қазақстан Республикасының территориясында қолма-қол ақша айналымы. ҚР-
ның Ұлттық банкісінің арнайы хатымен белгіленеді.
Кәсіпорынның қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және пайдалану үшін
кассасы болады. Бұл операциялар кассалық операциялар деп аталынады.
Кәсіпорын кассасынан нақты ақшаның берілуі келесі мақсаттар үшін
жүреді:
- шар-ң және операциялық шығындарға;
- іс-сапар шығындарына;
- төлемақы беру үшін;
- әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы және стипендия беру үшін;
- ссудалар беру үшін және т.б. шығындарға беріледі.
Кәсіпорын кассасына нақты ақшалардың қабылдануы кіріс кассалық
ордерлері бойынша жүреді. Қабылдау туралы осы ордерге ақшаның қабылданғаны
туралы квитанция беріледі.
Қолма-қол ақшаның берілуі шығыс кассалық ордерлер, төлем ведомостері,
өтініштер негізінде беріледі.
Еңбек төлемі, әлеуметтік сақтандыру жәрдемақы, стипендиялардың берілуі
әр алушыға шығыс кассасының ордерін қарастырмай-ақ төлем ведомостері арқылы
жүреді.
Кәсіпорын ақша құралдарын оған қызмет ететін банкте алады. Нақты
ақшаның берілуі банкпен арнайы формадағы құжат чек негізінде жүреді. Чек
бұл кәсіпорынның банкке оның есепшотынан чекте көрсетілген ақша санасын
беру туралы бұйрығы.
Чек кітапшалары банктермен кәсіпорындарға олардың өтініші бойынша
беріледі, ол арнайы орнатылған формада жүреді, оның сыртында есепшот
номері, чек номері, чекті толтыру және пайдалану тәртібі көрсетіледі.
Барлық кәсіпорындар өзінің ұйымды-құқықтық формасы және қызмет түріне
қарамастан банк мекемелерінде бос ақша қаржыларын сақтауға және өздерінің
міндеттемелері бойынша есептерінің негізгі бөлігі нақсыз тәртіп бойынша
жүргізуге міндетті. Бірақ нақты ақша қаржыларын пайдалануды талап ететін
есептердің болуына байланысты әр кәсіпорынның кассасы болады, ол арқылы
нақты ақшалар есеп айырысу жүйесін қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынның кассасында, оларға қызмет көсететін банк орнататын лимит
негізінде ғана нақты ақшалар сақталуы тиіс. Кассадағы нақты ақшаның лимит
қалдықтары әр жылда банктермен кассасы бір және нақты ақша есебін
жүргізетін барлық кәсіпорындарға, олардың ұйымдастыру-құқық формасы және
қызмет ету жүйесіне қарамастан орнатылады.
Кассаның қалдық лимиті кәсіпорынның нақты ақша айналымы мөлшеріне,
қызмет ету режимінің ерекшеліктеріне байланысты орналасады, сонымен қатар
оны анықтау үшін банкке нақты ақша қаржыларын тапсыру тәртібі және мерзімі
құндылықтары сақтандыру қызмет етілуі де әсер етеді.
Әр кәсіпорынға банкпен орнатылған нақты ақша қалдықтар лимиті жазбаша
түрде хабарланады. Кассаның қалдық лимиті жыл ішінде арнайы тәртіппен
кәсіпорынның негізделген өтініші бойынша қайта қаралуы мүмкін (мысалы
кассалық айналым мөлшерінің өзгерісі кезінде табысты өткізу шарттары және
т.б).
Кәсіпорындар орнатылған лимиттен жоғары кассадағы ақша қаржыларын
банкке тапсыру қажет. Нақты қаржылар банктердің күндізгі және кешкі
кассаларына, кәсіпорындардың қосылған кассаларына, кейін оны банктерге
тапсыру үшін, байланыс кәсіпорындарына банктердегі олардың шотына аудару
үшін келісім-шарттардың негізінде тапсырылады.
