Үнді философиясы. Көне үнді философиясы



Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Ежелгі үнді қоғамының әлеуметтік жіктелуі;
б) Көне үнді философиясының басты ерекшеліктері;
в) Көне үндінің философиялық ескерткіштері;
г) Буддизм ілімі.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі - Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. Варна сөзі түс, қабық, бояу дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Көне Үндінін негізгі философиялық ескерткіштері
Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.
Веда сөзі білім дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен тұрады:
1) Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2) Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.
3) Араньяктар - Орман кітаптары - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі іс-әрекет жолынан білім жолына, тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
4) Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта (Ведалардың соңы) деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің діуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Uрапіsаd ( қасында отыру), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, жұмбақ білім дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Махабхарата - Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз, діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі. Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы - біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.
Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Әуезов өзінің Будда еңбегінде осы ұғымды жабыспау деп аударған) тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін - брахмачарья - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: ди-гамбаралар (ауа киіндіргендер) және шветамбаралар (ақ кигендер).
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беріп көрсетті:
1) джина - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп;
2) зат;
3) кеңістік;
4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма;
6)уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. Тірі болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар тірі емеске жатады.
Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге - прадешаларга бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - дүние (лока) және дүние-емес (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.
Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер - атом-дардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, бел-сенді, әр түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:
стхула-стхула - өте дөрекі, яғни қатты заттар.
стхула - дөрекі, мысалы, сұйықтар;
стхула - сукшма - дөрекі-нәзік, мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;
сукшма-стхупа - нәзік-дөрекі, көзге көрінбейтін газдар, иістер;
сукшма - нәзік, ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; сукшма-сукшма - атом секілді өте нәзік зат.
Уақытты субстанция деп тек қана дигамбаралар мойындайды, ол бар-лық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда бо-луының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм өмір дегеніміз -азап ұғымын ұстанады. Азап - карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау -дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.
Моральдік ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу - жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетг Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар ме жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзі талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтар мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.
Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің Будда еңбегінде жақсы баяндады: Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек (Абай журналы. 1918 ж., №3).
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені озгерту ар-кылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік Менді өзгер-
өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын ішкі утопияны құру- Будда екінші, экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге. адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:
1) өмір - тынымсыз күрес, азап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Шығыс философиясы
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы туралы
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Қытай. Үнді
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Будда философиясы
Пәндер