Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени үрдістері



ЖОСПАРЫ:

I. Кіріспе
1. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Орталық Азия елдері мәдениетінің әлеуметтік.экономикалық жағдайы.
2. Орыс мәдениетінің Орталық Азия мәдениетінің дамуына ықпалы.
3. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері. мәдениеттану процесі
3.1 Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
3.2 Тәуелсіз Өзбекстанның мәдени даму процесі

II. Қорытынды
III. Қолданылған әдебиеттер

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоба тақырыбы: Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия
мемлекеттерінің мәдени үрдістері

* Мәселе:Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азиямемлекеттерінің мәдени тоқырауы.
* Жобаның басты ойы:Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттері мәдениетінің тоқырауы және олардың даму үрдісін ашып көрсету.
* Жобаның мақсаты: Орталық Азия мемелекеттерінің мәдени даму процесіне аналитикалық талдау жасай отыра, мәдениеттің дамуына жаңа жолдар табу.
* Жобаға қойылған тапсырма:
1- Орталық Азия елдері мәдениетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
2 - Орыс мәдениетінің Орталық Азия мәдениеті дамуына ықпалы.
3 - Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері.

ЖОСПАРЫ:

I. Кіріспе
1. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Орталық Азия елдері мәдениетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
2. Орыс мәдениетінің Орталық Азия мәдениетінің дамуына ықпалы.
3. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері. мәдениеттану процесі
3.1 Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
3.2 Тәуелсіз Өзбекстанның мәдени даму процесі

II. Қорытынды
III. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Әлемнің бүкіл елдері сияқты, Орталық Азия елдеріде баяғы заманнан келе жатқан құнды мәдени мұрасы мол. Бүкіл әлемге танымал Орта Азия елдер аймағында табылған ғимараттар, жазбалар, мүсіндер белгілі.
Әрбір мәдени және экономикалық даму сатысы тікелей тарихында болған оқиғалар мен жеткен жетістігіне сүйеніп дами алады.
Мәдени дамудың ең жоғарғы жетістігі ол әр бір адамдардың ой өрісі, адамгершілік қасиеті бір ұрпақта ғана қалып қалмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып дамуы, оның адамдарға деген этикалық, интеллектуалды, адамгершілік қасиетін дамытуы. Ол әрбір адамның жақсы ой қалыптастыруына алып келуі.
Қоғамда Орталық Азия елдерінің дамуына үлкен үлес қосқан фактор ол Рессеймен одақтасуы болып табылады. Бірақ Орталық Азия елдері Рессейге тек шикі заттар базасы болғанымен, Орталық Азия елдері Рессей арқылы Еуропа мәдениетіне қол жеткізді. Сонымен қатар сол арқылы Орталық Азия елдерінде мәдениеттің дамуына мектептердің ашылып, жазба мен ойын толықтай жеткізе айта алуын үйрететін жерлер ашылып дамыды. Одан бөлек әр бір елдің өз ерекшелігіне байланысты өзіндік салт дәстірін оқытты.
Өзіңнің туған жеріңді тереңірек оқып білсең одан да ыстық болады. Сондықтан алдыңғы болашақты болжау үшін және ұлттық мәдениет шедеврлерін жасау үшін өз еліңнің тарихын жетік білу қажет.
Бұл жобаның басты мақсаты: Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия елдерінің мәдени даму процессі.
Оның тапсырмасы: Орталық Азия елдер мәдениетінің әлеуметтік, экономикалық және саяси шарртар дамуына анализ. Бұл жобада одан басқа орыс мәдениетінің жергілікті Орталық Азия мемлекеттер мәдениетімен тығыз байланысып кетуі. Орыс мәдениетін Орталық Азия елдерінде мектептер ашу арқылы оқытып уйрерту, мәдени жағынан жетіктіру.

Орталық Азия елдерінің мәдени дамуына әлеуметтік - экономикалық әсері
ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Орталық Азия елдерінің оқудан бұрын, Орталық Азия терминінің түсінігіне тоқталып кету керек. Ол ХIХ ғасырдың ортасында әдебиет пен география көлемінде үлкен орын алды. Сол уақыттағы неміс географы және саяхатшысы Александр Гумбольдтың жазып шығарған Орталық Азия атты кітабы жарыққа шықты. Ол бірінші болып Орталық Азия елдерінің шекарасын сызып көрсетпекші болған. Ол Орталық Азия деп ортаңғы Азия материгіндегі аумақты айтты.
30 жыл өткен соң басқа неміс белгілі қытай зерттеушісі, ғалымы Фердинанд Рихтгофен Орталық АЗияға жаңа ат беруді ұсынды. ХIХ ғасырдың орыс әдебиетінде орталық Азия аумағын екі терминмен қолданды. Орта Азия және Орталық Азия. Біріншісі екіншісінен ертерек пайда болып кең көлемде болған. Бізге ол Еуропа ғылымна Шығыс ғылымынан келген де аударылғанда Орталық деп мағына берген. Ал орыс тілінде ол Орта деп қалды. Орталық Азия деп тек Александр Гумбольдтың кітабы жарыққа шыққанда Ресейде қолданыла бастады.
Орталық Азия жерін терең зерттеген зерттеуші И.В. Мушкетов Орталық Азия туралы былай жазған: Егер Азия жерін бөлетін болсақ онда үлкен теңізге шыға алатын су қоймаларының бар немесе жоқтығын қарау керек дейді. Сол принципке сүйене отыра ол Азия материгін екіге бөлген. Ол бірінші бөлігін теңізге шыға алмайтын аумақты айтты. Оған Тибетпен бірге Орталық Азия, Кіші Азия мен Иран және Түркістан мен Арал, Каспий аумағы. [18]
Сонымен ХIХ ортасында Орталық Азия термині берлігілі бір аумақты білдіретін болды.
ХIХ ғасырдың екінші жартсында Орталық Азия елдірінің географиясын, этнографиясын, тарихын, мәдениетін жаппай зерттеу басталды.
Оны зерттеушілер экспедиция құру арқылы іске асырды. Оның құрамына көп деген мемелкеттер ғалымдары кірді. Көптеген мемлекеттерде шығыстанушылар пайда болып Орталық Азия елдерінің мәдениетін, жерін, дінін зерттеп отырды.
Орталық Азия елдерінің Ресей құрамына кірген соң саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар Орталық Азия елдерінің алдыңғы даму эволюциясына әсер етті де прогрессивті ойларға жақсы бастама болды.
ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басында әдебиеттер мен қоғамдық ойшылары Ахмед Донша, Фурхата, Мукими, Аваза, Отара, Завки демократиялық, антиклерикалық, материялдық мативтер халықта орын алды. Ол жерде ең басты этникалық байлық ол жұмысты жақсы көру, ой, жақсылық жасау, өмірге деген сүйіспеншілік, оптимистік көз қарас бүкіл фольклорде қолданды. Бұл гуманистік және рационалистік ойлар: Рудаки, Фирдоуси, Джами, Навои, Омара Хаяма, Саади сияқты әдеби жазба классиктерінде айтылды. Бұл Ресей аумағынан келген ғылыми және мәдени жетістіктер жергілікті Орталық Азия тұрғындарының ойлау қабілетін кеңейтіп, оған дейінгі өмірге деген көз қарасты өзгертті.
ХХ ғасырда Ресеймен келген капитализм сол уақытта нақты орын алды.
Орталық Азияда дін ұлттық салт-дәстүрмен, халықтық фольклормен тығыз байланысты болды.
Ислам діні басшыларың Орталық Азия елдеріндегі мектепте сабақ беру методикасы және оқыту түрі өте нашар болғанын айтады.
Ал енді 1917 жылғы жаңа оқыту методикасымен ашылған мектептер туралы айтатын болсақ, орталық Азияда 92 ғана мектеп болды және ол жерде 8 процент дінімен ғана шектелді. Ол жерде оқып бітірген адамдардың ой өрісі жоғары болған туралы айтады. Ал жаңа оқу бағдарламы бойынша мектептерде жазуды, оқуды, белгілі ақындарды оқытумен болды. Ондай жерлерде тек байдың балалары оқыған болатын.

2. Орыс мәдениетінің Орталық Азия мәдениетінің дамуына ықпалы

Орталық Азияның Ресейге қосылуына дейінгі әдеттегі көрініс парсы-құлдардың орыс қорғаншылық бекіністеріне қашуы болды. Мысалы, 1865-1867 жж. 17 қор құлдыққа сатылған мыңдаған тұтқындардың арыздары тіркелген 202 бетті құрайды. Бұл құжаттар езілуші адамдардың зорлық-зомбылықта және қорлауда жүргенін; күйзелген құлдардың алып-сатылып, қайтадан әр түрлі адамдарға сатылғандығын куәландырады.
Құранға сәйкес "дінгесенушіге", егер құл "кәпір"-"опасыз" болған жағдайда, құлдыққа айналдыруға, құлдарды сатып алуға және сатуға рұқсат етілген.
Егер құл мұсылман болса, онда мұсылман иесі оны құл ретінде ұстауына болмайтын еді. Алайда мұсылман руханияты құлиеленуші шонжардың атағына орай "кәпір" ұғымының казуистикалық түсінігі арқылы Құранды да айналып өту мүмкіндігін тапты. Сенуші мұсылмандарды шынайы сенуші молдалар жорыды, ал олар Бұқара мен Хивада мұсылман-сунниттер деп жарияланды.
XIX ғ. екінші жартысындағы құжаттарда көрсетілгендей, ересек және дені сау құл үшін төленетін әдеттегі баға 3 р.80 т. күміс ақшаға теңестірілген 12 тилеге (алтын ділдәлар) жеткен. Дегенмен, Вамбери "құлдардың бағасы түркмендердің саяси жағдайларына сәйкестендіріле өзгеретінін белгілеген.
Құлдықтың біртіндеп жойылуы, ал кейінірек оның толығымен жойылуы тек Орталық Азияның Ресейге қосылуынан кейін ғана болды.
1868 ж. орыс әскерінің жеңісі нәтижесінде қоқандық ханмен (1868ж. 20 қаңтар) және бұқарлық әміршімен (1868 ж. 18 шілде) бейбіт келісімшарт бекітілді. 1873 ж. 12 маусымда орыс билеушілері құлдарды азат етті, және де алдағы уақытта оларды сатуға және иемденуге тыйым салды, Хива Ресей егемендігіне бағынды. [29]
Сол 1873 жылдың қыркүйегінде Бұқарада да құлиеленушілік жойылды.
Орыс генералы М.А.Терентьев "Орта Азияны жаулап алу тарихы" атты еңбегінде " Хандықта 30 мыңға жуық құлдар және ертерек босатылған 6500-ге жуық адам болған деп есептеледі" деп көрсеткен.
1884 ж. Азиядағы құлдардың негізгі нарықтарының бірі болып табылатын Мерв алқабы Ресейге қосылды.
Зайырлы білім негізі тек XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында, дін негіздерінен сабақ беру зайырлы ғылымдар бастауынан сабақ берумен үйлестірілген жаңа-әдістемелік және орыс-жергілікті деген атауға ие оқу орындары пайда болған кезде ғана туындады. Бұл мектептердің пайда болуына дейінгі бірден-бір негізгі оқу орындарының бірі түрлі конфессиялық мектептер болды. Негізгі оқу орындары болып мактабтар және конфессиялық білім берудің жоғарғы сатысы болып танылатын - медреселер болды.
Хандық өкімет те аймақтағы білім беру жүйесінің өзгеруіне қызығушылықта болды. Әлбетте, бұл мәселеде үкіметтің ресми саясаты өзіндік пайдакүнемдік мақсаттарды көкседі. Бір жағынан, патшалық Орта Азия халықтарына мұсылман руханиятының ықпалын әлсіреткісі келді, себебі ол халық арасында магометандық (мұсылмандық) нанымды таратушы болып қана қоймай, жаңадан қайта қосылған аймақта Ресей ықпалының таралуына кері әсерін тигізетін қарсылас та болды. Екінші жағынан, үкіметке жергілікті ұлттар арасынан беріліп адал жұмыс атқаратын шенеуніктер дайындауға үміттенуге болатын сауатты, орысша сөйлеп-жаза білетін адамдар қажет болды. Ол шенеуніктер, патшалық үкіметтің ойы бойынша, Орталық Азияда патшалықтың Орталық Азияда патшалықтың колониалдық саясатының барлық акцияларының белсендi жетекшілері болуға тиіс еді.
1876 ж. Патшалық Үкімет Түркістандағы мектеп саясатын іске асыру үшін Түркістан аумағы білім мекемелерін басқаруды ұйымдастырды.
1884 ж. соңында Ташкенттің азиялық бөлігінде алғашқы мектеп ашылған болатын. Бұл мектеп үшін мекемені Сеид - Корим - Сеид Азимбаев деген бай өзбек кісі өз үйінен бөліп берді. Сондықтан мұндай мектептер орыс-жергілікті училищелер атауына ие болды.
Түркістан аумағының білім мекемелерін ұйымдастыру (1876-1896 жж.) уақытынан бастап 20 жыл ішінде оқушылардың саны 675-тен 5003-ке дейін артты, оның ішінде жергілікті ұлттардың саны 158-ден 842-ге дейін.
В.И.Ленин елдің барлық аумақтарында міндетті түрде мемлекеттік (орыс) тілді енгізуді талап еткен либералдарды сынап, былай деп жазған: Біз сенімдіміз, Ресейдегі капитализмнің дамуы, жалпы бүкіл қоғамдық өмірдің барысы барлық ұлттардың бір-бірімен өзара жақындасуына әкелуде. Жүздеген мың адам Ресейдің бір шетінен басқа шетіне ауыстырылып, халықтың ұлттық құрамы араласуда, жекеленушілік және дөрекілік жойылуы керек. Өз өмірі мен жұмысының шарттарына сәйкес орыс тілін білуді қажет ететіндер еш кедергісіз үйренеді.
Медицина Орта Азияға Ресейге қосылғаннан кейін XIX ғ. екінші жартысында кіре бастады. Оған дейін ол мүлде белгісіз болған. Жергілікті халық ауырып қалған жағдайда тәуіптердің (емшілердің) көмегіне жүгінген. Дінгесенушілердің ойы бойынша, алдын алу шаралары ретінде тура қасиеті белгіленген бойтұмарлар (тұмар) танылды.
Медицинаның ең қарапайым дәрежеде болуы және санитарлық-гигиеналық мәдениеттің болмауы нәтижесі Орта Азия халықтарының арасындағы түрлі аурулардың болуынан көрініс тапты. Бұл өз кезегінде, әсіресе өте кіші жастағы балалар арасындағы өлімнің ең жоғарғы дәрежесіне әкеліп соқты. Халықтың 80%-на дейін безгек ауруымен ауырды. Кейбір облыстарда, жекелеп санағанда, ондай аурумен тіпті бүкіл тұрғындар ауырды десе де болады. 20%-дан астам бұқарлықтар риштамен зақымданған болды. Орта Азия жергілікті халқының ауыртпалықтарының бірі трахома (жұқпалы көз ауруы) еді. Және де пендиндік жара, сарып (бруцеллез), алқым ісуі, қотыр, түрлі асқазан-ішек аурулары, тері аурулары сияқты және басқа да аурулар кең таралды.
1868 ж. Ташкентте әскери лазарет қаланды, соның негізінде 1870 ж. әскери госпиталь пайда болды. Лазареттер мен амбулаториялар біртіндеп Жизақ, Самарқанд, Хатта-Қорған және басқа жерлерде ашылды. Сөйтіп, 1889 ж., бұқарлық халық арасында безгек ауруы қауіпті жағдайда белең алған кезде, алдыңғы қатарлы орыс дәрігерлер Бұқарға әдейілеп бұқарлық тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету үшін аттанды.
Эмират халық көпшілігі үшін аса маңыздылықты орыстардың өзіндік бастамасымен кейбір қалаларда ашылған дәріханалар, ауруханалар және амбулатория бекеттері иемденді. 1889 ж. Бұқарда алғашқы дәріхана ашылды. Бұқардағы бірінші аурухана 1890 ж. тұрғызылды. 1911 ж. босану бөлімі бар әйелдер емханасы ашылды. Архив құжаттарына сүйенсек, 1912 ж. Бұқардағы аурухана 27 983 ауруды қабылдаған. Әйелдер емханасына 13 500 балалар мен әйелдер барған.

3. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері. мәдениеттану процесі

3.1 Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті

Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі -- осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі -- Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бірінші кезең
Бірінші кезең -- 1991 -- 1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.
Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.
* Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер өздерін сол мемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын.
* Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызу керек болды.
* Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне бастады, ұттық рухы оянды, өзінің ұлттық құндылықтарын ақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болып отырған қазақ ұлтының ұлттық санасының ерекше ояну кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де болады.
Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың нәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.
* Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.
* Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді.
* Үшіншіден, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған неміс, т.б. халықтарға тән болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Екінші кезең
Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл -- Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл -- этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, Мен қазақстандықпын! деген елдік сананы қалыптастыру.

Тіл туралы заң
1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып -- қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл мемлекеттік басқару органдарының, заң шығару, сот ісінің, іс жүргізудің тілі болып саналады және мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады.
Қазақстан халқының басын біріктіруші маңызды қатынас туралы болып табылатын осы мемлекеттік тілді білу -- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы болып табылады -- делінген Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында.
Осы заңның 5-бабында мемлекеттік ұжымдарда және жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дәрежеде ресми түрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған. Сонымен қатар бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған тілінде тілдесуге, шығармашылықпен айналысуына, тәрбие, оқу жұмыстарын жургізуге құқылы (6-бап).
Мемлекет қазақ тілінің және өзге тілдердің ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану аясын сақтауға және оның еркін дамуына кепілдік береді. Сондай-ақ мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмегені үшін азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге тыйым салынады. Қазақстан Конституциясының тіл туралы баптары әлемнің өзге елдерінде, сондай-ақ ТМД-да ерекше демократиялы болып есептелінеді.
Қазақстан -- өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен дейінгі екінші орында көрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық, теңдік қоғамның топтасуының кепілі. Республикада жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асыруда қазақ ұлты оларды біріктіруші рөл атқаратындығы айқын.

Ғылым
Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу:
* Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді;
* Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;
* Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ;
* Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды;
* коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті;
* 90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті;
* XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады.
Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы Жарлыққа қол қойды.
Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992 -- 1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:
1. электроника мен байланыс жүйесі бойынша,
2. ақпаратты және есепті техника бойынша,
3. биотехнология,
4. экология,
5. жаратылыс ғылымдары бойынша,
6. минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,
7. жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.
Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Орталық азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Пәндер