Экологияның заңдылықтары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
Физика - математика факультеті
Мәнжазба
Тақырыбы: Экологияның заңдылықтары
Орындаған: Жағыпарова Ш. Б., фко-201
Тексерген: Ташимова А. С.
Ақтөбе 2012жыл.
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
- Экологиялық валенттілік;
- Либихтың минимум заңы;
- Шелфордтың толеранттылық заңы;
- Бергман ережесі;
- Аллен ережесі.
- Хонкинстің биоклиматтық заңы.
- Коммонердің заңдары.
- Қорытынды.
- Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтары көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады.
Экологиялық валенттілік .
Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.
Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды(1 - сурет) .
1 - сурет.
Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді. Мысалы, тундрадағы қарсақ ауа температурасының шамамен 80 ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары судың температурасының 6 жоғары ауытқуын көтере алмайды. Фактордың бір әсер ету шамасы бір түр үшін оптималды, екінші үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыс болуы мүмкін. Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда stenos - тар), ал төзімділігі жоғары түрлер - эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyros - кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясына байланысты эври және стеногалилі; жарыққа - эври және стенофотты; тамақ түріне байланысты эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.
Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді.
Либихтың минимум заңы
1840 жылы Ю. Либих (1803 - 1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
Шелфордтың толеранттылық заңы
Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы:
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда tolerentia - шыдау төзім ) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стенобионттылық қалыптасады. Ал, орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да олар эврибионтты болады.
Тірі ағзалардың жеке дамуында, олардың қоршаған орта факторларының өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кезеңдерді қауіпті кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер көбіне көбею кезеңдеріне және онтоногенездің бастапқы кезеңіне сай келеді. Бұл кезде қоршаған ортаның көптеген факторлары шектеуші болып табылады. Ересек крабтар мен көптеген теңіз жануарлары тұздылығы төмен немесе тұщы суда да тіршілік ете алады., ал олардың дернәсілдері үшін міндетті түрде тек өте тұзды су қажет.
Бергман ережесі
Бергман ережесі (1847жылы ) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.
Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұрақты температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануарлар ұсақ болса, оның салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу деңгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.
Аллен ережесі
Аллен ережесі (1877 жылы) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.
Мысалы, экологиялық жағынан бір - біріне жақын түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің құлағы ең кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.
Жануарлардың жылу режиміне бейімделуі денесінің жеке мүшелерінің қатынасының өзгеруінен де көрінеді. Мысалы, солтүстік аудандарда мекендейтін ақкістің жылы жерде мекендейтін осындай жануарлармен салыстырғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады.
Хонкинстың биоклиматтық заңы
1918 жылы А. Хонкинс биоклиматтық заңды тұжырымдады. Оның зерттеулері бойынша солтүстікке, шығысқа және тауға қарай тірі ағзалардың өміріндегі периодтық құбылыстар ендіктің әр градусы, бойлықтың әр 5 градусы, шамамен әр 100 м биіктеген сайын 4 күнге кешігеді, яғни ол маусымдық құбылыстардың дамуы ендік, бойлық және теңіз деңгейі биіктігіне тәуелді екенін және олардың арасында белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетеді.
Қазіргі кездегі ағзалардың таралуының маңызды заңдылықтарының бірі құрлық, теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің географиялық таралуының биополярлығы болып табылады. Бұл заңдылық бойынша бір түр екі жарты шардың да салқын, қоңыржай ендіктерінде мекендегенмен, тропиктік белдеуде кездеспейді (тіссіз киттер, құлақты түлендер және т. б. )
Коммонердің төрт заңы
Ағылшын ғалымы Б. Коммонер 1974 жылы тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым - қатынастарды төрт заңға біріктірген.
Бірінші заң - барлығы барығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.
Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.
Экологияның екінші заңы - материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көиірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары - оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары - бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т. б. ) - өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.
Үшінші заң - табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz