Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшелігі



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 бет

І Сайлау жүйесін зерттеудің теориялық.методологиялық негіздері
1.1 Сайлау түсінігінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
1.2 Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 бет

ІІ Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшелігі
2.1 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне шолу ... ...16 бет
2.2 Қазақстан Республикасындағы сайлау технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34 бет
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сайлау жүйесі

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .2 бет

І Сайлау жүйесін зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері

1.1 Сайлау түсінігінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет

1.2 Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .10 бет

ІІ Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің
ерекшелігі

2.1 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне шолу ... ...16 бет

2.2 Қазақстан Республикасындағы сайлау
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 29 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..34 бет

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
бет

Кіріспе

Құқықтық мемлекет, демократиялы режим қалыптастыру қоғамның алдына
бірінші кезектегі міндет қояды – қажетті құқықтар мен бостандықтармен
қорғалған тұлғаны қалыптастыру. Демократиялық басқару негізінде
сайлаулардың адалдығы және жарыспалылығы; үкімет аппараттық ойындар
нәтижесінде емес, сайлау нәтижесінде қалыптастырылады; саяси азшылық (заңды
оппозиция) құқықтарын құрметтеу; көп партиялы немесе қос партиялы жүйе
секілді сипаттар жатады.
Сайлаулар демократиялық форманың орталық институты болып табылады.
Демократиялық сайлау,жалпы, сайлау жүйесі дегеніміз не? Осы сұрақтарға
алдағы уақытта жауап береміз[1, 78 б.].
Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай
ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік
беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет
бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140
елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл
әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды,
қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек
деп ұсыныс жасалынды.
Көп социалистік мемлекеттерде демократия тәжірибесі социализмнен
бұрын болған, ал біздің еліміз он сегізінші ғасырда тәуелсіздікті жоғалтқан
соң тоталитарлық режимнен басқа режимді білмеді. Халықтың демократиялық
салты имперлік ықпалмен ығыстырылды. Бірақ, тәуелсіздік алып, еліміз
демократиялық қайта құру рельсіне тұрып өркениеттік, нарықтық экономикалық
күшті мемлекет құруда маңызды қадамдар жасады.
Біздің қоғам бірінші қадамдар жасап қатаң әкімшілік регламентациядан
демократиялық билік құруға кірісті. Әр сайлауда қазақстандық сайлаушылар
еркін дауыс беру тәжірибесін алып, саяси үрдістерге қатысады. Еліміз
электоралдық циклді аяқтап келеді деп айтуға болады, қазір біз жаңа кезең
алдында тұрмыз. Табысты ілгері даму едәуір шамада сайлау жүйесін жетілдіру,
сайлау туралы заң сапасын арттырумен байланысты
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы жалпы сайлау ерекшелігі және
технологиялары қамтылып ашылған.

І Сайлау жүйесін зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері

1.1 Сайлау түсінігінің мәні

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты
өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі – оның азаматтарының
лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып
табылады. Мысалы, Ресей Федерециясы Конституциясының 3-бабына сәйкес
референдум мен еркін сайлаулар халық билігінің жоғары көрінісі болып
саналады.Эстония Республикасы Конституциясының 56-бабында бұл елдегі
жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс беруге құқылы азаматтары
арқылы:
1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;
2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру) жүзеге асыратыны
жазылған.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының 10-бабында: Өзбекстан халқы
атынан тек Ұлы Мәжіліс пен Республика Президенті ғана сөйлей алады ,-
делінген[2, 61 б.].
Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия
саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім
ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен
бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар,
партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды
негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла
алмайды
Демократиялық сайлаулар кезеңді болуы тиіс. Демократиялық елдер
президентті мәңгілікке сайламайды. Сайланбалы тұлға халық алдында есеп
береді.
Демократиялық сайлаулар - өкілді, яғни ел халқының көпшілік ересек
бөлігін қамтуы тиіс.
Демократиялық сайлаулар түпкілікті болып табылады. Сайлау аяқталғанда
сайланбаған қатысушылар сайлаушылардың шешімін қабылдауы тиіс.Егер билеуші
партия жеңілсе, ол билікті бейбіт жолмен береді. Сайланбағандар енді
оппозицияны білдіреді, олар қоғамдық өмірге белсенді араласады.
Осылайша, демократиялық сайлаулар – тіршілік үшін күрес емес, өз
халқына қызмет ету құқығына бәсекелестік[1, 80 б.].
Әрбір елде таңдау механизмі сайлау жүйесі арқылы іске асырылады.
Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты
және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Жалпы сайлау жүйесі демократиялық өзгерістер ауқымында батыстық,
ресейлік ғалымдармен жан-жақты зерттеліп жүр.
Демократиялық сайлаулардың билікті қалыптастырудағы сипатын зерттеген
Р. Даль, А. Токвиль, А. Лейпхарт, Дж. Сартори, К. Поппер, С. Хантингтон,
саясаттағы азаматтардың сайлаушы ретіндегі рөлін С. Липсет, Р. Роуз, Я.
Маккалистерлерді атауға болады. Әсіресе, Р. Даль еңбегін ерекше айтуымыз
қажет.
Келесі кезекте Ресейдің саяси зерттеушілеріне тоқталсақ, ең алдымен
Ресей Федерациясының сайлау жүйесін зерттеген А.В. Зиновьев және И.С.
Поляшоваларды атай отырып, сонымен қатар, Ресейдің
тарихындағы сайлау институты мәселелерін зерттеген А.В. Иванченко, М.В.
Баглай еңбектерін ерекше айтуымыз қажет.
Сайлау жүйесінің өкілді билікті қалыптастырудың құралы ретінде оның
рөлінің теориялық негізі қарастырылып, сайлаудың ең біріншіден билік
бөлінісімен, сонымен қатар мемлекетке және оның саясатқа ықпалы зерттелді.

Сонымен зерттеуде қазіргі өкілді биліктің қалыптасуындағы сайлау
мәселелерін тереңірек талдау үшін оның ерте кезден бастап қалыптасқан түрлі
тұжырымдарын және даму тарихын зерделеуге тырыстық. Антикалық ойшылдардың
еңбектерінен бастау алған, мемлекет оның құрылымдары, биліктің қалыптасу
ерекшеліктері жайлы ғылыми тұжырымдар қазіргі күнгі сайлау мәселелерінің
негізі болып табылады. Сайлаудың мемлекеттік биліктің құрылуымен тікелей
байланыстылығы ерте заманғы ойшылдардың еңбектерінде антикалық саяси
ойшылдар Платонның Заңдар шығармасында және Аристотельдің Саясат деген
еңбегінде зерттелгені белгілі.
Т. Гоббс, Дж. Локк сайлауды заң шығарушы биліктің негізгі құралы
ретінде түсіндірсе, Ж.Ж. Руссо нақты таңдалған тұлға немесе орган
құқықтарын қарастырған. Халық билігінің ең мықты түрі – халық өкілдігі
екені туралы француз ағартушысы Ш.Л. Монтескье еңбектерінде көрініс
тапқан[3, 10 б.].
Сайлау құқығы. Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы
конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған. Мысалы, Германияның
Негізгі заңында мемлекеттік биліктің халық тарапынан, сайлау және оған
дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны жазылған. Португалия парламенті
(Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте
сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады.
Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары
заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық
референдумдарға қатысуға құқылы.
Литва Республикасы Конституциясының 34- бабына орай, әрбір Литва
азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану
құқығы Литва Республикасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы
заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар
қатыспайды.
Әлемдік қоғамдастықтың кейбір елдерінің сайлау жүйесін қарастыра
отырып, замандық талаптарға сай мемлекеттік органдар мен мемлекеттік
лауазымды тұлғаларды сайлау жалпылама (мемлекеттің барлық аймағында) және
аймақтық; тура (халық тікелей қандидаттарға дауыс береді), жанама және
көпдәрежелі; толық және жекелеген (қосымша); кезекті (берілген мерзімінде)
және кезектен тыс, қайталау (егер сайлау өткізілмегені мойындалса),
альтернативті және альтернативті емес (егер қарсылас үміткерлер болмаса),
т.с.с. Сайлау шектелімінің пассивтік сайлау құқығы активтік құқыққа
қарағанда қатаң. Мысалы, Канада жерінде Сенат қатарына тек жылжымалы мүлкі
бар адам ғана жатады, ал Ұлыбритания жерінде Сенат қатарына ену үшін
біршама қонымды ақша төлеуге керек. Сайлау шектелімі парламенттің жоғары
палатасына үлкен кішілігіне қарай, яғни онда екі палаталығына байланысты,
әсіресе жоғары: АҚШ та және Жапония елдерінде — 30 жас, Францияда— 35,
Бельгия және Испанияда — 40 жас. Бірақ та айта кететін бір жайт,
демократиялық әлемде шектелімді айналып өту мүмкін емес, себебі ол
сайлаушылар контингентін ұлғайтады. Мысалы, 1830 жылы Англияда соңғы
жылдары 4% ғана орта жастағы адамдар сайланса, ал Францияда — кем дегенде
2%, ал 1848 жылы Францияда тарихта бірінші болып жалпы сайлауға қатысу
құқығы тек қана ересек еркектерге ғана тән еді, себебі 1914 жылы олар
көптеген Оңтүстік мемлекеттердің беделіне иеленді. Әйел адамдар ең алғашқы
рет сайлау құқығын 1893 жылы Жаңа Зеландия жерінде иеленді. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін суфражизм (әйел адамдарға ерлер тәрізді тең
дәрежелі сайлауға құқық берілу қозғалысы) ең алғашқы жеңісті Ескі және Жаңа
бейнеде көрсете білді ( Швейцарияда, 1971 ж., ал Лихтенштейнде — в 1986
ж.). 70-ші жылдары өркениетті дамыған елдерде сайлауға шектеу 18 жасқа
төмендеді. Сайлау құқығы жалпы мағынада жалпыхалықтық болып табылды. Осы
әлемдік беталысқа қарсы шығу кезінде жас мемлекеттердің тұрғындарының 40%
құрайтын, орыс тілді тұрғындарының сайлауға қатысудан шығарып тастау
міндеттелгендердің Латвия мен Эстонияда цензілі шегі болады
Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, сайлаулар, әдетте, тек
жалпыға бірдей, тең, төте және еркін құқықтар негізінде жасырын дауыс беру
арқылы жүргізілетінін көреміз.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы
бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады. Әлбетте, сайлауға соттар
қабілетсіз деп танығандар, сол секілді еркінен айырылып, түрмеде отырғандар
қатыспайды. Сондай-ақ, кейбір елдердің конституциялары мен заңдары мұнан
басқа да шектеулер беруі ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының
Конституциясының 67- бабында жалпыға бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз
әскери қызметтегі солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса
алмайды деп, көрсетілген.
Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде
қатысады.
Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды.
Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін
бақылауға алуға тыйым салынады.
Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға
байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Сол секілді сайлау құқығы белсенді (активті) сайлау құқығына және
белсенді емес (пассивті) сайлау құқығына бөлінеді. Біріншісінде –
сайлаушылар дауыс берсе, екіншісінде – сайланып қойылатын лауазымға
үміткерлік құқығы беріледі[2, 62-63 бб.].
Сайрау жүйесі – бұл саяси билікті заңды түрде қалыптсатыруды
қамтамасыз ететін ережелердің, әдістер мен процестердің жиынтығы.
Осыған байланысты сайлау жүйесін кең мәнде де, тар мәнде де түсіну
керек екендігін айту қажет.
Сайлау жүйесі кең мәнінде қоғамдыұ қатынастардың жиынтығы болып
табылады. Осы қатынастар арқылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады.
Ал тар мәнінде сайлау жүйесі – депутатық мандаттарды кандидаттар арасында
сайлаушылардың дауыс беру нәтижелеріне қарай бөлу әдісі.
Сайлау жүйелері сан алуан, соған қарамастан олардың негізгі үш түрге
бөлуге болады. Бұл – пропорциялық жүйе, мажоритарлық жүйе және аралас
жүйе.Осы жүйелерге жеке – жеке тоқталып кетейік.
Сайлау жүйелері. Пропорциялық сайлау жүйесінің негізгі ұстанымы:
парламенттегі депутаттық орындар партиялар ұсынған кандидаттардың тізіміне
парламенттік сайлауларда берген дауыстардың санына қарай бөлінеді;
мажоритарлық жүйеден айырмашылығы – сайлаушылар жеке кандидатқа емес,
ұжымдық партия тізімдеріне дауыс береді; белгілі бір тізімге берілген
барлық дауыс қосылады, соның негізінде жалпы қорытынды анықталады.
Пропорциялы жүйеде кандидаттарды ұсыну кезінде партия шешуші рөл
атқарады, партиялардың басшылығы аталған тізімді жасайды. Осындай жүйемен
сайланған депутат одан әрі сайлаушыларға емес, оны ұсынған партияға
мейлінше тәуелді болады. Пропорциялы сайлау жүйесі Австрияда, Бельгияда,
Грецияда, Италияда, Норвегияда, Финляндияда, Швейцарияда, Швецияда және
басқа елдерде қабылданған.
Мандаттарды пропорциялы бөлу үшін сайлау квотасы әдісі жиі
пайдаланылады. Сайлау квотасы – бір депутатты сайлау үшін қажет ең аз
дауыс саны. Квота жеке округ үшін де, бүкіл ел үшін де белгіленуі мүмкін.
Квота белгілеудің ең қарапайым әдісі сол округ бойынша берілген
дауыстардың жалпы санын бөлінетін мандаттардың санына бөлу болып
табылады. Мандаттарды партиялар арасында бөлу олардың квотамен алған
дауыстарын бөлу арқылы жүргізіледі.Австрияның, Бельгияның, Швецияның,
Швейцарияның парламенттері осы жүйе бойынша сайланады.
Мажоритарлық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп,
дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын
сайлау жүйесін айтады.Бұл жағдайда сайлаулар, әдетте, бір мандатты округ
бойынша өткізіледі және көпшілік дауыс алған кандидат жеңген деп саналады.
Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрі бар, олар: абсолютті дауыс
көпшілігі және салыстырмалы дауыс көпшілігі.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде дауыс беруге қатысқан 50% + 1 дауысты
жинаған кандидат абсолютті көпшілік дауыспен сайланды деп саналады. Егер
кандидаттардың бірде – бірі дауыстардың талап етілген санын жинай алмаған
жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Оған бірінші турда көпшілік
дауыс алған екі кандидат қатысады. Екінші турда жеңіскер салыстырмалы
көпшілік дауыс жүйесі бойынша анықталады. Абсолютті көпшілік дауыс жүйесі
Австралияда, Ирландияда, Францияда және басқа да елдерде қолданылады.
Салыстырмалы көпшілік дауысқа негізделген мажоритарлық жүйе жекелей
алғанда әрбір бәсекелесіне қарағанда көпшілік дауыс жинаған кандидат
жеңіске жетеді деп санайды. Бұл жүйе қазіргі кезде Ұлыбританияда, Индияда,
Канадада, АҚШ-та және басқа елдерде қолданылады.
Мажоритарлық сайлау жүйесі жеңіскер бәрін және аз дауыс алған
кандидаттарға берілген дауысты да алады деген прицип бойынша жұмыс істейді.
Жеңген кандидат партиялар активіне кірмейді, олардың өкілдері бір сайлауда
жеңілсе, екінші сайлауларда жеңіп жатады.
Партияның емес, жеке кандидаттың жеңуін көздейтін мажоритарлық сайлау
жүйесінде тәуелсіз кандидаттарды ұсыну мүмкіндіктері мейлінше мол. Әрине,
мұндай жүйеде де белгілі бір партия сайлау алдындағы науқан кезінде
кандидатқа қолдау көрсетеді. Бұл фактордың үлкен маңызы бар.
Мажоритарлық принцип партия басшылығы тарапынан қолдау таппаған және
одан тәуелсіз, бірақ сайлаушылардың көпшілік даусын алып, жеңіске жете
алатын кандидаттарға көп мүмкіндіктер туғызады.
Мажоритарлық жүйе пропорциялық жүйемен салыстырғанда әмбебап. Оны
парламентті сайлау кезінде ғана емес, жоғары мемлекеттік лауазым адамдарын,
мысалы, президентті сайлау кезінде де қолдануға болады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде мажоритарлық сайлау жүйесі үстем болып
отырғанын айта кеткен жөн.
Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді
біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына
тән кемшіліктерді мейлінше азайту. Мұндай біріктіру болуы мүмкін, мысалы,
егер ел парламентінің бір бөлігі пропорциялы жүйе бойынша, ал екінші бөлігі
мажоритарлық жүйе бойынша сайланса. Бұған дәлел – Ресей Федерациясының
Мемлекеттік Думасын сайлау. Мысалы, 450 депутаттың жартысы мажоритарлық
жүйе бойынша, ал екінші жартысы саяси партиялардың пропорциялық
өкілеттіктері жүйесі бойынша сайланады. Мұнда мажоритарлық жүйе тұрақты
үкімет құруға жағдай жасайды, ал пропрциялық жүйе саяси партиялардың
көпшілік бөлігінің сайлауға қатысуына, демек халықтың өзінің саяси еркін
барынша толық білдіруіне мүмкіндік туғызады.
Аралас сайлау жүйесі дауыс беру процеінде былай жүзеге асырылады: әр
cайлаушы екі бюллетень алады, тиісінше онда екі дауыс болады: ол бірімен
нақты сол округ бойынша дауысқа түскен кандидатқа, екіншісімен саяси
партияға, бірлестікке дауыс береді[4, 3-5 бб].
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртіптері. Қашан да, қай елде де
сайлау заңмен белгіленіп көрсетілген мерзімде өткізіледі. Мысалы,
Президенттік республикаларда парламент сайлауы белгілі бір уақыт кесімінде,
қатаң белгіленген мерзімде өткізіледі. Мысалы, АҚШ-та жұп жылдарының
қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбісінде өкілдік
палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан
өтеді.
Ал, парламентік республикалар мен парламенттік монархияларда
сайлаулар, әдетте, жалпыұлттық өкілетті органдардың өкілетті мерзімі
аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі. Мұндай сайлаулар кезекті сайлаулар деп
аталады. Ал, кезектен тыс сайлаулар парламентті мерзімінен бұрын
таратқанда, лауазымнан айырғанда, ел басшысының және тағы басқа сайланушы
тұлғалардың отставкаға кетуіне не өлуіне байланысты өткізіледі.
Жайшылықта сайлау мемлекеттік-құқықтық актілерге сай жарияланады. Әрі
осы мемлекеттік-құқықтық актілерде қарастырылғандай мерзім ішінде сайлау
кампаниялары басталып, дауыс беру басталардың алдында аяқталады.
Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта
құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Ресейде, Пакистанда,
Түркияда, Герменияда, Испанияда, Қырғызстанда, Молдовада). Бірақ, мұндай
басқару қызметтері елдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, яғни, сайлау
өткізуге арнайы органдар құрмай-ақ, жүктелуі мүмкін.
Сайлаулар (заңмен белгіленген) сайлау округтері бойынша өткізіледі.
Округтар бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни,
округтан бірнеше депутаттар сайланады) болады.
Әдетте, округтар сайлаушылардың (немесе тұрғындардың) тең санына орай
құрылады. Мысалы, Ұлыбританияда қауымдастық палатасына сайлау өткізу
мақсатында ел 650 сайлау округтарына бөлінген. Осы қауымдастық палатасының
650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72-сі Шотландиядан, 38-і Уэльстен,
17-сі Солтүстік Ирландиядан сайланады.
Германияда қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222000
сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федереальдық заңға сәйкес
округтегі сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша
көрсеткіштің 33,35 % аспауы тиіс. Заң шығарушы органның осы көрсетілген
заңына сай ФРГ-да сайлау округтары оқтын-оқтын өзгертіліп отырады.
Кейбір жағдайларда бүкіл ел біртұтас сайлау округіне айналып кетеді.
Ол тек бір-ақ кандидатура сайланғанда (мысалы, республика президенті)
бірмандатты, сол сияқты парламенттің бірнеше мүшелері, болмаса түгел құрамы
сайланғанда көпмандатты болуы мүмкін. Мұндай тәртіп, мысалы Израильдегі бір
палаталы парламент сайлауы кезінде (кнессетті) қолданылады.
Сайлау округтері, әдетте, сайлау бөлімшелеріне бөлінеді. Бұл сайлау
бөлімшелерінің негізгі қызметі : сайлаушылар тізімін жасау, сайлаушыларды
тіркеу, сайлау күні дауыс беруді өткізу болып табылады. Бұл арада белгілі
бір мемлекттердің қандай өзіне тән тәжірибелік ерекшеліктері болмақ?
Мысалы, сайлаушыларды тіркеудің екі жолы пайдалануы мүмкін. Өстіп, АҚШ-та
сайлаушы бір тіркелгеннен соң, қайта тіркеуге келмеуі мүмкін. Тіркелудің
мұндай түрін тұрақты тіркелу дейді. Ал, енді айталық, Ресейде,
Түркіменстанда, Латвияда, Канадада, Францияда, Болгарияда, тағы да көптеген
басқа елдерде, әдетте, кезекті сайлауды (немесе белгілі мерзімнің өтуіне
байланысты) өткізуде сайлаушылардың тізімі жаңадан жасалады, нәтижеде
сайлаушылар жаңадан тіркеуден өтеді. Мұндай тіркелу түрін оқтын-оқтын
тіркеу деп атайды.
Дауыс беру мәселесін сөз ететін болсақ, әдетте оны әркім жеке өзі
жүзеге асырады. Сол секілді, көптеген елдердің заңдары (мысалы,
Ұлыбритания, АҚШ, ФРГ) кейбір жағдайларда дауыс беру почта, сенімхат арқылы
ұйымдастыру, сондай-ақ өкілінің дауыс беруін (сауатсыздар, аурулар үшін)
қамтамасыз етеді. Ал, көптеген елдерде міндетті дауыс беру ержесі
қарастырылған. Осыған орай Италия Конституциясында дауыс беруге әркімнің
жеке қатысуы азаматтық борыш саналса, Люксембургте дауыс беруден бас
тартушыларға қаржылық айып жазасы (штраф) кесілетінін айта кеткеніміз жөн.
Дәл осындай жағдайда Австрия конституциясы төрт апталық түрмеге отырғызу не
1000 шиллинге дейін айып салуды көрсеткен.
Сайлаудың нәтижесі сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың дауысын
есептеп шығарғаннан кейін анықталады[5, 110-113 бб].

1.2 Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу

Сайлау - халықтың тура өз қалауын еркін білдіру формасын көрсетеді,
демократияның өте маңыздылығын көрсету және демократиялық мемлекеттің
тұрақтылық негізгі бөлігі болып табылады. Азаматтар сайлау арқылы билік
органдарының қалыптасуна әсерін көрсетеді және осыдан өзінің құқығын
ақиқатқа айналдыруда мемлекеттік жұмыстарды басқаруға қатысу, жалпы-саяси
дамуға бағытталады және оның мінез-құлқын анықтайды. Сайлау кампаниясы—
біршама қымбатқа түсетін іс шара. Сайлау кампаниясының кульминациялық күні
үміткерелерді тіркеу болып табылады. Сайлау күні - ол демократия мерекесі.
Ол кейде ғана саяси адамдардың және олардың көшбасшыларының манипуляциялық
нысанына айналады. Сайлау кампаниясы дауыс беруді санаумен, анықтаумен
және сайлау қорытындысын хабарлаумен аяқталады. Дауыс беруді санау
өркениетті елдерде ешқандай қиындық туғызбайды.
Күрес қорытындысы стратегия қозғалысы және сайлау кампаниясының
тактикасы, сайлау технологиясы негізінде жүзеге асады.
Стратегия мақсаттары: сапалы мақсатты анықтау, сандық мақсатты
анықтау, базалық электоратты анықтау, имиджді жасау, үміткер мінезіндегі
ерекшеліктерді анықтау, ұранды анықтау, кампанияның концепциясын анықтау.

Егер, сайлау кампаниясының стратегиясы сұрақ жауабына негізделсе, не
істеу керек, онда тактика – қалай істеу керек, яғни алға қойған мақсатқа
жету жолдарын анықтайды.
Тактика – орны тұрғылықты халықты үміткер жайында ақпараттандыру,
оның негізгі бағдарлама мақсаттарымен таныстыру; сайлаушылардың үміткер
жайында көзқарастарын, түсініктерін, талқыларын, бағаларын біліп, дәл осы
үміткерге дауыс беруді қолдау. Әртүрлі тактикалық тәсілдерді нақты тәсілдер
арқылы ойға түю, сайлаушылар мотивациясын сайлау кампаниясының
ұйымдастырушылардың мақсаттарына сәйкес қарастыру.
Қазақстан үшін қазіргі таңдағы бірінші дәрежелі міндет - сайлау
кампаниясының заңды принциптерін бекіту. Сайлау заңдылығы олардың
қорғалуын, заң жүзінде қызмет жасауына мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда,
бұл, сайлаулардың құқылы, көпшіліктің құнды ұстанымына сәйкес келеді.
Біздің республика осы міндетті жүзеге асырудың жолымен жылжып келеді, әрі
бұл ұзақ және қиын үрдіс екенін мойындауымыз керек.
Демократиялық мемлекетте сайлау кезінде бірауыздылық толықтай
болмайды. Сайлаудың маңыздылығы әр азаматтың өз еркін, өз ойын, өз пікірін
білдіре алуына еркіндік пен мүмкіндік беруінде. Сайлаудағы күрес арқылы ең
соңында қоғамдық орындарда қалыптылыққа қол жеткізіледі. Сайлау
кампаниялары кезінде көбіне адамдардың эмоционалдылығы, белсенділігі
байқалады. Сонымен қоса заңнамалық регламентация сайлау кампанияларының
сапалы ұйымдастырылуын және олардың нәтижелілігінің дәрежесін арттырады.
Бүгін қоғам-саяси үдеріске басты қатысушы кілті, қоғамның демократиялық
дамуы үшін негізгі керектісі саяси партия болып табылады. Саяси-
демократиялық прюрализм, өкіл, сайлаудың негізгі принципі болып партия іс-
әрекетіне ғана арналған. Бір негізгі конституциялық қатардың қасиетін
бекітуде көппартиялық тек қана әртүрлі бағдарламамен (идеологиялық
прюрализм) қаптаған партияның тіршілігінің бар болу мүмкіндігі, бірақ
барлығы тең құқылы және партия заңына байланысты әрекет етуі керек.
Демократиялық елдерде саяси партия орталық жердегі шешім қабылдау
үдерісіне негізделген, бұл шындығында демократияны көппартиялы жүйесіз
дамыту мүмкін емес. Елде демократияның болашағын дамыту үшін партиялық
жүйенің даму болашағы мен партия институтарын толығымен байланыстыру керек.
Осыдан сұрақ туады, қазіргі жағдайда партиялық жүйе қалай өзгереді. Бұл
сұраққа берілген жауап көрсетеді, партиялық жүйесінің эволюция логикасы
шешім қабылдау процессінде партия рөлін көтеруге әкелеме. Партия жүйесінің
трансформация процессінде тағы бір элементі - партиялардың коалициялық
әрекеттесуі болады. Бұл форманы зерттеу партия аралық әрекеттестікті партия
туралы толық білетін біздің мәліметіміз кеңітуге көмектеседі,
көзқарасымызда оның мотивациясы, ұйымдастырып дамыту, оның рөлі мен шешім
қабылдау үдерісі. Құрылыс коалициясы болып саяси партияның деңгейін
жоғарлату механизімінің бірінде саяси процеске аса қажетті қатысушы ретінде
көрсетеді. Елдегі партиялық жүйесі мен партияның құрылуын зерттеу
кеңестіктен кейінгі кеңістік болып саяси ғылымға аса кеңінен тараған.
Даусыз, бұл партия мен партия жүйесінің тууы жаңа демократияға әкеледі, бұл
Батыстағы ескі демократиясында болған. Басқа ішкісаяси жағдай, басқа
сыртқысаяси жабдық, басқа қоғамның әлеуметтік құрылымы сипатталады. Жаңа
ақиқат жаңа зерттеу тәсілін қажет етеді.
Халықтың электоральдық белсенділігі зерттеу мәселесі демократиялық
сайлау жүргізу үдерісінде өзекті байланыс елде қайта жаңғыртуда,
конституциялық өзгерістер, саяси құқық пен бостандық кеңінен еріп жүруі,
саяси нарықтың және саяси жүйесінің болашағын дамыту қарастырылады. Елдің
азаматтары сайлау арқылы шынайы мүмкіндіктер туып мемлекеттің саясатына
әсер етіп тұрады[6, 4-6 бб.].
Қазіргі зерттеулердің негізінде сайлау өкілді органды қалай
қалыптастырады? Ол саяси қүрал ретінде қалай эрекет етеді? Саясаттану
ғылымында негізделген қандай сайлау жүйелері өкілді билікті қалыптастырушы
болып табылады? деген сүрақтар төңірегінде теориялық негізде зерттеу
жүргізетін болсақ, қазіргі заманғы, демократиялық либералдық қоғамдық түрде
ұйымдасқан мемлекеттерде сайлау - бұл саяси -құқықтық шешімдерді қабылдау
үдерісі ретінде өкілді билікті қалыптастырушы болып табылып, оның
субъектісі - азаматтар негізіндег қоғам, объектісі - мемлекеттік билік
болып табылады. Конституциялық сайлаулар негізінде мемлекеттің бүқараның
өкілдері арқылы қалыптасуы іске асырылады, яғни заң шығару жэне өкімет
қызметі мен өкілеттілігін элеуметтік ротация л ay немесе қайта қүрылу
жүргізіледі.
Сайлауды институт ретінде зерттеулер комплексті сипатқа ие болып, оны
талдау аса қажеттілікті тудырып, сол қажеттілікті іске асыру мақсатында
ғылыми орталықтар қалыптаса бастады.
Осындай орталықтардың бірі - Оксфорд қүрамына кіретін Наффилд колледжі. Ең
алғаш рет осы жерде сайлау туралы ғылым термині псефология қолданыла
бастады. Ежелгі грек тілінен аударғанда псефос есеп тастары деген
мағынаны білдірген, себебі антика авторлары бойынша ежёлгі грек
полистерінің түрғындары ақ жэне қара тастарды дауыс беру кезінде сайлау
жэшіктеріне тастаған. Афины ¥лттық жиналысының қабылдаған қаулылары
псефисма деп аталған.
Псефо сөзінің түбірінен қазіргі сайлау үғымы қалыптасқан. Псефология
терминін сайлау ғылымында қолдануды үсынған Оксфорд профессоры Ф. Гарди.
Ғалым бүл идеясын 1949 жылы үсынған. Британдық саясаттанушы Д. Батлер оны
одан эрі дамытты. Псефология термині Англияда шығарылатын барлық негізгі
сөздіктер мен энциклопедияларда жазылды. Бүл термин британ мэдениеті
ықпалындағы Канада, Австралия, Үндістанда қолданылады.
Саяси ғылымда өкілдер арқылы биліктің қүрылуы қалай жэне қандай саяси
институттар арқылы дұрыс қоғам қүру үшін жэне элеуметтік қатынастар үшін
қажет, неліктен саяси жүйелерде саяси институттар саны өте көп жэне оны
немен түсіндіруге болады, жэне осы айырмашылықтар саяси билікке, саяси
мінез - қүлыққа, саяси үдеріске қалай әсерін тигізеді деген мэселелерге
әкеліп тірейді.
Әрине, сайлау кампаниясының ең маңызды кезеңі депутаттыққа
кандидаттар ұсыну болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда сайлау округтеріне
ұсынылатын кандидаттардың саны шектелмейді. Кандидаттарды ұсыну сатысы өте
қарапайым. Кандидат сайлау жөніндегі шенеунікке номинация туралы
құжаттарын өткізуі тиіс. Бұл құжатты кандидаттың өзі толтырып, он адам
қол қойса болғаны. Сол секілді сайлау жөніндегі шенеунікке номинацияға
келісім жайлы арызын беріп, сайлау кепілдігін (150 фунт стерлинг
мөлшеріндегі сайлау кепілдігі, егер оған дауыс берушілер саны 12,5 % аз
болса, кандидатқа қайтарылмайды) төлеуің тиіс.
Швейцарияда депутаттыққа кандидатты тіркеу үшін тиісті ресми органға
15 адамнан аз емес сайлаушылар қол қойған петицияға (арыз) тапсыруы қажет.
Мұндай ұсыныстар саяси партиялардың (мысалы, Ресейде, Литвада ) атынан
енгізілуі мүмкін.
Шетел заңдары сайлау кампанияларын жүргізу тәртібі мен шарттарын әр
түрлі көлемде анықтайды. Бұл жөнінде Аглия заңдарына көңіл қоюға болады.
Олар кандидаттарының мінез-құлқын және олардың сайлаудағы тараптастарын жан-
жақты реттейді. Заң сайлау кезінде, теңдей мүмкіндіктер қамтамасыз ету
үшін, кандидаттарға белгілі құқықтар береді әрі онда кандидатқа берілген
арнайы құқықтар ерекше көрсетіледі. (мысалы, әрбір сайлаушыға сайлау
алдындағы үндеуін тегін таратуға, сайлау алдында жиналыстар өткізу үшін
муниципальдық мектептер үйін жалдауға, т. б.). Мұнымен бірге заңда кездесіп
қалатын әртүрлі құқық бұзушылықтар да қарастырылған. Ондай құқық
бұзушылықтар, негізінен, сайлау кампанияларын жүргізуде және сайлау
кезіндегі әділетсіздік пен заңсыздықтарға байланысты өрбитіні жасырын емес.
Әділетсіздік әдістері: параға сатып алу; сайлаушыларға түскі ас есебінде
қабылдаулар жасап сый көрсету; көңілдерін көтеру; қорқыту, мәжбүрлеу арқылы
әсер ету; сайлаушыларды сапырылыстыру; сайлау шығындарын өтірік бекіту;
кандидат не оның өкілі (агент) рұқсатынсыз шығындарын төлеу, тағы басқа
сияқты болады. Сол секілді заң кандидаттың немесе сайлау жөніндегі оның
агентінің рұқсатынсыз, жұрт алдында ашық жиналыстар өткізуге, жарнамалық
хабарландырулар бастыруға немесе сайлаушылар алдында пікір-ойларды
білдіруге басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға кандидаттан шығын шығаруға
тыйым салады. Сонымен қатар өздігінен жазалауға жатпайтын, бірақ сайлау
жөніндегі заң ұйғарымдарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер де заңсыз деп
саналады. Оған: заң бойынша көрсетілген сайлау шығындары мөлшерін әдейі
шамадан тыс көтеру; дауыс беретін жерге сайлаушыларды әкелгені үшін сый
көрсету; сайлаушыға плакаттарды көтеріп жүріп көрсеткені үшін төлем төлеу;
сайлау барысына әсер ету мақсатында елден тыс жерлерде хабарлағыш,
таратқыштарды пайдалану сияқты іс-әрекеттер мен тәсілдерді пайдаланған деп
тапса, онда ол сайлауды жарамсыз деп жариялауға құқылы[7, 36-45 бб.].
Сайлау институт ретінде қоғамның барлық саласында әрекет етеді. Нормативті
институтционализм, негізгі өкілдері Дж. Марч, Й. Ольсен, жэне Дж. Отт.
Саяси институттар функцияларын жүзеге асыру үшін ережелерге және нормаларға
сүйену керектігін көрсеткен. Бірақ олардың ойымен келісетін болсақ, онда
институттың негізгі элементі оның қүрылымы емес, субъектінің мінез - қүлқы
жэне шешім қабылдаудың ережелері мен нормаларының жиынтығы болып саналады.
Рационалды таңдау теориясы. Саяси институттардың рационалды таңдау
теориясы өзінің негізін экономикалық теориядан алған болатын. Сонымен
қатар, оны демократияның экономикалық теориясы деп те атайды. Д. Норт, Э.
Дауне, Е. Остром алғашқы болып экономикалық үлгілер мен эдістерді саяси
институттарга, сайлауға анализ жасағанда қолданған болатын.
Тарихи институтционализм. Бүлар институционалды таңдаудың рөліне
назар аударады, К. Телен Ертеден мемлекеттің тарихи кезеңдері саяси жүйені
толық қамтыған немесе саяси жүйенің жеке бөлігіне ғана эсер ету арқылы даму
мақсатына ие болған, деп корсете отырып, бүл бағыт өкілдері алғашқы саяси
институттың тарихи таңдауы, оның қүрылымдық және қүқықтық жақтары болашақта
саяси дамуына үлкен эсері болады деді. Ягни, болашақта саяси институттың
кейбір қүрылымдық өзгерістерге үшырайтыны жайлы айтқан. Тарихи
институтционализм саяси үдеріске эрі қарай өз әсерін толығымен тигізеді.
Құрылымдық институтционализм. Осы бағыттың жақтаушылары индивидтердің
мінез - қүлықтарында күрылымдық стратегияның бар екенін растайды. К. Уивер
жэне Б. Рокман, Институционалды анализ мемлекет пен қоғам арасындағы қарым
- қатынасты зерттегенде өте пайдалы деп түжырымдады. Күрылымдық
институционализм бойынша, саяси институттар, оның ішінде сайлау, элеуметтік
топтар мен мемлекеттік сектордың субьектілерінің арасындағы қарым - қатынас
қүрылымын анықтайды.
Әлеуметтік институтционализм. Бүл бағыт француз мектебімен үсынылады,
оның негізін салушы М. Ориу, институт - белгілі бір ортада жүзеге
асырылатын нақты бір ой жиынтығы деп аталады. Егер кез -келген элеуметтік
топ оның субьектілерінен өзге еркіндікке ие болатын болса, он да ол
институтқа айналады. Яғни, институттар қатарына кэсіподақтар, шіркеу,
мемлекеттің өзі кіреді.
Сайлау саяси институт ретінде, ең біріншіден, билікті қалыптастырушы
бола отырып, басқару органдарын қүру тэсілі ретінде жүмыс атқарады.
Сайлаудың өзге билік органдарын құру тэсілдерінен айырмашылығы олардың
сайлауда өкілді билік органдарының қүрылуы азаматтардың саяси еркіндігінің
ережелеріне негізделеді. Сайлаудың негізгі қүрылымдық компоненттері: сайлау
жүйесі, сайлау қүқығы, сайлау үдерісі жэне сайлау кампаниясы[8, 96-98 бб.].
Сайлауды тағайындау - тағайындау, мерзімі, сайлау уақытының мерзімін
белгілеу жөнінде шешім қабылдау, шешімді жариялау.
Сайлауды өткізуге дайындық - сайлау округтерінің, сайлау
бөлімшелерінің қүрылуы, сайлаушылар тізімдерінің қүрылуы,
кандидаттарды үсыну (кандидаттар тізімдері) оларды тіркеу, сайлау алды
үгіт, қаржыландыру, техникалық дайындық болып табылады. ' Сайлауды өткізу -
дауыс беру, ақпараттандыру, бақылау.
Сайлау қорытындысын шығару - дауыс беру қорытындысын анықтау жэне оны
жариялау.
Сайлау нәтижесін іске асыру - сайлау үдерісінің қосымша кезеңдері
болып сайлау үдерісіне қатысушылар жауапты бола алады, яғни қайта дауыс
беру немесе дауыс берудің екінші туры.
Сайлауды тағайындау кезеңдері - заң шығарушы нақтылайды, негізгі
тағайындау субъекті және қосымша, кепілдік болып табылады.
Сайлау үдерісінің эрекет етуі барысында халықтың сайлау эрекетінің
қоғамның саяси мэдениетімен тығыз байланысы орнайды. Сайлаушы,
Электорат, Сайлау белсенділігі, Электоралды жүріс - түрыс сияқты
категориялар кеңінен қолданыла бастады. Бүл үғымдар ресми, ғылыми
басылымдарда да синоним секілді параллель жүреді.
Электорат француздың elektorat сөзінен шыққан жэне сайлауда
белгілі - бір саяси партияға дауыс беруші сайлаушылардың жиынтығы деген
мағына береді. Бүл үғым сайлаушылардың саяси үстанымын корсетеді.
Сондықтан қатаң қүқықтық нормаларға негізделген сайлау жүйесі ғана
мемлекетте еркін, әділ сайлаулар арқылы өкілді билікті қалыптастыру
мүмкіншілігіне ие[9, 12 б.].

ІІ Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшеліктері

2.1 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне шолу

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті
ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге
асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін
белгілейді.
1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбавтың халыққа Жолдауындағы саяси реформалар және демократиялық қоғам
бағдарламасында айтылғандай: Кез келген демократияның ашық және әділ
сайлау болуы, оның негізгі діңгегі. Дәл осы рөлді олар біздің демократияда
қолдану керек. Бідің мақсатымыз айқын болуы керек: яғни алдынғы болатын
сайлаулар ашық және әділ жүргізілуі керек. Демократия әрқашан даму
процессінде болуы керек[10, 3 б.].
Кеңестік жүйенің ыдырауына байланысты посткеңестік республикалар саяси
жүйенің қайта құрылу үдерісінде мемлекеттік билікті еркін қалыптастыру
мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған сәйкес, біздің еліміз де тәуелсіздік
алғаннан бері демократиялану үдерісінде жедел дамуда. 1991 жылы 16
желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi
туралы Декларацияда халық егемендiктiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiк
билiктiң қайнар көзi, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары
негiзiнде тiкелей де, сондай-ақ өзi сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы
да мемлекеттiк өкiмет билiгiн жүзеге асырады [11]-деп айқын көрсетiлген.
Сөйтіп, демократиялық қоғамның кепілі ретінде халық өкілді билікті
қалыптастыруда ерекше орынға ие болды.
Яғни, әр азаматтың мемлекеттік билікті қалыптастыру арқылы елінің, өзінің
және ұрпағының өміріне әсер ете алуына деген сенімнің қалыптасуы маңызды
екені белгілі. Сөйтіп, тәуелсіз мемлекетіміз демократиялық даму
стратегиясына сәйкес қарыштап, әртүрлі демократиялық модельдерді салыстыра
отырып, тиімдісін таңдау негізінде жүзеге асыруға бағытталып отыр деуге
негіз бар. Оған дәлел ретінде Президентіміздің Қазақстанды батыс
демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс Азияның
іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, біздің көпұлтты және көпдінді
халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру [12]-деп
анықтауынан-ақ түпкі мақсатымыз нақты көрініс тапқан. Ол жол –
халқымыздың өкілді билікті қалыптастырудағы басты рөлі.
Мемлекетіміздің даму жолына сәйкес сайлау жүйесі де уақыт талаптарына
сәйкес дамып келеді. Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент
палаталарының 2007 жылғы 16 мамырдағы бірлескен отырысында
мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңдерін:
1991-1995 жылдар аралығындағы бірінші кезеңде дезинтеграция үдерісі
еңсерілді, Қазақстан мемлекеттігінің іргетасы қаланды.
1995-2000 жылдар аралығындағы екінші кезеңде қазіргі заманғы демократиялық
институттар және жаңа саяси мәдениет қалыптасты.
2001-2007 жылдар аралығындағы үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық
серпін қамтамасыз етілді деп көрсетті [13]. Осы атап өтілген кезеңдерде
Қазақстан мемлекетінің сайлау жүйесі де эволюциялық даму жолымен
ілгеріледі. Жүйелі трансформация жүріп жатқан біздің елде демократиялық
талаптарға сәйкес әділ және таза сайлау мүмкіншіліктері жолға қойылуда.
Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері
мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының Республикалық референдум
туралы Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының
қаулыларымен белгіленеді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында
Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін
басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық
референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп
таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында
отырған азаматттардың  сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық
референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану
құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламен
Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау
құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика
Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде
жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады.
Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ
оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын
сайлау кезінде мынадай сайлау жүйесі қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу пайыздан
астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен жағдайда
дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу пайыздан
астамының дауысын алған кандидат болып сайланады;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi
қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын
алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған
болып саналады;
- егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы
үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу пайызы дауыс берсе,
ол сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс
санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
- басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың
көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы. Сайлау құқығы термині заң
әдебиетінде субъективті және объективті мағынада қолданылады. Субъективті
мағынада сайлау құқығы жеке азаматтың мемлекеттік орган немесе қызмет
иесіндегі адамның сайлауға қатысуын білдіреді. Ал объективті мағынасын
алсақ, ол Ата-заң құқығының маңызды институттарының бірі болып саналады.
Бұл институт мемлекеттің өкілдік органдар мен қызмет иесі адамдарды
сайлауға қатысуды, бұл сайлауды ұйымдастыруды және де сайлаушылар мен
депутаттар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардан құралады.

Сайлау құқығы екі түрлі субъективтік құқықтарға бөлінеді:
–біріншіден, сайлауға қатысу құқығы (дауыс құқығы, сайлау құқығы), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау жүйесі туралы
Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және оны жетілдірудегі құқықтық мәселелер
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі туралы
Президенттік сайлау жүйесі
Билік органдарын сайлау
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы туралы
Пәндер