ШТСҚ жабдықталған ұңғылардың тиімді технологиялық жұмыс режимін орнату және негізгі көрсеткіштерін анықтау


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық - техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде - бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылған.
Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Дипломдық жобамның тақырыбы ШТСҚ жабдықталған ұңғылардың тиімді технологиялық жұмыс режимін орнату және негізгі көрсеткіштерін анықтау.
C. Нұржанов кен орны жаңадан игеруге беріліп жатқандықтан көпшілігі фонтанды пайдалану тәсілімен игерілуде, яғни табиғи энергия есебінен, алайда табиғи энергияның азаюына байланысты механикалық тәсілмен ШТСҚ жабдықтарын пайдалану арқылы өнімді алуда.
Дипломдық жобада C. Нұржанов кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу көзделген.
- Геологиялық бөлім
1. 1. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
1. 1. 1. Кен орнының жалпы мағлұматтары
Батыс С. Нұржанов мұнай-газдыконденсатты кен орны. Атырау облысы Ембі ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік - шығысқа қарай 170 км жерде орналасқан. Құрылымы 1958 жылы терең бұрғыланған сейсмобарлау арқылы дайындалған. Іздеу бұрғылауы 1963 жылдан басталды. Кен орын 1964 жылы ашылды. Барлау жұмыстары 1964 - 1978 жылдары өткізілді.
Шығыс және Орталық С. Нұржанов мұнайлы-газдыконденсатты кен орны. Атырау облысы Ембі ауданында, Батыс С. Нұржанов кен орнына өте жақын жерде орналасқан. Құрылымы 1960 - 1962 жж сейсмикалық және гравибарлау жұмыстарының нәтижесінде дайындалған. Іздеу бұрғылау 1960 ж басталған. Дәл осы жылы кен орын ашылады. Барлау жұмыстары 1960 - 1982 жж өткізілді.
Орталық-Шығыс С. Нұржанов кен орнына ат 30. 05. 2003жылы Қазақстан Республикасының орнатқан ережелеріне сәйкес атақты мұнайшы Сағидолла Нұржановтың есіміне сай берілді.
1. 1-сурет. С. Нұржанов кен орнының шолу картасы
Құрылымы 1954-1955жылдары МОВ-тың гравиметриялық сейсмикалық жұмыстары нәтижелерінде жасалды.
1-нұсқа - кенорынның торларын сақтау
2-нұсқа - 27 ұңғыманы бұрғылаумен; олардың 22-сі 2-ші келловейлік горизонтқа және 5-уі 3, 4-горизонттарға жатады. Ал жұмыс жасауға 2-нұсқа таңдалған.
2000 жылы ЦНИЛ ОАО «Казахойл-Эмба» ННК «Казахойл» бойынша С. Нұржанов кенорнының батыс бөлігін өңдеудің технологиялық схемасы құрылған.
2002 жылы бұл кенорында, ОАО «КазахстанКаспийШельф»-тің көмегімен үш өлшемді сейсмикалық зерттеулер жүргізілді. Интерпретациялық кешендерді, каротажды және кәсіпшілік мәліметтерді тек қана негізгі өнімдік горизонттардың геологиялық түзетулерін іске асыруға ғана емес, сонымен қатар жалпы кенорын бойынша қандай да бір қатасы бар горизонттарға ғана жасалды. Соған ұқсас 2003жылы ОАО «ККШ»-тің басшылығымен (қабаттың мұнайбергіштігін арттыру мақсатымен «С. Нұржанов кенорнында аз меңгерілген Ю - I, Ю - II, Ю - III, Т -I шоғырларын меңгеру» нәтижесі бойынша есеп берілді. Бұлардың нәтижелері бойынша жаңа 30 ұңғыманы бұрғылау ұсынылды. 3 -Д нәтижелері бойынша 2003-2008жылдары жойылған қордан эксплуатацияға 52 ұңғыма енгізілді, олар ұңғыма сағасын тереңдеті әдісімен жасалды.
2003 жылы ТОО «Каспиан Энерджи Ресерч» бойынша «С. Нұржанов кен орнындағы триас горизонттарын барлауға дейінгі жоба» құрылды. ЗД сейсмикалық зерттеулер нәтижелері, зерттеу және эксплуатациялық ұңғымаларды терең зерттеулердің мәліметтері талданды. Жасалған зерттеулердің негіздерінде Жобалық зеттеу ұңғымаларының орналасқан орындары анықталды, оның мақсаты триастық өнімдік кешендерді барлау және геологиялық құрылымдарын нақтылау мен С2 дәрежесінен С1 дәрежесіне дейін жобаны ауыстыру:
10 барлау ұңғымаларындағы бұрғылау №№ 500, 501, 502, 503, 504, 505, 506, 507, 508, 509, соның ішінде 6 (№№500, 502, 503, 505, 506, 509) - тәуелсіз, 4 (№№501, 504, 507, 508) - тәуелді.
Кен орын 1963 жылдан бастап конрутлы сулардың белсенді қарқынмен табиғи режимде, газ шапкаларының кеңеюі есебінен жеке блогтарда игеріліп келеді.
Барлық өндіру ұңғымалары өңдеуге фонтанды әрекеттермен кірісті. Фонтанды ұңғымаларының бастапқы дебиттері орташа есеппен 35-40тн болды. Фонтандауды тоқтату бойынша 1983 жылдан бастап өндіруді механикаландырылған тәсілге көшірді. Эксплуатацияның негізгі объектісі Ю-2 келловейлік өнімді горизонт болып табылады.
Бастапқы қабаттық қысым 25, 4, ал ағымдағы қабаттық қысым 19, 0-21, 0 МПа болды.
- Стратиграфия
І объект - жоғары келловей горизонты
Жоғары келловей горизонты 1967 жылдан бері игерілуде. Жоба бойынша 5 өндіруші ұңғыларды тұрғызу керек. 7 ұңғы іс жүзінде игерілуде. Жоба бойынша бұрғылау жұмысы 1995 жылы бітіру керек. Тек бір ұңғы №264 бұрғыланбады.
III объект - III төменгікелловей горизонты
1987 жылдан бері № 269 бір ғана ұңғымамен игеріліп жатыр. Бірінші жылдан бері ұңғыма судың көп мөлшерімен жұмыс істейді. Жоба бойынша горизонтты 6 ұңғымамен пайдалану жоспарланған. Сәйкесінше, өндіру, жылдан жылға көбейіп, НИЗ-74 мың. тн болғнда, 2000 жылы 189, 5 мың. тн мұнайды құрайтын еді.
IV объект - IV ортаңғыюра горизонты.
Горизонт 1987 жылдан бері игеріліп келеді. Жоба бойынша бұл объектті пайдалануда 6 ұңғымамен игеру жоспарланған. Пайдалануға 2 ұңғыма берілді. Бұрғыланбай, жобамен белгіленген 3 ұңғыма. №444 ұіңыма 2252-2274 м тереңдіктегі өнімді қабаттан газ алынғандықтан консервацияда тұр. Жоба бойынша, 6 ұңғыма жұмыс істегенде, ең көп 47, 5 мың. тн. өнім беру 1998 жылы күтілген.
V объект - V- ортаңғыюра горизонты.
V- ортаңғыюра горизонтындағы мұнайгаздылық кенорын шегінде солтүстік қанаттың батыс пен шығыс бөлігінде және оңтүстік қанаттың шығыс көтерілімінде дәлелденген. Қазіргі уақытта Батыс бөлігінің мұнай және газ қорлары бөлек есептелген және «Батыс бөлігін игерудің технологиялық сұлбасы» құрылған, сондықтан Батыс бөлігін игерудің ағымдағы жағдайын бөлек келтіреміз. Оңтүстік бөліктің Шығыс көтеріліміндегі V-ортаңғыюра горизонты игерілуде.
Пермотриас горизонттары.
Пермотриас объектісі 1973 жылдан бері игерілуде. 3Д сейсмика нәтижесінде құрастырылған, соңғы құрылымлық карта бойынша кенорынның барлық үш блоктарындағы триас өнімді горизонттарын жеткілікті зерттелмегенін көруге болады. 2006 - 2008 жылдары триас өнімді кешенін толық барлау және оңтүстік - шығыс бөлігінднгі геологиялық құрылымды анықтау мақсатында №500, №501, №502, №503 4 барлау ұңғымалары бұрғыланған, өнеркәсіптік ағын алынған және пайдалануңа берілген. Жоба бойынша пермотриас горизонттары екі объектіге бөлінген: VI-объектіге Т- I горизонты, VII-объектіге өнімді горизонттың Т-ІІІ, Т-IV, Т-V мұнайлы кеніштері кіреді. Барлық триас горизонттарының өнім беруін есептеу бірге жүргізілуде. Жобаға сәйкес барлық пермотриас горизонттарын 27 ұңғымамен игеру ұсынылған.
Пайдалануда 22 ұңғыма болды. 2005 жылға дейін ұңғымалардың өнімсіздігінен және қабат қысымының төмендігінен горизонтты игеру нашар болды. Пайдалану процессі кезінде қабаттың мұнайбергіштігін арттыру мақсатында: сазқышқылды өңдеу, акустикалық ендіру, реперфорация, газодинамикалық жарылыс жұмыстары жүргізілген, бірақ оң нәтиже алынған жоқ. Пермотриас горизонты С. Нұржанов кен орындары горизонттарының ішіндегі ең перспективтісі болып саалады. Триас горизонтының алынатын қоры барлық алынатын қордың 20 % құрайды, қазір КИН - 0, 19, жобаға қарсылық - 0, 4. Жобаланған көрсеткішке жету үшін интенсификацияны (ГГРП) қолданбау мүмкін емес.
VI объект - Т-II триас горизонты.
VI объект 1977 жылдан бері игеріліп жатыр. Жобаға сәйкес VI-объектіні 7 ұңғымамен игеру жоспарланған, соның ішінде 5-і бұрғылау. Барлық ұңғымалар жоба бойынша бұрғыланған. Пайдалануға 7 ұңғыма берілді.
VII объект - T-III, T-IV, T-V триас горизонттары.
VII объект 1973 жылдан бері игерілуде. Жоба бойынша объектті 20 ұңғымамен игеру ұсынылған, олардың 16-сы бұрғыланған. Т-IV, Т-III горизонттарында 4 ұңғыма бұрғыланбай қалды. Пайдалануға 17 ұңғыма берілді.
Батыс бөлігі
Батыс бөлігі 2000 жылы ЦНИЛ ОАО «Казахойл-Эмба» құрастырған «Игерудің технологиялық сұлбасына» сәйкес игерілуде. ЦНИЛ «Казахойл-Эмба» құрастырған Батыс бөлігін игерудің технологиялық сұлбасы бойынша 13 ұңғыма бұрғыланбай қалды:
Ортаңғыюра горизонтының №651, №658 екі ұңғымасы, триас горизонтының №356, №353, №363, №357, №352, №362, №367, №360, №361, №364, №366 11 ұңғымасы. Өнімді горизонттары екі пайдалану объектісіне бөлінген:
I объект - V ортаңғыюра горизонты.
II объект - Т-IТII+ ТIII +ТIV - триас горизонттары.
V-ортаңғыюра горизонты 1992 жылдан бастап игеріле бастады. 2000 жылғы соңғы «Игерудің технологиялық схемасына» сәйкес V-горизонтты 19 ұңғымамен игеру ұсынылған, ондағы 12-сі брғылау ұңғымалары. 1999- 2001 жылдар аралығында 12 ұңғыма бұрғыланды. 2007 жылы бұрғыланған № 371, №373, №358 ұңғымалардан V - триас горизонты белгіленген, сынау кезінде мұнай дебиті бар фонтанды ағын алынған. 15 - 20 тн/тәу, қорларға қолма-қол қайта есептеу жүргізу керек.
II объект - I+II+ III +IV - триас горизонттары.
Горизонт 2001 жылдан бері игерілуде. Жоба бойынша объектті 22 ұңғымамен игеру жоспарланған. Тек 9 ғана ұңғыма бұрғыланған. Есеп беру жылында бұрғылаудан №356, №360 2 ұңғыма қабылданған. 2009 жылға № 353, №361, №364, №366, №367 5 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған.
1. 1. 3. Тектоника
С. Нұржанов кен орны Атырау қаласының оңтүстік шығысынан 170 км және Каратон 70 км қашықтықта орналасқан. Мұнай 3000м тереңдіктен өндіріледі және юра, бор және палеогенді жасқа жатады. Оңтүстік Ембінің синклиналды аймағында жатыр. Иілу бұрышы Тұран ойпатынан 1º және Келловей ойпатынан 3º- та ажыратылған. Кен орын мынадай аймақтарға бөлінеді: Шығыс С. Нұржановлық, Орталық С. Нұржановлық, Батыс С. Нұржановлық және Теңіз С. Нұржановлық аймақ. Бұл аймақтардың ішінен ең жоғары иілімі бар қабатқа Шығыс С. Нұржановлық және Батыс С. Нұржановлық аймақтар жатады. Орталық көтеріңкі, еңкіштік үлкен емес. Мұнайгаздылығы келловейлік ярустың жоғарғы юралы шөгінді және алевролитті тау жынысына жатады. Үш негізгі өнімді горизонт бөлінеді: I жоғарғы келловейлік (еркін газ), II - ортаңғы келловейлік (газ шапкасы), ІІІ - төменгі келловейлік (газ шапкасы) . Жоғары келловейлік горизонт Батыс С. Нұржановлық және Орталық С. Нұржановлық көтерілімде орналасқан. Қазіргі уақытта оның мінездемесі үшін мәліметтер жеткіліксіз. ІІ келловейлік горизонтының өнімділігі Орталық С. Нұржановлық және Батыс С. Нұржановлық еңкіштерде орналасқан. ІІІ төменгі келловейлік горизонты Орталық С. Нұржановта орналасқан.
Горизонттарда саздар, алевролиттер, құмтастар кездеседі. ІІ келловейлік горизонтында 2 қабат: жоғары І және төменгі ІІ болып орналасып қалыңдығы 1-10, 6 метрлік тау жынысы арқылы ажыратылады.
С. Нұржанов кен орнында қақпандар да кездеседі. Жоғары триасқа жататын қақпандар жасы жоғары триасты юралық, ал юралыққа жоғары юралық және орта бордың жасы жатады.
Егер мұнай ұстағыштарды мұнай кенішінен бұрын құрылды десек, бұның жасын анықтау қиын болар еді.
Ол үшін біздер қысымның қанығуы жайлы негізгі әдісті қолданамыз. Мәліметтер бойынша Қаражанбас және Солтүстік Бозашы кен орындарда құрылған юралық және төменгі борлық мұнай кен орындары ерте борлық кезеңдерге жату керек. Ал Қаламқастағы юра кезеңі төменгі бордың соңы мен жоғарғы бордың басына жатуы керек. Қаражанбас және Солтүстік кен орындары үшін үлкен емес тереңдікте газдың жоғалуы және қысымның төмендеуі жиі болып тұрады. Сондай-ақ бұл екі мұнай кен орындарының құрылуы төменгі бордың соңғы кезеңіне жатады. С. Нұржанов кен орыны тұздық қиылысы бойынша таскөмір кезеңіне жатады.
Жоғары триастық құрылым бойынша алғашқы кеніш орта юралық кезеңінің соңына жатады. 600 м тереңдікте орналасқан мұнай ұстағышында қабат қысымы 6 МПа-дан жоғары болмайды, сондай-ақ кен орнында газ болатын юралық кезеңінің соңында өнімді горизонт шамамен 1, 1 км-де болатын. Егер Р қаб = 13МПа және Р қан =22 МПа болса, онда газ мұнайлы горизонт болады. Төменгі барлық кезең бойынша кен орын 2, 2 км тереңдікте болар еді және газ толығымен мұнайда еруі тиіс (Р қаб 28 МПа-ға дейін өскен жағдайда) . Қазіргі уақытта мұнай кен орыны Қазіргі уақытта мұнай кен орыны 3, 1 км тереңдікте (Р қаб =32МПа) орналасқан.
Қазіргі кезде кен орынның тереңдігі 2, 2 км, Р қаб =23 МПа, ал Р қан =22 МПа.
1. 1. 4 Мұнайгаздылығы
Бастапқы баланстық қорлар 68197, 2 мың т., шығарылып жатқан қорлар 30913, 8 мың т., 01. 01. 09 сәйкес келетін қалдық қор 9234, 201 мың т.
Игерілу басталғаннан бері кен орын бойынша 21679, 3004 мың т. мұнай, 5176, 8895 млн м 3 газ, 10517, 956 мың т. су өндірілді. Оның ішінде 1382 т. мұнай, 1083 т. су және 0, 197626 млн м 3 газ валанжин горизонтын сынау кезінде алынды. Шығарылып жатқан қорлардың орындалуы 70, 1 % құрайды. Ағымдағы мұнайбергіштік коэффициенті - 0, 318, жобалық - 0, 453. мұнай бойынша бір ұңғының орташа дебиті 9, 1 т/тәу құрайды, сұйық бойынша -20, 7 т/тәу. Жылдық орташа газ факторы - 202 м 3 /т.
2008 ж. кен орын бойынша 389, 69 мың т. мұнай, 505, 711 мың т. су және 78, 6278 млн. м 3 газ. Жылдық шығару қарқыны бастапқы шығару қарқынының 1, 3 % құрайды. Кен орын бойынша сулану - 49 %. Кен орын бойынша 51 ұңғы фонтанды, 91 ұңғы механикалық тәсілмен, оның ішінде терең сорапты әдіспен 76 ұңғы, ЭОТС- 24 ұңғы.
2008 ж. мұнайдың 84 % фонтанды әдіспен, 16 % механикалық әдіспен алынған. Мұнайдың орташа тәуліктік дебиті фонтанды ұңғыларда 21, 9 т/тәу, 32, 7 м 3 /тәу сұйық. Терең сорапты ұңғыларда мұнайдың орташа дебиті 2, 0 т/тәу, сұйықтық бойынша 12, 6 м 3 /тәу. Электрортадан тепкіш сораптарда мұнай дебиті 2, 9 т/тәу, сұйық бойынша 18, 4 м 3 /тәу.
Айта кететін бір жайт, ол жобалық көрсеткіштердің ескіруі, соңғы жоба 15 жыл бұрын құрылған, толықтырылған жоба құрылуда. Сондықтан жобалық және нақты көрсеткіштерді салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша айырмашылықтар көп.
Биылғы жылы “C. Нұржанов кен орнындағы ілеспе суларды утилизациялаудың неокомдық шөгінділерде гидрогеологиялық жұмыстар бағдарламасымен ілеспе суды утилизациялау полигонында “Қабат жағдайының мониторингін қоса алғандағы жобасы” жасалды. Кен орнында жеті игеру объектісі бар.
Коллекторлардың ашық кеуектілігі 14 - 19%, өткізгіштігі 0, 015 - 0, 603 мкм 2 , мұнайқанығу коэффициенті 0, 51 - 0, 67, газқанығу коэффициенті 0, 44 - 0, 64. 7 мм - лік штуцер кезіндегі мұнайдың бастапқы дебиті 11 - 144, 4 м 3 /тәу, газдың дебиті 18, 1 мың - 85 мың м 3 /тәу. Бастапқы газ факторы 105, 6 - 261 м 3 /т. Бастапқы қабат қысымы 23, 6 - 34, 9 МПа, температура 73 - 96 ○ C.
Мұнайдың тығыздығы 823 - 899 кг/м 3 . Мұнайдың құрамында, %: күкірт 0, 33 - 1, 46 ; парафин 2, 05 - 4, 22; смола 15, 66; асфальтендер 1, 12.
Газдың құрамы, %: метан 90, 3 - 90, 93, этан 3, 34 - 4, 13, пропан 1, 36 - 1, 64, изобутан 0, 83 - 1, 05, пентан және жоғарғылар 0, 42 - 0, 46, азот және сирек газдар 1, 74 - 1, 79, гелий 0, 01 - 0, 016, күкіртсутегі 0, 01, көмірқышқыл газы 0, 26 - 1, 72. Газдағы бірқалыпты конденсаттың бастапқы құрамы 79 - 93 г/м 3 . Оның тығыздығы 755 - 758 кг/м 3 . Конденсат құрамындағы күкірт 0, 11%. Шоғырдың режимдері суарынды және серпімді газарынды. Қабат сулары хлоридті - кальцийлі типті, тығыздығы 1, 132 - 1, 209 г/см 3 және миенералдылығы 198, 57 - 307, 61 г/л.
Шығыс және Орталық С. Нұржанов мұнайлы-газдыконденсатты кен орындары.
Коллекторлардың ашық кеуектілігі 16 - 21, 2%, өткізгіштігі 0, 016 - 0, 340 мкм 2 , мұнайқанығу коэффициенті 0, 48 - 0, 77, газқанығу коэффициенті 0, 55 - 0, 77. 5 мм - лік штуцер кезіндегі мұнайдың бастапқы дебиті 20, 7 - 77, 5 м 3 /тәу, газдың дебиті 18, 1 мың - 85 мың м 3 /тәу. Бастапқы газ факторы 28, 1 - 181 м 3 /т. Бастапқы қабат қысымы 23, 3 - 28, 8 МПа, температура 73, 5 - 97 ○ C.
Мұнайдың тығыздығы 865 - 895 кг/м 3 . Мұнайдың құрамында, %: күкірт 0, 31 - 1, 47; парафин 0, 97 - 2, 9; смола 1, 38 - 3, 95; асфальтендер 2, 7 - 1, 96.
Газдың құрамы, %: метан 88, 18 - 88, 38, этан 3, 51 - 3, 72, пропан 2, 84 - 3, 25, изобутан 1, 58 - 4, 42, н - бутан 0, 97 - 1, 09, пентан және жоғарғылар 0, 59 - 0, 61, азот және сирек газдар 0, 78 - 1, 3, гелий 0, 01 - 0, 016, күкіртсутегі 0, 01, көмірқышқыл газы 1, 3 - 1, 74. Газдағы бірқалыпты конденсаттың бастапқы құрамы 98 - 103 г/м 3 . Оның тығыздығы 752 - 755 кг/м 3 . Конденсат құрамындағы күкірт 0, 028 - 0, 46%.
Шоғыр режимдері суарынды және серпімді газарынды. Қабат сулары хлоридті - кальцийлі типті, тығыздығы 1, 153 - 1, 174 г/см 3 және миенералдылығы 220, 3 - 252, 6 г/л.
Каспий маңы ойпатының оңт-шығыс бортмаңы зонасының мұнайы (Тортай, С. Нұржанов, Шолькара, Вийкжал) негізінен күкіртті (0, 6-1, 5%), азсмолалы (8% дейін) және азпарафинді(4%) . Асфальтені 14 %. Мұнай қабатының жату тереңдігі 2-5 км және одан да көп. Топтық құрамы бойынша мұнайы метан-нафтен типті, құрамында алканды топ цикландыға қарағанда көбірек.
Дизъюнктивті бұзылыстардың жоқ болуы С. Нұржанов кен орнында мұнайдың жиналуы мен сақталуы үшін жақсы жағдай жасады. С. Нұржановның юра горизонтының үстінде мықты сазды жабын бар. Ол Каспиймаңы ойпаты жағдайында алғашқы химиялық құрамының тұрақтылығына әсер етті. Сондықтан, С. Нұржанов мұнайы басқа әсерлерге ұшырамады (қабат суларының әсерінен қышқылдану, гидрохимиялық жағдайлар) .
Оңтүстік - шығыс борт маңы зона мұнайының парафиндері ванадийлік (Бийкжал 0, 38 мг; С. Нұржанов 2, 04 мг), никельдік комплекстерімен ерекшеленеді (Тортай - 1, 5-3, 0 мг), Шолькара кен орнының мұнайында ванадиймен (6 мг) бірге никельді комплекс (0, 75мг) кездеседі.
Кеңқияқ пермьтриас мұнайында 0, 40% күкірт, кеңқияқтың юра, С. Нұржановлық, тажигалин 0, 6-1, 3% және қара-арна мұнайында күкірт 2, 6-3%.
С. Нұржанов және тажигалин кен орындарындағы мұнайда силикагельді смола 3, 95-4, 77%, кеңқияқ пермтриасында 6, 22%, қара-арна 14, 95%. 200° С дейін қайнайтын фракциялар: қара-арна мұнайында табылмаған, тажигалиндік мұнайда 11 -16%, С. Нұржановмен кеңқияқ пермьтриас 25 және 19%.
Тажигалиндік мұнай бензинінің октанды сандары басқа қарастырылып отырған басқа мұнайдікінен жоғарырақ. 85° С 3, 7% көлемінде алынған фракциялардың саны 94, 7 1 кг ТЭС- тен 2, 7 г; 28-200° С қайнайтын фракциялардың октанды саны 69, 3. тажигалиндік мұнайда нафтенді көмірсутектер көп (61-76%), сондықтан олар каталитикалық риформингке жақсы жағдай жасайды. С. Нұржанов кен орнындағы мұнайдың құрамында нафтенді көмірсутектің құрамы азырақ (19-41%), бірақ 62-85° С фракциялар 38-39%, алтымүшелі 30-32%.
2 Технологиялық бөлім
2. 1 Кен орынды игеру жүйесі
Күрделі термобарлық жағдай, парафиннің көп мөлшері, қабат коллекторының өтімділігінің әртүрлігі, обьектілерде қабат өнімінің көптігі кенорында игерудің ерекше тәсілін табуды қажет етті. Мұнай өндіруді көбейту үшін әр жылдары жаңа технологиялар ұсынылды, олар соңғы игеру жобасында қаралған. Жаңа технологияда кең көлемінде мұнай кеніштерінде гидродинамикалық тәсілдерді пайдалану, қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру, төмен өткізгіштік коллекторлық қабаттарды игеріп, енгізу қаралған.
Жаңа технология ішінде: ыссы су айдау, сатылы термалды, фигуралық су айдау, диференциалдық су айдау қысымы, сұрыптап салқын су айдау жоғары өнімді қабаттарға, төменгі өнімді зоналарды игеруге қатыстыру тәсілдері игеру жобасында қаралған, жаңа технология кенорында ендірілуде:
- Сатылы термалды су айдау (42 жерде жүзеге асырылған, 15 жерден XІІІ - XІV қабаттарға, 6 жерде XV - XVІ қабаттарға)
- фигуралық су айдау (7 жерден XІV қабатққа және 4 жерден XV қабатқа)
- алаңда су айдау төмен өнімді зоналарға (7 жерге жүзеге асырылған) .
Сатылы термалды су айдау.
Алғашқы кенорында қаралған блоктық су айдау жүйесі көп қабат жағдайында және литологиялық әртүрлі мұнай кеніштеріне тйімсіз болды. Оның қолдануы әсіресе салқын су айдағанда, яғни кенорынды игеру кезінде әр түрлі кемшіліктер әкелді. Оны жою үшін көп қабатты кеніштерге жаңа әсер беретін технология құрылып ендірілді, оның аты сатылы термалды су айдау. Мақсаты: Қабат қысымын ұстап тұру үшін, ыссы су айдаудың тйімділігін арттырып, пайдалану және қабаттық температураны сақтау. Игеру процесстерін жеделдету және мұнай бергіштігін арттыру. Технологияның негізі, алғашқы қабылданған блоктық су айдаумен бірге жаңа су айдаудың технологиясын құру, яғни ыссы суды пайдалану (сатылы термалды су айдауды, қандай су болсада айдауға болады) . Жаңа су айдаитын скважиналар өнімді қабатқа тік кесілетін қатар бойынша орналастырылады. Олардың арасына 3. 5 қатарлы мұнай өндіретін скважиналарды орнатады.
Фигуралық су айдау
Сатылы термалды су айдауға бөлінген мұнай алаңындағы қабаттардың геологиялық әр тектілігінен, айдалып отырған сулардың бағытын өзгертуге және қабат сұйығының қозғалысын тиімді пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Егер мұнай алаңының ішінде линза және жарты линзалар болып және су айдау қатарларына кірмеитін болса, онда оларды игеру мұнай бергіштігі төмен табиғи режимде болмақ. Сатылы термалды су айдауға бөлінген орталық мұнай алаңын екпінді игеріп ендіру, өнімнің суын азайту, мұнай өндіруді арттыру, ығыстыру процессін, мұнай бергіштігін ұлғайту үшін жаңа технология яғни әр текті көп қабатты парафинді мұнай кеніштерін игеру үшін фигуралық су айдау ұсынылды.
2. 1. 1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz