Шерхан Мұртаза әңгімелеріндегі диалогтың кейіпкер мінезін ашу, образ жасаудағы рөлі



А. Тойшыбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық инситуты, Тараз қ.

Шерхан Мұртазаның қаламгер болып қалыптасуына баспасөзде жұмыс жасаған кездері көп әсер етті. Қалтай Мұхамеджановтың: «Шерхан Мұртазаны, басқаны қайдам, өзім ең әуелі қазақ баспасөздері жаңа тұрпаттағы жаңа буынның төл басы редакторы ретінде таныдым»[1,63 бет] ,.деген сөзінен көруге болады.
Шерхан Мұртаза «Лениншіл жас», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Егемен Қазақстан» т. б. баспасөз беттерінде проблемалы мақалалар,көркем очерктер, шағын әңгімелер жазды. Жазушы 70.ші жылдары прозаның ең қысқа , ең қиын жанры әңгіме жазуға қатты ден қойды. «41 жылғы келіншек», «Бір нәзік сәуле», «Шекшек шырылдайды», «Интернат наны », «Кәрі солдат», «Алтын тікен», «Тілсіз қоңырау», «Соғыстың соғы жесірі» т.б.
«Шерхан Мұртаза шығармаларының мені сүйсіндірген бір қасиеті .осы уақытқа , мезгілге деген дәлдігінде, шындыққа көзінің жітілігінде.
Шерханның өзім ұнататын бір қасиеті. ол әңгіменің классикалық әңгіменің үлгілеріне бейім ...
Шерхан әңгімелерінде де сарғайған сағыныш ыстық пен суықтай оқушы жүрегін қарып өтетін қуаныш пен күйініш сызаттаған үміт пен сыздаған мұң сияқты адам сезімінің небір иірімдері байқалады»,. дейді жазушы Тахауи Ахтанов.
Жазушы әңгімелерінің тақырыбы әр алуан. Қазақ ауылы , қырғын соғыстың шалғай шепте жатқан осы ауылға алып келген қасірет, алапаты, ауыл халқының тыныс.тіршілігі , қазақ әйелдерінің тағдыры , заман, адам психологиясының алуан қырлары реалистік тұрғыда суреттелген.
ХХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХІ ғасырдың І жартысындағы қазақтың аса биік ірі тұлғаларының бірі, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Шерхан Мұртаза да әдебиет майталмандарымен әдебиеттің дамуы мен өркендеуіне бір кісідей ат салысты.
Шерхан Мұртаза реализмі ел тіршілігінің, кезең көріністерін, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын ешқандай бүркелемей , ешқандай әсерлемей қаз қалпында ұтқыр, әрі өткір тілмен, шамырқанған шындықты нақты көркем суреттеуге негізделген. Жазушы шығармаларында диалогты шебер қолданған, әңгіме жанрында да диалогтың көркемдік қызметі орасан. Диалог шығарманың идеялық.көркемдік мазмұнын анықтауда, жазушы шеберлігін танытуда рөлі күшті. Шерхан Мұртаза шығармаларының белгілі бір дәрежеде ұшы.қиыры жоқ өмірдің сан алуан қырларын, кейіпкер тағдырын, іс.әрекетін көркем бейнелеуде Шерхан өзінің психологиялық шеберлігін, өз талантының жарқын қыры есебінде байқатты.
Х. Кәрімов диалогтың түрлерін, көркемдік қызметін жан.жақты зерттеп, құнды пікірлер айтады. «Көркем шығармадағы диалогтың басты қызметі.адам образын жасау. Себебі диалог адамдар арасында өмірде кездесетін сан қилы қарым.қатынасты бейнелеп, кейіпкерлер репликалары арқылы бір.біріне әсер етіп, адам мінезінің нақты түрде, нанымды түрде ашылуына көмектеседі, соның тілдік амалына айналады » десе [2, 33 бет], К. Еңсебаева «Диалог. образ жасауда шешуші фактор . Кейіпкерлерді есте қаларлықтай етіп беру.сәтті диалогтың жемісі»,.дейді. [3, 48 бет]
Көп шығармаларда диалог кейіпкерлердің сөзімен басталмайды. Алдымен, автор диалогқа жағдай жасайды, әңгімеге қатысушы кейіпкердің, аты.жөнімен, мәдени дәрежесінен, шыққан ортасын автор сөзімен яғни тілімен беріп, кейіпкерлерін сөйлете бастайды. Осы шағын диалогтан кейіпкерлердің бір.бірімен қарым.қатынасы ашылады. Шерхан Мұртазаның халық басынан кешкен соғыстың аяусыз шындығын жұмсартпай, шынайы суреттеген әңгімесінің бірі «Шекшек шырылдайды».

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
УДК. ӘОЖ 82 (091) (574)
Т 50

ШЕРХАН МҰРТАЗА ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ДИАЛОГТЫҢ КЕЙІПКЕР МІНЕЗІН АШУ, ОБРАЗ
ЖАСАУДАҒЫ РӨЛІ

А. Тойшыбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық инситуты, Тараз қ.

Шерхан Мұртазаның қаламгер болып қалыптасуына баспасөзде жұмыс жасаған
кездері көп әсер етті. Қалтай Мұхамеджановтың: Шерхан Мұртазаны, басқаны
қайдам, өзім ең әуелі қазақ баспасөздері жаңа тұрпаттағы жаңа буынның төл
басы редакторы ретінде таныдым[1,63 бет] ,-деген сөзінен көруге болады.
Шерхан Мұртаза Лениншіл жас, Жұлдыз, Қазақ әдебиеті, Жалын,
Егемен Қазақстан т. б. баспасөз беттерінде проблемалы мақалалар,көркем
очерктер, шағын әңгімелер жазды. Жазушы 70-ші жылдары прозаның ең қысқа ,
ең қиын жанры әңгіме жазуға қатты ден қойды. 41 жылғы келіншек, Бір
нәзік сәуле, Шекшек шырылдайды, Интернат наны , Кәрі солдат, Алтын
тікен, Тілсіз қоңырау, Соғыстың соғы жесірі т.б.
Шерхан Мұртаза шығармаларының мені сүйсіндірген бір қасиеті –осы
уақытқа , мезгілге деген дәлдігінде, шындыққа көзінің жітілігінде.
Шерханның өзім ұнататын бір қасиеті- ол әңгіменің классикалық әңгіменің
үлгілеріне бейім ...
Шерхан әңгімелерінде де сарғайған сағыныш ыстық пен суықтай оқушы
жүрегін қарып өтетін қуаныш пен күйініш сызаттаған үміт пен сыздаған мұң
сияқты адам сезімінің небір иірімдері байқалады,- дейді жазушы Тахауи
Ахтанов.
Жазушы әңгімелерінің тақырыбы әр алуан. Қазақ ауылы , қырғын соғыстың
шалғай шепте жатқан осы ауылға алып келген қасірет, алапаты, ауыл халқының
тыныс-тіршілігі , қазақ әйелдерінің тағдыры , заман, адам психологиясының
алуан қырлары реалистік тұрғыда суреттелген.
ХХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХІ ғасырдың І жартысындағы қазақтың аса биік
ірі тұлғаларының бірі, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Шерхан Мұртаза да
әдебиет майталмандарымен әдебиеттің дамуы мен өркендеуіне бір кісідей ат
салысты.
Шерхан Мұртаза реализмі ел тіршілігінің, кезең көріністерін, халық
тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын ешқандай бүркелемей , ешқандай әсерлемей
қаз қалпында ұтқыр, әрі өткір тілмен, шамырқанған шындықты нақты көркем
суреттеуге негізделген. Жазушы шығармаларында диалогты шебер қолданған,
әңгіме жанрында да диалогтың көркемдік қызметі орасан. Диалог шығарманың
идеялық-көркемдік мазмұнын анықтауда, жазушы шеберлігін танытуда рөлі
күшті. Шерхан Мұртаза шығармаларының белгілі бір дәрежеде ұшы-қиыры жоқ
өмірдің сан алуан қырларын, кейіпкер тағдырын, іс-әрекетін көркем
бейнелеуде Шерхан өзінің психологиялық шеберлігін, өз талантының жарқын
қыры есебінде байқатты.
Х. Кәрімов диалогтың түрлерін, көркемдік қызметін жан-жақты зерттеп,
құнды пікірлер айтады. Көркем шығармадағы диалогтың басты қызметі-адам
образын жасау. Себебі диалог адамдар арасында өмірде кездесетін сан қилы
қарым-қатынасты бейнелеп, кейіпкерлер репликалары арқылы бір-біріне әсер
етіп, адам мінезінің нақты түрде, нанымды түрде ашылуына көмектеседі, соның
тілдік амалына айналады десе [2, 33 бет], К. Еңсебаева Диалог- образ
жасауда шешуші фактор . Кейіпкерлерді есте қаларлықтай етіп беру-сәтті
диалогтың жемісі,-дейді. [3, 48 бет]
Көп шығармаларда диалог кейіпкерлердің сөзімен басталмайды. Алдымен,
автор диалогқа жағдай жасайды, әңгімеге қатысушы кейіпкердің, аты-жөнімен,
мәдени дәрежесінен, шыққан ортасын автор сөзімен яғни тілімен беріп,
кейіпкерлерін сөйлете бастайды. Осы шағын диалогтан кейіпкерлердің бір-
бірімен қарым-қатынасы ашылады. Шерхан Мұртазаның халық басынан кешкен
соғыстың аяусыз шындығын жұмсартпай, шынайы суреттеген әңгімесінің бірі
Шекшек шырылдайды.
Фотограф Хадиша әкелген суретке қарап тұрды да:
─ Сеники бала?─деп сұрады.
─ Әй, денің сау ма, қараң қалғыр? Ол менің күйеуім !─деді Хадиша
сақпандай сарт ете қалып.
─ А, мен ойлаған сеники бала ─деді фотограф ыңғайсызданып.
─ Сен, ойлама, ойыңмен қатып, жер жастанып жата қалғыр,ойлағышын
мұның. Үлкейтіп бер! Жақсылап! Бір жерін бүлдіруші болма. [2, 236ет]
Диалогта жазушы кейіпкерлерді сөйлету арқылы орыс фотограф пен қазақ
кемпірі Хадишаның образын ашады.
Бір нәзік сәуле әңгімесінде жазушының айтпақшы ойы-заманның, қоғамның
ащы шындығын кестелеп, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қиыншылықтар мен ауыл
адамдарының әр алуан тағдырларын автор баяндап, ел басына қаралы қасіретті
күн туып сүттей ұйыған өмір жарастығын алай-дүлей бұзған, бақыттыны
бақытсыз еткен, соғыс жылдарындағы қазақ ауылы мен тұрмысы қазақ
әйелдерінің аянышты тағдырлары баяндалады.
Мына диалогтан ер-азаматынан айрылған көңілі жаралы абзал ана Хадиша
образы мен поезда жолықтырған соғыстың зардабынан ата-ана, туған-
туыстарынан айрылған жетімханада өскен жетім қыздың тағдырын мына
диалогтан оқып көрелік.
─ Әке-шешең бар ма, қарағым?─деді Хадиша.
─ Білмеймін.─ Қыз иығын қиқаң еткізіп күлер-күлмес езу тартты.
Білмегені несі? Дені сау ма өзінің ? ─деді ішінен Хадиша.
Бірақ дауыстап:
─ Білмеймінің не?─деді.─Өзің қайдан келесің? Үйің бар ма?
Қыз төмен қарап, терезенің жақтауын саусағымен сүрткілей берді. Хадиша
сонда байқады, қыздың әдемі мойыл көзіне жас толып, шүпілдеп тұр екен.
Қу басым, қарап отырмай, байғұстың жарасын қасып алдым ба?
─ Мен детдомда өстім, апа,─деді қыз енді езу тартпақ болып.
─ Е, байғұс-ай,─деді Хадиша көңіліне келеді-ау деп ойлап
жатпай.Сонан соң есіне бірдеңе түскендей, лезде қатқыл үнмен, жұлып
алғандай:
─ Қай жердің жетімханасы ?─деді.
─ О, апа, көп. Дана-Атада да болдым, Жасылкентте де болдым,
Мәуеліде де болдым. Көп..[2,10 бет].
Диалог –сұрақ-жауап түрінде берілген.
Интернат наны әңгімесінен ұрыс-дау ,жанжал тәсілмен берілген шағын
диалогтан Әлтайдың мінез-құлқы айқын аңғарылып тұр. Диалог дау ұлғая түсіп,
әңгіменің сюжетін әрі қарай дамыта түседі.
Сәттіғұл барып Әлтайдың үстінен көрпені жұлып алады. Әлтай қақпанға
түскен қасқырдай ақсиып айбат шегеді.
─ Бер бізге де!─дейді Сәттіғұл. Басқалар бұл кезде Сәттіғұлды үнсіз
қуаттап анталап тұрады.
─ Неге берем, өзімдікі!─ деп шаңқ етеді Әлтай.
─ Жоқ, біздікі!─дейді Сәттіғұл.
─ Контрамарканы қайтар, сонда берем,-дейді Әлтай енді қайтер
екенсің дегендей.
─ Контрамаркаң жалған. Сені ол үшін соттату керек. Жалған документ
жасағаны үшін соттайтын заң бар екенін білмейсің бе,-дейді Сәттіғұл.
─ Онда сол контрамаркамен ұдайы неге өзің театрға кіріп жүрсің?
Сені де соттату керек, өлсем-жастығымды ала кетермін,─деп Әлтай қасарысады.
Бірақ өзінің кінәсы басым екенін сезіп жаси бастайды.
─ Нан қалған жоқ, әйтпесе не көрініпті, беремін ғой, өле жегенше
бөле же деген ғой.
─ Өй, сен мақалдамай шығар бері, қалған жоқ деуін қарашы.[2,89 бет]
Диалог –егес әрі қарай шиеленісіп, шарықтау шегіне жетіп, интернат
меңгеруші мен Хасболат арасындағы диалогқа ұласады.
─Қарындарың ашты ма ?─дейді.
Дәл қазір жаурадыңдар ма ? деген сұрақ орынды сияқты. Бірақ интернат
меңгеруші: Қарындарың ашты ма ? ─деп сұрайды.
Қарным ашты десем, әлдене деп жүреді,─деп ешкім үн қатпайды.
─Айтпайсыңдар ғой,ә ?Онда тұра тұрыңдар тағы да,─деп дәу ағай
қайтадан өз үйіне асықпай аяңдай бастайды.
─Ағай! Ағай Тоқтаңыз,─дейді шыдай алмаған Хасболат күркіреуік
даусымен. Онан соң жолдастарына қарап:
─Неге үндемейміз ? Айтпаймыз ба, тұра бергенше ! Қарнымыз ашты ,
ағай,─дейді.
─Ашты.
─Ашты,─деп әр жерден бір дауыс дірілдеп шығады. Сонда дәу ағай:
─Ашынған қарын тойынар. Барыңдар, ұйықтаңдар!─деп бұйырады.[2,90
бет]
Қасқырдың тарамысы әңгімесінде автор кейіпкерінің атын (Әлтай) осы
шағын диалогта екі рет ғана айтады. Оған дейін бес рет Қодар сөзін
қолданады. Кейіпкердің жағымсыз бір белгісін , кемшілігін астарлы сөзбен
сынап, кекетіп, мысқылдап аты орнына қолдану көркем әдебиетте бұрыннан бар
автор ирониясын білдіреді. Осы тәсіл арқылы кейіпкердің жағымсыз іс-
әрекетін , мінезін аңғарамыз.
Шеткі төсекте үрпек сары Әзімбай жатушы еді:
─Өзі азғантай ауқатты бөліп...─деп бұртиса да қызыл дорбаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасындағы Мархабат Байғұттың қазақ әдебиетіндегі шығармашылық орнын анықтау
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Қазақ драматургиясы туралы
Қазақтың ұлы жазушылары
Драма және драматургия негіздері
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының көркемдік стилі, тіл айшығы
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер. Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Пәндер