Ақша-несие саясатының мәні



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...3

1 АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Ақша.несие саясатының әдістері мен типтері ...5
1.2 Ұлттық банктің ақша.несие саясатының негізгі құралы ...8
1.3 Шетелдегі ақша.несие саясатының ерекшелігі ...11

2 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатының қалыптасуы, даму бағыттары ...15

2.2 2003.2005 жылдарға арналған ақша.несие саясатының негізгі көрсеткіштері ...18

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатының дамуындағы мәселелер ...28
3.2 Ақша.несие саясатын дамыту, қалыптасқан мәселелерді шешу ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ...32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...34
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге еліміздің барлық аумағына 1993 жылғы 15 қарашадан бастап айналысқа енгізілді. Ал 1993 жылғы 18 қарашада бастап ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды. Ұлттық валютаның “теңге” атауы орта ғасыр тарихынан алынған болатын, ол кезде Қыпшақтар жерінде “таңға” (теңге) деп аталатын монеталар айналыста жүрген. Қорғау элементтерінің, пайдаланылатын техникалық тәсілдердің жиынтығы, жасалу күрделілігі жағынан Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың әлемдегі алдыңғы қатарлы үлгілермен қатар тұрады.
Қорғау элементтері, пайдаланылатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделілігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның дизайны одан әрі жетілдіруде, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына әр ақшаны жаңа тұрғыда қорғау мен оған машина ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына байланысты болады. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізу жоспарланып отыр. Яғни қазіргі кезде жоспары жүзеге асырылып жатыр.
“Саясат” – бұл мемлекетке қарасты, мемлекеттік іс, мемлекеттік іс әрекет. Сондықтан ақша-несие саясаты – бұл мемлекеттің іс әрекеті. Бұл дегенің елдегі ақша-несиелік процестерді реттейтін жүйелі шараларды жасау.
Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады.
Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның экономикасында ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатының бір құралы ретінде нарықтың сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оны іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейі тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Қазіргі Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан ақша-несие саясаты, тұрақты экономикалық өсуге, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, банктік секторды одан әрі дамытуға және оны халықаралық қаржы нарығына интеграциялануына қол жеткізу үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай туғызуға негіз болып отыр.
Ақша-несие саясатының макроэкономикадағы деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несиені анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының басты мақсаты – ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына уақытша тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, несие жүйесін дамыту.
Сондықтан да, ақша-несие саясаты бүгінгі күннің, экономикадағы, қаржы саласындағы маңызды, ағымдағы, актуальді тақырыптарының бірі.
Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты: ақша-несие саясатының мәнін, ұғымын, мазмұнын ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттерді алға қойып отырмын:
- ақша-несие саясатының мазмұнын, мәнін аша отырып, оның әдістері мен типтерін ажырату және шетелдегі ақша-несие саясатының жүргізілу ерекшелігін ашып көрсету;
- ақша-несие саясатының жай-күйіне қаржылық-экономикалық талдау;
- Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүргізу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Ахметов Н. “Денежно-кредитная политика и управления экономической системы” // Транзитная экономика 2003 №6-32-40 б.
2.Байпақбаев Ж. “Қазақстан микроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері” // Саясат-2006 №7
3.Гайсин С. “Современное состояние финансового рынка Казахстана”//Саясат- 2004 №2-63 б.
4.Демидова Н. “Влияние деятельности банков второго уровня на развития экономики РК// Банки Казахстана –2006 №4 12-15 б.
5.Жунусбеков С. “Особенности денежно-кредитной политики РК в условиях либералицации валютного рынка // Банки Казахстана-2004 №10
6.Ихданов Ж. “Экономиканы мемлекеттік реттеу” –Алматы экономика-2002-280 б.
7.Кошебаев Г. “Денежно-кредитная политика, как составная часть государственного макроэкономического регулирования” // Банки Казахстана.-2005 №12
8.Көшенова Б. “Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары”.-Алматы-“Экономика” - 2000-380 бет
9.Мамыров Н. “Макроэкономика”/оқулық.-Алматы “Экономика”-2003-480 б.
10.Мақыш С. “Банк ісі”//оқулық құралы-Алматы 2004-240 б.
11.Мақыш С. “Ақша айналасы және несие”-Алматы “Маркет”-2004-248 б.
12.“О состоянии финансового рынка и финансовых организации”// Банки Казахстана-2005-№8-12 б.
13.“Основные направления денежно-кредитной политики Национального Банка на 2006-2008 годы” // Банки Казахстана-2006 № 4-7
14.Сайденов А. “Денежно-кредитной политики Национального Банка РК”//Мир финансов.-2005-№ 9
15.Сайденов А. “О перспективах развития денежно-кредитной политики в среднесрочном периоде”//Мир финансов.-2005-№ 12-11-18 б.
16.Әкімбеков С., А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров “Экономикалық теория” Оқу құралы. Жалпы ред. С.Әкімбеков –Астана-2002 - 464 б.
17.Әубәкіров Я. “Экономикалық теория негіздері” // - Алматы “Санат” - 1998-479 б.
18.Шеденов Ө. “Жалпы экономикалық теория”-Ақтөбе- “Полиграфия”-2004-455 б.
19.Әпсәлямов А. “Экономикалық теория негіздері” //-Алматы, “Ғылым” –1999-568б.
20. Сейітқасымов Ғ. “Ақша, несие, банктер”-Алматы- 2001-440 б.
21.Әнуар Сәйденов “Ұлттық валюта:белесті жылдар бедері” //Егемен Қазақстан 15 қараша 2005 жыл
22.Әнуар Сәйденов “Қазақстан Республикасының ұлттық банкі” //Егемен Қазақстан 26 наурыз 2005 жыл 4 б.
23.Әнуар Сәйденов “Қазақстан Республикасының ұлттық банкі “2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары туралы”” //Егемен Қазақстан 16 наурыз 2004 жыл 5 б.
24.Серикбаева Ж. “Экономиканы ақша-несие реттеудің кейбір аспектілері”/Қаржы-қаражат 2003-№ 3 18-19 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ

1.1 Ақша-несие саясатының әдістері мен типтері
5

1.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы
8

1.3 Шетелдегі ақша-несие саясатының ерекшелігі
11

2 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

2.1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қалыптасуы,

даму бағыттары
15

2.2 2003-2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі

көрсеткіштері
18

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНДА
ҚАЛЫПТАСҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының дамуындағы
мәселелер
28

3.2 Ақша-несие саясатын дамыту, қалыптасқан мәселелерді шешу

жолдары
29

ҚОРЫТЫНДЫ
32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
34

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге еліміздің барлық
аумағына 1993 жылғы 15 қарашадан бастап айналысқа енгізілді. Ал 1993 жылғы
18 қарашада бастап ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының
аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды. Ұлттық валютаның “теңге” атауы
орта ғасыр тарихынан алынған болатын, ол кезде Қыпшақтар жерінде “таңға”
(теңге) деп аталатын монеталар айналыста жүрген. Қорғау элементтерінің,
пайдаланылатын техникалық тәсілдердің жиынтығы, жасалу күрделілігі жағынан
Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың әлемдегі алдыңғы қатарлы
үлгілермен қатар тұрады.
Қорғау элементтері, пайдаланылатын техникалық тәсілдер, орындалу
күрделілігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген
валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның
дизайны одан әрі жетілдіруде, бұл полиграфиялық және компьютерлік
технологиялардың дамуына әр ақшаны жаңа тұрғыда қорғау мен оған машина ғана
оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына
байланысты болады. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізу
жоспарланып отыр. Яғни қазіргі кезде жоспары жүзеге асырылып жатыр.
“Саясат” – бұл мемлекетке қарасты, мемлекеттік іс, мемлекеттік іс
әрекет. Сондықтан ақша-несие саясаты – бұл мемлекеттің іс әрекеті. Бұл
дегенің елдегі ақша-несиелік процестерді реттейтін жүйелі шараларды жасау.
Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге
және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған
мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі
болып табылады.
Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің
ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның экономикасында ақша-несиелік реттеу
сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау
кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру
механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу
жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік
несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге
қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның
соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатының бір құралы
ретінде нарықтың сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал
Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми
ставкаларынан және оны іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы
ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен
ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейі тәуелді.
Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Қазіргі Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан ақша-несие саясаты, тұрақты
экономикалық өсуге, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға,
банктік секторды одан әрі дамытуға және оны халықаралық қаржы нарығына
интеграциялануына қол жеткізу үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай
туғызуға негіз болып отыр.
Ақша-несие саясатының макроэкономикадағы деңгейдегі субъектісі –
Ұлттық банк болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несиені
анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының басты мақсаты – ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
уақытша тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету, несие жүйесін дамыту.
Сондықтан да, ақша-несие саясаты бүгінгі күннің, экономикадағы, қаржы
саласындағы маңызды, ағымдағы, актуальді тақырыптарының бірі.
Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты: ақша-несие саясатының мәнін, ұғымын,
мазмұнын ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттерді алға қойып отырмын:
- ақша-несие саясатының мазмұнын, мәнін аша отырып, оның әдістері мен
типтерін ажырату және шетелдегі ақша-несие саясатының жүргізілу
ерекшелігін ашып көрсету;
- ақша-несие саясатының жай-күйіне қаржылық-экономикалық талдау;
- Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүргізу мәселелері
және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ

2. Ақша-несие саясатының әдістері мен типтері

Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол
жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған
мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі
болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен
мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар
жиынтығы. Орталық банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымдағы ақша
массасын, несие көлемін, пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы
және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған
іс-шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты – ақша айналымы мен
несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъютурасын реттеу. Ақша-несие
саясаты не несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, не оларды іркуге
және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және
жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және
пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші болады.
Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық, бағаның
өсуі, үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау
мақсатында орталық банк несиеге шек қою, пайыздық төлемдерді жоғарылату,
төлем құралдарын шығаруды тежеу және сол сияқты әрекеттермен шұғылданады.
Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие
институттарының санына, несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының
көлеміне қарай кез келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізі
коммерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде
ақша массасының 75 пайыздан 90 пайызға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек
25 – 10 пайызы орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-
несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі, тек орталық банк арқылы
коммерциялық банктердің операцияларының масштабы мен олардың түрлеріне
ықпал жасауымен ғана табысты бола алады.
Орталық банк ақша-несие аясына ықпал ету үшін ең алдымен коммерциялық
банктердің депозиттерді ұлғайту немесе азайту мүмкіншілігін пайдаланады.
Бірақ одан орталық банк банктердің депозиттік эмиссиясы мен несие
операцияларының көлемін тікелей өзгертеді деген ұғым тумайды. Орталық банк
міндетті резервтер жүйесі арқылы банктік несие мен депозиттер қарқынына
әсер етеді. Ол банктердің резервтік позициясын реттеумен несие мен
депозиттерді қысқарту немесе ұлғайту реакциясын тудыруы мүмкін.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең
көп тарағандары төмендегідей:
- коммерциялық банктерге берілетін несиеге пайыздық төлем мөлшерін
өзгерту (ресми есеп мөлшерін, қайтадан қаржыландыру мөлшерін,
ломбардтың мөлшерін);
- банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
- ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік
облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу – сату
операциялары;
- валюта курсының саясаты немесе курстық саясат.
Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық коммерциялық
банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер
ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.
Ал іріктеп тексеру әдісі кейбір несие түрлерін (мысалы, тұтыну
несиесін) немесе кейбір шаруашылық салаларын (мысалы, үй құрылысын, экспорт
саудасын) реттеуге қолданылуы мүмкін.
Іріктеп тексеру әдісіне мыналар жатады:
- кейбір банктерге банктік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей
шектеу (несиенің шегіне жету деп аталатын);
- несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап
айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу (яғни, берілуге тиіс сома мен
берілген несиенің арасындағы айырма), депозиттер мөлшері мен несие
мөлшерінің арасындағы айырма.
Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің пайыздық мөлшерін өзгерту
жатады. Пайыздың ресми мөлшерін өсіру коммерциялық банктердің өз
резервтерін толтыру үшін несие алатын мүмкіншілігін азайтады, ол өз
кезегінде коммерциялық банктердің алған қарызын қысқартады, демек ол ақша
массасы мен нарықтық пайыз мөлшерін өсіреді. Сөйтіп орталық банк пайыз
мөлшерін жоғарылатып, несиені шектеу саясатын, яғни несиелік рестрикция
жүргізеді.
Пайыз мөлшерін жоғарылату елге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға
әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ол төлем балансы мен валюта курсының
деңгейіне де әсер етеді. Қорытындысында төлем балансында активтеніп және
шетел валютасын ұсынушы көбейіп, демек шетел валютасының курсы төмендеп, ал
ұлттық валютаның курс жоғарылайды. Орталық банктің пайыз мөлшерін төмендету
әдісі, яғни, несиені кеңейту саясаты - несиелік экспансия деп аталады.
Коммерциялық банктердің резервтеріне, демек олардың қарыз беру
мүмкіндіктеріне міндетті резерв нормасын өзгертудің елеулі әсері бар.
Міндетті банктік резервтің нормасын жоғарылату деген банктік қаражаттың
жұмсалмай, орталық банктің шотында жұмсауға тыйым салу жағдайында ұсталуын
және оны коммерциялық банктер несиеге беруге қолдана алмауын көрсетеді.
Нәтижесінде банктік қарызбен айналымдағы ақша массасы қысқарып, қарыз
бойынша пайыз жоғарылайды. Ал міндетті банктік резервтің нормасын
төмендету банктік несие мен ақша массасын ұлғайтып, нарықтық пайызды
төмендетеді.
Бағалы қағаздар нарығы дамыған мемлекеттерде ақша-несиелік реттеудің
көп тараған әдісі – ашық нарықтағы операциялар.
Біріншіден, бұл операциялар коммерциялық банктердің қызметіне, олардың
ресурстарына көлемі арқылы әсер етеді. Егер орталық банк бағалы қағаздарды
ашық нарықта сатып, ал коммерциялық банктер оларды сатып алса, онда осы
банктердің орталық банктегі ашқан корреспонденттік қаражат қалдығы сатып
алған бағалы қағаздар сомасына азаяды. Оған сәйкес олардың өз клиенттеріне
қарыз беретін мүмкіндігі кемиді. Бұл айналыстағы ақша массасының қысқаруына
әкеп соқтырады. Ал орталық банк бағалы қағаздарды коммерциялық банктерден
сатып алса, онда сол соманы олардың корреспонденттік шотына жазады, ол
банктердің қарыз беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Екіншіден, ашық нарықтағы операциялар мемлекеттік бағалы қағаздардың
пайыздық мөлшерін және оның курсын реттеу үшін қолданылуы мүмкін.
Қысқа мерзімді пайыздық мөлшерді реттеу үшін орталық банктің
вексельдермен (қазыналық, коммерциялық) және қысқа мерзімді мемлекеттік
облигациялармен жүргізетін дәстүрлі операциялары қолданылады. Оларды сату
ақша нарығын шектеп, нарықтық пайыз мөлшерінің көтерілуіне әкеледі. Егер де
орталық банк нарықтық пайыз нормасының көтерілуіне тосқауыл қойғысы келсе,
онда ол банктердің қысқа мерзімді бағалы қағаздары мен вексельдерін
ағымдағы нарықтық мөлшер бойынша сатып алу арқылы көмек көрсетеді. Одан
басқа, қазыналық вексельдерді, қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларды
сатып алу – сату оларға сұраныс пен ұсынысты өзгертеді, демек сол
қағаздардың курсы мен табыстылығы да өзгеріп, ол ақша нарығындағы қысқа
мерзімді пайыз мөлшеріне және ұлттық валютаның курсына әсер етеді.
Ұзақ мерзімді пайыз мөлшерін реттеуге орталық банктің ұзақ мерзімді
мемлекеттік міндеттемелерімен жүргізетін дәстүрлі операциялары қолданылады.
Орталық банктің бұндай міндеттемелерді сатып алуы олардың нарықтық курсын
жоғарылатады. Облигацияның бағасының өсуі оның нарықтық курсының купондық
табыс сомасына төмендігін көрсетеді. Ал ұзақ мерзімді облигацияның нақты
табыстылығының азаюы нарықтағы ұзақ мерзімді пайыз мөлшерінің төмендеуіне
әкеп соқтырады. Орталық банктің ашық нарықта облигация сатуы олардың
курсының төмендеуін және облигацияның табыстылығының артуын, соған
байланысты ұзақ мерзімді пайыз мөлшерінің жоғарылауын тудырады.
Ақша-несие саясатының келесі маңызды әдісінің бірі - валюта курсының
саясаты немесе курстық саясат. Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын
сақтаудың баға және ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
маңызы өте зор. Ұлттық валюта курсының төмендеуі ішкі нарықтағы алдымен
шетел, содан соң отандық тауарлар бағасын көтереді, яғни, ұлттық ақша
өлшемінің сатып алу мүмкіндігін азайтады. Ұлттық валюта курсының үнемі
төмендеуі жағдайында ішкі нарықтағы тауарлар бағасы өндіріс шығындарына
емес, ұлттық валютаның құлдырауына бейімделеді. Курстың төмендеуі
инфляцияны тудыратын факторға айналады.
Орталық банктің валюта курсын валюталық иртервенциямен (яғни, шетел
валютасын ұлттық валютаға сатып алу - сату ) реттеу ақша айналысына тікелей
әсер етеді. Шетел валютасын сатып алу ұлттық валюталы ақша массасын
өсіреді, ал сату ақша массасын қысқартады.
Шаруашылық конъютурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының
екі типі болады:
1) Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2) Экспанциондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар жиынтығы.

1.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының
жиынтығы жатады. Қолма-қол ақша шаруашылықты жүргізуші субъектілердің
халықпен есеп айырысуын, халық топтарының арасындағы есеп айырысуды,
алынған шығындарды, сыйақыны, шәкіртақыны, сақтандыру төлемдерін және басқа
табыстар мен олардың тауарды сатып алуға жұмсалатын шығындарын қамтитын
халықтың ақшалай табысының алынуы мен жұмсалуын қаитиды. Нақты қолма-қол
ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни,
кәсіпорындардағы және ұйымдардағы халықтың өз қолындағы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталар жатады.
Қолма-қолсыз ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі болып табылады, әрі
қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша
аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолымен жүзеге асырылатын төлемдер
жиынтығы.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты:
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға
сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
- сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықта интервенциялау;
- кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы
мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі,
- ресми есептік мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына
несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция
деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе Қазақстанның Ұлттық
Банк Басқармасының жеке қалалары бойынша жүргізілетін займ операциячлары
бойынша қолданылады.
Ресми есептік мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер
бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық
банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында
қолданады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып
табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде
қолданады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері –
жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде
қолданылады. РЕПО-ның мақсат мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын
болдырмау.
Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге олардың Қазақстан Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік
шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтау барысында бір
түнге берілетін заемдар бойынша қолданылады.
Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және
олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты
банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында
Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай – несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік талаптар бір жағынан, экономикадағы ақшалай
мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің
қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты
тиісті шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді
несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке несие беру бюджет саясаты
аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және
кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ.
Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық
арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету
мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен
валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез
келген банктер және валюталық биржалар арқыла кез келген валюталық
мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Валюталық
интервенция алтын валюта резервтері есебінен жүзеге асырылады.
Алтын валюта резерві ұлттық валюта – теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын валюта резервтері мыналардан
тұрады:
-құйма алтыннан;
-Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел
валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
-валюталық құндылықтардан;
-шетел валютасындағы жай және аудармалы вексельдерден;
-шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы
қағаздарынан;
-басқа да сыртқы активтерден.
Алтын валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту мынандай жолдармен
жүзеге асырылады:
-монетарлық алтынды сатып алу;
-резиденттер мен резидент еместерден, Қазақстан Республикасының
Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;
-депозиттік салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін
комиссиондық және басқа да сыйақы түріндегі түсімдер;
-Ұлттық банктің монетарлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы
басқа да металдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы
түсімдер;
-Ұлттық банктің кеңес беру, ақпараттық – баспа және басқа да
қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.
Алтын валюта резервінің азайуы немесе жұмсалуы мынандай жолдармен іске
асырылады:
-ақша – несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта
валютаны сату;
-өнімдердің импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация
жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкілеттіліктерді ұстауға
және іс-сапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық
банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
-басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;
-Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны
қайтару;
-құрылған провизиялар есебінен зиянды алтын валюта активтерін шегеру.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе,
2002 жылдан бастап, алдағы 3 жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті
және әр жыл өткен сайын өзгерістірді ескеріп, оған Ұлттық банк пен
Қазақстан Республикасының Үкіметі бірге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі
мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен
алтын валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша
мақсатты көрсеткіштерге көшу. Осындай ақша-несие саясаты ғана Ұлттық
банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және
жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен
сенімін қамтамасыз етеді.

1.3 Шетелдегі ақша-несие саясатының ерекшелігі

Ресейде өткізілге ақша-несие саясаты Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Инфляцияның тұрақты төменгі
деңгейі халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің, тұрақты экономикалық өсудің
нәтижесі болып табылады. 2005 жылдағы сияқты, 2006 жылы ақша-несие саясаты
ішкі экономикалық факторларға қатты әсер ететін конъюктуралық сипатта, ақша
ағынының реттелуі және инфляциялық процестерге әсер ететін құрылымдық
реформаның жалғасуы жағдайында, сонымен қатар инфляцияны шектеуге Ресей
Федерациясының активті әрекет қолдануы жағдайында жүргізіледі.
Көп уақыттан бері ішкі нарықтағы энергия тасымалдаушылардың бағасы
жоғары деңгейде болып отыр және де 2006 жылы олардың толығымен төмендеуі
ұйғарылмайды. Сәйкесінше, осы факторлар ішкі сұраныстың қарқынына және
Ресей экономикасындағы жалпы баға деңгейіне әсер етуін жалғастырады. Осы
жағдайларда Ресей Банкі және Ресей Федерациясының Үкіметі инфляцияны
төмендету жолдарын таңдағанда жоғары өсуді қамтамасыз ету қажеттілігіне,
отандық өндірушілердің техникалық және бағалық бәсекеге қабілеттілігінің
артуына, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылығына және мемлекеттік
қаржылардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты
жағдайларды ескереді. Бұл тапсырманың берілген кезеңдегі шешімі ағымдағы
валюталық курстың басқару режимін қолдануды талап етеді, яғни экономикалық
саясат мақсатына сәйкес валюталық курстың қалыптасу факторларының негізін
есептеуде оның өзгеру қарқынын түзетуге, экономикалық саясаттың
мақсаттарымен сәйкестендіруге рұқсат етеді. Сонымен төлем балансының
ағымдағы есебінде жоғары оңды сальдо ішкі бағаның өсуін тежейтін рубльдің
нығаюына әкеледі. Ресейдің Банкі ішкі және сыртқы нарықтағы ресейлік
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға көмектесе отырып, рубльдің
нығаюына әсерін тигізеді. Және де валюталық курстың қарқынын төмендете
отырып, қаржы нарығындағы тұрақсыздық тәуекелділікті төмендетеді және
экономиканың тұрақты даму міндетіне әсер етеді. Күшті төлем балансы
жағдайында Ресей Банкінің рубльдің курстық қарқынына әсер ету дәрежесі
шектеулі. Ақша-несие саясатының басты мақсаты – инфляцияның төмендеуіне
қайшылық келтірмегенде ғана Ресей Банкі оған әсер ете алады. Сонымен қатар,
инфляциялық таргеттеу тәртібін қолдануды ұйғару біраз жылдар арасындағы
ішкі валюталық нарыққа Ресей Банкінің қатысуын азайтуды және валюталық
курстың ағымдағы еркін режимге өтудегі механизмін жақсартуды қажет етеді.
Өнім бағасының өзгеру деңгейіне қойылған шектеуді және табиғи
монополиялардың қызметін қатаң қадағалау инфляциялық бағдардың толығымен
орындалуында маңызды болып табылады. Ресей Банкінің инфляцияны төмендетуде
ақша-несие өлшемі мен монополиялық және әкімшілік реттейтін баға саясатының
мүмкіншілігі шектеулі. Кейінгі жылдардағы тәжірибе көрсеткеніндей инфляция
бағытының толық нәтижелілігі Ресей Федерациясы Үкіметінің тарифтік және
құрылымдық, бюджеттік, ақша-несие саясаты аумағындағы байланысқан кешенді
іске асу жолымен орындалуы мүмкін.
Ресей Федерациясының Тұрақтандыру қоры ақша-несие саясатының жүргізілу
жағдайына әсер етеді. Тұрақтандыру қоры мұнайды өндіру мен мұнай экспорты
және тағы басқа энергия көздерімен байланысты қосымша кірістерді
шоғырландырып, конъюктурада жоғары өтімділіктің маңызды бөлігін
стерилизациялауды қамтамасыз етеді және қазіргі уақытта тұтынушылық бағаның
өсуін шектеудегі маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ақша-несие
саясатының операциялық процесі ақша бағдарламасының көрсеткіштерін ескере
отырып, инфляция трендінің орташа жылдамдығының және ағымдағы монеталық
шартының маңызды сипаттамасы және реттеушісі болады.
Ақша-несие саясатында ішкі қаржы нарығы басты міндет болып табылады.
Толымды қаржы нарығынсыз рубльдің толық өтімділік нәтижесі мүмкін емес және
ақша-несие саясатының тиімді іске асуы төмендейді, пайыздық мөлшерлеменің
жарамдылығы азаяды. Осы жағдайда Ресей Банкінің пайыздық саясатының
мүмкіншілігі шектеулі. Пайыздық саясаттың құралы көбінесе тұрақты сипатта
болады, яғни экономикадағы ақша құнын қалыптастырмайды, тек шектейді. Ресей
Банкінің алдындағы маңызды міндет – ол несиелік ұйымдармен қайта
қаржыландыру инструменттерін қолдану мүмкіншілігін кеңейту.
Лагтағы ақша массасының өсуі жылдың екінші жартысында келесі жылдағы
инфляцияға әсер етеді. Осыған байланысты ақша-несие саясатының қалыптасу
деңгейін уақытша кеңейту және тұтыну бағасының өсуіне үш жылдық толық
бағдарлама орнату макроэкономикалық саясаттың біртіндеп іске асуына
жәрдемдеседі. Үш жылдық перспективаға бағдарланған ақша-несие саясатының
стратегиясы конъюктуралық сипаттағы ішкі және сыртқы экономикалық
факторлардың жылдам өзгеру жағдайында оңтайландырудың мүмкіншілігін
кеңейтеді. Осы стратегия барысында Ресей Банкі Ресей Федерациясы Үкіметімен
бірге 2008 жылғы кезеңге және 2006 жылға Ресейдің әлеуметтік-экономикалық
даму жағдайында үкіметпен жасалған негізгі параметрлерге сәйкес 2008 жылға
инфляцияны 4-5,5 пайызға дейін төмендетуді өзінің алдына мақсат етеді.
Осыған байланысты 2006 жылы инфляция деңгейін 7-8,5 пайызға дейін төмендету
көзделді. Ресей Банкі елдің төлем балансы және алдын-ала есеп айырысуынан
бастап, 2006 жылғы федералдық бюджеттің жобасын және де инфляцияға әсер
ететін тағы басқа факторларды, тұтыну бағасының өсуін 7-8,5 пайызбен
шектелуін 2006 жылғы ақша-несие саясатының мақсаты ретінде қабылдауды
мүмкін деп есептейді.
Ресей экономикасы дамуының 2006 жылға арналған болжамдық көрінісіне
сәйкес, Ресей Банкі төрт нұсқадағы ақша бағдарламасын жасады. 2005 жылы
таза халықаралық резервтің өсуі 1,8 трлн. рубль, 2006 жылы ақша
бағдарламасының бірінші нұсқасы аз мөлшерден басталады, яғни таза
халықаралық резервтің өсуі 0,6 трлн. рубь.
Бағдарламаның екінші нұсқасы 2006 жылғы Ресей Федерациясының әлеуметтік-
экономикалық дамуының болжамды көрінісінің екінші параметріне сәйкес
келеді. Берілген бағдарламаны іске асыру барысында таза халықаралық
резервтің артуы 1,4 трлн. рубльді құрауы мүмкін.
Үшінші нұсқа бойынша болжамдалған таза халықаралық резервтің өсуі 2,2
трлн. рубльді құрауы мүмкін.
Ақша бағдарламасының төртінші нұсқасына сәйкес таза халықаралық
резервтердің өсуі жоғары маңыздылыққа ие болады деп күтіледі, яғни 2,9
трлн. рубльге тең. Таза халықаралық резервтердің артуы барысында әрбір
нұсқадағы ақша ұсынымының өсуі инфляциялық реттеу көзқарасы бойынша ақша
базасының өсімін жоғарылатады. Осыған байланысты ақша-несиелік реттеу
инфляциялық процестердің дамуына бой бермеу мақсатында таза ішкі
активтердің көлемінің әрбір нұсқа бойынша төмендеуін қамтамасыз етуді керек
етеді.
Ақша базасының өсуіне таза халықаралық резервтер өсуінің сабақтасуы
бірінші нұсқамен төртінші нұсқа аралығында 1,5-5,6 дейін өсті.
Ресей Банкінің несиелік ұйымдарының корреспонденттік шоттарындағы ақша
қалдықтарының жалпы өсімі 70-200 млрд. рубль деңгейінде бағаланады.
Нақтылықты талап ететін 2006 жылғы ақша бағдарламасы, оның жылдың соңына
дейінгі қарқынымен анықталатын болады. Ресей Банкі ақша-несие саясатын
ағымдағы реттеуші рубль курсы шеңберінде жүргізуді жалғастырады. Курстық
саясат бұрынғысынша нарық конъюктурасының қысқа мерзімді өзгеруіне және
негізгі экономикалық факторлардың дұрыс әрекет етуіне байланысты, айырбас
курсының жылдам өзгерісін реттеуге бағытталады. Ресей Банкі әлеуметтік-
экономикалық дамудың әр түрлі сипаттағы жағдайын есептегенде 2006 жылы
рубль курсының нақты тиімді өсімі 9 пайыздан аспайды деп санайды, осыған
сәйкес отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі, төлем балансының
тұрақтылығы сақталады және экономиканы жаңғырту үшін жағдайлар жасалады.
Ішкі және сыртқы факторлардың әрекетінен қаржылық тұрақтылыққа төнуі мүмкін
қауіпті қайтару қажеттілігін есептегенде әлеуметтік-экономикалық дамудың әр
түрлі сипаты бойынша ақша-несие жүйесіндегі жағдайлардың өзгеруіне
оперативті және адекватты әсер ету үшін Ресей Банкі өз жұмыстарын
жалғастырады. 2006 жылы Ресей Банкі артық ақша ұсынымын стерилизация құралы
ретінде меншік облигациялармен операцияларды жүргізуді жалғастырады. Ресей
Банкі келесі жылы да нарықтың қысқа мерзімді сегментінде несиелік
ұйымдардың еркін ақша қаражаттарын байланыстырушы құралы ретінде депозиттік
операцияларды қолданады және несиелік ұйымдарды ақша қаражаттарымен
қамтамасыз ету үшін тұрақты әрекеттегі құралдарды қолданады. Несиелік
ұйымдардың өтімділігін қамтамасыз ететін негізгі құрал ретінде Ресей
Банкінің операциялары ашық нарықта жүргізілетін болады. Несиелік
мекемелерге берілетін овернайт несиесі есептеулердің үздіксіз іске асуын
қамтамасыз етуін қолданылады.
2006 жылы РЕПО операцияларын және Ресей Банкінің несиесі бойынша
қабылданған активтердің тізімін кеңейту жұмыстарын жалғастыру жоспарланып
отыр. Ресейлік банк секторының жағдайындағы ақша-несие саясатының құралдары
әрекетінің тиімділігі қаржы нарығы мен төлем жүйесінің дамуына әсер етеді.
Банк секторының дамуы Ресей экономикасының дамуымен жалғасады және банктік
қызмет көрсетулерге сұраныстың кеңейтілуімен сипатталады. Ресейлік банк
секторы ресейлік несие мекемелері арасындағы сияқты, шетелдің банктік
қызмет көрсетушілері тарапынан жоғары бәсекелестікті сезінеді. Валюталық
либерализацияның жалғасуына байланысты ресейлік клиенттерге шетелдік қаржы
институттарының трансшекаралық банктік қызмет қөрсетуінің жаңа
мүмкіндіктері және де ішкі нарықтағы банк қызметі сегменттерінің күрделі,
жоғары сапамен орындалуы бәсекелестіктің күшеюі нің себебі болып табылады.
Банк нарығындағы бәсекелестіктің күшеюімен байланысты банк қызметтеріне
талаптың өсуі ресейлік банк секторында келесі процестердің жылдамдатылуына
алып келеді:
1. Белгілі нарықтық позицияны иеленген ірі әмбебап банктердің озық
дамуы және осы банктердің филиалдық жүйесіндегі активті дамуы жалғасады.
2. Көптеген орта және кіші банктік өнімдер мен нақты клиенттік
сегменттер бойынша еркін мамандандыру стратегиясын таңдайды.
3. Әлсіз қаржылық, жаман басқарылған және қиянатшыл несиелік мекемелер
банктік қызмет көрсету нарығынан шығарылса, нақты клиенттердің капитал
базасымен, ішкі бақылаумен, қаржылық және стратегиялық жоспарлаумен
несиелік мекемелер өздерінің нарықтағы орнын нығайтады.
4. Несиелеу көлемінің озық дамуы банктік секторда несиелік
тәуекелділіктің жинақталуына әкеліп, тәуекел-менеджменттің жетілдірілуіне
ерекше назар аудартады.
Ресей Банкі 2006 жылға банктік қадағалау жасау және банк секторын
жетілдіруде Ресей Федерациясының банк секторының даму стратегиясымен
басқарушылық жұмыстарын жүргізеді. Осы стратегияны іске асыру барысында
Ремей Банкі үш бағытты қолданады:
1. Ресейлік несие мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы, несие
беруші мен салымшылардың, инвесторлардың қызығушылықтарының қорғалуы
банктік секторға сенімді нығайтады.
2. Банктік қадағалаудың жетілдіру жұмыстарын жалғастыру.
3. Терроризмді қаржыландыруға қарсы заңдылықтарды іске асыру.

2 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

2. 1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қалыптасуы,
даму бағыттары

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Тәуелсіз мемлекет
достастығының басқа мемлекетерімен бірге “рубль аумағында қала берді.
1992 жылы, 9-қазанда тәуелсіз мемлекет достастығының сегіз
мемлекеттермен қол қойылған “Рубльді ресми төлем құралы ретінде
пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша-несие
саясаты туралы” соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты мемлекеттің бірігумен
рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдер жасалды. Бұл сұрақ
бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталап
қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа
байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдерінде, оның
ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығыстыруына жол берді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз
ақша саясатын жүргізуді қолға алды.
1993 жылы 12 қараша Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан
Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы” жалығына қол қойды. 1993
жылы 15-қарашада ұлттық валюта-теңге енгізілуді теңгенің айналысқа енгізуі
Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын бастаудың, негізінің
қалауының бастамасы болды деп айтуға болады. [2 б-15]
Нарыққа өту кезінде егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы
кезеңінде ақша-несие саясатының қалыптасып дамуы Қазақстанның алдында
шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын
қайта құру, оны нарық ремстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу, инфляцияны
ауыздықтау, несие қатынастарын дамыту міндеттері тұрды.
Қазақстан үшін 1994 жылы дербес ақша-несие саясатын жасау
мүмкіндігінің пайда болуымен ерекшеленеді. Ұлттық валюта енгізілгеннен
кейін Ұлттық банктің өкілеттігі артты. Сол жылдары қазіргі уақытта
экспорттың қуатыныз анықтап отырған ішкі-заттың салаларда терең құлдырау
байқалды. 1994 жылғы қортындылар бойынша инфляцияның жылдық деңгейі 1258
пайызды, ал 1995 жылы – 160,5 пайызды құрайды. 1996 жылдың басында
республикамызда реформаларды тереңдетудің 1996-1998 жылдарға арналған орта
мерзімдік бағдарламасы қабылданыды. Ол бес жыл бұрын алдыға қойылған
міндетті–инфляцияның айлық деңгейін өндірісті жандандыруға қажетті 9-12
пайызға дейін жеткізу, меже 1997 жылдың аяғына дейін ысырылады.
Инфляция қарқыны жыл сайын мыңдаған (кейде ондаған мың) пайызға жетіп,
ақшаның құны соншалықты түсіп кеткенде, оның сатып алушылық қасиеті нөлге
түскенде, мемлекет ерекше түрдегі “хирургиялық операцияға” баруға мәжбүр
болады да, ақша рефолрмасын жүргізеді (“нуллификациялау” немесе
“деноминациялау”) “Ескі ақшалар айналымнан алынады да, ал жаңа ақшаны тауар
айналымына қаншалық қажет болғанынша және инфляциялық даму болмас үшін
шығарады.
Бұл ең барып тұрған, шектен тыс жағдайдағы қолданылатын шара болып
саналады, өйткені дәстүрлі делінген тәсілдер ақша-несие жүйесіне ешбір
нәтижеге қол жеткізбегендіктен. Соған қарамастан бұл ақша-несие саясатының
маңызды элементі болып есептеледі.
Өтпелі экономика жағдайында, тауар мен ақша массасы арасындағы
сәйкестікке жету мақсатында, үкімет кейде ақша реформаларын жүргізуге
жасырын түрде барады – бағаны бақылауды өз бетімен қоя береді де “баға
босатылады”. Ресейде мұндай саясат 1992 жылы басталған болатын. Осының
нәтижесінде ақша массасы 2,2 есе өсті де, ал баға – 30 есе өсті.
Басқаша айтқанда, ақша массасы тауармен салыстырғанда (оның құнымен
көрсеткенде)күрттазайды. Шындығында айналымдағы ақша массасын тура алып
тастау болды.
Ақша-несие жүйеге әсер ету үшін қосымша шара ретінде үкімет
коммерциялық банктердің қор нарығындағы операцияларына реттеу жүргізуді
пайдаланатын болды. Мысалы, АҚШ-та банктердің акцияларды сатып алу
әрекеттерін шектеу үшін, Федеральдық резервтік жүйе олардың осы
операцияларды жүргізу үшін қарызға алатын ақшаларын пайдалануына шек қоя
бастады.
Мұнда, тек 50 пайыз сатып алатын бағасы ғана қарыз берілді де,
қалғандарын қолда бар ақшалармен төлеулері керек боды.
Ресей орталық банкі 1994 жылы осындай саудагерлік операцияларға шектеу
салу мақсатымен, оағн делінген резервтңк қор көлемін үлкейтіп жіберді (35
пайызға дейін). Егер, мысалы, банк миллиард рубльге акция сатып алатын
болса, онда ол резервтік қорға 350 миллион беруі керек.
Ендігі бір мемлеекттің айналымдағы жиынтықты ақша массасына әсерін
тигізетін шарасы – бұл тұтынушылық несиеге шектеу қою. Осы мақсатта орталық
банк коммерциялық банктерге жеке адамдарға несие беретін болса, резервтік
қорға “арнайы” салым салуды міндеттеді (кейде ол 15-20 пайыз несиеге
берілетін санадан).
Осындай жолмен мемлекет банктердің тұтынушылық несие берулерін тежеп
отыр, өйткені резервтік ақша пайыз әкелмейді.
Инфляциямен күресу барысында, үкімет кейде коммерциялық банктерге
компанияларды несиелеуді қысқартуды талап етіп отыр.
Мәселен, Федералдық резервтік жүйе (АҚШ) 1980 жылы коммерциялық
банктерге алдағы уақытта несиені көбейтуді 20дан 6-8 пайызға шейін түсіруді
барынша талап еткен. Мұндай талаптар коммерциялық банктер үшін міндетті
болмаса да, мемлекет тарапынан бәрібір осыны орындау жөнінде нұсқау
болатындығынан, оны орындауға тырысады.
Мемлекеттік ақша-несие саясат жүйесінде әрқашан да бірнеше ақша
массасын реттейтінжанама әдістер болады, солардың ішіндегі ерекше маңызды
болатындары “ банктерді мемлекеттік тіркеу” және “амортизациялық саясат”.
Барлық нарықтық экономикадағы елдер, коммерциялық банктердің тіркеуі
үшін міндетті түрде және лицензия алу үшін белгілі бір көлемдегі
көрсетілген жарғылық капиталы болуы керек. Мемлект оның жарғылық қорын
ұлғайту немесе көлемін азайту арқылы, жанама түде экономикалық
субъектілердідің (несиелік эмиссиямен шұғылданатын) санын азайтады немесе
ұлғайтады.
Амортизация мөлшерін реттеу арқылы мемлекет жанама түрде ақша
массасының ұлғаюына немесе азаюына әсерін тигізеді.
Тездетілген амортизация кәсіпорындарына өндірістің заттық факторларына
салыған қаржыны тез қайтарып беруіне мүмкіндік жасайды да, оларды өндірісті
дамуыту үшін пайдалана алады.
1997 жылы қатаң ақша-несие саясатының арқасында инфляцияның алғашқы
көзделген межесіне жетудің арқасында қысқа мерзімдік макроэкономикалық
тұрақтандыруды олжалдық деп жар салынды, алайда мемелекеттің сыртқы
қарқының үлкендігі, салық саясатының икемсіздігі, нақты сектордың
құлдырауы, төмен дағдарысының асқынуы сияқты экономикадағы келеңсіз
құбылыстар ақша-несие саясатының негізінің әлсіздігін көрсетті.
Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының 1999 жылдан бергі ахуалды
талдасақ. Әлемдік қаржы және тауар нарығындағы қолайлы конъюктура және 1999
жылғы сәуірдегі теңгенің айырбас бағанының өзгеруі 2000 жылы елдегі
макроэконоикалық ахуалға оң ықпалыне тигізеді.
1999 жылы жүргізілген қатаң ақша-несие саясатының нәтижесінде теңгенің
айырбас бағаны салыстырмалы тұрақтылығын сақтады.2000 жылы теңге бағанының
АҚШ долларына шаққанда төмендеуі 5,2 пайызды құрады. Сондай-ақ теңгенің
айырбас бағанының салыстырмалы тұрақтылығы, нақты өндірістің едәуір өсуі
инфляцияның жыл ішінде екі есеге жуық: 17,8 пайыздан 9,8 пайызға дейін
төмендеуіне себеп болды.
Тиімді жүргізілген ақша-несие саясатының нәтижесінде соңғы төрт жылда
тұңғыш рет төлем балансының едәуір профицитіне қол жеткізілді, алтын валюта
резерві айтарлықтай көбейді.
2000 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ақша-несие саясаты
Қазақстанның қаржы нарығының игілікті өзгерістерге, мол жетістіктерге қол
жеткізуіне әкеп соқтырды:
– банктердің ресурстық базасының неғұрлым интенсивті өсуіне орай
олардың несиелік белсенділігі артты. 2001-2003 жылдары ішінде
банктердің экономикадағы несие көлемі 85,6 пайызға, соның іщінде
орташа және ұзақ мерзімді несиелер – 81,2 пайызға өсті;
– заңды тұлғаларға жыл басынан бері ұлттық валютамен берілген несиелер
бойынша сыйақы ствкасы 20,8 пайыздан, 18,8 пайызға дейін, валюталық
бойынша – 20,4 пайыздан 14,7 пайызға дейін төмендеді, мұның өзі ТМД
елдері арасында неғұрлым төмен көрсеткіштер болып табылады;
– банктердің несие қоржының сапасы едәуір жақсарды, экономикаға
салынған несиелердің жалпы көлеміндегі мерзімі өтіп кеткен несиелер
үлесінің 6,6 пайыздан, 1,7 пайызға дейін төмендеуі осыны дәлелдейді.
2003 жылдан бері уақытта Қазақстан Үкіметі, Ұлттық банкі ақша-несие
саясатының жанама құралдарын пайдалана отырып, ақша базасының деңгейін
реттеу инфляцияның төмен қарқынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Ақша несие саясаты мақсаттары мен құралдары
Ақша - несие саясатының құралдары
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
Ақша – несие саясатының түрлері
Пәндер