Кен орындарының игерудің жүйесі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

КІРІСПЕ . . . 1

  1. Геологиялық бөлім . . . 2Кен орын туралы жалпы мағлұмат . . . 2Стратиграфия . . . 4Мұнайгаздылығы . . . 5Мұнай және газ геологиялық және қалдық қорының анализі . . . 7

2 Кен орындарының игерудің жүйесі . . . 9

2. 1 Игерудің технологиялық көрсеткіштің жүйесі . . . 9

2. 1. 1 Игеру кешенін таңдау . . . 13

2. 1. 2 Пайдалану ұңғыларының орналасу анализі . . . 16

2. 1. 3 Кен орынды игеру режим . . . 17

2. 1. 4 Кен орынның 01. 01. 2010 ж игеру жағдайы мен реттелуі . . . 20

2. 2 Қабатқа көмірсутекпен әсер ету және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістер . . . 21

2. 3 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтармен күресу және оны алдын- алу жөніндегі салтанатты іс шаралар . . . 27

2. 4 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау жүйесі және өнімді дайындау талаптары мен кеңестері . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

Кіріспе

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірін алады, әсіресе энергетикалық тарапы өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады.

Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.

Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.

Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.

Осы аудандағы мұнай-газ кен орындарының әртүрлі жағдайда орналасуы, олардың мұнайларының әртүрлі қасиетке ие болуына себепкер. Мұнай қасиеттерінің әртүрлі болуы, олардың жаңарған техника мен техника-технологияны қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты дипломдық жобаның негізі болып отырған С. Балғымбаев кен орны да өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістерін қолданып игеріледі.

С. Балғымбаев кен орны 1968 жылдан өндірістік іске қосылды. Қазіргі уақытта үш өнімді горизонт бойынша өндіріледі: апт-неоком, неоком, және орта юра.

Жазылған дипломдық жұмысым осы кен орнының апт-неоком горизонтын терең-сорапты қондырғылармен игеру және пайдалануға арналған.

Штангалы терең-сорапты қондырғыны пайдаланған кезде жұмыстарын талдай келіп, тиімді режимде жұмыс жасалуының есептері беріледі.

1 Геологиялық бөлім

1. 1 Кен орын туралы жалпы мағлұмат

С. Балғымбаев кен орнын өндірістік игеру 1968 жылдан басталған. Бұл кен орны, Орал мен Еділ аралығында, теңізді зонада орналасқан.

Облыстық басқару және өндірістік орталығы Атырау каласы Аққыстау поселкесінен 84 км қашықтықта, ал С. Балғымбаев кен орны 76 км шығыс жақ бетте орналасқан. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі мұнайлы аймағының батысында және Солтүстік Каспийдің жаңалық аймағында орын тепкен.

С. Балғымбаев кен орны геологиялық барлау жұмыстарына сәйкес қолайлы құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Шәліп, Бақсай, Манаш, Граннан тұрады. Осылардың ішінде өндірістік мұнайлы деп табылған және мұнай игерілетіндер: Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.

Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20 метр белгіде, ал солтүстікте абсалюттік белгі минус 30 метр болады.

С. Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жер рельефті жазықтармен сипатталады.

Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады.

Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті өсімдіктер өседі.

Грунт суларының деңгейі 1, 5-2 метр тереңдікте орналасқан. Құмды бөліктеріндегі суы аз минералданған. С. Балғымбаевтың өз территориясында өзен жоқ. Кен орны территориясынан Солтүстік-Шығысқа қарай, Орал өзенінің бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды, жазда ол, су айдау станциялары арқылы Орал өзенінің есебінен болады.

Теңіз жағалауы С. Балғымбаевтан Оңтүстікке қарай 12-15 км қашықтықта жатады.

Аудан климаты континентальды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.

Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені-қазақтар. Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.

Грунт суының деңгейі 1, 5 -2 м тереңдікте орналасқан, бұл су әлсіз минералды, негізінен құмды барханды аумағына сәйкес келеді. Кен орнының аумағында өзендер жоқ. Солтүстік - шығыстан Бақсай өзені ағып өтеді, бұл өзен Жайық өзенінің бір саласы. Бұл өзенде су суландыру кезеңінде мол болады, ал жазда су Жайық өзенінен суайдау станциясы арқылы құйылады.

Теңіз жағалау сызығы кен орнынан оңтүстікке қарай 12-15 км жерде орналасқан.

1. 2 Стратиграфия

C. Балғымбаев мұнай кен орны тұзды күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы тұз тереңдігі 1190 метрге дейін жетеді. Кен орны қимасында кунгур жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар алынған.

Ұңғылармен ашылған ең көне түзілім кунгур жасындағы түзілім болып саналады. 41Р ұңғысымен ашылған максималды теерңдік 3000 м. дейін жетеді. Түзілім кримталды тұздармен және гипспен түзілген, арасында терригенді жыныстар орналасқан. Ұңғымен ашылған тұздың максималды қалыңдығы 13-96 м. құрайды. Тұз үстінде гипспен араласқан жұқа кепрок жатыр. Ұңғымен ашылға, кепорк қалыңдығы 20 м. аспайды.

Төменгі Перм

Кунгур ярусі Р 1 К

Кунгур шөгіндісі пермдегі жыныстарын алмасып келетін кристальді тұздан және гипстен тұрады. Кен орындағы 13 скважинадағы тұздың алынған қалыңдығы 80 метр.

Триас жүйесі Т

Триас жүйесінің қабаттары гипс, құм және құм тастарымен алмасып келген. Қабат қалыңдығына 147 метрден 515 метрге дейін барады.

Юра жүйесі J

Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады: олар төменгі, орта және жоғары.

Юра қабаты көбінен құм, құмтас және сазды болып келеді. Қиманың саздануы төменнен жоғарыға қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде мергел мен әктас байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523 м.

Бор жүйесі К

Ашылған қабат қимасында бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь, апт, және альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары кездеседі. Туран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар қалыңдығы 715 метр құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595, 5 метрге дейін жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 метрге дейін жетеді.

Неоген жүйесі N

Неоген жүйесі шөгіндісі 2 ярусқа бөлінеді: ақшағыл және окшеронды. Олар шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста қарастырылып отырған қабаталмасып келетін құм, саз, мергель және әк таспен көрінген. Ноген қалыңдығы 24-124 метр болып табылады.

Төрттік жүйе Q

Төрттік системаға құмды болып келетін бакин ярусі жатады.

Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 метр. Төрттік жүйе шөгінділернің қалыптасуы. Каспий теңізі трансгрессиясына тәуелді, сондықтан да төрттік жүйе шөгінділерін Каспий шөгінділері деп атайды.

Каспий шөгінділері ашық-қоңыр саз балшықтармен ашылған. Олар темірлі, тығыз, құм тасты, әктасты болып келеді. Қиманың төменгі қабатшасы болатын саз балшықтары жатады. Бұл саздар құмтасты, әрі әктасты болып келеді. Төрттік жүйе шөгінділерінің ең кіші қалыңдығы 29 метр, ал үлкені 75 м.

Қабатшаның төменгі бөлігі суқаныққан құмнан, тұтқыр саздан құралған. Жоғарғы бөлігі тығыз әктасты қабатшалардан, тығыз әктасты саздардан, минералды марганецтардан және ұсақ түйірлі, қатты, сазды құмдардан құралған. Одан жоғары қима бойынша тұтқыр, әктасты, алевритті саздар және жұқа құм қабықшасы және арасында кристаллды гипс жиналған алевриттер кездеседі.

Бұдан жоғары Каспий трансгрессиясының шөгінділері жатыр. Бұлар әртүрлі түйірдегі, негізінен суқаныққан құмдармен, құмтасты, қатты әктасты саздармен құралған.

Неогенді - төрттік түзілімінің қалыңдығы 98-201 м болып келеді.

1. 3 Мұнайгаздылығы

С. Балғымбаев кен орнында мұнайгаздылық Оңтүстік С. Балғымбаев аумағының төменгі бор түзілімінде, сонымен қатар мұнайлылық Солтүстік С. Балғымбаев аумағының орта юра түзілімінде анықталған.

Оңтүстік С. Балғымбаев аумағындағы төменгі бор түзілімінде 4 өнім қабаты бөлінген: апт-неоком, 1 неоком, аралық және 2 неоком. 1 неоком, аралық және 2 неоком қабаттарында мұнай тұтқышы, ал апт-неокомда газ-мұнай тұтқышы бекітілген.

Солтүстік С. Балғымбаев аумағындағы орта юра түзілімінде бір мұнай тұтқышы бекітілген.

Жыныс коллекторлары және петрофизикалық тәуелділіктері, бұның ішінде, кеуектілік параметрі кеуектіліктен және қанығу параметрі суқанығудан, барлау ұңғыларынан алынған керн бойынша анықталды. Зерттелген керн көлемі 32 ұңғыдан 536 м. құрайды және 217 үлгі зерттелді. Керн бойынша зерттелген өнімді қабаттардың кеуектілік коэффициенттері келесідей: апт-неокомда 0, 267-0, 348; І неокомда 0, 310-0, 332; аралықта 0, 254-0, 349; ІІ неокомда 0, 242-0, 326; орта юрада 0, 230-0, 311 құрайды. Үлгі ретінде алынған көрсеткіштер кеуектілік >= 0, 15 ү. б. өткізгіштік > =0, 015, саздылық <50%, карбонаттылық <20%.

Оңтүстік С. Балғымбаев.

Апт-неоком горизонтының жалпы қалыңдығы 9, 2 м, максималды қалыңдығы 17, 0 м (№178 ұңғы), орташа тиімді қалыңдығы 8, 6 м құрады. Тиімді мұнай қаныққан қалыңдық 1-ден (№174 ұңғы) 16 м-ге (№ 32 ұңғы) дейін барады, орташа мәні 8 м. Тиімді газқанығу қалыңдығы 1-ден (№195 ұңғы) 8 м-ге (№25 ұңғы) дейін болды, орта мәні 4, 1 м.

Апт-неоком горизонтының мұнайгаздылығы Солтүстік - батыс қанаттың үш алаңында және оңтүстік қанатта анықталды. Солтүстік - батыс қанатта мұнай тұтқышы, Оңтүстік қанатта мұнайгаз тұтқышы бекітілді.

1 неоком горизонты жоғарыда жатқан қабаттан қалыңдығы 10 м болатын сазбен бөлінген. Горизонттың жалпы қалыңдығы 2 м. (№№83, 95 ұңғы) 19 м. (№65 ұңғы) дейін барады, орта мәні 3, 9 м. Тиімді мұнай қанығу қалыңдығы 1 м (№42 ұңғы) 7 м (№№36, 120 ұңғы) аралығында, орта мәні 3, 6 м. І неоком горизонтының мұнай тұтқышы Солтүстік - батыс қанаттың 3 алаңында және Оңтүстік қанатта анықталды.

Аралық горизонт жоғарыда жатқан 1 неоком горизонтынан қалыңдығы 10 м. болатын сазбен бөлінген. Горизонттың жалпы қалыңдығы 2, 0 м (№193 ұңғы) 10, 0 м (№198 ұңғы) аралығы, орташа қалыңдық 5, 0 м құрайды. Тиімді қалыңдық 0, 6 м (№66, 85 ұңғы) 7, 0 м (№95 ұңғы) аралығы, орта мәні 2, 0 м. Аралық горизонттың мұнайлылығы Оңтүстік қанатта және Солтүстік - батыс қанаттың Солтүстік -шығыс алаңында бекітілді.

2 неоком горизонты жоғары жатқан қабаттан қалыңдығы 5-8 м. болатын сазбен бөлінген. Қабаттың жалпы қалыңдығы 10, 3 м. Тиімді қалыңдықтың орташа мәні 7, 0 м. Тиімді мұнайқанығушылық 1, 5 м (№198 ұңғы) 12, 0 м (№89 ұңғы) аралығын құрайды.

2 неоком горизонтында мұнайлылық Оңтүстік қанатта және Солтүстік - батыс қанатта бекітілді.

Солтүстік С. Балғымбаев.

Орта юра горизонты. Солтүстік С. Балғымбаевтың орта юрасында екі өнімді горизонт бөлінеді: Ю-І және Ю-ІІ. Ю-І горизонтының жалпы қалыңдығы 15, 8, тиімді қалыңдығы 1, 5 м (№14 ұңғы) 9, 2 м (№101 а ұңғы) аралығында, орташа мәні 5, 3 м. Тиімді мұнай қаныққан қалыңдық 5, 3 м. Ю-І горизонтының СМШ-919-921 м аралығы.

Ю-ІІ горизонты жоғарыда жатқан Ю-І горизонтынан қалыңдығы 50 м болатын сазбен бөлінеді. Бұл горизонт тек қана 3 ұңғы арқылы ашылған (№№23, 2, 101 а) . Жалпы қалыңдық 11, 0 м құрайды. ҰГЗ мәліметі бойынша Ю-ІІ горизонтының СМШ -933, 0 м деп бекітілді.

С. Балғымбаев кен орнындағы мұнай мен газдың физика-химиялық қасиетін зерттеу 1962 ж. басталды.

С. Балғымбаев кен орнының өнімді горизонттары 3 игеру объектісіне біріктірілген, оларды горизонттарға бөлу келесідей.

-І объект - апт-неоком + І неоком горизонттары;

-ІІ оъъект - ІІ неоком + аралық горизонттары;

-ІІІ объект - орта юра горизонты.

Қарастырып отырған кен орнының мұнайының ерекшелігі, оның газбен қанықпауы. Қабат қысымымен қанығу қысымының айырмашылығы 1, 5 МПа-дан (апт-неоком гор. ) 9, 5 МПа-ға (орта юра гор. ) дейін барады.

Газсызданған мұнайдың қасиеттері тереңдік сынаманы және ұңғы сағасынан алынған сынаманы газдыздандыру нәтижесінде алынды. Кен орынның мұнай қасиеттері барынша біркелкі. Физика - химиялық қасиеттері бойынша кен орынның мұнайы бор түзілімінде азпарафинді (2, 0% дейін), аз күкіртті (0, 50% салм. ) . Тығыздықтары 0, 8815-0, 9034 г/см 3 аралығы. Ашық фракция саны (300 0 С дейін) 16% -31% құрайды. Бор түзілімінің мұнайының ерекшелігі жоғары шайырлы 30% дейін көлемде. Ал, юра түзілімінің мұнайының ерекшелігі, бұнда ашық фракция саны мол, 66% дейін. Тығыздығы 0, 7913-0, 8164 г/см 3 аралығында.

Жиын бойынша қабат қысымының таралуы, олардың игеру процесі кезіндегі өзгеруі және және олардың басқа пайдалану көрсеткіштерімен салыстырылуы (сұйық алу скважинаның сулану қарқыны мен сипаты) игеру процесі ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік береді.

Кен орындағы контур аймағында бастапқы қабат 7. 9 . . . 8. 0 мПа-ға тең болды бірінші және төртінші алу аймағы қабаттарындағы, оның қысымына сәйкесті 7. 7 және 6, 5 мПа болды.

1999 жылы контурдағы бастапқы қабат қысымы 7, 6 мПа-ға дейін төмендеді, ал сұйық алу аймағында (V қатар) 6, 34 мПа-ға дейін төмендеді.

Жиынға су айдау 1970 жылдың апрель айында басталды. Олар 7, 65, 67, 69 скважиналар арқылы жүргізілді.

Су айдауды енгізу, мұнай өнімдерін алуды барынша жоғарылату, қабат қысымын арттыруға қол жеткізді.

Су айдауда енгізу мұнай өнімдерін алуды барынша жоғарылату, қабат қысымын арттыруға қол жеткізді.

Арaлық қабылдайтын қабаттар интервалында қабылдайтын, тек жоғарғы апт-неоком горизонты. Кен орындағы су айдау тиімділігі көбіне айдаудың тиімді қысымын таңдап алуға тәуелді.

Қорыта келе, жылдық өнім қарқынына сұйық алу қарқыны мен айдау әсер етеді.

Өткізгіштікті 36 скважинада зерттеуге мүмкіндік болды. Осы жағдайда тұрақтандырылған сынақ алу арқылы 26 анықтама, қысым тарамау қисығын тұрғызу арқылы 17 анықтама алынады және 7 скважина арқылы екі әдіспен де есеп жүргізілді.

Ауа бойынша орташа арифметикалық өткізгіштің мәні 414 м/г, ал су бойынша 111, 6 м/г

1 неоком бойынша ауамен коллектордың орташа арифметикалық өткішгіштігі газбен 594, 6, ал сумен 10 м/г.

2 неоком горизонты бойынша орташа арифметикалық өткізгіштік ауамен 511, сумен 188, 0.

1. 4 Мұнай және газ геологиялық және қалдық қорының анализі

Алғашқы рет С. Балғымбаев кен орынның мұнай қоры 1966 ж. КСРО ГК3 бойынша 27571 мың т. деп бекітілді. (Құжат 4891-У 20. 05. 66 жылғы) 1996 жылғы қайталап есептеу кезінде Оңтүстік С. Балғымбаев мұнайының геологиялық қоры В+С 1 категориясы бойынша 28572, 5 мың. т. құрады, ал газ қоры - 31 млн. м 3 болды.

2008 жылы С. Балғымбаев кен орнының барлық өнімді горизонты бойынша, мұнай және газ қорына қайталап есептеу жүргізілді. Мұнай қоры 2009 ж. ақпан айында ҚР ГК3-мен бекітілді. (Құжат 484-06-У 17. 02. 2006 жылғы) . Жалпы қор 28263 мың. т. құрады, оның ішінде В категориясы бойынша 27388 мың т. (апт-неоком, 1 неоком, 2 неоком және Ю-1 горизонт тұтқыштары), С 1 категориясы 708 мың т. (аралық, Ю-1, Ю-2 горизонт тұтқыштары) және С 2 категориясы - 167 мың. т. (аралық және Ю-2 горизонт тұтқыштары) болды.

Кен орны бойынша алынатын мұнай қоры 15804 мың т. құрайды. Апт-неоком горизонт тұтқышындағы еркін газ қоры 6, 9 млн. м 3 деп есептелді.

Пайызбен ең үлкен қор апт-неоком горизонт тұтқышына келеді, 66, 3% (18731 мың. т. ), 1 неоком горизонтына 10, 9%, аралық горизонтқа - 1, 6%, ІІ неокомға 17, 6%, Ю-1-3%, Ю-2-0, 6% келеді.

Соңғы мұнай және газ қорын есептеу 01. 12. 2005 ж. жүргізілді.

Кен орындағы мұнай, мұнайда еріген газ және еркін газ қоры мынадай: В категориясында: мұнай - 27388/15215 мың т еріген газ 540, 5/302, млн м 3

С 1 категориясында: мұнай - 708/473, 0 мың т. еріген газ 13, 03/9, 08 млн. м 3

С 2 категориясында: мұнай - 167/116, 0 мың т. еріген газ 3, 4/2, 5 млн. м 3

Еркін газ қоры С 1 категориясы бойынша 7, 0 млн. м 3 құрады.

Барлау бұрғылау нәтижесінде мына қабаттардан өндірістік өнімділік анықталды. Бор түзіліміндегі: апт - неоком, 1 неоком, аралық, ІІ неоком горизонттары. Орта юра түзіліміндегі: Ю-1, Ю-2 горизонттары.

С. Балғымбаев кен орнының өнімді шөгу қабаттарының екі түрлі группаға сәйкес мұнай беретінін көреміз:

Mұнайлы газ

Бензинді мұнай

Апт-неоком және 1, 2 неоком горизонттарының беретін мұнайлары майлы, Юра горизонтыныкі (Солтүстік С. Балғымбаев) бензинді мұнайға жатады. Барлық горизонттардың мұнайлары өз құрамдарына сәйкес бар типті болып 2келеді. Олар 2177, 66 ГОСТ-қа сәйкес аз күкіртті, аз парафинді және смолалы болып келеді.

Олардың меншікті салмағы 0, 8090 -0, 9375 (г/см 3 ) аралығында. Газсізденген мұнай тұтқырлығы 50 0 С -да 23-45 ОСС-ң аралығында. Олардың бәрі жоғары температурада көлемі ұлғайып төменгі температурада көлемі азаяды.

Юра горизонтының мұнай бар горизонттың мұнайына қарағанда, анағұрлым жеңіл. Олардың меншікті салмағы 0, 7785-0, 1885 г/см 3 . бұл мұнайлар тұтқырлығы аз, яғни тұтқырлығы 50 0 С градуста 20, 8-2, 7 ССТ-ты болады.

Бұл Юра горизонты мұнайынан ашық түсті фракциялардың шығуы, бор горизонтының мұнайларына қарағанда жоғары болады.

Күкірт пен парафиннің мөлшері онша үлкен емес. Күкірт 0, 3% тен аз. Парафиннен 0, 6 %-тей және смола 20%-тей.

2 Кен орындарының игерудің жүйесі

2. 1 Игерудің технологиялық көрсеткіштің жүйесі

01. 01. 2009 ж. мәлімет бойынша С. Балғымбаев кен орнында бұрғыланған ұңғылар саны 209 бірлікті құрады. Бұның ішінде пайдалану қорында 114 өндіру ұңғысы бар. Оның 3-еуі күрделі және аралық жөндеуді күтіп тұрғандары, 3 ұңғы тоқтап тұр. Есептеу кезеңінде айдау ұңғыларының қоры 27 ұңғы болды, оның біреуі тоқтап тұр. 10 ұңғы бақылау категориясында, олардың үшеуі кезінде мұнай өндіру және су айдау пайдалану қорында болған. Су өндіру ұңғы қоры - 5 ұңғы, оның 4-еуі жұмыс істеп тұр, 1-еуі тоқтап тұр. Жабылған ұңғылар қоры 51 ұңғыны құрайды, бұлардың ішінде 34-і (3-өндіру, 6-барлау, 4-су жұтушы, 1-бақылау және 14-суөндіру ұңғылары) геологиялық және 17-сі (5-өндіру, 10-айдау, 1-бақылау және 1 барлау ұңғылары) техникалық жағдай бойынша жабылған. Жабылуын күтіп тұрған 2 ұңғы бар: бұлар өндіру қорындағы №№45, 50 жоғары суланған ұңғылары.

Есепті кезеңде (2008 жыл) 4 жаңа ұңғы бұрғыланды: 129а - 1 объектіде, 179-2 объектіде, 203, 205-3 объектіде.

Кен орнындағы өндіруші ұңғыларды пайдалану негізінен механикалық тәсілмен жүргізіледі.

Төменде ұңғыларды пайдалану қорын объектіге бөліп қарастырамыз. І объект (апт-неоком+неоком горизонттары)

01. 01. 2009 ж. мәлімет бойынша 1 объектінің өндіру ұңғылар саны 83 бірлікті құрады, оның 79-ы жұмыс істеп тұр (бұның ішіндегі 16 ұңғы, 1 және 2 пайдалану объектісі бойынша ортақ пайдаланады) . Бір ұңғы (№32) суланған аумақты бөлшектеуді жүргізетін күрделі жөндеуді күтіп, уақытша тоқтап тұр. Осы жылы екі объекті бойынша ортақ жұмыс жасайтын 5 жоғары суланған ұңғылар (№№73, 74, 86, 87 және 146) айдау категориясына көшірілді.

Игерудің бүкіл кезеңінде 5 ұңғы жабылды: 4-і техникалық (№№47, 135, 145, 168) және 1-і (№17) геологиялық себептермен.

Жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының саны 21 бірлік, бұның ішіндегі 2 ұңғы (№97 және 146) екі игеру объектісіне (1+2) ортақ. Объектіні игерудің бастапқы кезеңінен бастап 16 ұңғы жабылды: 10 (№№7, 55, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 25, 127) - техникалық және 6-уы (№№5, 17, 27, 36, 66, 170) - геологиялық себептермен.

Есептеу кезеңінде бір ұңғы бұрғыланды: 129 а.

2 ұңғы (№45 және 50) жабылуын күтіп, тоқтап тұр.

2 объект (аралық+2 неоком горизонттары)

2 объектіде өндіруші пайдаланушы ұңғылар саны 39 бірлік, оның жұмыс істеп тұрғаны -37 (бұның ішіндегі 16 ұңғы, 1 және 2 пайдалану объектілеріне ортақ) . Есептеу кезеңінде №98 және №163 ұңғылар жер асты жөндеуін күтіп тұр. Жұмыс істемей тұрған №161 ұңғы, сулануы жоғары болғандықтан (99%. ) бақылау қорына аударылды. Айдау ұңғылар қоры 10 бірлік, бұлардың бәрі жұмыс істеп тұр. Екі ұңғы 1 және 2 пайдалану объектісіне ортақ.

Есепті кезеңде бір ұңғы бұрғыланды: 179.

Игерудің басынан бастап, 1 және 2 пайдалану объектілеріне ортақ жұмыс жасайтын екі айдау ұңғысы (№№25, 127) техникалық себептермен жабылды.

ІІІ объект (орта юра горизонты)

ІІІ объектінің өндіруші ұңғылар саны 8 жұмыс істеп тұрған ұңғыны құрайды. Осы жылы №15 ұңғы, 1981-2005 жылдар аралығында бақылау қорында болған, өндіру қорына аударылды. 2006 жылдан бері жоғарғы сулану әсерінен жұмыс істемей тұрған №102 ұңғы, капиталды жөндеуден кейін 2008 жылдың мамыр айында есңе қосылды. ҰКЖ кейін ұңғының сулануы 88%-ке түсті.

Есепті кезеңде екі ұңғы бұрғыланды: №203 және №205.

Бұл объектіде ҚҚҰ жүргізілмейді.

Объектіні игеру басынан бастап 3 өндіру ұңғысы жабылды: екеуі (№№2, 103) - геологиялық және біреуі (№101) - техникалық себептермен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері
Ұңғыма қорының жағдайы
Қамысты кенорнында мұнай өндіруде тұз шөгінділерінің пайда болуын болдырмау тиімділігін арттыру
Мұнай кен орындарын игеруді модельдеу
Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және игеру кезеңдері
Көп қабатты кен орындарын меңгеру
Мұнайды жинау кезіндегі қауіпсіздік
Қамысты кенорнында мұнай өндіруде тұз шөгінділерінің пайда болуын болдырмау тиімділігін арттыру жолдары
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Газ ұңғымасының түптік жабдықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz