Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
Кіріспе
1 Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша
туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік реттеу
1.2 Айналым құралдардың жiктелуi
1.3 Айналым құралдарды есептеуді ұйымдастыру
2 Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
2.1 Айналым құралдардың кіріске алудың құжаты
2.2 Айналымқұралдарды түгелдеу, қайта бағалай және есеп берудің мәнін ашу
2.3 Айналым құралдарды есептен шығару
2.4 Айналым құралдардың аналитикалық
және синтетикалық есебі
3 Практикалық бөлім
3.1 Мысал ретінде «Қазақтелемком» АҚ көрсетілген
3.2 №12 Журнал. ордер
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі

Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша айналым құралдар
туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік
реттеу

3.1 Мысал ретінде Қазақтелемком АҚ көрсетілген
3.2 №12 Журнал- ордер
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Барлық Айналым құралдар өздерiнiң өндiрiске қатысуына қарай
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес болып екi топқа бөлiнедi. Өндiрiстiк
Айналым құралдар деп өндiрiстеқызмет ететiн, яғни өнiм өндiру орындарында
пайдаланатын негiзгi құралдарды айтады.
Оларға: өндiрiске арналған үйлер, ғимараттар, өткiзгiш тетiктер,
құрылыс машиналады, көлiк тасымалдау құралдары, әр түрлi станоктар,
двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар және тағы басқалары
жатады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндiрiстен басқа салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады. Оларға
тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтiк
қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын Айналым
құралдар жатады.
Халық шаруашылық салаларына және iстейтiн қызметтерiнiң түрлерiне
қарай барлық Айналым құралдар: өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материадық – техникалық
жабдықтау және сату-өткiзу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтiк сақтандыру, ғылым және бiлiм беру, ғылыми көмек
көрсету және тағы да басқа салалар ойынша топталады.
Кәсіпорындардың бухгалтериясында Айналым құралдардың әрбір
объектісіне типтік ведомстволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке
бірінсіз бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар,
тағы басқалары өосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның
түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың
тізімі жақылады.
Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе
басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы,
бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда
олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі.
Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың
әрқайсысына бөлек түгендлеме нөмірі беріледі. негізгі құралдардың барлық
түрлерін, сондай- ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде
пайдалануға берілген біртектес өндірістік- шаруашылық қызметінің бір түрін
орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі
құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомство аралық түгендеу карточкасы
қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары
бойынша тіркеледі.
1 Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша айналым
құралдар туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін
мемлекеттік реттеу
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база
болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын
алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде
олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шын және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі
екінші бір кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Орындылық. Пайдаланушыға өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды
бағалауға, өткен бағалауды растауға немесе түзетуге көмектесіп,
экономикалық шешімдерге ықпал ету.
Ақпараттың орындылығына оның сипаты мен елеулілігі маңызды ықпал
жасайды. Ақпарат егер оны қалдыру немесе дұрыс ұсынбау пайдаланушының
экономикалық шешіміне әсер ете алса, елеулі деп саналады.
Сенімділік. Ақпаратта елеулі қателер мен бұрмалаулар жоқ және
пайдаланушылар оған шынайы деп сенуіне болады.
Мәннің формадан артықшылығы. Операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы
ұсыну үшін олар тек заңдық формамен ғана емес, оның мәні мен экономикалық
шындығына сай есептеліп, ұсынылу қажет.
Байқампаздық. Активтер мен кірістер кемітілмей, ал міндеттемелер мен
шығыстар әдейі арттырылмауы үшін белгісіздік жағдайларында талап етілетін,
есептесулерге пікір қалыптастырған кезде сақтықтың белгілі бір деңгейін
ұстау.
Уақыттылылық. Ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған жағдайда
ол өзінің орындылығын жоғалтуы мүмкін.
Пайда мен шығын арасындағы баланс. Ақпараттан алынатын пайда оны алуға
кететін шығыннан түсуі тиіс. Пайда мен шығынды бағалау едәуір дәрежеде
кәсіби пайымдаудың мәселесі болып табылады.
Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс. Қаржылық есеп беруге арналып
қойылған негізгі тағайындауды орындау үшін көбіне тепе-теңдік немесе
сапалық сипаттамалар арасындағы ымыра болуы қажет. Қаржылық есепті
жасаушылар кәсіби пайымдаудың көмегімен әр түрлі жағдайларда
сипаттамалардың салыстырмалы маңызқдылығын айқындайды.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы болып табылады,
яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы
тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалған жөн.
Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел
(оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның
өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және
жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік
есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы
құжаттармен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін
берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып
бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде
берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс,
қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру т.б.).
Төртінші кезең. Шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі
талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау
жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.
Жылдық есептің меншік иелерінде немесе құрылтай құжаттарында
көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына
(кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік
статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтетлік
есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық
органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның
барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы
кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші
айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін
берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі,
сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті
түзетулер енгізілуі мүмкін.
Қаржылық есептің негізгі мақсаты – тиімді экономикалық шешім
қабылдауда басшылыққа алынатын ақпараттың болуы, сондай-ақ:
1) нақты және әлуетті инвесторлар мен кредиторларға түсінікті
ақпараттың болуы;
2) нақты және әлуетті инвесторлар мен кредиторларға түсінікті
ақпараттар арқылы қажетті жағдайларды, әсіресе банктің төлем қабілеттілігін
және өтемділігін, сондай-ақ барлық қызмет түрлеріне тәуекелділік дәрежесін
білуге болады;
3) банктің ресурстары, міндеттемелері, құралдары мен дерек көздері
және олардың өзгерістері жайлы ақпараттың болуы.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасқан. Бұл функция
арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі қорлардың ара салмағы,
оларды қалыптастырудың көздері пайдаланылуы туралы ескеріп отырады.
Қаржылық бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу
және тұтыну процесстеріне қоғам ең алдымен мемлеект тарапынан ықпал жасауға
мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана
адамдардың қатысуымен мынадай белгілі бір шарттардың негізінде: бақылаудың
айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл
органдардың құқықтарын реттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құрамы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер, қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретінде қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау
функцияы қаржының бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал
қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұны ретінде бақылау
функциясының практикалық қолданылуы болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік
реттеуді жүзеге асыру:
1 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру жүйесін реттеуді уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады;
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіден басқа, мемлекеттік
мекемелердегі бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін
реттеудің ерекшеліктері мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі
нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді;
3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады;
4 Қызметін ретеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес Қазақстан Республиаксының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдардың
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеуді Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
5 Уәкілетті орган:
1) бухгалтерлік есепке алудың стандарттары мен оларға әдістемелік
ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, Қазақстан Республикасының Халықаралық
қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарлары мен оларға
әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
3)өзге де мемлекеттік органдармен және бухгалтерлер мен аудиторлардың
кәсіптік ұйымдарымен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де
функцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
- қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
жүктелген ұйымдар үшін:
- уәкілетті органның келісімімен Халықаралық қаржылық есеп беру
стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша
бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік
ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
- осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі
жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру туралы заңнамасы талаптарының және бухгалтерлік есепке алу
стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

жүктелген аффилирленген тұлғалар үшін осы Заңның талаптарына сәйкес
Қазақстан Республикасының қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерін әзірлейді және бекітеді.
Бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу
шоттарының үлгі жоспары:
1) Бухгалтерлік есепке алу стандарттары бухгалтерлік есепке алуды
жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың жалпы ережелері мен әдістерін
белгілейді;
2) Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік
есепке алудың синтетикалық шоттарының жүйеленген тізбесін білдіреді.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің мақсаты мүдделі
тұлғаларды (бұдан әрі – пайдаланушылар) кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық
жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы
толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің принциптері мен
негізгі сапалық сипаттамалары:
1) Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді
жасаудың принциптері есептеу және үздіксіз болып табылады;
2) Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаты түсініктілік,
орындылық, сенімділік және салыстырмалық болып табылады.
1.2 Айналым құралдардың жiктелуi
Бухгалтериялық есепте Айналым құралдар деп өндiрiс үдерiсiнде ұзақ
уақыт бойы, яғни бiр жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзiнiң бастапқы
түрiн, көемiн сақтай отырып, құнын шығарылған өнiмге, орындалған жұмысқа,
көрсетiлген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшерi шегiнде
бiртiндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтердi
айтады. Негiзгi құралдарға -қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен
ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуiш және
реттеуiш аспаптары мен құралдары, есептеуiш машиналар мен техникалары және
олардың бағдарламалық құралдары, кһөлiк тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, өнiм және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың iшкi жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемiне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзiмi бiр жылдан
аспайтын өндiрiс құралдары негiзгi құралдардың қатарына жатпайды. сонымен
қатар негiзгi құралдардың құрамына кәсiпорынның қоймаларындағы дайын
бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделi
құрылыс құрамында есептелетiн монтаждауды қажет ететiн жабдықтар, жасалып
бiткен, бiрақ әрi пайдалануға берiлмей тұрған машиналар мен жабдықтар,
сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзiндiк құнының құрамына қаралған үстеме
шығындардың есебiнен салынған титулдық тiзiмге кiрмеген ғимараттар мен
тетiктер, сонымен бiрге жас малдар, яғни мал төлдерi же жатпайды.

пайдаланатын негiзгi құралдарды айтады. Оларға: өндiрiске арналған үйлер,
ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, құрылыс машиналады, көлiк тасымалдау
құралдары, әр түрлi станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш
аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа салаларында пайдаланатын Айналым
құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау,
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын
Айналым құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және iстейтiн
қызметтерiнiң түрлерiне қарай барлық Айналым құралдар: өнеркәсiп, ауыл
шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материадық –
техникалық жабдықтау және сату-өткiзу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру,
басқару органдары, әлеуметтiк сақтандыру, ғылым және бiлiм беру, ғылыми
көмек көрсету және тағы да басқа салалар ойынша топталады.
Айналым құралдар халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған
кезде олардың қатысумен шығарылған өнiмдердiң, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметкеердiң шаруашылықтың қай түрiне жататындығы негiзге алынады.
егер кәсiпорындар мен ұйымдардағы негiзгi құралдардың бәрi тек қана
ұйымның негiзгi шаруашылықтың түрiне ғана қызмет iстейтiн болса, онда бұл
ұйымдағы негiзгi құралдардың барлығ түгелiмен сол кәсiпорынның атқаратын
қызметi саласындағы топқа жатады.
Мысалы: өнеркәсiптiк ұйымындағыөнеркәсiп өнiмдерiн өндiру үдерiсiне
тiкелей байланысты негiзгi құралдардың барлығы халық шаруашылығының
өнеркәсiп саласына жатады.
Егер кiсiпорынның баласында осы ұйымның негiзгi қызметiнен басқа
салаларында қызмет атқаратын өндiрiстерi мен бөлiмшелерi болса, онда осы
бөлiмшелер мен өндiрiстiң атқаратын қызметтерiнiң сипатына сәйкес келетiн
халық шаруашылық саласы қызметi түрiндегi топқа жатады.
Кәсiпорынның баласындағы тұрғын үй шаруашылығының Айналым құралдар
халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет
көрсету саласына жатады.
Айналым құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметiне
қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма тағы басқалары)
ә) ғимараттар (көрпiрлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары,
эстокадолар, скважиналар, тағы басқалары)
б) өткiзгiш тетiктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетiн тетiктер,
құбырлар, тағы басқалары)
в) машиналар (бумен жұмыс iстейтiн вигательдер, iштен жанатын
двигательдер, электроаппараттық, трансформаторлар, эскаваторлар,
грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғаш машина, көтергiш крандар, жүк
көтергiш шығарлар, су өлшегiш құралдар, мометрлер, таразырлар, кассалық
аппараттар мен тағы да басқалары);
г) тасымаплдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көлiктер, жеңiл
көлiктер, көлiкке тiркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары,
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бақтар, контейнерлер тағы
да басқа Айналым құралдар);
д)шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздапр, креслолар, кiлемдер,
сейфтар, тағы да басқалары;
е) жұмыс және өнiм малдары);
ж) көп жылдық өсiмдiктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемiнiң құны);
и) жердi жақсартуға (өндеуге) жұмсалған күрделi шығын;
к) басқа да Айналым құралдар (кiтапхана қорлары тағы басқалары);
Айналым құралдар кiмнiң меншiгiнде, иелегiнде екендiгiне қарай
меншiктiк, яғни кәсiпорынның өзiне тиiстi және уақытша жалға алынған болып
екiәге бөлiнедi.Кәсiпорын уақытша жалға алған негiзгi құралдарды баланс
сыртындағыЖалға алынған Айналым құралдар деп аталатын шотта есептейдi.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай Айналым құралдар жұмыс
устейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда түрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдесіндегі, яғни қолданыстағы Айналым
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған,
белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп
есептеледі:
а) Айналым құралдар;
ә) тауарлық- материалдық қорлар немесе
б) қаржылық инвестициялар.

Айналым құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі.
Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша
бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына
кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып
алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке
құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы)
бойынша жекеленген немесе бірімен- бірі құрылымы бойынша біріктірілген,
яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын
бүйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және
олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға
түгендеме нөмері беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Айналым құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға
берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен
шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құрылдарына
берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе
құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды)
реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу
тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер
белгіленеді, ол сериялық реттік неөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу
тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі
құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме
карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын
алғашқы құжаттарды көрсетілуі тиіс.

тізімі жақылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың),
аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық
сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске
алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ
бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына
бөлек түгендлеме нөмірі беріледі. негізгі құралдардың барлық түрлерін,
сондай- ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға
берілген біртектес өндірістік- шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға
арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды
есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомство аралық түгендеу карточкасы

Негізгі көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі
құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ- 11 санды
түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін
жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда Айналым құралдар жоғарыда айтылған
топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада
есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.
Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар
қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқа да
негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге
ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар
негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте
әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында
сақталоады. Ол картотекада Айналым құралдар халық шаруышылығының саласына
қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде
түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны,
олардың атқаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар,
машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы да басқалар) орналастырылады.
Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір
жерден екінші жерге орны ауыстырған негізгі құралдардың түгендеу
карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-
ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы түрған Айналым құралдар мен басы
артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек
қойылуы қажет.
Түгендеу карточкалар мен кітапшалар талдамалық (аналитикалық) есептің
негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу
нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері,
зауыттық нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына
байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы да басқа
шартты белгілері мен кректі мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу
карточкалар үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомтство аралық негізгі құралдарды
есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл
тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкалардың
түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды
жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеген тіркейді.
Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жер бойынша
үлгілі түрі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға
қарағанда бұл тізімдеме келіп- түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша те
қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлық
номері, түгендеу картчока немесе түгендеу еітапшаға жазылған нөмірі, басқа
да мәліметтері жазылады.
Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу
тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген Айналым құралдар жайлы
мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырып,
тексеріліп отырады. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz