Халқаралық валюта қатынастары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.бөлім.Халқаралық валюта қатынастары.
1.1.Валюта бағамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.9
1.2.Валюта нарығы: мәні, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.16

II.бөлім. Халқаралық валюта жүйесі.
2.1.Халқаралық валюта жүйесінің эвалюциясы ... ... ... ... .17.18
2.2.Халықаралық валюта жүйесіне сипаттама ... ... ... ... ... 19.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25.26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
бөлім. Халықаралық валюта қатынастары.
1.1. Валюта бағамы.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз-құн ) – елдің ақша бірлігі, оның шарттары түрі, халқаралық төлем – есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халқаралық нарықтың құрылуына себепші болады. өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Валюта- тауар құнының мөлшерін өлшеу үшін қолданылатын ақша бірлігі.
Валютаның түрлері:
1.Тұйық валюта- тек бір ғана мемлекеттің аумағында пайдаланылатын және де басқа шетелдік валютаға айырбасталмайтын ұлттық валюта.
2.Еркін айырбасталатын валюта- бұл шетелдік валютаға еркін және шексіз айырбасталынытын валюта.
3.Жартылай айырбасталатын валюта- резиденттер мен айырбастау операцияларының жеке түрлері бойынша валюталық шектеулер қолданылатын елдің ұлттық валютасы.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Әубакіров.” Жалпы эконом теория”. 1999ж
2.Ф.Г.Гайнуллин. “Основы эконом теорий”. 1998ж
3.Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов.
“Нарықтық экономика негіздері”. 1994ж
4.Н.М.Зубко. “Экономическая теория”. 1998ж
5.А.П.Казаков, И.В.Минаев. “Экономика”. 1996ж
6.В.Д.Камаева. “Эконом теория”. 1999ж
7.Д.М.Мадиярова.”Сыртқы экономика саясаты және экономикалық қауіпсіздік”. 2000ж
8.Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова.” Макроэкономика”
9.О.Ю.Мамедов. “Современная экономика”. 1999ж
10.Б.Мәдешов. “Нарықтық эконом теорияға кіріспе”. 1995ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 І-
бөлім.Халқаралық валюта қатынастары.
1.1.Валюта бағамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-9
1.2.Валюта нарығы: мәні, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-16
II-бөлім. Халқаралық валюта жүйесі.
2.1.Халқаралық валюта жүйесінің эвалюциясы ... ... ... ... .17-18

2.2.Халықаралық валюта жүйесіне сипаттама ... ... ... ... ... 19-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

бөлім. Халықаралық валюта қатынастары.
1.1. Валюта бағамы.

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз-құн ) – елдің ақша бірлігі, оның шарттары
түрі, халқаралық төлем – есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық
ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін
интенсивтендіру (күшейту) халқаралық нарықтың құрылуына себепші болады.
өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін
сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру –
міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер
етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл
шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Валюта- тауар құнының мөлшерін өлшеу үшін қолданылатын ақша бірлігі.
Валютаның түрлері:
1.Тұйық валюта- тек бір ғана мемлекеттің аумағында пайдаланылатын және де
басқа шетелдік валютаға айырбасталмайтын ұлттық валюта.
2.Еркін айырбасталатын валюта- бұл шетелдік валютаға еркін және шексіз
айырбасталынытын валюта.
3.Жартылай айырбасталатын валюта- резиденттер мен айырбастау
операцияларының жеке түрлері бойынша валюталық шектеулер қолданылатын елдің
ұлттық валютасы.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша
бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру
олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық
қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа
ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға
болады:
Саяси –саяси тұрақтылық, валюталы заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халқаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың
шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі
қарқыны, жылына 10%-ға дейін, жұмыссыздықтың төменгі деңгейі жылына 8%-ға
дейін, дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік.
Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға
ұмтылыс және т.б.
Монометаллизм тұсында – алтын немесе күміс – валюталық бағамның базасы
монеталық паритет болып табылады, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша
бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды.
Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында
валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді және стихиялы түрде алтын
нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің
классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде
сатып алу – сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері
паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында
алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы
нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып
алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып
тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизімі істен шықты.
1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру тоқтатылғаннан
кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке
айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның
негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық
конференциясымен рәсімделеді.
Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар
өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде
болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы
болуында.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды.ХВҚ-ның жарғысы
бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық
"қоржын" базасында бекітілді.
Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу
қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем
балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық
нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды
мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік
дәрежесіне байланысты.
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын
факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа
мерзімді күтпеген факторлар.
Фундаментальды факторлар олта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың
жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте
олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық
статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып
алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты
пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем
балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.
Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін талдауды сипаттайды.
График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді
графиктері, жапон шамдарының "крестиктер-ноликтер" графигі. Валюталық
бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде
жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады№
Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды
түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар, саяси
оқиғалар, саяси лидердің сөздері, валюталық инвестиция.
АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты
қолданылады.
Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық
деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек
формасы ғана өзгереді.
Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық
бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг
деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы
бекітіледі, ал егер валютны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.
Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын
жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе
спред деп аталады да, валюталық нрықта болатын нақты жағдайы және валюта
статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты
өзгереді.
Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар халқаралық төлем және
резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.
Сауда- өнеркәсібі клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс-
курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші
валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді.
Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем
құжатын бір елден екінші елге әуепоштасымен тасымалдау үшін қажетті
күндерге пайыз шегеріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем
құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассоға алғанда жасайды.
Чектің бағамы тратта бағамынан анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі
және төлем валютасы ескеріледі.
Кейбір мемлекеттерде операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық
валюта боғамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: біреуі-
коммерциялық, екіншісі- қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде
валюталық бағамдардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін
және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық
талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа
бағам- сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын
мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат
құралдарында жарияланады.
АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі
біршама белгілі болып табылатындарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің
индексі, Морган гэранти траст және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі
Халқаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі
валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта қоржыны
индексі төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының
өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған.
Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты
валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылады. Соңғылары, әдетте
валюталық бағам өзгерістерінің бәсекелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып
білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда
пайдаланылады.
Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі
бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін
білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай
факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа
елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне қатысты нашарлауын және
жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде
ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін
төлеуге үлесті шығындардың индексін пайдаланады.

1.2 Валюта нарығы: мәні, түрлері.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда
алуын, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді
қамтамасыз ете отырып, ішкі және халқаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халқаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату
формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен
сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған
экспортерлардан; сатып алған тауарлар мен көлік және кеме компанияларынан
алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен
қызметтер үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлер және банктік комиссия
түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент
төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға
міндеттемесі бар заңды және жеке тұғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халқаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халқаралық
капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін
валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелерімен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар
тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халқаралық, аймақтық және ұлттық
(жергілікті) болып бөлінеді.
Халқаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халқаралық төлем айналымында
кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд
риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халқаралық операцияларды
жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне ( олардың қатарында компаниялар,
жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін ) валюта бойынша қызмет көрсететін
сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының
жиынтығын айтады.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық "қара нарықпен" толықтырылуы мүмкін. "Қара
нарықтың " болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып,
көше нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәнижесінде "қара
нарықтың " әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің операцияларын ірі
коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың
қарамағында жүзегеасырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің
95%-ға дейін банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай
сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік
береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік
банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халқаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (
телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін
валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Дүниежүзілік тек өте ірі банктерінде валюталық департамаенттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халқаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді
жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақдиверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономкалық ұйымдар және ХЭҚ-ды реттеу мәселелері
Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
ҚР-ның валюта нарығы
Жапония мемлекеті
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Валюталық жүйе және оның түрлері
АҚШ мемлекетінің ақша жүйесінің ерекшеліктері
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Пәндер