Кәсіпорындар орнатылған лимиттен жоғары қаржыларды тек қана төлемақы,
әлеуметтік төлемдер, стипендияларды төлеу үшін 3 күн ғана сақтай алады. Бұл
мерзім өткеннен кейін мақсатты пайдаланбаған нақты ақша қаржылары банкке
өткізіледі және оның кейін алынуы банктік тәртіп бойынша құқықтық
актілердің негізінде жүреді.

Есепшоттардан төлемдерді төлеудің тәртібі.
Кәсіпорнның барлық талаптарын қанағаттандыруға қажетті банктегі
кәсіпорынның есепшотынан ақша қаржыларының алынуы клиенттердің талабы және
тағы басқа құжаттар негізінде жүреді.
Егер кәсіпорындарда қаржылық қиыншлықтар туатын болған жағдайда, яғни
оның барлық төлемдеріне ақша қаржылары жетпегенде, банк оның есеп айырысу
есепшотына карточка ашады. Осы жағдайда, есепшотқа ақша қаржыларының
біртіндеп түсуіне байланысты төлемдерді жүргізу кезегін сақтау мәселесі
пайда болады. Оның барлық талаптарын қанағаттандыру үшін ақша қаржыларын
есептен шығарылып тасталынған ақша қаржыларын кезегі орнатылған.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу негізінде қолма-қол нақсыз формада
жүреді, яғни төлеушінің есепшотынан алушының есепшотына қаржыларды аудару
және өзара талаптарды есептеу арқылы жүзеге асады. Кәсіпорынның өз ақша
қаржыларын банк есепшотында сақтайды, оған кәсіпорынға тиісті төлемдер
түседі және кәсіпорынның міндеттемелері орындалады. Нақсыз айналым нақты
ақша айналымына қарағанда айналым шығындарын азайтады, яғни бұл жағдайда
қолма-қол ақшаны сақтау және жеткізу қажеттіліктері тумайды.
Ағымды заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу
банктермен және банктік емес несие ұйымдарымен жүргізіледі. Төлеушілер және
төлем алушыларға әртүрлі банктерде қызмет көрсетеді. Сондықтан банктер
арасындағы өзара қатынастардың мәні зор болып табылады. Бұл жағдайда есеп
айырысуды ұйымдастыруды есеп-кассалық орталықтар (РКЦ) арқылы жүреді, олар
территориялық принцип негізінде ҚР ҰБ-кісімен қалыптасады.
Есеп кассалық орталықтарын (ЕКО) арқылы қолма-қол ақшасыз айналымның
ұйымдастыру келесі сызбада көрсетілген.

- өнім қозғалысы;
- төлем құжаттарының қозғалысы;
- ақшаның қозғалысы;
Қазіргі кезде есептер ЕКО – тары арқылы жүреді, есепті жүргізу үшін ЕКО-
та банктің әр мекемесіне сәйкесті баланстық есепшотында корпаративтік
есепшот ашылады. Бұл есепшотта банк өзінің жеке қаржы құралдарын сақтайды,
ол ЕКО банктің және оның клиеттерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын
жүргізуді. Есепті ұйымдастырудың өзара қатынастар тәртібі банкпен және ЕКО
арасында келісілген корректорлық қатарлар туралы келісімдер және заңды,
нормативтік құжаттармен реттеледі.
Банктердің кәсіпорын клиенттердің есеп операциялары бойынша ЕКО
арасындағы есептер әр ЕКО-та болатын МФО (филиалдар арасындағы айналымдар)
есепшоттар арқылы жүреді.
Бір банктің клиенттері арасындағы есептер клиенттердің есепшоттарынан
қаржыларды көшіру немесе есепке алу арқылы жүреді, мұнда банктің
корректорлық есепшотына қатынасы болмайды.
РКЦ арқылы есептің ерекшелігіне келесі жатады: РКЦ-де банктің
коррекциялық есебінде қаржылардың болмаған жағдайында банктегі есепшотта
қаржылардың болғанмен төлем жүре алмайды. Сонымен қатар, РКЦ арқылы есептің
кемшілігіне банктер және оның клиенттері арасында қосымша звеноның РКЦ-ның
болуы болып табылады, бұл негізінде есеп айырысуды күрделендіреді.
Ақша айналымын реттеу және есеп айырысуды дамыту үшін банктер бір-
бірімен банкаралық келісімдер негізінде коррекциялық есепшоттар ашады, бұл
жағдайда РКЦ сияқты звено жойылады. Келесі сызбада қолма-қол ақшасыз
айналымды бұл жағдайдағы ұйымдастырылуы былай жүреді:

- өнімнің қозғалысы;
- төлем құжаттарының қозғалысы;
- ақша қозғалысы;
Коррекциялық есепшотта коррекциялық қатынастар туралы келісім-шарттың
негізінде ашылады, мұнда бұл есепшоттардың қызмет шарттары анықталған.
Көптеген операциялар мұндай есеп айырысу бойынша тегін жүреді, бірақ та
есепшотта қаржылардың кредиттік қалдықтарына % есептеледі, неғұрлым қалдық
көп болса, соғұрлым оның мөлшері көп болады, сонымен қатар есепшоттардағы
қолма-қол ақша операцияларына төлем төленеді.
Банктер өзара талаптарды есептеу арқылы есеп айырысу жүргізу мүмкін
есепті жүргізу үшін өзінің есеп айырысу орталықтарын ұйымдастырады, оларды
кәсіпорынның өзара талаптарын есепке алу операциядарын жүргізеді, сонымен
қатар, жоғарыда айтылғандай, басқа банктерге өз клиенттерінің есеп айырысуы
үшін коррекциялық субесепшоттарын ашады. Өзара төлемдер қалдығы осы
банктердің коррекциялық есепшоттары бойынша қаржыларды аудару арқылы
өтеледі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есеп құжаттарының пайдаланылуы арқылы
жүреді. Қазақстан Республикасында жақсыз есепте келесі есеп құжаттарының
пайдаланылуы жүреді: төлем нұсқамалары, чектер аккредиттер төлем талап
нұсқамалар.
Есеп құжаттары орнатылған стандарттарға сәйкес келуі қажет және келесі
шарттары көрсетіледі:
- есеп құжатының аты,
- есеп құжатының номері, айы, күні, оның көшірме жылы:
- төлеуші банктің номері, банктің аты;
- төлеушінің аты, банктегі есепшотының номері;
- төлем алушының аты, оның банктегі шотының номері;
- төлемнің мақсаты және т.б.
Барлық кәсіпорындардың жүргізілетін нақсыз есеп айырысуды екі топқа
бөлуге болады:
- кәсіпорынның бюджет, бюджеттен тыс қорлары алдындағы міндеттемелері
бойынша есеп айырысу;
- тауар операциялары және шаруашылық келісімдер бойынша есеп айырысу;
Бюджет және бюджеттен тыс қорларға төлемдері төлем нұсқамалары түрінде
жүреді.
Тауар оперциялары және шаруашылық келісімдер бойынша есептердің түрлері
өте күрделі болып келеді, сондықтан оларды түрлі белгілері бойынша жіктеуге
болады;
1. Келісімді жүргізу фактісіне байланысты (өнімнің тәуелді фактісі
бойынша т.б).
- алдын-ала немесе аванстық өнімге төлемдер жүргізу;
- келісімді жүргізу фактісі бойынша төлемдер;
2. Келісімді жүргізілу шарттары бойынша;
- акцептік емес (безакцепная) есеп айырысу,
- акцептік есеп айырысу;
- аккредиттік;
- жоспарланған төлемдер;
- өзара қарыздарды есептеу.
Қазіргі кезе акцептік емес (безакцепная) есеп айырысу (кәсіпорынның
келісімінсіз) төлеушінің есепшотынан қаржылардың көшірілуі ағынды
заңдылықтарға сәйкес келесі жағдайларға пайдаланады:
- сот шешімдері бойынша кәсіпорынға штрафтық санкцияларды төлеу;
- жол, темір жол тарифтерін, электроэнергияны, сумен жабдықталуы үшін
төлемдер;
- банктің есеп кассалық қызметінің төлемдерінің төленуі;
Кәсіпорындар және ұйымдар арасында шаруашылық келісімдер бойынша есеп
айырысуда қазіргі кезде акцептік емес есеп қолданылмайды.
3) Пайдаланатын төлем құралдары бойынша:
- төлем құралдарының пайдалануынсыз (төлем талаптары бойынша есеп);
- есептің чектік формасы;
- есептің вексельдік формасы;
4) Келісімді қаржыландыруға пайдаланатын қаржылар көздері бойынша;
- кәсіпорынның өзіндік қаржылары есебінен;
- несие және басқа да қарыз құралдары есебінен;
- клиенттің қаржы құралдары есебінен;
Төлеуші және алушы есептің осы түрлеріне сәйкес нақсыз есептің бір
формасын таңдайды. Есеп формасы – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша
міндеттемелерін банк арқылы орындау әдістерін заңдылықпен реттеу болып
табылады.
Нақсыз есеп әр түрлі формада жүреді. Оның әрқайсысының ерекшеліктері
бар.
Заңдылыққа сәйкес қазіргі кезде нақсыз есептің келесі формалары
пайдаланады:
- төлем нұсқамалары;
- төлем талап – нұсқамалары;
- аккредивтер;
- чектер;
- вексельдер;
- инкасасалық есеп айырысу;
Жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорындар арасындағы есеп формалары олардың
шаруашылық келісімдерінде анықталады: Төлеуші жеткізілген өнім уақытылы
төлемдерді жүргізу жауапкершілігіне ие болады. Келісімде жеткізуші және
сатып алушы арасында төлемді уақытылы қамтамасыз етілмеуіне байланысты
санкциялар анықталады.
Кәсіпорынның нақсыз төлем айналымы міндетті түрде несие ұйымдарының
қатысуымен іске асырылады, өйткені банксіз төлемдер мен есеп айрысуды
жүргізу мүмкін емес. Қарапайым элементарлы ақшаның нақты қозғалысқа
байланысты қаржылық трансляиялар олардың инкасациясыз жүре алмайды,
инкасация дегеніміз кәсіпорынға қызмет ететін банкке нақты ақшаны тапсыру
болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін жүргізу процестеріне
қажетті негізгі банктік қызметтерге келесілерді жатқызуға болады.
1) Қолма – қолсыз есеп айрысуды қамтамасыз ету;
2) Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбек ақыны төлеудің қолайлы әдісін
қамтамасыз ету;
Мұндай төлемдердің 2 негізгі әдісі бар:
- банк кассасынан нақты ақшаны алу арқылы және кәсіпорынның кассасы
арқылы жұмысшыларға еңбек ақының берілуі;
- жұмысшылардың банктегі есепшотынан нақсыз аулару арқылы жүргізуі;
3) Нақты қаржыларды алуды қамтамасыз ету (еңбек ақысына, іс – сапарға,
шаруашылық шығындары).
Кәсіпорынның қызмет ететін банкті таңдау үшін жалпылылық мәлімет
құралдары мерзімді жарнамаланатын келесі мәлімет бағытталуы тиіс:
- банктің сенім рецтингі;
- ірі банктердің тізімі.
Кәсіпорынның ірі және сенімді банктерді таңдайды және олардың жоғары
сенім рейтингіне енеді.
Халықаралық қаржы тәжірибесі сенімді банкті таңдау үшін ұсынады:
- банктердің жоғары капиталының мөлшері;
- қаржы нарығындағы қызмет мерзімі;
- банк лицензиясының болуы;
- рейтингтегі орны;
- ірі компаниялар клиенттер тізімінің болуы;
- орталық банк орнатқан міндетті нормативтерді сақтау;
Сонымен қатар, кәсіпорынның банкті таңдауда келесі моменттерді есептеу
қажет:
- банктің тұрақты қаржы жағдайы, қаржы нарығындағы қызмет мерзімінің
ұзақтығы;
- банк қызметінің әр түрлі болуы;
- банкпен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін білу;
- пайдалы іскерлік ұсыныстарды беру қабілеті;
- қаржы құралдарын алудың әр түрлі әдістерін ұсыну;
- кәсіпорынға оның несиелеу тұрақты сұрақтарымен айналысатын
қызметкерлерді бекіту;
- банктің кәсіпорын үшін орналасу жайлылығы;
- қызмет көрсету төлемдер мөлшері;
- банкте несиені алу мүмкіндігі;
Кәсіпорынның ҚР – ның ағымды заңдылықтарына сәйкес бір немесе бірнеше
банктерге бір немесе бірнеше есепшоттарды ашуға құқығы бар.
Нақсыз есеп айрысуды жүргізу үшін кәсіпорындар банктерде келесі
есепшоттар ашады:
1) есеп айрысу шоты; 2) ағымды есепшот; 3) арнайы еспшот;
4) валюталық есепшот; 5) бюджеттік есепшот; 6) депозидтік
есепшот; 7) уақытша есеп айрысу шоты.
1. Есеп айрысу шоты кәсіпорынның өкілімен ағымды төлемдерді жүргізу
үшін және кәсіпорынға ақша қаржылар түсімдерін есептеу үшін
пайдаланылады. Бұл есепшот кәсіпорындармен өнімді өткізуден түсімдерді
есептеу үшін, өткізуден тыс операциялардан табыстарын, алынған несие
сомаларын есептеу үшін, жеткізушілермен, банкпен жұмысшылармен, банктермен
алынған несие жүргізу үшін пайдаланылады және сот шешімдері бойынша
төлемдерді есептеу үшін да пайдаланылады.
2. Ағымды есепшоттар заңды тұлғаларға жатпайтын (мыс. Филиалдар)
коммерциялық емес мекемелер және коммерциялық ұйымдар үшін ашылады. Ағымды
есепшоттар бойынша операциялар тізімі шектелген, оның қаржыларымен тек қана
сметамен бекітілген қатал жағдайға пайдалануға болады. Тәртіп бойынша
ағымды есепшоттар айлық және еңбек төлемдерінің басқа түрлеріне, іс – сапар
шығындарына және филиалдардың шаруашылық қызметіне байланысты мақсаттарға
нақты ақша беріледі.
3. Арнайы есепшоттар қатал мақсатты қаржыларды сақтау үшін
пайдаланылады.
4. Валюталық есепшоттар шетел валютасында есеп жүргізу үшін
пайдаланылады. Бұл есепшоттар валюта операцияларын жүргізуге ҚР ОБ – сінен
лицензиясы бар банктер үшін ашылады, әр валюта түрлеріне бөлек шот ашылады.
Есепшоттар кез – келген еркін айналысатын валюта ашылады, әр валюта түріне
бөлек шот ашылады.
Валюта заңдылығына сәйкесті кәсіпорындарда транзиттік есепшот
ашылады, оған алдын – ала валюта түсімі есептеледі. Бұл шоттан
кәсіпорын міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
Ақша айналысының эволюциясы
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы
Ақша айналысы
Ақша айналымын болжамдық жоспарлау
Ақша айналымы және құрылымы
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Ақшаның маңызы мен қызметі
Республикасында дамуы
Пәндер