Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
2. 2. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.
2. 3 Индикативтік жоспарлау-экономиканы дамытудың құралы ретінде
2. 4 Жоспарсыз экономика - жобаның соры
3. Қорытынды
Кіріспе
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының) ; аумақтық (облыстық, аудандық) ; ұйым ішінде (ішкі жоспарлау) ; микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау) .
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге) ; орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін) ; ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін) . Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы) ; әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы) ; ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы) ; экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау) .
Негізгі бөлім
2. 1. Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.
Болжаудың бірнеше анықтымалырын ұсынамыз:
Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
Болжау - обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
Болжау - стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.
Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:
Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышарты құру;
Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;
Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.
Әлеуметтік-экономикалық болжау объектілері, уақытша интервалдары, атқарым белгілері, тәсілдері және түрлері бойынша жіктеледі.
Бірақ мұндай жіктеу шартты сипатта болады.
Болжамдардың сипаттамасына кеңірек тоқталайық.
Объектілер санатында халық шаруашылығының, салааралық кешендердің, аумақтардың және салалардың алғашқы буындары көрінеді.
Аралықтары бойынша болжаулар жедед (ай, тоқсан) , қысқа мерзімді (1-3 жыл) , орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болу мүмкін.
Атқарымдық қызметтері бойынша-іздестіру және нормативтік.
Бұл болжаулардың арасындағы айырмашалық, олар екі түрлі мәселелерді шешуіне байланысты қорытындыланады. Іздестіру болжамдары мемлекеттік ықпал етудің ешқандай шарасы қабылданбаса, не болады және егер өткен және бүгінгі көрсеткіштерді үдерісі келешекте тараса не болады?» деген келешек деген сұрақтарға жауап береді.
Нормативтік болжам: « Келешекте тапсырылған міндетке жету үшін, осы кезеңде не өзгерту қажет?» деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйтіп, іздестіру болжамына базалық көзқарастың шешуші маңызы болады, ал нормативтік болжам үшін - мақсатты маңызы бар.
Болжау тәсілдерінің арасында сарапшылық, экстрополяциялық және экономикалық-математикалық (модельдеу) түрлерін бөліп алады.
Болжау түрлері: экономикалық (инфляция деңгейі, еңбек өнімділігі), табиғи ресурстардың ( әлемдік мұхиттар ресурстары, энергияның кейбір түрлері және т. б. ), демографиялық, әлеуметтік даму (мәдинет, өнер) .
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.
Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және стратегиялық болады.
Индикативті жоспарлауға толығырақ тоқталамыз.
Индикативті жоспарлау - бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т. б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.
Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.
Индикативтік жоспарлау-экономиканы дамытудың құралы ретінде
Директивтік жоспарлаудан бас тартып, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінің әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субъектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады.
Индикативтік жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.
Қазақстан Республикасының индикативтік даму жоспары негізгі мақсаттары - шикізат бағытынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік жүйеге мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді нарық субъектілеріне ұсыну, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады . Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін, тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу (бағдар беру) .
Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принципімен жүзеге асады:
- үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен негізгі бағыттарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.
Индикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді), тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі) жоспарлар кіреді.
Қазақстан Республикасында индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994 - 1996 жж. ) . Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі - оның нұсқау беруші, бағыттаушы сипатында.
Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады. Мысалы, 1996 - 2000 жылдарға арналған экономикалық дамудың негізгі мақсаты экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және осы тұрғыда халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Бірінші кезеңде - 1996 - 1998 жылдары республикада өндірістің құлдырау процесін тоқтату және оны тұрақтандыру мүмкіндіктері, екінші кезеңде - 1999 - 2000 жылдары өндірістің тұрақты өсуін және халықтың тұрмыс дәрежесін қалпына келтіру көзделеді. Орта мерзімге арналған жоспар ұзақ мерзімге арналған жоспарлардағы параметрлерді нақтылап, берілген уақыт кезеңінің мақсаты мен міндетіне жету шараларын анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер деңгейінде жасалып, шаруашылық салаларына бағдар мен ұсыныс ретінде қызмет етеді.
Орта мерзімді жоспар жасау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың өз кезеңіне сай, стратегиялық-тактикалық мақсат-мүддені іске асыруға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесі анықталады.
Индикативтік жоспарды іске асырудың тиімді тәсілдерінің бірі-бұл бір аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңдерінде өзара технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы мен кооперациялануы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың әр түрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттің қуатты әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда, оны қалыптастыруда және орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты кез келген индикативтік жоспар мына бөлімдерді қамтиды: тұжырымдамалық бөлім (әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы), болжау бөлімі (әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) және жоспарлы реттеуші бөлім (экономикалық реттеушілер жүйесі мен мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламалар) . Мұнда алғашқы екеуі ұсыныс сипатында, ал үшіншісі - міндетті талап болып табылады.
Қазақстан Республикасының болашақ он жылдыққа (2001 - 2010 жж. ) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.
Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:
- жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалғастыру;
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін кем дегенде екі есеге көбейту;
- экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;
- халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.
Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар - экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.
Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға - экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.
Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар - елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуі белгіленеді.
Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалық бағыттарын анықтау арқылы оның бәсекелестік мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар ол әрбір министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының стратегиялық жоспарларының базасы болып табылады.
Жоспарсыз экономика - жобаның соры
Біздің елдің жіберген бірден-бір қателік, кемшілігі - жалпы жоспарлау туралы саясатты қолдамады. Жоққа шығарды. Бұрынғыны ұмыттыру ниетімен «нарық өзін-өзі реттейді, басқа басқарудың керегі жоқ» деп қысқа қайырды. Мұндай әңгіме жалғыз бізде емес, басқа мемлекеттерде де болды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайды құлақ естіп, көз көрді. Тіпті қолмен ұстадық десек те, артық болмас еді. Біздің билік осындай елеске сенді, (оның елес екеніне осы күні көзіміз жетіп отыр, бірақ ешкімнің мойындағысы келмейді) басқа амалы болмағандықтан, кеңес заманында құрылып, жасалған экономиканы жоққа шығарғанымен қоймай, қиратып-бүлдірді. Бұл - ақиқат. Әрине, жоспарлаудың пайдасы мен зияны қатар жүреді. Ең алдымен «зияны» туралы айтар болсақ, жоспарлау жемқорлықтың жолын кеседі.
Есеп-қисап қатал, дұрыс, тиянақты жүргізілгеннен кейін әлгі сыбайлас жемқорлықтың дамуына тосқауыл қойып, оны тоқыратады. Бұл шенеуніктердің аяғына тұсау салады, олар емін-еркін, алшаң басып жүруден қалады. Өйткені шаруашылықты жоспарлау кезінде, егер ол дұрыс, сауатты жүргізілген қимыл-әрекет болса, әрбір шегені, дүние-мүлікті, ақшаның соқыр тиынына дейін есептеуге тура келеді. Онсыз жоспарлау болмайды.
Бізде өндірісті, өнеркәсіпті жасап отырғандар - кәсіпкерлер, іскерлер. Мемлекеттік жоспарлау кәсіп иелері үшін тиімді, пайдалы. Жалпы, өзін-өзі сыйлайтын кез келген кәсіпкер есеп-қисапсыз тіршілік етпеуі тиіс. Осы жерде біздің елге мемлекеттік жоспарлау саясатының қандай тәсілдері тиімді екенін айта кету орынды. Кезінде кеңестік дәуірде оның жоғарыдан төменге қарай бағытталған нұсқаушыл (директивті) түрі болды. Қазір бұл тәсілді қолданғымыз келген күннің өзінде де оны жасай алмаймыз. Өйткені жүйе де, құрылым да басқа. Біреу білер, біреу білмес, жоспарлаудың екінші бір амал-тәсілі «индикативті» деп аталады. Бізге осы түрін қолдану тиімді. Себебі бұл көрсеткіштерге қарай құрылады. Жалпы, нарықтың, бағаның өзгеруіне байланысты индекстік, инфляциялық өзгерістерді енгізуге мүмкіндік бар. Демек, осы күнгі мемлекеттік басқарудың басты буынының бірі - түр-мазмұны жаңарған индикативті жоспар болуы тиіс. Индикативті жоспарлаудың директивті жоспарлаудан (кеңес дәуіріндегі) айырмашылығы - ол, негізінен, ұсынушылық және бағыттаушы сипатта көрінбек. Соның өзінде стратегиялық маңызы бар немесе күшті мемлекеттік ықпал-әсерді талап ететін жекелеген бағыттарда оның қалыптасуы мен жүзеге асуы үшін қатаң талап жолы да ойластырылуы ықтимал. Мысалы, кезінде АҚШ қорғаныс саласына арналған бюджетті жоспарлау тәсілін пайдаланды. Оны көптеген елдер қолданды. Ал еліміз осы мемлекеттік жоспарлаудың қандай тәсілін таңдай алады? Басқарудың әлгі индикативті түрін таңдап алған күннің өзінде оның дұрыс жүзеге асатынына күмәнім бар. ҚР Министрлер кабинеті екі рет - 1994 жылы 29 сәуірде және 1996 жылы 14 мамырда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасау туралы қаулы қабылдаған. Бұған Ә. Қажыгелдин (сол тұстағы премьер-министр) қол қойған. Бірақ бұл қаулы іс жүзінде жүзеге асқан жоқ. Қажыгелдиннен кейінгі болған премьер-министрлердің бірде-біреуі бұл мәселеге қатысты жақ ашқан жоқ.
Индикативті бесжылдық жоспарлау - мемлекет деңгейінде өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Оны екі деңгейге бөліп қарастыру керек. Өнеркәсіп деңгейінде іскер қауымның бизнес-жоспары болады. Ал мыңдаған ұсақ шаруалар, шағын кәсіпкерлер қайтпек? Олардың басын біріктіретін бизнес-жоба қажет. Жалпы, біздің мемлекетте бюджеттен басқа тиянақты жоспарланып отырған дүние жоқтың қасы.
Артық ақша да - жау
Жалпы, ғылымда экономиканың негізі ақша деп есептелмейді, экономиканың түп-тамыры шаруашылықта. Әккі экономистер бұл туралы айтып кеткен. Өкінішке қарай, бүгінгі басшылар, бизнесмендер бұл қағиданы естен шығарып алды. Шаруашылықтың құндылығы - өндіріс пен ақшаның тепе-теңділігінде. Осы күні дүниежүзілік экономиканы тығырыққа тіреп отырған қаржы дағдарысы неге жалпы экономикалық тоқырауға ұласып кетті? Өйткені АҚШ-та басылатын доллар көлемі өнім мөлшерінен асып кетіп, экономика заңдылықтарын бұзды. Мысалы, доллардың 4-ақ пайызы өндіріске қызмет етеді, қалғаны бос ақша. Басқа елдерге жіберіп, тек валюта айырбастау арқылы ғана Америка 2 триллион кіріс тауып отырған. Жалпы, ақша мен нарықты дұрыс игермесе, адамзаттың жауы боп шыға келеді. Қоғам бай мен кедейге бөлініп, жіктеледі, одан наразылық туады, кейін оның соңы зорлық-зомбылыққа апарады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шаруашылықты қалпына келтіру жолында еңбектенген, Нобель сыйлығын алған В. Леонтьев деген петерборлық ғалым өмір сүрді. «Шығын және пайда» деген еңбек жазған. Біздің елде шаруашылықты басқаруға, мемлекеттік жоспарлауға ғалымдар араластырылмайды. Олардың еңбегін өндіріске пайдаланбаймыз. Сонда бізге ғылым мен ғалым не үшін керек?
Есепсіздің есесі кетеді
«Өнеркәсіпті қалай жоспарлау керек?» деген мәселеге келер болсақ, біздің елімізде әр сала өз бетінше дамуда. Осы орайда мен салааралық баланысты жетілдіру жағын айтар ем. Мұны жапон халқы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жасаған, бізге неге жасамасқа? Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ел мен жердің негізгі байлығын мемлекеттің қолына беру керек. Мәселен, соғыстан кейінгі Жапониядағы бірінші бесжылдық «бей-берекетсіздік (хаос) және қалпына келтіру кезеңі» деп аталды. Экономиканы қалпына келтірудің үкіметтік саясаты әу баста соғыстан кейінгі тауар бағасы қатынастарының базисті бағдарламасына негізделді. Осыған орай, күріш, еңбекақы және көмір бағасына негізделген жүйе құрылды. Күріш халықтың қарнын тойдырса, металл - өнеркәсіп, нан пісіретін - энергетика. Осы үш салаға аралас баланс жасап, кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік берді. Демек, бесжылдық жоспар жасау - профессионалдың ісі.
Бұлай дейтін себебім, біржылдық жоспар жасайтын адам табу оңай болар, ал бесжылдықтың тамырына терең бойлау үшін білім мен тәжірибе керек. Осы күні жекеменшікте не бар, не жоқ екенін ешкім білмейді. Экономикада инвентаризация (есепке алу) деген болады. Біз бесжылдық жоспар жасай аламыз ба, жоқ па, оны жүзеге асырамыз ба, жоқ әлде бастамай жатып, «құлдық» дейміз бе? Жалпы, бесжылдық жоспарды іске асыра алатындай бізде күш-қауқар бар ма? Міне, осылар есеп-қисапқа алынбай тұрып, біз ешқандай жоба жасай алмаймыз. Жекеменшіктің жай-күйін, базасын анықтау жоспарлауға жол ашады. Осыны есте ұстаған жөн. Өткеннің бәрін мансұқ етуге даяр тұратын әдетіміз бар ғой, кезінде мемлекеттік жоспарлау саласында қандай білікті мамандар отырды. Олардың біліміне, іс-тәжірибесіне адам қызығатын еді. Сондай кадрлардан айырылып қалдық. Кадр даярлау ісін қолға алған абзал. Ал осы жерде мынадай сауал өзінен-өзі туындайды: Дәл қазіргі Қазақстан экономикасы салааралық байланыс пен балансты жетілдіре ала ма? Біз мұнай мен темірді, астықты шетелдіктерге беріп қойдық. Қазақстандағы ең үлкен, ең ірі қиыншылық осы. Мына терістік көршіңізде мұның бәрі ресейліктердің қолында. Бізге енді ешкім мұнайыңды да, металыңды да қайтадан ала ғой демейді.
Нарықты да жоспарлай білу керек?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz