Тыныс алудың жүзеге асуы



Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Негізгі бөлім
Тыныс алудың жүзеге асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Тыныс алу физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Тыныс алу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу, иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Адамның тынысы деп дем алу мен шығаруды айтады. Адамның тынысы үшін қызмет ететін мүшелерді тыныс жүйесі деп атайды. Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, екі бронхы және екі өкпе жатады. Өкпе – тыныс жүйесінің негізгі мүшесі. Тыныс жүйесінде газ алмасу тек өкпеде ғана болады. Қалған бөлігі өкпеге ауаны кіргізіп және шығаратын жолы болып есептеледі.
Тыныс мүшелерінің дамуы эмбрионның төрт апталық даму сатысында басталады. Алты айдың аяғында барлық тыныс жолдары майда бронхыларға дейін қалыптасады. Өсіп келе жатқан эпителий түтіктерінен тыныс жолдарының эпителий қабаты, ал қалған бөліктері (бұлшық ет, шеміршек) мезенхимадан пайда болады. Бұл кезеңде тыныс жүйесінің өкпелік мүшелері дами бастайды. Өкпедегі қуысты жерлерде альвеолдардың жолдары түзіледі. Олардың қабырғасынан екінші реттік көпіршік альвеолдар пайда болады. Көпіршік альвеолдар бала туған кезде ғана газ алмасуға қатысады. Өйткені эмбрион туылғанға дейін өкпе арқылы тыныс алмайды. Мұрын қуысы эмбрионның алғышқы ауыз қуысынан дамиды, олар өзара қатты, жұмсақ таңдай арқылы бөлініп жатады.
Тыныс алу адам, жануарлар мен өсімдіктердің өмірлік маңызы бар қызметттерінің бірі болғандықтан, тірі дене мен сыртқы орта арасындағы газ алмасуын қамтамасыз етеді. Осы қызметінің нәтижесінде дене оттегімен қамтамыз етіледі де, зат алмасу өнімдері – көмірқышқыл газы, су буы т.б. сыртқа шығады.
Тыныс алу жүйесі – тыныс алу жолы мен газ алмамасу мүшесінен тұрады. Тынс алу жолына: мұрын қусы, көмекей, кеңірдек, бронхылар кіреді. Ал тыныс алатын немес газ алдмасатын мүше - өкпе.
Тыныс алу жолы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолы болып екіге бөлінеді. Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылиды, ылғалданады. Оның кілегейлі қабығында ауамен бірге ішке енген зиянды заттар мен ауру қоздырғыштарға қатысты арнаулы қорғаныс қасиеттері болады. Тыныс алу мүшелері иіс сезу, дыбыс және сөз құрау қызметтерімен тығыз байланысты. Мысалы мұрын қуысының кілегейлі қабығында иіс қабылдайтын иіс сезу жүйкесі ұшы бар. Ал көмекейде дыбыс пайда болады, көмекейдің үстіңгі жағындағы қуысты (жұтқыншақ, ауыз және мұрын қуысы ) - әр адамға тән әншілік пен сөйлеу дыбысы пайда болады. Мұрын қуысынан тыныс алу жолы басталады.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Х.Қ.Сәтпаева, Ж.Б.Нілдібаева, Ө.А.Өтепбергенова. Адам физиологиясы. – Алматы: Қазақстан, 1995
2. А.Рақышев. Адам анатомиясы. – Алматы: Қазақстан, 1994
3. И.Төленбек. Адам және жануарлар физиологиясы. - Алматы: Қазақстан, 1995
4. А.М.Цузмер, О.Л.Петришина. Адам анатомиясы, физиологиясы , гигиенасы. – Алматы: Мектеп, 1989
5. Төленбеков И.М, Исмағулова Ф.А. Анатомия, физиология және гигиенаның кейбір мәселелері. – Алматы, 1970
6. Шмидта Р., Тевса Г. Физиология человека. – М, 1996
7. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. – Алматы, 1995
8. Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану адам анатомиясы. – Алматы, 1986

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Негізгі бөлім
Тыныс алудың жүзеге
асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..4
Тыныс алу
физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...13
Тыныс алу
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
4. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .18

Кіріспе

Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу, иіс сезу
және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Адамның тынысы деп
дем алу мен шығаруды айтады. Адамның тынысы үшін қызмет ететін
мүшелерді тыныс жүйесі деп атайды. Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,
жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, екі бронхы және екі өкпе жатады. Өкпе
– тыныс жүйесінің негізгі мүшесі. Тыныс жүйесінде газ алмасу тек
өкпеде ғана болады. Қалған бөлігі өкпеге ауаны кіргізіп және
шығаратын жолы болып есептеледі.
Тыныс мүшелерінің дамуы эмбрионның төрт апталық даму сатысында
басталады. Алты айдың аяғында барлық тыныс жолдары майда бронхыларға
дейін қалыптасады. Өсіп келе жатқан эпителий түтіктерінен тыныс
жолдарының эпителий қабаты, ал қалған бөліктері (бұлшық ет, шеміршек)
мезенхимадан пайда болады. Бұл кезеңде тыныс жүйесінің өкпелік
мүшелері дами бастайды. Өкпедегі қуысты жерлерде альвеолдардың
жолдары түзіледі. Олардың қабырғасынан екінші реттік көпіршік
альвеолдар пайда болады. Көпіршік альвеолдар бала туған кезде ғана
газ алмасуға қатысады. Өйткені эмбрион туылғанға дейін өкпе арқылы
тыныс алмайды. Мұрын қуысы эмбрионның алғышқы ауыз қуысынан дамиды,
олар өзара қатты, жұмсақ таңдай арқылы бөлініп жатады.
Тыныс алу адам, жануарлар мен өсімдіктердің өмірлік маңызы бар
қызметттерінің бірі болғандықтан, тірі дене мен сыртқы орта
арасындағы газ алмасуын қамтамасыз етеді. Осы қызметінің нәтижесінде
дене оттегімен қамтамыз етіледі де, зат алмасу өнімдері – көмірқышқыл
газы, су буы т.б. сыртқа шығады.
Тыныс алу жүйесі – тыныс алу жолы мен газ алмамасу мүшесінен тұрады.
Тынс алу жолына: мұрын қусы, көмекей, кеңірдек, бронхылар кіреді. Ал тыныс
алатын немес газ алдмасатын мүше - өкпе.
Тыныс алу жолы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолы болып екіге
бөлінеді. Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылиды, ылғалданады. Оның
кілегейлі қабығында ауамен бірге ішке енген зиянды заттар мен ауру
қоздырғыштарға қатысты арнаулы қорғаныс қасиеттері болады. Тыныс алу
мүшелері иіс сезу, дыбыс және сөз құрау қызметтерімен тығыз
байланысты. Мысалы мұрын қуысының кілегейлі қабығында иіс қабылдайтын
иіс сезу жүйкесі ұшы бар. Ал көмекейде дыбыс пайда болады,
көмекейдің үстіңгі жағындағы қуысты (жұтқыншақ, ауыз және мұрын қуысы
) - әр адамға тән әншілік пен сөйлеу дыбысы пайда болады. Мұрын
қуысынан тыныс алу жолы басталады.

2.1. Тыныс алудың жүзеге
асуы

Мұрын қуысы сүйекті негіз бен шеміршектен құралған. Мұрын
қуысының ішкі беттері кілегейлі қабатпен қапталып жатады. Мұрын
қуысының төрт қабырғасы яғни жоғарғы, төменгі және екі бүйір
қабырғалары болады. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы немесе мұрынның
үсті мұрын сүйегінен, екі бүйірі шеміршектен және мұрын орталығынан
немесе пердеден тұрады. Мұрынның бүйір шеміршегі жұп болып, мұрын
қуысының екәі бүйір қабырғаларын түзеді. Бұл шеміршектер мұрынның
танау тесігін құрайтын мұрынның танаулық шеміректеріне жалғасып
жатады.
Мұрынның орталығы немесе пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке
бөліп тұрады. Мұрын орталығының да сүйекті және шеміршекті
бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және жоғарғы
жақ сүйектерінен құралады.
Мұрынның кілегейлі қабаты қан тамырларын бай, көпшілік жері
сүйекке берік жабысқан, көп қатарлы қылшықты немесе кірпікті
эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді
бездері бар, олардың шығарған секреттері қылшықтарды ылғалдап тұрады
да, мұрын қуысына кірген шаң – тозаңдарды ұстап қалады. Мұрын – жас
түтігі арқылы келетін жас безінің секреттері де мұрын қуысының
шырышты қабатын ылғалдап тұрады. Дем алғанда мұрын қуысында ауа
жылынып және тазаланып біршама тазарып ылғалданады. Демек, қашан
болмасын мұрын арқылы тыныс алған пайдалы.
Мұрын қуысын асгитальды кесіп қарайтын болсақ, оның ауа жүретін
жолында жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрынның ауа өтетін жолдары
пайда болады. Мұрын қуысына маңдай сүйегінің қуысы, жоғарғы жақтың
қуысы, негізгі сүйектің және тор сүйектердің қуыстары жалғасып
жатады. Сондықтан осы қуыстарға да ауа өтіп тұрады.
Мұрын қуысы тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Олардың
иіс сезу бөлігі жоғарғы мұрын қалқанында орналасқан. Мұрын қуысының
иіс сезу бөлігінде ерекше клеткалар, иіс сезу рецепторлары
орналасқан. Мұрын қуысының негізгі қызметі өкпеге баратын ауаны шаң
– тозаңдардан тазартып, ылғалдындырып күн суықта шамалы болса да
жалатып береді, сондай – ақ иіс сезу қызметін де атқарады.
Көмекей тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше болып
табылады. Егер көру мүшесі – көз, есту мүшесі – құлақ десек, сөйлеу
мүшесін көмекей деп атаймыз. Көмекей дыбыс (сөйлеу) мүшесі
болғандықтан, өте күрделі.
Көмекей IV – VII мойын омыртқалар тұсында жоғарғы жағынан тіласты
сүйекке, жұтқыншаққа, ал төменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады.
Ол мойынның алдыңғы жағына жақын жатып, алдынан және екі бүйірінен
жалпық бұлшық еттермен қапталған. Көмекейдің қалқандық қыры тері
астында білініп тұрады.
Бұл кейбір еркектерде ерекше көрініп те тұрады. Көмекей гиалин
және серпімді шеміршектерден құралған. Оның тақ шеміршектеріне
қалқан шеміршегі, жүзік тәрізді шеміршек және көмекей қақпағы, ал
жұп шеміршектерге ожау, мүйіз және сына тәрізді шеміршектер жатады.
Көмекейдің шеміршектері өзара бұлшық еттер, байламдар арқылы
қозғалмалы түрде байланысқан.
Кеңірдек VI – VII мойын омыртқа тұсынан көмекейдің сақина
тәрізді шеміршегінен басталып, кеуде қуысының ортасы арқылы қызыл
өңештің алдыңғы жағымен жағалай төмен түсіп, IV көкірек омыртқа
тұсында аяқталады. Дәл осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға
бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы
дейді. Кеңірдек 16 -20 – ға жуық жартылай шеміршекті сақиналардан
тұрады. Кеңірдектің ұзындығы 9 – 11 см, ені 1,5 – 1,8 см.
Кеңірдек алдыңғы жағынан төстің сабымен қолқа доғасы, ал арт
жағынан өн бойында өңешпен шектеседі. Артқы қабырғасы дәнекер ұлпамен
толған болады.
Кеңірдек гиалин шеміршегінен түзілген жартылай сақиналардан
құралғын. Сақиналар бірінің үстіне бірі қатталып жатады. Олар
сақина тәрізді байлам арқылы жалғанып тұрады. Оның талшықтары
ұзынынан онналасқан. Кеңірдектің мұндай құрылысты болуы оның қабысып
қалмай, ауаның еркін өтуіне жзағдай жасайды. Сақиналы байлам басты
бұрғанда, созғанда кеңірдектің ұзаруына, қысқаруына жағдай жасайды. Өн
бойында кеңірдек екі жерден жіңішкереді. Ондай қысыңқы жер
көмекейден шыға бере және бронхыларға бөлінер жерден сәл жоғары
жерде орналасқан. Кеңірдектің ішкі беті көп қабатты кірпікшелі
эпителиймен қапталып, кілегейлі бездерге өте бай болады. Оның маңызы,
өкпеге баратын ауадағы шың – тозаң түйіршіктерін ұстап қақырық
арқылы сыртқа шығарады. Темекі шегетіндер мен шаң – тозаңды жерде
жұмыс істейтін адамдардың көп қақыратыны осыдан. Бұл организмнің
қорғаныштық қасиетіне жатады.
Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас. Ол V көкірек
омыртқасы тұсында кеңірдектен оң және сол бронхыға бөлініп
басталады деген едік. Оң жақ бронхы қысқа, жуан, ұзындығы 3 см, 6 – 8
жартылай шеміршек сақиналардан тұрады. Сол жақ бронхы ұзын,
жіңішкелеу, ұзындығы 4 – 5 см, 9- 12 сақинадан тұрады, ішкі қабаттары
кірпікшелі эпителиймен қапталған. Бронхылар ауаны тазартып екі
өкпеге бөліп өткізіп тұрады.
Тірі адамда бронхоскопия кезінде (яғни көмей мен кеңірдек арқылы
бронхиоскопты енгізіп, кеңірдек пен бронхыларды қарағанда) шырышты
қабықша сұрғылт түсті ; шеміршекті сақиналар жасқа көрінеді.
Кеңірдектің бронхыларға бөлінетін жеріндегі орладың арасында қырқа
сияқты шығып тұратын бұрыш, нормада ортаңғы сызық бойында орналасуы
және тыныс алғанда еркін ығысып тұруы тиіс.
Өкпе – көкірек қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында,
омыртқа жотасының артынан алдыңғы көкірек қабырғасы алдына дейін
соызлатын көкірек аралықпен, бір – бірінен бөлінген плевра
қапшықтарында орналасқан.
Адамның өкпесі екеу болып кеуде қуысының екі жағын толып
орналасады. Екі өкпені бронхылар қосып тұрады. Өкпе конус тәрізді
мүше. Олардың пішіні мен көлемі кеуде қуысына байланысты. Адамның
жас ерекшелігі мен жұмыс кәсібі өкпенің көлемі мен пішініне әсер
етеді. Іштегі баланың өкпесі кеуде қуысының 12 , ал жаңа туған
кезде 23 бөлігін алып жатады. Өкпенің өсуі алғашқы үш айда, ал
толық жетілуі жеті жаста аяқталады. Осыдан кейін өкпе денемен қабат
өседі. Өкпенің түсі жатырдағы нәрестеде қызғылт, ал ересектерде
үнемі шаң – тозаң қонуы нәтижесінде көкшіл тартады. Туылғанға дейін
өкпесімен тыныс алмайтындықтан өлі туған баланың өкпесінде ауа
болмайды. Сондықтан оны суға салса, батып кетеді. Бұл жайды
дәрігерлер мен сот эксперті бала өлігін тексеруге ескереді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 4500 – 5000 см3, ал терең дем
шығарғанда да ауа толық шықпастан өкпеде 1000 – 1500 см3 ауа қалады.
Дем алу мен дем шығарудағы ауаның айырмашылығы 3500 см3 тең, ол
өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп аталды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
туылған кезде, бірінші тыныс алу тереңдігінен бастап өмір бойы
еңбегінің түріне қарай дамып отырады.
Екі өкпені қоса есептегенде, олардың салмағы жатырдағы нәрестеде
65 г, жаңа туған кезде – 90 г, ересектерде 1 кг – нан асады.
Өкпелердегі кеуде қуысында орналасуына қарай оң өкпе, сол өкпе деп
бөледі. Екі өкпенің арасы қуыс бос болады. Осы жерде көптеген
мүшелер орналасқандықтан кеуденің өкпе аралық қуысы деп атайды.
Оң жақ өкпе сол жақ өкпеге қарағанда көлемділеу (шамамен 10%),
сонымен бірге ол біршама қысқалау және кеңдеу, өйткені біріншіден,
көкеттің оң жақ күмбезі сол жақ күмбезінен жоғарылау тұрады,
екіншіден, жүрек солға қараңқырай орналасып, сол жақ өкпенің енін
азайтады.
Әрбір өкпе , бұрыс конус пішінді, оның төмен қараған табаны
және дөңгелектенген төбесі болады, ол І қабырғадан 3 – 4 см жоғары
немесе алдыңғы жағында бұғанадан 2 – 3 см жоғары тұрады, арт жағында
VII мойын омыртқасы деңгейіне жетеді. Өкпенің төбесінде осы жерден
өтетін бұғанасты артериясы қысымынан пайда болатын кішкене жүлге
байқалады. Өкпенің үш бетін ажыратады. Төменгі беті жанасып жататын
көкеттің жоғарғы бетінің дөңестігіне сәйкестігі ойыс келеді. Кең
қабырғалық беті араларында жатқан қабырғааралық бұлшықеттермен қоса
көкріек қуысы қабырғасы құрамына енетін қабырғалардың ойысына сәйкес
дөңес келеді. Медильды беті ойыс көп жерінде перикардтың бедерін
сақтайды және көкірекаралыққа жанасатын алдыңғы бөлімге және омыртқа
жотасына жанасатын артқы бөлікке бөлінеді. Беттер жиектермен
бөлінген: табанның үшкір жиегі, төменгі және бір – бірінен бөлінетін
жиегі деп аталады. Медиальды бетінде перикардтан болған ойыстан
жоғары және артқа қарай өкпе қақпалары орналасады, олар арқылы
бронхылар мен өкпе артериясы өкпеге енеді, ал екі өкпе венасы
өкпеден шығады, барлығы қосылып өкпе түбірін құрайды. Өкпе
түбірінде бронхы дорсальды орналасады, өкпе артериясының орналасу
қалпы оң және сол жақтарда бірдей емес. Оң жақ өкпе түбірінде
бронхыдан төмен орналасады, ол сол жағында бронхыны қиып өтіп одан
жоғары жатады. Өкпе веналары екі жағында да өкпе түбіріндегі өкпе
артериясы мен бронхыдан төмен орналасқан. Арт жағында, өкпенің
қабырғалық және медиальды беттерінің бір – біріне ауысатын жерінде
үшкір жиек түзілмейді, әрбір өкпенің дөңгелектенген бөлігі бұл жерде
көкірек қуысының ойысында омыртқа жанында орналасады.
Әрбір өкпе жүлгелер арқылы бөліктерге бөлінеді.
Екі өкпеде де болатын бір қиғаш жүлге едәуір жоғарыдан басталып,
содан кейін қиғаштай көкет бетіне келіп, өкпе затына тереңдей
енеді. Ол әрбір өкпеде жоғарғы бөлікті төменгі бөліктен айырып
тұрады. Бұл жүлгеден басқа оң жақ өкпеде тағы да екінші
горизантальды , IV қабырға деңгейінде өтетін жүлге болады. Ол оң
өкпенің жоғарғы бөлігінен ортаңғы бөлікті құрайтын сына тәрізді
учаскені айырады. Сөйтіп, оң жақ өкпеде үш бөлік болады. Сол жақ
өкпеде тек екі бөлікті ажыратады: жоғарығ бөлік, оған қарай өкпенің
төбесі шығады және төменгі бөлік ол жоғарғы бөлікке қарағанда
көлемділеу. Оған бүкіл дерлік көкет беті және өкпенің артқы доғал
жиегінің үлкен бөлігі жатады. Сол жақ өкпенің алдыңғы жиегінде,
оның төмсенгі бөлігінде жүрек ойығы жатады, ол жерде өкпе жүрекпен
ығыстырылып, перикардтың едәуір бөлігін жабусыз қалдырады. Төменнен
бұл тілше деп аталатын алдыңғы жиек өсіндісімен шектеледі.
Өкпенің құрылысы. Бронхылардың тарамдалуы. Өкпенің бөліктерге
бөлінуі сәйкес екі басты бронхылардың әрқайсысы өкпе қақпасына
келіп, бөліктер бронхыларына бөліне бастайды. Оң жақ жоғарғы бөлік
бронхысы жоғарғы бөлік центріне бағыт алып, өкпе артериясы
үстінен өтеді және артерияүстілік деп аталады; оң жақ өкпенің
барлық бөліктік бронхылары артерия астынан өтеді және артерияастылық
деп аталады. Бөліктік бронхылар өкпе затына еніп, өкпенің белгілі
бір учаскелерін – сегменттерін желдететін болғандықтан, сегменттік
деп аталатын ұсақтау, үшінші бронхылар бөліп шығарады. Сегменттік
бронхылар өз кезегінде дихотомиялық жолмен одан да ұсақтау 4 – ші,
бесінші т.т. ретті ақырғы және тынысалу бронхиолаларына дейін
бөлінеді.
Бронхылар қаңқасы өкпенің сырты мен ішінде олардың қабырғаларына
мүшелердің әр түрлі механикалық әсеріне қарай түрліше құрылған:
өкпеден тыс бронхылар қаңқасы шеміршекті жартылай сақиналардан
тұрады, ал өкпе қақапаларына жақындағанда шеміршекті жартылай
сақиналардың арасында шеміршекті байланыстар пеайда болып, сол
себепті олардың қабырғасының құрылысы торға ұқсайды.
Сегменттік бронхылар мен олардың одан кейінгі тарамдарында
шеміршектер жартылай сақиналы пішінін жоғалтып, жекелеген
пластинкаларға ыдырайды, ал олардың шамасы бронхылар калибрі
кішірейген сайын кеми береді; ақырғы бронхиолаларда шеміршектер
болмайды. Оларда кілегейлі бездер де жоғалады, бірақ кірпікшелі
эпителий қалады.
Бұлшықет қабаты шеміршектерден ішке қарай циркулярлы орналасқан
бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бронхылардың бөлінетін
жерлерінде ерекше циркулярлы бұлшықет шоғырлары орналасады, олар
қайсыбір бронхыға кіреберісті кішірейтіп, кейде оларды жауып тастауы
мүмкін.
Өкпенің макро және микроскопиялық құрылысы. Өкпе сегменттері
олардың шетін қалыңдығы 4 см қабатпен алып жататын екінші
бөліктерден тұрады. Екінші бөлік – диаметрі 1 см – ге жететін өкпе
паренхимасының пирамида пішінді учаскесі. Ол дәнекер тканьді перделер
арқылы көршілес бөліктерден бөлінеді.
Бөлікаралық дәнекер тканьде веналар мен лимфа капиллярлаторы бар
және ол өкпенің тынысалу қимылдары кезінде оның бөліктерінің
қозғалмалы болуына жағдай жасайды. Көп жағдайда онда жұтылған көмір
тозаңы жиналады да, соның салдарынан бөлік шекаралары айқын
байқалады.
Әрбір бөліктің төбесіне қабырғаларында әлі де шеміршек бар бір
ұсақ (диаметрі 1 мм) бронхы (орташа 8 - ретті) енеді. Әр өкпедегі
бөліктік бронхылардың саны 800 – ге жетеді. Әрбір бөліктік бронхы
бөліктің ішінде 16 – 18 жіңішкелеу (диаметрі 0,3 – 0,5 мм) ақырғы
бронхиолаларға тарамдалады, оларда шеміршек пен бездер болмайды.
Басты бронхылардан бастап ақырғы бранхиолаларды қоса барлық
бронхылар дем алып, дем шығарғанда ауа ағынын өткізуге арналған
бірегей бронхы тармағын құрайды; оларда ауа мен қан арасында
тыныстық газалмасу жүрмейді. Ақырғы бронхиолалар дихотомиялық жолмен
тармақталып, тынысалу бронхиолаларының бірнеше ретіне бастама береді,
бұлардың айырмашылығы қабырғаларында өкпе көпіршіктерінің немесе
альвеолалардың пайда болуында. Әрбір тынысалу бронхиолаларынан тұйық
альвеолды қапшықтармен аяқталатын альвеолды жолдар радиальды шығады.
Олардың әрқайсысының қабырғасын қан капилляр тамырларының қалың торы
шырмап жатады. Альвеолалар қабырғасы арқылы газалмасу жүреді.
Тынысалу бронхиолалары, альвеолды жолдар мен альвеолалы қыпшықтар
альвеолаларымен бірге бірегей альвеолалы тармақтар немсе өкпенің
тынысалу паренхимасын құрайды. Бір ақырғы бронхиоладан пайда болатын
аталған құрылымдар оның ацинус деп аталатын функциялық – анатомиялық
бірлігін түзеді.
Соңғы реттің бір тынысалу бронхиолына жататын альвеолалы жолдар
мен қапшықтар бірінші бөлікшені құрайды. Олардың ацинустағы саны 16
– ға жуық.
Екі өкпедегі ацинустар саны 30000 – ға, ал альвеолалар мөлшері
300 – 350 млн – ға жетеді. Өкпелердің тынысалу бетінің ауданы дем
шығарғанда 35 м2 – ге, ал терең тыныс алғанда 100 м2 – ге жетеді.
Ацинустар жиынынан бөлікшелер, бөлікшелерден – сегменттер,
сегменттерден – бөліктер, ал бөліктерден тұтас өкпе құралады.
Өкпенің қызметі. Өкпенің негізгі қызметі – газалмасу (қанды
оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп әкету).
Өкпеге оттегімен қаныққан ауаның келуі және көмірқышқыл газымен
байыған ауаның одан сыртқа шығарылуы көкірек қуысы қабырғалары мен
көкеттің белсенді тынысалу қозғалыстары және өкпенің өзінің
жиырылғыштық қабілетінің быныс жолдары қызметімен ұштасқан әрекеті
нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Бұл кезде төменгі бөліктердің
жиырылғыштық қызметі мен желднуіне көкет пен көкірек клеткасының
төменгі бөлімдері үлкен әсер етеді де, ал жоғарғы бөліктердің
желдетіліп, көлемінің өзгеруі негізінен көкірек клеткасының жоғарғы
бөлімінің қозғалыстары арқылы іске асырылады.
Бұл ерекшеліктер хирургтерге өкпенің бөліктерін кесіп алып
тастағанда көкет нервін кесуге саралай келуге мүмкіндік береді.
Өкпедегі кәдімгі тынысалудан басқа жанама тыныасалуды, яғни
ауаның бронхылар мен бронхиолаларды айналып қозғалуын ажыратады. Ол
өзінше құрылған ацинустар арасында, өкпе альвеолалары
қабырғаларындағы тесіктер арқылы іске асырылады. Ересектердің, көбіне
қарттардың өкпелерінде, негізінен өкпенің төменгі бөліктерінде бөлікті
құрылымдармен қатар альвеолалар мен альвеолалы жолдардан тұратын,
өкпе бөлікшелері мен ацинустарға айқын бөлінбеген және тәжілі
трабекулалы құрылыс түзетін құрылымдық комплекстер болады. Осы
альвеолалық тәжілер жанама тынысалуға жағдай жасайды. Мұндай типтік
емес альвеолалық комплекстер жекелеген бронхы - өкпе сегменттерін
байланыстыратындықтан, жанама тынысалу олардың ауқымымен шектелмей,
кеңірек таралады.
Өкпенің физиологиялық ролі газалмасумен шектелмейді. Оның күрделі
анатомиялық құрылысына функциональдық қызметтерінің көптігі сәйкес
келеді: тынысалу кезіндегі бронхылар қыбарғасының активтігі, секрет
бөліп шығару қызметі, зат алмасуға қатысу (су,липидті және хлорлы
байланысты реттеу, тұз алмасу), бұның организмлегі қышқыл – сілті тепе –
теңдігін сақтауға маңызы бар.
Өкпеде фагоцитарлық қасиет көрсететін күшті дамыған клеткалар
жүйесі бар екендігі әбден анықталған деп есептеледі.
Өкпедегі қан айналымы. Газалмасу қызметіне байланысты өкпе артерия
қанын ғана емес, вена қанын да алады. Вена ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедиялық жұмыста тыныс алудың маңызы
Тыныс алу және оның өсімдік организмі басқа функциялармен байланыстылығы
Апаттар кезінде халықты емдеу-көшіруді, жайғастыруды қамтамасыз ету
Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі
Артық салмақ қиындық тудыра ма?
Атмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез туралы ақпарат
Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі
Төзімділік туралы жалпы ұғым
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Пәндер