Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 . 2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар . қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004.2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы
5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы
7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы
10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде
14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау
21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері
23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ
27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
29
ҚОСЫМШАЛАР
31
КІРІСПЕ
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте
маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың
жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар
жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру,
пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең
ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату
үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық
қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік
инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен
байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен
орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді.
Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-
қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден
басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда,
өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар
әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық
қызметті атқаруға жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және
материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі
бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты
одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және
пайдалану үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек
қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы
басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған
қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде
ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық
қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте
құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің дамуы мен қалыптасуы. Сондықтан бұл курстық жұмыста қаржы
жүйесінің мәні, оның құрылымы, қаржылардың атқаратын қызметтері, дамуы мен
қалыптасуы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу,
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру,
сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы
жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің
шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей
міндеттер қойылады:
– Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымымен таныстыру;
– Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық
категориялармен байланысын ашу;
– Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен
таныстыру;
– Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің
маңызын ашу;
– 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
– Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен
таныстыру;
– Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының
маңызын ашу.
Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы
ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық
мазмұнын, оның атқаратын қызметтері жайындағы мәселелерді және шет
мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін
қарастырамын. Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымын қарастырамын, 2004-
2006 жылдардағы қызметіне талдау жасалады және соңғы үшінші бөлімде
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және
жетілдірудің бағыттарын қарастырамын.
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы немесе Қазақстан Республикасының
қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы (орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған
қолма қол ақша, табыс деген ұғымды білдіреді) қоғамда өмір сүретін,
объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды
білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану
процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан
аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы
әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен
бір уақытта пайда болған. Қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және
мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар
ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай)
қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады.
Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет
меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтардан қанағаттандыру
процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының
материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Бұл терминнің авторын
1577 жылы Республика туралы алты кітап деген еңбегін жазған француз
ғалымы Ж.Боден деп есептеуге болады . [8. 6-б]
Қаржының мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда
болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі
болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің
экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып
табылады. Қаржы термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және
экономикалық категория ретінде.
Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қармағындағы,
меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтады. Бұл жерде айта
кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржы өте
мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және
ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті
өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы – ақшалар болып
табылады. Ал экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы
бар. Ақша – бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға
ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және
қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға
бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды
және объективті сипатта болады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн
қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының
болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының
қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болуынан және
қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды .
Қаржы жүйесі ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі
болып табылады. Қаржы жүйесі ақша қаражаттарының қорларын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және де осы қатынастарды
үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ
эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі тек
бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның
қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар
құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың
көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап
отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық
процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі
қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш бөлікті қамтиды:
қаржы қатынастарының жиынтығы, ақша қорларының жиынтығы және басқарудың
қаржы аппараты. [7. 52-б]
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке
жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып,
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және
кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның
қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен
сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін
білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші
жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты
элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес
қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық,
бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың
және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының
қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның қызметтерін анықтауды
да талап етеді. Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
рөлдері мен маңызы олардың мына функциялары арқылы көрініс табады: бөлу,
реттеу, ынталандыру және бақылау функциялары. Осы аталған функциялар тек
мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге
асырылады.
Қаржының бөлу функциясы арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асады.
Бұл функцияның көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны
мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша
қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан
бөлінеді. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы
қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық
байлықтың бөлігі болып табылады. Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы
өндіріс үдерісінің қатысушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары
бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме,
азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс
және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлық саласында жүреді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық
табысты және таза табысты бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз
етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан
туындайды. [5.339-б]
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің
сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда,
несие саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады.
Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әр түрлі
ынталандырғанда жүзеге асады.
Бақылау қызметі қаржының бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл функцияның
арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға
сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының
ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық
тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы
көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің
барысында іске асады. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы
кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау
жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі
тиімсіз пайдалануды анықтайды және де кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік
бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер
кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды
міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық қызметкерлері қаржылық бақылауды
қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің
атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың
мынандай түрлері бар: қаржылық шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік
бақылау және несиелік - банктік бақылау.
Қаржылық-шаруашылық бақылау фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс
тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған. Қаржылық-бюджеттік бақылау
кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-
ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін
және де бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың орындалуына қарай берілуін
бақылайды.
Несиелік-банктік бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы
жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің
мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың
бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер
көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылдары мемлекеттің
қаржылық қызметі болып табылады. [8.65-б]
Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға, еңбекақы, несие
тәрізді экономикалық категориялармен байланысы және осы категориялардың
бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
1. Баға – бөлу үрдісінде бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды
анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын
белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді. Олар кейін
бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық
нысандарына ие болады.
Экономикалық үрдістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның
амортизациялық аударымдары, еңбекақы, материалдық және тағы басқа шығындар,
табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс
факторлармен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.
Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде жинақталса, онда салық
көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына әкеліп
соғады, бұл пайда нормасы жоғары деңгейдегі салаларға ауысатын ресурстардың
босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропоцияларды нақтылайды. Қаржылық
бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы – бағалық бөлудің объектісі болып
жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы қоғамдық
өнімнің құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда
екінші ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда байқаусыз, ол
түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді.
Бағалық бөлумен, ал қаржылық бөлу және қайта бөлумен сипатталады.
2. Еңбекақы. Бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете
бастайды.
Қаржы, еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорлардың қалыптасуына
жағдай жасайды. Осы категориялар ұдайы өндіріс үрдісін бір-бірімен
байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің ұдайы өндірісінің алғы
шарттарын айқындай түседі.
Қаржы мен еңбекақының әр түрлі әрекеті:
1. қаржылық бөлудің шегі еңбекақыға қарағанда кеңірек, өйткені
еңбекақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысады;
2. қаржы құнның бір жақты қозғалысына қатысады, ал еңбекақы оған
қарсылас еңбектің құны мен оны ақшалай өтеу қозғалысына
қатысады.
Еңбекақы арқылы толығымен V және жартылай m бөлінеді. Қаржы арқылы әр
түрлі қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары
қалыптасады. Олар еңбекті төлеу қорын құрайды.
Еңбекақы – салық төлеудің негізгі көзі болып табылады. Еңбекақының көзі
болып қаржы ресурстары танылады, ал еңбекақы қорын үнемдеген жағдайда, оның
өзі қаржы ресурстарының көзі болып табылады.
3. Несие. Банк ресурстарын қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие
алдын ала бөлінген құнды қайта бөледі. Несие ресурстары өзіндік қаражаттар
мен олардың тұтынылуындағы сәйкессіздіктің бар болуы нәтижесінде пайда
болады. Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне
әсерін тигізеді.
Несиенің ерекшелігі – олар қайтару шарты негізінде белгілі бір мерзімге
бірлесе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және
қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер
мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта бөлінеді. Несие
ресурстарының қаржылық ресурстарға салынуы және алынуы үздіксіз болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары банк шоттарында шоғырланады
және несие беру үшін олар ссудалық қорлардың көзі болып табылады. Қаржы
және несие арасында ұқсастық белгілер өте көп, бірақ негізгісі болып осы
категориялардың өндіріс қорлары мен ұдайы өндіріс процесінің айналымында
кең пайдалануы табылады.

Американдық федерациясында бюджеттік құрылым АҚШ Конституциясымен
қабылданды. Бұл құжат бойынша штаттар федеративті одаққа басқа
өкілдіктермен қоса мемлекеттік шығындарды шығаруға құқықты тапсырды. ХХ
ғасырда АҚШ-тың бюджетік құрылымы және федеративті бюджет көптеген
өзгерістерге ұшырады. Негізінен, мемлекеттік бюджеттің мөлшері өсті,
сонымен бірге мемлекеттің жалпы ішкі өнім, табыстар мен шығыстардың
құрылымы, қаржылардың қатынасы да өзгерістерге ұшырады.
Басқа дамыған мемлекеттердегідей АҚШ-тың бюджеті де үш негізгі
функцияларды орындайды:
– мемлекеттік құралдарды ұстау (басқару аппараты, әскер, соттар
және тағы басқалар);
– әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік топтардағы
тұрғындар мен территориялар арасындағы табыстарды қайта бөлу;
– экономикалық өсуге жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдаудағы
шарттарды қалыптастыру үшін бюджетті құрал ретінде қолдану.
АҚШ-тың бюджеттік құрылымы федеративті болып саналады және үш деңгейден
тұрады:
1. федеративті бюджет;
2. 50 штаттардың бюджеттері – федерация мүшелері;
3. әкімшілік, шаруашылық-кәсіпкерлік, мәдени және басқа
бөлімшелердің 12,7 мың бюджеттері.
АҚШ-тағы федеральды бюджет – бұл негізгі бағыттар және бағдарламаларға
сай түсімдердің көздері бойынша барлық мемлекеттік табыстар мен
шығыстардың сметасы. Бюджеттік табыстар негізін салықтық және салықтық емес
түсімдер құралады, сондағы біріншісі үлкен бөлігін құрайды.
Федеральды бюджеттің табыстар мен шығыстар құрылымы негізінен
мемлекеттің бюджеттік-қаржылық саясатына байланысты жыл сайын өзгеріп
отырады. АҚШ-тың феральды бюджеттің құрылымына саяси оқиғалар күшті әсер
етеді. Сондықтан мемлекеттің қаржылық стратегиясын президенттің әкімшілігі
анықтайды.
Әлеуметтік бағдарламалар маңызды екі функцияны орындайды:
1. адамның капиталына инвестициялардың түсуін қамтамасыз етеді;
2. қоғамдағы әлеуметік тұрақтылыққа кепілдік ретінде болады.
2002 жылғы бюджетте аса маңызды мән болып АҚШ-та білім жүйесін
жетілдіру саналды. Бұл бюджет бойынша қаржы-қаражатты үш еседей бөлу, яғни
5 жылға 5 млрд доллар бөлінді. Президент әскери бюджетті 4,8%-ке ұлғайтуды
ұсынды. АҚШ-тың 2004 жылға бюджеті 2 трлн 230 млрд долларды құрады және
американдық экономиканы ынталандыру бойынша жоспарларды қамтиды.
Федеральды үкіметтің бюджеттік жылы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың
30 қыркүйегінде аяқталады, көптеген штаттарда – 1 шілдеден келесі жылдың 30
маусымына дейін. Штаттардың жартысынан көбі бюджетті екі жылға
тәжірибелейді.
АҚШ-тағы штаттардың және жергілікті органдардың бюджеттері едәуір
дербес немесе тәуелсіз деп айтуға болады. Оларды әкімшілік бірліктердің
басқару органдары құрастырады, қабылдайды және орындайды. Федеральды өкімет
штаттардың бюджеттерін бақыламайды. Штаттардың өкіметі қаржы және бюджет
бойынша федерация алдында жауап бермейді. Шығыстардың сметасын бюджеттік
және қаржылық бюролар құрастырады, ал табыстар сметасын – салықтық әне
басқа органдар. Бюджеттің проекті жергілікті заңнамалық органдарға
тапсырылады.
Штаттардың ең ірі шығыстары: ағарту (35% бюджеттің шығыстық бөлігі),
әлеуметтік қамтамасыз ету (13%), денсаулық сақтау (9%), қоршаған ортаны
қорғау, үй құрылысы.
Жергілікті бюджеттер мемлекеттік игіліктерді қаржыландыру мақсатында
жұмсалады: тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу, мемлекеттік ұйымдар
мен кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақыны төлеу.
Жергілікті өкімет органдарының бюджеттері бөлектенген және әрбір
мемлекеттік басқару бөлімшесі өзінің бюджеті өзі құрастырады, қарастырады
және орындайды.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде маңызды орынды дербес қаржылық
мекемелер ретінде қалыптасқан арнайы қорлар атқарады. Олар мақсатты
мағынасы бар аұшалай ресурстардың жиынтығын көрсетеді. Табыстары салықтық
және салықтық емес түсімдер, сонымен қатар федеральды бюджеттің қаражаттары
есебінен қалыптасады. Арнайы қорларға жатқызылады:
– әлеуметтік сақтандыру қорлары – қартайғанда, денсаулығын
жоғалтқан жағдайда және басқалар;
– шаруашылық өмірді реттеуге бағытталған экономикалық қорлар;
– ғылыми-зерттеушілік қорлар;
– әскери-саяси қорлар – президенттің қарамағындағы резервтер.
Салықтық төлемдердің жүйесін көбінесе бюджеттің табыстық бөлігі
анықтайды. Сондықтан АҚШ-тың салықтық жүйесі өзінің құрылымы жағынан
бюджеттік жүйеге ұқсас және федеральды бюджеттің, штаттар мен жергілікті
органдардың бюджеттердің табыстарының басты көзі болып есептеледі.
Федеральды үкімет барлық салықтық түсімдердің 70% алады, штататрдың
үкіметі - 20%, жергілікті өкімет - 10%. [17. 4-б]
Қазіргі федеральды салықтар құрылымына сегіз бағыттар (түрлер) кіреді:
1. жеке табыс салығы (2001 жылы федеральды бюджеттің табыстық
бөлігінің 48%);
2. әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық аударымдар (34%);
3. корпоративті табыс салығы (10%);
4. акциздік жиналымдар (4%);
5. мұрагерлікке және сыйға салынатын салық;
6. кеден баждары;
7. тұтыну тауарларының көтермелік сатудан салығы;
8. жылжитын және жылжымайтын мүлікке салық.
Соңғы үш салық түрлерінің сомасы 2001 жылғы федеральды бюджеттің 4%
құрайды.
Тура салықтар американдық салық жүйесінде маңызды орынға ие, яғни
олар: өзіндік табысқа салық (жеке табыс салығы), әлеуметтік қамтамасыз ету
қорларына мақсатты аударымдар, корпоративті табыс салығы.
АҚШ-та жеке табысқа салық салудың келесі қасиеттері танылады:
– салық салудың прогресивті мәні;
– салықтық аударымдардың дискреттығы - әрбір үлкен ставка тек
қана анықталған соманың нақты бөлігіне пайдаланылады;
– салық салу ставкасының заңдылық тәртібіндегі үздіксіз
өзгерістер;
– салық салудың әмбебаптығы – табыстың теңдік сомасында әдетте
бірдей салықтық ставкалар болады;
– мақсатты жеңілдіктер мөлшерінің көптігі;
– әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық жиналымдардың
ерекшеленуі;
– салық салуға түспейтін жеке табыстардың белгіленген минималды
деңгейі.
Федеральды салық салу жүйесіндегі өзінің көлемі жағынан екінші
орындағы - әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына жарналар – бірнеше
компоненттерден тұрады. Оған кіретіндер: әлеуметтік сақтандыру үшін салық;
медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін салық; жұмыссыздыққа жеке
салық ретінде федеральды жәрдемақы қорындағы төлемдер.
Жергілікті салықтар үш негізгі топтарға бөлінеді.
Бірінші топ – жергілікті ооргандардың тура және жанама салықтары. Тура
салықтарға: мүліктік және кәсіптік салықтар, мұрагерлікке және сыйға
салынатын салықтар жатады, жанама салықтарға – сату үшін, жанармайға,
темекі және ішімдік заттарына салынатын салықтар.
Жергілікті салықтардың екінші тобы жалпы мемлекеттік салықтарға
қосымшалар ретінде қарастырылады. Бұндай салықтарға жеке табыс және
корпоративті табыс салықтары жатады.
Жергілікті салықтардың үшінші тобы – көлік құралдарына, иттерді
ұстауға, қонақүйлерге, коммуналды жиналымдарға және басқаларға салынатын
салықтар. Көлікке салынатын салық ставкасы көлік түріне байланысты болады.
Негізінен, бұл салық түрінің мемлекеттік және жергілікті бюджеттер үшін аса
үлкен маңызы жоқ.
Жергілікті салықтар:
– мүліктік;
– сатудан және айналымнан жалпы салық;
– жеке табыс салығы;
– сатуға жалпы салық;
– корпоративті;
– мұрагерлікке және сыйға салынатын салық.
АҚШ-тың салықтарының құрылымы берілген. (ҚОСЫМША А)
АҚШ-тың салықтық қызметі келесі түрде қалыптасқан. Салықтық жүйенің
басты институционалды бірлігі федеральды ұйым – ішкі табыстар қызметтілігі
болып табылады, оның ішінде орталық аппарат, 7 аймақтық және 62 аудандық
салықтық басқармалар біріктірілген. Әрбір штатта өзінің салықтық қызметі
бар. Ол әдетте табыстар департаменті деп аталады. Үш штатта салықтық
қызметтің басшысын сайлау арқылы таңдайды, ал кейбір штаттарда салықтық
қызметті комиссия басқарады.

2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны
ретінде
Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын
зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы
қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы
қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық
қатынастардың құрамды бөлігі.
Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік
салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап,
пайдаланады.
Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылар)
нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:
– мемлекет қаржысы
– шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
– халық қаржысы (үй шаруашылығы). (ҚОСЫМША Б)
Енді осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.
Экономикалық мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты
болатын ақша қатынастарын білдіреді.

өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік
бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және
басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады. [10. 105-б]
Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:
– мемлекеттік бюджет;
– бюджеттен тыс қорлар;
– мемлекеттік несие.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің
орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге
қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.
Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық
кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы
керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет
мемлекетттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттерін
қаржылармен қамтамасыз ету үшін, ақша қаражаттар қорларының шоғырлануы және
нәтижелі жұмсау нысанын ұсынады. Сондықтан бюджет процесінің өзі
мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың мақсатына жетуге бағытталған.
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз – мемлекеттік органдардың қол астындағы
және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.
Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі
ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік
экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. Бюджеттік
тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы қаржылық
ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір
жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай
мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.
Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде
мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан,
мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай
бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс
қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал
басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған
қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге
арналған қорлар жатады.
Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық
қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемелекеттің кейбір қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді
жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып
табылады.
Оның негізгі қалыптасу көздері мыналар:
– арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар
– бюджеттен берілетін субсидиялар
– қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары
– заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары [5.346-б]
Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттар шығындалуының бағыты
қорлардың тағайындалуымен, нақты экономикалық жағдайлармен және өткізілетін
бағдарламалардың мазмұнымен түсіндіріледі. Қаражаттың бір бөлігі
құрылтайшылық қызметке жұмсалады, сондай-ақ бағалы қағаздарға салынады.
Бюджеттен тыс қорлар ақша қаражаттардың қолданылуы көбіне олардың қалыптасу
уақытымен сәйкес келмейтіндіктен, инвестициядан түскен кіріс тиісті қордың
шығынын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындықтан инвестор және
қаржылық нарықтың қатысушысы ретінде көріне алады.
1990 жылдардан бастап Қазақстанда әр түрлі мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлар жұмыс істеді. Бірақ 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын
орталықтандыру саясатын өткізуге байланысты қорлардың қаражаттары
мемлекеттік бюджетке жинақталды.
Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамтамасыз
ету қоры, жол қоры, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру
қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады.
Сонымен бюджеттен тыс қорлар Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті құзыретті органдардың бюджет қармағына жатпайтын ақша қорлары
нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттар.
Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша
бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz