Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілерін талдау («Көктас-Ақтөбе» АҚ мысалында)
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I бөлім Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері
1.1.Кәсіпкерлік қызметтің даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық аспектілерінің мәні мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3.Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілеріне әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II бөлім Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілерін талдау («Көктас.Ақтөбе» АҚ мысалында)
2.1.«Көктас.Ақтөбе» АҚ.ның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2.«Көктас.Ақтөбе» АҚ.ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
III бөлім Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерін жетілдіру жолдары
3.1.Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерін мемлекеттік тұрғыдан қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.кәсіпкерлік - бұл да адамның экономикалы ққызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізленіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесә өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені нарықтық экономиканың өзі кәсіпкерлік экономика. Елімізде нарықтық экономиканың либералдық бағыттағы қазақстандық нұсқасы жасалды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай бастады. Бірақ елдегі экономикалық реформаларды басқаша жасау мүмкін емес еді. Жылдан-жылға шағын кәсіпкерлер көбеюде. Нарықтың қатаң талабына шыдас берген шағын кәсіпорындар өміршең болып, банкротқа ұшырамай жұмыс істеуде. Республикада Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Ел Президенттің Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі құқығын қорғау туралы Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді.әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлірінің жыл сайынғы форумында осы мәселеге көп көңіл бөлінді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті даиытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканың даму заңдарын жақсы игерген, өз елінің ерекшеліктерін білумен қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарында жан-жақты түсінетін әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға байланысты. Сондықтан қазіргі кезеңдегі мамандар дайындаудағы күрделі мәселелердің бірі - жоғары оқу орындарының оқу жоспарында республиканың басқару пәндерінің орын алуының маңызы зор.
Сонымен қатар, бұл курстық жұмыс өтпелі кезеңдегі басқару шараларының жүйесін қайта құру, кәсіпкерлікті басқару, шағын кәсіпорындарды дамыту шаралары, тағы басқа өзекті мәселелерді хабардар етеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне түсінік бере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерін толықтай қарастырамыз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
* берілген тақырыптың теориялық сипатын толықтай ашу;
* кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің маңыздылығын айқындау;
* кәсіпкерлік қызметті дамытудың негізгі күштерін қарастыру.
Курстық жұмыс негізінен кіріспе, III бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

0.1. Кәсіпкерлік қызметтің даму эволюциясы
Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса, кәсіпкерлер түсініктерін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше кәсіакер ол тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейін оны атақты француз экономисі Ж. Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді.
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантилионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономисттердің еңбектерінде дамытылды да олар бірте-бірте кәсіпкерлік бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда кәсіпкерлік термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкерлің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып оттырды. Ол кәсіпкерді өзіне-өзі жұмыс орын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы сыйақы жұмыс істеу қанағаттандырмаса олар өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі.
Кейінірек XVIII ғасырдың екінші жартысында Квинсей сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттіліг де енгізілді. Олардың түмінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңдек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше назар аударып отырды. Олар кәсіакерлер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерде капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалан отырып тәуекелге барады.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті.
1776 жылы Адам Смит өзінің Халық байлығын табиғаты мен себептері туралы зерттеу атты еңбегін жазған кезде ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал бірақ кәсіакерлердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік тқңкерістің де сап ете қалатындығын айтты. Сэйдің айтуынша Өндіріс шеберлері келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
:: Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адалжәне тұрақты болуы;
:: Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
:: Өз бойына әділеттік пен бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты басқа да моральдық қасиеттерді қалыптастыру.
Кәсіакерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып керекті қызметкерлерді тарта білулері, қажетті материалдарды ала білулері және де сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек.
Субъективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл Менеджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен рөл ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер өте сирек кездесетін және эпизодтық сипаты бар құбылыс. Менеджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу және өнімді өндіру түрін талдау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі сатыларын жасады:
а) экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;
б) экономикалық есеп;
в) кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;
г) негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс жоспарларының орындалуын басқару.
1980 жылы кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде құбылыс болды, бірақ біз осы уақытта да Альфред Маршалдың кәсіпкерлер мен менеджерлер арасындағы айырмашылықтардың бар екенін алғаш рет көрсеткен зерттеулерін табамыз. Менеджер кәсіпорында белгілі бір қызмет атқарады, бірақ Маршалдың пікірінше тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілік серіктестік пен тәуекелді өз мойнына алады, сондықтан ол менеджерге әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуға тиіс. Сонымен бірге Маршал, өте оңды кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп екендігін атап көрсетті. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіакерлік қабілет те өсу қажет, сонымен қатар ол өзінің сопылығын, жан-жақтылығын бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қалады. Сонымен Маршалдың сіңірген еңбегі алғашқы рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі көрсетуі.
Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шмуптерді қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп те жиі айтады. Өзінің ілімдерінде Шмуптер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер рөліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс циклының тездетілуіне және жалны экономикалық өсімге алып келеді. Шмуптер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:
1. Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2. Жаңа өндіріс әдістері;
3. Жаңа өткізу нарықтары;
4. Жаңа жабдықталу көздері;
5. Жаңа ұйымдастыру түрлері.
Шмуптер кәсіпкерлерді жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік экономикалық жаңашылдар деп те атайды. Шмуптер кәсіпкерліе еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен әртүрлі материалдардың жай ғана жиынтығынан тұрмайтындығын, ол тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жалпы әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түріне іздеп енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбектерімен осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады. Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
Жігерлік және іскерлік белсенділік;
Жек дербес жауапкершілік;
Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретндегі болжай білу;
Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу;
Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізді. Жаңа кәсіпорын үшін қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдалы жолын айтуда. Негізінде сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда кәсіпкердің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік ізденіп тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәсіпкелік қызметтің ерекшелігі тиімділігі жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін атап көрсетті.
Харви Либенстейн кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін сипаттайды: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті операцияларды орындаумен байланысты, екінші түру жаңартпашылық. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңарпашылық қызмет жаңа нарықтар жағдайындағы жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру. Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс жасай білуі керек.
5.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық аспектілерінің мәні мен мағынасы
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы материал немесе еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетуге болады.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қорғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте, сөз кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақыттағы негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені де кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылады, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланытырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90 жылдардың басында қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда комсомолдық кәсіпкерлік басталды. Көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері жастардың шығармашылық ғылыми техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары қарастырылды. Мұның үстіне өспелі инфляция жағдайына тап болған кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп бере қана қоймай, сондай-ақ қажетті былайша айтқанда бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып арзан қайтарылды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы мен қалыптасуы қайта құру кезеңінен бастау алып тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалғасын тапты. Еліміздің негізгі заңнамалық құжаттары бірінде Азаматтық Кодексте кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: Кәсіпкерлік меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының конституциясында көрсетіогендей, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополисттік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі.
Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:
:: кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
:: кәсіакерлік қызметті іске асыру мен дамыту бағыттарын дербес анықтау;
:: материалдық, қаржылық, еңбек табиғи және басқа да ресурстарды тарту және пайдалану;
:: салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;
:: кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:
+ мүліктік және ұйымдастырушылық дербестік;
+ экономикалық мүдделілік немесе табыс табу;
+ қоғамдық қажеттілік пен сұранысты қанағаттандыру үшін өнімді өндіру;
+ заң шеңберінде іскерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
5.2. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілеріне әсер етуші факторлар
Отандық және шетелдік әдебиеттерде кәсіпкерлікті жіктеудің нақты анықталған жүйесі жоқ. Оны әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта және ірі болып табылады. (қосымша №1) мұндағы негізгі критерий қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық көрсеткіштен аспайды.
Меншік нысаны бойынша мемлекеттік жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады.
Ұйымдық құқықтық нысандары бойынша:
* дара кәсіпкерлік
* өндірістік кооператив
* толық серіктестік
* командиттік серіктестік
* жауапкершілігі шектеулі серіктестік
* қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
* акционерлік қоғам
* мемлекеттік кәсіпорындар
Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.
Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінеді.
Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін ілгері күштерге бірінші кезекте, фирманы құруды және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі және бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Тағы да ескеретін маңызда фактор ол кәсіпорынның болжамсыздығымен қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді нитеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулар қажет. Кәсіпкер жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде қалай жүзеге асыра білетін жаттықан пікірлер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру жергілікті қорларға ие болулары керек.
Кәсіпкер бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші бизнесті іске асыру үшін қолалы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде пайда болған үнсіз төңкеріс жайлы айтуда. Шетелдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орында ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, обьектілерге деген қажеттілік пайда болғанда құрылыстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда, құрылыс бизнесі үшін мүмкіндік те пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытында байқау емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойыншапайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәспікерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.
Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылды: шағын фирмалардың негізгі өндіру қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорларымен жоғары нәтижелікке жету.
Кәсіпкерліктің жетекшілік ұстанымындағы мектебіне сәйкес кәсіпкер белгілі мақматтарға жету мақсатымен басқаларға әсер ете алатын жетекші болып табылады.кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі және менеджердің адамдары уәждеу, қызызтыру және соңынан ерту қабілеттеріне орай көңіл аударды. Кәсіпкер ең алдымен мүмкін болатын даму келешегін басқалардан жақсырақ көретін және өзінің стратегиялық жоспарын іске асыру үшін басқаларды соңынан ертіп, қызықтыра алатын жетекші болуы шарт. Бұл мектеп шеңберінде екі ағыс бар. Бірінші ағыстың ауырлығы кәсіпкерліктің жеке тұлғалық тұрғысындағы мектепке түседі және кәсіпкердің бәсекелік жағдайға бейімделу мүмкіндігі, қарым-қатынас жасау жігерлілік, белгілі қасиеттер мен мінез құлық ережесіндегі ие болу қвжеттіліг ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz